Презентация на тему: Қожа Ахмет Ясауи атындағы Шымкент Медицина Институты Тақырыбы: Пломбалық

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Шымкент Медицина Институты Тақырыбы: Пломбалық
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Шымкент Медицина Институты Тақырыбы: Пломбалық
Уақытша қойылатын пломбылар (временные пломбы).
Пломбылық төсемдер.
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Шымкент Медицина Институты Тақырыбы: Пломбалық
Емдік төсемдер
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Шымкент Медицина Институты Тақырыбы: Пломбалық
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Шымкент Медицина Институты Тақырыбы: Пломбалық
Тұрақты пломбылық материалдар
Шыныиономерлі цементтер (иономерлі цементтер).
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Шымкент Медицина Институты Тақырыбы: Пломбалық
Композиттік материалдардың жүйесі, негізгі қасиеттері.
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Шымкент Медицина Институты Тақырыбы: Пломбалық
Тісжегі (кариес зубов – caries dentis) – тістерді шыққаннан кейін жарақаттайтын, қатты тіндерінің минаралды заттарының еруі, органикалық құрамының ыдырауы
Тістің қатты тіндерінде тісжегі үрдісінің тереңдеуіне байланысты оның төрт сатысын ажыратады:
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Шымкент Медицина Институты Тақырыбы: Пломбалық
Дақты тісжегі (кариозное пятно- macula сariosa).
Жоғары тісжегі немесе кіреуке тісжегісі.
Орта тісжегі.
Терең тісжегі.
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Шымкент Медицина Институты Тақырыбы: Пломбалық
1/21
Средняя оценка: 4.4/5 (всего оценок: 49)
Код скопирован в буфер обмена
Скачать (627 Кб)
1

Первый слайд презентации

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Шымкент Медицина Институты Тақырыбы: Пломбалық материалдар. Тіс жегі Орындаған: Жанұзақова А. Қабылдаған : Жаханова С. СК - 606

Изображение слайда
2

Слайд 2

Құрамына, негізгі қасиеттеріне, қолдану жағдайына байланысты барлық пломбылық материалдарды төмендегі топтарға бөлінеді: уақытша пломбылауға арналған; тұрақты пломбылауға арналған; аралық төсемге арналған; түбір өзектерін бітеуге немесе пломбылуға арналған.

Изображение слайда
3

Слайд 3: Уақытша қойылатын пломбылар (временные пломбы)

. Қазіргі кезде уақытша пломбылар үшін қолданылып жүрген материалдарға шартты талаптар қойылады: араластыруы оңай және тісжегі қуысына енгізуі жеңіл болу; тісжегі қуысында тұрғанда герметизмді (жабуды) толық қамтамасыз ету; тістің тіндеріне және организмге зиянды әсер тигізбеу; тісжегі қуысынан оңай алыну. Уақытша пломбылар тісжегі қуысында, өзек ауыздарында немесе өзектерде қалдырылған емдік дәрілерді ауыз іші факторларының ықпалдарынан сақтау үшін аз уақытқа (1-3 тәуліктен 2-3 аптаға дейін) немесе ұзақ уақытқа (үш-алты айға дейін) қойылады. Дентин қойыртпағы (дентин-паста) дайын күйінде шығарылады Ауыз іші температурасында 2-3 сағаттан кейін қатаяды. Дентин қойыртпағын тісжегі қуысында сұйық дәрілер қалдырылғанда және аралық төсем ретінде қолдануға болмайды. Уақытша пломбылық материал ретінде эвгенолға араластырылған мырш тотығын (цинк-эвгенолды цемент) пайдалануға болады. Қатайғаннан кейін бұл пломбы механикалық әсерлерге біраз төзімді болады және көбіне сүт тістерін пломбылау үшін қолданады. Соңғы жылдары шетелдік фирмалар уақытша пломбылық материалдардың механикалық әсерлерге төзімді және тісжегі қуысында герметизм сақтайтын түрлерін шығара бастады және олардың ішінде сәуле әсерінен қатаятындары да бар.

Изображение слайда
4

Слайд 4: Пломбылық төсемдер

Пломбылық төсемдер аралық және емдік болып екіге бөлінеді. Аралық төсемдер немесе оқшауландырушы төсемдер. Аралық төсемдер (изолирующие прокладки) әртүрлі жағдайларда тиімді қызмет атқарады: Ұлпаны зиянды заттардан және зиянды әсерлерден қорғайды; Пломбылық материалдарды тіс лимфасының (дентин сұйықтығының) әсерінен қорғайды; Пломбының жақсы жабысуын қамтамасыз етеді. Аралық төсемдерге де қойылатын шартты талаптар бар. Олар төмендегідей: ұлпаны тітіркендірмеу (уытты болмау); қатайғаннан кейін механикалық төзімділікке ие болу; қышқылдар мен мономерлерді өткізбеу (тұрақты пломбылық материалдар қатаю кезінде бөлінетін); жылу өткізгіштігі төмен болу; дұрыс егеп-тазаланған қуыстың пішінін өзгертпеу; тістің түзін өзгертпеу; тіс тіндеріне жабысу қасиеті жоғары болу; рентген суретте айқын көріну (рентгеноконтрастность), кеңею коэфициенті тіс тіндерінікіне жақын болу.

Изображение слайда
5

Слайд 5

Цинк – фосфатты цемент. Соңғы уақытқа дейін барлық шартты талаптарға жауап бере алмаса да аралық төсем ретінде фосфатты-цементтер кең қолданылып келді. Оның ең бір басты кемшілігі – дентин сұйықтығы шығатын дентин өзекшелерінің тісжегі қуысына қараған ауыздарын толық бітей алмауы. Осының нәтижесінде «микроағым феномені» («феномен микроподтекания») атауы пайда болды. Бұл феноменге көп көңіл бөлінетін себебі, дентин сұйықтығының шығуы композиттік материалдардың дентинге жабысуын төмендетіп, пломбының жиектік өткізгіштігінің (краевая проницаемость) қалыптасуына әкеп соғады. Сонымен қатар, ауыздары ашық дентин түтікшелері арқылы микроорганизмдер мен олардың уыттарының ұлпаға өтуі нәтижесінде онда қабыну үрдісі дамуы мүмкін. Фосфатты-цементтен аралық төсем қояр алдында егеліп-тазаланған тісжегі қуысын дентин үгінділерінен жуып, ауамен кептіріп алады. Шынының тегіс бетінде ұнтақ пен сұйықты 3:1 қатынасында (бір тамшы сұйыққа 0,15 г. ұнтақ) хром-никельді құймамен (қоспамен) көмкерілген қалақшамен қоюлау қамыр консистенциясына дейін араластырады да, бөлшектеп тісжегі қуысына апарып табанына,қабырғаларына кіреуке-дентин шекарасына дейін нығыздағышпен (штопфермен) нығыздай отырып, жұқалап және жаймалап төсейді. Аралық төсемнің қалыңдығы 0,5-1 мм аспау керек. Егер аралық төсем кіреуке-дентин шекарасынан жоғары төселсе, ол тұрақты пломбының жиектік жабысуын төмендетеді және аралық төсемнің ауыз сұйықтығында оңай еруіне байланысты пломбының төңірігінде саңылау пайда болады. Аралық төсем қойылып жатқан кезде қуысқа сілекей түспеу керек, ол төсемнің жабысуын және сапасын нашарлатады.

Изображение слайда
6

Слайд 6: Емдік төсемдер

Емдік төсемдер үшін қолданылатын материлдарға арнаулы талаптар қойылады: -қабынуға, микробтарға қарсы және одонтотроптық әсері болуы; -ұлпаны тітіркендірмеуі; -астындғы дентинмен жақсы герметикалық байланыс құру, тіс тіндерімен, аралық төсемдк және тұрақты пломбылық материалдармен жақсы байланысу: -тұрақты пломбылық материалдардың физико-химиялық қасиеттеріне сай болу. Емдік төсемдер терең тісжегіні емдеген кезде, ұлпаны кездейсоқ ашып алғанда (случайно вскрытая пульпа) және ұлпа қабынуларын ұлпаны толық және жартылай сақтап емдеу кезінде қолданады. Қазіргі кезде емдік төсем ретінде құрамында кальций сутотығы (Ca (OH)2) бар препараттар қолданылып жүр. Кальций суоксидінің реакциясы (рН) сілтілі (12-14) болғандықтан, ол қабыну ошағындағы қышқыл рН-ты бейтараптандырып, ұлпада қан айналымын жақсартып, қабынуға қарсы әсер етеді және орынбасушы дентиннің құрылуын жеделдетеді. Сондықтан бұл төсемдер одонтотроптық емдік төсемдер деп аталады. Кальций суоксиді құрамды материалдр әртүрлі дәрілік формада шығарылады: Кальций суоксидінің судағы суспензиясы. Кальций суоксилі негізді лактар. Химиялық жолмен қатаятын кальций-салицилатты цементтер. Сәулемен қатаятын кальций суоксиді құрмды полимерлік материалдар. Кальций суоксидінің судағы суспензиясы: Calcicur, Calasept, Calcipulpe, Superlux Calcium –Liner, Кальрадент. Кальций суоксиді негізді лактар: Contrasil. Химиялық жолмен қатаятын кальций-салицилатты цементтер: Calcimol, Dycal, Life, Septocalcine Ultra, Reocap, Кальцесил. Alcaliner, Сalrodent, Calcicur, Сәулемен қатаятын кальций суоксиді негізді полимерлік мтериалдар: Сalcimol LC, Ultra-Blend, Кальцесил LС, Calcipulpe.

Изображение слайда
7

Слайд 7

Calcimol (Кальцимол) – рентген айқындылығы жоғары емдік қойыртпақ. Құрамы кальций сутотығы 26% құрайды, қойыртпақ-қойыртпақ (негізгі және қатырушы) жүйесінде шығарылады.Шыны бетінде қойыртпақты 1:1 қатынаста тез араластырып, тісжегі қуысының табанына нығыздағыштың көмегімен 1мм қалыңдықпен жаймалайды. Кальцимолдың жұмсақтығы 2 минутке ғана созылады Calcimol LC (Кальцимол ЛЦ) – сәуле әсерінен қатаятын, рентген айқындылығы жоғары, ақ түсті аққыш емдік қойыртпақ. Құрамында ұзақ әсер ететін кальций суоксиді 5% құрайды. Механикалық төзімділігі және оқшауландырушы қасиеті (изолирующее свойство) жоғары (9-сурет). Тісжегі қуысының табанына 1 мм қалыңдықпен төселген соң, 20-30 секөнд галоген сәулесі жіберіледі.

Изображение слайда
8

Слайд 8

Изображение слайда
9

Слайд 9: Тұрақты пломбылық материалдар

. Тісжегі қуыстарына ұзақ уақытқа қойылатын (бұзылғанға немесе түскенге дейін) пломбылық материалдыр тұрақты пломбылық материалдар деп аталады және үш түрге бөлінеді: стоматологиялық цементтер, металқұрамдас материалдар және композиттер. Тұрақты пломбылық материалдарға қойылатын шартты талаптар: механикалық әсерлерден бұзылмау және қажалуға ұшырамау (қаттылығы өте жоғары болу); химимялық әсерлерден бұзылмау, ауыз сұйықтығында ерімеу; қатайғаннан кейін көлемінің тұрақтылығын сақтау, себебі көлемі кішірейіп кетсе, пломбының төңірегінде саңылау пайда болады, ал көлемі үлкейсе қуыс қабырғалары іштен қысым түсуі (іштен дүмпу) әсерінен сынып кетеді; жылу өткізгіштігінің төмен болуы; тіс тіндеріне жабысу қасиетінің жоғары болуы; тістің түсін өзгертпеуі және кіреуке түсіне сай болуы; тістің тіндеріне және жалпы организмге зиянды әсерінің болмауы; біраз уақыт жұмсақтығын сақтауы және тісжегі қуысына енгізудің және тістің пішінін қалыптастырудың жеңіл болуы; антисептикалық қасиетінің болуы;

Изображение слайда
10

Слайд 10: Шыныиономерлі цементтер (иономерлі цементтер)

Шыныиономерлі цементтер (ШИЦ) алғаш өткен ғасырдың 70-жылдарынан бастап қолданыла бастады (3-cурет). Қазіргі кезде тұрақты реставрациялаушы материалдар шығару мақсатында олардың құрамдары жетілдіріліп, түрлендірілуде. Шыныиономерлі цементті 1971 жылы алғаш ойлап тапқан Wilson. Ұнтағы- құрамында әртүрлі қатынастағы кремний/алюминий және фтор бар ұсақталған алюмосиликатты шыны. Қолдану мақсатына байланысты сұйықтығы үшін бірде дистилденген су немесе полиакрил қышқылының 50% судағы ерітіндісі пайдаланылады. Иономерлі цементтер тіс дентиніне биологиялық жақындығына байланысты тіс тіндеріне зиянды әсер көрсетпейді және ұлпаны пломбылық материалдардың зиянды ықпалынан сақтайды. Шыныиономерлі цемент тіс тіндерінің жақсы тазаланған және ылғалды табиғи бетіне жақсы жабысады. Цементтің дентинге жақсы жабысу қасиетін коллаген талшықты органикалық негізбен кальцийдің иондық бірігуінің (қосылысының) нәтижесі деп санауға болады. Пломбылық материалдың қатаю уақыты – 4 минөт, көлемінің кішірею мөлшері 0,1 % (көбіне араластыру сапасына байланысты). Иономерлі цементтердің құрамындағы фтор тіс тіндеріне толассыз бөлініп тұратындықтан, екіншілік тісжегінің даму мүмкіндігін азайтады. Шыныиономерлі цементтер химиялық жолмен және сәулемен қатаятын болып екіге бөлінеді. Шыныиономерлі цементтерді қолданатын кездер: III және V кластық тісжегі қуыстарын, сынаға ұқсас ақауларды, кіреуке эрозияларын пломбылау; барлық сүт тістеріндегі тісжегі қуыстарын пломбылау және табиғи жүлгелерді, сайларды жабу; аралық төсем ретінде барлық пломбылық материалдарды қолданған кезде; тістерді реставрациялаудың негізін қалау немесе ядросын құру; штифтерді және ортопедиялық, ортодонтиялық конструкцияларды бекіту; Қолдану аясына байланысты шыныиономерлі цементтерді үш топқа бөледі: ортопедиялық конструкцияларды бекіту үшін (Fuji – 1, Aqua Meron, Aqua Cem қолданылады). аралық төсем және І, ІІ кластық тісжегі қуыстарында реставрациялау негізін қалау үшін (пломбыға ядро құру), металл штифтпен бірге тіс тұқылын өсіру (Fuji – 2, Base Zrine). Бұл топтағы цементтер дистилденген суда араластырылатындықтан, ауыз сұйықтығында ериді, сондықтан тұрақты пломбы қоюға жарамайды. тұрақты пломбылар мен аралық төсемдер үшін (Chemfil Superior, Jonofil, Chelon Fil). Шыныиономерлі цементтермен жұмыс істеген кезде араластыру ережелерін дұрыс сақтаған жөн: ұнтақты құтыдан шығарып алар кезде жақсылап араластыру қажет; ұнтағы бар құтының ауызын дереу жабу керек (су сорып алмас үшін); сұйық-ұнтақ қатынасын ешуақытта бұзбау керек.

Изображение слайда
11

Слайд 11

Изображение слайда
12

Слайд 12: Композиттік материалдардың жүйесі, негізгі қасиеттері

Қазіргі кезде қолданылып жүрген композиттік пломбылық материалдар (реставрациялаушы материалдар) бірнеше көрсеткіштерге байланысты жүйеленеді: Толықтырғыштың бөлшектерінің мөлшеріне байланысты композиттердің төмендегі түрлерін ажыратады: Макротолықтырылған композиттер (бөлшектерінің мөлшері 8-45мкм), немесе макрофилдер, салмақ көлемінің 60% толықтырғыштан тұрады; Микротолықтырылған композиттер (бөлшектерінің мөлшері 0,04-0,4мкм) немесе микрофилдер, салмақ көлемінің 45% толықтырғыштан тұрады; Минитолықтырылған композиттер (бөлшектерінің мөлшері 1-5мкм) немесе минифилдер, салмақ көлемінің 70% толықтырғыштан тұрады; Гибридті композиттер будандастырылғаны композиттер немесе гибридтер (бөлшектерінің мөлшері – 0,04-5мкм, орташа мөлшері 1-2мкм),салмақ көлемінің 50% толықтырғыштан тұрады; *Микрогибридтті композиттер бөлшектерінің көлемі 0,04-1мкм, орташа көлемі 0,5-0,6мкм. *Нанотолықтырылған-нанокомпозиттер(нанотехнологияны пайдалану нәтижесінде шығарылған) : -шынайы нанокомпозиттер ; - наногибридт і композиттер ; Қатаю тәсіліне байланысты: Химиялық тәсілмен қатаятын композиттер-Iтип Сәуле әсерінен қатаятын композиттер-II тип; Аралас тәсілмен қатаятын композиттер ; -сәулеәсерінен+химиялық жолмен -сәуле әсерінен+жылу әсерінен *Жылу әсерінен қатаятын композиттер-IA тип; Консистенциясына байланысты; Дәстүрлі консистенциялы композиттер (традиционные композиты); Сұйық (аққыш) композиттер (текучие композиты); Нығыздалатын композиттер (конденсируемые композиты); Түрлендірілген (модифицированные) композиттер немесе флюкерлер (флюкеры). Қолдану орнына байланысты; Азу тістерді пломбылауға арналған – «А» кластағы композиттер; Алдыңғы тістерді пломбылауға арналған – «В» кластағы композиттер, Әмбебап композиттер.

Изображение слайда
13

Слайд 13

Изображение слайда
14

Слайд 14: Тісжегі (кариес зубов – caries dentis) – тістерді шыққаннан кейін жарақаттайтын, қатты тіндерінің минаралды заттарының еруі, органикалық құрамының ыдырауы нәтижесінде тістің бүтіндігінің бұзылып, ақаулардың немесе қуыстардың пайда болуымен сипатталатын патологиялық үрдіс. Дүниежүзілік денсаулық ұйымының (ДДҰ) номенклатурасына сай тістердің тісжегімен жарақаттануын бағалау үшін үш көрсеткішті қолдануды ұсынады: тісжегінің таралуы (распространенность кариеса); қарқындылығы (интенсивность кариеса); қарқындылықтың өсу көрсеткіштері (прирост интенсивности кариеса)

Изображение слайда
15

Слайд 15: Тістің қатты тіндерінде тісжегі үрдісінің тереңдеуіне байланысты оның төрт сатысын ажыратады:

бастапқы тісжегі (начальный кариес – caries incipiens) немесе тісжегі дағы (кариозное пятно-caries maculosa) жоғары тісжегі (поверхностный кариес – caries superficialis) немесе кіреуке тісжегісі (кариес эмали – caries enamelum ) орта тісжегі (средний кариес – caries media ) терең тісжегі (глубокий кариес – caries profunda) Тісжегінің ДДҰ ұсынған жүйесі (классификация ВОЗ, 9-переосмотр). кіреуке тісжегісі, дақты тісжегіні қоса алғанда (кариес эмали, включая «меловое пятно»); дентин тісжегісі (кариес дентина); цемент тісжегісі (кариес цемента); тежелген ( тоқталған ) тісжегі (приостановившийся кариес); одонтоклазия (одонтоклазия) басқалай (другой); дәлелденбеген (неуточненный);

Изображение слайда
16

Слайд 16

Тісжегінің жергілікті емдеу шараларын дұрыс жүргізу үшін тісжегі қуыстарының Блэк (1884) ұсынған жүйесін де жақсы білу қажет. Орналасу ерекшеліктеріне қарай Блэк тісжегі қуыстарын 5 классқа бөледі: I класс – барлық тістердің табиғи жүлгелері (фиссураларында) мен ойықтарында (көбінесе кіші және үлкен азу тістердің, жоғарғы екінші күрек тістердің тұйық тесіктерінде) орналасқан тісжегі қуыстары. II класс – кіші және үлкен азу тістердің жанасу беттерінде орналасқан тісжегі қуыстары; III класс – күрек тістер мен сүйір тістердің жанасу беттерінде орналасқан және олардың сауыттарының тістеу бұрыштары мен қырларына ауыспаған немесе оларды бұзбайтын тісжегі қуыстары; IV класс – күрек тістер мен сүйір тістердің жанасу бетінде орналасқан, олардың сауыттарының тістеу бұрыштары мен қырларының бұзылуына әкеп соғатын тісжегі қуыстары; V класс – барлық тістердің мойын бөлігінде орналасқан тісжегі қуыстары; Қазіргі кезде VI кластық тісжегі қуыстарын да қарастырып жүр. VI класс – жоғарыда көрсетілген шартты аймақтардан басқа жерде орналасқан, аумағы мен тіс тіндерінің жараққаттану ерекшеліктері жағынан жоғарыда келтірілген анықтамаларға сай келмейтін тісжегі қуыстары. Алтыншы кластық тісжегі қуыстарын атипиялық қуыстар немесе атипиялық тісжегі ( атипичный кариес – caries atypica ) деп атауға болады. Бұл тісжегі тіс сауыттарының тісжегіден басқа аурулары (тістер гипоплазиясы, тістер флюорозы, сынаға ұқсас ақаулары т. б.) орналасқан аймақтард, шайнау төмпешіктерінде, тістеу қырларында дамиды.

Изображение слайда
17

Слайд 17: Дақты тісжегі (кариозное пятно- macula сariosa)

Тісжегінің дақты кезеңінде немесе бастапқы тісжегі (начальный кариес-caries-incipiens) кезінде ешқандай шағым болмайды және ұзақ уақыт байқалмауы да мүмкін. Кейде тәтті және қышқыл тағамдардан тістер қармалып қалған сияқты ыңғайсыз сезім (чувство оскомины) туындауы немесе алдыңғы тістерде орналасқан дақтар болса эстетикалық шағым болуы мүмкін (көбінесе тістердің мойын аймақтары жарақаттанған кезде). Көпшілік жағдайда басқа тістеріне шағымданып келген адамдардың тіс қатарларын мұқият қарап тексеру және тіс беттерінің күмән туғызған аймақтарын сүңгілеу арқасында анықталады. Қарап тексергенде бастапқы тісжегі немесе тісжегі дағы аймағында жылтырлығы жойылған мұнарланған ақ бор түсті немесе ашық қоңыр, қою-қоңыр кейде кара-қоңыр түсті ошақ түрінде байқалады (1-cурет). Бастапқы тісжегі кезінде кіреукедегі минералсыздану ошағының қоңыр, қою-қоңыр түстері патологиялық үрдістің баяу дамыған кезінде призмалараралық шағын кеңістіктердің көлемдері үлкейгендіктен органикалық бояғыш заттардың сіңуі арқылы қалыптасады. Шарпенак Ю.A А.,(1970) ұйғаруынша, алғашқы кезде тісжегі дағы ошағында алмаспайтын амин қышқылы триптофан құрылады да кейіннен меланинге айналады. Бор түстес ақ дақты ошақты сүңгілеп байқағанда беті бірде тегіс, кейде кедір-бұдырлау және сау аймақтарға қарағанда жұмсақтау көрінеді. Пигменттелген дақты ошақтарды сүңгілеп тексергенде бірде беті тығыздау, кейде кіреукенің жоғарғы қабатының жұмсарғаны соншалықта, сүңгі ұшы біраз тереңдікке еніп кетеді. Соңғы кездегі зерттеулер нәтижесіне сүйенер болсақ, тісжегінің бастапқы сатысының әрі қарай дамуы немесе өз бетімен тежелуі де мүмкін. Тісжегі дағы тістің бетін қақтан тазалап, ауамен кептірген кезде анық көрінеді және метилен көгінің 2% ертіндісімен жақсы боялады. Тісжегі дақтарын тіс гипоплазиясы мен флюорозы кезіндегі дақтардан ажырата білу керек. Гипоплазия кезіндегі дақтар аттас тістердің беттерінде симметриялы түрде орналасады, шекаралары анық, беттері тегіс және жылтыр болады, метилен көгінің ертіндісімен боялмайды. Өмір бойы өзгермей сол қалпында сақталады. Тіс флюорозы кезіндегі дақтар саны көп, түстері әртүрлі, шекаралары анық емес, көптеген тістер беттерінде орналасады және фторға бай ауызсуды пайдаланған эндемиялық аймақта кездеседі.

Изображение слайда
18

Слайд 18: Жоғары тісжегі немесе кіреуке тісжегісі

Жоғары тісжегі ақ немесе пигменттелген дақтар аймағында кіреукедегі құрылымдық өзгерістер нәтижесінде дамиды және кіреукенің бүтіндігі бұзылып, патологиялық үрдіс кіреуке-дентин шекарасына жетеді. Бұл кезде бұзылған тісте механикалық және химиялық тітіркендіргіштерден ауыру сезімі пайда болып, ықпал етуші әсер тоқтағаннан кейін тез басыла қояды. Ауыру сезімінің пайда болуын кіреуке-дентин шекарасындағы нерв ұштарының тітіркенуімен түсіндіріледі (бірақта соңғы уақытқа дейін кіреуке дентин шекарасында нервтік элементтер әлі анықталған жоқ).Тіс қатарын қарап тексергенде көбінесе азу тістердің шайнау бетерінде таяз тісжегі қуысы анықталады, көбінесе ас қалдықтарымен жабылған. Сүңгілеп байқағанда қуыс табанында ауыру сезімі тіс мойындарында орналасқан тісжегі қуыстарында күштірек сезіледі. Тіс ұлпасының электрқозғыштығы 2-6 мкА тең. Жоғары тісжегіні сына тәрізді ақаудан, тістер гипоплазиясының нүктелі, шәшкеге ұқсс түрлерінен, флюороздың эрозиялы түрлерінен ажырата білу керек.

Изображение слайда
19

Слайд 19: Орта тісжегі

Тісжегінің бұл түрінде кіреуке-дентин шекарасының бүтіндігі бұзылып, патологиялық үрдіс жабынды дентин қабатында дамиды. Орта тісжегі кезінде науқас ешқандай шағым айтпауы мүмкін. Себебі біртіндеп пайда болған жылтыр дентин және үшіншілік дентин қабаттары ұлпаның әртүрлі тітіркендіргіштерге жауабын төмендетеді. Ал қарқынды дамыған түрінде ауыру сезімі көбінесе механикалық,температуралық тітіркендіргіштерден тез пайда болып, тез басылады. Тіс қатарын тексеріп қарағанда бұзылған тісте орта тереңдіктегі тісжегі қуысы анықталады. Тісжегі қарқынды дамыған кезде қуыстың кірер ауызы тар (көбінесе І – кластық тісжегі қуыстары кезінде), іші ақ түсті ыдыраған дентинге және ас қалдықтарына толған, қабырғасында ақшыл-сұр түсті оңай аршылатын жұмсарған дентин қабаты бар. Сүңгілеп тексергенде кіреуке-дентин шекарасында ауыру сезімі бар. Тісжегі баяу дамыған кезде қуыстың аузы үлкендеу болады, ішінде ыдыраған дентин аз мөлшерде кездеседі, көбіне қабырғаларында сары, сары-қоңыр түсті жұмсарған дентиннің қалың қабаты анықталады және оңайлықпен аршыла қоймайды (3-cурет). Сүңгілеп байқағанда кіреуке-дентин шекарасында, табанында ауыру сезімі болмайды. Ауыру сезімі кіреуке-дентин шекарасында қуысты егеп-тазалап жатқанда немесе тазалағаннан кейін сүңгілеп тексергенде байқалуы мүмкін. Тазаланған қуыстың табаны пигменттелген, өте қатты және жылтыр. Ас қалдықтарынан, ыдыраған және жұмсарған дентиннен тазаланбаған қуыстың тереңдігін көрер көзбен немесе сүңгілеп анықтау қиын. Кейде жұмсарған дентиннің қалыңдығы соншалық, орта тісжегіге санап тұрған қуыс тазалағаннан кейін терең тісжегі қуысына айналады және жұмсарған қалың детин қабаты да тітіркендіргіштер әсерін ұлпаға өткізбейді. Тісжегі қуысын егеп-тазалаған кезде де ауыру сезімі көп болмайды, сирек жағдайда қабырғаларында кіреуке-дентин шекарасына жақын аймақта ауыру сезімі пайда болуы мүмкін. Тістің электр қозғыштығы 2-6 мкА тең.

Изображение слайда
20

Слайд 20: Терең тісжегі

Орта тісжегі ауыру сезімі аса мазаламағандықтан немесе қуыстың тістердің жанасу бетінде орналасуынан көп жағдайда байқаусыз қала беруі мүмкін. Сондықтан тісжегі қуысы тереңдеп ұлпа маңындағы дентин бұзылады және қуыс табанында жұмсарған жұқа дентин қабаты ғана сақталады(тісжегі қарқынды дамыған кезде) немесе пигменттелген жылтыр дентин қабаты (баяу дамыған кезде) пайда болады. Бұл кезде қуыстың табаны тіс мойыны деңгейінен аз ғана жоғары орналасады. Кейде қуыстың тереңдегені соншалық, біріншілік дентин қабаттары жойылып, екіншілік дентин қабаты бұзыла бастайды. Терең тісжегі кезінде болатын негізгі шағымдар- бұзылған тісте механикалық, температуралық және химиялық әсерлерден пайда болатын ауыру сезімі және оның әсер етуші ықпал жойылған кезде тез басылуы. Тісжегінің басқа сатыларына қарағанда мұнда ауыру сезімі күштірек және тіс көбінесе суықтан қақсап ауырады. Қарап тексергенде терең және кең тісжегі қуысы анықталады, ішінде ас қалдықтары, ыдыраған дентин сақталған, қабырғасында пигменттелген кейде пигменттелмеген ақшыл-сары түсті жұмсақ дентин қабаттары анықталады (4-cурет). Қуыстың табаны бірде өте жұмсақ, байқап сүңгілемесе ұлпа мүйізшесі ашылып кетуі мүмкін, әлсіз сүңгілегеннің өзінде табанында ауыру сезімі байқалады (қарқынды дамыған тісжегі кезінде). Кейде қуыстың табаны пигменттелген, қаттылау, қаттырақ сүңгілеп байқағанда ғана ауыру сезімі туындайды (баяу дамыған тісжегі кезінде). Терең тісжегі кезінде ұлпаның электр қозғыштығы 6-8 мка тең, кейде аздап төмендеуі де мүмкін (10-15 мка шамасында). Ескере кететін жағдай, терең тісжегі қуысы тістердің жанасу беттерінде орналасқан кезде әртүрлі тітіркендіргіштерден ауыру сезімі мазалай бермейді. Тісжегі қуысы кеңейіп, қуыстың шайнау беті немесе еріндер жақ беттері қабырғаларындағы дентин толығымен минералсызданып, жабынды кіреуке шайнау күштері әсерінен бұзылған кезде ғана сырқат тіс мазалай бастайды және тісжегі қуысы анықталады. Бұндай жағдай көбінесе жоғарғы жақ тістерінде жиі орын алады.

Изображение слайда
21

Последний слайд презентации: Қожа Ахмет Ясауи атындағы Шымкент Медицина Институты Тақырыбы: Пломбалық

Пайдаланған әдебиеттер - www.google.kz Терапиялық стоматология оқулық “АҚНҰР баспасы”2014 Д.М Мезгілбаева С.Ж Абдикаримов Н.Ғ Сапаева

Изображение слайда