Презентация на тему: Шымкент мұнай өңдеу зауыты

Шымкент мұнай өңдеу зауыты
Петро Қазақстан Ойл Продактс ( Шымкент мұнай өңдеу зауыты )
Тарихы
Мұнайды өндіріп, және жоғары сапалы мұнай өнімдерінің кең ауқымды сұрыпталымын шығара отырып, «ПетроҚазақстан» компаниясы өзінің өнімдерін Қазақстанда да,
Шымкент мұнай өңдеу зауыты
Шымкент МӨЗ құрылысы 1972 жылы басталды, ал 1985 жылдың қаңтарында зауыт алғашқы өнімін берді, соңғы технологиялық қондырғы іске пайдалануға он жеті жыл бұрын
Назарлар ыңызға рахмет
1/7
Средняя оценка: 4.4/5 (всего оценок: 37)
Код скопирован в буфер обмена
Скачать (452 Кб)
1

Первый слайд презентации: Шымкент мұнай өңдеу зауыты

Изображение слайда
2

Слайд 2: Петро Қазақстан Ойл Продактс ( Шымкент мұнай өңдеу зауыты )

Шымкенттың мұнай өңдеу кешенінің құрылысы 1972 жылы басталды. Бір жылдан кейін стандартты емес жабдықтар цехы салынып бітті. Бұдан кейін зауыттың құрылыс жұмыстары баяулап қалды, ал зауыттың негізгі   цехы   болып табылатын ЛК-6У цехның қурылысы уақытша тоқтатылды. Құрылыс жұмыстары 1976 жылы ғана қайтадан жанданды, сөйтіп қосымша цехтарды тұрғызу жұмыстары басталды. 1984 жылдың желтоқсан айында зауыттың 100-ші секциясы (ЭЛОУ-АТ), яки ЛК-6У қондырғысы іске қосылды. 1985 жылдың тамыз айында тағы да екі секция - 200-ші секция ( катализдік реформингтеу ) және 300/1,300/2-ші секция ( дизельдік   отынды гидротазалау және крекингтеу ) - өндіріске берілді. Сол жылы күкірт өндіру қондырғысы іске қосылды. 1986 жылдың қаңтар айында 400-ші секция ( газдық фракциялау қондырғысы ) іске қосылды. Осы кезден бастап зауыт толық сулба бойынша жұмыс істей бастады, сөйтіп қуатын жылына 6 млн. тоннаға жеткізді. 1987 жылы екі жаңа қондырғының қурылысы басталды, олар - қуаты жылына 3,8 млн. тонналық мазутты   вакуумдық айдау қондырғысы (УВПМ) ( бул қондырғы өндіріске 1992 жылы берілді ) және өндірістік қуаты жылына 600 мың тонналық баяу кокстау қондырғысы (УКЗ). 1989 жылдан бастап мұнайды тереңірек өңдеуді және мұнайдың ашықтүсті өнімдерін көбірек өндіруді қамтамасыз ету мақсатында өндірістік қуаты жылына 2 млн. тонналық Г-43/107М  катализдік   крекингтеу кешенінің құрылысы басталды. Зауыт Батыс   Сібір   кенорындарынан Омбы-Павлодар-Шымкент арналық құбыры арқылы жеткізілген батыссібірлік шикі мұнайды өңдеуге жобаланған болатын Орталық Қазақстанның батысында Қумкөл кенорны ашылғаннан кейін осы кенорынның мұнайы да Шымкент  зауытына жөнелтіле бастады, сөйтіп осы зауытта батыссібірлік мұнаймен қоспа түрінде өңделетін болды. Құмкөл шикізаты жеңілдеу және парафині жоғары. 1999 жылдан бастап Петро Қазақстан Ойл Продактс толығымен Құмкөл мұнайына өңдеуге көшті. Петро Қазақстан Ойл Продактс ( Шымкент мұнай өңдеу зауыты )

Изображение слайда
3

Слайд 3: Тарихы

1985  жылы тұрғызылған  Шымкент  мұнай өңдеу зауыты   республикадағы   ең жаңа зауыт болып табылады. Зауытта   Қазақстанның үш мұнай өңдеу зауыты шығаратын мұнай өнімдерінің қазіргі көлемінің шамамен 30%-ы қайта өңделеді. Шымкент МӨЗ – бұл Қазақстанның оңтүстігінде, республиканың халық ең тығыз қоныстанған бөлігінде орналасқан мұнай өңдейтін бірден бір зауыт. Осы кәсіпорынынң қолайлы географиялық орналасуын және жоғары техникалық мүмкіндіктерін есепке алса, ішкі және сыртқы нарықтарға жеткізілімдерді жүзеге асыру үшін онда барлық алғышарттар бар. Шымкент МӨЗ-ның жобалық қуаттылығы жылына 5,25 млн тонна немесе шамамен 40,65 млн баррель мұнайды құрайды. Зауыт ПҚҚР  компаниясы  мен үшінші тараптардың мұнайын қайта өңдеп, толлинг негізінде жұмыс істейді.  Мұнайөнімдерінің сұрыпталымына бензиннің түрлі сұрыптары ( A и-80, A и-92 және A и-96),  дизельдік отын, авиациялық  керосин, сұйылтылған  газ,  вакуумдық  газойль  менмазут   кіреді. Кәсіпқой әрі жоғары технологиялық өңдеу үрдісін қолданудың әрі Құмкөл мұнайының айрықша жоғары сапасының нәтижесінде, «ПетроҚазақстан»компаниясының өнімдерінің сапасы жоғары болып келеді. 2010 жылы МӨЗ мұнай өңдеу көлемі 4,58 млн тоннаға жетіп ( жоспар бойынша 4,1 млн тонна), бұл өткен жылдың көрсеткішін ( көлемі 4 млн тонна болғанда ) айтарлықтай арттырған. Тарихы

Изображение слайда
4

Слайд 4: Мұнайды өндіріп, және жоғары сапалы мұнай өнімдерінің кең ауқымды сұрыпталымын шығара отырып, «ПетроҚазақстан» компаниясы өзінің өнімдерін Қазақстанда да, сондай-ақ республикадан тысқары жерлерде де сатып өткізеді. Құмкөл мұнайы халықаралық нарықта жоғары бағаланады және сапасы жағынан халықаралық « Брент » мұнай эталонына сай келеді. 2006 жылдың шілде айынан бері, « Қазақстан-Қытай құбыр жолы » (ҚҚҚ) «Атасу – Алашанькоу » іске қосылғаннан бастап, « ПетроҚазақстанның » мұнайы   Қытай Халық Республикасына   жеткізіледі. Бүгінгі таңда ҚҚҚ экономикалық тұрғыдан неғұрлым мақсатқа сай тасымалдау бағдары болып табылады. 2009 жылы ҚҚҚ жүйесі арқылы Қытайға жылына 2,7 млн тонна мұнай жеткізілді, бұл компанияның барлық мұнай экспортының 100%-ын дерлік құрады. 2010 жылдың 1-ші жартысында ҚҚҚ арқылы 1,5 млн тонна мұнай жеткізілді, бұл 2009 жылғы тиісті кезеңнің деңгейінен 13% -ға асты

Изображение слайда
5

Слайд 5

Компанияның сондай-ақ «ҚазТрансОйл» АҚ-ның Шығыс филиалының құбыр өткізгіш жүйесін пайдалану мүмкіндігі бар, ол арқылы мұнай ПҚОП, Шымкент мұнай өңдеу зауытына қайта өңдеу үшін тасымалданады. Шымкент мұнай өңдеу зауытында компания жылына 2 млн тоннаға жуық мұнайды қайта өңдейді де, содан кейін мұнайды қайта өңдеудің бензин, дизельдік отын, отындық мазут, авиациялық керосин, вакуумдық газойль және сұйылтылған көмірсутекті газ (СКСГ) сияқты өнімдерін сатып өткізеді. Жыл сайын Шымкент мұнай өңдеу зауытынан ішкі, сондай-ақ сыртқы нарықтарға 4 млн тоннаға жуық мұнай өнімдері тиеп жөнелтіледі. СКСГ мұнай өңдеу зауытынан және « Ақшабұлақ » кен орнынан Орталық Азия, Шығыс және Батыс Еуропа елдеріне, сондай-ақ ішкі нарыққа жеткізіледі. Мұнай өнімдері маркетингінің басым бағыттары ішкі нарық, атап айтқанда, елдің Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы, Қызылорда облыстары сияқты халық тығыз қоныстанған аймақтары, сондай-ақ Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстары, Алматы мен Астана қалалары болып табылады, бұл мұнай өнімдерін жалпы сатып өткізу көлемінің 70%-ын құрайды. Компанияға меншікті және жалға алынған парктің 2240 дана вагон-цистерна тиесілі.

Изображение слайда
6

Слайд 6: Шымкент МӨЗ құрылысы 1972 жылы басталды, ал 1985 жылдың қаңтарында зауыт алғашқы өнімін берді, соңғы технологиялық қондырғы іске пайдалануға он жеті жыл бұрын енгізілді. Сондықтан зауыттың жабдығы ескірді және сапа стандарттарының талаптарына сәйкес өнімдер бере алмайды. Оны осыдан он жыл бұрын жаңарту керек еді. Кезінде зауытта катализаторлық крекинг қондырғысы іске пайдалануға қосылмағанына байланысты, ашық түсті мұнай өнімдерін өндіру 62 пайыздан аспайды. Өздеріңіз қарап көріңіздер. Жуырда жанармай сапасын қадағалау жөніндегі халықаралық орталық ( IFQC) әлемнің түрлі елдерінде жанармай сапасын зерттеу жұмысын жүргізді. Оның нәтижелері бойынша жасалған рейтингте Қазақстан 90-шы орын алды. Ал тізімде барлығы бір жүз позиция. Осы көрсеткіштер бойынша біз тіпті Өзбекстан мен Әзірбайжаннан кенже қалып отырмыз. Жоғары октанды бензиннің 35 пайызына дейін біз Ресейден әкелеміз. Егер біз жанармай тапшылығы мәселесін қазір шешпесек, онда болашақта импортшыларға түгелдей тәуелді Украинаның кебін киюіміз мүмкін. Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа Жолдауында былай деп атап айтқаны кездейсоқ емес : « біз қолданыстағы келешегі мол инвестициялық жобаларды қаржыландыруды және іске асыруды жалғастырамыз. Бұл ең алдымен – мұнай өңдеу зауыттарын жаңарту». Жаңарту барысында біз бірнеше мақсатқа қол жеткізбекпіз. Олардың қатарында – ашық түсті мұнай өнімдерін өндіруді 62 пайыздан 85 пайызға дейін арттыру, сондай-ақ мұнай химиясы өнімдерін – полипропилен, бензол және қарапайым күкірт өндірудің есебінен сұрыпталымды кеңейту. Басым бағыттардың қатарында сондай-ақ өндірілетін өнімдерді ЕВРО-4 стандарттарының талаптарының деңгейіне дейін көтеру және экологиялық параметрлердің сапасын жетілдіру ісі де бар. Зауыттың шикізат бойынша қуаты алты миллион тоннаға жетеді. Біз тиісті маркетингілік зерттеулер жүргіздік, жылдың соңына дейін аяқталуы жоспарланып отырған жаңарту жобасының техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленуде, ал содан кейін жобалық жұмыстар және тікелей қайта құрылмалаудың өзі басталады деген үміттеміз. Осы жылдың 14 мамырынан бастап ҚР Үкіметі « Қазақстан Республикасының мұнай өңдеу зауыттарын дамытудың 2009—2015 жылдарға арналған кешенді жоспарын » бекіткенінің маңызы зор. Бұл құжаттың басты мақсаты – еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және мұнай өңдеу саласын кешенді түрде дамыту

Изображение слайда
7

Последний слайд презентации: Шымкент мұнай өңдеу зауыты: Назарлар ыңызға рахмет

Изображение слайда