Презентация на тему: Қоңыр балдырлар бөлімі- Phaeophyta

Қоңыр балдырлар бөлімі- Phaeophyta
Жалпы сипаттамасы
Клетка құрылысы
Көбеюі
Өкілдері: « Ламинария»
« Саргассум »
Қоңыр балдырлардың маңызы
Назарларыңызға рахмет !!!
1/8
Средняя оценка: 4.0/5 (всего оценок: 88)
Код скопирован в буфер обмена
Скачать (710 Кб)
1

Первый слайд презентации: Қоңыр балдырлар бөлімі- Phaeophyta

Изображение слайда
Изображение для работы со слайдом
1/2
2

Слайд 2: Жалпы сипаттамасы

Қоңыр балдырлар   — бұл көбінесе теңіз суында өсетін қоңыр түсті балдырлар. Қоңыр балдырлардың 900 шамалы түрі (200 туысы ) бар. Бұлар 6 отрядқа бөлінеді олар : эктокарптықтар, сфацеляриялықтар, кутлериялықтар, диктиоталықтар, ламинариялықтар, фукустықтар. Қоңыр балдырлардың кейбір түрі тамаққа пайдаланылады, ламинарияны медициналық диетада қолданады, теңіздің жиегіне толқынмен шығып қалған қоңыр балдырлар тыңайтқыш ретінде пайдаланылады. Мұның күлінен калий тұзы мен иод алынады. Сонымен қатар қоңыр балдырлардан : ацетон, сірке қышқылы, спирт және басқалар өндіріледі. Қоңыр балдырлар табиғатта кең тараған. 2 класқа, 14 қатарға бірігетін 240 туысы, 1,5 мыңға тарта түрі белгілі. Қазақстанда   Каспий   және   Арал   теңіздерінде бір-бірден 2 түрі анықталған. Бұлардың тұщы   суда   өсетін 3 туысынан басқаларының барлығы теңіз   өсімдіктері. Барлық теңіздерде әр түрлі тереңдікте (200 метрге дейін ) өсе береді. Көпшілігі тереңдігі 6–15 метр жерлерде кездеседі. Қоңыр балдырлар көп клеткалы, өте майда микроскопиялық түрлерден тұрады, талломдарының ұзындығы 50 метрге жететін өте ірі түрлері ( макроцистис, пелагофикус ) де бар. Жалпы сипаттамасы

Изображение слайда
1/1
3

Слайд 3: Клетка құрылысы

Қоңыр балдырлардың клеткасы целлюлозды қабықпен қапталған,оның сыртында пектинді заттар болады да,клетка қабығы кілегейленіп тұрады. Клеткалары шар,эллипсоид,күбі тәрізді,дөңгелек кейде көп бұрышты не белгілі формасы жоқ болып келеді. Протоплазмасында бір ядросы,хлоропласталары және өте уақ тек электронды микроскоппен ғана көрінетін пиреноидтары болады.Қарапайым түрлерінде хлоропласталары пластинкалы,лента пішінді бір не бірнешеу,ал күрделі құрылымдарында дән сияқты көптеп келеді.Клетка құрамында басқа балдырларда болмайтын физод деп аталатын жас клеткаларда түссіз,ал ересек клеткаларда сары-қоңыр көпіршік болады.Қор заты ретінде крахмалдың орнына жай қант,ламинарин,кейде май не манит жиналады. Клетка құрылысы

Изображение слайда
Изображение для работы со слайдом
1/2
4

Слайд 4: Көбеюі

Вегетативті-Жыныссыз-Жынысты Вегатативтік көбею таллом бұтақтарының кездейсоқ үзіліп түсуі және сфацелярия сияқты түрлерінде арнаулы бүршіктерден пайда болуы арқылы болады. Жыныссыз көбеюі көпшілігінде зооспоралар,диктиоталарда қозғалмайтын тетраспоралар,ал тилоптеридияларда моноспоралар арқылы болады. Жынысты көбею процесі изогамиялық,оогамиялық,сирек гетерогамиялық жолмен жүреді. Көбеюі

Изображение слайда
Изображение для работы со слайдом
1/2
5

Слайд 5: Өкілдері: « Ламинария»

Ламинария – бұл қоңыр балдырдың қиыр шығыстан Солтүстiк Мұзды мұхит теңiздерiне дейiн кездесетiн түрi.Ламинарияның денесi ұзындығы 1 метр немесе бiрнеше метр болатын ұзынша келген сағақтағы жапырақ тәрiздi. Дегенмен бiз айтқандай балдырлардың барлығында нағыз жапырақ, сабақ, тамыр сияқты мүшелерi болмайды. Ламинарияның және басқа балдырлардың денесiн қабаттама дейдi. Су түбiне ламинария тамыр тәрiздi өсiндiлерi – ризоидтарымен ( гректiң « ризат » – тамыр, « идес » – түр деген сөзiнен шыққан ) бекiнедi. Ризоидтары басқа балдырлардыкiндей тек қана бекiну үшiн қажет. Су дене қабаттамасының бүкiл бетiмен сорылады. Жоғары сатыдағы өсiмдiктердiң сүзгiлi түтiктерi сияқты оның сүзгiлi жасушалары бар. Бiрақ, өткiзгiш түтiктерi болмайды, судағы балдырларға оның қажетi де шамалы. Маңызы -Құрғақ шөбінің ұнтағы атеросклероз ауруын емдегенде, алқым ісінгенде алдын алатын және емдейтін, сондай-ақ іш жүргізетін дәрі ретінде қолданылады.Ламинария теңіз капустасы деген атпен тамаққа пайдаланылады.Ламинария балдырларынан альгин алады,оның желімдегіштік қасиеті болғандықтан қағаз,картон өндірісіне қолданылады. Өкілдері: « Ламинария»

Изображение слайда
Изображение для работы со слайдом
1/2
6

Слайд 6: Саргассум »

Саргассум балдырына зер сала қарасақ, жидекке ұқсас домалақ өсінділерді көресіңдер. Алайда ол жидек емес, іші ауаға толы көпіршіктер. Балдырлар солардың жәрдемімен суда жүзуін тездетеді, сөйтіп басқа жерлерге тез тарала алады. Саргассум тұқымдас турбипария балдырларында бұл ауалы көпіршік жұзім салқымына ұқсас болады. Сондықтан оны жергілікті түрғындар « теңіз жүзімі » деп атайды.Саргассум тармақтанған бұта сияқты,биіктігі 1 метрге жететін балдыр.Мал азығы ретінде және калий тұзына бай болғандықтан тыңайтқыш ретінде кеңінен қолданылады. « Саргассум »

Изображение слайда
Изображение для работы со слайдом
1/2
7

Слайд 7: Қоңыр балдырлардың маңызы

Теңіз жағалауында құралатын органикалық заттардың қоры болып есептеледі. Шаруашылыққа аса қажетті әр түрлі заттар -альгин қышқылдарының тұздарын алады.Парфюмерия мен фармацевтика өндірісінде қолданылады.Жасанды смола,қағаз,жарылғыш т. б. заттарға,оларға қосуға пайдаланылады. Өте ерте уақыттан бері медицинада және тамаққа қолданылып келеді.Қазіргі уақытта қанның орнына қолданатын дәрі алуға және қанның ұюын болдырмау бағытында дәрілер алу үшін қолданумен қатар радиоактивті заттарды организмнен шығару үшін пайдаланылады. Қоңыр балдырлардың маңызы

Изображение слайда
1/1
8

Последний слайд презентации: Қоңыр балдырлар бөлімі- Phaeophyta: Назарларыңызға рахмет !!!

Изображение слайда
1/1