Презентация на тему: Саясаттану

Саясаттану
Саясаттану
Саясаттану
Саясаттану
Саясаттану
Саясаттану
Саясаттану
Саясаттану
Саясаттану
Саясаттану
Саясаттану
Саясаттану
Саясаттану
Саясаттану
1/14
Средняя оценка: 4.3/5 (всего оценок: 42)
Код скопирован в буфер обмена
Скачать (1242 Кб)
1

Первый слайд презентации: Саясаттану

Саясаттану әдістері Саясаттануңдың қызметтрі Саясаттанудың категориялары мен түсініктері

Изображение слайда
2

Слайд 2

Саясаттану - [грек, politike - мемлекетті басқару өнері, logos - сөз, түсінік, ілім] - саясат, саяси үрдіс, саяси билік туралы ғылым. XX г. 50 жж. саясаттану дербес ғылым саласы және оқу пәні ретінде қалыптасты. 1948 ж. ЮНЕСКО бастауымен Саяси ғылымның халықаралық бірлестігі құрылды. Саяси ғылымның зерттеу объектілері: саяси теория; саяси институтгар; саяси партиялар, топтар, қоғамдық пікір; халықаралық қатынастар.

Изображение слайда
3

Слайд 3

Саясаттану - [грек, politike - мемлекетті басқару өнері, logos - сөз, түсінік, ілім] - саясат, саяси үрдіс, саяси билік туралы ғылым. XX г. 50 жж. саясаттану дербес ғылым саласы және оқу пәні ретінде қалыптасты. 1948 ж. ЮНЕСКО бастауымен Саяси ғылымның халықаралық бірлестігі құрылды. Саяси ғылымның зерттеу объектілері: саяси теория; саяси институтгар; саяси партиялар, топтар, қоғамдық пікір; халықаралық қатынастар.

Изображение слайда
4

Слайд 4

Саясаттану екі сипатта қарастырылады: ғылым және оқу пәні ретінде. Саясаттану ғылым ретінде қоғамның саяси саласын, саяси ойдың пайда болуы мен дамуын, саяси жүйе, саяси қатынастар мен үрдістер, саяси сана мен саяси мәдениет, халықаралық саяси үрдісті зерттейді.

Изображение слайда
5

Слайд 5

Саясаттану әдістері Саясаттану әдістері - саясаттану ғылым ретінде жалпы ғылыми әдістердің белгілі бір қорын пайдаланады. Ғылыми зерттеудің қандай да бір әдістері мен құралдарының басымдылығы саясаттанудың ғылым ретіндегі пәнінің өзіндік ерекшелігіне байланысты. Саясаттану әдістері: әлеуметтанулық, тарихи, салыстырмалы талдау, құрылымдық-функционалдық, бихевиористік, жүйелік.

Изображение слайда
6

Слайд 6

Саяси талдаулар мен ұсыныстар нәтижелерінін ғылыми нактылығы әр түрлі саяси жүйелер козғалыстарынын түрлі кезендерінде әркалай болып шығатындығы - табиғи нәрсе. Егер, тұтастай алғанда, саясаттанушылар белгілі бір жүйенін кызметінен жалпы және өзіндік ерекше факторларды көбірек ашып, накты өмірді ең жоғары дәрежеде және объективті түрде кәрсететін кокамдық құрал жасактай алса, онда мұндай ғылыми нақтылыкта жоғарырак болады. Ә р елде саясаттану ғылымының, әсіресе, баска кез келген коғамдык ғылымға карағанда, ұлттық өзіндік ерекшелікпен көбірек байланысты болуы -табиғи кұбылыс. Оның тұжырымдары мен кағидаларынын, пайымдаулары мен ұсыныстарының, көбіне, тек тікелей белгілі бір елге бағытталуы да сондыктан. Бұлардын баска елдерде қолданылуын ен әуелі кисындык талдаумен, әлеуметтік тәжірибемен, сезімге жүгінумен тексеруін алу керек. Сондыктан, әрбір елдің әртүрлі аймактарында елеулі айырмашылыктары болуы әбден мүмкін өзіндік ерекшелікті кейбір белгіленген жалпы зандар аясында терендетіп зерттейтін плюралистік (көппікірлік) тұрпаттағы саясаттанымды көз мектебі болуға тиісті де.

Изображение слайда
7

Слайд 7

Саясаттанудың қызметі Саясаттанудың қызметі - қай ғылым болмасын белгілі бір қызметтерді (функцияларды) атқарады. танымдық қызметі. Саяси білім қоғамдағы оқиғаларды танып-білуғе, олардың саяси мәнін түсінуге және болашақты болжауға мүмкіндік береді. Келесі қызметі - бағалау. Ол саяси құрылысқа, институттарға, іс-әрекеттерге және оқиғаларға саяси баға береді. Демократиялық мемлекеттерде саясаттану саяси әлеуметтену міндетін атқарады. Ол азаматтықты, халықтың демократиялық саяси мәдениеттілігін қалыптастырады.

Изображение слайда
8

Слайд 8

Саясаттану реттеушілік, басқару қызметін атқарады. Оның ерекшелігі - қоғамның саяси өмірімен тығыз байланысында. Соған орай ол адамдардың саяси өмірінде өзін-өзі ұстауына, іс-әрекетіне тікелей әсер етеді. Саяси дамудың үрдіс, бағдарын бақылай отырып, саясаттану қоғамдық оқиғаларды тиімді басқару үшін нақтылы мәлімет, мағлұматтар береді.

Изображение слайда
9

Слайд 9

Саясаттанудың түсініктері мен категориялары Саясаттанудың түсініктері мен категориялары - басқа ғылым салаларындағы сияқты саясаттанудың да өзіндік ұғымдары (категориялары) бар. Оған саяси құбылыстар мен процестердің мәнін білдіретін ғылыми терминдер, сөз тіркестері жатады. Мысалы: "саясат", "саяси билік", "саяси жүйе", "саяси тәртіп", "саяси партия", "саяси мәдениет", "саяси әлеуметтену", "саяси өмір", "саяси қатынастар", "қоғамдық үйымдар", "мемлекет", "демократия", "егемендік", "құқықтық мемлекет", "азаматтық қоғам", "ішкі саясат", "сыртқы саясат" және т.б.

Изображение слайда
10

Слайд 10

Саясаттану парадигмалары Саясаттану парадигмалары - [грек, paradeiqma - теория, үлгі] - саясаттануда парадигма деп саяси өмірді бейнелеуді, білімді ұйымдастырудың қисынын білдіретін, әлеуметтік құбылыстардың бір тобын теориялық пайымдау үлгісі деп мойындаған негізгі тұғырнама желісін айтады. Парадигма жасау арқылы зерттеушіде белгілі бір саяси құбылысты зерделеудің негізгі өлшемі, қалпы қалыптасады. Соған орай ол деректерді жинап, талдайды, түсіндіреді, мағлұматтарды жинақтайды, жүйелейді. Саясаттану парадигмаларын жинақтай келе оларды теологиялық, натуралистік, әлеуметтік және тиімді сыни деп жүйелеуге болады.

Изображение слайда
11

Слайд 11

Теологиялық парадигма саясатты, билікті құдайдың құдіретімен түсіндіреді. Бұл парадигма саяси ғылымның алғашқы дами бастаған кезеңінде пайда болған. Ол кезде барлық әлеуметтік-саяси құрылыс, мемлекет құдайдың құдіретімен жасалады және дамиды делінген. Натуралистік парадигма саясатты әлеуметтік сипаты жоқ табиғи себептермен, атап айтқанда, географиялық ортамен, биологиялық және психологиялық ерекшеліктермен түсіндіреді. Әлеуметтік парадигма саясаттың табиғаты мен пайда болуын әлеуметтік факторлар арқылы түсіндіреді. Мысалы, марксизм саясаттың мәнін экономикалық қатынастардан шығарады.

Изображение слайда
12

Слайд 12

Тиімді (рационалды) сыни парадигма саясаттың табиғатын оның өз ішіндегі себептермен, қасиеттермен, элементтермен түсіндіреді. Оны жанжалдық және мәмілеге келу парадигмалары деп екіге бөлуге болады. Жанжалдық парадигма XIX г. пайда болды. Оның негізін қалағандар - К.Маркс, А.Бентли, Земмель және т.б. Олар саяси өмірде дау-жанжал, шиеленістер шешуші рөл атқарады дейді. Қазір бұл теорияны қолдаушыларға Р.Дарендорф, Дж. Бертон және т.б. жаұтады. Бірақ олар К.Маркс сияқты саяси дау-жанжалды тап күресіне, қоғамдық құрылыстың түбегейлі өзгеруіне апармайды, қоғамдағы билік қорлары үшін бәсекелестікті, әлеуметтік тапшылықтан туатын мәселелерді шешу саяси ағзаның өзін-өзі жетілдіріп, дамуына әкеледі дейді.

Изображение слайда
13

Слайд 13

Мәмілеге келу (консенсус) парадигмасының әкілдеріне М.Вебер, Т.Парсонс жатады. Олар саяси әмірдегі дау-жанжал, қайшылықтарды жоққа шығармайды. Алайда оларды мәмілеге келуден кейінгі екінші орынға қояды. Халықтың арман-аңсарының, негізгі әлеуметтік және мәдени құндылықтарының, бағдарларының бірлігі адамдар арасында туатын қайшылықтарды саналы түрде реттеп, шешуге, қоғамда тұрақтылық пен ынтымақтастықты орнатуға көмектеседі. Олар саяси мәселелерді шешуге күш қолдануға, қоғамның революциялық жолмен дамуына қарсы. Бұл бағытты ұстанушылар орта тап санының көбеюі арқасында Батыс елдерінде таптық қарсыласу жойылды дей келіп, оның қоғамдағы рөліне үлкен үміт артады.

Изображение слайда
14

Последний слайд презентации: Саясаттану

Назар аударғандарыңызға рахмет

Изображение слайда