Презентация на тему: Саңырауқұлақтар

Реклама. Продолжение ниже
Саңырауқұлақтар
Саңырауқұлақтар
Саңырауқұлақтар
Саңырауқұлақтар
Саңырауқұлақтар
Саңырауқұлақтар
Саңырауқұлақтар
Саңырауқұлақтар
Саңырауқұлақтар
Саңырауқұлақтар
1/10
Средняя оценка: 4.9/5 (всего оценок: 33)
Код скопирован в буфер обмена
Скачать (2242 Кб)
Реклама. Продолжение ниже
1

Первый слайд презентации

Саңырауқұлақтар

Изображение слайда
Изображение для работы со слайдом
Изображение для работы со слайдом
Изображение для работы со слайдом
1/4
2

Слайд 2

Саңырауқұлақтардың 100000-дай түрі белгілі.Бірқатар белгілері бойынша саңырауқұлақтар балдырларға ұқсас,бірақ олардың клеткаларында хлорафилл болмайды.Саңырауқұлақтардың кейбіреулері бір клеткалы,алайда олардың көпшілігі көпклеткалы организмдер болып келеді.Қоректену ерекшеліктеріне қарай саңырауқұлақтарды не спорофиттерге,не паразиттерге жатқызады.Спорофитті саңырауқұлақтар өлі органикалық заттармен қоректенеді,ал паразитті саңырауқұлақтар тірі организмдердің денесінде өмір сүреді және солардың клеткаларынан өзіне қажетті заттарды сорып қоректенеді.

Изображение слайда
Изображение для работы со слайдом
1/2
3

Слайд 3

Құрылысы Саңырауқұлақтардың талломасы мицелий,немесе грибница д.а.Мицелий гифа деп аталынатын жіңішке тарамдалған жіпшелерден тұрады.Төменгі сатыдағы саңырауқұлақтардың гифаларында көлденең перделер болмайды,сондықтан да олар тарамдалған үлкен бір клетка түрінде болады.Ал жоғарғы сатыдағы саңырауқұлақтардың гифалары көлденең перделері арқылы клеткаларға бөлінген болады.Тек аздаған төменгі сатыдағы саңырауқұлақтардың клетка қабықшасы целлюлозадан тұрады.Саңырауқұлақтардың көпшілігінің гифасының қабықшасының құрамы біршама күрделі болады : төменгі сатыдағыларының қабықшасы пектинді заттардан, ал жоғарғы сатыдағыларының — целлюлозаға жақын углеводтардан, және насекомдардың хитиніне ұқсас азоттық заттардан тұрады. Клетка қабықшасының астында протопласт жатады. Ядросы өте ұсақ және клеткада 1-2 немесе көптен болады. Қор зат ретінде гликоген немесе май тамшылары жиналады, крахмал ешуақытта түзілмейді. Гифалары жоғарғы ұшы арқылы өседі. Қолайлы жағдайларда олар өте тез өседі.

Изображение слайда
1/1
4

Слайд 4

Қоректенуі Саңырауқұлақтар дайын органикалық заттармен қоректенеді. Бұл жағдайда саңырауқұлақтардың мицелийлері органикалық заттардың бір бөлігін сумен бірге және ылғалды қарашірінділерге бай орманды жерлердің топырағынан минералды заттармен бірге сорып қабылдайды, ал екінші бөлігін өздері өсіп тұрған жердегі ағаштардың тамырларынан алады. Симбиоз процесінің нәтижесінде жаңа организмдер пайда болады. Мысалы : қыналар, микориза. Саңырауқұлақтар гетеротрофты организмдер. Олардың көпшілігі өліп қураған өсімдіктердің қалдықтарымен қоректенетін сапрофиттер. Сапроитті саңырауқұлақтар клетканың целлюлозді қабықшасын және лигнинді бұзатын ферменттер түзеді. Сапрофиттердің аздаған түрлері ғана жануарлардың қалдықтарымен қоректенеді. Паразиттері өзіне қажетті қорек заттарды тірі организмдердің клеткаларының сорып қабылдайды. Саңырауқұлақтардың 10мыңнан астамы өсімдіктерде паразит ретінде кездеседі, ал бір мыңнан аздауы жануарлармен адамдардың паразитері. Саңырауқұлақтардың көпшілігі өмірінің бір бөлігінде паразит ретінде, ал екінші бөлігінде сапрофит ретінде тіршілік етеді. Саңырауқұлақтардың балдырларымен, кейде тіптен жоғарғы сатыдағы өсімдіктерімен де селбесіп өмір сүруі жиі байқалады. Оны симбиоз деп атайды.

Изображение слайда
1/1
5

Слайд 5

Көбеюі Саңырауқұлақтарда жыныс процессі редукцияға ұшыраған, соған байланысты оларды вегетативті және жынысты, жыныссыз болып көбейеді. Вегетативті көбеюі мицелийдің жекелеген бөліктері арқылы ; артра споралары арқылы — клетка қабықшалары жұқа болып келетін гифаның оқшауланған бөлігі ; хламидосспоралары арқылы — қабықшалары қалың болып келетін клеткаларға ыдырайтын гифалар ; бүршіктенуі арқылы — гифаларында келешегінде бөлініп түсетін домалақ өскіндердің пайда болуы арқылы көбею. Жыныссыз көбеюі әртүрлі споралардың көмегімен жүзеге асады ; зооспорангияның ішінде дамитын зооспоралары, спорангияның ішінде жетілетін спорангиоспоралары ; ерекше гифалардың бүршіктенуінің нәтижесін де экзогенді жолмен пайда болатын конидийлері арқылы. Жыныстық көбеюі төменгі сатыдағы саңырауқұлақтарда жыныстық көбеюдің бірнеше формалары болады : изогамия, гетерогамия, оогамия, зигогамия. Зигота барлық жағдайда біраз уақыт тыныштық кезеңін басынан өткізіді, содан соң өсіп зооспоралары немесе зооспорангиясы бар, немесе спорангиоспорасы бар қысқаша гифа береді. Өсер алдында зигота мейоз жолмен бөлінеді. Көптеген төменгі сатыдағы саңырауқұлақтардың өмірі гаплоидты фазада өтеді, тек зигота ғана диплоидты болады.

Изображение слайда
Изображение для работы со слайдом
1/2
6

Слайд 6

Түрлері Қазіргі кезде саңырауқұлақтардың 3000 түрі бар, соның 50 шақтысы улы. Біздің республикамызда саңырауқұлақтың 200 түрі өседі, соның 50-60 түрі ғана жинап, тағамға пайдалануға жарамды. Жеуге жарамды саңырауқұлақтардың жеуге жарасыз егіздері болады, жекелеген жағдайларда олар улы болып келеді. Әсіресе шампиньондардың, әртүрлі опяталардың егіздері өте қауіпті. Тіпті ақ подберезовиктердің де қауіпті егіздері бар. Әдетте улану улы саңырауқұлақтарды жегенде орын алады, өйткені оның құрамында токсиндермен алкалоидтер болады. Бұл заттардың саңырауқұлақтағы үлес салмағы олардың өсетін жерлерімен ауа райы жағдайларына байланысты. Қарашірікке бай жерлерде ауа райы жылы да ылғалды болса саңырауқұлақтардың улылығы күшейе түседі. Жиі жағдайда улану шартты түрде жеуге жарамды болып табылатын саңырауқұлақтарды (сморчок, стручок, волнушка, рядовка т.б.) дұрыс әзірлемеуден болады. Уланудың алғашқы белгілері — жүрегі айну, құсу, іші бүріп ауру, іші өту. Бұлар саңырауқұлақ жегеннен тез арада (1-4 сағаттан кейін ) пайда болады. Мселен саңырауқұлақтардың тұздамайтын Батыс Еуропа елдерінде грузди, волнушки секілді өте ащы дәмі бар саңырауқұлақтар улы есептеледі.

Изображение слайда
1/1
7

Слайд 7

Изображение слайда
Изображение для работы со слайдом
1/2
Реклама. Продолжение ниже
8

Слайд 8

Ақ саңырауқұлақ  ( Boletus edul і s) Ақ саңырауқұлақ  ( Boletus edul і s) – болетустар тұқымдасына жататын түр.   Қазақстанда жалпақ   жапырақты, қылқан жапырақты және аралас   ормандарда   өседі. Қалпақшасының диаметрі 10 – 20 ( кейде 50) см, үстіңгі бөлігі ашық қоңырдан қара қоңырға дейін өзгеріп отырады. Ал төменгі бөлігі алғашқы кезде ақ кейін жасыл сарғыш түске енеді. Аяқшасының ұзындығы 17 см- дей, қалыңдығы 4 – 6 см, ашық сары сұрғылт түсті, үстінде торлы өрнектері болады. Жемістік денесі ақ, тығыз, жағымды, саңырауқұлаққа   тән исі болады. Салмағы 2 ( сирек 4) кг. Ақ саңырауқұлақ маусымнан қазанға дейін өседі, 20-ға жуық формалары бар. Жеуге жарамды, өте бағалы саңырауқұлақ, себебі, құрамында   белок   өте көп. Ақ саңырауқұлақтың   жемістік   денесінен антиканцерогендік заттар табылған.

Изображение слайда
Изображение для работы со слайдом
Изображение для работы со слайдом
Изображение для работы со слайдом
1/4
9

Слайд 9

Саңырауқұлақтардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы Саңырауқұлақтар   тайгада,  тундрада, далалы жерлерде, тау ормандарында,  шалғындықта,  батпақта, қоймаларда, құрылыстарда кездеседі. Сөйтіп табиғатта зат айналымына қатысады. Бактериялар мен топырақта болатын басқа да майда саңырауқұлақтар бірлесіп, өсімдіктер мен жануарлардың, саңырауқұлақ қалдықтарын ( өсімдіктің құраған бөліктері, жануарлардың, майда бунақденелілердің өлекселері ) ыдыратып, шірітеді. Сөйтіп   топырақты   ағзалық заттармен байытып, құнарлылығын арттырады. Өсімдіктер  мен  жануарлардың   қалдықтары ыдырамай, өңделмей, топырақта жата берсе, әр түрлі жұқпалы аурулардың таралуына себепші болар еді. Саңырауқұлақтардың қалдықтарды ыдыратуы топырақтың тазаруына,  аурулардың   таралмауына көп пайдасын тигізеді. Қалың ағашты ормандардың жапырақтары жыл сайын жаппай түсетіні белгілі. Ағаштардың түбінде өсетін қалпақшалы саңырауқұлақтар жапырақтарды ыдыратып, оларды   бактериялар   қара топыраққа айналдырады. Сондықтан орман арасындағы   топырақтың құрамы   өсімдіктерге қажетті   минералды   тұздарға   өте бай болады.

Изображение слайда
Изображение для работы со слайдом
1/2
10

Последний слайд презентации: Саңырауқұлақтар

Назарларыңызға Рахмет!!!!

Изображение слайда
Изображение для работы со слайдом
1/2
Реклама. Продолжение ниже