Презентация на тему: Қазақстан Республикасының өндірістік салаларына тадлау жасау

Қазақстан Республикасының өндірістік салаларына тадлау жасау
Экономика-адамдардың шексіз қажеттілігін қанағаттандыру үшін, шектеулі ресурсты тиімді пайдалану болып табылады
Жоспарлы, нарықтық және аралас экономика
Қазақстан шаруашылығы: кәсіпорындар - салалар - салааралық кешендер
Экономиканың құрылымдық ерекшеліктері
Қазақстан Республикасының өндірістік салаларына тадлау жасау
Қазақстан Республикасының экономикасы
Экономикалық дамудың сипаттамасы, нарық бөлігі болатын экономикалық институттардың жүйесі болып табылады.
Қазақстан Республикасының өндірістік салаларына тадлау жасау
Қазақстан Республикасының өндірістік салаларына тадлау жасау
1/10
Средняя оценка: 4.1/5 (всего оценок: 79)
Код скопирован в буфер обмена
Скачать (94 Кб)
1

Первый слайд презентации: Қазақстан Республикасының өндірістік салаларына тадлау жасау

Тексерген: Қондыбаева Салтанат Орындағандар: Әбделі Индира, Қиянтай Сәкен

Изображение слайда
2

Слайд 2: Экономика-адамдардың шексіз қажеттілігін қанағаттандыру үшін, шектеулі ресурсты тиімді пайдалану болып табылады

Өндіріс деген не ? Өндіріс – бұл адамдардың табиғи заттарға әсер ете отырып, материалдық және рухани игіліктерді өндіру процесі. Маржиналистік теория өндіріс факторларын төрт топқа бөледі:  жер,  еңбек,  капитал,  кәсіпкерлік қызмет. Жер табиғи фактор деп қаралады. Ол адамның іс-әрекетінің нәтижесіне жатпайды. Өндіріс факторларының осы тобына өндіріс процесінде қолдануға болатын, табиғат байлықтары мен пайдалы кендер жатады. Осы категорияға егістік жер, ормандар қосылады. Өндіріс факторларының қатарына тауар мен қызметтер өндіруде пайдаланатын мүліктердің жиынтығы — капитал жатады: машиналар, жабдықтар, қойма ғимараттары, көлік және байланыс коммуникациялары. т.б. Олардың техникалық күйі үздіксіз жақсартылып отырады және олар өндіріс процесіне, оның тиімділігіне шешуші әсер етеді. Еңбек — игіліктер дайындауға және қызметтер көрсетуге бағытталған интеллектуалдық немесе физикалық әрекеттер болып табылады. Жеке адамның біліміне, кәсіби дайындығына, төжірибесіне, денсаулығына сәйкестенген қабілеттерінің жиынтығы адам капиталын құрайды. Адамның еңбегінің шеберлігі, өнегелілігі жоғары болған сайын, оның капиталы өсе түседі, ал осыған сай табысы (еңбек ақысы) кобейеді. Осы күнгі адам капиталына жұмсалғанинвестициялар қоғам үшін ең тиімді болып және тез арада өзін-өзі ақтап отыр. Кәсіпкерлік іс-әрекет - бұл өндірістің ерекше факторы. Осы фактор өндірісті ұйымдастырып жүргізуде белсенділікті, іскерлікті, саналылықты, жауапкершілікті, тәуекелдікті кең пайдалануды талап етеді. Кәсіпкерлік қабілет — адам капиталының ерекше түрі. Бұл игіліктер мен қызметтерді жасауға қолданылатын, өндірістің барлық факторларының бір бірімен келісімді, сәйкес түрде қызмет етуін көздейтін іс-әрекет. Адам ресурстарының осы түрінің ерекшелігі мынада: олар қауіп-қатерлікке, шығынға үшырау мүмкіндіктерінің болуына тәуекелдік етіп, өндіріс процесіне, коммерциялы негізге сүйене отырып, өндірілетін онімнің жаңа түрін, алдыңғы қатарлы технологияларды, бизнесті ұйымдастырудың тиімді формаларын кіргізу болып табылады. Кәсіпкерлік қызмет шама жағынан және нәтижелілік жағынан квалификациясы өте жоғары еңбек жұмсаумен пара-пар келеді.

Изображение слайда
3

Слайд 3: Жоспарлы, нарықтық және аралас экономика

Біздің еліміз жоспарлы экономикадан нарыққа ауысканын білесіңдер.  Нарықтық экономика жеке меншікке, таңдау еркіндігі мен бәсекеге негізделген. Ондағы сауда заты болып тауар, қызмет керсету, кәсіпорындар, жер мен адамдар еңбегі саналады. Кәсіпкерлер өндіріс үшін пайдалы тауарлар мен қызмет түрлерін таңдап, оған ең алдыңғы қатарлы технологияны қолданады. Ол нарықтық экономикаға қозғалыс беріп, жылдам қайта құрылу қабілетін арттырады. Дегенмен, оның өз кемшіліктері де бар. Олардың негізгісі -  ырғақтылық, яғни өндірістің қарқындау және халықтың жұмыспен қамтамасыз етілу кезеңі ендірістің құлдырауы және жұмыссыздықпен алмасып келіп отырады. Одан баска заңмен шектелмейтін нарық құбылысы адамдардың тұрмыс-жағдайы мен қоршаған орта жағдайының нашарлауына әкелуі мүмкін. Сондықтан барлық елдердің экономикалық өмірін мемлекет реттеп отырады.

Изображение слайда
4

Слайд 4: Қазақстан шаруашылығы: кәсіпорындар - салалар - салааралық кешендер

Қазақстан шаруашылығы - бұл өте кең ұғым. Оны үш деңгейге бөліп қарастыруға болады. Бірінші деңгей -  кәсіпорындар  мен  мекемелер. Бұлар — экономикалық «құрылыстың» өзіндік «кірпіштері» болып табылады. Олардың саны казір 200 мыңнан асты. Кәсіпорындарға - фабрикалар, зауыттар, шахталар, электр стансалары, шаруа қожалықтары жатады. Ал мекемелер - бұлар оқу орындары, ауруханалар, дүкендер, театрлар. Екінші деңгей -  экономика салалары. Әрбір кәсіпорындар мен мекемелер өз қызметімен мемлекеттің түрлі қажеттіліктерін камтамасыз етеді. Біреулері өндіріс тауарларын шығарумен, екіншілері жүк тасымалымен, ал үшіншілері бала оқытумен айналысады. Өндірістік сала  немесе материалдық өндіріс саласы материалдық игіліктерді (азық-түлік, энергия, металл, машина, үй) жасайтын барлық қызмет түрлерін қамтиды. Өндірістік емес сала  әр түрлі қызмет көрсетумен айналысады. Олардың біреулері - халыққа, екіншілері - кәсіпорындар мен мекемелерге, ал үшіншілері екеуіне де қызмет көрсетумен шұғылданады.

Изображение слайда
5

Слайд 5: Экономиканың құрылымдық ерекшеліктері

Экономиканың құрылымын жалпы өнім көрсеткіші немесе жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) айқын көрсетеді. Ол шаруашылық қызметінің ақырғы нәтижесін көруге мүмкіндік береді. Неғұрлым ЖІӨ жоғары болған сайын, соғұрлым экономика ірі болады. Қазақстан  шаруашылығы үш негізгі ерекшеліктерімен сипатталады: ЖІӨ-нің жартысынан астамын үшінші сектор (қызмет көрсету) береді. «Оңтүстік-Батыс-Солтүстік» аймақтарының өзіндік «үштағаны» анықтайды. Мұнда жалпы енімнің 4/5 белігі жасалады. Қазақстанның  экономикасы әсіресе дүниежүзілік нарыққа бағытталған. Онда елде өндірілетін тауар мен қызмет түрінің 3/5 бөлігі жүзеге асады.

Изображение слайда
6

Слайд 6

Экономиканың өсуі екі жолмен -  экстенсивті  және  интенсивті  жолмен қамтамасыз етіледі.  Экстенсивті  (сандық) өндіріске жаңа материалдық және еңбек ресурстарын енгізумен (зауыттар салу, егіс көлемін ұлғайту, келік құралдарының санын кебейту) байланысты. Бірақ оның өзіндік шегі бар. Сондықтан экономикада интенсивті жол басты рел атқаруы тиіс.  Интенсивті  (сапалық) дамуға қолда бар ресурстарды тиімді пайдалану, құрал-жабдықтарды жаңарту және алдыңғы қатарлы технологияны пайдалану арқылы жетуге болады. Оған өндіріс құрылымын жақсарту да әсерін тигізеді. Оған «2003-2015 жж. арналған Қазақстанның индустриалды-инновациялық даму стратегиясы» бағытталған. Интенсивті факторлар  экономиканың тиімділігін  арттырады, оның көрсеткіші  еңбек өнімділігімен  анықталады. Ол жұмыскердің межеленген уакыт (мысалға, 1 жыл) ішінде өндіретін өнім мөлшерімен өлшенеді. Өнім мөлшерін табиғи өлшем (тонна, текше метр, кВт/сағат) және ақшалай (теңге, доллар) түрінде көрсетуге болады.

Изображение слайда
7

Слайд 7: Қазақстан Республикасының экономикасы

Жаңа Заңды әзірлеу кезінде Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы аясында берген тапсырмалары негізге алынды. Жаңа Заң қазақстандық білім беру жүйесінің алдында тұрған бірқатар міндеттерді шешуге бағытталған. Олардың қатарында негізінен мыналар бар: • әлемдік білім беру кеңістігіне интеграциялану; • педагогикалық қызметкердің мәртебесін арттыру; • сапалы білімге қол жетімділік кепілін күшейту; • басқару жүйесі мен білімді қаржыландыруды одан әрі жетілдіру.

Изображение слайда
8

Слайд 8: Экономикалық дамудың сипаттамасы, нарық бөлігі болатын экономикалық институттардың жүйесі болып табылады

Жалпы айтқанда, экономикалық ой-пікірлердің қалыптасуы ежелгі заманнан басталады. Ал, экономика туралы ғылым табиғат пен қоғам туралы адам білімінің жүйесі ретінде дамыған құлдық қоғамда пайда болды. Экономика туралы алғашқы түсініктерді Ксенофонт, Платон, Аристотель және басқа да ойшылдар өз еңбектерінде жазылған. «Экономия» терминін алғаш ұсынған-Ксенофонт, мұның мағынасы үй шаруашылығы (ойкос-үй, шаруашылық; номос-заң) деген ұғымды білдіреді. Термин Аристотель еңбектерінде де кездеседі, ол шаруашылықты екі түрге бөледі: экономия және хрематистика (баю, пайда таба білу шеберлігі). Оның түсіндіруі бойынша экономикадан хрематистика пайда болады.Тағы бір айтатын жай, экономикалық теория туралы анықтамалар коп деуге болады, оны тек қана бір нақты анықтамамен жеткізу жеткіліксіз. Экономикалық теория- адамның шектеусіз қажеттіліктерін қанағаттандырудағы қоғам өндірісінің сирек, шектелген ресурстарын бөлу, айырбастау және тұтыну туралы ғылым. Қазіргі экономикалық даму жағдайында шаруашылық жүргізу нысандарының экономикалық стратегияларының жүргізілуі мен нәтижелерін мемлекеттің экономикалық саясатындағы негізгі мәселелердің бірі ретінде қарау керек. Нарықтық құрылымдардың дамуы кезінде экономикалық қатынастарда туындайтын мәселелер экономикалық ғылым мен шаруашылық тәжірибедегі ең өзектісі болып саналады.

Изображение слайда
9

Слайд 9

Қазақстандағы нарықтық қатынастардың барлық кезеңінде нарықтық құрылымдардың негізгі буыны – кәсіпорындарға жеткіліксіз көңіл бөлінгендігі анық. Қаржылық тұрақтылық пен ырықтандырудың жоғары дәрежесі жағдайларында экономикалық өсуге кәсіпорындар деңгейінде нарықтық өзгерістердің баяу үрдісі кедергі болады. Кәсіпорындардың нарықтық құрылымдардың негізі ретінде, тиімді қызмет етуіне даму стратегиясының болмауы мен қысқа мерзімді нәтижелерге бағытталуы, нарық конъюктурасын жеткілікті деңгейде білмегендігі, менеджменттің төмен деңгейі және басшылар мен мамандардың жеткіліксіз дайындығы кедергі жасайды. Сол себепті отандық кәсіпорындарды қайта құру мәселесі кәсіпорындардың

Изображение слайда
10

Последний слайд презентации: Қазақстан Республикасының өндірістік салаларына тадлау жасау

Назарларыңызға рахмет ))

Изображение слайда