Презентация на тему: Қазақстан – 2050 ” стратегиясы

“Қазақстан – 2050 ” стратегиясы
“Қазақстан – 2050 ” стратегиясы
“Қазақстан – 2050 ” стратегиясы
«Қазақстан-2050» жолдауының негізгі бағыттар :
“Қазақстан – 2050 ” стратегиясы
Б ілім беру жүйесін жетілдіру
Еліміздегі білімнің сапасын және бәсекеге қабілеттілігін арттырудағы міндеттер
Инновация ұғымы
“Қазақстан – 2050 ” стратегиясы
Бұл өзара әрекеттестіктің ерекшелігі мыналар
Интерактивті оқытудың мәні
Жаңа технологияны қолдану кезеңдері
Оқу - т әрбие үдерісінде нәтиже берген жаңа педагогикалық технологиялар
“Қазақстан – 2050 ” стратегиясы
Педагог мамандардың кәсіби құзырлығын қалыптастыру
Жаңа формациядағы ұстаз
“Қазақстан – 2050 ” стратегиясы
қорытынды
1/18
Средняя оценка: 4.0/5 (всего оценок: 40)
Код скопирован в буфер обмена
Скачать (227 Кб)
1

Первый слайд презентации: Қазақстан – 2050 ” стратегиясы

Орындаған: Әдебиеттану, 1 курс Тексерген: Касымова Р.С. ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ Алматы 201 7

Изображение слайда
2

Слайд 2

" Қазақстан-2050" Стратегиясы  - 2012 жылдың желтоқсан айында Мемлекет басшысының ел халқына   Жолдауында   таныстырылды. Оның басты мақсаты – мықты мемлекеттің, дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру. Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарында болуы. Барлығы да адам игілігі үшін лайықталған мемлекетке айналу.

Изображение слайда
3

Слайд 3

« Бүгінде отанымыздың жетістіктері – әрбір азаматтың ұлттық мақтанышы. Күшті, қуатты мемлекеттер ғана ұзақмерзімдік жоспарлаумен, тұрақты экономикалық өсумен айналысады. « Қазақстан - 2050» стратегиясы – барлық саланы қамтитын және үздіксіз өсуді қамтамасыз ететін жаңғыру жолы. Ол – елдігіміз бен бірлігіміз, ерлігіміз бен еңбегіміз сыналатын, сынала жүріп шыңдалатын үлкен емтихан. Стратегияны мүлтіксіз орындап, емтиханнан мүдірмей өту – ортақ парыз, абыройлы міндет !» Елбасы Н.Ә.Назарбаев “Қазақстан 2050: стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты” атты Жолдауы. 14 желто қсан, 2012 ж.

Изображение слайда
4

Слайд 4: Қазақстан-2050» жолдауының негізгі бағыттар :

1.И нвестициялар мен бәсекеге қабілеттіліктен қайтарым алу принципіне негізделген түгел қамтитын экономикалық прагматизм. 2. Кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау – ұлттық экономиканың жетекші күші. 3. Әлеуметтік саясаттың жаңа қағидаттары – әлеуметтік кепілдемелер мен жеке жауапкершілік. 4. Білім және кәсіби біліктілік – қазіргі білім жүйесінің, кадрлерді даярлау мен қайта даярлаудың кілтті бағыттары. 5. Мемлекеттіліктің одан әрі дамуы және қазақстандық демократияның дамуы. 6. Жаңа қазақстандық патриотизм – біздің көп ұлтты және көп конфессиялық қоғамның жетістік негізі. 7. Дәйекті және жорамалды сыртқы саясат – ұлттық мүдделерді өрлету және аймақтық пен жаһандық қауіпсіздікті нығайту.

Изображение слайда
5

Слайд 5

Осы стратегиялық мақсатқа жету үшін, Н.Ә. Назарбаев атап өткендей, біз дамыған, бәсекеге қабілетті, жоғары білімді ел болуымыз қажет, атап айтқанда қол жетімді және сапалы білім беруді, интеллектуалды мектептер мен дүниежүзілік деңгейдегі кәсіби-техникалық колледждердің дамуына көп көңіл бөлуіміз керек. Осының барлығы біздің жастарымызды жоғары білімді және бәсекеге қабілетті болуға мүмкіндік береді.

Изображение слайда
6

Слайд 6: Б ілім беру жүйесін жетілдіру

Қазіргі таңдағы еліміздегі өзгерістер, тұрақты дамудың жаңа стратегиялық бағыттары және қоғамның ашықтығы, оның жедел ақпараттануы, қарқындылығы білім беруге қойылатын талаптарды түбегейлі өзгертті. Бұл білім беруді жаңарту педагогтардың жауапкершілікті түсінуі мен олардың кәсіби деңгейіне және білім беру үдерісіндегі көптеген мәселелерді шешуге қосқан үлесіне байланысты. Он екі жылдық білім беруге көшуге байланысты Қазақстан Республикасының әлемдік білім беру кеңістігіне енуі, педагогтар қауымынан кәсіби міндеттер мен оны жүзеге асыруда жаңаша көзқарасты, яғни инновациялық қызметті дамытуды талап етеді.

Изображение слайда
7

Слайд 7: Еліміздегі білімнің сапасын және бәсекеге қабілеттілігін арттырудағы міндеттер

Оқу процесіне заманауи әдістемелер мен технологияларды енгізу Педагогикалық кадрлардың кәсіби дайындық деңгейін арттыру Педагогикалық базалық білім беру стандарттарын, мектеп мұғалімдері мен ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыру талаптарын жаңарту Кадрларды даярлауды экономика қажеттілігіне сәйкес келтіру Білім саласына әлемнің үздік жетістіктерін енгізу Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесін дамыту

Изображение слайда
8

Слайд 8: Инновация ұғымы

Инновацияға нақтылы анықтама әлі де жасала қойған жоқ. Ш.Таубаева мен Қ. Құдайбергенованың берген анықтамасына сүйенсек, «инновация» – бұл нақты қойылған мақсатқа жетуде ойға алынған жаңа нәтиже. Нақты мақсат дегеніміз не? Нақты мақсатқа қандай әдіс-тәсілдердің көмегімен жетуге болады ? Оқу мақсатының жүйесінде берілген мақсаттың негізгі категорияларын пайдалана отырып, педагог өз еңбектерінің нәтижесі туралы ақпарат алуға мүмкіндік алады. Демек, мақсат пен нәтиже – жаңалыққа бет бұрудың кілті »

Изображение слайда
9

Слайд 9

Инновация мәселелерімен айналысып жүрген бірқатар ғалымдардың еңбектерін негізге ала отырып, инновацияны « жаңалық », « жаңа әдіс », « өзгеріс », « әдістеме », « жаңашылдық », ал инновациялық үрдісті « жаңа әдістеме құралы » деп ұғамыз. Негізгі әдістемелік инновациялар бүгінгі таңда оқытудың интерактивті әдістерін қолданумен байланысты. « Интерактив » сөзі бізге ағылшын тілінің « interact » деген сөзінен келген. « Іnter » –   бұл «өзара», « act » – әрекет ету дегенді білдіреді. « Интерактивті » сөзі – өзара әрекет ету бейімділігін білдіреді немесе әңгімелесу, әлде кіммен ( адаммен ) не болмаса әлденемен ( мысалы, компьютермен ) сұхбаттасу режимінде болады. Демек, интерактивті оқыту – бұл, ең алдымен, сұхбаттасып оқыту, оның барысында оқытушы мен студенттің өзара әрекет етуі жүзеге асырылады.

Изображение слайда
10

Слайд 10: Бұл өзара әрекеттестіктің ерекшелігі мыналар

Білім субъектілерінің бір мағыналық кеңістікке келуі Күрделі мәселелер өрісінде шешілетін тапсырмаларды бірігіп көтеру, яғни бірыңғай шығармашылық кеңістікке қосылу Тапсырмаларды шешуді жүзеге асыратын әдістер мен құралдарды таңдауда келісушілік Жақын эмоциялық жағдайларда оң-сол күйге бірге түсуі, тапсырмаларды қабылдау мен жүзеге асыруда бойдағы ұқсас сезімдерді бастан кешуі.

Изображение слайда
11

Слайд 11: Интерактивті оқытудың мәні

Оқу үдерісі іс жүзінде барлық студент таным үрдісіне тартылатындай болып ұйымдастырылуы тиіс, олардың осыған байланысты не біледі, нені ойлайды, соны түсінуге және рефлекстеуге мүмкіндігі болуы тиіс. Таным процесінде оқушылардың біріккен іс-әрекеті, әркім өзінің жеке-дара үлесін қосатын, оқу материалдарын меңгеруді білдіреді, білімдерін, идеяларын, іс-әрекет тәсілдерін алмасу жүргізіледі. Және де бұл мейірімділік пен өзара бір-біріне қолдау көрсету аясында болады, ол тек қана жаңа білім алуға мүмкіндік беріп қоймайды, таным әрекетінің өзін де дамытады, оны әріптестік пен кооперацияның әлдеқайда жоғары нысандарына ауыстырады.

Изображение слайда
12

Слайд 12: Жаңа технологияны қолдану кезеңдері

I кезең – оқып үйрену ; II кезең – меңгеру ; III кезең – өмірге ендіру ; IV кезең – дамыту.

Изображение слайда
13

Слайд 13: Оқу - т әрбие үдерісінде нәтиже берген жаңа педагогикалық технологиялар

Оқу-тәрбие үдерісінде қолданып, айтарлықтай нәтиже беріп жүрген жаңа педагогикалық технологиялар мыналар : дамыта отырып оқыту әдістемесі ( Л.Занков, Д.Эльконин, В.Давыдов, В.Репин, В.Левин); жетілдіре отырып оқыту ( С.Лысенкова ); іс-әрекетті бағалау ( Ш.Амонашвили, И.Волков); тірек және тірек конспектілері арқылы оқыту (В.Шаталов); саралап оқыту ; шоғырландырып қарқынды оқыту жүйесі ; деңгейлік тапсырмалар арқылы дамыта оқыту ; жобалап оқыту технологиясы. Жаңа технологиялардың педагогикалық негізгі қағидалары: студентке ізгілік тұрғысынан қарау ; оқыту мен тәрбиенің бірлігі ; студенттің танымдық күшін қалыптастыру және дамыту ; студенттің өз бетімен әрекеттену әдістерін меңгерту ; студенттің танымдылық және шығармашылық икемділігін дамыту ; әр студентті оның қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне орай оқыту ; барлық студенттердің дамуы үшін жүйелі жұмыс істеу ; оқу үдерісін студенттің сезінуі.

Изображение слайда
14

Слайд 14

Дамыта оқыту – күрделі құрылымды, біртұтас педагогикалық жүйе. Оның нәтижесінде әр студенттің өзін-өзі өзгертуші субьект дәрежесіне көтерілуі көзделіп, оқыту барысында соған лайық жағдайлар жасалады. Дамыта оқытудың дәстүрлі оқытудан айырмашылығы: көздеген мақсатында, мәнінде, мазмұнында, дамытудың негізгі факторында, оқытушының рөлі мен атқаратын қызметінде, әдіс-тәсілдерінде, оқушының білім алу белсенділігінің түрінде, оқу үдерісі мүшелерінің әрекеттестік ерекшеліктерінде, олардың қарым-қатынас сипатында, танып-білу үрдісін ұйымдастыру түрлерінде.

Изображение слайда
15

Слайд 15: Педагог мамандардың кәсіби құзырлығын қалыптастыру

Біліктілік арттыру жүйесінде педагогтардың оқу қажеттіліктері нақты білімнің мәнін түсінуге, соның нәтижесінде өзіндік іс - әрекетке енуге және жеке өміріндегі тәжірибені жетілдіру мақсаттарына байланысты қалыптасады. Осы заманғы мұғалім оқуға үлкен потенциалдық мүмкіндіктермен келеді.

Изображение слайда
16

Слайд 16: Жаңа формациядағы ұстаз

Біліктілікті арттыру курсынан өту. Авторлық курстардан өту. 12 жылдық білім беру курсынан өту. Ақпараттық технология курстары (Компьютер курстары ). Пәндік білім беру бойынша курстар. Іс–тәжірибені тарату. Шығармашылық  жұмысын жинаққа ендіру. Конференция, байқауларға, сайыстарға  қатысу. Дидактикалық — әдістемелік құрал дайындау. Басылымдарға мақала беру. Ғылыми–ізденіс жұмысын жүргізу. Өз бетімен   білімін көтеру.

Изображение слайда
17

Слайд 17

Осы бағыттағы жұмыстар үнемі және жоспарлы жүріп тұратын болса, біздің мұғалімдер заман талабына лайықты болып, жаңалықтарды дер кезінде біліп, меңгеріп, өз жұмыстарын сапалы атқарады. Жаңа формациядағы ұстаз – ізденімпаз өзіне талап қоя білетін, кәсіби – құзырлылық және шеберлілік деңгейі жоғары, рухы биік, даралық сапалары жетілген, шығар тауы биік маман болуы тиіс.

Изображение слайда
18

Последний слайд презентации: Қазақстан – 2050 ” стратегиясы: қорытынды

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру – он екі жылдыққа көшу және кәсіби міндеттерді өздігінен, шығармашылықпен шеше алатын, қызметтің жеке және қоғамдық мәнін түсінетін және оның нәтижесіне   жауапты қарайтын құзырлы, бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыруды қамтамасыз ететін білім берудің тиімді жүйесін құруды көздейді. Елбасы қойған міндеттерді шешу үшін 2011-2020 жылға дейінгі білім беру бағдарламасын ойдағыдай орындап, білімнің барлық саласы – нәтижеге және елдің, оның экономикасы мен әлеуметтік саласын дамытуға жұмыс істеуі қажет. Білім беру саласының жетілдіру арқылы еліміздің жастары мен жас ұрпағы, шет мемелекеттерінің білім беру жүйесі талаптарына сай, жоғары бәсекеге қабілетті мамандар болмақ.

Изображение слайда