Презентация на тему: ҚРДСжӘДМ < Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы > ШЖҚ

ҚРДСжӘДМ < Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы > ШЖҚ РМҚМорфологиялық және физиологиялық пәндер,дене шынықтыру валеологиямен кафедрасы
Ішкі сөлініс безері
ҚРДСжӘДМ < Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы > ШЖҚ
Бүйрекүсті безі
Құрылысы
ҚРДСжӘДМ < Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы > ШЖҚ
ҚРДСжӘДМ < Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы > ШЖҚ
ҚРДСжӘДМ < Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы > ШЖҚ
Аддисон
Аралас бездер
Аралас бездер
Қызметі
Қант диабеті
Жыныс бездері
ҚРДСжӘДМ < Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы > ШЖҚ
ҚРДСжӘДМ < Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы > ШЖҚ
ҚРДСжӘДМ < Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы > ШЖҚ
1/17
Средняя оценка: 4.1/5 (всего оценок: 17)
Код скопирован в буфер обмена
Скачать (1005 Кб)
1

Первый слайд презентации: ҚРДСжӘДМ < Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы > ШЖҚ РМҚМорфологиялық және физиологиялық пәндер,дене шынықтыру валеологиямен кафедрасы

Тақырыбы : Ішкі сөлініс безері Презентация Қабылдаған : Орындаған : Құдайберген Б Группа :101 МПД Б

Изображение слайда
2

Слайд 2: Ішкі сөлініс безері

Ішкі сөлініс бездері  — ағзаның гуморальды реттелуінде маңызды рөл атқарады. Бұл жерде гуморальды реттелу дегеніміз —  қанның  құрамындағы гормондар   және  минералдық заттардың әсерлері арқылы  организм  қызметінің реттелуі. Ол ағзаның ішкі ортасына арнаулы биологиялық белсенді заттарды бөліп шығарады.   Ішкі секреция бездері шығарған заттар  гормон  деп аталады. Бездер бөлген гормондар қанның ағысымен ішкі мүшелерге және мүшелер жүйелеріне келіп, олардың жұмысына әсер етеді. Организмде бездерді үш топқа бөледі: Сыртқы секреция бездері ( бауыр, сілекей, ұйқы және ішек бездері ); Ішкі секреция бездері (гипофиз, эпифиз, қалқанша без, қалқанша маңы бездері, тимус, бүйрек үсті бездері ); Аралас секреция бездері  ( жыныс бездері, ұйқы безі ).

Изображение слайда
3

Слайд 3

Ішкі секреция, немесе эндокриндік, бездер деп өздері түзген биологиялық белсенді заттарды тікелей қанға немссе сөлге (лимфаға ) бөлетін, бездік құрылымы бар органдарды айтады. Грек тілінен аударғанда « эндон » деген сөз — ішкі, « крино »— бөлемін деген мағына береді. Ішкі секреция бездерінің шығару өзектері болмайды, оларда пайда болған заттарды гормондар (грек тілінен аударғанда гормон қозғаймын деген сөз ) деп атайды. Эндокриндік бездер қызмет ерекшеліктеріне қарай екі топқа бөлінеді: 1) тек эндокриндік қызмет атқаратын бездер. Оларға қалқанша, қалқанша серік бездері, гипофиз, бүйрек үсті бездері, серік (плацента), эпифиз және тимус жатады. 2) аралас қызмет атқаратын бездер. Бұл топқа ұйқы безі мен жыныс бездері жатады. Ішкі секрециялық бездерді топографиялық орналасу жағдайы мен табиғатына қарай бес топқа бөлуге болады.

Изображение слайда
4

Слайд 4: Бүйрекүсті безі

Бүйрекүсті безі  (лат.  glandula sup- rarenalis,  лат.  glandula  — « без», лат.  supra  — « үсті» және  лат.  ren  — « бүйрек» ) — бүйректің ішкі және жоғарғы ( адамда — артқы ) жағында орналасқан, пішіні   бүйрекке ұқсас, бірақ мөлшері тіптен майда, жұп ішкі  секреция ( эндокринді ) безі. Бүйрекүсті безі — шығу тегі екі түрлі жеке құрылымнан (мезодерма спланхнотомынан және жүйке түтігі қыршаларынан ) дамып қалыптасады. Ол сыртынан тығыз дәнекер  ұлпалы қапшықпен ( капсуламен ) қапталған. Бүйрекүсті безінің сыртқы жағында орналасқан қыртысты заты — қуыстық мезодермадан қалыптасқан интерренальды денеден, ал ішкі бозғылт заты — симпатикалық түйіндермен бірге жүйке қыршаларынан жетілетін супраренальды мүшеден қүралған.

Изображение слайда
5

Слайд 5: Құрылысы

Бұл - бүйректің жоғарғы ұшында орналасқан жұп бездер. Біреуінің салмағы 6-7 грамм, екеуін қосқанда салмағы шашамен 12-14 грамм. Оң жақтағы бүйрекүсті безінің пішіні - үшбұрыш, сол жақтағы пішіні - жарты ай тәрізді. Бездердің сыртын бүйрекпен қоса тығыз майлы қабық қаптайды. Бүйрекүсті бездері сыртқы қыртысты және ішкі боз (милы) қабаттан тұрады. Ішкі қабаты бездің дәл ортасында, шамамен без ұлпасын 10%-ын құрайды. Сыртқы қыртыс қабаты 90%-ын алып жатыр. Бүйрекүсті безднерінен көптеген гармон түзіледі.

Изображение слайда
6

Слайд 6

Бүйрекүсті без қыртысы Бүйрекүсті без қыртысы  (лат.  cortex glandulae suprarenalis ;  лат.  cortex  — « қыртыс»;  лат.  glandula  - « без»;  лат.   supra  — « үсті»;  лат.   ren  — « бүйрек» ) — қуыстық мезодерма спланхнотомынан дамып жетіліп, адам мен жануарлар организмдерінде  кортикостероид  гормондарын бөлетін бүйрекүсті безінің сыртқы жағындағы заты. Бүйрекүсті без қыртысы — интерренальды денеден қүралған. Ол шумақты, будалы және торлы аймақтарға бөлінеді. Аталған аймақтарды пішіні әртүрлі безді жасушалар бағандарын құрайтын эндокриноциттер ( ішкі секреция безі жасушалары ) түзеді. Бүйрекүсті без қыртысы бөлетін кортикостероид гормондары организмдегі су, түз, көмірсу, протеин, липид (май) алмасуларын, ал андрогендер — жыныстық жетілуді реттеуге қатысады. Бүйрекүсті безі ми заты Ми заты екі түрлі гормон бөліп шығарады. Олар - адреналин ж ə не ноадреналин, бұл екеуі де катехоламиндер тобына жатады, олар - жүйке жүйесінің медиаторы.

Изображение слайда
7

Слайд 7

Емге қолдану Адреналин гидрохлорид  ж ə не  адреналин гидротартрат  - кристалды ұнтақтар түрінде шығарылады. Бронхиалды  астма, аллергиялық реакцияларда, гипергликемиялық комада анықталады. Адреналин тері астына, бұлшық етке енгізіледі, ішуге болмайды, ішекте ыдырап кетеді. Ноадреналин гидротартрат   ауыр операциядан кейін, қатты жаралы болғанда артериялық қан қысымын көтеру үшін қолданады.

Изображение слайда
8

Слайд 8

Шағымдары Семіздік, бұлшық ет әлсіздігі, стриялар (сан мен құрсақта терінің созылу жолақтары ), шаштың түсуі, терінің құрғауы, жыныс мүшелерінің қызметінің бұзылуы байқалады. Клиникалық белгілері Науқастарға бет келбетіне ай тәрізді май жиналу ерекшелігі, климактериялық төмпек тән. Сонымен қатар терінің мрамор түстес өзгеруі, іріңді жаралар, әйелдердің бетіне шаштардың жайыла өсуі, еркектерде гинекомастия белгілері, петехиялар мен қанталаулар, остеопороз және патологиялық сынықтар пайда болады. Иценко-Кушинг

Изображение слайда
9

Слайд 9: Аддисон

Аддисон дерті  ( morbus Add і son і ; басқаша —  қола ауруы  —  бүйрек үсті бездері   жұмысының нашарлауы ). Ол   туберкулез  ауруы  (50-85%), аутоиммундық   атрофия   және басқа   паталогиялық процестерден   пайда болатын аурулар ( амилоидоз, гистоплазмоз рак   метастаздары  т.б.) әсерінен өршиді. Аддисон дертімен көбіне 20-40 жас аралығындағы адамдар ауырады. Ауру өте баяу басталып, теріде, терінің шырышты қабатында қола түстес дақтар пайда болады. Қан қысымы күрт төмендейді, электролиттер алмасуы бұзылады.

Изображение слайда
10

Слайд 10: Аралас бездер

Аралас   бездер   сөл де, гормон да бөледі. Сөлді арнайы өзектері арқылы басқа жерде орналасқан мүшелерге, ал гормондарды тікелей қанға бөледі. Сондықтан бұл бездер әрі сыртқы, әрі ішкі секреция бездеріне жатады. Аралас бездер Ұйқы безі Жыныс безі

Изображение слайда
11

Слайд 11: Аралас бездер

Ұйқыбездің  құрылысы: ұйқыбез бозғылдау қызғылт түсті, ұзындығы 15-22 см, құрсақ қуысының сол жағында асқазанның астына таман орналасады. Ұйқыбездің сыртқы секрециялық ( экзокриндік ) қызметі: өзінен бөлінетін ұйқыбез сөлі (панкреатин) өзекшесі арқылы тікелей   ұлтабарға   құйылады. Ішкі секрециялық ( эндокриндік ) қызметі: ұйқыбездің әр жерінде топтанып орналасқан ерекше жасушалар жиынтығына байланысты. Мұндай топтанып орналасқан жасушалар ұйқыбездің жалпы салмағының 2-10%-ын құрайды. Жасушалар тобы әсіресе ұйқыбездің төменгі ұшында көбірек орналасқан. Адамның ұйқыбезінде мұндай жасушалар тобының саны 1 800 000-ға жетеді, олардың өзегі болмайды. Жасушалар тобының диаметрі 100 мкм-ден 500 мкм-ге дейін, пішіндері домалақ, сопақша және т.б. Сәби және жас кезде ағзаның өсуіне әсер ететін инсулин гормоны, ал қартайғанда  глюкагон гормоны  көбірек бөлінеді. Ұйқыбездің эндокриндік қызметі инсулин, глюкагон гормондарын бөлумен байланысты.

Изображение слайда
12

Слайд 12: Қызметі

Қызметі:  инсулин ( латынша аралша, топ) - қарапайым   нәруыз, қандағы глюкозаны реттейтін гормон. Инсулин гормонын Канада ғалымдары 1921 жылы жасанды жолмен бөліп алған. Инсулин жасушалардың жарғақшасы арқылы   глюкозанын өтуін жылдамдатады және оның біраз бөлігін гликогенге айналдырады. Гликоген -  глюкозаның   жүздеген молекуласынан құралған   полисахаридтер. Ол суда ерімейді, сондықтан қанда болмайды. Тағамнан алынған артық мөлшердегі көмірсулар гликоген түрінде бауырда,  бұлшықеттерде   кор ретінде жиналады. Дені сау адамның қанында глюкозаның мөлшері 4,6-6,7 миллимоль / л. Глюкоза - ағза үшін энергетикалық және пластикалық материал.   Инсулин   зат алмасудың   көптеген реакциясына қатысады. Инсулин гормоны  жетіспегенде (аз бөлінгенде ) ағзада болатын ауытқулар : денеде инсулин гормоны жетіспесе, адам ңантауруына ( сусамыр ) шалдығады.  Қант ауруы  (сахарный диабет) көмірсу алмасуының бү-зылуынан болады. Қанда глюкозаның концентрациясы 10 миллимоль / л дейін жоғарылайды. Бұл аурумен ауырған адамның бауырында  гликоген коры азайып, қанда   глюкоза мен май қышқылы көбейеді. Жасушада   аминқышқылы реакциясы бұзылып, нәруыздың түзілуі на-шарлайды. Қанда глюкозаның мөлшері 0,1%-дан - 0,4% -ға дейін көбейеді, зөрдің құрамында глюкоза пайда болады. Қанда глюкоза мөлшері артқандықтан, ол зәрмен бірге сыртқа шығарылады. Қантты бөліп шығару үшін косымша су мөлшері қажет.

Изображение слайда
13

Слайд 13: Қант диабеті

Инсулин гормоны  жетіспегенде (аз бөлінгенде ) ағзада болатын ауытқулар : денеде инсулин гормоны жетіспесе, адам ңантауруына ( сусамыр ) шалдығады.  Қант ауруы  (сахарный диабет) көмірсу алмасуының бү-зылуынан болады. Қанда глюкозаның концентрациясы 10 миллимоль / л дейін жоғарылайды. Бұл аурумен ауырған адамның бауырында  гликоген коры азайып, қанда  глюкоза мен май қышқылы көбейеді. Жасушада   аминқышқылы реакциясы бұзылып, нәруыздың түзілуі на-шарлайды. Қанда глюкозаның мөлшері 0,1%-дан - 0,4% -ға дейін көбейеді, зөрдің құрамында глюкоза пайда болады. Қанда глюкоза мөлшері артқандықтан, ол зәрмен бірге сыртқа шығарылады. Қантты бөліп шығару үшін косымша су мөлшері қажет. Аурудың белгісі : адам шөлдей береді ; тамақты да жиі қабылдайды ; тез арықтайды. Бұл ауруды суды көп қажет ететіндіктен, « сусамыр » дейді. Қант диабеті ауруын емдеу үшін құрамында көмірсулары бар тағамдарды өте аз пайдалану ; диета сақтау ; денеге инсулин гор-монын жіберу ; « толбутамид », « надизан » және т.б. дөрілерді ішу қажет. Үйқыбезден бөлінетін екінші гормон - глюкагон. Бұл гормонның қызметі инсулин гормонына керісінше. Егер қанда глюкоза жетіспесе, глюкагон гликогеннің глюкозаға айналуына әсер етеді. Қанда глюкозаның мөлшері көбейеді.

Изображение слайда
14

Слайд 14: Жыныс бездері

Жыныс бездерінің сыртқы секрециялық белгісі : ер адамдардың жыныс бездерінде жыныс жасушалары - сперматозоидтар, әйелдер-де жұмыртқа жасушасы түзіледі. ішкі секрециялық белгісі : жыныс бездерінде түзілген жыныс гормондары   бірден қанға бөлінеді. Ер адамдардан бөлінетін жыныс гормондары -  андрогендер  ( грекше - еркек ), оның негізгісі - тестостерон. Әйелдердің жыныс гормондары   экстрогендер   деп аталады. Қызметі: ер адамдардың жыныс гормоны еркектерге тән белгілердің дамуына әсер етеді ( дауыстың жуандауы, сақал-мұрттың шығуы, бұлшықеттерінің даму ерекшеліктері және т. б.).  Андрогендер  - бауыр, бүйрек, бұлшықеттегі нәруыздың түзілуін күшейтеді.

Изображение слайда
15

Слайд 15

Орталық жүйке жүйесіне әсер етеді. Әйелдердің жыныс гормондары әйелдерге тән жыныс белгілерінің дамуын реттейді ( жіңішке дауыс, бетке сақал-мұрттың шықпауы; сүт бездері мен жатырдың дамуы, қаңқа сүйектерінің ерекшеліктері және т. б.). Жыныс гормондары жетіспесе, сүйектің өсуі баяулап, дене өспейді, тек аяқ-қолдары тым ұзарып кетеді. Ер адам ағзасында үнемі аз мөлшерде әйел гормондары, ал әйелдерде - еркек гормондары өндіріледі. Егер олардың арақатынасы бұзылса, еркек әйел пішінді бола бастайды, ал әйелге мұрт және сақал өсуі мүмкін.

Изображение слайда
16

Слайд 16

Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі / — Алматы : «Сөздік-Словарь», 2009 жыл Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі / - Алматы : " Сөздік-Словарь ", 2009.  ISBN 9965-822-54-9 Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі/ - Алматы : "Сөздік-Словарь", 2009.  ISBN 9965-822-54-9 Биохимия. Медицина университеті баспасы. Алматы Биохимия. Медицина университеті баспасы. Алматы .   ISBN 9965-822-54-9

Изображение слайда
17

Последний слайд презентации: ҚРДСжӘДМ < Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы > ШЖҚ

Назарлары ңызға рахмет!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!

Изображение слайда