Презентация на тему: Қазақстан ормандары

Қазақстан ормандары
Орман қоры
Қазақстан ормандары
Қазақстан ормандары
Қазақстан ормандары
Қазақстан ормандары
Қазақстан ормандары
Қазақстан ормандары
Қазақстан ормандары
Қазақстан ормандары
Қазақстан ормандары
Қазақстан ормандары
1/12
Средняя оценка: 4.2/5 (всего оценок: 29)
Код скопирован в буфер обмена
Скачать (9074 Кб)
1

Первый слайд презентации: Қазақстан ормандары

Изображение слайда
2

Слайд 2: Орман қоры

Жер планетасының ғасырлар бойғы барлық жануарлар дүниесі мен адамзат баласы үшін тіршілік негізі – таза ауа. Ол тек өсімдіктер дүниесінен бөлініп шығатын оттегі. Бізді қоршаған тропосфералық ауа қабатының 20,9% осы оттегіден тұрады, ол тұрақты ең қажетті газдың бірі. Су оттегін бөліп шығаратын негізгі жасыл фабрика – көпжылдық ағаштар. Қазақстан аумағының 3,8 %-ын орманды жер алып жатыр. «Қазақстан - 2030» стратегиясында бұл көрсеткішті 5,1 %-ға дейін көтеру жоспарланған.

Изображение слайда
3

Слайд 3

Ең ірі орманды аумақтар – Шығыс Қазақстан, Қостанай, Батыс Қазақстан, Ақмола, Павлодар облыстарында. Қазақстандағы орманның жалпы көлемі « Қазорман » шаруашылығының мәліметі бойынша 1998 жылы 24568,4 мың гектар болды.

Изображение слайда
4

Слайд 4

Бiздiң елiмiздегi орманның бiрнеше типтерi бар. Олар - сексеуiл, қарағай, шырша, самырсын, қайың ормандары, тоғайлар мен бұталар. Орман қоры жер шары бойынша жылдан жылға азая түсуде. Құрлықтың 62 млн. текше километр жерiн өсiмдiктер мен орман алып жатыр. Республикада ормандар аз және олардың жағдайы мәз емес. Оның негiзгi себептерi – адам факторы, өрт, ауа райының өзгеруi мен айнала қоршаған ортаның ластануы.

Изображение слайда
5

Слайд 5

Орманның адам мен биосфера үшiн маңызы зор. Орман топырақтағы ылғалды сақтай отырып, су балансын тұрақтандырады. Ылғалды жер өсiмдiк жамылғысы мен жан-жануарлардың көбейе түсуiне ықпал етедi. Орманды алқаптардағы жер асты сулары өзен мен көлдердi қоректендiредi. Орман аң мен құстың мекенi, дәрi дәрмектiң өсiмдiктер мен жемiс-жидектердiң панасы әр қолайлы тiршiлiк ортасы болып табылады.

Изображение слайда
6

Слайд 6

Ормандардың ег i ст i к алқаптарын қорғаудағы да рөл i зор. Орманды жерде топырақтың, су және жел эрозиясы болмайды. Ал, ормансыз жерд i ң топырағы кеу i п, шөлге айналады. Ағаштарды қар тоқтату үш i н де отырғызады. Орманның ауаны тазартатын да қасиет i бар. Мысалы : б i р гектар орман б i р күнде 220-280 кг. көм i р қышқыл газын с i ң i р i п, 180–200 кг оттек бөл i п шығарады. Яғни ауаның құрамын толықтырып отырады.

Изображение слайда
7

Слайд 7

Орман сонымен қатар денсаулық сақтау ортасы. Сондықтан курорт пен сауықтыру кешендерi, т.б. демалыс орындарының тек қана орманды жерде салынуы тектен -тек емес. Сирек өсiмдiктердiң қатарына ағаштар да жатады. Оларды кесiп, отап, құрылыс материалы үшiн пайдалануды азайту керек. Қазiрдiң өзiнде Iле шыршасы, самырсын, шетен, ырғау, торанғыл, долана, шырғанақ, емен, т.б. ағаштары қорғауды қажет етiп отыр. Әсiресе орман ағаштарын кесу етек алуда. Орманды қорғаудың ең маңызды бағыты – жасанды жолмен орман қорын көбейту.

Изображение слайда
8

Слайд 8

Изображение слайда
9

Слайд 9

Орман қорғау – орман қорын тиімді пайдалану, оны толықтыру, өрттен, зиянкестерден және аурулардан қорғау, сондай-ақ, ағаш өнімін арттыру шаралары.  Орманды алқаптарда   орман қорғау шараларын тиянақты жүргізу үшін орман бірнеше   телімдерге бөлінеді де, олардың әрқайсысы бір   орманшыға   бекітіледі.  Орманшының   жұмысына   техникалық орман қорғау инженері басшылық етеді, бақылайды. Орман қорғау жұмысында   өртке   қарсы шаралардың мұқият орындалуы бақыланады. Орманды рұқсатсыз кеспеу,  ағаш дайындаушылар мен пішен шабушылардың, малшылардың, т.б. орман қорын сақтау ережелерін орындауы қадағаланады.

Изображение слайда
10

Слайд 10

Зиянды жәндіктер мен жануарлардың,  өсімдік ауруларының   пайда болуы бақыланып, қажет жағдайда тиісті мекемелерге тез хабарланады, күрес шаралары ұйымдастырылады. Орманда   аң аула у, оның маусымдық ережелерін сақтау бақыланады.Орман қорғау ісінде, орман шаруашалығында   радиостанция, телефон болуы керек,  өрт -химия станциялары құрылып, өрт сөндіру топтары ұйымдастырылады. Орман   ұшақ, тікұшақтармен   барланады. Қазақстанда орман қорғау жұмысымен   Қазақ орман шаруашылығы және агроорманмелиорация ғылыми-зерттеу институты, орман шаруашылығы мекемелері, т.б. айналысады

Изображение слайда
11

Слайд 11

Изображение слайда
12

Последний слайд презентации: Қазақстан ормандары

Табиғат – тіршілік аясы. Табиғатты аялайық!

Изображение слайда