Презентация на тему: Ресейд ің геосаяси әкімшілік жағдайы,экономикалық бөлінуі

Ресейд ің геосаяси әкімшілік жағдайы,экономикалық бөлінуі
Ресейд ің геосаяси әкімшілік жағдайы,экономикалық бөлінуі
Қазіргі заманғы әлемдегі геосаяси жағдай, ұлттар мен діндер араздығы, халықаралық терроризммен күрес шаралары Еуразияның көптеген аудандарында саяси
Әкімшілік-аумақтық құрылымы
Ресейд ің геосаяси әкімшілік жағдайы,экономикалық бөлінуі
Мәскеу
Ресейд ің геосаяси әкімшілік жағдайы,экономикалық бөлінуі
Санкт-Петербург
Ресейд ің геосаяси әкімшілік жағдайы,экономикалық бөлінуі
Экономикалық бөлінуі
Ресейд ің геосаяси әкімшілік жағдайы,экономикалық бөлінуі
Ресейд ің геосаяси әкімшілік жағдайы,экономикалық бөлінуі
Ресейд ің геосаяси әкімшілік жағдайы,экономикалық бөлінуі
Ресейд ің геосаяси әкімшілік жағдайы,экономикалық бөлінуі
Ресейд ің геосаяси әкімшілік жағдайы,экономикалық бөлінуі
Назарларыңызға рахмет!!!
1/16
Средняя оценка: 4.7/5 (всего оценок: 59)
Код скопирован в буфер обмена
Скачать (1769 Кб)
1

Первый слайд презентации: Ресейд ің геосаяси әкімшілік жағдайы,экономикалық бөлінуі

Изображение слайда
2

Слайд 2

Ресейдің Еуропа мен Азия ортасындағы аралық орны екі дүние бөлігін байланыстырып тұратын өзіндік көпір қызметін атқаруына себепші болады. Бұл елдің әлеуметтік-экономикалық даму ерекшеліктерін айқындаумен қатар, оның саяси жағдайына да ықпал етеді. Кеңес Одағы мен социалистік жүйенің ыдырауы, ұзаққа созылған экономикалық дағдарыс елдің геосаяси жағдайын өзгертті. НАТО елдерімен, оның ішінде АҚШ-пен ұзаққа созылған экономикалық бәсекелестік пен жаппай қарулану, "қырғиқабақ соғыс" саясатының аяқталуы Ресейдің сыртқы саясатында бетбұрыс кезең болды. Ендігі жерде Ресей белгілі бір елдер тобына бағдарланған саясат жүргізуге қарағанда, өзінің экономикалық, саяси мүдделеріне сай келетін мемлекеттердің барлығымен өзара тиімді байланыстар орнатуға көшті. Геосаяси тұрғыдан алғанда, Ресей нағыз ашық мемлекетке айналды. Дегенмен НАТО елдері шекарасының Шығыс Еуропа мемлекеттері есебінен кеңейіп, ел аумағына жақын келуі Ресей мүдделері тұрғысынан алғанда онша қолайлы құбылыс ретінде бағаланбайды.

Изображение слайда
3

Слайд 3: Қазіргі заманғы әлемдегі геосаяси жағдай, ұлттар мен діндер араздығы, халықаралық терроризммен күрес шаралары Еуразияның көптеген аудандарында саяси тұрақсыздықтың орын алуына себепші болды. Бұл жағдайда аймақтағы, әлемдегі саяси жағдайға ықпал ететін ірі мемлекет ретінде Ресейдің рөлі күшейіп келеді. Шекараға жақын аудандарда саяси жағдайдың шиеленісуі Ресейдің мемлекеттік шекараларын нығайтуына ықпал етуде. Ресей Федерациясының бұрынғы одақтас республикалармен шекаралары арнайы келісімдер арқылы толық бекітіліп біткен жоқ. Қазақстанмен шекаралары 2005 жылғы мемлекетаралық келісімдер негізінде толығымен бекітілді. Ресей геосаяси тұрғыда  ТМД елдерімен, Еуропалық Одақпен, Азиялық-Тынық мұхиттық аймақ елдерімен жан-жақты байланыстар орнатуға мүдделі. Әсіресе АҚШ, әлемдік экономика мен саясаттың жаңа орталықтары болып табылатын  Қытай, Оңтүстік-Шығыс Азия жәнеҮндістанмен  қарым-қатынастарды жаңа деңгейге көтеру елдің геосаяси жағдайын нығайта түспекші

Изображение слайда
4

Слайд 4: Әкімшілік-аумақтық құрылымы

Изображение слайда
5

Слайд 5

Ресей Федерациясы құрамына тең құқықты федерациялық бірліктер 21 республика,9 өлке,46 облыс,2 федерадиялық деңгейдегі қала ( Мәскеу  және  Санкт-Петербург )1 дербес облыс, 4 дербес округ.Әрбір федерациялық бірліктің заң шығару, сот және басқа органдары бар. Сонымен қатар Ресей Федерациясы аумағында мемлекеттік биліктің бірыңғай органдары қызмет етеді, жалпыға ортақ Конституция, бірегей азаматтық, ортақ ақша бірлігі және т.б. тағайындалған

Изображение слайда
6

Слайд 6: Мәскеу

Мәскеу  – Ресей Федерациясының астанасы. Ресейдің еуропа бөлігінің ортасында, Москва өзенінің жағасында орналасқан. Жер аумағы 1000 км2. Климаты қоңыржай континенттік. Орташа температура қаңтарда –10,20С, шілдеде 18,10С; жылдық жауын-шашын мөлшері 600 мм-ге жуық. Мәскеу – дүние жүзіндегі ең ірі қалалардың бірі. Халқы 11,5 млн (2011). Москва 13 – 14 ғасырларда Владимир Суздаль өлы князьдіктерінің, 15 ғасырдың соңғы ширегінен 1712 жылға дейін бір орталыққа бағынған орыс мемлекетінің, 1918 жылы наурыздан – 1922 жылдың желтоқсанға дейін РКФСР-дің, 1922 жылы желтоқсаннан – 1992 жылға дейін КСРО-ның астанасы болды. Москва аумағындағы алғашқы қоныстар б.з.б. 2-мыңжылдықта пайда болды. 10 – 11 ғасырларда мұнда шығыс славян тайпасы – вятичтер қалашығы орналасты.

Изображение слайда
7

Слайд 7

Изображение слайда
8

Слайд 8: Санкт-Петербург

Санкт-Петербург  ( қаз.   Қасиетті Петербор, орыс.  Санкт-Петербург, Питер ) — Ресейдегі қала. Ленинград облысының орталығы. Санкт-Петербург, 1914 — 24 ж. Петроград, 1924 — 91 ж. Ленинград — Ресей Федерациясындағы қала. Федералды субъект мәртебесіне ие. Ленинград облысындағы Нева өзенінің Фин бұғазына құяр сағасында орналасқан. Тұрғындарының саны 4,7 млн-ға жуық (2004). Санкт-Петербург аумағынан 45-тен астам өзен, 40-қа жуық канал өтеді. Портты қала, әуе, автомобиль жолдарының және темір жолдың ірі торабы. Ресей ҒА-ның ғылыми орталығы, 43 жоғары оқу орны, 120 музей, 18 театр, Салтыков-Щедрин атындағы Ресей ұлттық кітапханасы, машина, станок, прибор, кеме жасау зауыттары, тоқыма фабрикасы, химиялық, түсті және қара металургия комбинаттары бар. Метрополитені 1955 ж. іске қосылған. Қаланы 1703 ж. Петр І салдырған. 1712 — 1918 ж. Ресей астанасы болды. 19 ғасырдың соңы мен 20 ғасырдың басында Санкт-Петербургтің жоғары оқу орындарында бірқатар қазақ интеллигенциясының өкілдері оқыды.Б.Қаратаев, Б.Сыртанов, Ж.Ақпаев, С.Лапин, М.Шоқай, Б.Құлманов Санкт-Петербургтің Императорлық университетінде, Ә.Бөкейхан Санкт-Петербург Императорлық орман институтында, М.Тынышбаев Санкт-Петербург Императорлық жол қатынасы институтында, С.Аспандияров пен Х.Досмұхамедов Санкт-Петербург Императорлық әскери медициналақ институтында білім алды. Қазақтың алғашқы баспасөздерінің бірі саналатын “Серке” газеті Санкт-Петербургте жарық көрді. Бүкілресейлік мұсылмандардың екінші съезі Санкт-Петербургте өтті.

Изображение слайда
9

Слайд 9

Изображение слайда
10

Слайд 10: Экономикалық бөлінуі

Ресейдің экономикалық аудандары мен сыртқы экономикалық байланыстары Ресей аумағы ішкі экономикалық айырмашылықтарына қарай 11 экономикалық аудан мен бір еркін экономикалық зонаға бөлінеді. Олардың әрқайсысы өзіне тән маманданған шаруашылық салалары бар кешенді құрылымдардың күрделі жиынтығынан құралады: Орталық экономикалық аудан; Волга-Вятка экономикалық ауданы; Орталық қара топырақты аудан; Солтустік-Батыс экономикалық ауданды; Солтүстік экономикалық аудан; Солтүстік Кавказ экономикалық ауданы; Волга бойы экономикалық ауданы; Орал экономикалық ауданы; Батыс Сібір экономикалық ауданы; Шығыс Сібір экономикалық ауданы; Қиыр Шығыс экономикалық ауданы; Калининград облысы

Изображение слайда
11

Слайд 11

Орталық экономикалық аудан Орталық экономикалық аудан құрамына Мәскеу қаласы мен 12 облыс кіреді. Өзіне тән табиғат жағдайы мен ресурстарына негізделе отырып, бұл ауданда өнеркәсіптің машина жасау,химия, жеңіл және тамақ өнеркәсіптері сияқты салалары; ауыл шаруашылығының көкөніс пен картоп, зығыр өсіру, қала маңы шаруашылықтары өркендеген. Сонымен қатар бұл аудан мемлекеттік басқарудың, қаржы-қаражаттың, ғылым мен мәдениеттің, туризмнің тарихи қалыптасып, өркен жайған аймағы болып саналады. Волга-Вятка экономикалық ауданы Волга-Вятка экономикалық ауданы кұрамына 2 облыс (Нижегород және Киров) пен 3 республика (Чуваш, Марий Эл, Мордва) кіреді. Негізгі маманданған салалары машина жасау, химия, орман, жеңіл және тамақ өнеркәсіптері, картоп өсіру мен сүтті-етті бағыттағы мал өсіру, қала маңы шаруашылықтары болып табылады. Орталық қара топырақты аудан Орталық қара топырақты аудан —ең шағын аудан, оның құрамына Белгород, Воронеж, Курск, Липецк және Тамбов облыстары кіреді. Жетекші маманданған салалар қатарына қара металлургия, машина жасау, химия, құрылыс материалдарын өндіру және тамақ өнеркәсібі жатады. Сонымен қатар жоғары дамыған ауыл шаруашылығы дәнді дақылдар, қант қызылшасы, күнбағыс, картоп өсіру мен етті-сүтті бағыттағы мал өсіруге маманданған.

Изображение слайда
12

Слайд 12

Солтустік-Батыс экономикалық ауданды Солтустік-Батыс экономикалық ауданды Санкт-Петербург қаласы мен Ленинград облысы құрайды. Бұл аудандағы тарихи қалыптасқан шаруашылық салалары машина жасау, химия,орман, жеңіл және тамақ өнеркәсіптерінен тұрады. Ауыл шаруашылығының зығыр өсіру және сүтті-етті бағыттағы мал шаруашылығы, қала маңы шаруашылықтары сияқты салалары қарқынды дамыған. Сонымен қатар теңіз көлігі, ғылым мен мәдениет, туризм өркен жайған. Солтүстік экономикалық аудан Солтүстік экономикалық аудан құрамына Карелия мен Коми республикалары және құрамында Ненец автономиялық облысы бар Архангельск, Мурманск мен Вологда облыстары кіреді. Негізгі маманданған салаларына отын-энергетика өнеркәсібі, қара және түсті металлургия, машина жасау, химия, орман, балық өңдеу жатады. Ауыл шаруашылығының зығыр өсіру және сүтті-етті бағыттағы мал шаруашылығы түрлері өркендеген. Сонымен қатар кеме жасау мен теңіз көлігі тарихи қалыптасқан кәсіп түрі болып табылады. Солтүстік Кавказ экономикалық ауданы Солтүстік Кавказ экономикалық ауданы, құрамына Адыгей, Қарашай-Черкес, Кабарда-Балқар, Солтүстік Осетия, Ингуш, Шешен және Дағыстан республикалары мен Краснодар,Ставрополь өлкесі, Ростов облысы кіреді. Ауданның маманданған салаларына отын-энергетикалық өнеркәсіп, түсті металлургия, машина жасау, химия және тамақ өнеркәсіптері жатады. Ауыл шаруашылығы аудандағы жетекші сала болып табылады, оның дәнді дақылдар, қант қызылшасы, күнбағыс, көкөніс пен жеміс өсіру, ірі қара, қой және шошқа өсіру сияқты салалары қатар дамыған. Теңіз көлігі жақсы өркендеген. Табиғат жағдайының ерекшеліктеріне байланысты емдеу-сауықтыру, туристік-рекреациялық шаралар өте жақсы жолға қойылған.

Изображение слайда
13

Слайд 13

Волга бойы экономикалық ауданы Волга бойы экономикалық ауданы Татарстан және Қалмақ республикалары мен Ульянов, Пенза, Самара, Саратов, Волгоград, Астрахань облыстарынан құралады. Аудан электр энергиясы, отын өнеркәсібі, машина жасау (автокөлік, трактор және әуе техникасы), химия, тамақ өнеркәсібі мен құрылыс материалдарын (цемент) шығаруға маманданған. Ауыл шаруашылығының дәнді дақылдар өсіру, күнбағыс, қант қызылшасы, көкөніс пен жеміс, ірі қара мен қой өсіру сияқты салалары қарқынды дамыған. Орал экономикалық ауданы Орал экономикалық ауданы құрамына Удмурт және Башқұрт республикалары, Пермь (Коми-Пермяк автономиялық округі), Свердлов, Челябі, Орынбор және Қорған облыстары кіреді. Маманданған салалары отын-энергетика, қара және түсті металлургия, машина жасау, химия, орман өнеркәсібі мен құрылыс материалдарын (цемент) шығару болып табылады. Ауыл шаруашылығы дәнді дақылдар, картоп, көкөніс, сүтті-етті және етті-сүтті бағыттағы ірі қара өсіруге бағытталған. Батыс Сібір экономикалық ауданы Батыс Сібір экономикалық ауданы құрамына Алтай республикасы, Алтай өлкесі, Кемеров, Новосибирск, Омбы, Томск, Түмен (Ханты-Манси және Ямал- Ненец автономиялық округі) облыстары кіреді. Ауданның жетекші маманданған салаларына отын-энергетика, қара металлургия, машина жасау, химия және орман өнеркәсіптері жатады. Аса ірі мұнай-газ алабы болғандықтан Ресейдегі өндірілетін мұнайдың 70%-ға, газдың 90%-ға жуығы осы аудан үлесіне тиесілі. Ауыл шаруашылығында дәнді дақылдар, зығыр және ірі қара басым өсіріледі. Аудан зығыр өсіруден Ресейде Орталық ауданнан кейінгі 2-орында тұр. Алтайда марал өсіру мен омарта шаруашылығы жақсы жолға қойылған.

Изображение слайда
14

Слайд 14

Шығыс Сібір экономикалық ауданы Шығыс Сібір экономикалық ауданы Бурят, Тува және Хакасия республикалары мен Красноярск өлкесі (Таймыр және Эвенк автономиялық округі), Иркутск (Усть- Орда автономиялық округі) және Чита (Агин Бурят автономиялық округі) облыстарынан құралады. Аудандағы маманданған басты салалар ретінде электр энергиясын өндіру, түсті металлургия, химия және орман өнеркәсіптерін атауға болады. Электр энергиясы, негізінен, Ангара және Енисей өзен жүйелеріндегі су электрстансыларынан өндіріледі. Ауданда машина жасау саласы жақсы жолға қойылған. Ауыл шаруашылығында дәнді дақылдар өсіру мен қой шаруашылығы кең өріс алған. Сонымен қатар солтүстікке қарай бұғы, оңтүстікте етті-сүтті бағыттағы ірі қара өсіруге маманданған. Қиыр Шығыс экономикалық ауданы Қиыр Шығыс экономикалық ауданы құрамына Саха (Якутия) республикасы, Еврей автономиялық облысы, Чукот автономиялық округі, Приморск және Хабаров өлкесі, Амур, Камчатка(Коряк автономиялық округі), Магадан және Сахалин облыстары кіреді. Негізгі маманданған салаларына түсті металлургия, орман және балық өңдеу өнеркәсіптері жатады. Кеме жасау және теңіз көлігінің маңызы күшеюде. Ауыл шаруашылығы өз дәрежесінде дамымаған, көптеген өнім түрлері сырттан тасылады. Өз қажеттерін өтеу мақсатында күріш пен қытайбұршақ өсіріледі. Калининград облысы Калининград облысы 1945 жылдан Ресей Федерациясы құрамына кірген аумақ. "Янтарь" деп аталатын еркін экономикалық зона болып табылады. Отын-энергетикалық, машина жасау, орман және балық өңдеу өнеркәсіптері жоғары деңгейде ұйымдасқан. Ауыл шаруашылығында интенсивті жолмен дамыған сүт бағытындағы ірі қара, құс және шошқа өсіру кең таралған. Малазықтың дақылдар мен картоп өсіріледі. Аймақ теңіз көлігін тиімді пайдалануға және емдеу- сауықтыру, туристік-рекреациялық жұмыстарына да мейлінше маманданған. Ресей Федерациясы 2000 жылы президент жарлығымен экономикалық аудандардан басқа 7 федерациялық округке біріктірілді. Округ шекарасы экономикалық аудандар шекарасымен сәйкес келе бермейді. Алайда олардағы мақсат — ортақ аймақтардағы (регион) экономикалық және әлеуметтік мәселелерді бірігіп шешу.

Изображение слайда
15

Слайд 15

Солтүстік Солтүстік-Батыс Орталық Қиыр Шығыс Шығыс Сібір Батыс Сібір Орал Волго-Вятка Волга бойы Орталық қара топырақты Солтүстік Кавказ Балтық бойы

Изображение слайда
16

Последний слайд презентации: Ресейд ің геосаяси әкімшілік жағдайы,экономикалық бөлінуі: Назарларыңызға рахмет!!!

Изображение слайда