Презентация на тему: Қазақстанның көз тоймас көрікті жерлері

Қазақстанның көз тоймас көрікті жерлері
Қазақстанның көз тоймас көрікті жерлері
"Алтын Емел " ұлттық паркі
Қазақстанның көз тоймас көрікті жерлері
Ақтолағай
Қазақстанның көз тоймас көрікті жерлері
Батыс Алтай қорығы.
Қазақстанның көз тоймас көрікті жерлері
Қарқаралы таулары
Қазақстанның көз тоймас көрікті жерлері
Табан-Қарағай
Торыш - шар тәрізді конкрециялар алқабы
Қаратау таулары
Қазақстанның көз тоймас көрікті жерлері
Жығылған мүйісі
Қазақстанның көз тоймас көрікті жерлері
Язевое көлі
Қазақстанның көз тоймас көрікті жерлері
Бозжыра шатқалы
Қазақстанның көз тоймас көрікті жерлері
1/20
Средняя оценка: 4.4/5 (всего оценок: 95)
Код скопирован в буфер обмена
Скачать (21725 Кб)
1

Первый слайд презентации: Қазақстанның көз тоймас көрікті жерлері

Дайындады : Каракузиева Камилла Тимурқызы Қазақстанның көз тоймас көрікті жерлері

Изображение слайда
2

Слайд 2

Елімізде табиғат сыйлаған ғажайып орындар жетерлік. Исі аңқыған гүлдерге толы құлпырған далалар мен биіктігі бұлттарға жетіп бірақ тоқтайтын жұмбақ таулар әрдайым жұртшылық қызығушылын арттырып келе жатқандығы көңіл қуантады. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, Қазақстанға қатынайтын туристер саны жыл өткен сайын артып келе жатыр. Атап өту керек, бұлардың көпшілігі табиғатты тамашалауға келгендер. Бұл қарқынмен алдағы жылдары, туристік державаларды қуып жетуіміз бек мүмкін. Тек жаратушы сыйлаған бұл ғажаптарды бағалай білген жөн. Сонымен, назарларыңызға белгілі суретші Илья Афанасьевтің түсірген таңғажайып туындыларын ұсынамыз.

Изображение слайда
3

Слайд 3: Алтын Емел " ұлттық паркі

" Алтын Емел " атауы моңғол тілінен шығады және "Алтын ер" дегенді білдіреді. Бір аңыздар бойынша, 1219 жылы Шыңғысханның әскері Орталық Азияны жаулап алуға аттанып, осы алқапты кесіп өтіп бара жатқанда, күн батып бара жатқан шақта сарғайған шөп жамылған тауларды көріп, ұлы қолбасшы "Алтын ер!" деген екен. Алтын Емел асуы шын мәнінде, сырттай қарағанда ер- тоқымға ұқсайды.

Изображение слайда
4

Слайд 4

Алтын Емелдің бір көркі - Іле өзенінің түбінен жел ұшырып келген құмнан түзілген әнші шағылдар. Құм төбелердің дыбыс шығаруының себебі - құм түйірлерінің бір-біріне үйкелгендегі дыбыс.

Изображение слайда
5

Слайд 5: Ақтолағай

Шатқал үлкен аумақты алып жатыр. Бұл мекен әлі көпшілікке танымал емес, әрі туристердің келуі де қиын. Мұнда табиғат ақ бор түсті керемет ландшафт жасап шығарыпты.

Изображение слайда
6

Слайд 6

Бағзы замандарда, көп ғасыр бұрын, бұл үстірттің орнында теңіз болған. Топырақты қазып жіберсеңіз, теңіз жәндіктерінің тас болып қатқан   қалдықтарын, акулалар мен  теңіз түбін мекендеген өзге де мақұлықтардың сүйегі мен тісін тауып аласыз.

Изображение слайда
7

Слайд 7: Батыс Алтай қорығы

Қорық Батыс Сібір даласы, Оңтүстік Сібір және Орталық Азия  таулары мен Қазақстаншөл далаларының тоғысында орналасқан. Жақын маңда мұхит пен теңіз жоқ болғандықтан, бұл жердің климаты континентальдық, ол температураның шұғыл өзгеруінен көрінеді. Мұндағы жылдық орташа температура - +1,5°С.

Изображение слайда
8

Слайд 8

Осы аймақ пен табиғи қорықтағы ең танымал жер - " Қара торап " деп аталатын үш шоқының ( Көксу, Иванов және Холзун ) түйіскен тұсы. Туристер арасында ерекше танымал " Тас ертегі " де осында орналасқан.

Изображение слайда
9

Слайд 9: Қарқаралы таулары

Қарқаралы таулары — қазақ майда шоқыларының шығыс бөлігіндегі тау массиві. Олардың биіктігі 1403 метрге дейін жетеді. Тау беткейлерінде қарағайлы ормандар кездеседі.

Изображение слайда
10

Слайд 10

Алайда, бұл орынның басты ерекшелігі - мұнда мұз дәуірінен қалған өсімдіктердің жұрнағын, сирек кездесетін және жоғалып бітіп бара жатқан өсімдіктерді   кездестіруге болады.

Изображение слайда
11

Слайд 11: Табан-Қарағай

Табан-Қарағай үстіртін аспан астындағы пейіш деп жиі атайды. Алматы облысының тура орталығында орналасқанымен, ол туристер үшін толық зерттелмеген, әрі жету де оңай емес жер болып келеді. Алайда, осында жете алған табанды фотосуретшілерге берер бұл мекеннің сыйы бар. Мұндағы пейзаждарда бүкіл Қазақстанның бар пейзажы тоғысқан !  Қызық пішінді жартастар да, асқақ таулар да, алуан түрлі гүл- өсімдіктерме н көмкерілген алқаптар да бар. Бұлт торлаған аспан астында үйір-үйір жылқы, табын-табын сиыр, отар-отар қой жайылып жүреді.

Изображение слайда
12

Слайд 12: Торыш - шар тәрізді конкрециялар алқабы

Бір аңыздар бойынша, Маңғыстау жеріне жау басып кіреді. Жергілікті тұрғындар аспанға қол жайып, көмек сұрайды. Сол кезде аспаннан нөсер құйылып, күн күркіреп, найзағай жарқылдай бастайды. Бір сәтте жау әскерінің бәрі тасқа айналып кете барады. Осылайша айрықша тас мүсіндер - шар тәрізді конкрециялар шашылған алқап пайда болған екен.

Изображение слайда
13

Слайд 13: Қаратау таулары

Бұл өте көне таулар. Геологиялық тарихында үлкен өзгерістерге түскен. Шатқалдардың қойнауында шағын өзендер мен бұлақтар көп. Сондай-ақ, Қаратау тауларын көптеген ащы, тұщы көлдер қоршап жатыр

Изображение слайда
14

Слайд 14

Бірнеше жыл бұрын, осы мекенді биіктен түсіріп жүрген фотограф Перудағы Наска алқабындағы суреттерге ұқсайтын кескінді байқайды. Ол - қызық пішінді екі құрылыс сұлбасының ортасында малдас құрып отырған адамның кескіні болатын.

Изображение слайда
15

Слайд 15: Жығылған мүйісі

Жығылған – әктас қабатының астындағы саз балшықты-құмды қабаттың сулануы нәтижесінде пайда болған үлкен геологиялық сырғыма. Танымалдығына қарамастан, Жығылған әлі де зерттеліп болмаған, құпия мекен болып қалып келеді. Мұнда аруақтар жүреді деген де сөз бар

Изображение слайда
16

Слайд 16

Жығылғанның адамзатқа берген сыйы - бетінде ірілі-уақты мысықтар мен қазіргі есектің көлеміндей шағын жылқылардың қайраңға батып қалған екі " бармақты " тұяғының тасқа айналған іздері батырылып салынған тақталар сынықтарын көру мүмкіндігі.

Изображение слайда
17

Слайд 17: Язевое көлі

Язевое көлін Алтайдың Қазақстан жақтағы бөлігінің меккесі деп атауға болады. Ол теңіз деңгейінен 1685 м биікте, Қатын мұздығының бір тармағы өтетін қатпарда орналасқан. Ұзындығы 3 шақырым, ені 800 м, тереңдігі 10 м. Судың түсі сарғыш-жасыл, мөлдірлігі 4,2 м.

Изображение слайда
18

Слайд 18

Күн ашықта Алтайдың ең биік шыңы - аты аңызға айналған Белуха тауы айналасындағы жоталардың бәрімен бірге көлдің суына шағылып көрінеді.

Изображение слайда
19

Слайд 19: Бозжыра шатқалы

Бозжыра – Үстірттің шеткі шыңдарының бір бөлігі. Мұнда табиғат қиялына ерік беріп, ақ түсті ерекше ландшафт жасап шығарған.

Изображение слайда
20

Последний слайд презентации: Қазақстанның көз тоймас көрікті жерлері

Бозжыраның басты ерекшелігі - пішініне қарап Азу аталып кеткен екі әктас шың. Олардың түбінен ұшына дейінгі биіктігі - 200 метрден асады. Аздаған адам ғана білетін соқпақ жол саяхатшыны тар алаңқайға алып шығады, ол жерде Бозжыра қамалдар алқабының айрықша көріністері ашылады.

Изображение слайда