Презентация на тему: Рақыш Әміровтің құрмалас сөйлемдерге қатысты пікірі

Рақыш Әміровтің құрмалас сөйлемдерге қатысты пікірі
Рақыш Әміровтің құрмалас сөйлемдерге қатысты пікірі
Рақыш Әміровтің құрмалас сөйлемдерге қатысты пікірі
Рақыш Әміровтің құрмалас сөйлемдерге қатысты пікірі
Рақыш Әміровтің құрмалас сөйлемдерге қатысты пікірі
Рақыш Әміровтің құрмалас сөйлемдерге қатысты пікірі
Рақыш Әміровтің құрмалас сөйлемдерге қатысты пікірі
Рақыш Әміровтің құрмалас сөйлемдерге қатысты пікірі
Рақыш Әміровтің құрмалас сөйлемдерге қатысты пікірі
Тұрақты іргелес салалас құрмалас сөйлемдер (грамматикалық-мағыналық)
Рақыш Әміровтің құрмалас сөйлемдерге қатысты пікірі
Рақыш Әміровтің құрмалас сөйлемдерге қатысты пікірі
Жалғаулықты салалас құрмалас сөйлемдер
Жалғаулықты салалас құрмалас сөйлемдер (граматикалық мағына жағынан)
Сабақтас құрмалас сөйлем
Рақыш Әміровтің құрмалас сөйлемдерге қатысты пікірі
Көп компонентті құрмалас сөйлемдер
Рақыш Әміровтің құрмалас сөйлемдерге қатысты пікірі
Көп компонентті салалас құрмалас сөйлемдер
Көп компонентті сабақтас құрмалас сөйлемдер
Көп компонентті аралас құрмалас сөйлемдер
Рақыш Әміровтің құрмалас сөйлемдерге қатысты пікірі
Орындаған
1/23
Средняя оценка: 4.4/5 (всего оценок: 54)
Код скопирован в буфер обмена
Скачать (153 Кб)
1

Первый слайд презентации: Рақыш Әміровтің құрмалас сөйлемдерге қатысты пікірі

Изображение слайда
2

Слайд 2

Изображение слайда
3

Слайд 3

Изображение слайда
4

Слайд 4

1. Екі компонентті құрмалас сөйлемдер 2. Көп компонентті құрмалас сөйлемдер Салалас құрмалас сөйлемдер Сабақтас құрмалас сөйлемдер Құрмалас сөйлемдердің басты түрлері мына белгі бойынша шығады: Құрамына сай Грамматикалық форма алуына сай

Изображение слайда
5

Слайд 5

Құрмалас сөйлемдердің барлық грамматикалық түріне қатысатын амалдар:

Изображение слайда
6

Слайд 6

Салалас құрмалас сөйлемдердің байланысу амалдары Орын тәртібі (жалғаулықсыз) Жалғаулықтар

Изображение слайда
7

Слайд 7

Орын тәртібі арқылы ұйымдасқан салалас құрмалас сөйлемдер – бұлар іргелес салалас құрмалас сөйлем деп аталады. Мысалы, Сәнжанның көңілі көтеріңкі, қабағы ашыңқы (Ә.Тарази). Іргелес салалас құрмалас сөйлем (Н.Сауранбаев)

Изображение слайда
8

Слайд 8

Изображение слайда
9

Слайд 9

Изображение слайда
10

Слайд 10: Тұрақты іргелес салалас құрмалас сөйлемдер (грамматикалық-мағыналық)

Жалғасты қатынасты білдіретін іргелес салалас құрмалас сөйлем Мысалы: Сабылып сәуір келді, сәуір қазақтың тәуір айы (М.Мақатаев). Мезгілдік іргелес салалас құрмалас сөйлем. Мысалы: Болыс алақанын жайып еді, қағып, тырналар оған да бір атым тапты (Ғ.Мұстафин). Қарсылықтық іргелес салалас құрмалас сөйлем. Мысалы, Бол, жинал, күтіп тұратын, уақыт жоқ, - деді мұртты адам даусын көтеріп (СМұратбеков). Себептік іргелес салалас құрмалас сөйлемдер. Мысалы, Ол бір топ үлкендермен ел аралап, жолаушылап кеткен еді, Ұлжанның Дулатты жіьермегені сол (М.Әуезов).

Изображение слайда
11

Слайд 11

Жалғасты қатынасты білдіретін іргелес салалас құрмалас сөйлем Мысалы: Сабылып сәуір келді, сәуір қазақтың тәуір айы (М.Мақатаев). Мезгілдік іргелес салалас құрмалас сөйлем. Мысалы: Болыс алақанын жайып еді, қағып, тырналар оған да бір атым тапты (Ғ.Мұстафин). Қарсылықтық іргелес салалас құрмалас сөйлем. Мысалы, Бол, жинал, күтіп тұратын, уақыт жоқ, - деді мұртты адам даусын көтеріп (СМұратбеков). Себептік іргелес салалас құрмалас сөйлемдер. Мысалы, Ол бір топ үлкендермен ел аралап, жолаушылап кеткен еді, Ұлжанның Дулатты жіьермегені сол (М.Әуезов). Айқындауыштық қатынасты білдіретін іргелес салалас құрмалас сөйлемдер. Мысалы, Сонымен шала бүлініп әзірленген әзірленген тойдың қамы жайына қалды: ошақтағы оттар сөнді, қазақ суыды, қамыр жаюсыз қалды (Д.Досжанов).

Изображение слайда
12

Слайд 12

Объектілік қатынаты білдіретін іргелес салалас құрмалас сөйлемдер. Мысалы, Кейінгі он бес жылда азды-көпті еңбегіміз болды, оны өзің білесің (Қ.Мұхамеджанов). Теңдік қатынасты білдіретін іргелес салалас құрмалас сөйлемдер. Мысалы, Соқаны қалай алды, солай қайтарды. (ертегі) Телінбе компонентті іргелес салалас құрмалас сөйлемдер. Мысалы, Немене бұл, қуыршақ ойнайтын қыз ба едің сен, шешеңнің қасынан шықпайтын! (М.Әуезов) Биломинативтік сипатындағы іргелес салалас құрмалас сөйлемдер. Мысалы, Сенен қорыққаным – қара қойдан үріккенім. Шарттық іргелес салалас құрмалас сөйлем. Мысалы, Атқанға жығылмай, тек жараланды бар ғой, машинаның тас-талқаны шығады (С.Мұқанов).

Изображение слайда
13

Слайд 13: Жалғаулықты салалас құрмалас сөйлемдер

Жалғаулықтар компоненттері байланыстырып ұйымдасқан салалас құрмалас сөйлемдер – жалғаулықты салалас құрмалас сөйлемдер деп аталады. Мысалы, Сағиланы мен саған бере алмаймын және сен оны ала алмайсың (С.Көбеев). Жалғаулықты салалас құрмалас сөйлемдер

Изображение слайда
14

Слайд 14: Жалғаулықты салалас құрмалас сөйлемдер (граматикалық мағына жағынан)

Ыңғайластық жалғаулықтар және, сонан соң, әрі, да, де. Мысалы, көшелері әрі кең, әрі атқан оқтай түзу, әрі қолдың саласындай болып ағаштар егілген (С.Мұқанов). Қарсылықтық жалғаулықтар бірақ, алайда, әйтсе де, әйткенмен, әйтпесе, сонда да, онда да. Мысалы, Бұл өңірдің суы мол, бірақ ауа райы салқын екен. Себептік жалғаулықтар сондықтан, сол себепті, сол үшін, сонан соң, өйткені. Мысалы, Үмітай бұл сөзін арманды күдікпен аса бір құпия сыр етіп айтады, сондықтан бұл сөз бұрын емес, дәл осы арада алғаш айтылғандай болды (М.Әуезов). Талғаулықтың жалғаулықтар не, немесе, болмаса, не болмаса, әлде. Мысалы, Не мен жатырқаған шығармын, не сен өзгерген шығарсың (С.Мұқанов). Көп функционалды деп жалғаулығы Мысалы, хабар келе ме деп, күн сайын күтеді.

Изображение слайда
15

Слайд 15: Сабақтас құрмалас сөйлем

Сабақтас құрмалас сөйлемдерде бір компоненттің баяндаушы тиянақсыз-жақтық емес формада қатысады. Мысалы, Бұлар таяу тақалып келгенше, Танабай қарт есік алдында күтіп тұрған (Ә.Тарази).

Изображение слайда
16

Слайд 16

Сабақтас құрмалас сөйлемдер негізгі грамматикалық тұлғалардың қатысуына қарай мына түрлерге бөлінеді. Етістіктің көсемше формаларының қатысуымен жасалған сабақтас құрмалас сөйлемдер. –ып, іп, п. – а, -е, -й. –ғалы, -гелі, -қалы, -келі, -стан, -стен, -майыншы, -мейінше. Апа, көбі кетіп, азы қалды (Д.Досжанов). Етістікті есімше формаларының қатысуымен жасалған сабақтас құрмалас сөйлемдер. Негізгі тұлға түрінде. –ған, -ген, -қан, -кен. 2) –тын, -тін, -ар, -ер. Үстеме тұлға түрінде. а) септік жалғаулары: барыс, жатыс, шығыс, көмектес. ә) септеуліктер: сон, кейін, дейін, шейін, сайын, үшін. Трактор тоқтаған сайын, оған су құйып ұрдық (К.Сегізбаев).

Изображение слайда
17

Слайд 17: Көп компонентті құрмалас сөйлемдер

Екіден көп жай сөйлем типтес компоненттерден құралып, ауқымды көлемді пікірді хабарлау үшін жұмсалатын синтаксистік тұлғаны көп компонентті құрмалас сөйлем дейміз. Мысалы, Бұлар бір мұжықтың қаласына келе ме, әкімі жетіп келеді, жоғарыдан қағаз бар, цыгандарға бұл жерде жайланып тоқтауға болмайды дейді (Ж.Аймауытов).

Изображение слайда
18

Слайд 18

Көп компонентті құрмалас сөйлемдер Көп компонентті аралас құрмалас сөйлемдер Көп компонентті салалас құрмалас сөйлемдер Көп компонентті сабақтас құрмала сөйлемдер

Изображение слайда
19

Слайд 19: Көп компонентті салалас құрмалас сөйлемдер

Көп компонентті салалас құрмалас сөйлемге тән грамматикалық белгілер: а) мұның құрамындағы компоненттердің баяндауыштары тиянақты формада болады, ә) компоненттерді байлыстыратын амалдар да бірыңғай, б) конструкцияның синтаксистік формасы да ыңғайлас компоненттерден құралады. Мысалы, Сегіз бөлмелі сырлы ағаш үйдің ішіне кіргенде Доскелді аңырып, есінен айырылған адам секілденіп қалды. Есіктен төрге шейін төсеулі кілемдер, неше түүрлі асыл айна, сырлы шкаф, үстелдер ( Б.Майлин ).

Изображение слайда
20

Слайд 20: Көп компонентті сабақтас құрмалас сөйлемдер

Көп компонентті сабақтас құрмалас сөйлемдер бір басыңқы, бірнеше бағыныңқы компонентерден құралады. Мысалы, Терезенің түбінен қатты жүрген атттылар өтіп, ауыл иті шабалаңдай үріп қоя бергенде, үйдегі шешелер ояу еді (Х.Есжанов). Бағыныңқылардың басыңқы компонентпен байланысуы екі түрде болады: 1) жарыспалы байланысу ; 2) сатылап байланысу

Изображение слайда
21

Слайд 21: Көп компонентті аралас құрмалас сөйлемдер

Көп компонентті аралас құрмалас сөйлемдер құрамында өзара салаласып байланысқан компоненттер және сабақтасып байланысқан компоненттер бірдей қатысып ұйымдасады. Мысалы, Талдан талға қонған құстар бұталарды шайқап, жапырағын сыбдырлатса да, қайраңнан балық шолп етсе де, күткенің келіп қалғандай, селт етесің, жрегің алып ұшады, бірақ ешкім жоқ, айнала тыншығып, суға төрген қамыс, тал үнсіз мүлгиді (А.Нұрманов).

Изображение слайда
22

Слайд 22

Презентация Р.С.Әмір, Ж.Р.Әмірованың Құрмалас сөйлемдер қазақ тілінің грамматикалық, функционалдық жүйесінде (оқу құрал), А.,ҚазҰУ, 2009ж. кітабының негізінде жасалған.

Изображение слайда
23

Последний слайд презентации: Рақыш Әміровтің құрмалас сөйлемдерге қатысты пікірі: Орындаған

Даирбек Махпал Жұмабекова Назира

Изображение слайда