Презентация на тему: Қоғамдық денсаулық жағдайын жақсартудағы негізгі бағыттары. Жанұя денсаулығы

Қоғамдық денсаулық жағдайын жақсартудағы негізгі бағыттары. Жанұя денсаулығы. Бала денсаулығы-әлеуметтік маңызды сырқаттылықтың шешу мәселесі болып табылады.
Қоғамдық денсаулық жағдайын жақсартудағы негізгі бағыттары. Жанұя денсаулығы.
Қоғамдық денсаулық жағдайын жақсартудағы негізгі бағыттары. Жанұя денсаулығы.
Қоғамдық денсаулық жағдайын жақсартудағы негізгі бағыттары. Жанұя денсаулығы.
АҒЫМДАҒЫ   ЖАҒДАЙДЫ   ТАЛДАУ
Қоғамдық денсаулық жағдайын жақсартудағы негізгі бағыттары.
Қоғамдық денсаулық жағдайын жақсартудағы негізгі бағыттары. Жанұя денсаулығы.
Медициналық-демографиялық жағдай және сырқаттанушылық
Қоғамдық денсаулық жағдайын жақсартудағы негізгі бағыттары. Жанұя денсаулығы.
Қоғамдық денсаулық жағдайын жақсартудағы негізгі бағыттары. Жанұя денсаулығы.
Дұрыс тамақтану мәселелері
Қоғамдық денсаулық жағдайын жақсартудағы негізгі бағыттары. Жанұя денсаулығы.
Қоғамдық денсаулық жағдайын жақсартудағы негізгі бағыттары. Жанұя денсаулығы.
Қорытынды.
Қоғамдық денсаулық жағдайын жақсартудағы негізгі бағыттары. Жанұя денсаулығы.
1/15
Средняя оценка: 4.9/5 (всего оценок: 13)
Код скопирован в буфер обмена
Скачать (137 Кб)
1

Первый слайд презентации: Қоғамдық денсаулық жағдайын жақсартудағы негізгі бағыттары. Жанұя денсаулығы. Бала денсаулығы-әлеуметтік маңызды сырқаттылықтың шешу мәселесі болып табылады

Қабылдаған:Байкенжеева Р.Қ Орындаған: Рысалиева Б.М Топ:501-ҚДС «Астана Медициналық Ун и верситеті» АҚ

Изображение слайда
2

Слайд 2

Жоспар I. Кіріспе. 1. Т ұрғындардың денсаулың мәселелері 2. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Салауатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы 3. Рациональды тамақтану 4. Салауатты өмір салтының маңызы. II. Қорытынды. III. Пайдаланылған әдебиеттер

Изображение слайда
3

Слайд 3

Қазақстандағы нарықтық қатынастың қазіргі жағдайларында әрбір адамның денсаулығы халық денсаулығының құрамдас бөлігі ретінде, оның тіршілігінің толыққанды бағасын ғана емес, сонымен қатар оның мүмкіндіктерінің әлеуетін анықтайтын факторға айналып отыр. Халық денсаулығы жағдайының деңгейі өз кезегінде, елдің әлеуметтік-экономикалық, мәдени және индустриялық даму өлшемін анықтайды. Медициналық көмек көрсетудің қолжетімділігін, уақтылығын, сапасы мен сабақтастығын қамтамасыз етуге жұмылдыратын әлеуметтік бағдарлы жүйені ұсынатын денсаулық сақтау саласы, халық әл-ауқатының бірқалыпты және тұрақты жақсаруы тұрғысынан алғанда   Республикадағы негізгі және басымдық берілетін саланың бірі болып табылады.

Изображение слайда
4

Слайд 4

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан- 2030. Барлық  қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатын жақсарту» атты Қазақстан халқына Жолдауында халықтың денсаулығын сақтау деңгейін жақсарту қажет екендігі жөнінде «Қоғамымызды құруымызға қарай азаматтарымыздың өз өмірінің аяғына дейін сау болуы және қоршаған табиғи ортаның таза болуы үшін күш салу керек» деп айтылған, ол медициналық және сол сияқты медициналық емес сипатқа ие құрамнан тұрады.

Изображение слайда
5

Слайд 5: АҒЫМДАҒЫ   ЖАҒДАЙДЫ   ТАЛДАУ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005 – 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын (бұдан әрі – Мембағдарлама) іске асыру кезеңінде мынадай нақты нәтижелерге қол жеткізілді: «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының кодексі қабылданды; тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі бойынша ең төменгі стандарттар белгіленді;  Қазақстан Республикасында 2008 – 2010 жылдарға арналған ана мен бала өлім-жітімін төмендету жөніндегі, Қазақстан Республикасында қан қызметін жетілдірудің  2008 – 2010 жылдарға арналған шаралары туралы, Қазақстан Республикасында 2006 – 2010 жылдарға арналған ЖИТС індетіне қарсы іс-қимыл, Қазақстан Республикасында 2008 – 2016 жылдарға арналған кардиологиялық және кардиохирургиялық көмекті дамыту жөніндегі, 2008 – 2016 жылдарға арналған салауатты өмір салты жөніндегі салалық бағдарламалар әзірленді және енгізілді;

Изображение слайда
6

Слайд 6: Қоғамдық денсаулық жағдайын жақсартудағы негізгі бағыттары

Изображение слайда
7

Слайд 7

Изображение слайда
8

Слайд 8: Медициналық-демографиялық жағдай және сырқаттанушылық

демографиялық жағдайды жақсарту, халықтың туу деңгейінің 18,42-ден (2005 ж.) 22,75-ке (2008 ж.) дейін артуы; өлім-жітім көрсеткішінің тұрақтануы – 9,74 (2005 ж. – 10,37); халықтың табиғи өсу коэффициентінің 1000 адамға шаққанда 13,01-ге (2005 ж. – 8,05) дейін өсуі анықталды. Республикада халықтың саны 2005 жылмен салыстырғанда 762,6 мың адамға ұлғайды және 2010 жылдың басында 16004,6 мың адамды құрады. Мембағдарламаны іске асыру кезеңінде сырқаттанушылықтың  сәл ұлғаю (1,7%) үдерісі белгіленді. Ел өңірлерінде барлық аурулар бойынша сырқаттанушылық 100 мың адамға шаққанда  Солтүстік Қазақстан -  9,7%-ға, Батыс Қазақстан - 4,0%-ға, Алматы - 3,8%-ға, Маңғыстау – 1,1%-ға, Ақтөбе облыстарында - 0,5%-ға және Астана қаласында–  7,9%-ға ұлғайғандығы байқалды. Тоғыз облыста және Алматы қаласында төмендеу байқалады.  Сырқаттанушылық құрылымында бірінші орынды тыныс алу органдарының аурулары (39,37%), екінші – жарақаттанушылық пен уланулар (6,88%), үшінші – несеп-жыныс жүйелерінің аурулары (6,86%), одан кейін асқорыту ағзаларының аурулары (6,46%), тері және теріасты жасушаларының аурулары (6,08%), қан және қан өндіру ағзаларының аурулары (4,24%), қанайналым жүйесінің аурулары (3,72%), инфекциялық және паразиттік аурулар (3,24%), басқа да аурулар (23,14%) алады. Демографиялық жағдайдағы оң қозғалыстарға қарамастан, ана мен бала денсаулығының төмен деңгейі сақталуда. Ұрпақты болу денсаулығы өзекті проблема күйінде қалып отыр, 16%-ға дейінгі некелер бедеу болып отыр. Бұл көбінесе жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың (ЖЖБИ) кеңінен таралушылығына және аборттардың жоғары деңгейіне байланысты, бұл өз кезегінде халықтың, әсіресе жас адамдардың қауіпсіз жыныстық мінез-құлқымен анықталады. Тіркелген жағдайлардың статистикасына сәйкес елдегі 4 жүктіліктің 1-уі жасанды үзумен аяқталады. 15 жастан 19 жасқа дейінгі жасөспірім қыздардың босану жиілігінің ұлғаю үдерісі бар және 2008 жылы 1000-ға шаққанда 31,1 құрады. Аналар өлім-жітімінің негізгі себептері (100 мың тірі туғандарға шаққанда 2005 ж.-40,5; 2009 ж.-36,9) акушериялық қан кетулер, гестоздар, экстрагениталдық патологиялар болып отыр. Аналар өлім-жітімінің ең жоғары өлім-жітімі 2009 жылғы 100 мың тірі туғандарға шаққанда Атырау облысында - 57,0. Орта республикалық деңгейден айтарлықтай жоғары көрсеткіш Маңғыстау облысы бойынша 55,9 және Қызылорда облысы бойынша 42,6 құрады.  2005 жылы нәрестелер өлім-жітімінің деңгейі 1000 тірі туғандарға шаққанда 15,1 құрайды. 2008 жылдан бастап тірі туу және өлі туу өлшемдерін енгізу арқылы нәрестелер өлім-жітімінің  20,7-ні құрады және 2009 жылы 1000 тірі туғандарға шаққанда 18,4-ке дейін төмендеу үрдісі анықталды.   Нәрестелер өлім-жітімінің негізгі себептері перинаталдық кезеңде туындаған жағдайлар болып табылады (60,4%). Нәрестелердің өлім-жітімі құрылымында екінші орынды  туа біткен патология алады, бұл жүргізілген ерте диагностиканың (туа біткен патологияны анықтау мәніне жүкті әйелдердің скринингі) жеткіліксіздігінің, ата-аналарының салауатты өмір салтын сақтамайтындығының және республиканың тұтасымен бірқатар өңірлерінде қолайсыз экологиялық жағдайдың дәледі.

Изображение слайда
9

Слайд 9

2015 жылға қарай: Халықтың күтілетін өмір сүру ұзақтығын 70 жасқа дейін ұлғайту;  ана өлім-жітімі 1,5 есе төмендейді; нәрестелер өлім-жітімі 1,5 есе төмендейді; жалпы өлім-жітім 15 %-ға төмендейді; туберкулез ауруы 10 %-ға төмендейді; медициналық ұйым және дәрігерді еркін таңдау жүйесі енгізілді; тұрғылықты жеріне қарамай тегін медициналық берілетін кепілді көлемі шеңберінде медициналық қызметтерді алуда республика азаматтарына тең жағдайлар жасалды;  халықтың жеке формалды емес төлемдерінің деңгейі төмендеді және тегін медициналық көмектің кепілді көлемінің жұмыс істеп тұрған жүйесімен қатар қосалқы ақы төлеу тетігі енгізілді;  денсаулық сақтауға инвестициялардың тиімділігінің бағасы әзірленді; тиімді тарифтік саясат енгізілді; медициналық-санитариялық алғашқы көмек шеңберінде медициналық қызметтердің  30 %-н жалпы практика дәрігерлері ұсынады; стационарлық көмекті негізінен көп бейінді стационарлар көрсетеді; тегін медициналық көмектің берілетін кепілді көлемін көрсетуде пайдаланылатын дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарға әсіресе ауылдық жерде қол жетімділігі артты; денсаулық сақтаудың мемлекеттік ұйымдары сатып алатын дәрілік заттарға бағаны мемлекеттік реттеу енгізілді; дене тәрбиесі және спортпен айналысатын азаматтарды қамту, 25 %-ға дейін көбейді; дене тәрбиесі және спортпен айналысатын балалар мен жасөспірімдерді қамту 12 %-ға  көбейді; халық арасында темекі шегу, есірткі және алкогольді тұтыну 15%-ға төмендеді.

Изображение слайда
10

Слайд 10

Бағдарламаны іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері Салауатты өмір салты және мінез-құлық факторларымен түсіндірілген әлеуметтік-елеулі аурулар деңгейін төмендету мәселелері бойынша сектораралық өзара іс-қимыл Ағымдағы жағдайға талдау Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (бұдан әрі – ДДҰ) деректеріне сай Қазақстанда қауіптің жеті жетекші факторына созылмалы аурулардың жалпы ауыртпалығы дерлік 60 %: темекі шегу (13,4 %), алкогольді қауіпті дозада  тұтыну (12,8 %), жоғары артериалды қысым (12,3 %), гиперхолестеринемия (9,6 %), артық дене салмағы (7,4 %), жемістер мен көкөністерді  жеткіліксіз тұтыну (5,5 %), төмен дене белсенділігі (3,5 %). Қазақстанда жүргізілген социологиялық зерттеулер мен скринингтік тексерулер нәтижелері бойынша (СӨСҚПҰО, 2007 ж.) темекі шегудің  таралуы  27 %-ды, алкоголь – 18,5 %, артық дене салмағы (36%), жемістер мен көкөністерді  жеткіліксіз тұтыну (87,7 %), төмен дене белсенділігі (88 %). Қауіп факторларының жоғары таралуы созылмалы инфекциялық емес аурулардың жоғары таралуын құрады. Атап айтқанда, осы аурулар, сондай-ақ қайғылы оқиғалар мен уланулар Қазақстан халқының сырқаттанушылығы мен өлім-жітімінің рейтингісінің басында. Бұған  мыналар: салауатты өмір салтын жүргізу, аурулардың профилактикасы және дұрыс тамақтану мәселелерінде халықтың  жеткіліксіз ақпараттануы мен уәждемесі; білім беру жүйесінде дене тәрбиесі сабақтарының жеткіліксіз саны; спорттық-сауықтыру және жаттықтыру залдарына қаржылық жетімсіздік; дене тәрбиесі сабағы және спортпен айналысуға жеткіліксіз жағдай, велосипед жолының болмауы және арнайы жарақталған аула алаңдарының жетіспейтінін қосқандағы жеткіліксіз жағдайлар себепші  болады.

Изображение слайда
11

Слайд 11: Дұрыс тамақтану мәселелері

Дұрыс тамақтану және тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі қоғамдық денсаулық, өмір сапасы, ұзақ жасау, еңбек және әлеуметтік белсенділік деңгейін анықтайтын негізгі факторларға жатады. Тиімсіз және сапасыз тамақтану иммунитеттің төмендеуіне және еңбек өнімділігін төмендетуге, дене және  ақыл-ой дамуының бұзылуына, инфекциялық және инфекциялық емес аурулардың денсаулыққа қауіпті тұтас қатарының пайда болуына әкеледі. Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымының  (ДДҰ) деректері бойынша өлім-жітімнің барлық себептерінің 60 % тамақтанудың   сондай және өзге де бұзушылықтарымен, ал 75-80 % зиянды экологиялық факторлардан, соның ішінде канцерогендерден, адам ағзасына тамақ өнімдері және  ауызсумен түседі. Қазақстанда халықтың тамақтануы қазіргі уақытта мына негізгі көрсеткіштермен сипатталады:  Ұлттық және өңірлік зерттеулермен  жануарлардағы ақуыз, өсімдік майлары, жемістер мен көкөністер, тамақ талшықтары, дәрумендер, әсіресе  А,С және В тобы дәрумендері, сондай-ақ минералды заттар, әсіресе кальций, темір, йод, мырыш,  сондай-ақ калорияларды, жануарлар майы, тәттілер және тұзды артық тұтыну  жеткіліксіз түрінде республика тұрғындарының көп бөлігінің тамақтануында маңызды кемшіліктер анықталды. Бұл осындай қауіпті аурулар жүректің ишемиялық ауруы, гипертониялық ауру, миокард инфарктісі, инсульт, обырдың жеке түрлері, қант диабеті, семіздік, остеопороз, темір тапшылығы анемиясы және т.б. дамуында тамақтану факторлары шешуші болып табылатын тұрақты тенденцияға әкеледі.

Изображение слайда
12

Слайд 12

Балалардың денсаулығын қалыптастыратын негізгі факторлар мыналар: Ата-аналардың денсаулығы мен конституциясына әсер етуші (әсіресе аналарға жүкті болғанға дейін әсер ететін) факторлар; Генетикалық (тұқым қуалағыштыққа әсер етуші) факторлар; Ауаның, судың, топырақтың санитарлық-гигиеналық сипаты; Тамақтану жағдайы; Жанұя тұрмыстық факторлар: жанұяның құрамы, тұратын мекен жайдың сипаттамасы, орташа кіріс мөлшері, жанұя тұрмысы және сәбидің күтімі, жанұяның психологиялық климаты, зиянды әдеттердің (шылым шегу, арақ құмарлық т.с.с.) болуы; Сәбидің мектепке дейінгі мекемелерде болу жағдайының санитарлық-гигиеналық сипаты.

Изображение слайда
13

Слайд 13

Іс жүзінде өсіп келе жатқан организмдердің денсаулық жағдайы мен өсіп, дамуына ең көбірек әсер ететін әлеуметтік-гигиеналық факторлардың практикалық мақсатқа арнап шартты түрде жасалған жіктемесін (А.Г.Сухарев) қолдануға болады: Қолайлы факторлар: а) ең жақсы қимыл-қозғалыс тәртібі; б) шынығу; в) дұрыс, балансты тамақтану; г) рационалды күн тәртібі; д) қоршаған орта әсерінің гигиеналық нормаларға сәйкес болуы; е) гигиеналық дағдылар және дұрыс тұрмыс-қалыпта өмір сүру. Қолайсыз факторлар ("қауыптілік" факторлары): а) қимыл-қозғалыс қажеттілігінің жеткіліксіздігі, немесе шамадан тыс жоғары болуы; б) оқу-тәрбие процесстерінің және күн тәртібінің бұзылуы; в) ойын, оқу және еңбек іс-әрекеттеріне қойылатын гигиеналық талаптардың орындалмауы; г) тамақтануды ұйымдастырудағы кемшіліктер; д) гигиеналық дағдылардың болмауы, зиянды әдеттермен айналысу; е) жанұядағы және балалар ұжымдарындағы қолайсыз психологиялық климат.

Изображение слайда
14

Слайд 14: Қорытынды

Өркениетті елдерде денсаулық, салауатты өмір салты және отбасын жоспарлау мәселелеріне үлкен назар аударылды. Өйткені, отбасы денсаулығы-бұл мемлекеттің денсаулығы. Ана мен бала саулығын қорғау-халық денсаулығының қорғаудың өзекті мәселелерінң бірі. Бала-біздің болашағымыз. Сәбидің дүниеге келуін тек жанұя ғана емес, мемлекет пен тұтас қоғам да мүдделі. Еліміздің өркендеп дамуы үшін кем дегенде әрбір жанұяда 2-3 бала болуы тиіс. Егер бір ғана баладан болса тұрғындар «қартаяды», кәрі адамдардың үлес салмағы артады. Бұл мемлекен экономикасы мен әрбір адамның жеке тұрмысына зиян. Сондықтан мемлекеттің негізгі міндеті- дені сау сәбилердің туылуына қолайлы экономикалық жағдац жасау. Ол жас отбасылан қолдауға, әсіресе сәби туылғанда заңдық актілер мен өлшемдер жүйелерін реттеуге көмектесу; жүкті әйелдердің денсаулығын медициналық және әлеуметтік жағынан қорғау.

Изображение слайда
15

Последний слайд презентации: Қоғамдық денсаулық жағдайын жақсартудағы негізгі бағыттары. Жанұя денсаулығы

Пайдаланылған әдебиеттер 1. Лисицин Ю.П.Общественное здороье и здравоохранение. – 2-е изд., перераб.и доп..- М.: ГЭОТАР-Медиа,2007.-512с. 3.Общественное здороье и здравоохранение./Под ред.В.А. Минякова.- Н.И.Вишнякова.- М.:МЕДпресс-информ,2003-528с. 4. Юреьв В.К., Куценко Г.И. Общественное здороье и здравоохранение. С.-Петербург, 2000.-914с. Қосымша: 5. Медик В.А. Заболеваемость населения: история, современное состояние и методология изучения.- М.: Медицина, 2003-512с. 6. Медик В.А Рукаводство по статистике здоровья и здравоохранения.- М.: Медицина,2006.-528с. 7. Шарманов Т.Ш. Мировое здравоохранение до и после великой Алма-Атинской конференции. –Алматы-Вашингтон-Женева,2003.-143с.

Изображение слайда