Презентация на тему: Сақтар Орындаған:Сламғали Самат СЗС 14-1 тобы

Сақтар Орындаған:Сламғали Самат СЗС 14-1 тобы
Сақтар Орындаған:Сламғали Самат СЗС 14-1 тобы
Сақтар Орындаған:Сламғали Самат СЗС 14-1 тобы
Сақтар Орындаған:Сламғали Самат СЗС 14-1 тобы
Сақтар Орындаған:Сламғали Самат СЗС 14-1 тобы
Сақтар Орындаған:Сламғали Самат СЗС 14-1 тобы
Сақтар Орындаған:Сламғали Самат СЗС 14-1 тобы
Сақтар Орындаған:Сламғали Самат СЗС 14-1 тобы
Сақтар Орындаған:Сламғали Самат СЗС 14-1 тобы
Сақтар Орындаған:Сламғали Самат СЗС 14-1 тобы
Сақтар Орындаған:Сламғали Самат СЗС 14-1 тобы
Сақтар Орындаған:Сламғали Самат СЗС 14-1 тобы
Сақтар Орындаған:Сламғали Самат СЗС 14-1 тобы
Сақтар Орындаған:Сламғали Самат СЗС 14-1 тобы
1/14
Средняя оценка: 4.4/5 (всего оценок: 29)
Код скопирован в буфер обмена
Скачать (1215 Кб)
1

Первый слайд презентации

Сақтар Орындаған:Сламғали Самат СЗС 14-1 тобы

Изображение слайда
2

Слайд 2

Сақтар – б. з. б. 1-мыңжылдықта Орта Азия мен Қазақстан, Шығыс Түркістан жерін мекен еткен ежелгі тайпалар. Бұларды грек тарихшысы Страбон « азиялық скифтер » деп жазды. Рим жазушысы үлкен Плиний де осылай деген. Оның жазуынша скифтерді парсылар « саға » (« сақа », « сақ » аты осыдан шыққан ) дейді. Қоныстанған жерлері Б. з. б. I мыңжылдықта Солтүстік Үндістанды, Ауғанстанды, Орта Азияны және Қазақстанның оңтүстігін қамтитын кең-байтақ аумақта жинақтап алғанда « сақ » деп аталатын көптеген тайпалар мекендеген. Геродот (б. з. б. V ғ.) және баска антик тарихшылары оларды Азияскифтері деп атаған.

Изображение слайда
3

Слайд 3

F ылымда сақтардың бұл топтарының Орта Азия мен Қазақстан аумағында шоғырланғаны туралы көптеген болжамдар бар. Олардың біреуіне сәйкес Шаш (Ташкент ауданы ), Солтүстік Қырғызстан аумағында және Қазақстанның оңтүстігінде тиграхауда-сақтар мекендегені, бұл сақ тайпаларының этникалық аумағы кеңірек болған, оған Оңтүстік Орал еңірі мен Таулы Алтайда енген.Ахемендік Иранның сына жазу ескерткіштерінде Сақтар үш топқа бөлінеді. Олар : хаумаварға Сақтар ( хаому шарабын ішетіндер немесе амюрийліктер ); тиграхауда Сақтар ( шошақ бөріктілер ); тьяй-парадарая Сақтар ( теңіздің арғы жағындағылар ). Бұлар Орта Азияның оңтүстігін, Арал теңізінің төңірегін, Сырдария бойын, Жетісу алқабын мекендеген. Сақтар одақтарына яксарт, массагеттер, исседон, дайлар, астақ, қамақ, аримаспы сияқты көптеген көне тайпалар біріккен. Бұлар Кавказ тауын « Қаз » тауы деп атаған. Сақ жерінде Яксарт ( Сырдария ), Оксус ( Өкіссу – Әмудария ) үлкен өзендер болған. Сырдарияны Бақтиярлар ( бактрлар ) Яксарт, ал Сақтар Сілес ( Сіле, Сілеті ) деп атаған. Сақтардың б. з. б. мәдениетті ел болғаны туралы дерек мол. Археологтар Қазақстанның оңтүстік ауданы мен Қырғыз c тан, Тәжікстан және Алтай жерлерінен Сақтар тайпаларының қорғандары мен обаларын тапты. Парсы патшасыДараявауштың Парсаға (гр. Persepolis) жақын Накширустамдағы тас жазуларында сақаларды үш топқа бөліп көрсеткен :

Изображение слайда
4

Слайд 4

• П арадрая ( теңіздің арғы бетіндегі сақалар ) — еуропалық сақалар-скифтер немесе Арал теңізі, Сырдарияның арғы жағындағылар ; • Хаомаварга ( хаома сусынын жасайтын сақалар ) — Ферғана алқабын мекендеушілер ; • Тиграхауда ( шошақ бөрікті сақалар ) — Сырдарияның орта ағынын және Жетісуды мекендеушілер.

Изображение слайда
5

Слайд 5

Парсы сына жазуларының хаумаварга-сақтары ең ірі тайпа немесе тайпалар тобы болды, олар грек деректемелерінде амюргий-сактар деп аталады. Көптеген зерттеушілер амюргий-сактарды ежелгі Бактрия және Маргиана аймақтарына ( Әмудария мен Мұрғаб езендерінін жағалауы ) орналастырады. Бұлар ертедегі парсылар танысқан алғашқы сак тайпалары еді. Геродот былай деп жазды : « Бұл — амюргийлік сақтар деп аталған тайпа ( ол шын мәнінде, скифтік тайпа ). Өйткені парсылар скифтердің бәрін сақтар деп атайды.

Изображение слайда
6

Слайд 6

Жауынгерлер Абыздар Малшылар мен егіншілер Сары көк киім киді Ақ киім киді Сақ тайпаларының негізгі үш әлеуметтік құрылымы Қызыл түсті киім киді

Изображение слайда
7

Слайд 7

Мәдениеті Сақтар аң стилін Алдыңғы Азия мен Иранға жорық жасаған кезінде қабылдаған. Бұл өнер б.д, д. 7-6 ғасырда қалыптасқан. Аң стилі дегеніміз түрлі жануарлардың бейнелерін ыдыс-аяққа, киімге, тұрмыс заттарына, түрлі әшекейлерге, қару-жараққа салған. Сақтар күнге, найзағайға, жел-дауылға табынған. Сақтар мифологиясында сәйгүлік ат күнмен, отпен байланысты болған. Дүниені жаратқан көк тәңірісі Митра, жердікі Варуна, жер астыныкі Индира секілді құдайлар болған.

Изображение слайда
8

Слайд 8

Бұл сақ тайпалары мекендеген аса көлемді аймақ : тиграхаудтар — Жетісуда, ал массагеттер Арал өңірі мен Сыр бойында. іле алқабында Бесшатыр, Есік, Түрген, Кеген, Алексеев обалары осы алқаптан табылды. Жетісудағы сақ мәдениеті екі кезеңді : ерте кезеңі ( б.з.д. 8-6 ғғ ) және кейінгі кезең ( б.з.д. 5-1 ғғ.). Соңғы кезеңдегі патша обасына Бесшатыр қорымы мен Есік обасы жатады. Бесшатыр қорымы Іле өзенінің оң жағалауындағы Шылбыр деген жерде, ол 31 обадан тұрады. Қорымның барша обалары екі топқа бөлінеді, үлкен обалар — диаметрі 45 м-105 м- ге дейін. Биіктігі 6-18 м. Салынған уақыты б.з.д. 5 ғ. Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан

Изображение слайда
9

Слайд 9

Алтай аясынан, Шыңғыстау мен Тарбағатай бөктерлерінде Үлкен патша обалары бар. Ол Шілікті алқабында шоғырланған. Бұл өңірдің мәдениеті үш кезеңнен тұрады. Мәйемір кезеңі ( б.з.д. 7-6 ғғ ), берел кезеңі ( б.з.д. 5-4 ғғ.), құлажүргін кезеңі ( б.з.д. 3-1 ғғ.). Мәйемір кезеңінің соңында салт кісіні атымен бірге қоятын қабырлар пайда болады. Шығыс Қазақстан Орталық Қазақстан Бұл жерден Тасмола мәдениеті ( б.з.д. 7-3 ғғ.) ашылды. Зерттеуді археологтар Ә. Марғұлан, М. Қадырбаев жүргізді. Бұл обалардың ерекшелігі — оларда тас жалы, « мұрты » болады. Бірнеше варианттардан тұрады. Негізгі обаға жанаса немесе оның шығыс бетінде, иек астында кіші оба тұрады, одан шығысқа қарай доғаша иіліп, ені 1,5-2 м, ал ұзындығы 2-200 м дейін кейде одан ұзыныда болады, екі жал кетеді. Үлкен обаға үйілген төбе астында жерден қазылған қабырда өлген кісінің мәйіті жатады, ал кіші қорғанда үйінді астындағы қабырға ат пен ағаш ыдыс-аяқтар қойылады.

Изображение слайда
10

Слайд 10

Ауыл шаруашылығы Мал шаруашылығымен де егін өсірумен де айналысқан. Жылқы өсірген. Екі тұқымы болғаны анықталды. Оның біреуі басы үлкен, аяғы жуан, денесі шомбал, жатаған жылқы, ал екіншісі шоқтығы биік бойшаң, сымбатты жылқы, оны қарулы жауынгерлер мінетін болған. Қой бағумен де айналысқан. Сақтарда маңдай алды дөңестев ірі қойлар көп тараған. Олар қазақтың кәзіргі құйрықты қойлары тұқымына жақын болған. Түйе шаруашылығы да кең дамыды. Ал сиырдың көшпелі тіршілікке бейімделген мұндай тұқымының өзгеден айырмасы — өнімділігі төмен, тірілей салмағы аз, жемшөпті көп талғамайтын. Суықта сыр бермейтін, жүні қалың, тебін малы болды. Егіншілік пен суару. Қыстау маңындағы егін сақтарды астықпен қамтамасыз еткен. Олар тары, арпа, бидай еккен. Оңтүстік Сырдарья алқабында сақтардың Шірік Рабат, Бәбіш-молла, Баланды секілді қоңыстарында табылған.

Изображение слайда
11

Слайд 11

Сақтар Ираннан бастап Жерорта теңізіне дейінгі аралықтағы елдерге жорық жасады. Парсы патшасы Кир б.з.б. 530 жылы сақтарға қарсы жорық жасайды. Кир шапқыншылығы кезінде сақтардың патшасы қайтыс болып, күйеуінің орнына әйелі Томирис билік жүргізген Сақтар “ дұшпанға – қатал, досқа – адал ” болған.

Изображение слайда
12

Слайд 12

Сақтар бірде парсылармен жауласып бірде керісінше одақтастар ретінде гректерге қарсы соғыстарға қатысты. Б.з.б. І V ғасырда грек- македондықтар Ескендір Зұлқарнайынның бастауымен сақ -скиф жеріне басып кіреді. Сақтар жанқиярлықпен шайқасып, өз жерін грек- македондықтардан қорғап қалды.

Изображение слайда
13

Слайд 13

Әрбір сақтың таң қалдым епті ісіне Тәубе еткен тақта отырған тектісіне Томиристей патшасы бар қайсар халық Төзе алмас ешкімнің тепкісіне...

Изображение слайда
14

Последний слайд презентации: Сақтар Орындаған:Сламғали Самат СЗС 14-1 тобы

Шырақтың ерлігі Дарий патша бастаған парсылардың қалың қолы б.з.б. 519-518 жылдары сақ жеріне жойқын жорық жасайды.Сол кезде Шырақ батыр парсы жауынгерлерін тосып алып оларға өз адалдығын білдіріп өзіне сендіріп Парсы әскерін құм далаға алдап алып келеді де оларды жолдарынан адастырып кетеді парсы әскерінің суы азығы таусылып ыстыққа шөлге шыдамай біртіндеп қырыла береді. Осы парсы әскерін адастыру кезінде Шырақ батыр да қаза табады.

Изображение слайда