Презентация на тему: Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ - түрік университеті №1 медицина факультеті

Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ - түрік университеті №1 медицина факультеті
Та қырыбы :
Жоспар : 1. Кіріспе: Сарғаю дегеніміз не ? 2.Негізгі бөлім: Сарғыштықтың жіктемесі. Механикалық сарғыштану Бауырлық сарғыштану Гемолиздік сарғыштану
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ - түрік университеті №1 медицина факультеті
Көздің сарғаюы
Сарғаюдың жіктемесі
Гемолитикалық сарғаю
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ - түрік университеті №1 медицина факультеті
Нәрестедегі гемолитикалық сарғаю
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ - түрік университеті №1 медицина факультеті
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ - түрік университеті №1 медицина факультеті
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ - түрік университеті №1 медицина факультеті
Механикалық сарғаю
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ - түрік университеті №1 медицина факультеті
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ - түрік университеті №1 медицина факультеті
Механикалық сарғаюдың дифференциальдық диагнозы
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ - түрік университеті №1 медицина факультеті
Ахолиялық синдром
Холемиялық синдром
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ - түрік университеті №1 медицина факультеті
Паренхиматозды сарғаю
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ - түрік университеті №1 медицина факультеті
Себептері
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ - түрік университеті №1 медицина факультеті
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ - түрік университеті №1 медицина факультеті
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ - түрік университеті №1 медицина факультеті
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ - түрік университеті №1 медицина факультеті
Жыл сайынғы гепатиттің кездесуі
Әр елде гепатитпен ауыратындар деңгейі
Зерттеу әдістері
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ - түрік университеті №1 медицина факультеті
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ - түрік университеті №1 медицина факультеті
Тақырып бойынша қорытынды сурақтар.
Пайдаланылған әдебиеттер
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ - түрік университеті №1 медицина факультеті
1/35
Средняя оценка: 4.3/5 (всего оценок: 68)
Код скопирован в буфер обмена
Скачать (2833 Кб)
1

Первый слайд презентации: Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ - түрік университеті №1 медицина факультеті

Қабылдаған : Дәулетова М Орындаған : Акилбеков А. Абдиев А. Күнешов Қ. Тобы : ЖМ-022 Пәні : І шкі аурулар пропедевтикасы Түркістан – 2013 ж

Изображение слайда
2

Слайд 2: Та қырыбы :

Сарғаюдың дифференциальды диагностикасы

Изображение слайда
3

Слайд 3: Жоспар : 1. Кіріспе: Сарғаю дегеніміз не ? 2.Негізгі бөлім: Сарғыштықтың жіктемесі. Механикалық сарғыштану Бауырлық сарғыштану Гемолиздік сарғыштану 3.Қорытынды бөлім: Студенттерге қорытынды сұрақтар 4.Пайдаланылған әдебиеттер

Изображение слайда
4

Слайд 4

Сарғыштық ( лат. Icterus ) Өт пигменттерінің жиналуынан терінің, шырышты қабықтардың, көз ағының сарғыш түске боялуымен көрінетін синдром. Қандағы қалыпты билирубин деңгейі бір литрге шаққанда 8,55-20,5 ммоль, 75%- ына жуығы тура емес, 25%- ына жуығы тура билирубин болып табылады. Сарғаюда билирубин,және оның метаболиттерінің деңгейі өседі. Сарғаю

Изображение слайда
5

Слайд 5: Көздің сарғаюы

Алақандардың сарғаюы

Изображение слайда
6

Слайд 6: Сарғаюдың жіктемесі

Сарғаюдың себебіне қарай үш түрі бар : А ) гемолитикалы қ сарғаю эритроциттердің шамадан тыс ыдырауынан дамиды гемолиз салдарынан Б) механикалық сарғаю өттің ішекке өтуіне кедергі пайда болғанынан дамиды, өт құрамындағы билирубин өт жолдарында, бауырда жиналып қанға сіңіп адамды сарғайтады. В) паренхиматозды сарғаю бауыр паренхимасы қабынғаннан, созылмалы гепатит, бауыр циррозы салдарынан дамиды. Сарғаю түрлерін бір бірінен ажырату клиникалық жағдайда өте маңызды.

Изображение слайда
7

Слайд 7: Гемолитикалық сарғаю

Билирубиннің көп түзілуінен немесе эритроциттердің көп мөлшерде бұзылып ыдырауынан пайда болады. Ол іштен туа және жүре дамыған гемолитикалық анемияларға тән. Бұл ауруларда эритроциттердің осмостық қысымы төмендейді. Осыған байланысты қанда тікелей емес билирубин мөлшері көбейеді.Бауыр клеткалары оларды глюкурон қышқылымен қосып тікелей билирубинге айналдырып үлгере алмайды.Осыдан бауыр клеткаларының секрециялық және өт өндіру қызметтері әлсірейді. Тікелей емес билирубин майға жақсы еритін болғандықтан ми липидтарымен ұсталады, нерв жүйесінің жарақаттану симптомын шақырады, құрысып дене еттері сіреспесіне әкелуі мүмкін.

Изображение слайда
8

Слайд 8

Изображение слайда
9

Слайд 9: Нәрестедегі гемолитикалық сарғаю

Егер резус оң нәрестенің, анасының резусы теріс болса, нәресте эритроциттері ана қанына түссе, оның ағзасында иммундық өзгерістер туғызады, резуске қарсы денелер жасалады. Ана ағзасында жасалған қарсы резус денелер қайталап жүкті болған жағдайда резусы оң нәресте ағзасына түсіп, иммундық “жанжал” туғызады, нәресте дүниеге гемолитикалық сарғаюмен туады.

Изображение слайда
10

Слайд 10

Изображение слайда
11

Слайд 11

Тері түсі лимон-сары түсті болады, терінің қышуы болмайды. Қанда бос билирубин мөлшері біршама артады. Зәрде билирубин болмайды, бірақ түсі қанық сары болады, өйткені уробилиноген мөлшері артады (5-10 есе) және де нәжісте стеркобилиноген артады, себебі гемолиздік сарғаю дамыған адамда жиі бауыр қызметі бұзылады. Нәжіс түсі де қанық қоңыр болады, стеркобилиногеннің көп бөлінуінен. Қанда нормохромды анемия, анизоцитоз, пойкилоцитоз, ретикулоцитоз. Эритроциттердің осмостық беріктігі 0,32-0,30-0,28%- ға дейін төмендейді.

Изображение слайда
12

Слайд 12

Изображение слайда
13

Слайд 13: Механикалық сарғаю

Өттің жалпы өзегі сыртынан ісікпен қысылып немесе ішінен таспен, құрттаремн, қою өтпен бітеліп қалғанда өт ішекке түспейді, өт жодарында іркіліп, оның қысымы арта түседі, өт капиллярлары кеңиді, жыртылады. Содан өт қанға тікелей немесе лимфамен түседі. Осыдан қанда тура билирубиннің мөлшері көтеріледі, адамның терісі мен шырышты қабықтары сарғыштанады, сосын билирубиннің биливердинге тотығуынан жасыл түске және қошқыл-зәйтүн түске енеді.

Изображение слайда
14

Слайд 14

Қанда б айланысқан билирубин мөлшері өте жоғары (10-20 есе) болады. Ұ зақ сарғаю болғанда бауыр қызметі б ұ зылуынан бос билирубин мөлшері де біршама артады. Байланысқан билирубин зәрде пайда болады (өт пигметтері), зәрдің түсі қоңыр түсті және ашық-сары көбікті болады. Нәжістің түсі ақ болады, кейде оқтын-оқтын ағарып т ұ рады (жиі таспен жартылай бітелгенде), кейде ұ зақ уақыт бойы ақ түсті (ісікпен бітелгенде) болады.

Изображение слайда
15

Слайд 15

Изображение слайда
16

Слайд 16: Механикалық сарғаюдың дифференциальдық диагнозы

Клиникалық мағлұматтар Жалпы өт және бауыр өзегіндегі тастар Өт жолдары мен ұйқы без ісігі Анемнез Өт қабына және өт шығарушы жолдарға жасалған операция Қаралған уақытқа дейін 6 ай – 2–3 жыл бұрын ісікті алып тастау Ауырсыну Интенсивті, шаншымалы Болмауы немесе тән емес Қызба Жие аз уақытты Көп жағдайда болмауы Сарғаюдың ағыны Ремиттиті болуы мүмкін Үдемелі Сарғаюдың дамуы Жылдам Баяу Өт қабы Көп жағдайда сезілмейді, оң жақ қабырға астында ауырсыну сезімі болады Сезіледі, үлкейген, ауырсынбайтын өт қабы

Изображение слайда
17

Слайд 17

Механикалық сарғаюда екі симтомдық жиынтық болады: біреуі өттің ішекке түспеуі (синдром ахолия). Екіншісі өттің қайта сорылып қанмен және лимфамен денеде айналуы (синдром холемия) яғни қанда өт қышқылы және холестерин көбейеді де, зәрмен билирубин және өт қышқылы шығарыла бастайды. Сондықтан зәр түсі қою қоңыр болады.

Изображение слайда
18

Слайд 18: Ахолиялық синдром

Яғни бұл кезде өт ішекке мүлдем түспей қалады. Осының салдарынан ішектерде ас қорыту бұзылады. Ішектерде өт қышқылы болмауынан липаза ферменті әсерленбейді, майлардың эмульсиясы болмайды. Осыдан тағаммен түскен майлардың 60-70% қорытылмай үлкен дәретпен сыртқа шығарылады. Бұны стеаторея дейді. Бұл кезде майлардың сіңірілмеуінен майда еритін витаминдердің сіңірілуі бұзылады. Сондықтанда А,Д,Е,К витаминдерінің жеткіліксіздігі дамиды. Сондай-ақ ахолияның нәтижесінде: ішектерде стеркобилиноген құрылмауынан нәжістің түсі ақ топырақ түстес болады, зәрде де уробилиноген болмайды. Ішектердің қимылдық әрекеті әлсіреп іш қату байқалады, бірақ артынан өттің бактерияларды жоятын әсері болмауынан ішектерде тамақтың іріп шіруі артып, қатты іш өтулер пайда болады.

Изображение слайда
19

Слайд 19: Холемиялық синдром

Бұл синдромда өт қанға қайта сорылып түседі. Бұл кезе өт қышқылдары: Кезбе жүйкенің рецепторлары мен орталығын қоздырады, жүректің синустық торабын тежейді. Сондықтан артериялық қан қысымы төмендейді,брадикардия дамиды. ОЖЖ уытты әсер етеді. Осыдан организмнің жалпы әлсіздігі, қызбалығы, түнде ұйқының қашып,күндіз ұйқы басуы, бас ауруы және адамның тез қалжырауы байқалады. Терідегі сезімтал жүйкелердің аяқшаларын қоздырып, қатты қышыну сезімін тудырады. Эритроциттердің, лейкоциттердің ыдырауына, қан ұюының әлсіреуіне әкеледі.

Изображение слайда
20

Слайд 20

Изображение слайда
21

Слайд 21: Паренхиматозды сарғаю

Бауыр клеткалары қабынғаннан дамиды, олар билирубинді ұстап, глюкурон қышқылымен байланыстырып, өтпен бірге шығара алмайды. Қан сарысуында бос және байланысқан билирубин көбейеді. Зәрде билирубин және өт қышқылдары пайда болады. Нәжіспен бөлінетін стеркобилиноген азаяды.

Изображение слайда
22

Слайд 22

Изображение слайда
23

Слайд 23: Себептері

Жұқпалардың (А,В,С,Д,Е гепатиттерінің вирустары, сепсис, іш сүзегі). Улы заттардың (саңырауқұлақ уы, химиялық улы заттар, ішімдік, кейбір дәрі дәрмектер) әсерлерінен бауыр жасушаларының тікелей бүліністері. Ұзақ мерзім өттің бауырда іркіліп тұрып қалуы Тура емес билирубиннің қаннан бауыр. жасушаларының қабықтары арқылы тасымалдануын, олардың ішінде глюкурон қышқылымен байланысуын және тура билирубиннің бауыр жасушаларынан өт қылтамырларына шығарылуын қамтамасыз ететін ферменттердің генетикалық яғни тектік ақаулары.

Изображение слайда
24

Слайд 24

Тері және клегей қабаттардың түсі шафранды-сары, қызғыштау түске енеді, денесі қышумен, оң қабырға доғасы тұсы ауырсынумен білінеді, қызу көтеріледі. Тері қышуы механикалық сарғаюдан бәсеңдеу, өйткені паренхиматозды сарғаюда зақымдалған бауыр клеткаларының өт қышқылдарын синтездеуі б ұ зылады. С ондықтан брадикардия, жалпы әлсіздік және бірқатар диспепсиялық белгілер пайда болады. Бүл сарғаюдың ауыр түрінде бауыр қызметінің айқын жетіспеушілік белгілері пайда болады.

Изображение слайда
25

Слайд 25

Изображение слайда
26

Слайд 26

Көрсеткіштер Сарғаю түрі Механикалық Паренхиматозды Гемолитикалық Толық емес бітелген Толық бітелген Сарысудағы билирубин Тікелей Тікелей Тікелей Тікелей емес Зәрдегі билирубин + ++ + - Зәрдегі уробилин + - + + Нәжістегі стеркобилин + - + ++ Зәрдегі өт қышқылы + + + - Бауырдың функционалдық бұзылысы - - + -

Изображение слайда
27

Слайд 27

Қанда билирубин өскен, бірақ байланысқан билирубин молдау, осы билирубин зәрде анықталады. Өт ішекке өтіп жарымайды. Нәжісте стеркобилин анықталмайды не тым аз, сондықтанда нәжіс ақшыл не ақ түсті, уробилин зәрде болмайды. Бауыр клеткалары некрозы қанда ферменттер деңгейі көтерілуне әкеп соқтырады. Трансминаза, альдолаза, трансфераза, сорбитдегидрогеназа, кейде негіздік фосфотаза да өседі.

Изображение слайда
28

Слайд 28: Жыл сайынғы гепатиттің кездесуі

Изображение слайда
29

Слайд 29: Әр елде гепатитпен ауыратындар деңгейі

Изображение слайда
30

Слайд 30: Зерттеу әдістері

Физикалық зерттеу әдістері(қарап тексеру, перкуссия,пальпация). Иммунологиялық зерттеу әдістері(полимерлік тізбекті реакция әдісі). Функциональдық лабораториялық әдістер(қандағы жалпы билирубин мөлшері,бауырдың белоктарды синтездеу функциясы және алмасуы,көміртегін синтездеу функциясы, май алмасуы анықталады). Аспаптық әдістерге(лапароскопия, пункциялық биопсия, холецистография, спленопортография,целиакография, эндоскопиялық холангиопанкреатография,бауырдың радиоизотопты тексеруі,бауыр функцияларын радиометриялық тексеру, УДЗ, рентгендік тексерулер жатады.)

Изображение слайда
31

Слайд 31

Изображение слайда
32

Слайд 32

Изображение слайда
33

Слайд 33: Тақырып бойынша қорытынды сурақтар

Бауырлық сарғыштану кезінде қандай қызметтің бұзылысы болады ? Механикалық сарғаюда қай билирубиннің мөлшері көбейеді ? Гемолиздік сарғаю кезінде нәжістің түсі қандай ?

Изображение слайда
34

Слайд 34: Пайдаланылған әдебиеттер

Қ.Ж. Ахметов “Ішкі аурулар пропедевтикасы пәнінің клиникалық дәрістері” Ә.Нұрмұхамбетов, Е.Дәленов “Патологиялық физиология” www.google.kz www.youtube.com Жолдықайыр Сүндетұлы “Патологиялық физиология” Б.Н. Айтбембет “Ішкі ағза ауруларының пропедевтикасы”

Изображение слайда
35

Последний слайд презентации: Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ - түрік университеті №1 медицина факультеті

Назарларыңызға Рахмет!!! Деніміз сау болсын!!!

Изображение слайда