Презентация на тему: Қызыл иек, пародонт қабынуларының, пародонтоздың, пародонттың ісік тәрізді және

Реклама. Продолжение ниже
Қызыл иек, пародонт қабынуларының, пародонтоздың, пародонттың ісік тәрізді және идиопатикалық ауруларының клиникасы, диагностикасы, салыстырмалы диагностикасы,
Қызыл иек, пародонт қабынуларының, пародонтоздың, пародонттың ісік тәрізді және
Қызыл иек, пародонт қабынуларының, пародонтоздың, пародонттың ісік тәрізді және
Дифференциалды-диагностикалық белгілері:
Қызыл иек, пародонт қабынуларының, пародонтоздың, пародонттың ісік тәрізді және
Қызыл иектің катаральды жедел қабынуы
Қызыл иектің катаральды созылмалы қабынуы
Қызыл иектің катаральды созылмалы қабынуының өршуі
Қызыл иектің өсе қабынуы
Қызыл иектің өсе қабынуының ісінген түрі
Қызыл иек, пародонт қабынуларының, пародонтоздың, пародонттың ісік тәрізді және
Қызыл иектің өсе қабынуының фиброзды түрі
Патологиялық анатомиясы:
Қызыл иектің жаралана қабынуы
Қызыл иек, пародонт қабынуларының, пародонтоздың, пародонттың ісік тәрізді және
Қызыл иек, пародонт қабынуларының, пародонтоздың, пародонттың ісік тәрізді және
Қызыл иек, пародонт қабынуларының, пародонтоздың, пародонттың ісік тәрізді және
Пародонт қабынуы
Қызыл иек, пародонт қабынуларының, пародонтоздың, пародонттың ісік тәрізді және
Қызыл иек, пародонт қабынуларының, пародонтоздың, пародонттың ісік тәрізді және
Пародонттың жедел қабынуы
Қызыл иек, пародонт қабынуларының, пародонтоздың, пародонттың ісік тәрізді және
Қызыл иек, пародонт қабынуларының, пародонтоздың, пародонттың ісік тәрізді және
Пародонттың созылмалы жайыла қабынуы
Қызыл иек, пародонт қабынуларының, пародонтоздың, пародонттың ісік тәрізді және
Қызыл иек, пародонт қабынуларының, пародонтоздың, пародонттың ісік тәрізді және
Қызыл иек, пародонт қабынуларының, пародонтоздың, пародонттың ісік тәрізді және
Пародонтит
Қызыл иек, пародонт қабынуларының, пародонтоздың, пародонттың ісік тәрізді және
Қызыл иек, пародонт қабынуларының, пародонтоздың, пародонттың ісік тәрізді және
Қызыл иек, пародонт қабынуларының, пародонтоздың, пародонттың ісік тәрізді және
Пародонттың созылмалы қабынуының өршуі
Қызыл иек, пародонт қабынуларының, пародонтоздың, пародонттың ісік тәрізді және
Тексеру әдістер:
Патологиялық өзгерістер:
Асқынулар:
Қызыл иек, пародонт қабынуларының, пародонтоздың, пародонттың ісік тәрізді және
Ремиссия сатысы:
Пародонтоз
Қызыл иек, пародонт қабынуларының, пародонтоздың, пародонттың ісік тәрізді және
Қызыл иек, пародонт қабынуларының, пародонтоздың, пародонттың ісік тәрізді және
Қызыл иек, пародонт қабынуларының, пародонтоздың, пародонттың ісік тәрізді және
Қызыл иек, пародонт қабынуларының, пародонтоздың, пародонттың ісік тәрізді және
Идиопатиялық аурулар
Қызыл иек, пародонт қабынуларының, пародонтоздың, пародонттың ісік тәрізді және
Қызыл иек, пародонт қабынуларының, пародонтоздың, пародонттың ісік тәрізді және
Қызыл иек, пародонт қабынуларының, пародонтоздың, пародонттың ісік тәрізді және
Қызыл иек, пародонт қабынуларының, пародонтоздың, пародонттың ісік тәрізді және
Пародонтомалар
1/49
Средняя оценка: 4.9/5 (всего оценок: 39)
Код скопирован в буфер обмена
Скачать (5810 Кб)
Реклама. Продолжение ниже
1

Первый слайд презентации: Қызыл иек, пародонт қабынуларының, пародонтоздың, пародонттың ісік тәрізді және идиопатикалық ауруларының клиникасы, диагностикасы, салыстырмалы диагностикасы, патологиялық анатомиясы

Изображение слайда
1/1
2

Слайд 2

Изображение слайда
Изображение для работы со слайдом
1/2
3

Слайд 3

Қызыл иек қабыну –жергілікті тітіркендіруші жалпы факторлардың кері әсерінен пайда болатын жіне тіс-қызылиек байламының бүтіндігінің сақталуымен сипатталатын үрдіс.

Изображение слайда
1/1
4

Слайд 4: Дифференциалды-диагностикалық белгілері:

1. Көбінесе балаларда және жас адамдарда кездеседі. 2. Тістердің беттерінде минералданбаған ( тіс қағы, ас қалдықтары ) және тіс тастары анықталады. 3. Гигиена индексінің көрсеткіштері қызыл иек қабынуымен тікелей байланыста болады. 4. Қызыл иектің қалта болмайды. 5. Рентген суретте тіс аралық қалқанша сүйектерде және жақ сүйектерде өзгерістер және бұзылу үрдістер байқалмайды. 6. Науқастың жалпы жағдайы өзгермейді, тек қызыл иектің жаралана қабынуынң немесе созылмалы өршуінің түрлерінде аурудың дәрежесіне байланысты әр түрлі деңгейдегі организмінің интоксикациясы байқалады.

Изображение слайда
1/1
5

Слайд 5

Катаральды қабынуыда жеңіл дәрежесінде көбінесе тіс аралық бүртіктері қабынады; орта дәрежесінде – тіс аралық бүртіктері және қызыл иек жиегі, ауыр дәрежесінде – альвеолярлы қызыл иек қабынады. Қызыл иектің шектелген ( ошақты ) қабыну дегеніміз – егер қызыл иек бір немесе бірнеше тістердің төңірегінде қабынып тұрса.

Изображение слайда
1/1
6

Слайд 6: Қызыл иектің катаральды жедел қабынуы

Көбінесе балаларда жедел респираторлы инфекциялық аурулар кезінде кездеседі. Бұл аурудың симптомдары балаларда тістердің жарып шыққан және сүт тістері уақытта да байқалады. Науқас адамдарда бұл ауру қызыл иектің ісінуімен, қызаруымен, қанағыштығымен және ауыру сезімімен сипатталады.

Изображение слайда
1/1
7

Слайд 7: Қызыл иектің катаральды созылмалы қабынуы

Клиникасы байқаусыз басталады. Науқастар қызыл иектің көбінесе тістерді тазаланған кезде қанағыштығына, қызыл иек бүртіктернің пішіндерінің және түстерінің өзгеруіне шағымданады. Қарап тексергенде: қызыл иек қызарып көкшілденген, бүртіктері ісінген, оларды зондпен тиіп кеткенде қанағыштығы байқалады. Пародонт қалталар жоқ. Тістердің беттерінде тіс қақтары, сирек кезде –тіс тастары болуы мүмкін. Тістердің мойын бөліктері ашылмаған, олардың патологиялық қозғалыштығы байқалмайды. Қосалқы тексеру әдістерінің мәтіметтері: қызыл иек сұйықтығының мөлшері көбееді, Шиллер-Писарев сынамасы оң болады, қызыл иекте гематома пайда болу уақыты қысқарады, ауыз қуысында лейкоциттердің және эпителиальды клеткалардың саны көбееді, реография: қан тамырларының тонусының және эластикалық қасиеті төмендеген.

Изображение слайда
1/1
Реклама. Продолжение ниже
8

Слайд 8: Қызыл иектің катаральды созылмалы қабынуының өршуі

Әдетте зиянкестік жергілікті немесе жалпы факторлардың әсерінен пайда болады ( стресс, тоңазу, жалпы соматикалық аурулардың өршуі ж.т.б. ). Бұл ауру қызыл иектің қатты қызаруымен, ісінуімен және ас қабылдағанда күшейетін ауыру сезімімен сипатталады. Зондпен тиіп кеткенде қызыл иек тез қанайды. Науқастың жалпы жағдайы нашарлауы мүмкін ( әлсіздік, дене қызыуы ). Қосалқы тексеру әдістерінің көрсеткіштері қызыл иектің катаральды қабынуындай, бірақ полярография әдіспен текмерген кезде қызыл иекте өттегінің кернеуі жоғарылайды. Салыстармалы диагностикасы: пародонттың жайылмалы қабыуныумен бірге жүретін қызыл иектің симптоматикалық катаралды қабынуынан және қызыл иектің өсе қабынуының жеңіл дәрежелі түрінен.

Изображение слайда
1/1
9

Слайд 9: Қызыл иектің өсе қабынуы

Бұл қызыл иектің өсуімен сипатталатын қызыл иектің созылмалы қабыну үрдіс. Таралуына қарай жайымалы және ошақты болады, және аурудың екі түрі кездеседі – ісінген және фиброзды. Аурудың жеңіл дәрежесінде қызыл иек тіс сауытының 1/3 бөлігіне дейін өсіп кетеді, орта дәрежеде – ½ бөлігіне дейін, ауыр – 2/3 бөлігін немесе түгел жауып өсіп кетеді. Қызыл иектің өсе ошақты қабынуы әдетте әр түрлі жергілікті тітіркендіруші факторлардың әсерінен пайда болады ( дұрыс қойылған пломбалар, жасанды сауыттар, тістердің дұрыс орналасуы және т.б. ). Қызыл иектің өсе жайымалы қабынуы көбінесе эндокриндік жүйенің аурулар кезінде, жүқтілік кезінде, жас өспірімдерде, пубертатты кезенде, дифенин препараттарын қабылдаған кезде ( көбінесе талма ауыру кезінде ), С гиповитаминоз кезінде.

Изображение слайда
1/1
10

Слайд 10: Қызыл иектің өсе қабынуының ісінген түрі

Науқастар қызыл иектің өсіп кетуіне, оның қанағыштығына, ас қабылдаған кезде күшейетін, ауру сезіміне, ауыз қуысынан жағымсыз иіс шығуына шағымданады. Қарағанда: қызыл иек бүртіктері үлкейген, көкшіл түсті, беттері жылтыр, тіс қақтары көп мөлшерде, зондпен тиіп кеткенде тез қанайды және жалған қалталар байқалады. Тіс-қызыл иек байламы бұзылмаған. Қосалқы тексеру әдістерінң көрсеткіштері ауырлығы әр түрлі қызыл иектің қабыну үрдісіне сәйкес болып келеді ( Шиллер-Писарев, Айнамо сынамалары оң болады, гематома пайда болатын уақыты қысқарады және т.б. ). Салыстырмалы диагностикасы: лародонттың жайылмалы қабынуымен бірге жүретін қызыл иектің симптоматикалық өсе қабынуынан, жеңіл түрін – қ.и. катаральды созылмалы қабынуымен.

Изображение слайда
1/1
11

Слайд 11

Изображение слайда
1/1
12

Слайд 12: Қызыл иектің өсе қабынуының фиброзды түрі

Науқастар қызыл иек пішінінің бір түрлі болып өсіп кетуіне шағымданады. Қарағанда: қызыл иек бүртіктері өсіп кеткен, басып тексергенде тығыз, түсі өзгермеген ( ақшыл-қызыл ), қанағышты байқалмайды және жалған қалталар анықталады. Қосалқы тексеру әдістерінің көрсеткіштері қызыл иектің қабыну үрдісіне сәйкес болады. Салыстырмалы диагностикасы: қызыл иектің фиброматозымен, эпулистен ажырату керек.

Изображение слайда
1/1
13

Слайд 13: Патологиялық анатомиясы:

Өсе түрінде: қызыл иектің бүртіктерінің дәнекер тіні ісінген, қан тамырлары кеңейген, лейкоплазмоцитарлы инфильтрация байқалады. Фиброзды түрінде: мүйіздену үрдістері бұзылады, паракератоз белгілері байқалады, ақантоз, қабыну инфильтрациясы азаяды.

Изображение слайда
1/1
14

Слайд 14: Қызыл иектің жаралана қабынуы

Бұл ауру көбінесе жас адамдарда жаопы аурулармен ауырып шыққан ( грипп, ангина ), уланудан кейін, дұрыс тамақтанбаудан, гиповитаминоздар кезінде, ақыл тістердің шыққан кезде болцы мүмкін. Бұл аурудың қабыну үрдісі және таралуы организмнің интоксикациясына байланысты. Жеңіл дәрежедегі қызыл иектің ошақты жаралана қабынуыда организмнің жалпы өзгерістер байқалмайды. Ауыз қуысында қызыл иек жиегінің жарты бөлігі өліеттенген қақпен жабылған, оны алып тастағаннан кейін қанаған бет ашылады.

Изображение слайда
1/1
Реклама. Продолжение ниже
15

Слайд 15

Орта дәрежеде патологиялық үрдісте тісаралық, маргиналды және альвеолярлы қызыл иек жартылай ұшырады. Бұл кезде ауыру сезіиі күшееді, ас қабылдауы қиындайды, ауыз қуысынан нашар иіс шығады, аздаған әлсіздік, науқастану байқалады. Аурудың жедел жайылмалы дәрежесінде науқастардың шағымы: бас ауруы, сырқаттануы, тәбетінің бұзылуы, дене қызуының көтерілуі, жұмыс қабілеттілігінің төмендеуі, ауыздан шірік иіс шығуы, қызыл иектің ауыруы, қанағаштығы, ас қабылдаудың қиындауы, сілекейдің аз бөлінуіне. Қарап тексергенде: науқастар ауыр сырқат пен ауырған адамдарға ұқсайды, әлсіз, тершен. Бет-әлпеті бозарған, жер түстес, дене t – сы 38-39 С дейін жоғарлаған, шырышты қабаты ісінген, қызарған, қызыл иек бүртіктері бір немесе екі жақ бойымен өліеттенген. Сақталып қалған қызыл иек кір-сүр түсті, фибринді қақпен жабылған, оны алып тастағаннан кейін қанағыш жаралы бет ашылады. Тіл қақпен жабылған, жұмсақ тіс қағы көп мөлшерде. Қан анализінде лейкоцитоз, лейтоцитарлы формуласының сол жаққа қарай жылжуы байқалады.

Изображение слайда
1/1
16

Слайд 16

Изображение слайда
1/1
17

Слайд 17

Диагноз қою үшін бұл ауруды қан аурулары ( лейкоз, агранулоцитоз ) кезінде симптом ретінде кездесетін қызыл иектің жараланған зақымдануынан ажырата білу керек, себебі осе екі аурудың кейбір клиникалық белгілері ұқсас болады. Қосалқы тексеру әдістері жүргізген жөн: - қанның клиникалық анализін анықтау - бактериоскопиялық тексеру өткізу – бұл жағдайда құрамында көбірек фузобактериялар мен спирохеталар кездесетін аралас микробты флора анықталады. - патоморфологиялық әдіспен тексерген кезде қызыл иектің шырышты қабатының бетінде жаралы ақаулар байқалады. Өліеттенген қызыл иектің жоғары қабаттарында қөп мөлшерде микробты флора кездеседі. Эпителий қабатында акантоз белгілері, ал эпителий асты қабатында- лейкоцитарлы инфильтрациясы, плазморрагия белгілері, толықша жасушаларының саны көбейеді, коллаген талшықтары бұзылған, қан тамырлары кеңейген. Салыстырмалы диагностикасы: жаралана-өліеттене Венсан гингивитімен, қан ауруларымен, ақыл тістің шыққан кезде симптомдармен.

Изображение слайда
1/1
18

Слайд 18: Пародонт қабынуы

Пародонт құрамына кіретін тіндер жиынтығындағы қабыну белгілері бар және деструкциялық өзгерістермен сипатталатын үрдісті пародонт қабынуы деп атайды.

Изображение слайда
1/1
19

Слайд 19

Изображение слайда
1/1
20

Слайд 20

Пародонт қабынуына тән негізгі белгілері: - ауру көбінесе 30-40 жастан асқан адамдарда кездеседі; - қызыл иекте қабыну белгілері болады, бірнеше жылға созылған; - пародонт қалтаса анықталады; - гиперестезия, тіс тіс мойыны жалаңаштанады; - көп мөлшерде қызыл иек асты тіс тасы жиналады; - тістердің қозғалыштығы 2-3 дәрежесі - рентгенограммада тісаралық қалқан сүйекте деструкциялық өзгерістер байқалады; - пародонттағы созылмалы қабынудың өршуі абцсестенумен сипатталады.

Изображение слайда
1/1
21

Слайд 21: Пародонттың жедел қабынуы

Созылмалы түрімен салыстырғанда сирек кездеседі және әдетте шектелген ( ошақты ) бір тістің төңірегінде болады, аурудың негізгі себебі – пародонт тіндерінің механикалық әсерлерден жарақаттануы ( дұрыс қойылмаған пломбалар, жанасу бетіндегі түйісу орнының бұзылуы, жасанжы сауыттар кигізгенде тіс-қызылиек байламының бұзылуы немесе белсенді ортодонтиялық шараларды жүргізген кезде және т.б. ). Науқас өз бетімен пайда болатын қатты ауыру сезіміне және қызыл иектің қанағыштығына шағымданады. Қарап тексергенде: қабыну ошағындағы тістің төңірегіндегі қызыл иек қызырған, ісінген, шұқығышпен тиіп кеткенде қанайды, пародонталды қалта бар, олардың ішіне сарысулы немесе іріңді жалқық жиналған. Сүйек тіні деструкцияға ұшырайды.

Изображение слайда
1/1
22

Слайд 22

Созылмалы жайыла қабынуы көбірек кездеседі. Бұл ауру ұзақ уақытқа, бірнеше жылға созылады және қызыл иектің ұзақ уақыт қабынуы салдарынан пародонттың қорғаныс қызметі бұзылады. Аурудың клиникалық ерекшеліктері, патологиялық үрдістің таралуы, ағымы, организмнің жалпы жағдайына және оның реактивтілігіне байланысты болады. Организмнің реактивтілілігі төмендесе, қосымша аурулар пайда болса, екіншілік инфекция қомылса пародонт тіндеріндегі қабыну үрдісі өршиді.

Изображение слайда
1/1
23

Слайд 23

Изображение слайда
1/1
24

Слайд 24: Пародонттың созылмалы жайыла қабынуы

Жеңіл дәрежесі: науқастың шағымы аса көп болмайды, анда-манда қызыл иекте пайда болатын қанағыштық – әдетте тіс тазалаған кезде, кейде ауыздан жағымсыз иіс шығуына, қызыл иекте ыңғайсыздық сезім пайда болауна, тіс тастарының жиналуына. Қарағанда: патологиялық өзгерістер көбінесе алдыңғы тістердің және бір немесе екі жақтың азу тістерінің төңірегінде байқалады. Бұл жерлерде тісаралық қызыл иек және оның жиектік бөлігінің жартысы көкшілденіп қызарған, ісінген және тереңдігі 3,5 мм-ге лейін пародонталды қалталар анықталады. Тістердің патологиялық қозғалыштығы жоқ. Жұмсақ және қатты тіс шөгінділері анықталады. Рентгенограммада тісаралық қалқан сүйектердің ұштарындағы кортикалды пластинкасы сорылған және олардың биіктігі түбірдің 1/3 бөлігіне дейін деструкцияға ұшырған, остеопороз ошақтары бар. Науқастың жалпы жағдайы өзгеріссіз.

Изображение слайда
1/1
25

Слайд 25

Орта дәрежесінде: науқастың шағымы көбірек болады- жеңіл түрімен салыстырғанда: тістерді тазалағанда, қатты тамақ жеген кезде, қызыл иектің қаңағыштығына, қызыл тектің түсінің және түрінің өзгергендігіне шағымданады. Қарап тексергенде: тісаралық қызыл иек көкшілденіп-қызарған, қызыл иек бүртіктерінің пішіні өзгерген, олар ісінген және тістермен тығыз байланыспаған, тістердің мойның тығыз жауып тұрмайды. Тиіп кеткенде қызыл иек қанайды. Тереңдігі 4-5 мм-ге дейін пародонталды қалталар анықталады. Олардың ішінен сарысулы, сирек кезде іріңді жалқық шығып тұрады, грануляциялық тіндер байқалуы мүмкін. Тістердің мойын бөліктері және түбірлері ¼ бөлігіне дейін жалаңаштанған. Тістердің қозғалғыштығы I немесе II дәрежеде, тіс шөгінділері ( қызыл иек үсті және қызыл иек асты ) көп мөлшерде жиналған. Кейде жергілікті жарақаттаушы факторлар болуы мүмкін ( тістердің орналасуының және тіс айқасуының ауытқулары, дұрыс қойылмаған пломбалар, ортопедиялық конструкциялар және т.б. ). Рентгенограммада: тісаралық қалқан сүйектер түбірдің ½ бөлігіне дейін деструкцияға ұшыраған, остеопороз ошақтар анықталады, мойын бөлігінің периодонт саңылауының кеңеюі анықталады.

Изображение слайда
1/1
26

Слайд 26

Изображение слайда
1/1
27

Слайд 27

Изображение слайда
1/1
28

Слайд 28: Пародонтит

Изображение слайда
1/1
29

Слайд 29

Изображение слайда
1/1
30

Слайд 30

Изображение слайда
1/1
31

Слайд 31

Ауыр дәрежесінде: науқастар қызыл иектің қанағыштығына, ас қабылдағанда ауыру сезіміне, ас шайнаудың қиындауына ( тістердің қозғалыштығымен байланысты ), тістердің орналасуының өзгеруіне, тістердің араларының ашылуына, ауызынан нашар иіс шығуына, қызыл иекте ірің пайда болуына шағымданады. Қарап тексергенде: науқастың жалпы жағдайы өзгереді. Ауыз қуысында қызыл иек қызарған, ісінген, қызыл иек бүртіктері тістермен тығыз байланыспаған. Шұқып тексергенде терең пародонталды қалталар- 5-7 мм және одан терең анықталады, олардың ішіне сарысулы іріңді жалқық, грануляциялық тін жиналған. Тістердің түбірлері жалаңашталған, қозғалыштығы II-III дәрежесінде. Тістер желпеуіш тәрізді орналасады. Тремалар, диастемалар, травматикалық оққлюзия байқалады. Тіс шөгінділері, тіс қағы көп мөлшерде жиналады. Рентгенограммада: тіс аралық қалқан сүйектің түбірдің ½ бөлігіне дейін және одан да көбірек сорылғаны анықталады, остеопороз ошақтары және сүйек қалталары байқалады. Тістердің арасы ашылған, кейбір тістер ұясынан шыққан, жан-жаққа қисая орналасқан. Периодонт саңылауы түбір ұясында кеңейген.

Изображение слайда
1/1
32

Слайд 32: Пародонттың созылмалы қабынуының өршуі

Пародонттағы өтетін қабыну үрдісінің белсенді ағымымен сипатталады, яғни дамуы жылдамдайды. Клиникалық белгілері жедел түріндегідей және көбінесе пародонт қабынуының орта, ауыр дәрежелерінде кездеседі. Науқастар қызыл иекте сыздаған ауыру сезімінің пайда болуына, қызыл тектің қанағытығының ұлғайғанына, пародонт қалталарының іріңдеп тұрғанына, жалпы жағдайының өзгеруіне ( әлсіздік, дене қызыуның көтерілуі және т.б. ) шағымданады. Қарап тексергенде: қызыл тектің барлық бөлігі қызарған, ісінген, сипап тексергенде ауырады, пародонт қалталарынан іріңді жалқық шығады. Пародонттың созылмалы қабынуның өршуі – абсцесстенуімен асқынуы мүмкін. Абсцесс пайда болған жерде қызыл иек томпайып ісінеді, қызарады. Кейде абсцесс өз бетімен жарылып, қызыи иек бетінде жыланкөз ашылады. Ол мойын бөлігіндегі қызылиекке жақын орналасады ( периодонт қабынуынан айырмашылығы ).

Изображение слайда
1/1
33

Слайд 33

Изображение слайда
1/1
34

Слайд 34: Тексеру әдістер:

Пародонттың созылмалы қабынуын және оның өршуін сатысын, пародонт тіндерінің қабынуын қосалқы тексеру әдістерінің мәліметтері бойынша анықтайды: Шиллер-Писарев, Айнамо сынамалары, Рассель бойынша пародонтальды тндекс оң болады, қызыл иекте гематома пайда болатын уақыты қысқарады, ауыз қуысына қарай жосыған лейкоциттердің саны көбейеді, қызыл иек сұйыөтығының мөлшері көбейеді. Реопародонтограммада – пародонт тіндерінде қан айналымы нашарлайды, көк тамырларда қан жүруі баяулайды. Полярографияда – тінаралық сұйықтықта өттегінің кернеуі төмендейді. Эхоостеометрия – сүйек тінінің тығыздығының төмендеуін мәліметтейді.

Изображение слайда
1/1
35

Слайд 35: Патологиялық өзгерістер:

Әртүрлі болады және пародонттың барлық тіндерінде байқалады. Эпителий қабатында өзгерістер дистрофиялық бұзылыстардан басталып, астыңғы қабаттардың некрозына дейін дамиды. Қызыл иек сайы эпителийнің пролиферациясы және оның тіс түбірінің бойымен өсуі байқалады. Қызыл иектің дәнекер тінінде плазматикалық жасушалар көп және дегрануляция сатысындағы толықша жасушалары бар лимфогистиоцитарлы инфильтраттар анықталады. Аргирофильды, коллаген талшықтар жуандаған, жартылай лизиске ұшырап, ыдыраған болуы мүмкін. Сүйек тінінде сорылу үрдісінің лакунарлы түрі басым болады, тісаралық қалқан сүйектер жұқарып, деформацияға ұшырайды. Сүйек тінінің бұзылуы, сүйек тінінің қайта құрылу үрдістеріне қарағанда жиірек кездеседі. Тіс түбірі цементінің және тіс қуысы жағынан дентиннің сорылу ошақтары анықталады. Қан тамырлары да көп өзгерістерге ұшырайды: эндотелийдің пролиферативті қалыңдауы, қан тамырлардың тарылуы – гиалиноздануымен және склероздануымен бірге жүріп отырады.

Изображение слайда
1/1
36

Слайд 36: Асқынулар:

Жергілікті: - тістердің жоғары сезімталдығы; - сына тәрізді ақау; - абсцестену; - тістің орнынан шығып кетуі; - ұлпаның ретроградты қабынуы; - пародонт кистасы Бұл асқынулар көбінесе пародонт қабынуының орта немесе ауыр дәрежесінде байқалуы мүмкін.

Изображение слайда
1/1
37

Слайд 37

Жалпы: - пародонт тіндері үнемі қабынып тұратындықтан ұзақ уақыт сенсибилизациялану нәтижесінде организмнің созылмалы интоксикацияға ұшырауы; - пародонталды қалталардан үнемі бөлініп шығатын жалқықты жұтуы науқастардың асқазан-ішек жолдарының ауруларына әкеп соғуы мүмкін; - нерв жүйесінің ауытқулары болуы мүмкін ( ауыздан жағымсыз иіс шығуы, эстетикалық ыңғайсыздық, ұзақ уақыт емделудің қажеттілігі – жүйке жұмысын бұзады – невроз туындайды ).

Изображение слайда
1/1
38

Слайд 38: Ремиссия сатысы:

Науқас адам дер кезінде жүйелі түрде емделген болса, жұмсақ тіндердегі қабыну мен қатты тіндердегі бұзылу үрлісі тоқтап, аурудың беті қайтып, белсенді сатысы ремиссия ауыса бастайды. Бұл кезде сырқат адамда шағым болмайды. - қызыл иектің жағдайы сау кезіндегідей болып келеді, ақшыл-қызғылт түсті, қанағыштығы жоқ, қалталардан жалқық бөлінуі тоқталады; - пародонт қалтасы жоқ, тістердің қозғалыштығы жоқ; - R -да ( 6-12 айдан кейін ) тісаралық қалқан сүйектердің белсенді деструкциясы байқалмайды, остеопороз ошақтары жоқ немесе кішірейген, сорылу үрдісі тоқталған, тісаралық қалқан сүйектің тор тәріздес сүреті айкындала бастайды; - тіс шөгінділері жоқ. Ремиссия кезеңі2 жыл бойы байқалуы мүмкін. Осы уақыттың ішінде науқастардың шағымы болайды ( клиникалық және рентген-қ әдістермен тексергенде ). Егер ремиссия кезеңі 2 жылдан артық уақытқа созылса, бұл жағдай стабилизация кезеңі деп аталады. Ол клиникалық, рентгенологиялық, лабораторлық, функционалды тексеру әдістерімен анықталады.

Изображение слайда
1/1
39

Слайд 39: Пародонтоз

Пародонт тініндегі қабынбайтын дистрофиялық өзгерістермен сипатталатын ауруды пародонтоз деп атайды. Оның белгілері: - қызыл иекте қабыну болмайды, оның жүйесі ақшыл түсті; - қызыл иек отырып кетеді, тіс мойындары мен түбірлері жалаңаштанады; - пародонталды калталар болмайды; - тіс қақтарымен тас аз жиналады; - сына тәрізді ақаулар пайда болады, тістердің сезімталдығы жоғарылайды; - тістердің қозғалғыштығы болиайды ( тіс түбірлері жартысына дейін жалаңаштанады ). Бұның себебі: қызыл иек пен түбірлер бірге дистрофиялық үрдіске ұшырайды; - рентгенсуретте сүйек тіндерінде қабынудағы өзгерістер болмайды, остеопороз байқалмайды, периодонт сайы кеңеймейді.сүйекте көбінесе остеосклероз үрдістері юолады; - науқас адамда жүрек-тамыр аурулары, эндокриндік, зат алмасу үрдістері бұзылады; - Шиллер-Писарев, Кулаженко, Ясиновский сынамалары нормаға сәйкес.

Изображение слайда
1/1
40

Слайд 40

Аурудың ағымында алғашында ешқандай белгі болмайды. Кейіннен қызыл иектің қышып, қызып, күйдіріп ауруна, тістердің ұйып сезімталдығы жоғарылайтынына шағымданады. Пародонтоздың I сатысында қызыл иек ақшыл-қызыл, ақшыл-жанып тұрады. Қызыл иек тістерге тығыз жабысып тұрады, зондпен тексергенде қанамайды. Микробтық қақ және тас болмайды немесе өте аз жиналады. Күрек тістермен сүйір тістердің мойын бөліктері жалаңаштанады. Ретгенде тіс аралық өсінділердің ұзындығы 1/3 қысқарады.

Изображение слайда
1/1
41

Слайд 41

Пародонтоздың II сатысында науқастар тіс түбірлердің ашылуына, сезімталдығының жоғарылауына, тістердің сарғайғанына шағымданады. R -суретте тіс аралық өсінділер ½ қысқарады. Ал тіс түбірлерінің 1/3 жалаңаштанады. Пародонтоздың III сатысында тіс түбірлері ½ көп жалаңаштанады, тіс аралық кеңестіктер көрініп тұрады.

Изображение слайда
1/1
42

Слайд 42

Реопародонтография функционалдық әдістің көмегімен микроциркуляторлық өзгерістерді байқауға болады. Қан тамырларында склероздық өзгерістер болады, капиллярдың саны азаяды, қызыл иек гипоксияға ұшырайды. Патоморфологиялық өзгрістер пародонт тіндерінің бәрінде байқалады. Сүйек тіндері жуандап, сүйек құрылымдары жоғалады. Сүйек майы кеңестіктері азаяды. Тіс аралық сүйек тығыз болады. Қан тамырларындығы өзгерістер пародонтозбен байланысты болмауы мүмкін. Қан тамырларындағы өзгерістер, нерв жүйесіндегі өзгерістер сияқты организмның жалпы жағдайымен байланысты болуы мүмкін. Қан тамырларының қабырғасы қалыңдайды, оның себебі эндотелий пролиферациялануы, периваскулярлық склероздануы салдарынан болады. Қан тамырлары склероз бен гиалиноздан мүлдем жауып облитерацияға ұшыратады.

Изображение слайда
1/1
43

Слайд 43

Қызыл иекте фибриноидты, мукоидты өзгерістер байқалады. Агрирофильды және коллаген талшықтары некрозданады, эпителий атрофияға ұшырайды, клеткалары баллонды дистрофияланады. Диагноз қою үшін функционалдық қосымша әдістерді қолдану керек. R - сүрет, реография, полярография, Кулаженко сынамасы, капилляроскопия. Рентгенсүретте өзгерістер бүкіл жақ сүйектерге тарайды. Сүйектегі дистрофия бір тегіс болады.

Изображение слайда
1/1
44

Слайд 44: Идиопатиялық аурулар

Идиопатиялық аурулар ол қант диабеті, нейтропения, агаммаглобулинемия, Папийон-Лефер, тағы басқа синдромдағы пародонт тіндерінде болатын ауруларды атайды.

Изображение слайда
1/1
45

Слайд 45

Папийон-Лефер синдромы – сирек кездесетін аутосомдық генетикалық ауру. Пародонтта ауыр дәрежелі қабыну, алақанның және табанның мүйізді қабатының гиперкератозданумен сипатталады. Уақытынан бұрын тістер түсіп қалады. Тістердің пішіні, саны өзгереді, дамуы жеткіліксіз болады, шырышты қабатта да өзгерістер болады. Қызыл иек қызарып, ісінеді, тістер қозғалмалы, маңайында терең пародонталдық қалталар пайда болып, олардың ішінен іріңді жалқық шығады.

Изображение слайда
1/1
46

Слайд 46

Леттер-Сивс синдромы. Балалар үш жасына дейін ауырады. Ауру дене қызуынан басталады, денеге бөртпелер шығады, байыр мен көк бауыр үлкейеді, анемия және лимфаденитпен сипатталады. Прогнозы жаман. Таратынов ауруы ( эозинофильды гранулема ) I түрі – Х-гистиоцитоз. Сүйекте деструкциялық үрдіс болады ( көбінесе төмегі жақ сүйектер ). Остеомиелит немесе кистаға ұқсас болып дамиды. Тіс түбірлері жалаңаштанып, қозғалғыш, терең қалта пайда болады. Бұл ауру көбінесе жас ер балаларда кездеседі, аурудың ағымы ұзаққа созылады.

Изображение слайда
1/1
47

Слайд 47

Хенд-Крисчен-Шюллер синдромы ( диссеминированный хронический х-гистиоцитоз ). 2-7 жасар балар ауырады. Аурудың бірінші дәрежесінде тәбеті бұзылады, әлсіздік, пародонт тіндерінде қабыну үрлістері жаралану сатысында өтеді. Содан кейін бауыр үлкейеді, науқстың терісінде әр түрлі бөртпелер пайда болады. Крисчен триадасы – экзофтальм, «географиялық» ( ісік тәріздес өзгеріс ) бас сүйек, қанты емес диабет – үш синдромы осы ауруға тең.

Изображение слайда
1/1
48

Слайд 48

Десмонтоз –пародонт тіндерінің дегенеративтік деструкцияға ұшырауымен, тістердің орнын ауыстырумен, қозғалғыштығымен, қалтаның пайда болуымен сипатталатын ауру. Бұл ауру сирек кездеседі. Даму үрдісінің үш сатысы бар: - периодонт мембранасының талшықтарының дегенерациясы, сүйектің сорылуы, капиллярлардың пролиферациясы. - дәнекер тіндегі плазматикалық жасушалардың, полибоастардың шоғырлануы, тіс түбіріне бекітілген эпителийдің пролиферациясы. - тіс түбіріне жабысқан эпителийдің бөлініп кетуі, пародонталды қалтаның пайда болуы, инфекция салдарынан қабыну үрдісінің күшеюі.

Изображение слайда
1/1
49

Последний слайд презентации: Қызыл иек, пародонт қабынуларының, пародонтоздың, пародонттың ісік тәрізді және: Пародонтомалар

Пародонтомаларға ісік және ісік тәріздес аурулар жатады. Фиброматоз – генетикалық ауруға жатады. Әсіресе қызыл иек фиброматозы ересек және қарт адамдарда кездеседі. Альвеоляллық, тіс аралық қызыл иек өзгеріске ұшырайды. Вестибулярлы және ауыз жақтың қызыл иегі деформацияланады. Қызыл иек түсі өзгермейді. Морфологиялық жағынан қызыл иекте тығыз коллаген талшықтары шоғырланып, клеткалық элементтер саны азаяды, қан тамрлары жаман дамиды. Эпулис - көбінесе 20-40 жастағы адамдарда кездеседі. Тіс аралық қызыл иектің ұлғаюымен сипатталады. Эпулис тек тіс маңайында болады. Оның өсуіне себебші – тіс тасы, тіс түбірі және т.б. Маңырау құлақ тәрізді. Эпулистың 3 түрі бар: 1. қан тамырлық 2. фиброздық 3. ірі клеткалық Қан тамырлық түрінде қан тамырлары көп болғандықтан эпулис жұмсақ болады, тез қанайды, тұсі көкшіл болады. Фибродың түрі тығыз болады, оны грануляциялық тіндер құрайды. Ірі клеткалық түрінде морфологиялық көрінетін – көп ядролы ірі клеткалары эпителийнде. Бұл ісік бірнеше жыл өседі.

Изображение слайда
1/1
Реклама. Продолжение ниже