Презентация на тему: Қазіргі заманғы ұрыс сипаты, жауды жою құралдары, сарбаздардың және әскери

Қазіргі заманғы ұрыс сипаты, жауды жою құралдары, сарбаздардың және әскери бөлімдердің ұрыстық міндеттері сәтті орындалуын қамтамасыз ететін шаралар.
1/7
Средняя оценка: 4.7/5 (всего оценок: 11)
Скачать (137 Кб)
Код скопирован в буфер обмена
1

Первый слайд презентации: Қазіргі заманғы ұрыс сипаты, жауды жою құралдары, сарбаздардың және әскери бөлімдердің ұрыстық міндеттері сәтті орындалуын қамтамасыз ететін шаралар

2

Слайд 2

Ұрыс – соғысушы екі жақтың бөлімі мен бөлімшелерінің, әскерлерінің ұйымдасқан қарулы қақтығысы. Ол жеңіске жетудің бірден – бір құралы және қарсыласты жою немесе тұтқынға алу мақсатында, сонымен бірге маңызды аудандарды ұстап тұру мақсатында жүргізіледі. Қазіргі заманғы ұрыс жалпы әскери болып табылады. Оған әуе қорғаныс күштері, аэроұтқыр әскерлері, құрлық әскерлерінің бөлімдері мен бөлімшелері, сонымен бірге теңіз жағалау бағыттары қимылдарында – шекара қызметіндегі теңіз дивизия кемелері және әскери - теңіз күштері қатысады.

3

Слайд 3: Қазіргі заманғы ұрыстың негізгі белгілері

Айлалық ( маневрлік ), жоғары өзгермелік, жағдайдың тез және шұғыл өзгеруі, майдандағы және тереңдіктегі ұрыс дамуының бір қалыпсыздығы, ұрыс жүргізу тәсілдерінің әр түрлілігі, жеке құрамның моральдық - психологиялық және дене күштерінің жоғары болуы.

4

Слайд 4: Қазіргі ұрыс түрлері және олардың сипаттамасы

Ұрыс мақсатына және тактикада қол жеткізу әдістеріне байланысты ұрыстың төмендегідей түрлері болады : шабуыл, қорғаныс және бетпе – бет ұрыс.

5

Слайд 5

Шабуыл - ұрыстың негізгі түрі. Шабуылдың мәні : шабуылдаушы әскер барлық қолда бар атыс құралдарын, сондай-ақ ядролық қаруды пайдаланып, қарсыласты талқандап және қол жеткізген нәтижелерді пайдалана отырып, қарсылас орналасқан тереңдікке шапшаң енеді, сөйтіп, оның тірі күшін, қару – жарағын, ұрыс техникасын жояды да қарсылас орналасқан аймақты басып алады. Қорғаныс – қарсыластың басым күшінің шабуылын тойтару, оны едәуір шығынға ұшырату, орналасқан бекіністі ұстап тұру және кейін шешуші шайқасқа шығу үшін тиімді жағдай жасау мақсатында жүргізілетін ұрыс түрі. Бетпе – бет ұрыс – шабуылдық ұрыстың бір түрі. Ол екі жақ қойылған мақсатты шабуылмен орындауға ұмтылған кезде жүргізіледі. Жаппай жою қаруы — жаппай шығынға ұшырату немесе қирату үшін колданылатын жою қабілеті жоғары кару. Жаппай қырып-жоятын қарудан қорғау — әскерлерді, тылдағы нысандарды ядролық, химиялық, биологиялық қарулардан қорғау, әскерлердің соғысқа қабілеттілігін сақтау мақсатында жүргізілетін шаралар жиынтығы.

6

Слайд 6: Тактика – әскери өнердің құрамдас бөлігі

7

Последний слайд презентации: Қазіргі заманғы ұрыс сипаты, жауды жою құралдары, сарбаздардың және әскери

Ұрыстағы өзара қимыл және оның мәні. Қазіргі заманғы ұрыста бір мезгілде және бірлесе отырып, мотоатқыш, танк, ракета, артиллерия, минаатқыш, зенит бөлімшелері мен арнайы әскер бөлімшелері жалпы міндетті шешеді. Өзінің құрамы мен қарулануына байланысты бұл бөлімшелер белгілі бір жауынгерлік мүмкіндікке ие және белгілі бір нақты міндеттерді шешуге қабілетті.

Похожие презентации

Ничего не найдено