Презентация на тему: Қазақстанның XVI-XVII ғасырлардағы мәдениеті

Қазақстанның XVI-XVII ғасырлардағы мәдениеті
Үй кәсібі мен қолөнер дамыды. Өрмек тоқу, тері илеу өнері, қойдың жүнінен шидем, түйенің жүнінен шекпен тоқылды. Ұсақ мал терілерінен тон- шалбар, жарғақ киім
Қазақстанның XVI-XVII ғасырлардағы мәдениеті
XV-XVII ғасырларда қазақтар арасында ислам діні тарады. Алайда, ислам діні еңбекші халық арасында терең тамыр жойған жоқ. Оған себеп дүркін-дүркін жүргізіліп
Қазақстанның XVI-XVII ғасырлардағы мәдениеті
XVI-XVII ғасырларда ауыз әдебиеті кең өріс алды. Ауыз әдебиетінің асыл қазыналарын жасаған, оны ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырған халық арасынан шыққан
Қазақстанның XVI-XVII ғасырлардағы мәдениеті
Қазақстанның XVI-XVII ғасырлардағы мәдениеті
Назарларыңызға рахмет !
1/9
Средняя оценка: 4.0/5 (всего оценок: 52)
Код скопирован в буфер обмена
Скачать (705 Кб)
1

Первый слайд презентации: Қазақстанның XVI-XVII ғасырлардағы мәдениеті

Изображение слайда
2

Слайд 2: Үй кәсібі мен қолөнер дамыды. Өрмек тоқу, тері илеу өнері, қойдың жүнінен шидем, түйенің жүнінен шекпен тоқылды. Ұсақ мал терілерінен тон- шалбар, жарғақ киім жасалды. Ірі қара терілерін илеп, кебіс-мәсі, саптамалар тігілді. Торсық, саба істелді. Киіз басу, текемет, сырмақ жасауға қой жүнін пайдаланды. Мүйізден қасық, түйме, шақша жасады

Изображение слайда
3

Слайд 3

Ірі қара терісінен жасалатын мәсі. Қойдың жүнінен жасалған шидем

Изображение слайда
4

Слайд 4: XV-XVII ғасырларда қазақтар арасында ислам діні тарады. Алайда, ислам діні еңбекші халық арасында терең тамыр жойған жоқ. Оған себеп дүркін-дүркін жүргізіліп отырған қақтығыстар, соғыстар т.б. Сондықтан халықтың бір бөлігі ислам дінін көпке дейін қабылдамай, тәңірге табынуға негізделген нанымды ұстады. Қазақтар өмірінде отты қасиеттеу үлкен рөл атқарды

Изображение слайда
5

Слайд 5

XVI-XVII ғ. Қазақстандағы Дің Тәңірге табыну Ислам діңі

Изображение слайда
6

Слайд 6: XVI-XVII ғасырларда ауыз әдебиеті кең өріс алды. Ауыз әдебиетінің асыл қазыналарын жасаған, оны ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырған халық арасынан шыққан дарынды-ақындар, сал, серілер, жыраулар еді. Сол кездегі қазақ поэзиясының аса ірі тұлғалары – Шалкиіз ( XV ғ.), Доспамбет ( XVI ғ.), Жиембет ( XVII), т.б. жыраулар. Қазақтың батырлар жыры мысалы : Қобыланды, Алпамыс, Ер Тарғын, Ер Сайын, Қамбар дастандары тарих шындығымен қабысып келе жатқан шығармалар. Қазақтың әлеуметтік – тұрмыстық дастандары да ( Қозы Көрпеш -Баян сұлу, Қыз-Жібек т.б.) феодалдық-рулық қоғамның өмірін үлкен шеберлікпен көрсетеді

Изображение слайда
7

Слайд 7

Шалкиіздің Би Темірге айтқан бірінші толғауы Аспанды бұлт құрсайды - Күн жауарға ұқсайды. Көлдерде қулар шулайды - Көкшіліден ол айуан Соққы жегенге ұқсайды. Көп ішінде бір жалғыз Көп мұңайып жылайды - Күйбендескен көп жаман Сөзі тигенге ұқсайды ! Алп, алп басқан, алп басқан Арабы торым өзіңсің, Жазылы, алтын, қол кескен Алдаспаным өзіңсің ! Білерді білмес не демес, Сұлтан ием, сен менің Бармай тапқан Қағбамсың !

Изображение слайда
8

Слайд 8

Ер Тарғын жырынан үзінді Жау келгенін білген соң, Бұл әскерді көрген соң, Сары ала туы салбырап, Сауытының шашағы Тұс-тұсына саудырап, Қабағынан қар жауып, Кірпігіне мұз қатып, Томаға көзді Тарланды Жауға қарай тебініп, Жалмауыздай емініп, Толып жатқан әскерге Келді Тарғын желігіп. Алты құлаш ала атпен, Үсті толған болатпен, Сайдан шыққан қолатпен, Көңілін тоқсан бөледі Бұ да айтулы ер еді, Келе жатқан Тарғынды, Сонадайдан байқап көреді.

Изображение слайда
9

Последний слайд презентации: Қазақстанның XVI-XVII ғасырлардағы мәдениеті: Назарларыңызға рахмет !

Изображение слайда