Презентация на тему: С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ. Ұлттық Медицина Университеті. Кафедра:

С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ. Ұлттық Медицина Университеті. Кафедра: Тақырып: Жүктілік, босану және босанғаннан кейінгі. кезеңде әйел денсаулығын қорғау
С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ. Ұлттық Медицина Университеті. Кафедра:
1) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығы
Ана мен бала денсаулығын сақтау медициналық ұйымдарында стационарлық көмек көрсету ережесі. Жалпы ережелер
С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ. Ұлттық Медицина Университеті. Кафедра:
С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ. Ұлттық Медицина Университеті. Кафедра:
С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ. Ұлттық Медицина Университеті. Кафедра:
С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ. Ұлттық Медицина Университеті. Кафедра:
С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ. Ұлттық Медицина Университеті. Кафедра:
С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ. Ұлттық Медицина Университеті. Кафедра:
С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ. Ұлттық Медицина Университеті. Кафедра:
С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ. Ұлттық Медицина Университеті. Кафедра:
С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ. Ұлттық Медицина Университеті. Кафедра:
С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ. Ұлттық Медицина Университеті. Кафедра:
С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ. Ұлттық Медицина Университеті. Кафедра:
4) Сырқатты тексеріп-қарау бөлмесі
5) Босандыруға дейінгі бөлімшенің жұмысын ұйымдастыру
6) Босану
7) Ана мен баланың бірге болу палаталарын ( бөлімшелерін ) ұйымдастыру тәртіптері
С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ. Ұлттық Медицина Университеті. Кафедра:
8)Пайдаланған әдебиеттер тізімі
1/21
Средняя оценка: 4.7/5 (всего оценок: 31)
Код скопирован в буфер обмена
Скачать (178 Кб)
1

Первый слайд презентации: С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ. Ұлттық Медицина Университеті. Кафедра: Тақырып: Жүктілік, босану және босанғаннан кейінгі. кезеңде әйел денсаулығын қорғау

5 курс ЖМ 40-01топ Турсунов П Алматы 2014-2015о.ж С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ. Ұлттық Медицина Университеті. Кафедра: Тақырып: Жүктілік, босану және босанғаннан кейінгі. кезеңде әйел денсаулығын қорғау

Изображение слайда
2

Слайд 2

Жоспар 1) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығы 2) Ана мен бала денсаулығын сақтау медициналық ұйымдарында стационарлық көмек көрсету ережесі 1. Жалпы ережелер 3) Жүкті, босанатын және босанған әйелдерді емдеуге жатқызу тәртібі 4 ) Сырқатты тексеріп-қарау бөлмесі 5) Босандыруға дейінгі бөлімшенің жұмысын ұйымдастыру 6) Босану 7) Ана мен баланың бірге болу палаталарын ( бөлімшелерін ) ұйымдастыру тәртіптері 8)Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Изображение слайда
3

Слайд 3: 1) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығы

Ана мен бала денсаулығын сақтау жөніндегі медициналық ұйымдардағы стационарлық көмек көрсету ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2010 жылғы 7 шілдедегі № 498 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 2 тамызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6370 болып енгізілді

Изображение слайда
4

Слайд 4: Ана мен бала денсаулығын сақтау медициналық ұйымдарында стационарлық көмек көрсету ережесі. Жалпы ережелер

1. Осы Ереже дербес денсаулық сақтау ұйымы болып табылатын денсаулық сақтау көпбейінді ұйымының босандыру бөлімшесі мен перинаталдық орталық қызметінің ұйымдастырылуын, меншік нысанына қарамастан медициналық ұйымның жұмыс тәртібін белгілейді, медициналық көмекті ұйымдастыруға, ана мен бала денсаулығын сақтау медициналық ұйымдарында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған перинаталдық технологияларды енгізу мақсатында стационарлардың жұмысын бақылауды қамтамасыз етуге талаптарды белгілейді.       2. Босандыру бөлімшесінің қызметінің негізгі мақсаты әйелдерге жүктілік, босану және босанғаннан кейінгі кезеңде акушериялық-гинекологиялық көмек, сондай-ақ жаңа туған нәрестелерге және ұрпақты болу жүйесінің аурулары бар әйелдерге медициналық көмек көрсету болып табылады.

Изображение слайда
5

Слайд 5

3. Босандыру бөлімшесі мынадай міндеттерді атқарады:       1) перинаталдық көмекті өңірлендіру қағидаттарын сақтауды ескере отырып, шұғыл және жоспарлы стационарлық, акушериялық, гинекологиялық, неонатологиялық көмек көрсету ;       2) аумақтық қағидат бойынша амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін ұйымдармен және перинаталдық орталықтармен сабақтастық ;       3) бекітіліп берілген аумақта босандыру қызметінің іс-әрекетінің талдауы және мониторингі ;       4) аналардың және перинаталдық өлім-жітім жағдайларын, жүктіліктің, босанудың, босанғаннан кейінгі кезеңдегі ауыр асқынулар мен жаңа туған нәрестелердің ауыр сырқаттанушылық жағдайларын талдау ;       5) медицина қызметкерлері үшін оқу семинарларын өткізу ;       6) акушериялық-гинекологиялық және неонатологиялық қызметтің негізгі көрсеткіштері бойынша статистикалық деректерді талдау.

Изображение слайда
6

Слайд 6

4. Босандыру бөлімшесінің функциялары мыналар болып табылады :       1) әйелдерге жүктілік, босану және босанғаннан кейінгі кезеңде стационарлық акушериялық-гинекологиялық көмек, жаңа туған нәрестелерге және ұрпақты болу жүйесінің аурулары бар әйелдерге медициналық көмек көрсету ;       2) ұрпақты болу жүйесі ауруларының алдын алуды, диагностикалау мен емдеуді жүзеге асыру ;       3) жүктілікті үзуді жүргізу және жүктілікті үзуге байланысты медициналық көмек көрсету ;       4) әйелдерді санитариялық-гигиеналық дағдыларға, баланы емізу, отбасын жоспарлау, ұрпақты болу жүйесі ауруларының алдын алу, аборт пен жыныстық жолмен берілетін жұқпалы аурулардың алдын алу мәселелері бойынша оқыту ;       5) жүкті, босанатын, босанған, гинекологиялық сырқат әйелдерге және жаңа туған нәрестелерге жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету үшін оларды басқа денсаулық сақтау ұйымдарына жіберу мақсатында медициналық айғақтарды айқындау ;       6) белгіленген тәртіппен уақытша еңбекке жарамсыздық сараптамасын жүргізу, әйелдердің жүктілігі мен босануы бойынша еңбекке жарамсыздық парағын беру, еңбек ету қабілетін тұрақты жоғалтқан әйелдерді медициналық-әлеуметтік сараптамаға жіберу ;

Изображение слайда
7

Слайд 7

7) әйелдердің, нәрестелер мен медицина қызметкерлерінің арасында ауруханаішілік жұқпалы аурулармен сырқаттанудың алдын алу мақсатында санитариялық-гигиеналық әрі індетке қарсы режимді ұйымдастыру және қамтамасыз ету ;       8) әйелдердегі акушериялық асқынулардың және ауыр экстрагениталдық аурулардың, жаңа туған нәрестелердің сырқаттанушылық себептерін талдауды жүргізу ;       9) ана және перинаталдық өлім-жітімнің статистикалық мониторингін және себептерін талдауды жүзеге асыру ;       10) жаңа туған нәрестелердің вакцинопрофилактикасын қамтамасыз ету және белгіленген тәртіппен оларды тұқым қуалайтын ауруларға тексеруді жүргізу ;       11) әйелдер мен жаңа туған нәрестелер перзентханада болған кезеңде олардың тамақтануын ұйымдастыру ;       12) медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарымен, сондай-ақ басқа да медициналық ұйымдармен ( туберкулезге қарсы, тері-венерологиялық, онкологиялық диспансерлермен, ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталықтарымен, жұқпалы аурулар стационарларымен және басқа ) ынтымақтасу ;       13) есепке алу және есеп беру құжаттамасын жүргізу.

Изображение слайда
8

Слайд 8

5. Перинаталдық орталық мынадай міндеттерді атқарады:       1) жүктілікті, босануды тексеріп-қарау тәсілдерін таңдау үшін қауіп факторлары бар жүкті әйелдерге консультациялық-диагностикалық көмек көрсетеді, сондай-ақ медициналық көмек көрсету деңгейін анықтайды ;       2) стационарлық акушериялық, гинекологиялық, неонатологиялық көмекті жүзеге асырады. Перинаталдық патологиясы іске асырылу қаупі бар 22-23 апталық гестация мерзімі кезіндегі уақытынан бұрын босанған жүкті, босанатын және босанған әйелдерді емдеуге жатқызуға арналған, сондай-ақ асқынбаған жүктілігі бар және босанған әйелдер де жатқызылуы мүмкін ;       3) барынша төмен деңгейдегі ұйымдардан ауыстырылған жүкті, босанатын, босанған әйелдерге және сырқат жаңа туған нәрестелерге, оның ішінде салмағы 1500,0 грамм және одан да кем шала туған нәрестелерге медициналық көмектің барлық түрін көрсетеді ;       4) сырқат жаңа туған нәрестелерді оңалту іс-шараларын жүргізеді, шала туған нәрестелерге күтім жасауды жүзеге асырады ;

Изображение слайда
9

Слайд 9

5) өңірдің медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарымен және босану бөлімшелерімен ынтымақтасады ;       6) акушериялық-гинекологиялық және неонатологиялық көмек көрсетудің өзекті мәселелері бойынша семинарлар, конференциялар ұйымдастырып, өткізеді ;       7) акушериялық-гинекологиялық және неонатологиялық қызметтерде диагностика мен емдеу хаттамаларын әзірлеуге қатысады және оларды енгізеді ;       8) телекоммуникацияның ақпараттық-талдау жүйелерін пайдалана отырып, жаңа туған нәрестелерге медициналық көмек көрсету жөнінде консультациялар өткізеді ;       9) « кері байланыс » қағидаты бойынша республикалық денсаулық сақтау ұйымдарымен ақпарат алмасады ;       10) жүктіліктің, босану мен босанғаннан кейінгі кезеңдегі асқынған ағымнан кейінгі әйелдерді оңалтуды жүргізеді ;       11) Перинаталдық орталық облыс орталықтарында, республикалық маңызы бар қалада, астанада құрылады және мамандандырылған акушериялық, гинекологиялық және неонатологиялық көмек көрсетеді.

Изображение слайда
10

Слайд 10

6. Перинаталдық орталықтың функциялары мыналар болып табылады :       1) жоғары қауіп топтарындағы жүкті, босанатын және босанған әйелдерге және жаңа туған нәрестелерге, сондай-ақ ұрпақты болу функциялары бұзылған әйелдерге қазіргі заманғы емдік-диагностикалық технологияны пайдалану негізінде консультациялық-диагностикалық, емдеу және оңалту көмегін көрсету ;       2) жоғары қауіп тобындағы жүкті әйелдерге жоспарлы консультация жүргізу, медициналық көмек көрсету деңгейінің, емдеуге жатқызу уақтылығының және босанғаннан кейінгі кезеңде оңалтудың қажеттігінің сақталуын бақылауды жүзеге асыру ;       3) жіті терапияны қажет ететін жүкті, босанатын және босанған әйелдерді және жаңа туған нәрестелерді мамандандырылған медициналық көмек көрсетумен қамтамасыз ету ;       4) жаңа туған нәрестелерге, оның ішінде дене салмағы төмен және экстремалдық төмен жаңа туған нәрестелерге реанимациалық көмекті және жіті терапияны көрсету ;       5) өңірдің акушериялық-гинекологиялық және неонатологиялық қызметтерінің негізгі көрсеткіштерінің статистикалық деректерін жинау және талдау ;       6) уақытша еңбекке жарамсыздыққа сараптама жүргізу, жүктілік және босану бойынша, гинекологиялық науқастарға еңбекке жарамсыздық парақтарын беру, еңбек ету қабілетін жоғалтудың тұрақты белгілері бар әйелдерді медициналық-әлеуметтік сараптамаға жіберу ;

Изображение слайда
11

Слайд 11

7) әйелдер мен жаңа туған нәрестелерге барып көмек көрсету ( анестезиологиялық-реанимациялық бригада, акушериялық-гинекологиялық бригада, неонатологиялық бригада) нысандарын ұйымдастыру ;       8) өз қызметінде ана және перинаталдық аурулар мен өлім-жітімді азайтуға, әйелдердің ұрпақты болу денсаулығын сақтауға және қалпына келтіруге бағытталған профилактиканың, диагностиканың және емдеудің қазіргі заманғы әрі тиімді медициналық технологияларын пайдалану ;       9) акушериялық, гинекологиялық және неонатологиялық көмек көрсетудің сапасына сараптама жүргізу ;       10) әртүрлі патологиялары бар жаңа туған нәрестелерді емдеу және қалпына келтірудің нәтижелері туралы деректерді жүйелеу ;       11) әйелдерге медициналық-психологиялық көмек көрсету ;       12) перинаталдық көмек көрсету мәселелері жөнінде дәрігерлер мен орта медицина қызметкерлерінің кәсіби даярлығын арттыруды, акушерияның, гинекологияның және перинатологияның өзекті мәселелері бойынша конференциялар/ кеңестер өткізуді және орнында мастер-кластар жүргізуді қоса алғанда әдістемелік жұмысты ұйымдастыру ;       13) перинаталдық көмек көрсету, ана болу қауіпсіздігі, ұрпақты болу денсаулығы мәселелері бойынша халыққа арналған қоғамдық денсаулық сақтау бағдарламаларының іске асырылуын қамтамасыз ету.

Изображение слайда
12

Слайд 12

7. Ана мен бала денсаулығын сақтау медициналық ұйымдарында стационарлық көмекті ұйымдастыру, ұстау және көрсету бойынша іс-шараларды өткізу ұйымның басшысына жүктеледі.

Изображение слайда
13

Слайд 13

3) Жүкті, босанатын және босанған әйелдерді емдеуге жатқызу тәртібі 9. Босандыру стационарына медициналық айғақтары болған жағдайда жүкті, босанатын әйелдер, емдеу мекемесінен тыс жерде босанған жағдайда 24 сағаттың ішінде босанған әйелдер жаңа туған нәрестесімен жатқызылады.       10. Экстрагениталдық аурулардан зардап шегетін және стационар жағдайында тексерілу мен емделуді қажет ететін, жүктілік мерзімі 30 аптаға дейінгі жүкті әйелдерді емдеуге жатқызу басқа ауруханалардың бейінді бөлімшелерінде аурудың бейіні бойынша жүзеге асырылады.       11. Гинекологиялық бөлімшелерге консервативтік және оперативтік емдеуді қажет ететін науқастар жатқызылады.       12. Стационарға жүкті, босанатын және босанған әйелдер келіп түскенде жеке басының куәлігін және осы Ереженің   1-қосымшасына   сәйкес нысан бойынша алмастыру-ескерту картасын, диагнозы көрсетіле отырып, жатқызуға берілген жолдамасын (бар болса ) көрсетеді. Емделуші жедел жәрдеммен түскен жағдайда, осы жоғарыда аталған құжаттарға осы Ереженің   2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жедел медициналық жәрдем станциясының ілеспе қағазы қосылады.

Изображение слайда
14

Слайд 14

13. Қабылдау-тексеру бөлмесіне келіп түскен әрбір емделушіге медициналық құжат рәсімделеді: осы Ереженің   3-қосымшасына   сәйкес нысан бойынша босану тарихын, жүкті, босанатын және босанған әйелдерді қабылдауды есепке алу журналында осы Ереженің   4-қосымшасына   сәйкес   нысан бойынша тиісті жазбалар жүргізіледі.       14. Жүкті, босанатын және босанған әйелдерді стационарға қабылдау және жүкті, босанушы, немесе босанған әйелдердің қабылдау бөлмесінде болу уақыты қабылдау бөлімінің дәрігері тексергеннен кейін белгіленеді.       3. Қабылдау бөлмесін/қабылдау-диагностикалық бөлімшесін ұйымдастыру тәртібі       15. Қабылдау бөлмесінде ана мен бала денсаулығын сақтау жөніндегі ұйымдардың жұмыс тәртібі және тиімді перинаталдық технологияларды енгізу тәжірибесі туралы ақпарат орналастырылады.       16. Қабылдау бөлмесінде дәрігер/акушер анамнезбен қоса эпидемиологиялық анамнез жинайды, әйелдің жалпы жағдайын бағалайды, объективті қарайды, дене температурасын, пульсін, бойын, салмағын, екі қолының да артериялық қан қысымын өлшейді және акушерлік статусын анықтайды. Қажет болған жағдайда тексеріп-қарауға анестезиолог-реаниматолог дәрігер қатыстырылады. Барлық алынған мәліметтер босану тарихына жазылады, сондай-ақ педикулез, қышыма және дерматомикозға тексеру нәтижелері көрсетіледі.

Изображение слайда
15

Слайд 15

17. Қабылдау бөлмесінде мынадай іс-шаралар жүзеге асырылады :       1) киімін ауыстыру ( әйел өзінің таза киімі және аяқ киімімен қала беруіне болады );       2) әйелдерді қолданылатын босандырудың тиімді технологиялары мен перинаталдық күтім жасау, емшек сүтімен қоректендіру туралы ақпараттандыру ;       3) әйелдердің туыстарын әріптестік босандыру мүмкіндігі туралы ақпараттандыру.       18. Қанының тобы және резус факторы туралы мәліметтер болмаған жағдайда зерттеу сол жерде, шұғыл түрде жүргізілуі тиіс.       19. АИТВ/ЖИТС-ға және мерезге тексерілгені туралы мәліметтер болмаған жағдайда әйелдің жазбаша келісімімен жедел-әдіс және иммуноферменттік талдауыш қолданып куәландыру жүргізіледі.       20. Жүкті немесе босанатын әйелде эпидемиологиялық жағынан қауіп тудыратын ауру анықталған жағдайда, оны оқшауланған / жеке палатаға емдеуге жатқызу керек.       21. Тексергеннен кейін санитариялық тазарту әйелдің қалауы бойынша жүргізіледі. Бұтаралығын қыру және тазарту клизмасын жасау әйелдің қалауы бойынша жүргізіледі. Клизма жасалған жағдайда бір рет пайдаланылатын ұштықтар қолданылуы керек.       22. Әйелдің жеке заттарын ілесіп келген адамдар алып кетеді немесе оларды мақта-матадан жасалған 2 қапқа ( біреуі аяқ киім үшін ) салып, пациенттің куәліктегі мәліметтерін және емдеуге жатқызылған бөлімшесін көрсетіп сақтауға өткізеді.

Изображение слайда
16

Слайд 16: 4) Сырқатты тексеріп-қарау бөлмесі

23. Анамнездерді жинап, объективті тексеріп-қарағаннан кейін, жүкті немесе босанған әйелді таза төсем төселген кушеткаға жатқызады. Жамбасының мөлшерін, ішінің көлемін, жатыр түбінің биіктігін, ұрықтың жату жағдайын анықтайды, ұрықтың жүрек қағысын тыңдап, жүрек соғысын (1 минуттағы жүрек соғысының саны) санайды, ұрықтың шамаланған салмағын анықтайды.       Айнада тексеріп-қарау барлық келіп түскен пациенттерге, ал қынаптық зерттеу - айғақтары бойынша жүргізіледі.       24. Емделуші әйелде шұғыл көмекті қажет ететін жағдай дамығанда дәрігер емдеу шараларының көлемі туралы мәселені тексеріп-қарау бөлмесінде шешуге тиіс (наркоз беру, гипотензивтік, седативтік және ауруды басатын дәрілерді салу және басқалар ).       25. Қабылдау бөлімінің сырқатты қарау бөлмесінен медициналық қызметкердің ілесуімен әйел босандыру блогына немесе жүкті әйелдер патологиясы бөлімшесіне ауыстырылады, айғақтары болғанда дәрігердің немесе акушердің ілесуімен арбамен жеткізіледі.       26. Босандыру палатасына ауыстырған жағдайда босанатын әйелден көктамырынан аспапқа 5-7 мл қан алады, аспаптың сыртына ( босанушының аты, тегі, әкесінің аты, жасы, бөлімшесі, босандыру тарихының нөмірі, қанды алған күні және уақыты көрсетіле отырып ) жазады. Аспапты босандыру бөлімшесінің тоңазытқышында босандыру барысында және ерте босанғаннан кейінгі кезеңде сақтайды.

Изображение слайда
17

Слайд 17: 5) Босандыруға дейінгі бөлімшенің жұмысын ұйымдастыру

82. Босандыруға дейінгі бөлімше жүкті әйелдерге арналған палаталардан, қарау бөлімесінен, ем-шара кабинетінен, УДЗ және КТГ кабинетінен, келушілермен сөйлесуге арналған үй-жайдан тұрады.       83. Жүктілік патологиясы бөлімшесінде әйелдерді көрнекі ақпараттандыру өткізіледі:       1) босанудың, емшекпен қоректендірудің тиімді перинаталдық технологиялары туралы ;       2) жеке төсек-орынды және үстіге киетін киімді пайдалану мүмкіндігі туралы ;       3) туыстарын босандыру бөлімшесінің кестесіне сәйкес стационардағы жүкті әйелге келу мүмкіндіктері туралы ақпараттандыру ;       4) туыстарын серіктестік босандыру мүмкіндігі туралы ақпараттандыру.

Изображение слайда
18

Слайд 18: 6) Босану

Әйелді босандырған кезде және одан кейін босандыру жөніндегі білікті маман бірден : босанудың өтуін бағалап, қарауға, тез арада көмектің қажеттігін көрсететін қауіпті белгілерге назар аударуға ; • әйелге және оның отбасы мүшелеріне перзентханада босану қажеттілігі туралы кон- сультация беруге ; • қолды сабындап жуу, қолғап киюге, босанатын бөлменің тазалығы, құралдардың стерильді болуы секілді қарапайым ережелерді сақтай отырып, инфекция қаупін азайтуға ; • әйелге толғақ кезінде жүру ( жатпау ) туралы кеңес беруге және босанған кездегі оның таңдауына ( түрегеліп тұрып, жүресінен т.б.) қолдау көрсетуге; • толғақ қысқанда және босанған кезде көмек көрсетуге; • қажет кезінде кіндігін кесуге, қажетті профилактикалық шараларды жасауға; • балаға қамқорлық жасауға, босанғаннан кейін оны жылы ұстауға ; • сәбидің анасының денесімен байланысқа түсуін қамтамасыз етуге, баланы кеудесіне дұрыс жатқызуға көмектесіп, босанғаннан кейін 40-60 минуттан соң емізе бастауы - на көмектесуге ; сәбидің жолдасын ( плацентаны ) қауіпсіз алып, бала туылғаннан кейін анасына дұрыс күтімді қамтамасыз етуге ; • тамағы тойып, еміп болған соң, баланы қарап шығып, салмағын өлшеуге ; • қажет болған жағдайда нәрестенің денсаулығына байланысты мәселелерді шешуге, оны анасымен бірге тиісті мамандандырылған емдеу мекемесіне ауыстыруға тиіс.

Изображение слайда
19

Слайд 19: 7) Ана мен баланың бірге болу палаталарын ( бөлімшелерін ) ұйымдастыру тәртіптері

62. Босанғаннан кейінгі бөлімшенің палаталары циклмен, кемінде 3-5 күннен аспайтындай толықтырылуда. Палаталарда міндетті түрде ауа термометрлері көзделеді, бөлме температурасы кемінде 25 0 С болуы тиіс.       63. Ана мен баланың бірге болу палатасында жаңа туған нәрестелерге жеке балалар төсектері және жаңа туған нәрестелерге арналған құндақтайтын үстел көзделуде.       64. Баланы сұранысы бойынша, белгіленген уақыт кестесінсіз және түнгі үзіліссіз ( пролактиннің түнгі шығарындысы күндізгіге қарағанда жоғары ) емізу керек, емізу ұзақтығын бала өзі бақылайды. Туғаннан кейін бірінші аптада емізу саны тәулігіне 8-12 реттен кем емес ұсынылады.       65. Кіндіктің қалдығы құрғақ әдіспен, тазартусыз жүргізіледі. Кіндіктің қалдығы, қалдықты жою ( кесу ) хирургиялық әдісті қолданбай, өздігінен түсуі тиіс.       66. Кіндігі түспеген жаңа туған нәрестені учаскеге ерте шығару ұсынылған. Бұл ретте анасы қалған кіндікті өңдеу дағдыларына оқытылады ( баланы жай тәсілмен шомылдыру, қалдығын құрғағанға дейін сүртіп, тазалықта ұстау ).       67. Жаңа туған нәрестелерге вакцинациялауды өткізу анасының жазбаша рұқсатымен және қатысуымен егу кабинетінде жүргізеді.

Изображение слайда
20

Слайд 20

68. Жаңа туған нәрестелерді иммундау тәртібі «Профилактикалық (иммунибиологиялық, диагностикалық, зарарсыздандырғыш ) дәрі-дәрмектерді сақтау, тасымалдау және пайдалану ережелерін бекіту туралы » Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 12 қарашадағы   № 702 бұйрығына   сәйкес вакциналарды есепке алу, сақтау, тасымалдау және қолдану талаптарына жауап беруі тиіс ( Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5902).       69. Бөлімшеге туысқандарының кіруі ұйым басшысымен бекітілген босану стационарына келіп-кету кестесіне сәйкес рұқсат етіледі.       70. Жаңа туған нәрестеге жөргек, ползунки кигізіледі, қатты таңу ұсынылмайды. Баланың киімі таза, алдын ала үтіктелуі көзделеді ( нәрестенің түймесіз арты ашық жейдесі, ползункилер, бір рет қолданылатын подгузниктер ), үйден әкелінген немесе босандыру мекемесінің төсек тыстарын пайдалануға болады. Жаңа туған нәрестенің төсек тыстарын ауыстыру ластануы бойынша, бірақ күніне кемінде 1 рет ауыстырылып тұруы қажет.       71. Жұқпалы аурулары бар және айналадағыларға жұқтыру эпидемиялогиялық қаупі бар жүкті, босанатын, босанған әйелдер оқшауланған, бөлек палаталарға бөлінуі тиіс.       72. Босандыру бөлімшелерінде жекеленген жеке босандыру палаталары болмаған жағдайда, жұқпалы аурулары бар жүкті және босанатын әйелдерді тиісті инфекциялық аурулар ауруханаларына ауыстыру қажет.       73. Босанған әйелдердің бұтаралық тігістерін тазарту антисептиктерді қолдана отырып жүргізіледі.       74. Босандыру стационарларынан және мамандандырылған бөлімшелерден шала туған нәрестенің салмағына қарамай шығару мынадай жағдайларда болады : нәрестенің тұрақты жағдайы, тұрақты демалуы, белгіленген тәртіппен емшекпен емізу, аурулардың болмауы.

Изображение слайда
21

Последний слайд презентации: С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ. Ұлттық Медицина Университеті. Кафедра:: 8)Пайдаланған әдебиеттер тізімі

http://adilet.zan.kz/kaz/docs/V100006370 _ Ө-44 Өмірді қорғау деректері. - Астана: «Өмірді қорғау деректері », 2014. - 174 с. ISBN 978-601-7523-01-5 © БҰҰ Балалар қоры, РК, 2014 ж

Изображение слайда