Презентация на тему: Қазақстан Республикасы - Азаматтық сот

Қазақстан Республикасы - Азаматтық сот
Қазақстан Республикасы - Азаматтық сот
Қазақстан Республикасы - Азаматтық сот
АҚШ - Азаматтық сот
Қазақстан Республикасы - Азаматтық сот
1/5
Средняя оценка: 4.9/5 (всего оценок: 67)
Код скопирован в буфер обмена
Скачать (104 Кб)
1

Первый слайд презентации: Қазақстан Республикасы - Азаматтық сот

Біздің елімізде жоғары заң күші бар және бүкіл аумақта тікелей қолданылатын Конституция әр адамның, ұйымның бұзылған немесе даулы құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын негізгі нысаны – азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен істерді қарап шешу болып табылады. Азаматтық істер бойынша сот төрелігін азаматтық іс жүргізу заңдарында белгіленген ережелер бойынша тек қана сот жүзеге асырады. Соттың биліктік өкілеттілігін кімнің де болса иеленуі заңда көзделген жауаптылыққа әкеліп соғады. Азаматтық істерді сотта қарап шешуге көптеген құқық субьектілері қатысады. Олардың барлығы сот ісін жүргізуде оның принциптерін сақтап ұстануға тиіс. Азаматтық сот ісін жүргізудің принциптері сотта тараптар арасындағы құқықтың дауды демократиялық жолымен дұрыс және жылдам шешуге үлкен үлес қосады. Жалпы соттағы азаматтың істерді қарап және шешу тәртібін белгілейтін құқықтық іс жүргізу нормаларының құрамы жөнінде хабары болады. Азаматтық сот ісінін жүргізудің принциптері құқықтық нормаларда бекітіліп, нақты құқық туралы дауды сот отырысында шешуді, сот пен іске қатысушылардың іс жүргізу құқықтарын және іс жүргізу міндеттерін, қатынастарын белгілейді. Осылай азаматтық сот дегеніміз - азаматтық іс жүргізудің демократиялық және қайырымдылық мәнін ашатын, оны құрайтын процессуалдық нормалар, сатылар және институттарды анықтайтын, сондай-ақ, азаматтық істер бойынша сот төрелігін жүзеге асыруда мемлекет қойған мақсат пен міндеттерді орындауға азаматтық іс жүргізу қызметін бағыттайтын, азаматтық іс жүргізу құқығымен бекітілген бастапқы идеялар.

Изображение слайда
2

Слайд 2

Азаматтық сот ісін жүргізу іс жүргізу әрекетін орындау, іс жүргізу шешімін қабылдау кезіне қарай күшіне енген азаматтық іс жүргізу заңдарына сәйкес жүзеге асырылады. Азаматтық сот ісін жүргізудің міндеттері азаматтардың, мемлекеттің және ұйымдардың бұзылған немесе даулы құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау, заңдылық пен құқық тәртібін нығайту, құқық бұзушылықтың алдын алу болып табылады. Заңдылық: Сот істерді азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен шешу кезінде Қазақстан Республикасы Конституциясының, Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексі, басқа да нормативтік құқықтық актілердің талаптарын дәлме-дәл сақтауға міндетті. Соттардың  Конституциямен  баянды етілген адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтiретiн заңдар мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi қолдануға құқығы жоқ. Егер сот қолданылуға тиісті заң немесе өзге де нормативтiк құқықтық акт Конституциямен баянды етілген адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтiредi деп тапса, ол iс бойынша iс жүргiзудi тоқтата тұруға және осы актiнi конституциялық емес деп тану туралы ұсыныспен Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесіне жүгiнуге мiндеттi. Сот Конституциялық Кеңестiң қорытынды шешiмiн алған соң iс бойынша iс жүргiзу қайта басталады. Істерді шешу кезінде соттың заңды бұзуына болмайды және ол заңсыз сот актілерінің күшін жоюға әкеп соғады. Заңның бұзылуына кінәлі судья  заңда  белгіленгендей жауапты болады.

Изображение слайда
3

Слайд 3

4. Сот істі шешу кезінде мемлекеттік немесе өзге органның актісі заңға сәйкес келмейді немесе ол өкілеттікті асыра пайдаланып шығарылған деп тапқан жағдайда одан артық заң күші бар құқықтық актілерді қолданады. 5. Даулы құқықтық қатынастарды реттейтін құқық нормалары болмаған жағдайда сот ұқсас қатынастарды реттейтін құқық нормаларын қолданады, ал мұндай нормалар болмаған жағдайда дауды заңдардың жалпы негіздері мен мағынасын негізге ала отырып шешеді. 6. Егер заң актілерінде немесе дауласушы тараптардың келісімінде тиісті мәселелерді соттың шешуі көзделсе, сот бұл мәселелерді әділдік пен парасаттылық өлшемдерін негізге ала отырып шешуге міндетті. Азаматтық істер бойынша сот төрелігін азаматтық іс жүргізу заңдарында белгіленген ережелер бойынша тек қана сот жүзеге асырады. Соттың биліктік өкілеттілігін кімнің де болса иеленуі заңда көзделген жауаптылыққа әкеліп соғады. Әрбір адам бұзылған немесе даулы конституциялық құқықтарын, бостандықтарын немесе заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау үшін Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу Кодекспен белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы. Мемлекеттік органдар, заңды тұлғалар немесе азаматтар заңда көзделген жағдайларда өзге адамдардың немесе адамдардың белгісіз бір тобының құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау туралы сотқа арыз беріп жүгінуге құқылы. Азаматтық істердің басқа мамандырылған соттардың соттауына немесе қаралуына жатқызылуы Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу Кодекспен белгіленеді.

Изображение слайда
4

Слайд 4: АҚШ - Азаматтық сот

Сот билігі, заң шығару және атқару биліктері бір-бірінен ажыратылады, қоғамда туған шиеленістерді заң бойынша қарайды. Сот тек заңға ғана бағынады. Барлық сот ісі ашық өтуге тиісті, бұл жағдай болмаса халық соттың тазалығына сенбейді. Сот тәуелсіз болуға тиісті. Бірақ оның осы нышанына кепілдік беру өте қиын, сондықтан ол үшін жағдай туғызу керек. Оның юрисдикциясы жалпы және заңды болуға тиіс. Соттың ісі ашық өтеді. Сот өзінің жеке ер e желерін қабылдауға құқығы бар. Сот қызметкерлерінің иммунитетін мемлекет сақтайды және кепілдік береді. Сот қателескен жағдайда сотталған адам шағым арыз беруге құқықты. Әлемде АҚШ заңгердерінің саны бойынша бірінші орынды алады (шамамен 400 адамға 1 заңгер), ал жылына орташа есеппен 30 млн сот процестері өткізіледі. Америка азаматтары үшін құқықтың абыройы өте жоғары. Олар үшін құқық ерекше дін, сондықтан олар туған проблемалардың бөрін сотта шешкісі келеді. Осындай жағдайда адвокаттардың рөлі өте жоғары, олар дін қызметкерлеріне ұқсас. АҚШ-та екі сот жүйесІ бар: федеративтік және штаттық. Федеративтік сотгар федеративтік заңдар бойынша пайда болған істерді, штаттар арасындағы таластарды, шетел өкіметтерінің қатысуымен қаралатын істерді ғана қарайды. Федеративтік соттарға округтік соттар да жатады. Олардың саны 54. Бұлар бірінші инстанциялық федеративтік соттар. Бұл соттарды округтік сот қызметкерінен басқа банкроттарды қарайтын, оларға көмектесетін магистрлер бар.

Изображение слайда
5

Последний слайд презентации: Қазақстан Республикасы - Азаматтық сот

Апелляциялық соттар. Олардың саны 12, қарайтындары алелляциялық істер. Округтік соттың апелляциясын үш сот қызметкері қарайды. Ең жоғарғы инстанция — Жоғарғы Сот, ол 9 адамнан тұрады, істі бәрі бірге қарасады. Федеративтік округтік соттың шешімдерін апелляция қарайды. Штаттардың соттары. Әрбір штаттағы сот жүйесінің ерекшеліктері бар. Бірінші инстанциясы-бір сот қызметкері, олар округтік сот деп аталады. Олар маңызды азаматтық және қылмыстық соттарды қарайды. Сотқа қатысқан адамдар сотга өздерін өзі қорғауына болады немесе адавокаттарды алады. Ақшасы жок адамдар жергілікті заң көмек қоғамы арқылы адвокаттарды алады. Қылмыстық істерге қатыса-ын адвокаттарды кедей адамдарға Қоғамдық қорғаушылардың бюросы береді. Әрбір штат адвокаттарға лицензия беріп, білімдерін тексергеннен кейін ғана қызмет істеуте келісімін береді.

Изображение слайда