Презентация на тему: Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік қызметтің даму түрлері және ахуалы

Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік қызметтің даму түрлері және ахуалы
Кәсіпкерлікті дамыту және жетілдіру жолдары
Кәсіпкерлік қызметтің теориясы және кәсіпорынның ұйымдық нысандары.
Қазақстан Республикасы Президентінің «Шаруашылық серіктестігі жайлы» және «Мемлекеттік кәсіпорын туралы» Жарлығына сай кәсіпкерлік қызмет шаруашылық
Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік қызметтің даму түрлері және ахуалы
Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік қызметтің даму түрлері және ахуалы
Шағын кәісіпкерліктің ролі мен алатын орны.
Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік қызметтің даму түрлері және ахуалы
Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік қызметтің даму түрлері және ахуалы
Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік қызметтің даму түрлері және ахуалы
1/10
Средняя оценка: 4.5/5 (всего оценок: 32)
Код скопирован в буфер обмена
Скачать (94 Кб)
1

Первый слайд презентации: Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік қызметтің даму түрлері және ахуалы

Тексерген: Қондыбаева Салтанат Орындағандар: Әбделі Индира

Изображение слайда
2

Слайд 2: Кәсіпкерлікті дамыту және жетілдіру жолдары

Кәсіпкерлікті дамыту кез - келген деңгейдегі басқаруды жетілдіру үшін қажет. Кәсіпкерлікті дамыту мынадай сұраққа жауап іздеуі керек: «Геосаясаттық өзгерістер іскерлік белсенділікке қандай әсер тигізеді»? Кез келген экономиканың бүгіні мен болашағында «стратегиялық көзқарассыз» ешқандай даму болмайды.Кәсіпкерлік мәселелері бүкіл іскерлік әлемді толқытып отыр. Сондықтан да 1990 жылы мамыр айында Вашингтонда өткен стратегиялық басқарудың халықаралық конференциясының лейтмотиві – «кәсіпкерлер жаңа шаруашылық ойлауды іздестіруде» деп аталды.

Изображение слайда
3

Слайд 3: Кәсіпкерлік қызметтің теориясы және кәсіпорынның ұйымдық нысандары

Кәсіпкерлік қызметтің негізгі ұйымдық түрлерінің артықшылығы мен олқылығы. Кәсіпкерлік – адам қызметінің ерекше саласы және ол еңбектің басқа түрлерінен оқшауланып тұрады. Бұған кезінде атақты неміс экономисі Гарвард университетінің профессоры – Йозеф Алоиз Шумпетер (1883-1950ж) мән берді. Оның айтқан мынадай сөзі бар еді: «Кәсіпкер болу – басқаның істегенің істемеу». Экономикалық әдебиеттерде кәсіпкерлік пен бизнес ұғымдарын балама түрінде қарастыру жиі кездеседі Бизнес – табыс әкелетін кез келген қызметтің түрі. Ал кәсіпкерлік (предпринимательство) – новаторлық іс. Нағыз кәсіпкер ол - өнертапқыш. Сондықтан да бизнеспен айналысатын адамдар ешуақытта кәсіпкер бола алмайды. Кәсіпкерлік бизнес саласында жүзеге асады, сондықтан да экономикалық әдебиеттерде олар үнемі пара-пар ұғым ретінде қарастырылады.

Изображение слайда
4

Слайд 4: Қазақстан Республикасы Президентінің «Шаруашылық серіктестігі жайлы» және «Мемлекеттік кәсіпорын туралы» Жарлығына сай кәсіпкерлік қызмет шаруашылық серіктестігінің түріне қарай жеке және ұйымдық болуы мүмкін :

жай, ол бірлескен қызмет шартына негізделеді; толық, барлық мүлікке ынтымақтастық жауапкершілік жүктеледі; жауапкершілігі шектелген, салынған салым құны шеңберінің жауапкершілігі жүктеледі; коммандитті, аралас жауапкершілік (біреудің толық мүлкімен және біреудің салынған салымымен); қосымша жауапкершілікпен, өзінің салымдарымен және оған жататын мүлікпен қосымша жауапкершілік мойнына алынады; өндіріс және тұтыну кооперативтері; консорциумдар; акционерлік қоғамдар.

Изображение слайда
5

Слайд 5

Мемлекеттік және қазыналық кәсіпорындар. Біріншісі, шаруашылықты жүргізу құқығына негізделсе, екіншісі – оперативті басқару құқығына негізделген. Шын мәнінде, мұнда шаруашылық есептің екі түрі қолданылады: таза мемлекеттік – толық шаруашылық есеп, қазыналық – толық емес шаруашылық есеп. Кәсіпорын (фирма) кәсіпкерлік қызмет өндірістік звеносының негізі болып табылады. Осы жерден бастап және ары қарай «кәсіпорын» мен «фирма» ұғымдарын баламалап қараймыз. Рас, олардың бір-бірінен өзара айырмашылығы бар: «фирма» термині жиынтық ұғым, оған бір немесе бірнеше кәсіпорын мен өндіріс енуі мүмкін. Әдетте, кәсіпорынға бір жақты, бір өнімді өндіретін процесті жатқызамыз. Қазіргі жаңа жағдайда нарықтық қатынастар жағдайында кәсіпорын өзінің өндірістік қызметінде толық өз бетінше еркіндігін алуда: ол барлық халық шаруашылығы кешенінен техникалық, ұйымдық, экономикалық және құқықтық тұрғыдан дараланған.

Изображение слайда
6

Слайд 6

Кәсіпорынның ұйымдық түрлері алдыменен меншік түрімен айқындалмақ. Олар мынандай түрде болуы мүмкін: азаматтар меншігіне негізделген жеке кәсіпорындар; ұжым меншігіне негізделген кәсіпорындар акционерлік қоғам түрінің негізіндегі кәсіпорын, акционр меншігінің негізінде қызмет жасайды; мемлекеттік және қазыналық кәсіпорындар жалпы мемлекеттік міндеттерді шешу үшін құрылады құрылтайшылар мүлігінің қосылуы негізінде біріккен кәсіпорындар құрылады, яғни оған шет ел заңды тұлғасы мен азаматтарына енеді.

Изображение слайда
7

Слайд 7: Шағын кәісіпкерліктің ролі мен алатын орны

Нарықтық орта жағдайында және кәсіпорынның толық экономикалық, құқықтық өзінше еркіндік алуы, оған көптеген қосымша міндеттер жүктейді. Сөйтіп кәсіпорынның айналасатын қызметә шеңбері кәдімгідей ұлғаяды. Мемлекеттік экономика жағдайында негізгі буынның іс-әрекеті тек қана өндірістік қызметпен тұйықталады. Кәсіпорын өзінің экономикалық және әлеуметтік қызметін жалпы мемлекеттік шаруашылық механизмі арқылы жүзеге асырады. Аралас әрі әлеуметтік-бағытталған нарықтық экономика жағдайында мемлекет кәсіпорынға иелік құқық бере отырып, оның өз мүлкін, өндірген өнімін және тапқан табыстарын пайдалану мен жаратуды, кәсіпорын шығындары арқылы әлеуметтік шаралардың бір бөлігін жүктейді өндірістік қызмет, бұл қоғамдық тұтынуды қанағаттандыру үшін қажетті тауар мен қызмет көрсету өндірісімен байланысты;

Изображение слайда
8

Слайд 8

Еркін кәсіпкерлік – барлық деңгейдегі жаңалық, бұл мемлекеттік қолдау мен ынталандыру қажет кәсіпкерлік қажетке негізделген бастама. Осы тәрізді кәсіпкерлік кәдімгі күнделікті бизнестен түбірінде ұқсамайды және әлеуметтік-экономикалық прогресс, Қазақстан Республикасын – жаңа индустриалды мемлекетті қалыптастыруға катализаторшы болып табылады. Кәсіпкерлік дамытудың басты сәті нарық экономикасында бәсекелестік ортаны құру үшін ғана емес, сонымен бірге еркін кәсіпкерлік үшін жол ашатын мемлекет иелігінен алу мен мемлекеттік меншікті жекешелендіру болып табылады. Атап көрсеткендей, ХХІ ғасырдың қарсаңында Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық саясатында шағын кәсіпкерліктің дамуына ерекше назар аударылады. Оның ролі әлеуметтік ахуалды жақсартуда жетекші орын алды. Бірінші кезекте осы салада халықты жұмыспен қамтамасыз ету тезірек өседі және қоғамның тұрақтылығы үшін жағдай жасалады. Осыдан аталған мәселеге толық талдау керек. Батыс елдерінің экономикалық әдебиетінде шағын бизнесті «өсу үстіндегі бала» деп қарау орын алған. Жеке жағдайда, «шағын бизнес – бұл өсу үстіндегі бала ретінде, сондықтан ол барлық уақытта сәби бесігінде қала алмайды. Ол үлкен мекен-жайға мұқтаж, бұл үшін ол кәсіпкерлік қызметпен бел шешіп айналысуы қажет».

Изображение слайда
9

Слайд 9

Өтпелі экономикада жаңа өркен жайған шағын кәсіпкерлікті дамыту және қолдау үшін мынадай жағдайлар қажет: еркін бәсекені құру негізі ретінде шағын кәсіпкерлікті дамытудың кешенді мемлекеттік ғылыми негізделген бағдарламаларын жасау; оның дамуы мен қаржылық жеңілдіктер үшін қаржы базасын қалыптастыру (жеңілдетілген несиелер, жеңілдетілген салықтар, ақысыз сипатты жәрдем ақшалар); бағдарламада ғылыми-техникалық прогресстің басымдық бағыттарында шағын кәсіпкерліктің орны ерекше анықталуы керек; шағын бизнесті ұйымдастыруда, елдің әртүрлі аймақтарында шағын кәсіпорындардың арнайы орталықтары басты ролде болуы керек.; ірі және шағын бизнес ынтымақтастығының жүйесі негізінде, әсіресе сауда мен қызметтер саласында шағын бизнесті дамыту мақсатында ірі кәсіпорындардың ресурстарын тарту.

Изображение слайда
10

Последний слайд презентации: Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік қызметтің даму түрлері және ахуалы

Назарларыңызға рахмет ))

Изображение слайда