Презентация на тему: ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ С.Д.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА

Реклама. Продолжение ниже
ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ С.Д.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА
Жоспар
Контрацепция
ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ С.Д.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА
Контрацептивті заттар 1-ден қазіргі таңда қолданылатын жүктіліктен сақтану әдістері гинекологиялық патологияларға алып келетін жасанды түсіктердің санын
контрацептивтердің қолдануына қарсы көрсеткіштері. Ағзада қатерлі ісіктердің болуы Өт жолдарының жедел аурулары Бауырдың,бүйректің,жүрек қантамыр жүйесінің
Контрацепциялық заттардың жіктелуі :
Контрацептивтерге қойылатын талаптар :
Перлья индексі (жүктілік коэффициенті, R )
Контрацепцияның барьерлік әдісі
Презерватив түрлері. Артықшылығы мен кемшіліктері
Диафрагма
Спермицидтер (химиялық әдіс )
Спермицидтер (химиялық әдіс )
Контрацепцияның ритмикалық әдісі (биологиялық )
Фертильді кезеңде қолданылатын контрацепциялар
Календарлық әдіс немесе Огино-Кнаус әдісі
Ректальды температуралық әдіс;
Цервикалды әдіс ( Биллинг әдісі )
Жасөспірімдер контрацепциясы
Қосарланған ауыз арқылы қолданатын контрацептивтер (ҚАК)
ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ С.Д.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА
Лактациялық аменорея әдісі
Лактациялық аменорея әдісі
Жатырішілік заттар (ЖІС)
ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ С.Д.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА
Жатырішілік заттар (ЖІС)
ЖІС әсер ету механизмі:
Қолдануға көрсетулер :
Қарсы көрсетулері :
ЖІС енгізу уақыты:
ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ С.Д.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА
ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ С.Д.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА
Жанама әсері және қарсы көрсеткіштері
Қалай қолданылады?
Қынаптық Нова-Ринг сақинасы
Гормональды контрацептивті гель
имплантант - Норплант
Норплант
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер:
1/41
Средняя оценка: 4.7/5 (всего оценок: 30)
Код скопирован в буфер обмена
Скачать (10069 Кб)
Реклама. Продолжение ниже
1

Первый слайд презентации

ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ С.Д.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ МИНИСТЕРСТВО ЗДРАВООХРАНЕНИЯ РК КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА Кафедра: Акушерия және гинекология Орындаған: Курс: 4 Тобы: Факультет : жалпы медицина Қабылдаған : Алматы 201 4 Тақырыбы: Контрацептивтік заттарды таңдау ерекшеліктері.Шұғыл жағдайдағы контрацепция.

Изображение слайда
Изображение для работы со слайдом
1/2
2

Слайд 2: Жоспар

I. Кіріспе Контрацепция дегеніміз не II. Негізгі бөлім Контрацепцияның дәстүрлі әдістері Контрацепцияның қазіргі әдістері Жасөспірімдер контрацепциясы. Босанғаннан кейінгі контрацепция III. Қорытынды

Изображение слайда
1/1
3

Слайд 3: Контрацепция

Контрацепцияның тарихы ежелгі Грек және Мысыр кезінен басталады. Презерватив ретінде папирус жапырағы қолданылған. Бұл әдіс ер адамдарға арналған болса, әйелдерге XIV ғасырда арнайы белбеу кигізілетін болған. Контрацепция-деп жоспарланбаған жүктіліктен қорғайтын, дұрыс жанұя жоспарлауға көмектесетін, жыныс жолдары арқылы берілетін аурулардан сақтайтын құралдар тобын айтамыз.

Изображение слайда
Изображение для работы со слайдом
Изображение для работы со слайдом
1/3
4

Слайд 4

1951 жылы Венадан АҚШ-қа қоныс аударылған химик Карл Джерасси фармакологтар Грегори Пинкус пен Джон Рокпен бірге жұмыс атқара отырып, контрацептивті препаратқа патент алды. 1960 жылдың 18-ші тамызында американдық сатылымда ең бірінші ауыз арқылы колданылатын контрацептив «Enovid»пайда болды; жыл өткеннен кейін Schering неміс фармацевтикалық компаниясы «Anovlar» препаратын шығарды. Бұрынғы CCC Р территориясында гормоналды контрацептивтер 70 жылдардың басында пайда бола бастады. Басқа да дәрілер сияқты дефицит болды. СССР-де таблетка шығарылған жоқ, ал негізінен Венгриядан әкелінді. Бірінші ұрпақтың препараттары көптеген жанама әсерлерге ие болды. Осының нәтижесінде оральды контрацепцияға теріс көзқарас қалыптасты, ол әлі де сақталған. Оральды конрацепцияны қолдану салмақты қосуға, сүт безінің ісігінің дамуына және еркек секілді түктенуге әкеледі деген пікір қалыптасқан.

Изображение слайда
1/1
5

Слайд 5: Контрацептивті заттар 1-ден қазіргі таңда қолданылатын жүктіліктен сақтану әдістері гинекологиялық патологияларға алып келетін жасанды түсіктердің санын азайтады,нәрестенің перинатальдік өлімі мен ана өлімінің алдын алады. 2-ден босану арасын қадағалауға,балалардың санын реттеуге мүмкіндік береді. 3-ден кейбір жүктілікке қарсы заттар қатерлі түзілістерге қарсы,сүт бездерінің,аналық безінің обырының даму қаупін жояды,жатырдан тыс жүктіліктің даму мүмкіншілігін төмендетеді,сонымен қатар етеккірдің әр түрлі бұзылыстарында,жатыр миомасында,жыныс мүшелерінің қабыну ауруларында,постменапаузалы остеопорозда,бедеулікте,аналық жұмыртқаның апоплексиясында оң әсер көрсетеді

Изображение слайда
1/1
6

Слайд 6: контрацептивтердің қолдануына қарсы көрсеткіштері. Ағзада қатерлі ісіктердің болуы Өт жолдарының жедел аурулары Бауырдың,бүйректің,жүрек қантамыр жүйесінің органикалық зақымданулары Эпилепсия ауруы Патологиялық семіздік Етеккір циклының белгісіз бұзылыстарында Көк тамырлар кеңейде Қант диабетінде Демікпеде Депрессияда Артериалды гипертензияда

Изображение слайда
1/1
7

Слайд 7: Контрацепциялық заттардың жіктелуі :

Дәстүрлі әдістер: Ритмикалық ( немесе биологиялық ); Барьерлік Механикалық Химиялық Жыныстық қатынасты үзу. Қазіргі кездегі әдістер: жатыр ішілік ; гормональды. Ерікті хирургиялық стерилизация. Лактациялы қ аменорея әдісі.

Изображение слайда
1/1
Реклама. Продолжение ниже
8

Слайд 8: Контрацептивтерге қойылатын талаптар :

Контрацепцияның жоғары нәтижелі болу; Әйел организмі мен жыныстық жұбына патологиялық әсер бермеу; Келесі тұқымға тератогенді әсер бермеу; Қолдануға қарапайым болу; Қайтымды әсерлі болу (уақытша әсерлі болу); Қол жетерлік және қарапайым болу, сонымен қатар сәнді және конфиденциалды болу.

Изображение слайда
Изображение для работы со слайдом
1/2
9

Слайд 9: Перлья индексі (жүктілік коэффициенті, R )

Бұл көрсеткіш нақты контрацепциялық әдісті қолданатын бір жыл ішіндегі 100 әйелдердің ішінде пайда болған жүктілік санын көрсетеді ұрықтану саны*1200 бақылау уақыты (ай) R = Перлья индексі төмен болған сайын, ол заттың контрацептивті нәтижесінің жоғары екенін көрсетеді. Қалыпты жағдайда 6-20

Изображение слайда
1/1
10

Слайд 10: Контрацепцияның барьерлік әдісі

Контрацепцияның тосқауылдық әдісі жатырға шәуеттің түсуіне кедергі келтіру арқылы ұрықтануды болдырмайды. Түрлері: Презервативтер ; Мойындық қалпақшалар; Диафрагма; Сорғыш.

Изображение слайда
Изображение для работы со слайдом
1/2
11

Слайд 11: Презерватив түрлері. Артықшылығы мен кемшіліктері

Артықшылығы: - Жыныс жолдарымен берілетін аурулардан сақтайды (ЖЖЖА); - Медициналық қарсы көрсеткіштері жоқ; - Көбісі рецептсіз алуға болады. Кемшілігі: Дұрыс сақталмағанда немесе дұрыс қолданбағанда жыртылуы мүмкін, силиконға немесе жағындыға аллергиялық реакция даму мүмкіншілігі бар, дұрыс қолданылғандағы тиімділігі 96-98 % Гормоналды заттармен, ЖІС, хирургиялық стерилизациямен салыстырғанда нәтижесінің төмен болуы. Әйел презервативі ( фемидом ) Ерлер презерватив і ( кондом )

Изображение слайда
Изображение для работы со слайдом
Изображение для работы со слайдом
1/3
12

Слайд 12: Диафрагма

Б ұл резеңкелі күмбез, ол жатыр мойнына жақындайды да қынапта кедергі тудырады. Спермацидтермен бірге қолданады. 3 сағат сайын спермацидті енгізіп тұру керек. Жыныстық қатынастан кейін диафрагманы 6-24 сағат арасында қынапта қалдыру керек. Қолдануға қарсы көрсеткіштер: Қынап қабырғасының төмен түскенінде; Жыртылғаннан қалған тыртықта; Қынаптың үлкен өлшемінде; Жатыр мойнының ауруында; Қабыну ауруларында.

Изображение слайда
Изображение для работы со слайдом
Изображение для работы со слайдом
1/3
13

Слайд 13: Спермицидтер (химиялық әдіс )

Сперматозоидтарды бұзып, олардың жатырға енуіне тосқауыл болатын химиялық активті заттар. Крем, таблетка, тампон түрінде жіберіледі. Спермицидтерді жыныстық актісі алдында және тек жергілікті қынапқа қолданылады. Олардың тиімділігі 2-4 сағат,шығару түріне байланысты. Артықшылығы: басқа котрацептивті заттарға қарсы көрсетілімі бар әйелдерге, жыныс жолдары арқылы берілетін ауруларға қарсы тиімді. Кемшілігі: аллергиялық реакциялар, ЖЖИА-ға тиімсіз.

Изображение слайда
Изображение для работы со слайдом
1/2
14

Слайд 14: Спермицидтер (химиялық әдіс )

Бірнеше секундта спермицидтерді бұзады (2 минутқа жетпей ) Жатыр мойны маңында тосқауыл тудырады ; Цервикалды шырышты өзгертеді және осылай сперматозоидтардың жылжуына кедергі келтіреді

Изображение слайда
Изображение для работы со слайдом
1/2
Реклама. Продолжение ниже
15

Слайд 15: Контрацепцияның ритмикалық әдісі (биологиялық )

Менструалды циклдың фертилді (ұрықтану мүмкін ) фертилді емес (ұрықтану мүмкін емес ) сатыларының физиологиялық белгілерін бақылау негізделген Принциптері : Овуляция менструалды циклдың 14-16 күні болады ( әйелде ретті менструалды цикл болған жағдайда ); Овуляциядан кейін жұмыртқа клеткасының өмір кезеңі 24-48 сағат ; Әйел организмінде сперматозоидтардың өмір сүру уақыты 7-8 күн.

Изображение слайда
1/1
16

Слайд 16: Фертильді кезеңде қолданылатын контрацепциялар

Календарлық ( Ogino – Knaus әдісі ); Ректальды температуралық әдіс; Цервикалды ( Биллинг әдісі ); Симптомды-термалдық ( мультикомпонентті ).

Изображение слайда
1/1
17

Слайд 17: Календарлық әдіс немесе Огино-Кнаус әдісі

Жыныстық қатынасқа қауіпсіз қолайлы уақытты анықтау үшін соңғы 6 ай уақыт ішіндегі ұзақ және қысқа менструалды циклды анықтау қажет. Бірінші күні ұрықтанудың потенциальды мүмкіншілігі – қысқа циклдан 18 алады, Соңғы ұрықтану мүмкін күні – ұзақ циклдан 11 күнді аламыз.

Изображение слайда
Изображение для работы со слайдом
1/2
18

Слайд 18: Ректальды температуралық әдіс;

Дененің базальды температурасы  — толық тыныштық кезіндегі, ұйқыдан тұрғаннан кейінгі күнделікті тіршілікке және тағам қабылдауға дейінгі дене температурасы. Етеккір циклының фолликулярлы фазасында температура 37 °С төмен, овуляцияның алдында 0,1–0,2 °С төмендейді, сонан соң бірден 0,3 °С дейін жоғарылайды, Циклдың лютеинді фазасында 8–10 күни аралығында температура 37°С жоғары болады.

Изображение слайда
Изображение для работы со слайдом
1/2
19

Слайд 19: Цервикалды әдіс ( Биллинг әдісі )

Периовуляциялық кезеңде мойындық шырыш ақшыл түсті, созылмалы, көп мөлшерде ( эстрогендер әсерінен ). Бұл қынаптан шырышты бөлінділердің болуымен және ылғалдылықты сезінумен жүреді.

Изображение слайда
Изображение для работы со слайдом
1/2
20

Слайд 20: Жасөспірімдер контрацепциясы

Қазіргі таңда дамыған мемлекеттерде: АҚШ, Евро одақ елдерінде мектептерде қауіпсіз жыныстық қатынас туралы семинарлар жургізілуде. Бұл жас ұрпақты жасөспірімдік жүктіліктен және жыныс жолдары арқылы берілетін аурулардан сақтануға үйрететін пропагандалық лекциялар. Жиі жағдайларда жастарға жыныстық қатынасқа түспеу немесе презервативтерді қолдануға кеңес береді.

Изображение слайда
Изображение для работы со слайдом
1/2
21

Слайд 21: Қосарланған ауыз арқылы қолданатын контрацептивтер (ҚАК)

Күнделікті таблеткаларды қабылдау гипофиздегі гормондардың өндірілуін азайтады, аналық без қызметін төмендетеді. Осылай фолликулдардың жетілуі, овуляция болмайды. Аналық безде гормондардың секрециясы болмайды.

Изображение слайда
Изображение для работы со слайдом
Изображение для работы со слайдом
Изображение для работы со слайдом
1/4
22

Слайд 22

Эстроген және прогестин фолликулдың түзілуін белсендіретін гормонның, сонымен қатар лютеиндеуші гормонның өндірілуін тежейді. Осылай, аналық бездік фолликулалар ұрықтанбайды және овуляция жүрмейді. Прогестин цервикалды шырыштың қоюлануына әсер етеді, ол сперматозоидтардың жылжуына кедергі келтіреді. Эндометрий имплантацияға жарамсыздық көрсетеді. Қосарланған оральды контрацепциялардың (ҚАК) әсер етуі :

Изображение слайда
Изображение для работы со слайдом
1/2
23

Слайд 23: Лактациялық аменорея әдісі

Емшекпен емізуге негізделген контрацепция әдісі емшек емген нәресте Пролактин ГРГ бөгейді овуляцияның болмауы

Изображение слайда
Изображение для работы со слайдом
Изображение для работы со слайдом
1/3
24

Слайд 24: Лактациялық аменорея әдісі

Емшекпен емізу (лактациялық аменорея) босанғаннан кейінгі кезеңде 98% контрацептивті әдіс ретінде қарастырылады. Емшекпен емізу босанғаннан кейін 6 ай бойы контрацептивті әдіс ретінде ұсынуға болады, егер : Бала тек емшек сүтімен қоректенсе Емшекпен емізу арасындағы уақыт 6 сағаттан аспаса, оған түнгі емізуде кіреді аменорея жалғасады Жаңа туған бала жасы 6 айдан кіші болса

Изображение слайда
Изображение для работы со слайдом
1/2
25

Слайд 25: Жатырішілік заттар (ЖІС)

Қазіргі кездегі ЖІС жіктелуі: Инертті (немесе нейтралды); Медикаментозды, құрамында мыс және гестагендер бар 1909 ж. R. Richter жатыр ішіне жібек құртының ішегінен жасалған сақина енгізуді ұсынды

Изображение слайда
1/1
26

Слайд 26

Изображение слайда
Изображение для работы со слайдом
1/2
27

Слайд 27: Жатырішілік заттар (ЖІС)

Құрамында мыс бар ЖІС Прогестероны бар ЖІС

Изображение слайда
Изображение для работы со слайдом
Изображение для работы со слайдом
1/3
28

Слайд 28: ЖІС әсер ету механизмі:

Теориялар: Мыс ионының спермато- және овотоксикалық әсерінің теориясы; Түсіктік әсері теориясы – ЖІС миометрия тонусын күшейтетін ПГ синтезін жоғарылатуға әкеледі; Жатыр түтіктерінің перистальтикасының күшеюі теориясы; Асептикалық қабыну теориясы; Эндометрияның функционалды белсенділігін басу теориясы.

Изображение слайда
1/1
29

Слайд 29: Қолдануға көрсетулер :

Босанған және бір жыныстық жұбы бар әйелдер; Емшекпен емізетін әйелдер; Басқа заттар қолдану қауіпті болған кезде ЖІС қолданады (мысалы, гормоналды); Бала туғысы келмейтін, бірақ стерилизация жасатқысы келмейтін әйелдер

Изображение слайда
1/1
30

Слайд 30: Қарсы көрсетулері :

Абсолютті Қатысты жүктілік кіші жамбас мүшелерінің жедел және жеделдеу қабыну аурулары - жасөспірімдік кезең жыныс жүйесінің даму ақаулары жатыр миомасы жатыр мойнының эрозиясы қан аурулары анамнезіндегі жатырдан тыс жүктілік жатыр мойнының деформациясы.

Изображение слайда
1/1
31

Слайд 31: ЖІС енгізу уақыты:

Менструалды кезең уақыты, бұндай уақытта әйел жүкті болмайды, енгізу өте жеңіл, ал қанды бөлнулер әйелде қобалжу тудырмайды. Әр етеккірден кейін әйел серппенің жіпшесін тексеріп отырады, серіппенің орнында екеніне көз жеткізеді.

Изображение слайда
Изображение для работы со слайдом
1/2
32

Слайд 32

Пластырь : этинилэстрадиол + норелгестромин Контрацептивті пластырь Евра – бұл өте жіңішке және тегіс лейкопластырь (20см²), жүктіліктің алдын алу үшін қолданылады. Пластырь 1 рет 7 күнге жабыстырылады және сенімді эффект береді. Пластырь сенімділігі 99,4 %. Евра пластыры күнделікті 20мкг этинилэстрадиол және 150мкг норелгестромин бөліп отырады, соның нәтижесінде бұл заттар тері арқылы қанға өтіп, овуляцияны тежейді. Пластырь сонымен қатар, жатыр мойнының шырыш бөліуін өзгертеді, яғни спермотозоидтың жатыр қуысына енуін қиындатады. Нәтижесінде жоспарланбаған жүктіліктің максимальды алдын алуға болады.

Изображение слайда
Изображение для работы со слайдом
1/2
33

Слайд 33

Артықшылықтары. Қазіргі кезде бұл әдіс ең танымал әдістің бірі. Оның ең басты артықшылығы- » Ұмыту эффектісі » болып табылады, яғни пластырьды ауыстыру кешеуілдегенде 48 сағатқа дейін қосымша контрацептивті препараттарды қолданудың қажеті жоқ. Пластырьды қолдану қарапайым және ыңғайлы – ол теріге жақсы жабысады, су процедурусы, күн әсерінен желімі ашылмайды. Пластырьды қолдану кезінде душ, күн ваннасын қабылдауға, шомылуға, саунаға баруға және физикалық жаттығулармен айналысуға болады. Басқа гормональды контрацептив секілді пластырь емдік қасиеттерге ие: оны қолданғанда менструация аралық қанды бөлінділер болмайды, менструациалды ауру сезімі және менструалды синдром болмайды.

Изображение слайда
1/1
34

Слайд 34: Жанама әсері және қарсы көрсеткіштері

Контрацептивті пластырь құрамы басқа оральды контрацептивтермен ұқсас ( гестаген мен эстрогеннің комбинациясы ). Пластырьдың жанама әсері басқа микродозалы гормональды контрацепциямен бірдей. Жанама әсерлер жеңіл түрде болады, сонымен қатар қолданғаннан кейін 2-3 айдан кейін дамиды. Пластырьды қолдануға болмайды: тромбоз, қатерлі ісіктің қойылған немесе болжамалы диагнозы, миокард инсульті немесе инфаркты, сонымен қатар жүктілік, лактация кезінде. 35 жастан асқан, күніне 15 темекіден шегетін әйелдерге қолдануға болмайды.

Изображение слайда
1/1
35

Слайд 35: Қалай қолданылады?

Контрацептивті пластырьды 4 дене ауданына жабыстыруға болады: Жамбасқа; іш аймағына; жауырынға; иықтың сыртқы бетіне; Пластырьды ауыстыру схемасы: 1-ші күн – пластырьды жабыстыру: 8-ші күн – пластырьды ауыстыру; 15-ші күн – пластырьды ауыстыру; 22-ші күн – пластырьды алып тастау (7 күн үзіліс )

Изображение слайда
Изображение для работы со слайдом
1/2
36

Слайд 36: Қынаптық Нова-Ринг сақинасы

Бұл комбинирленген препарат, бірақ таблетка түрінде емес. Гормонның тәуліктік дозасы аз дозаланған КОК-тан ( мерсилон және логест ) да аз – 15 мкг этинилэстрадиол. Оральды препараттарға қарағанда АІЖ байланысты жанама әсерлерді ( жүрек айну, құсу, бауырға жүктеме ) шақырмайды, алайда, АІЖ-ның ауруы сақинаны қолдануға қарсы көрсеткіш болып табылады, себебі, қанға түскен гормондар бауырда залалсызданады. Сақина айына бір рет енгізіледі, « Таблетканы ішуді ұмыту» секілді жағдай болмайды және белгіленген мерзімнен бір апта кеш ауыстыруға болады. Алайда, бұл контрацепцияның жаңа түрі толығымен зерттелмеген ( жатыр мойнына әсері, ер адамға әсері ).

Изображение слайда
Изображение для работы со слайдом
1/2
37

Слайд 37: Гормональды контрацептивті гель

АҚШ-тың ғалымдары жүктілікке қарсы « Нестерон» гелін ойлап тапты. Оның әсер ету механизмі гормональды таблетка-контрацептивтермен ұқсас. Әйелдер гельді іш аймағына, бөксеге, қол және иыққа жағады. Сонымен қатар, гормональды жүктілікке қарсы таблетканы қолданғанда пайда болатын жанама әсерлер байқалмайды. Зерттеу 7 айға созылған, тестілеуге 20 жастан 30 жасқа дейін 18 әйел қатысқан. Зерттелушілер активті жыныстық өмір сүрген, бірақ ешқайсысы жүкті болмаған. Зерттеу нәтижесінде эффективті доза күнделікті 3 мг гельді жағу тиімді екені анықталған. Препарат аналық жасушаның өндірілуін тежейді, бірақ таблеткалармен салыстырғанда безеулік бөртпелер мен артық салмақ қосуға әкелмейді.

Изображение слайда
Изображение для работы со слайдом
1/2
38

Слайд 38: имплантант - Норплант

Норплант тері астына енгізілетін имплантант (ұзындығы 35 мм және диаметрі 2,5 мм болатын активті гормональды зат бөлетін капсула). Норплантты бір рет енгізу 3-5 жылға жүктіліктен сақтануңа мүмкіндік береді. Норплант активті гестагеннен ( левоноргестрел ) тұрады. Контрацептивті эффективтілігі 0,5–1,5 жүктілік жылына 100 әйелге. Кемшілігі: хирургиялық тәсілмен енгізу; менструалды циклдың жиі бұзылыстары; енгізген жерде қабынудың пайда болу мүмкіндігі;

Изображение слайда
1/1
39

Слайд 39: Норплант

Артықшылығы. жоғары контрацептивті эффективтілік; психикалық дискомфорттың жойылуы; препарат ұзақ уақыт әсер етеді-3-5 жыл; әсерінің тез басталуы ( енгізгеннен кейін 24 сағат ішінде ) және контрацептивті әсердің қайтымдылығы ( қолдануды тоқтатқаннан кейін 1 айдан кейін жүкті болуға мүмкіншілік ); әйел ағзасына теріс әсері жоқ; емшекпен емізу кезінде қолдануға болмайды ; комбинирленген жүктілікке қарсы таблеткаларды қолдануға қарсы көрсекткіші бар ( веналардың варикозды кеңеюі, жүрек ақауы, тамырлық асқынусыз қантты диабет, АҚ көтерілуі, айқын семіздік, 35 жастан асқан, темекі шегетін әйелдер ) әйелдерге қолдануға болады ; Емдік қасиетке ие ;

Изображение слайда
Изображение для работы со слайдом
1/2
40

Слайд 40: Қорытынды

Сонымен, контрацептивті заттарды адамзат ежелден жоспарланбаған жүктіліктен қорғану үшін, әртүрлі аурулардан сақтануға қолданып келген. Қазіргі кезде КЗ-дың түрлілігіне қарап, олардың біздің қоғам үшін маңызды және күнделікті өмірде жиі қолданылатынын көріп отырмыз. Контрацептивтер бізге бүгінгі күнмен өмір сүріп, ертеңіміз үшін сенімді болуға мүмкіндік бере отырып, жоспарланған жанұя, дені сау ұрпақ үшін ең бір таптырмас әдіс болып табылады.

Изображение слайда
1/1
41

Последний слайд презентации: ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ С.Д.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА: Қолданылған әдебиеттер:

www.google.ru www.m а il.ru www.medlink.ru “ Все о контрацепции ”, пособие Национального научного центра охраны материнства и детства “Гинекология” под редакцией акад.РАМН, проф. Г.М. Савельевой, проф. В.Г. Бреусенко Лекция

Изображение слайда
1/1
Реклама. Продолжение ниже