Презентация на тему: Қожа Ахмет Ясауи атындағы Шымкент Медицина Институты Тақырыбы : Асқазан – ішек

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Шымкент Медицина Институты Тақырыбы : Асқазан – ішек
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Шымкент Медицина Институты Тақырыбы : Асқазан – ішек
Тілдің өңезденуі (обложенность языка).
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Шымкент Медицина Институты Тақырыбы : Асқазан – ішек
Тілдің түлеуі (десквамация языка)
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Шымкент Медицина Институты Тақырыбы : Асқазан – ішек
Дәм сезудің бұзылуы
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Шымкент Медицина Институты Тақырыбы : Асқазан – ішек
Ауыз кілегей қабығының бүтіндігінің бұзылуы
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Шымкент Медицина Институты Тақырыбы : Асқазан – ішек
1/10
Средняя оценка: 4.7/5 (всего оценок: 53)
Код скопирован в буфер обмена
Скачать (128 Кб)
1

Первый слайд презентации

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Шымкент Медицина Институты Тақырыбы : Асқазан – ішек жолы ауруларының ауыз қуысындағы көрінісі. Орындаған: Жанұзақова А. Қабылдаған : Жаханова С. СК - 606

Изображение слайда
1/1
2

Слайд 2

Ас қорыту ағзалары аурулары кезіндегі ауыз кілегей қабығындағы өзгерістер Асқазан-ішек жолы ағзаларының қызметінің дұрыс-бұрыстығын ауыз кілегей қабығының жағдайынан байқауға болады. Мұның ауыз кілегей қабығымен асқазан-ішек жолының барлық бөліктерінің, морфологиялық және функциональдық бірлігінің нәтижесі деуге болады. Асқазан-ішек жолындағы ауытқулардың өзі ауыз кілегей қабығында өзгерістер туындатады. Бұл кезде жиі байқалатын өзгерістер: кілегей қабықтың домбығуы, тілдің сыртқы пішінің өзгеруі (өңезденуі немесе қақтың пайда болуы, бүртіктер бетіндегі эпителий қабатының, бүртіктердің семуі немесе ұлғаюы), дәм сезуінің бұзылуы, парестезиялық ауытқулар. Осыған байланысты «тіл, асқазан – ішек жолының айнасы» деген халық мақалы туындаған. Кілегей қабықтың домбығуы (отечность слизистой) белгілі бір субъективті белгілер туындатпайды, оны ұрт пен тілдің кілегей қабығына түскен тістердің іздері арқылы анықтауға болады және ол белгілі бір жеке аурудың ғана белгісі болып саналмайды. Кілегей қабықтың домбығуы асқазанның әртүрлі қабынулары (Епишев В.А. 1970) және 80% жағдайда ішектердің созылмалы қабынуы кезінде (Банченко Г.В және б. 2000) байқалады. Ескере кететін жағдай, кейде тіл мен ұрттың кілегей қабығы қатты домбыққан кезде тілдің көлемі ұлғайып, қозғалуы қиындайды және ұрт пен тіл ас қабылдағанда жиі-жиі тістеліп қалады.

Изображение слайда
1/1
3

Слайд 3: Тілдің өңезденуі (обложенность языка)

Бұл патологиялық үрдіс асқазан-ішек жолы аурулары кезінде жиі кездеседі және тілдің жіпке ұқсас бүртіктерінің мүйізгектенген эпителий жасушаларының (клеткаларының) физиологиялық түлеу үрдісінің бұзылуы немесе баяулауы нәтижесінде дамиды. Дер кезінде түлемеген, эпителий жасушалары мүйізгекті қалың қабат құрып, тілдің үстінде қаққа (налет) айналады және қырып байқағанда оңайлықпен алына қоймайды. Тілдің үстіндегі қақтың түрі әртүрлі болады: ақ, ақшыл-сұр, сары, сары-қоңыр және қара. Бұл қақтар тек асқазан-ішек жолы аурулары ғана емес, организмдегі әртүрлі патологиялық жағдайлар кезінде (жұқпалы аурулар, уланулар) пайда болады. Сонымен қатар оның пайда болуына жергілікті жағдайлар да (ауызды нашар күту, тістердің шайнау мүмкіндігінің азаюы) әсер етеді. Асқазан қабынуының, асқазан -ұлтабар жараларының, аш және тоқ ішектер қабынуының өршуі кезінде тілдің үстінде қақ көп мөлшерде пайда болады, көбінесе оның артқы бөлігінде орналасады. Пайда болған қақ субъективті белгілер туындатпайды, тек қақ аса қалың болған жағдайда ыңғайсыздық пайда болады, дәм сезу қызметі бұзылып, ауыздан жағымсыз иіс шығады. Тілдің өңезденуі арнаулы емдеу шараларын қажет етпейді, негізгі ауру дұрыс емделген жағдайда тіл қақтан оңай тазаланады. Тек бұл кезде ауыз гигиенасын дұрыс сақтау керек, ауыздан шығатын жағымсыз иісті әртүрлі эликсирлермен шаю арқылы жою қажет.

Изображение слайда
1/1
4

Слайд 4

Изображение слайда
Изображение для работы со слайдом
1/2
5

Слайд 5: Тілдің түлеуі (десквамация языка)

Асқазан-ішек жолдары аурулары кезінде тіл кілегей қабығының жабынды эпителиі жиі түлейді және оның қарқындылығы, аумағы әртүрлі болады. Тілдің түлеуі асқазанның созылмалы қабынуы (секрет жеткіліксіздігі), бауыр аурулары, ішектің созылмалы қабынуы бар адамдарда жиі кездеседі. Түлеуге көбінесе жіпке ұқсас бүртіктердің эпителий қабаты жиі ұшырайды және түлеуге ұшыраған аймақ шикі ет түстеніп, беті тегістеу келеді, көбінесе субъективті белгілер туындатпайды. Кейбір жағдайларда түлеу ошағында ысып-күйген сезім, ащы-қышқыл ыстық тамақтардан ашып ауыру сезімі пайда болады. Асқазан-ішек жолы созылмалы аурулары өршіген кезде түлеу ошақтары жиі пайда болып, аурудың ремиссиялану сатысында түлеу үрдісі өз бетімен тоқтайды. Тіл кілегей қабығындағы түлеу үрдісі кездейсоқ немесе шағымдану нәтижесінде анықталған болса, сырқат адамның маман-дәрігерде тексеріліп емделуіне мүмкіндік жасау керек. Ауру сезімі мазалайтын болса, құрамында анестетиктер, кератопластиктер бар дәрілерден тілге күніне 3-4 рет аппликат қоюға болады. Тілдің түлеуімен қатар парестезиялық өзгерістер де (ысып-күю, шаншу, ашу сезімдері) асқорыту ағзаларының аурулары кезінде жиі кездеседі (тілдің неврогендік ауруларын қара ).

Изображение слайда
1/1
6

Слайд 6

Изображение слайда
Изображение для работы со слайдом
1/2
7

Слайд 7: Дәм сезудің бұзылуы

. Асқазан-ішек жолы аурулары кезінде ауыз кілегей қабығының дәм сезу қызметінің бұзылуы да орын алады. Дәм сезу рецепторларының көбі тіл кілегей қабығында орналасқандықтан дәм сезу қызметін анықтау үшін тіл рецепторларының функциональдық белсенділігін (функциональная мобильность) анықтау әдісі кең қолданылады. Тілдің рецепторлары қабылдаушы қызмет атқарады және асқазан-тіл рефлексінің эффектрлі немесе аяқтық тізбегі болып саналады. Қабылдағыш рецепторлардың саны ас қорыту жолының функциональдық жағдайына байланысты және олардың жоғары белсенділігі ашқарын кезінде байқалады. Ас қабылдағаннан кейін дәм сезу рецепторларының функциональдық қабылдағыштығы төмендейді. Сондықтан аш кезде барлық тағам дәмді көрініп, адамның араны (апетит) ашылады. Дәм сезу рецепторларынан орталыққа басталатын (центробежный) жолы арқылы келетін импульстерге жауап ретінде дамиды. Асқазан-ішек жолы аурулары кезінде дәм сезудің бұзылуы өте жиі кездеседі және ол рецепторлардың функциональдық белсенділігінің өзгеруімен (жоғарылауы, төмендеуі немесе бір белсенділік дегейде болуы) сипатталады. Дәм сезудің бұзылуы тіл бүртіктеріндегі өзгерістерге де (тілдің үстінде қақ пайда болуы, түлеуі, бүртіктердің атрофиялануы) байланысты болады.

Изображение слайда
1/1
8

Слайд 8

Асқазан жарасы ауруы кезінде рецепторлардың функциональдық белсенділігінің бұзылуының бірнеше түрі анықталған: ас қабылдағаннан кейін дәм сезу рецепторлары белсендігігі төмендейді; бұрмаланған реакция – ас қабылдағаннан кейін рецепторлардың белсенділік деңгейіннің жоғарылауы; реакциясы қалыпты жағдайдағыдай. Асқазан обыры кезінде ащының және тәттінің дәмін сезу қызметі төмендейді. Аш ішек пен тоқ ішектер қабынуы кезінде ас қабылдағаннан кейін дәм сезу рецепторларының елгезектігі төмендемейді. Асқазан-ішек жолы аурулары кезіндегі гистологиялық зерттеулер кезінде тілдің нерв талшықтарында дистрофиялық өзгерістерді анықтаған және олардың аурудың ұзақтығына байланысты күрделенуі байқалған. Жабынды эпителийде гиперкератоздану, жоғарғы қабатының түлеуі, астыңғы қабатының домбығуы, кейде жаралардың пайда болуы сияқты үрдістер орын алған және бұл өзгерістер ауыз кілегей қабығының басқа аймақтарына қарағанда ауырлау болған. Тілдің кілегей қабығының атрофиялануы немесе тілдің атрофиялы қабынуы (атрофический глоссит) көбінесе жіпке ұқсас бүртіктерінің семуімен сипатталады және көптеген ауыр сырқаттар кезінде (бауырдың қабынуы және циррозы, пернициозды анемия, темір жетіспеушілік анемиясы, асқазан ахилиясы, В тобындағы витаминдер тапшылығы) орын алады. Тілдің атрофиялы қабынуы кезінде тілдің үсті тегіс және жылтыр, түсі ашық-қызыл түсті, тітіркендіргіш тағамдарға аса сезімтал болады. В 12 витаминінің тапшылығы немесе пернициозды анемия кезінде тілдің түсі таңқұрай (малина) түстес болады (Гентер-Меллер глосситі). Тілдің атрофиялы қабынуы байқалған кезде негізгі ауруын анықтау үшін науқасты толық зерттеу (қанын зерттеу, гастроэнтерологтың кеңесін алу) қажет. Бауыр аурулары да ауыз кілегей қабығында әртүрлі белгілермен сипатталады. Эпидемиялы гепатит немесе Боткин ауруы кезінде таңдайдың, тіл үзбесінің (уздечка), үлкен сілекей бездерінің шығарушы түтектерінің, кілегей қабығының түсі сарылау болып келеді (Банченко Г.Н. және б., 2000). Таңдай кілегей қабығының, көздің мүйіз қабығының сары түстенуі бауырдың, өт қабының созылмалы қабынуы, өт тасы ауруы, бауыр циррозы бар адамдарда кездеседі және науқас адамдар ауыздарында ащы және қышқыл дәм (кейде металл дәмі) сезілітініне шағымданады.

Изображение слайда
1/1
9

Слайд 9: Ауыз кілегей қабығының бүтіндігінің бұзылуы

Асқазан-ішек жолы аурулары кезінде ауыз кілегей қабығында трофикалық бұзылыстар нәтижесінде (рефлекторлық жолмен дамитын) эрозиялы-жаралы өзгерістер пайда болады. Олар көбінесе асқазан- ұлтабар жарасы ауруы, бауыр циррозы, аш ішек пен тоқ ішек қабынулары кезінде жиірек орын алады. Асқазан-ішек жолы аурулары бар науқастардың 50%-да ауыздың қайталамалы афталы қабынуының әртүрлі дәрежесі кездеседі. Сонымен қатар аталмыш ауруы бар науқас адамдарда қызылиектің, пародонттың жедел және созылмалы қабынуларының әр түрлері де (катаралды, атрофиялы, эрозиялы-жаралы) жиі байқалады. Ауыз кілегей қабығындағы өзгерістерді асқазан-ішек жолындағы патологиялық үрдістер ғана туындатпайды, олар осы үрдістер әсерінен дамитын екіншілік бұзылыстар (витаминдер тапшылығы мен жетіспеушілігі, дисбактериоз) нәтижесінде де дамуы мүмкін. Сілікей бөлінуінің бұзылуы. Көптеген зерттеулер нәтижесінде асқазан және ұлтабар жарасы ауруы кезінде ауыздағы ұсақ сілекей бездерінде морфологиялық және функционольдық өзгерістер орын алып, аталмыш аурулар өршіген кезде сілекейдің бөлінуінің жоғарлауы (гиперсаливация), ал аурудың ағымы ұзарған сайын (бір жылдан аса уақытта) сілекей бөлінуі азая бастағаны (гипосаливация) байқалған. Бұл кезде науқас бірде себепсіз сілекейдің ауызға көп жиналып, жиі түкіретініне, ал бірде ауызы құрғап, ауызын жиі-жиі сумен шаятынына шағымданады. Мұның өзі ауыз кілегей қабығында әртүрлі қабыну үрдістерінің туындауына жағдай жасайды. Емі. Егер ауыз кілегей қабығындағы патологиялық үрдістер асқазан-ішек жолы аурулармен байланысты болса, емдеу шаралары кешенді түрде жүргізіледі. Негізгі ауруды дәрігер-гастроэнтеролог емдейді, ал дәрігер-стоматолог ауыздағы өзгерістерге байланысты симптоматикалық емдеу шараларын жүргізеді.

Изображение слайда
1/1
10

Последний слайд презентации: Қожа Ахмет Ясауи атындағы Шымкент Медицина Институты Тақырыбы : Асқазан – ішек

Пайдаланған әдебиеттер - www.google.kz Терапиялық стоматология оқулық “АҚНҰР баспасы”2014 Д.М Мезгілбаева С.Ж Абдикаримов Н.Ғ Сапаева

Изображение слайда
1/1