Презентация на тему: ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ С.Д.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА

Реклама. Продолжение ниже
ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ С.Д.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА
ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ С.Д.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА
Инфекциялық процесс
Инфекциялық үрдістің түрлері
Инфекциялық процесстің жүру сатылары :
Инфекциялық стационар тәртібі
Бактериялардың токсигенділігі
ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ С.Д.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА
Бактериялардың патогенділігі
ПАТОГЕНДІК ФАКТОРЛАРЫ ( В ИРУЛЕНТТІК )
ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ С.Д.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА
ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ С.Д.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА
ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ С.Д.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА
Вирустардың жұқпалылығы
Жұқпалы аурулар пайда болуының факторлары
Жұқпалы аурулардың даму циклі
Алдын-алу шарасы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер :
ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ С.Д.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА
1/20
Средняя оценка: 4.5/5 (всего оценок: 96)
Код скопирован в буфер обмена
Скачать (1820 Кб)
Реклама. Продолжение ниже
1

Первый слайд презентации

ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ С.Д.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ МИНИСТЕРСТВО ЗДРАВООХРАНЕНИЯ РК КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА Микробиология,вирусология және иммунология кафедрасы СӨЖ Қабылдаған: Бегадилова Т.С. Орындаған: Саменова А.Р. Факультеті: Жалпы медицина Тобы: 14-233-2к Тақырыбы : Инфекциялық процесс сипаттамасы.Бактериялардың токсигенділігі және патогенділігі.Вирустардың жұқпалылығы.Бактериялардың патогенділігі мен токсигенділігін генетикалық бакылау.

Изображение слайда
Изображение для работы со слайдом
1/2
2

Слайд 2

І. Кіріспе: 1) Инфекциялық процесс. ІІ. Негізгі бөлім: 1) Бактерияларды ң токсигенділігі 2) Бактериялардың патогенділігі 3 )В ирустардың жұқпалылығы ІІІ. Қорытынды. ІV. Пайдаланылған әдебиеттер. Жоспар:

Изображение слайда
Изображение для работы со слайдом
1/2
3

Слайд 3: Инфекциялық процесс

Инфекция (латынша infestio – ластану – микроорганизм  мен  патогендік  микробтардың   әрекеттесуіндегі эволюциялық қалыптасқан биологиялық процестер  комплексінің  даму  барысындағы   қағыну  күйі.    Инфекция  қоздырғышы  микробтардың  енуі өрбуі және  тіршілік етуі  микроорганизмнің  қорғаныс – бейімделу  реакциясының  тууына  себепкер  болады.  осы  реакциялар комплексінің    дамуын  инфекциялық  процесс   деп аталады. Белгілі бір  клиникалық  көрінісі  бар  инфекция  білінуінің  ең  ашық   түрі инфекциялық   (жұқпалы)   ауру   деп есептеледі  (анық инфекция).  Мал немесе  адам  организмінде  паразиттік  тіршілік  етуге  эволюциялы бейімделген  микроорганизмдердің  қоздыруынан пайда  болған  барлық  ауруларды  инфекциялық  деп атайды.  Инфекциялық  ауруларға  ең  тән  қасиет – спефицикалық тірі қоздырушы – паразиттің  бар болуы  жанасуымен  берілуі немесе жұқпалылығы (таралу  қабілеттілігінің салдарынан  қоздырушының  ауру   малдардан  сау малдарға  берілуі),  инкубациялық  (жасырын) кезеңнің   бар болуы циклділік  дамуы,  қоздырушының  әрекетіне организмнің  спецификалық   реакциясы (антиденелердің   құрылуы,  аллергиялық жай-күйі  және  ауырып,  айыққан  малдардың   иммунитеті болуы).

Изображение слайда
1/1
4

Слайд 4: Инфекциялық үрдістің түрлері

Манифестік түрлері ( клиникалық көріністер болған кезде ) 1.жедел 2.созылмалы Бактерия тасымалдаушы : 1. сау адамдар арасында болатын,соның ішінде транзиторлы 2.аурудан кейін дамитын Жедел (3 айға дейін ) Созылмалы түрде (3 айдан кейін,оның ішінде өмір бойы ) Латенттік ( жасырын,иннапарантты ) Баяу дамитын инфекциялар ( құтыру ауруы,герпес инфекц ия сы )

Изображение слайда
Изображение для работы со слайдом
1/2
5

Слайд 5: Инфекциялық процесстің жүру сатылары :

—Бірінші саты микробтардың микроорганизмге енуі.Микробтың енуі және инфекцияның кіру есігінің аумағында адаптациялануы (лат. adaptatio – бейімделу) яғни жұғуы және де микробтардың микроорганизм жасушасына жабысуы инфекциялық процестің басталу сәті болып табылады. —Екінші саты колонизациялау (лат. colonia – қоныстану)-кіру есігі аумағындағы тері жабындылары мен шырышты қабықтарда горизантальды бағытта микробтардың жайылып қоныстануы. —— —Үшінші сатысы -диссеминациялану (лат. Disseminaze – шашылу,таралу) яғни микробтардың бірінші енген жерден айналасына,басқа аумақтарға таралуы және лимфагематогенді,бронхогенді,периневральды жолмен жаңа жерге қоныстануы. —Төртінші сатысы -микроорганизмнің қорғаныс факторларын жұмылдыру. —Бесінші сатысы -инфекциялық процестің аяқталуы және ақыры.

Изображение слайда
1/1
6

Слайд 6: Инфекциялық стационар тәртібі

Инфекциялық аурулардың контагиоздылығын ескере отырып, инфекциялық стационарда төмендегілерді қарастыратын (ауруханаішілік инфекцияларды жоққа шығару үшін) эпидемияға қарсы тәртіп сақталу керек  (жай инфекциялар кезінде): Бокс түрінде диагностикалық палаталар немесе бөлімдердің болуы; Инфекциялық ауруларды нозологиялық форма бойынша госпитализациялау; Күнделікті дезинфекцияны және науқасты шығарған кезде қорытынды дезинфекцияны жүргізу; Аса қауіпті инфекциялар кезінде төмендегілерді ескеретін, қатаң эпидемияға қарсы тәртіп қолданылады: Стационарды «таза» және «кір» бөліктерге бөлу; Қорғаныс киімде жұмыс істеу (түрлі типті обаға қарсы костюм).

Изображение слайда
Изображение для работы со слайдом
1/2
7

Слайд 7: Бактериялардың токсигенділігі

Бактериялардың токсиндері - макроорганизмнің спецификалық жасуша-ларына тікелей улық әсер ететін немесе биологиялық белсенді заттар түзілуінің нәтижесінде жанама түрде улану симптомдарын дамытатын метаболизм өнімдері. —Физикалық-химиялық құрылымы және биологиялық қасиеттері бойынша бактериялардың токсиндері екі топқа бөлінеді: ақуызды токсиндер және эндотоксиндер. —

Изображение слайда
Изображение для работы со слайдом
Изображение для работы со слайдом
1/3
Реклама. Продолжение ниже
8

Слайд 8

—Бактериялардың ақуызды токсиндер түзу қабілеттілігі токсигенділік деп аталады. —Құрылымы бойынша ақуызды токсиндер қарапайым және күрделі деп бөлінеді. Қарапайым токсиндер бірыңғай полипептидті тізбекшеден немесе функциялық тұрғыдан белсенділігі жоқ прототоксиндерден пайда болады. —Күрделі токсиндер- олар А суббірлігімен байланысқан бір немесе бірнеше В суббірліктерден тұратын дайын күрделі бифункциялық құрылымдар, мысалы, тырысқақ қоздырғышының энтеротоксиннің А суббірлігі ілмелеуші бес В суббірліктермен қоршалған. —

Изображение слайда
Изображение для работы со слайдом
1/2
9

Слайд 9: Бактериялардың патогенділігі

Патогенділік немесе ауру шақыру қабілеттілігі абсолютті болмайды. Оның шарттылығы келесі фактілерде көрінеді: · Микробтардың патогенділігі жануардың белгілі түріне қатынасты көрінеді. Адамға ғана патогенді бактериялар, жануарларға ғана патогенді бактериялар, сондай-ақ адамға да, жануарға да патогенді бактериялар бар (оба, бруцеллез, туляремия қоздырғыштары). · Кейбір жағдайларда макроорганизм үшін патогенсіз қоздырғыш басқа өзгерген жағдайларда патогенді болады. Мысалы, табиғи жағдайларда тауықтар сібір түйнемесімен ауырмайды, ал егер олардың температурасын жасанды түрде төмендетсе, олар ауырады. · Физиологиялық сау организмдер үшін шартты-патогенді немесе патогенсіз микроорганизмдер олардың табиғи резистенттілігінің, әсіресе радиациялық сәуле әсерінен әлсіздеуінен патогенді болады.

Изображение слайда
1/1
10

Слайд 10: ПАТОГЕНДІК ФАКТОРЛАРЫ ( В ИРУЛЕНТТІК )

Патогенділік бактериялардың биологиялық көрсеткіші ретінде олардың үш қасиетімен көрсетіледі: инфекциондылық, инвазивтілік, токсигенділік. Инфекциондылық деп қоздырғыштардың организмге еніп, ауру шақыру қабілетін, сондай-ақ микробтардың тасымалданудың бір механизмі арқылы көшіп, беткейлік кедергілерді (тері және кілегей) өтіп өзінің патогенді қасиеттерін сақтап қалу қабілетін түсінеміз. Ол қоздырғыштарда олардың организм жасушасына бекіп, колонизациясын қамтамасыз ететін факторлардың болуымен түсіндіріледі. Инвазивтілік деп қоздырғыштардың организмнің қорғаныш механизмдерін өтіп, көбейіп, жасушаларына еніп, онда көбею қабілетін айтады. Бұл қасиет патогенді микроорганизмдерде жасушаға еніп, көбеюін, фагоцитозды әлсіретіп, оған кедергі жасайтын «агрессия мен қорғаныш» ферменттерінің көп болуын қамтамасыз ететін патогенділік факторларының болуымен түсіндіріледі., Токсигенділік олардың экзотоксин өндіруімен сипатталған. Улылығы эндотоксиндердің болуымен сипатталған. Экзо және эндотоксиндер өзіндік әсермен сипатталады және организм тіршілігінде терең бұзылыстар туғызады.

Изображение слайда
1/1
11

Слайд 11

Изображение слайда
Изображение для работы со слайдом
1/2
12

Слайд 12

Патогенділік сияқты күрделі биологиялық қасиет патогенді бактерияларда патогенділіктің арнайы факторлары болуымен анықталады. Оларға жатады: · Хемотаксиси және қозғалғыштық (кірпікшелері болатын бактериялар). Хемотаксиси арқылы бактериялар өздерінің жасуша нысанаға қатынасты орналасуына, ал кіпікшелердің болуы олардың жасушаға жақындауын жылдамдатады. · Кілегейлі субстраттарын бұзатын ферменттер. Кілегей қабықшаның эпителиальді жасушаларын жабады. Протеаза, нейроминидаза және басқа ферменттер кілегейді бұзып, микроорганизмдер әрекеттесетін рецепторлардың босауына әсер етеді. · Адгезия және колонизация факторлары. Ол факторлар көмегімен бактериялар жасуша мембраналарындағы рецепторларды таниды. Бактерияларда адгезия факторының функциясын жасуша қабырғасының әртүрлі құрылымдары атқарады: фимбриялар, сыртқы мембрана белоктары, ЛПС және басқа компоненттер. Адгезия патогенділік болуының басты механизмі болады.

Изображение слайда
Изображение для работы со слайдом
Изображение для работы со слайдом
1/3
13

Слайд 13

Инвазия факторлары. Бактерияға жасушаға енуге көмектесетін факторлар. Әдетте олар клетка белсенділігін әлсіздейтін және бактериялардың клеткаішілік көбеюін қамтамасыз ететін факторлармен қоса жүреді. Инвазия факторлары грам теріс бактерияларда сыртқы мембрана белоктары түрінде берілген. · Фагоцитозға кедергі жасайтын факторлар, яғни фагоцитоздан қорғайтын.Олар клетка қабырғасының компоненттерімен байланысқан, олар фагоциттерден жасушаларды жасырып, олардың белсенділігін төмендетеді. Мұндай факторлар көптеген бактерияларда бар. Олар гиалурон қышқылынан тұратын капсула түрінде болады, фагоциттермен танылмайды Экзотоксиндер. Оларды грам оң және грам теріс бактериялар өндіреді. Грам оң бактерияларда экзотоксиндер арнайы секреттеуші жүйе арқылы, ЦП және жасуша қабырғасы арқылы сыртқы ортаға белсенді түрде шығарылады. Грам теріс бактерияларда (холера вибрионы, токсигенді ішек таяқшалары, сальмонеллалар) кейбір экзотоксиндер (энтеротоксиндер) тек белгілі жағдайларда инфицирленген организмде синтезделеді және жиірек цитоплазмада сақталып, ол бұзылғанда ғана шығады.

Изображение слайда
1/1
14

Слайд 14: Вирустардың жұқпалылығы

Жұқпалы аурулар  — зардапты вирустардың, микоплазмалардың, хламидийлердің, риккетсиялардың, спирохеталардың организмге еніп, онда өсіп-өну және өмір сүру салдарынан туатын аурулар. Жұқпалы ауруларды кейде тек «инфекция» деп те атайды. Олар: а) ішектің; б) жоғарғы тыныс жолдарының; в) қанның; г) сыртқы қабықтардың аурулары болып бөлінеді.

Изображение слайда
1/1
Реклама. Продолжение ниже
15

Слайд 15: Жұқпалы аурулар пайда болуының факторлары

Жұқпалы аурулар пайда болуының үш факторы бар: ауру қоздырғышы (микроб), сыртқы орта және қабылдаушы сезімтал организм. Ауру қоздырғышына әр түрлі патогенді микроорганизмдер (мыс., бактерия, вирус, саңырауқұлақ, қарапайымдылар, риккетсия, микоплазма, хламидия, т.б.) жатады. Бұлар адам организміне әр түрлі жағдайда енеді. Мысалы, іш сүзегі, паратиф, дизентерия, т.б. – су, тағам, шыбындар арқылы; тұмау, қызылша, дифтерия, т.б. – ауру адамнан; әр түрлі тері дерттері – ауру адам мен жануарлардан; бөртпе сүзек, кене энцефалиті, безгек – сау адамға ауру адамнан (жануарлардан) қан сорғыш буынаяқтылар (мысалы, бит, безгек масасы, кене, т.б.) арқылы; сондай-ақ құрсақтағы анасының қанымен жұғады.

Изображение слайда
Изображение для работы со слайдом
1/2
16

Слайд 16: Жұқпалы аурулардың даму циклі

Инкубациялық кезең і ; Клиникалық көріністер кезеңі ; Алғашқы көріністері Нағыз клиникалық көріністер Реконвалесценция кезеңі Аурудың соңы Сауығуы Созылмалы түрінде өту Өлім

Изображение слайда
Изображение для работы со слайдом
1/2
17

Слайд 17: Алдын-алу шарасы

1. Жұқпалы кеселдердің жалпы алдын алу - тұрғындардың экономикалық, әлеуметтік жағдайын жақсартуға, денсаулық сақтау жүйелерін дамытуға, медициналық қызметті, медициналық және фармацевтикалық өндірістерді, ғылыми орталықтарды, медициналық білім беру мекемелерін материалдық жағынан қамтамасыз етуге бағытталған жалпы мемлекеттік масштабта жүргізілетін іс-шаралар. 2. Жұқпалы кеселдердің арнайы алдын алу - емдік-профилактикалық мекемелерде (ЕПМ) және мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау органдарының мамандары, ветеринарлық қызмет көрсету, ауыл және орман шаруашылығының қызметкерлерімен бірлесе отырып, қоздырғыштармен, инфекция көзімен, оның жұғу жолдарымен және механизмдерімен күресу бойынша іс-шаралар.

Изображение слайда
Изображение для работы со слайдом
1/2
18

Слайд 18: Қорытынды

Иммундық процестердің барлығы нейро-эндокриндік аумақта өтеді. Эндо-криндік жүйе де кері байланыс принципі бойынша жұмыс атқарады. Эндокриндік жүйенің аурулары макроорганизм реактивтілігінің едәуір өзгерісіне әкеледі. Мысалы,қантты диабетпен науқастанғандарда іріңді инфекциялардың қоздырғыштарына қабылдаушылығы жоғары екені белгілі, ол инсулиннің иммунды жүйеге стимулдеуші әсерінің болмауымен,зат алмасудың бұзылуымен және фагоцитоздың басылып қалуымен байланысты. Гипофиздің алдыңғы бөлігі шығаратын және адамдар мен жануарлар организміндегі зат алмасудың барлық түрлерін реттеуге қатысатын, соматотропты гормон - өсу гормонының тапшылығы, иммунды жүйенің орталық органына жататын тимустың жетілмеуіне және де иммунды-тапшылық дамудың нәтижесінде тиісті иммундық реациялардың әлсізденуіне әкеледі. Глюкокортикоидтар, андрогендер, эстрогендер және прогестерон макроорганизмнің иммундық реакцияларын басып тастайды, ал өсу гормоны, тироксин және инсулин стимулдеуші әсер етеді.

Изображение слайда
1/1
19

Слайд 19: Пайдаланылған әдебиеттер :

1. Медициналық микробиология Б.А. Рамазанова және Қ.Құдайбергенұлы Алматы-2010 жыл 2. http://helpiks.org/4-51787.html 3. http://shava.kz/ 4. http://kazmedic.kz/archives/1165

Изображение слайда
1/1
20

Последний слайд презентации: ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ С.Д.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА

Назарларыңызға рахмет!

Изображение слайда
Изображение для работы со слайдом
1/2