Презентация на тему: ҚАЗАҚ БАС СӘУЛЕТ-ҚҰРЫЛЫС АКАДЕМИЯСЫ

ҚАЗАҚ БАС СӘУЛЕТ-ҚҰРЫЛЫС АКАДЕМИЯСЫ
№10 « ҚАЗАҚ ФИЛОСОФИЯСЫ” ДӘРІС ЖОСПАРЫ
ҚАЗАҚ БАС СӘУЛЕТ-ҚҰРЫЛЫС АКАДЕМИЯСЫ
1. ҚАЗАҚ ФИЛОСОФИЯСЫНЫҢ ТҮРКІЛІК БАСТАУЫ
1. ҚАЗАҚ ФИЛОСОФИЯСЫНЫҢ ТҮРКІЛІК БАСТАУЫ
ҚОРҚЫТ АТА
2. Ж. БАЛАСАҒҰН ФИЛОСОФИЯСЫ
2. Ж. БАЛАСАҒҰН ФИЛОСОФИЯСЫ
2. Ж. БАЛАСАҒҰН ФИЛОСОФИЯСЫ
ЖҮСІП БАЛАСАҒҰН
3. М. ҚАШҚАРИДІҢ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ОЙЛАРЫ
3. М. ҚАШҚАРИДІҢ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ОЙЛАРЫ
4. ҚАЗАҚ ФИЛОСОФИЯСЫНЫҢ БАСТАМАСЫ
4. ҚАЗАҚ ФИЛОСОФИЯСЫНЫҢ БАСТАМАСЫ
4. ҚАЗАҚ ФИЛОСОФИЯСЫНЫҢ БАСТАМАСЫ
5. АҚЫН-ЖЫРАУЛАР ФИЛОСОФИЯСЫ
5. АҚЫН-ЖЫРАУЛАР ФИЛОСОФИЯСЫ
5. АҚЫН-ЖЫРАУЛАР ФИЛОСОФИЯСЫ
5. АҚЫН-ЖЫРАУЛАР ФИЛОСОФИЯСЫ
ҚАЗАҚ БАС СӘУЛЕТ-ҚҰРЫЛЫС АКАДЕМИЯСЫ
АСАН КАЙГЫ
6. «ЗАР ЗАМАННЫҢ» ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ОЙЛАРЫ
6. «ЗАР ЗАМАННЫҢ» ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ОЙЛАРЫ
6. «ЗАР ЗАМАННЫҢ» ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ОЙЛАРЫ
ШАЛ-АКЫН
7. Ш. УӘЛИХАНОВ, Ы. АЛТЫНСАРИН, А. ҚҰНАНБАЕВТЫҢ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ОЙЛАРЫ
7. Ш. УӘЛИХАНОВ, Ы. АЛТЫНСАРИН, А. ҚҰНАНБАЕВТЫҢ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ОЙЛАРЫ
ЧОКАН ВАЛИХАНОВ
7. Ш. УӘЛИХАНОВ, Ы. АЛТЫНСАРИН, А. ҚҰНАНБАЕВТЫҢ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ОЙЛАРЫ
7. Ш. УӘЛИХАНОВ, Ы. АЛТЫНСАРИН, А. ҚҰНАНБАЕВТЫҢ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ОЙЛАРЫ
7. Ш. УӘЛИХАНОВ, Ы. АЛТЫНСАРИН, А. ҚҰНАНБАЕВТЫҢ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ОЙЛАРЫ
АБАЙ КУНАНБАЕВ
8. Ш. ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫ ОЙЛАРЫНЫҢ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МӘНІ
8. Ш. ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫ ОЙЛАРЫНЫҢ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МӘНІ
ШАКАРИМ КУДАЙБЕРДИЕВ
9. ХХ ҒАСЫР БАСЫНДАҒЫ ТӘУЕЛСІЗДІК ФИЛОСОФИЯСЫ
9. ХХ ҒАСЫР БАСЫНДАҒЫ ТӘУЕЛСІЗДІК ФИЛОСОФИЯСЫ
9. ХХ ҒАСЫР БАСЫНДАҒЫ ТӘУЕЛСІЗДІК ФИЛОСОФИЯСЫ
МЫРЖАҚЫП ДУЛАТОВ
10. КЕҢЕС ДӘУІРІНІҢ ФИЛОСОФИЯСЫ
10. КЕҢЕС ДӘУІРІНІҢ ФИЛОСОФИЯСЫ
ҚАЗАҚ БАС СӘУЛЕТ-ҚҰРЫЛЫС АКАДЕМИЯСЫ
ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР
ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР
1/44
Средняя оценка: 4.3/5 (всего оценок: 100)
Код скопирован в буфер обмена
Скачать (2384 Кб)
1

Первый слайд презентации: ҚАЗАҚ БАС СӘУЛЕТ-ҚҰРЫЛЫС АКАДЕМИЯСЫ

ПӘН: Ф ИЛОСОФИЯ № 1 0 та қырып ҚАЗАҚ ФИЛОСОФИЯСЫ Орындаған: ЖГДФ ассоц. профессоры Ақбаева Л.Н. Алматы 2015

Изображение слайда
2

Слайд 2: 10 « ҚАЗАҚ ФИЛОСОФИЯСЫ” ДӘРІС ЖОСПАРЫ

1-сағат 1. ҚАЗАҚ ФИЛОСОФИЯСЫНЫҢ ТҮРКІЛІК БАСТАУЫ. 2. Ж. БАЛАСАҒҰН ФИЛОСОФИЯСЫ. 3. М. ҚАШҚАРИДІҢ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ОЙЛАРЫ. 4. ҚАЗАҚ ФИЛОСОФИЯСЫНЫҢ БАСТАМАСЫ. 5. АҚЫН-ЖЫРАУЛАР ФИЛОСОФИЯСЫ. 2 -сағат 6. «ЗАР ЗАМАННЫҢ» ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ОЙЛАРЫ. 7. Ш. УӘЛИХАНОВ, Ы. АЛТЫНСАРИН, А. ҚҰНАНБАЕВ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ОЙЛАРЫ. 8. Ш. ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫ ОЙЛАРЫНЫҢ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МӘНІ. 9. ХХ ҒАСЫР БАСЫНДАҒЫ ТӘУЕЛСІЗДІК ФИЛОСОФИЯСЫ. 10. КЕҢЕС ДӘУІРІНІҢ ФИЛОСОФИЯСЫ. ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТ

Изображение слайда
3

Слайд 3

Изображение слайда
4

Слайд 4: 1. ҚАЗАҚ ФИЛОСОФИЯСЫНЫҢ ТҮРКІЛІК БАСТАУЫ

Қазақ философиясының зерттеушілері ІХ-ХІІ ғасырлар аралықтарындағы Сырдария, Іле өңірлерінде іргетасы қаланған қалаларда көшпенді шаруашылықтар жүргізген түркілерде философиялық ойдың орын алғанын көрсетеді. Жалпы билік, ел басқару мәселесі шығыс елдерінің қоғамдық-саяси тарихында ерекше орын алады. Өздерін көк аспан – Тәңірінің қалауымен билік құрып отырмыз деп түсінген ертедегі жазба ескерткіштерінің бірі – «Күлтегінде» Білге Қаған: «Тәңірі жарылқағандықтан, өзімнің бақытым бар болғандықтан... Қаған болып, жоқ кедей халықты көп көтердім, кедей халықты бай қылдым», – дейді. Йолығтегін ойынша, парасатты адам басқарған халықтың әдет-ғұрыптары мен заңдары мүлтіксіз орындалады, бұзық ниетті кісілер болмайды. Билеушісі нашар болса, бұрынғы әдет-ғұрып, жоралғылар сақталмаса, ауыз бірлік болмаса мемлекеттің шаңырағы шайқалады, қолдан билік кетеді. Көшпенді тірліктің дүниетанымдық бағдарын тәңіріге, отқа, суға, жерге, төрт түлік мал иелеріне, әруаққа табыну көрсетеді. Қоғамдық болмысы орта ғасыр уақытына сәйкес келетін ежелгі түркі мемлекеті саяси ойының асыл мұрасы – жазба ескерткіштерінің өркениет тарихында алатын орны ерекше. Тарихи дәуірдің саяси-қоғамдық өмірін баяндайтын «КҮЛТЕГІН», «БІЛГЕ ҚАҒАН», «ТОНЫКӨК» жазба ескерткіштерін шежіреші Йолығтегіннің жазып қалдырғаны арнайы әдебиеттерде көрсетіледі. Ол бұл еңбегінде Түркі Қағанатының қашан және қалай құрылғанын, оны нығайтқан ел басшылары мен қолбасшыларының өмірбаянын, жүргізген күрестерін баяндайды.

Изображение слайда
5

Слайд 5: 1. ҚАЗАҚ ФИЛОСОФИЯСЫНЫҢ ТҮРКІЛІК БАСТАУЫ

Шежірелер мазмұны елі үшін жасалған ерлікті, тәуелсіздік, еркіндік ұғымдарының құндылығын насихаттаумен қатар, біреуге бас ұрған құлдық, сатқындық, ездік пиғылдарды да көрсетеді... «Қандай қағанат болмасын, оның халқының арасында пәтуасыз (жалқау, арамза) табылса, онда сол халықтың қанша соры бар десеңізші!» (Ежелгі дәуір әдебиеті (хрестоматия)). Шежіре тұрмыс-салт мәселелерін де көтеріп, жас ұрпақты елін, жерін сүюі, үлкенді сыйлау, әдептілік, зерек ойшылдық, батырлық пен тапқырлыққа тәрбиелейтін әлеуметтік-саяси ұлағатты пікірлер айтады. Ежелгі түркі дәуірінің тағы бір құнды дерегі – ауыз әдебиетімен осы заманға жеткен ҚОРҚЫТ АТА (VІІІ ғ.) туралы түркі тілдес халықтар арасындағы аңыздар. Қорқыт Ата мұралары сараланатын зерттеушілер еңбектерінде халықтық дүниетанымның айқын көрініс тапқаны, өмірдің мәні мен мағынасы, мақсат-мұраттары, адамгершілік, өмір мен өлім туралы мәселелердің көтерілгені ерекшеленеді. «Қорқыт Ата кітабы» ғалам, тәңірі, сұр қасқыр, Ұмай ана, адам өмірінің мол тіршілік бастаулары, аңыздық тұлғалардың жан дүниесі, толғаныстары туралы мәліметтер береді. Көк тәңіріне, Жерге, Суға табынған Қорқыт Атаның барлық мақсат-мұраты халқына қызмет ету болған, болашақты көре білген, сәуегей. Академик Ә.Марғұлан Қорқыт Ата айтты деген мақал-мәтелдерді көптеп келтіреді. Атадан жеткен «Өшкен келмейді, өлген тірілмейді», «Қыдыр, тәңірі бермесе ер байымас» деген даналық сөздер осы кезге дейін өзінің тағылымдық мәнін жоймаған рухани қазыналар.

Изображение слайда
6

Слайд 6: ҚОРҚЫТ АТА

ҚОЖА АХМЕТ ЙАССАУИ

Изображение слайда
7

Слайд 7: 2. Ж. БАЛАСАҒҰН ФИЛОСОФИЯСЫ

Түркі танушы А.Н.Кононов «Құтты білік» – адам өмірінің мәні мен мағынасы талданатын және адамдардың қоғамдағы іс, әрекетшілдік үлесі мен міндеттері анықталатын философиялық шығарма,... Жүсіп өзі өмір сүріп отырған қоғамды қорықпай сынайды», – дейді. Ж.Баласағұн ойынша, ел мүддесімен санаса жүргізілген билік елге ұнамды, сондықтан халықтың бақыты билеушінің басты мұраты болуға тиіс. Әр түрлі саяси топтардың болмысын еңбегімен бағалау ғана ел ішіндегі әлеуметтік қатынастарды айқын түсінуге мүмкіндік береді. Әкімдер қызметінің бағаланбауынан әртүрлі жүгенсіздік-парақорлық пен ұйымдасқан қылмыс, жағымпаздық, мәймөңке жарамсақтықтың үдейтіні елді күйзелтеді. «Тұзды судай – байлық шөлің қанбайды, Қанша ішсең құрғатар тіл – таңдайды» ( Баласағұн Ж. Құтты білік ). 2. Ж. БАЛАСАҒҰН ФИЛОСОФИЯСЫ ХІ-ХІІ ғасырлардағы әдеби поэзиялық көрнекті шығармалардың бірі – ЖҮСІП БАЛАСАҒҰННЫҢ «ҚҰТТЫ БІЛІК» поэмасы. Шығарма мемлекет қызметкерлерінің өзара әңгімесіне негізделген. Ол әділдікке «Күнтолды» (Ел басшысы), бақытқа «Айтолды» (уәзір), игілікке «Оғдұрмыш» (уәзірдің інісі), ақылға «Өлдірміш» (уәзірдің баласы) есімдерін береді. Негізгі өмірлік қағидалар – әділеттілік, ізгілік, парасаттылық, қанағат, бақыт, білімділік т.б. Бұл қасиеттер жеке-дара қалыпта кісіні бақытқа жеткізе алмайды, тек бірлік пен ынтымақ болғанда ғана адам бақыты туралы айтуға болатынын дәріптейді.

Изображение слайда
8

Слайд 8: 2. Ж. БАЛАСАҒҰН ФИЛОСОФИЯСЫ

Ғұлама «Жақпас саған бір күндікке алданба», – деп бір күнгі өмірлік қажеттілік үшін адамдардың өзін-өзі төмендетпеуін дәріптейді. Алайда мансапқорлық, мақсат еткен билік тұғырына қол жеткізу үшін дәрежесі жоғары адамдардың алдында ойсыз бас шұлғу, өзіндік келбетті жоюға, еріксіздікке алып келеді. Бұл – мемлекет қызметіндегі адам үшін басты кемшілік. Мемлекет басшысының күнделікті қызметі халықтың көз алдында. «Сондықтан оның ессіздігінен тек жауыздық туады, ал жауыздақ орын алған жерде, әр түрлі әлуметтік күштер арасында ізгілік жоқ» ( Баласағұн Ж. Құтты білік ). Халықпен үнемі араласу, оның көңіл-күйін назардан тыс қалдырмау билеуші беделін көтереді деп есептейді. Бұл үшін бектің сөзі берік, ісі анық болуы керек. Оған халқы сенгенде ғана ол өзіне сенімді алып күшке ие болады ( Баласағұн Ж. Құтты білік ). Мемлекетті басқару әдістерімен билеушінің қасиеттері туралы ақыл кеңестерді Италияның орта ғасырлардағы мемлекет қайраткері Н.Макиавеллиден айтқан Ж.Баласағұн «Саясат-өнер ғана емес, ол білім мен даналық», – дейді. Оның Макиавеллиден айырмашылығы – ел билеу әдісі туралы көзқарастарында басшының қатыгездігі мен алдап-арбауы жайында сөз қозғамайды, халық жүрегіне жол таба білуді ұсынады.

Изображение слайда
9

Слайд 9: 2. Ж. БАЛАСАҒҰН ФИЛОСОФИЯСЫ

Мемлекеттің ісі дұрыс жүруі үшін басшылық қызметке іскер адамдарды тартудың тиімділігін ескерген Жүсіп Баласағұн парасатты іс-әрекеттерге білімді игеру нәтижесінде, ғылым нәрімен сусындаған адамның қол жеткізуге мүмкіндігінің молдығын айтады. Басшының көңілінен шығуға, оған жақсы көрінуге тырысқандар халықтың мүддесін емес, өзінің қара басын күйттейтіндер. Қандай заманда да билік иелерінің білімсіздігі, надандығы халықты күйзелткендіктері туралы деректер мол. Баласағұн білікті адамдардың өз дәрежесінде бағаланбайтынын, олардың орнына надандардың жолы болып, қоғам өмірінде білім, адам тағдыры, адамзаттық құндылықтар аяққа басылатынына меңзейді. Білім – жауыздық, рухани кемтарлық, зұлымдықпен күрестің басты құралы. Ол адамға қоғамның әлеуметтік құрылымдағы орнын табуға, адамгершілікті іс, мейірбандыққа жаны жайсаң, ізгілікке жетуге мүмкіндік береді. Кісіден кісінің айырмасы болатын белгілер көп, ал білім осы айырмашылық негізі. Ж. Баласағұн « Құтты білік ” еңбегінде білімсіздік, надандық жайлы өткір сөздер айтады: «Білімді аз, білімсіздер қаптаған, Ақылсыз көп – ақылдыны таптаған».

Изображение слайда
10

Слайд 10: ЖҮСІП БАЛАСАҒҰН

Изображение слайда
11

Слайд 11: 3. М. ҚАШҚАРИДІҢ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ОЙЛАРЫ

XI ғасырда Қарахан мемлекетінде өмір сүрген ірі ғұламалардың бірі МАХМҰТ ҚАШҚАРИ. Түріктердің қоғамдық өмірінің барлық жағын қамтыған «ДИУАНИ ЛҰҒАТ-АТ-ТҮРІК» еңбегі оның атын осы күнге де жеткізді. Түркі жерін ұзақ уақыт бойы аралаған ол түркі халықтарының тұрмыс-салты, тарихы, тілі, ауыз әдебиеті, кәсібі туралы құнды мәліметтер жинап зерттеуші, саяхатшы, тарихшы есебінде өзі өмір сүрген дәуірдің саяси өмірінен құнды деректер береді. Түркілердің шығу тегін аңызбен байланыстырған М. Қашқари оларды көрікті, өңдері ұнамды, жүздері мейірімді, әдепті, үлкендерді құрметтей білетін кішіпейіл, уәделеріне берік және басқа да көптеген жақсы қасиеттерге ие болған ашық-жарқын жандар, – деп суреттейді (Қашқари М. Диуани лұғат-ат-түрік). «ДИУАНИ ЛҰҒАТ-АТ-ТҮРІК» еңбегі түріктердің өмірлік бастаулары – ру, тайпалық бөлініс, әр түрлі қызмет сатысына көтерілген билік иелерінің әлеуметтік орнымен қоса, тағам атаулары, құстар мен жануарлар, мал шаруашылығы, өсімдіктер, аурулар мен емдік шөптер, астрономиялық күнтізбе, ай атаулары, қалалар, соғыстар, әр түрлі тарихи және аңыздық батырлардың есімдері, діни сенімдер және тағы да басқа мәліметтер береді. « Диуани лұғат-ат-түрік» түркілердің тайпалық және рулық құрамы туралы, олардың аталуы мен шығу тегі туралы түсінік береді.

Изображение слайда
12

Слайд 12: 3. М. ҚАШҚАРИДІҢ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ОЙЛАРЫ

Әмірдің жат елден өзіне арнап сарай соқтырып қоюын, «түбі басыма қиын-қыстау күн туса, қашып барып паналаймын» дегенді білдіретін жаман ырым екенін айтады. Бұл халықтың алдында жасалған сатқындық, өйткені қарапайым елдің барар жер, басар тауы жоқ. Ғұламаның бұл сөздері басына билік қонған, қолына халықтың байлығын, мемлекеттің қазынасын ұстағандардың шетелдерде зәулім үйлер тұрғызып, батыс елдерінде қаржысын сақтаған қазіргі күннің кейбір мемлекеттік қызметкерлерге де арналып айтылғандай. Ел билігі мен әкімдік, әділдік пен адалдық, парасат пен қайырымдылық, заң мен адамгершілік туралы айтылған өсиеттердің көкірегі ояу, көзі ашық ұрпаққа берер ғибраты мол. Әкімнің барлық іс-әрекеті халықтың көз алдында, халықтан ешнәрсені жасыра алмайсың, сондықтан қандай ауыр кезең болса да халықпен бірге болған абзал, дейді автор.

Изображение слайда
13

Слайд 13: 4. ҚАЗАҚ ФИЛОСОФИЯСЫНЫҢ БАСТАМАСЫ

Қоғамдық санада әлеуметтік жүйе қағидалары, ережелері тарихи қалыптасқан қауымдастық мүшелерінің ғасырлар бойы жинақталған өмірлік тағлымдары реттеліп отырды. Қоғамдық болмыстың өзекті мазмұнын құрайтын құндылықтар қауым мүшелері, жеке адамдардың іс-әрекеттері ру басы – билер құзырында болды. Көпті көрген көнеден ақыл сұрап, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан бай тәжірибе, имандылық, әділеттілік пен намыс, айтылған сөзге тұру – рухани өмір саласының басты құндылығы. Қазақ мәдениетіндегі дәстүрлік уақытқа сай сананың басындағы формасы – батырлық эпос болып т абылады. Мәселен, « Алпамыс » эпосында қазақтардың ислам дініне көшуін көрсететін тәңірлік пен шаманизмнің көптеген элементтері бар. Тәңірге, отқа, суға, жерге, төрт түлік мал иелеріне, әруаққа табыну да көшпенді т ірліктің шаманизм деп аталатын дүниетанымдық бағдарын көрсетеді. Қазақ мәдениеті мен философиясының басатамасы ХАЛЫҚ ФОЛЬКЛОРЫНЫҢ түрлерінен көрініс атапты. Мысалы, батырлық эпос («Алпамыс», «Қобыланды», «Ер Тарғын»), лиро-эпос («Айман-Шолпан», «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу»), ертегілер, мақал-мәтелдер, аңыздар («Асан-Қайғы», «Қорқыт ата», «Алдар Көсе»), айтыс («Біржан мен Сара»), әндер. Қазақ фольклорында көтерілетін басты философиялық мәселе лер – этикалы қ сипатта дамып, кейіннен қазақ философиясының мазмұндық негізіне айналды.

Изображение слайда
14

Слайд 14: 4. ҚАЗАҚ ФИЛОСОФИЯСЫНЫҢ БАСТАМАСЫ

Ғұлама өктем ниетті саясаттың жөнсіздігін, қисынсыздығын, ата-баба даңқын жоғары ұстау өнері арасындағы айырмашылыққа назар аударады. Ғұлама жоғары ұстаған рухани құндылықтар: қайырымдылық пен кеңпейілдіктің, жоғарғы мәртебелілік пен тәрбиеліліктің, абырой мен таза сенімнің үлгісі. «Адам бойынан көрінісін табатын кез келген жетілгендік пен жақсылық өз мәнінде жасампаз Жаратқан Иенің әсемдік, жарылқаушылық және жетілген бейнесі» болып табылады (Дулати М.Х. Тарих-и-Рашиди). Бейбітшілік – қиындықтарды жеңу, теңдікті, әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру. Олай болса, келісім – адам мүмкіндіктерінің жасампаздығы. «Егер адам талпыныстары, игілікті ойлары жоғары болса, онда ол күнделікті жұмыстарын атқарумен шектелмейді». Ғұламаның ойынша, мемлекеттік құрылымда орын алған келеңсіздіктерді жоюдың басты құралы – алдау, қулық немесе өшпеңділік, қара ниет, данышпандар мен ер жүрек батыл жанды қудалау сияқты келеңсіздіктерді болдырмау. Дулати ойынша, мемлекет қуаты ел басшысына байланысты. Сондықтан ол тарихи дәуірдің аса ірі саяси тұлғаларының бірі деп Қасым сұлтанды айтады. Ғұлама оның елдің жерін кеңітіп, халқының санының көбеюіне зор үлес қосқанын дәріптейді (Дулати М.Х. Тарих-и-Рашиди). 4. ҚАЗАҚ ФИЛОСОФИЯСЫНЫҢ БАСТАМАСЫ Қазақ философиясының бастамасы ретінде Қазақ хандығының қалыптасу кезеңінде өмір сүрген, соңына өшпес мұра – жазба дерек «ТАРИХ-И-РАШИДИДІ» жазып қалдырған өз заманының ғұламаларының бірі ХАЙДАР ДУЛАТИ (1499-1551 жж.) өнегелілік ережесін дәріптеді.

Изображение слайда
15

Слайд 15: 4. ҚАЗАҚ ФИЛОСОФИЯСЫНЫҢ БАСТАМАСЫ

Дулати пікірінше, ел басқару – адам бойында екі түрлі қасиет болуын керек ететін ерекше өнер. Біріншісі, алысты болжайтын салиқалы зерде, терең ақыл-парасат. Екіншісі, төзімділік пен батылдықты шыңдайтын қайтпас қажыр-қайрат. Дулати саяси тұлғаларға керекті қасиеттерді саралап оны: бастаған істі аяқсыз қалдырмау, аңдыған адамға өзіңді алдырмау, жарлықтар мен бұйрықтардың орындалуын қадағалауға ерекше мән беруге саяды. Ғұлама мұсылмандықты қадір тұту, сән-салтанат қумау, қарапайым өмір салтын ұстау, халыққа зәбір көрсетпеу, жұртын орынсыз қауіп-қатерге ұшыратпау, діндар адамдармен ақылдасу, дандайсу мен жемқорлыққа салынып, аса қатал әскер басылары мен уәзірлердің рахымсыз істеріне жол бермеу, келелі істің түйінін тауып, көрегендікпен шешу талаптарын қояды. Сондай-ақ, ел арасында бауырмалдық, туыстық қасиеттердің орын тебуіне, ынтымақ, бірлікпен өмір сүруге, бейбіт саясат ұстауға шақырып бүкіл әлемдік құндылық мәселелерін көтерген. Осы кезде халық ұғымында «Қасым ханның қасқа жолы» деген атпен сақталған ел басқарудың саяси жүйесі реттелген заңдар, ережелер жасалды. Олар: 1. Мүлік заңы (жер, мал-мүлікті иемдену мәселесі); 2. Қылмыс заңы (ұрлық, кісі өлтіру, талау, шабу, ойран салу, т.б. қылмыс істегендерді жазалау тәртібі); 3. Әскери заң (қосын жасау, аламандық міндет, ер азамат пен тұлпардың құны т.б.); 4. Елшілік мәселесі (халықаралық қатынастағы әдептілік, сыпайылық, шешендік өнер); 5. Жұртшылық заңы (ас, той, мереке кезінде қолданысқа түсетін ережелер, жасауыл, береуіл, тұтқауылдың міндеттері).

Изображение слайда
16

Слайд 16: 5. АҚЫН-ЖЫРАУЛАР ФИЛОСОФИЯСЫ

Қазақ философиясы тарихын зерттеушілер ертедегі көшпенділердің сыртқы әлем құбылыстары мен әлеуметтік саяси топ әрекеттері туралы тәжірибелік білім қорлары болғанын көрсетеді. Дала данышпандары пікірлерінің қоғам өмірінен айрықша орнын алғанынан оның келесі даму бағыттарын ерекшеленеді: Табиғат – адамның өмір сүру ортасы, халықтың материалдық өмірінің дәйекті негізі. Асан Қайғының: «Еділ мен Жайықтың бірін қыстасаң, бірін жайласаң, қолыңды алтын мен күміске маларсың» дегеніндей, Қазтуған жырау да «Алаң да алаң, алаң жұрт» өлеңінде туған жер табиғатын молшылық тұрмысының, адам өмірі жетістіктерінің әсерлі негізі деп қарастырады. Өйткені, көшпенділерге тиімді жасыл желектермен көмкерілген жер ғана: «Жарлысы мен байы тең, жабысы мен тайы тең» болып, адамдар арасындағы әлеуметтік айырмашылық өз мәнін жойып, көшпенді өмірдің сәтті жақтарын көрсетеді. 1. Халқымыздың философиялық толғауларында көрініс тапқан тұрмыс тауқыметтері жаратылыс себептерімен байланыстырылған, табиғат, қоршаған орта ( өзен, тау, шұрайлы шалғындық жерлер т.б.) көшпенді қоғам дүниетанымына арқау болғандығы. 2. Елдің мақсат-мүддесін көксеген жыраулар толғаулары тарихи дәуір ауыртпалығы, қоғамдық құбылыстар салмағына назар аударады, өмірлік бастау, адам ойы, қызметінің діни көзқарасқа тәуелді болатынын, әлеуметтік қиындықтарды шешу жолдарының Жаратқан Иеден медет сұрауға, теңсіздіктің жоғарғы күш иесі – Тәңірінің еркімен байланысты болатынын аңғартады.

Изображение слайда
17

Слайд 17: 5. АҚЫН-ЖЫРАУЛАР ФИЛОСОФИЯСЫ

Доспамбет (1490-1523 жж.): «Тәңірінің өзі берген күнінде, несібесінің хан ұлынан артық» болғанын жырласа, жоғарғы билік иесіне мойын ұсынудың пайда болуын: «Тебінгінің астынан ала балта суырысып, тебінісіп келгенде тең атаның ұлы едің, дәрежеңді артық етсе тәңірі етті» деп, Шалкиіз (1465-1560 жж) саяси биліктің діни санадан қолдау тапқанын көрсетеді. Асан Қайғының (1380-1450 жж.) қиялда пайда болған идеалды әлем өмір сүріп отырған әлеуметтік ортаға қарсы қойылып, тығырықтан шығу жолы «Қой үстіне боз торғай жұмыртқалаған» заман орнату, халқын жоқшылықтан құтқарып, бақытты өмірге жеткізуге ұмтылудан көрініс табады. Осыған орай, Ақтамберді (1675-1768 жж.): «Атадан алтау туғанның, жүрегінің бастары, алтын менен бу болар», – десе, «Белуардан саз кешсең, тобығыңнан келтірмес, қамалаған қалың туған арқасы», – деген Шалкиіз жырау пайымдауында жағаға жау қолы тимес үшін туысың көп болуы керек. Жалғыздық – ру, тайпаның әлсіздігі, жарлылық деп түсіндіріліп, құйрығы жоқ, жалы жоқ құланмен теңдестіріледі. «Атадан жалғыз туғанның, жүрегінің бастары, сары да жалқын су болар, жалғыздық сені қайтейін». 3. Жыраулар ру, тайпа арасындағы туыстық байланысты, күштің кемелденуі, оның мүшелерінің қауіпсіздігі деп те қарастырады. 4. Көшпенді өмір салаларын қарастырған жыраулар толғанысында өзіндік ерекшелігімен көзге түсетін дала демократиясы, қандас, туыстық негізде ұйымдасқан билік жүйесінің өзіндік белгілері ерекшеленеді.

Изображение слайда
18

Слайд 18: 5. АҚЫН-ЖЫРАУЛАР ФИЛОСОФИЯСЫ

Орыс зерттеушілері – В.В.Вельяминов-Зернов, А.И. Левшин деректеріне сүйенсек, Қазақ хандығы туралы көтерілетін мәселелер: жайлау, қыстау, соғыс және бітім жариялау болғанын көреміз. Ежелгі «Хан талапай» дәстүрі ел билігінде басты тұлға – халық екенін көрсетеді. Тарихи естеліктерге қарағанда, сұлтандардың, заң бойынша әуел бастан әмір ету құқықтары бола тұрса да, олардың үкіміне ру басыларының кеңесі, қара бұқараның уәкілдері әрқашан да шек қойып, тежеп отырған. Мемлекетіміздің негізін қалаған хандардың бірі Жәнібекке Асан Қайғының: «Әй, хан, мен айтпасам білмейсің», – деп басталатын сыны; ру ақсақалы, би Жиембет жыраудың Есім ханға өлсе құнсыз кететін көп құлдардың бірі емесін, соңына ерген халқының бар екеніне сілтеме жасап, ру, тайпа мүдделеріне қайшы келетін әрекетін сынауы осының айғағы. Деректер билік иелерінің көп алдында жауапкер болып, халық қаһарынан қорқып, отырған жұртын тастай көшкен кіріптарлығын көрсетеді. 5. Халық ауыз әдебиеті хандық биліктің түрлі сын мен шектеулерге ұшырауы туралы деректерге де бай. Оған хан, сұлтанның жосықсыз шешімі, әлеуметтік топтар арасындағы айырмашылық, теңсіздікті сынау арқау болды. 6. Жыраулар көтерген әділетті, келелі ел басқару – қоғамның қалыпты дамуының кілті, өйткені әлеуметтік әділеттілік ру, тайпалар арасындағы дау-дамай, талас-тартыстардың тоқтап, ел ішінде өмір үндестігі, келісім -шарт орнауының негізі.

Изображение слайда
19

Слайд 19: 5. АҚЫН-ЖЫРАУЛАР ФИЛОСОФИЯСЫ

Ақтамберді пікірінше адам теңдігі, молшылық өмір – қазақ қоғамының жетуге талпынатын идеалды құрылымы. Көшпенді қоғамның болмысы дәріптелетін, шөбі шүйгін шалғынды жайылымдар, төрт түлік мал, халық бас қосқан үлкен жиын, тойларда: «құлдың да бір ұлдай киінгенін, көркемдігін көргендердің сүйінгенін» қалауы, қазақ қоғамдық ойы дамуындағы алдыңғы қатарлы пікірлер болды. Осыған орай Шалкиіз жырау : «Тәңірі өзі бермесе, менменсіп жүрген ер жігіт кісіден тартып алып жарымас» десе, Ақтамберді: «Орнын тапқан ер жігіт жерсіз болар деймісің, орда тігіп орнаса, төрсіз болар деймісің», деп тек көшпенділерге тән психологиялық ерекшелікті көрсетіп, халқына адал қызмет көрсеткен адамның байлықтың негізі – жерсіз де, кісінің әлеуметтік ортадағы орнын көрсететін төрсіз де болмайтынына меңзейді. ХІХ ғасырдағы шығармаларды саралай отырып, хандық дәуірдегі халық бұқарасы қаналды деп, қанаудың классикалық түрдегі ұғымы туралы айта алмаймыз. Өйткені, «Қайырсыз байдан пайда жоқ, нашарға жәрдем бермесе, кем-кетікті көрмесе», – деп жырлаған Дулат Бабатайұлы пікірі «бай бір жұттық» деген көшпенді қоғам болашағының, табиғаттың дүлей күшіне бағыныштылығын көрсетеді. Байлықты жуса кететін қолдың кіріндей, тұрақсыз көретін көшпенділер құрсағы құшақ байлар дәулетінің өткіншілігін, жарлы-жақыбайлардың да ел қатарына қосылып, иық тірестіріп, жайлауға жарыса көшетінін терең түсінді. Қазақ хандығы дәуірінің ақын-жыраулары толғауларында қоғамның әлеуметтік өмірінде өзіндік орыны бар, ел-жұртқа қызмет етіп, кіріптарлыққа қарсы, теңдік үшін күрескен бай, батыр ұғымдары да ерекшеленеді.

Изображение слайда
20

Слайд 20

Изображение слайда
21

Слайд 21: АСАН КАЙГЫ

БУХАР-ЖЫРАУ

Изображение слайда
22

Слайд 22: 6. «ЗАР ЗАМАННЫҢ» ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ОЙЛАРЫ

Күшпен отарлау саясаты туындатқан өмір өзгерістері азаттық жыршыларының ойына, пайымдауларына арқау болды, елді толғандырған сұрақтар шешімі, еркіндік жолдары күрестен ізделді. Дулат Бабатайұлы еркін өмірге халықтың сарқылмас күші арқылы қол жеткізуге болатынын тұспалдаса, жауынгер жыршы Махамбет (1804-1846 жж.) тарихи дәуір тұрғысынан халық қозғалса, хан да тағында отыра алмайтын, халықтың қоғам дамуындағы шешуші күш екендігі туралы озық ой, пікірін айтады. Елдің мақсат-мүддесі қорғалмаса, бірлігі сақталмаса, алдағы үмітсіз бұлдыр келешектен, қайшылықты өмір иірімдерінен, құлдықтан құтыла алмауды болжайды. ХVІІІ ғасырда орыс бодандығын еріксіз қабылдау ақын-жырау шығармаларына өзгерістер енгізіп, «ЗАР ЗАМАН» атты саяси-философиялық бағытты тудырды. Басты өкілдеріне ДУЛАТ БАБАТАЙҰЛЫ, ШОРТАНБАЙ ҚАНАЙҰЛЫ, МҰРАТ МӨҢКЕҰЛЫ, ӘБУБӘКІР КЕРДЕРІ жатады. Еркіндікті көксеп қолға қару алып, күреске шыққан ақындармен қатар, кедейліктен халықтың мінез -құлқы азып, өмірде жат әдеттің көбеюіне «Зар заман» ақындары наразылық білдіреді. Билік иелерінің баю жолында еш нәрседен бас тартпайтыны азғындық, ақыр заманның белгісі деп сыналады, елге қайыры тимейтін байлардан, ел қонбайтын шөлдің артық болатыны айтылып, бай мен кедей тұрмысының қайшылығын үгіт-насихат арқылы шешуге жасалған ұмтылыс байқалады.

Изображение слайда
23

Слайд 23: 6. «ЗАР ЗАМАННЫҢ» ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ОЙЛАРЫ

Болыс атанып, ел билеу мүмкіндігіне ие болғандардың артықшылығы ақыл-парасатында емес, қалтасындағы пұлы мен сүйенерінің күштілігінде екендігін тілге тиек етеді. Сынға ұшырағандар ішінде «құдай жолында» жүрген қожа, молдалар да, заман талабына сай дүниеге келген жаңа әлеуметтік топ – орыс отарлау әкімшілігі қызметкерлері: тілмаш, заңгер де бар. Ақындар билік иелері, би-болыстардың іс-әрекеттерін сынап, дау-дамайдың көбейгеніне қынжылыс білдіреді; экономикалық, мәдени мешеулік өнер-білім, ғылымнан кейін қалудан болғандығын және одан құтылудың жолын білім алу, дамыған елдер мәдениетін игерумен байланыстырып өнегелі өмір идеяларын таратады. Ресейдің отарлау саясатына байланысты, өз дамуының ерекше сатысына көтерілген даланың айтарлықтай үлкен өзгерістері де болды. Олар: көшпенділік өмір салтынан отырықшылыққа бет бұру, сауда-саттықпен айналысу, әр түрлі шаруашылықтар жүргізу әдістері мен оқу-білім алу мүмкіндіктерінің алғы шарттары пайда болуы еді. Өз уақытының өзекті мәселелерін қозғап, шығармаларына әлеуметтік мән берген, қоғам заңдылықтарын пайымдаған олар, қазақ халқының іргелі ел болғанын көксеп, әлеуметтік орта мәнін түсінуге тырысып, оған күнделікті тұрмыс деңгейінен қорытындылар жасайды. Елдің ішкі қайшылықтары мазмұнын көре білген ӘБУБӘКІР КЕРДЕРІ (1861 – 1905 жж.) өз замандастарының тек бірін-бірі қорықса сыйлайтынын, айтар сөзін екі түрлі сөйлеген сұрқиялығын әшкерелеп, «айтқан пікірімді тек білімді адамдар ғана түсінер», – деп жаңа әлеуметтік қатынастар куәгері екенін білдіреді.

Изображение слайда
24

Слайд 24: 6. «ЗАР ЗАМАННЫҢ» ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ОЙЛАРЫ

Ақша айналымына байланысты туындаған әлеуметтік құбылысты ШОРТАНБАЙ ҚАНАЙҰЛЫ ақын (1818-1881 жж.): «...Сауып ішер сүті жоқ, мініп көрер күші жоқ, ақша деген мал шықты», – деп, заман жаңалығын айғақтайды. Қарапайым жандардан сөзге, іске де даяр әр түрлі кәсіпкерлер, делдалдар, табысқорлар пайда болады. Әрекеттері заңдастырылған, келісіммен жалдап, ашық нарық қатынастары арқылы несие, өнім алу сияқты далалықтар арасында бұрын болмаған әдіс, амалдар мен қанаудың жаңа түрін, көзге көрінбейтін жасырын формасын өмірге келтірушілердің көбеюі қазақ қоғамы болмысының, әлеуметтік құрылымының күрделенгенін сипаттайды. Сондықтан ендігі жерде: «Қазаққа пайда мынау, малын бақсын, отқа жайып, суарып, бағып-қақсын». «Қилы-қилы заман-ды, заманға сай адам-ды», – деген ДУЛАТ БАБАТАЙҰЛЫ (1802 – 1871 жж.) – Ресей отарлау саясатының бел алуына байланысты пайда болған қоғамның рухани өмір өзгерістерін анық айыра білген ойшыл. ХІХ ғасыр басындағы қоғамдық болмыс өзгерістерімен өмірге келген «Зар заман” философиясында Ресей империясымен екі арадағы бел ала бастаған қатынастың көшпенділер тұрмысына әсерін тигізгені, сауда айналымында ақшаның үлкен орын алғаны, натуралды айырбасқа үйренген елдің ақша үстемдік жасаған саудаға бейімделуінің зардапты болғаны бейнеленеді. ШАЛ АҚЫННЫҢ дін атынан жақсылық, игілікті істерді мадақтап, халықты бірлікке, билік иелерін адамгершілікке үндеп, тұрмыс, шаруашылықты өлеңге қосуы, отарлық саясаттың ел өміріне енгізген өзгерістерінің салдары болды.

Изображение слайда
25

Слайд 25: ШАЛ-АКЫН

Изображение слайда
26

Слайд 26: 7. Ш. УӘЛИХАНОВ, Ы. АЛТЫНСАРИН, А. ҚҰНАНБАЕВТЫҢ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ОЙЛАРЫ

Заманында жан-жақты білім алған, оқымысты Ш. УӘЛИХАНОВ (1835-1865 жж.) көшпенді қоғамның өзекті мәселелерін көтеріп, оның дамуында ескі мен жаңаның арасындағы қайшылықты көрсетеді. Шоқан қазақ қоғамының сұлтандар мен қожалар, билер мен байлар және «дала пролетариатына» бөлінетінін айтады. Жеке үстем топтың көретін пайдасынан жалпы халық мүддесінің анағұрлым жоғары тұруы керектігін дәріптеп, бұқара сұранысына сай келетін билік жүйесін қолдайды. Қоғам өмірі салаларының даму сатыларына тарихи дәуір тұрғысынан жаңа пікір танытқан «Сот реформасы жайында» еңбегінде, ол қалың бұқара мен билік иелері мақсат-мүдделерінің айырмашылығын, қазақ даласында жүргізілмекші реформаның өзектілігі төңірегінде мәселе көтереді. Материалдық тұрмыс жақсаруымен қоғамдық өмір салалары өрбуін тікелей байланыстыруы – оның әлеуметтік дамуды философиялық тұрғыдан дұрыс түсінуінің бірден-бір белгісі. Қандай да болмасын қабылданатын реформалардың халықтың мүддесі үшін жасалатыны материалдық мұқтаждыққа шақталып, әрі сол қоғамның ұлттық мінез-құлқына сай келуі қажеттігін, бұл жағдайдан тыс жасалған өзгерістердің бәрінің зиянды болып, қоғамды айықпас дертке шалдықтыратынын пайымдайды. ХІХ ғасырдың ортасында қазақ даласында ұлттық философиялық АҒАРТУШЫЛАР бағыты пайда болды. Қазақ ағартушыларының басты қарастырған мәселесі – гуманизм. Басты өкілдері – ШОҚАН УӘЛИХАНОВ, ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН, АБАЙ ҚҰНАНБЕВ.

Изображение слайда
27

Слайд 27: 7. Ш. УӘЛИХАНОВ, Ы. АЛТЫНСАРИН, А. ҚҰНАНБАЕВТЫҢ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ОЙЛАРЫ

Шоқанның бұл еңбегінде қазақ даласына отарлау әкімшілігі тағайындаған соттардан гөрі, ғасырлар бойы қалыптасқан, халықтың тұрмыс - салт, әдет-ғұрпын, дәстүрлерін жақсы білетін билер сотының тиімділігін, халық арасында шешендігімен, әділеттілігімен көптің көңілінен шыққан адамдардың ғана билікке қол жеткізуі керектігін түйіндейді. Ал патша үкіметі сайлаған сот іс-әрекеттерінде мансапқорлық басым, баю жолына түсіп, әділетсіз, парақор болатыны көрсетіледі. Ғұлама пікірінше, халықтың дұрыс дамуы үшін алдымен оған қажет нәрселер: өзіндік даму, өзін-өзі қорғау, өзін-өзі басқару және өз соты болуы керек. «Қисынсыз теорияларға, немесе өзге халықтың өміріне негізделіп, зорлықпен ырықсыз жасалған реформа адам баласын жойқын апатқа душар етіп келеді... Христиандарға, отырықшы орыс тұрғындарына арналып жобаланған әкімшілік өзгеріс... Ресейдің... Азиялық бөлігінде көшіп, қонып жүрген бұратана халықты басқаруға бүтіндей қолданылса, онда мұндай өзгерістен ешқандай пайда келуі былай тұрсын, нағыз тұрпайылық болар еді» (Уәлиханов Ш. Сот реформасы жайында жазба). Билер соты Ресей өкіметі дайындаған сот реформасынан әділ, онда «қазақтың әдеттегі құқығының адамгершілік жағы басымдау» болатыны дәріптеледі. «Баянауыл округі туралы» мақаласында жаңа әкімшілік аймақтарды басқару үшін қазақ халқының тұрмыс-салты мен әдет-ғұрпын жақсы түсінетін, халық мүддесін қорғай алатын білімді сұлтандар тұрса ғана әлеуметтік әділдікті орнатуға болатынынан үміттенеді. Сырттан келген әкімдердің халықтың дәстүрлі тұрмыс-салтын білмейтіндігін, сондықтан ел басқаруға қабілетсіз болатындығын және зорлық-зомбылықтарға жол беретіндігін дәлелдейді.

Изображение слайда
28

Слайд 28: ЧОКАН ВАЛИХАНОВ

Изображение слайда
29

Слайд 29: 7. Ш. УӘЛИХАНОВ, Ы. АЛТЫНСАРИН, А. ҚҰНАНБАЕВТЫҢ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ОЙЛАРЫ

Ұстаз оқушыларының тәрбие жұмыстарына да үлкен мән береді, «адамгершілік жағынан әсер етуге бар күшімді салып отырмын», – деп халыққа адал қызмет көрсететін жоғарғы мәдениет иелерінің қалыптасуына көңіл аударады (Алтынсарин Ы. Таңдамалы шығармалары). Француз ағартушысы, Вольтер халық бұқарасының жаппай сауат ашуына қарсы болып, оны қауіпті деп есептесе, Ы. Алтынсарин жалпы халыққа әлеуметтік жағдайларына қарамай білім беру мәселесін күн тәртібіне қояды. Ол тек ер балалар ғана емес, қыз балалардың да сауат ашуын қолдайды. ХІХ ғасыр саяси-әлеуметтік өмірінен елеулі орын алатын, тұңғыш қазақ мектептерін ашқан, ағартушылық ой, пікірлерді кеңінен таратушы-жазушы ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН (1841-1889 жж. ) шығармаларында отырықшы тұрмыс артықшылығы, еуропалық мәдениет жетістіктері дәріптеліп, қазақ халқының келешегі біліммен, мәдениетпен байланыстырылады.

Изображение слайда
30

Слайд 30: 7. Ш. УӘЛИХАНОВ, Ы. АЛТЫНСАРИН, А. ҚҰНАНБАЕВТЫҢ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ОЙЛАРЫ

Абайдың «Қара сөздерінде» ел бағу, мал бағу, ғылым бағу, софылық қылып, дін бағу, бала бағу туралы сөз қозғағанына, дәстүрлі қоғамның ел билеу салтын білдіретін «ел бағу» түсінігін қоғамдық өмірдің саяси саласына байланысты қолданған. Абай заманы отарлықтың қамытын толық киіп, ел еркінен, билік тұтқасынан айрылған уақыты болды. Осыдан «...елге бағым жоқ... дертке ұшырайын деген кісі болмаса, не албыртқан, көңілі басылмаған жастар бағамын демесе». Ендігі жерде қазақтың өзін өзі баға алмайтыны, бағатын адамының жоқтығына сілтеме жасаған ой айтылады. «Мал бағу» түсінігінде қазақ қоғамын жайлаған жалқаулық, өсек, өтірік, ұрлық және тағы да басқа келеңсіздіктен аулақ болу, кәсіппен айналысу, пайда табу ұғымы жатыр. Өмірдің өзекті жақтары туындатқан мәселелерді ашық талқылауға шақырған ақын сұрақтары тіршілік мәселелерін терең түсінуге деген талпыныстардан тұрады. Ақын түсінігіндегі дін бағуға тыныштық керек, ал бала тәрбиесіне де мән беріп, болашақтың бұлыңғырлығынан баланы «бағар едім, қалайша бағудың мәнісін де білмеймін, не болсын деп бағам, қай елге қосайын, қай қаракетке қосайын» деп толғанады. Шығармашылық мұрасы өлең, поэма, философиялық мазмұндағы қара сөздерден, аудармалардан тұратын АБАЙ ҚҰНАНБАЕВТЫҢ (1845-1904 жж.) басты философиялық еңбегі «ҚАРА СӨЗДЕР» деп аталды. Абай философиясының орталық мәселесі – адам. Өзінің философиясында «Адам бол!» принципін жариялады. Философиялық көзқарасы бойынша ойшыл деизмді ұстанды, яғни оған сәйкес Құдай адамды жаратқан, бірақ оның өміріне араласпайды.

Изображение слайда
31

Слайд 31: 7. Ш. УӘЛИХАНОВ, Ы. АЛТЫНСАРИН, А. ҚҰНАНБАЕВТЫҢ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ОЙЛАРЫ

Қоғамда рулық қатынастардың берік сақталуы, отарлау әкімшілігінің ру тартыстарын қоздырып, өз мақсаттарына тиімді пайдалана білуі ақынды күйіндіреді. Абай кез келген айтысты шешуде әділетті әдет заңдарына сүйенуді қолдайды. Билер сотының артықшылықтарын көре білген, Ресей үкіметі ұсынған заңдар жобасы көшпенділердің дәстүрлі ел басқару жүйесін бұзып, оны жетілдірудің жолдарын қарастырады. Көшпенділер ортасында да билік айта алатын адамдардың өте аз қалғанына, ол үшін «Қасым ханның қасқа жолын, Есім ханның ескі жолын, Тәуке ханның «Жеті жарғысын» білмек керек; ондай адам аз, яки тіпті жоқ», – дейді. Елді басқаруға сайланған, құлқынының құлы болған би мен болыстардан түңілген Абай өзі өмір сүрген қоғамдағы әрбір әлеуметтік топ өкілдерінің мінез-құлқы мен қасиеттерін: «Байды қадірлейін десең, бай жоқ. Бай болса өз басының, өз малының еркі өзінде жоқ. Мырзаларды қадірлейін десең, осы күнде анық мырза елде жоқ, мал бергіш мырза иттен көп. Біреуді бір пайдама келтірем деп мырза болып жүр. Мықтыны сыйлайын десең, жаманшылыққа елдің бәрі мықты, жақсылыққа мықты кісі елде жоқ. Есті кісіні тауып құрметтейін десең, әділет, ұят, нысапқа есті кісі елде жоқ. Қулық, сұмдық, арамдық, амалға елдің бәрі есті», – деп түсіндіріп, өз қоғамынан қадірлі адам таба алмауының себебін заманның өзгеруінен көреді. Көптің жүрген жерінде дау-дамай, бас араздықтың қоса жүретінін білген ол, көп тобырдың билігін дұрыс көрмейді. «Сократқа у ішкізген, Жанна д’Аркты отқа өртеген, Ғайсаны дарға асқан... кім? Ол – көп, ендеше көпте ақыл жоқ». Ақылсыз тобыр – өзінің есінен айрылып, басқаның жетегіне ергендер, сондықтан «көп шуылдақ не табар, билемесе бір кемел», – деп ой түйеді. (Құнанбаев А. Шығармалары).

Изображение слайда
32

Слайд 32: АБАЙ КУНАНБАЕВ

Изображение слайда
33

Слайд 33: 8. Ш. ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫ ОЙЛАРЫНЫҢ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МӘНІ

Шәкәрім қоғам келеңсіздігін, халықтың ауыр тұрмысын Еуропа өнер-ғылымы, мәдениет жетістіктерінен кенде қалудың салдары ретінде қарастырады. Ақынның ойынша жер жүзі халықтары біліммен сусындауға бет бұрғанда, қазақтар тек құр атаққа құмарланып, бос жүр, осыдан алға ұмтылудың орнына күн өткен сайын тұрмыстары кері кетіп, адамдары кісіліктен айрылып, елдігін жоғалтып алудың алдында тұр. Бірін-бірі алдап, «Жуанның қылғаны зорлық, момынның көргені қорлық» болған елдің ертеңгі тірлігін, тұрмысын байыптаған. Шәкәрім шығармалары білім туралы қайшылықты пікірге жетелейді. Біріншіден, ол батыстың оқу-ғылымын, өнер-білімін игеру арқылы қазақ та өркениет көшіне ілеседі, басқалармен теңеседі, - деп есептесе, екіншіден, батыс елдерінің отаршыл, басқыншылық саясатын нақты танып, білім жетілуімен қару-жарақтардың да күрделеніп, зұлымдықтың шектен шыққанын пайымдаған ол: «Ғылым деген бұл болса, адыра қалсын», – деп ой түйіндейді. Ғылым, білім «әлсізді аңша қыруға», күштілерге құл болуға мәжбүр етеді, - деп, Англия мен Америка мемлекеттерін айтады. Шәкәрім ойынша жауыз халық жоқ, келеңсіздіктердің бәрі адамның пиғылында, жемқор қиянатшылдығында жатыр. Кісіде қанағат, рахым, мейрім, шапағат та жеткілікті, сондықтан адамзат достық, бауырластық, жолдастық жолына түсуі үшін, зұлымдыққа тоқтау салатын, «ар түзейтін ғылым» керек. Адамзатты құтқарудың бірінші жолы – бұл Жаратушы Иені танудың жолы және өзіңді құдайға қызметшілікке бағыттау дегенді дәріптейтін діннен тұрады. Бірақ, бұл Ұлы Абайды ұстаз тұтқан ШӘКӘРІМ ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫНЫҢ (1858-1931 жж.) басты философиялық еңбегі «ҮШ АНЫҚ» деп аталады. Бұл еңбегінде ол CЕНІМ, ҒЫЛЫМ, ҰЖДАН ақиқаттарын адамның негізі болуы керек деп санады.

Изображение слайда
34

Слайд 34: 8. Ш. ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫ ОЙЛАРЫНЫҢ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МӘНІ

жол қажетсіз, өйткені мұсылман діні қызметкерлері Құран мен исламды өздерінің келеңсіз қылықтарын жасыруы үшін пайдаланып, халықты алдайды, сонда олардың қасиеттілігі неде? - деп, ой толғайды ақын. Адамзат қауымдастығының үндестікті қатынасын үкіметті құрту жолымен орнатуға, қол жеткізуге болады дейтіндердің де пікірлері қате. Бұл жағдайда «адамдар баршаға ортақ әділетті заңдарға бағынбайтын, бір – біріне мейрімділік көрсетпейтін, жыртқыштар әлсіздер мен қорғансыздарға зорлық көрсететін болады». Қоғамда «барлығының еркіндігі үшін, әрбір адам өзінің ұғымымен және ықыласымен өмір сүрсін» деген анархистік көзқарасты да Шәкәрім сынайды. Социализм идеясын да сынайды, өйткені байлар мен кедейлерді теңестіруді талап ету еш нәрсе бермейді, мәнсіз. Ол жалпының жалқаулығымен, шарасыздығымен, Абай айтқандай көптің ессіздігімен байланысты. Өмір үшін күрес маңыздылыққа ие болатын биологиялық заңды қоғам өміріне байланыстыруды дәріптейтін әлеуметтік дарвинистер ілімдерін қарастырған Шәкәрім оны «адамға жат және еш қандай негізсіз», – деп әділетті сынайды. Шәкәрім адамзат қауымдастығының өзіндік ақауларынан құтылуының жолдары ретінде мынадай шешімдерді көрсетеді: біріншісі, мемлекет билігіне шыншыл, ақылды, риясыз адамдар керек. Ресми адам орнына қызметін әділетті атқаратын, адамгершілікті, халыққа тиімді заңдарды шығара да, және олардың сақталуын қадағалай алатын тұлғалардың тағайындалуын дәріптейді. Екіншісі, адамдарға еңбекке үйрету, білім беру керек. Бірақ, бұлардың бәрі де адамдардың рухани кемтарлықтарын аластауға жеткіліксіз. Сондықтан тәрбие үдерісіне Шәкәрімнің ойынша ар, ұждан ғылымдарын кіргізу орынды.

Изображение слайда
35

Слайд 35: ШАКАРИМ КУДАЙБЕРДИЕВ

Изображение слайда
36

Слайд 36: 9. ХХ ҒАСЫР БАСЫНДАҒЫ ТӘУЕЛСІЗДІК ФИЛОСОФИЯСЫ

ХХ ғасыр басында башқұрт, татар оқу орындарында білім алған қазақ зиялылары жәдидшіл, түрікшіл, исламшыл идеялық бағыттарды ұстанса, ал Ресей жоғарғы оқу орындарында білім алған мамандар (мұғалімдер, дәрігерлер, заңгерлер) Батыс мәдениеті жетістіктеріне ден қойды. Шығыс пен Батысқа бет бұрған идеялық қоғамдық ой ағымдары пайда болады. Зиялылар тарихи дәуірдің ерекшеліктерін, ұлтаралық қатынастар мен саяси өмір саласындағы қайшылықтар болмысын, патша үкіметінің отаршылдық саясатының қыр-сырын түсініп, елдегі ұлттық сананы оятып бостандық, теңдікке жетуге ұмтылды. Тарихи дәуірде Ресей империясының ресми идеологиясына сәйкес келмейтін әлеуметтік көзқарастардың бәріне де «түрікшілдік», «исламшылдық» айдарлары тағылғанын, мұның түркі халықтары зиялыларын жазалау үшін патша үкіметінің қолайлы қаруы болғанын деректер көрсетеді. Түрікшілдіктің мұраты «Тілде, пікірде және істе бірлік» болатынын көтерген И. Гаспринскийдің (1851-1914 жж.) кең таралымын тапқан «Тәржүман» газеті отарлық жағдайындағы барлық түркілердің бір тіл арқылы бірігуі мүмкін екендігінің дәлелі болса, әл-Афгани (1858-1897 жж.) негізін қалаған исламшыл ой-пікірлер отарлауға қарсы күресте халықтардың бірігуі, ынтымақтастығы қажеттігі туралы пікірлері мұсылман елдерінде қолдау тапты. Өздерінің алдыңғы қатарлы көзқарастарымен ерекшеленген ӘЛИХАН БӨКЕЙХАНОВ (1870-1937 жж.) самодержавиялық билікті ұтымды сынға алып, оған қарсы оппозицияда болған конституциялық демократиялық партияның Қазақстандағы бөлімін ашты.

Изображение слайда
37

Слайд 37: 9. ХХ ҒАСЫР БАСЫНДАҒЫ ТӘУЕЛСІЗДІК ФИЛОСОФИЯСЫ

1917 жылдан кадет партиясының басшылары Ресейдің тұтастығын сақтау мақсатында біртұтас теңдік пен отар елдерге мәдени автономия беруді ғана ұстанады. Осыдан Ә. Бөкейханов кадеттер пікірлерімен келіспей, партия қатарынан шығып, «Алаш» партиясын ұйымдастыруды қолға алғанын мәлімдейді. Қазақ зиялыларының тәуелсіз мемлекет орнатуға бағытталған ойларының жүйесі дербес мемлекеттілік туралы мәселені көтеріп, кадет партиясының жолын ұстағандар туралы СӘКЕН СЕЙФУЛЛИН (1894-1938 жж.) «Қырғыз интеллигенциясы ортасындағы партиялылық» атты мақаласында 1905, әсіресе 1912 жылдан бастап қазақ жастарының ортасында революциялық идеялардың қарқынды тарай бастағанын айтады. Олардың еркіндікке ұмтылысын қуаттап, «Қазақ» газетінің жанына топтап, бағыт беріп отырған белгілі кадеттер Бөкейханов, Дулатов, Байтұрсынов болғанын көрсетеді ( Сейфуллин С. О киргизской интеллигенции ). Ә.Бөкейханов «Алаш» партиясының құрылуын бір орталыққа бағынған қазақ мемлекетін құрудың бірден-бір жолы ретінде қарастырды. Түркістан халықтарының мақсат-мүддесін көздеген МҰСТАФА ШОҚАЙ (1890-1941 жж.) Ресей құрамындағы Қазақстанда саяси және ұлттық бостандықтың ең қарапайым нышандары сөз болуы мүмкін еместігін, орыс билігі орнаған соң, халықтың жері тартылып алына бастайтынын, осындай жолмен біріктірілген мемлекет ішінде ұлттардың ерікті түрдегі тең құқықты одағын құруға ешқандай орын қалмайтынын, ұлттық мемлекеттің тек тәуелсіздік жағдайында ғана болатынын көрсетеді.

Изображение слайда
38

Слайд 38: 9. ХХ ҒАСЫР БАСЫНДАҒЫ ТӘУЕЛСІЗДІК ФИЛОСОФИЯСЫ

Қазақ зиялылары ақпан төңкерісін отарлық бұғауында езілген ұлттардың еркіндікке жетер уақыты келді деп қабылдайды. Осыған орай, «Қазақ» газеті «...халықты теңдікке жеткізу жолында ескі үкіметпен алысып, дарға асылып, оққа ұшып, басы айдауда, малы талауға түсіп жүрген сарбаздар жасымай... ақырында Ресей қол астындағы халықтардың бәріне дін, ұлт, тіл айырмасына қарамай, азаттық әперді», – деп жазады. Құжаттар төңкерістен кейін қазақ даласындағы саяси-әлеуметтік жағдайдың өзгерістерге ұшырай бастағанын, қоғамдық өмір салаларында түбегейлі қайта құрулардың орын алғанын, әр түрлі саяси бағыттарды ұстанған күштердің жанданып, белсенді күрес жүргізгенін, таптық, ұлттық мүддені көздейтін мақсаттары қарама-қарсы күштердің революция жеңісінен соң, «саяси күреске тоқсанға жуық партиялардың тартылғанын көрсетеді». Қазақ даласында орын алған 1916 жылғы ұлт азаттығы көтерілісін Ресей империясы дағдарысының көрінісі болды. Тарихи мәліметтерден көтеріліске қазақ зиялылары көзқарастарының әр түрлі болғанын көреміз. Олардың радикалды бөлігі Т. Бокин (1890-1918 жж.), Т. Рысқұлов (1894-1938 жж.) батыл іс, қимылдарды қолдап, оған өздері де атсалысса, ал либералды-демократиялық бағыттағы зиялылар Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов (1873-1938 жж.), Ж. Ақпаев (1876-1934 жж.), М. Дулатов (1885-1935 жж.) халықты патша жарлығын орындауға, орынсыз қан төгуге бармауға үндейді.

Изображение слайда
39

Слайд 39: МЫРЖАҚЫП ДУЛАТОВ

Изображение слайда
40

Слайд 40: 10. КЕҢЕС ДӘУІРІНІҢ ФИЛОСОФИЯСЫ

Қазақ философтары маркстік парадигма аясында үлкен табыстарға жетті. Олардың ерекше жетілдірген саласы диалектикалық логиканың категориялық құрылымын жоғарғы деңгейге көтерген зерттеулер болды. Бұған Ж. Әбділдин, А. Нысанбаев, М. Хасанов және олардың шәкірттері қомақты үлес қосты. Философияның жаратылыстану саласымен байланысын зерттеулерді Қ. Рахматуллин, М. Сәбит, А. Балғымбаевтар жүргізіп, үлкен жетістіктерге жетті. Философияның өзекті этика саласы ғылымының іргетасын қалаған Г. Ақмамбетовті, эстетика бойынша Б. Қазыханова, Қ. Нұрланова еңбектерін атап айтуға болады. Қазақ халқы философиясы тарихын зерттеуге, сараптама жасауға, атсалысқан, қоғамның әлеуметтік құрылымын терең талдап, бүгінгі өтпелі қоғамдағы әлеуметтік құрылымы мәселесін, ұлтаралық қатынастарды зерттеуге ерекше көңіл бөлінген, осы мәселелер зерттеулеріне қомақты үлес қосқан Д.Кішібеков, М. Әженов, М. Сужиков, О. Сегізбаев, А. Айталы, Р. Әбсаттаров, Н. Байтенова т.б. ғалымдардың атын атауға болады. XIX ғасырдың 80-жылдардан бастап әлеуметтік философия, әлеуметтік таным әдіснамасын дамытуға айтарлықтай еңбегін сіңірген, қазақ философиясы тарихы зерттеулеріне атсалысып жүрген С. Мырзалы, С.Нұрмұратов тәрізді ғалымдар өз оқырмандарына жете таныс. әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде философия факультеті ашылғаннан бері (1980-жылдары), ұлттық философиялық ой-өріс теориялық түрде өмірге енеді.

Изображение слайда
41

Слайд 41: 10. КЕҢЕС ДӘУІРІНІҢ ФИЛОСОФИЯСЫ

Қазақ халқының мыңдаған жылдық тарихы бар руханияты, ділі, дүниесезімін зерттеген М. Орынбеков, С. Ақатай; «Қазақтану», қазақ философиясы саласына тарихи, әлеуметтік-экономикалық, саяси-құқтық, рухани сараптау жасаған, оған өз үлестерін қосып жүрген Ж. Молдабеков, Ж. Алтай еңбектерінің төл мәдениетімізді байытқаны сөзсіз. Қазақ мәдениеті зерттеулерін мәдениет философиясының басқа да салаларымен ұштастыра білген Т. Ғабитовтың, халқымыздың тарихи қалыптасқан рухани құндылықтары ерекшеліктерін терең көрсете білген Қ. Нұрланованың еңбектері нәтижелі. «Абайтану» және басқа да философия салалары зерттеулеріне қомақты үлесін қосып жүрген Ғарифолла Есім еңбектерін де ерекшелеуге болады. Бұл тұлғалардың философиялық кадрларды дайындауға қосқан үлесі де ерекше. Кеңес заманында өмір сүріп, шығармашылық тұрғыда еңбек еткен ғалымдардың бәрін атап, олардың еңбектеріне талдау – күрделі мәселе, ол үшін арнайы зерттеу жұмыстарының жүргізілуі керек. Жоғарыда аты аталған тұлғалардың еңбектері – еліміздегі кәсіби философияның биік деңгейге көтерілгенінің айқын дәлелі. (Мырзалы С. Философия. – Алматы, 2008).

Изображение слайда
42

Слайд 42

Изображение слайда
43

Слайд 43: ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР

Негізгі: 1. Сәрсенова, Ж. Н. Әлеуметтану: ЖОО студ. арналған оқу құралы. - Алматы: Нұр-Принт, 2013. - 201 б. 2. Абдирайымова Г.С. Жастар социологиясы. 2-басылым.- Алматы: Қазақ университеті, 2012.-224 б. 3. Садырова М.С. Әлеуметтану: өзекті мәселелер.-Алматы: Эверо, 2011.-284 б. 4. Абдикерова Г.О. Әлеуметтану.-Алматы: Қазақ университеті, 2011.-192 б. 5. Биекенов Б.У., Садырова М.С. Әлеуметтану. Ұғымдар мен баламалар.- Алматы: Эверо, 2011.-400 б. 6. Әженов М.С., Садырова М.С., Омарова А. Білім социологиясы. Оқулық. - Алматы: Эверо, 2011.-124 б. 7. Сәрсенова Ж.Н. Әлеуметтану. Кредиттік технология оқу процесінде пайдалану үшін дайындалған оқу құралы.Алматы: Нұр-Принт, 2010.-238 б. 8. Абсаттаров Р., Дәкенов М. Әлеуметтану: Оқу құралы.- Алматы: Қарасай баспасы, 2010.-384 б. 9. Жаназарова З.Ж. Отбасы социологиясы: оқу құралы.-Алматы: Қазақ университеті, 2010.-240 б.

Изображение слайда
44

Последний слайд презентации: ҚАЗАҚ БАС СӘУЛЕТ-ҚҰРЫЛЫС АКАДЕМИЯСЫ: ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР

Қосымша әдебиеттер: 1. Акбаева Л.Н. Социология: Учебное пособие.- Алматы: КазГАСА, 2015.-242 с. 2. Габдуллина К.Г. и другие. Социология. Учебник для студентов высших технических учебных заведений. – Алматы: Санат, 2007. 3. Әлеуметтану. 2-кітап/ Жалпы ред. М.М.Тажин.-Алматы, 2005.-268 б. 4. Қарабаев Ш.Қ. Әлеуметтану негіздері: Оқу құралы.-Алматы: Экономика, 2004.-640 б. 5. Дакенов Н. Абсаттаров Р.Б. Социология. – Алматы: Гылым, 2004. Электрондық басылымдар: 1. Ақбаева Л.Н. Әлеуметтану: Электрондық оқулық. – Алматы: ҚазБСҚА, 2012-144 б. 2. Акбаева Л.Н. Социология: Электронный учебник, Алматы: КазГАСА, 2010.-161 с. 3. Интернет ресурстары: www.sociology.ru

Изображение слайда