Презентация на тему: Қонақжайлық

Қонақжайлық
Қонақжайлық
Қонақжайлылықтың ережесі
Дастарқаны мол, пей i л i кең қазақ халқының қонақ жайлылығын бұрын-соңды қазақ даласында болған саяхатшылар, ғалымдар және қызмет бабымен келген адамдар
Қонақжайлық
Қонақжайлық
Қонақжайлық
1/7
Средняя оценка: 4.3/5 (всего оценок: 72)
Код скопирован в буфер обмена
Скачать (1243 Кб)
1

Первый слайд презентации: Қонақжайлық

Изображение слайда
2

Слайд 2

Қонақжайлық  –  қазақ   халқының   ұлттық   салт-дәстүрінің   бірі. Сонымен қатар   адамдар   арасындағы сыйластықты, бір-біріне деген   құрметті,  қамқорлықты   білдіретін, кісінің   адамгершілігін, имандылығын айқындайтын қасиет.  Адамдарды   тіліне,  дініне,  ұлтына   бөліп-жармай,  достық   ықылас   көрсетіп,  ас- дәм  беру қонақжайлықтың негізгі белгісі. Қазақ халқының қонақжайлық қасиеті мен дәстүрі шетелдік   саяхатшылар  мен  ғалымдарды   әр   уақытта   таң қалдырған. Дәстүрлі   қазақ   қоғамында әкенің   балаға   қалдыратын   мұрасының   белгілі бір бөлігі міндетті түрде   қонаққа   тиесілі енші деп есептелінген.

Изображение слайда
3

Слайд 3: Қонақжайлылықтың ережесі

Бір қызығы, алты аласы, бес бересі болмаса да қонақ үй иесі тойдырмаса, күтпесе, ашуланып жамандап кететін болған. Қазақ үшін мұны есту ұят, бетке шіркеу болған.Сондықтан халқымыз қонақты қарсы алу, шығарып салуға ерекше мән берген. Қонақты үй иесі, қарсы алып, есікті өзі ашып, үйге енгізіп, соңынан өзі кіріп есікті жабады. Бұл – қонақпен еріп келген « құт » бірге кірсін дегені Ал қонақты шығарып саларда, есікті қонақтарға аштырып, соңынан өзі жауып шығатын болған. Осы күнгідей қонақтарға есікті ашып, іштен жауап алу деген болған. Қазақ халқы қонақтарды « арнайы қонақ » ( қонақ ) « құдайы қонақ » ( жолаушылар келе жатып түстеніп не бір күн түнеп шығатын қонақ ) « қыдырма қонақ » ( алыстан ағайын, туған туыстарын арнайы іздеп келіп, бір немес бірнеше күн олардың сый-құрметін көріп қайтатын қонақ ), « қылғыма қонақ » ( қай үйден түтін шықса, қай үйге қонақ келсе, соны аңдып жүріп кеп қалатын сүйкімсіз қонақ ) деп бөлген.

Изображение слайда
4

Слайд 4: Дастарқаны мол, пей i л i кең қазақ халқының қонақ жайлылығын бұрын-соңды қазақ даласында болған саяхатшылар, ғалымдар және қызмет бабымен келген адамдар жоғары бағаланған

Изображение слайда
5

Слайд 5

Қазақ халқының бойындағы кеңдік пен дархандық, жомарттық қасиеттер елден ерекше қонақжайлық дәстүрінен айқын көрінеді. Қонаққа лайықты құрмет көрсету, қабақ шытпай қарсы алып, үйіндегі барын дастарқанға қойып күту – ежелден қалыптасқан дәстүр. Бұл тұрғыда « Қонақты құдайындай күту » әр шаңырақтың парызы саналады.

Изображение слайда
6

Слайд 6

Қонақжайлық қазақтардың ежелгі қасиеті. Бұл жөнінде XIX ғасырдың аяқ кезінде Ресей зерттеушісі Виктор фон Герн былай деп жазған болатын : « Жалпы алғанда, қазақтар осы уақытқа дейін жылы жүзділігімен, қайырымды ақкөңілділігімен және қонақжайлылық қасиетімен таңғалдырады. Мұның өзі олардың сүйегіне ежелден сіңіп кеткен керемет асыл қасиет ».

Изображение слайда
7

Последний слайд презентации: Қонақжайлық

Изображение слайда