Презентация на тему: ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ Балалар жасындағы стоматология

ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ Балалар жасындағы стоматология және хирургиялық стоматология кафедрасы
ЖОСПАР
КІРІСПЕ
ЖІКТЕЛУІ
ЭТИОЛОГИЯСЫ
ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ Балалар жасындағы стоматология
ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ Балалар жасындағы стоматология
КЛИНИКАЛЫҚ КӨРІНІСІ
ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ Балалар жасындағы стоматология
ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ Балалар жасындағы стоматология
СОЗЫЛМАЛЫ ЗАҚЫМДАЛУ КЕЗІНДЕ
ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ Балалар жасындағы стоматология
ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ Балалар жасындағы стоматология
ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ Балалар жасындағы стоматология
БЕДНАР АФТАСЫ
ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ Балалар жасындағы стоматология
ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ Балалар жасындағы стоматология
ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ Балалар жасындағы стоматология
ЕМДЕУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ Балалар жасындағы стоматология
ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ Балалар жасындағы стоматология
ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ Балалар жасындағы стоматология
ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ Балалар жасындағы стоматология
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1/25
Средняя оценка: 4.7/5 (всего оценок: 12)
Код скопирован в буфер обмена
Скачать (484 Кб)
1

Первый слайд презентации: ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ Балалар жасындағы стоматология және хирургиялық стоматология кафедрасы

сөж Тақырыб: Балаларда ауыз қуысының шырышты қабығының механикалық зақымданулары. Клиникасы. Емі. Орындаган: Байзакова Д.К. 5-001 стом.фак Тексерген: Каспакова Л.А. Қарағанды 2014 жыл

Изображение слайда
2

Слайд 2: ЖОСПАР

КІРІСПЕ ЖІКТЕЛУІ ЭТИОЛОГИЯСЫ КЛИНИКАЛЫҚ КӨРІНІСІ БЕДНАР АФТАСЫ ЕМДЕУ ЕРЕКШЕЛИКТЕРІ ҚОРЫТЫНДЫ ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Изображение слайда
3

Слайд 3: КІРІСПЕ

Ауыз қуысының ж амылғы тіндеріне тікелей әсер ету салдарынан, мөлшерден тыс күш түсіретін сыртқы тітіркендіргіш факторлар балалардың ауыз қуысы шырышты қабатының жарақаттық зақымдануларына әкеледі. Зақымдану дәрежесі тітіркендіргіш фактордың әсер ету уақыты мен күшіне, оның сипатына, шырышты қабаттың жастық, жергілікті және жеке тұрақтылығына, жарақат алған кезде организмнің жағдайына байланысты болады, мұны емдеуді жоспарлау және диагноз қою кезінде стоматолог міндетті түрде ескеруі қажет.

Изображение слайда
4

Слайд 4: ЖІКТЕЛУІ

Бала жасында ауыз қуысының шырышты қабатындағы әртүрлі зақымдануларды, жарақаттаушы агенттердің сипатына байланысты келесі түрлерге бөлінеді: Механикалық ЖЕДЕЛ СОЗЫЛМАЛЫ Термиялық Химиялық Сәулелік

Изображение слайда
5

Слайд 5: ЭТИОЛОГИЯСЫ

Бала жасында ауыз қуысының шырышты қабатындағы жедел механикалық зақымданулар өткір құралдардан, соққыдан, шағып алудан, жағымсыз әдеттердің әсерінен пайда болады. Жарақаттардың жиі кездесетін себебі болып ауызына әртүрлі заттарды салу болады. Кей жағдайда жарақаттар бұзылған тістердің өткір қырларына немесе төмеңгі жақта жиі кездесетін тістердің уақытытнан бұрын жарып шығуынан болады.

Изображение слайда
6

Слайд 6

БАЛАЛАРҒА ӨТКІР ЗАТТАРМЕН ОЙНАУҒА ТИЫМ САЛУ!!!!!

Изображение слайда
7

Слайд 7

БАЛАЛАРДЫ ҮЛКЕНДЕРДІҢ ҚАРАУЫНСЫЗ ҚАЛДЫРМАУ КЕРЕК!!!!!! БАЛАЛАРҒА ӘРТҮРЛІ: ҰСАҚ, ӨТКІР ЗАТТАРМЕН ОЙНАУҒА ТИЫМ САЛУ!!!!!!

Изображение слайда
8

Слайд 8: КЛИНИКАЛЫҚ КӨРІНІСІ

Зақымдану аймағында айқын емес ауырсыну байқалады, тінішілік қан құйылу кезінде 1-3 күннен кейін көк-қара тісті гематома анықталады. Ауыз қуысы шырышты қабатының жарақаттық қызаруы, ісіну, эпителийдің десквамациясы немесе некрозы, эрозия немесе жара пайда болады. Ауыз қуысының шырышты қабатының механикалық зақымдалуы кезінде баланың жалпы жағдайы өзгеріссіз, ұйқысы жақсы, дене температурасы қалыпты. Эпителийдің беткей қабаты заымдалған кезде, әдеттегідей тістеген кезде, тамақ қабылдағанда бала шығым жасамайды. Дәрігер мұндай зақымдануларды жоспарлы емдеген кезінде байқап қалады.

Изображение слайда
9

Слайд 9

Екіншілік морфологиялық элементтердің пайда болуы байалады : Эрозия – эпителий қабатының бүтіндігінің бұзылысы, жарақаттың әсерінен папула және көпіршіктің жарылуынан пайда болады. Тыртықтанусыз жазылады. Травматикалық эрозия – экскорикация деп аталады. М еханикалық эрозия

Изображение слайда
10

Слайд 10

Зақымдану орнында әртүрлі тереңдікте және көлемде гематома, кесілулер, эрозия немесе жара пайда болады. Жараға екіншілік инфекция түсуі ұзақ уақыт жазылмайтын жара мен тіліктердің дамуына әкеледі. Жараның айналасында шектелген қабыну және шырышты қабаттың өздік қатпарының инфильтрациясы пайда болады. Зақымдану және лимфотүйін аймағын пальпациялау ауырсыну тудырады. Жарақаттық жаралардың пайда болуы сілекейбөлінудің көбеюімен бірге жүреді.

Изображение слайда
11

Слайд 11: СОЗЫЛМАЛЫ ЗАҚЫМДАЛУ КЕЗІНДЕ

Қоршаған тіндердің қызаруы мен ісінуімен, өзіндік қабатының инфильтрациясымен, грануляциялық тіндердің дамуына бейімділігі, пролиферативті көріністерімен бірге жүреді. Кейбір жағдайларда спецификалық емес қабынулар, қалыпты жағдайларда эпителий кератинизациясы пайда болмайтын бөліктерде мүйізденудің үдеуімен бірге жүреді.

Изображение слайда
12

Слайд 12

Созылмалы механикалық зақымдану клиникада декубитальды эрозия немесе жараның пайда болуымен бірге жүреді. Субъективті түрде барлық кезде ауыру сезімталдығы байқалмайды, бірақ кей жағдайда бала мазасыз, тамақ қабылдаудан бас тартады. Процесстің асқынуы қоршаған тіннің ісінуінің ұлғаюы және регионарлы лимфотүйіндердің ауырсынуымен жүретін, инфекция түсудің әсерінен болады.

Изображение слайда
13

Слайд 13

Жарақаттық эрозиялар мен жаралар жаралаған заттың түрінде болады, тереңдігі мен көлемі әртүрлі, қырлары беткей бетіне аздап көтеріліп тұрады, біршама қызарған, ісінген. Түбі боз-сары түсті шөгіндімен көмкерілген. Пальпациялаған кезде жаралар мен регионарлы лимфотүйіндер кейде ауырғыш болады.

Изображение слайда
14

Слайд 14

Ауыз қуысының шырышты қабатын әдеті тістеп жүру жұмсақ лейкоплакия түрінде созылмалы қабынумен жүреді. Біршама ісінген ауыз қуысының шырышты қабатында тістердің тістесу сызығы бойынша ауырмайтын ақшыл немесе сұр-ақшыл түсті гиперплазироваланған бөліктер пайда болады, олар жеңіл алынады, қанқұйылу бөліктері болуы мүмкін.

Изображение слайда
15

Слайд 15: БЕДНАР АФТАСЫ

Изображение слайда
16

Слайд 16

Бір жасқа дейінгі балаларда ауыз қуысының шырышты қабатының созылмалы механикалық зақымдануларының жеке клиникалық түрлерін жана туған нәрестелер афтасы (Беднар афтасы) құрады. Мұндай афталар өмірінің бірінші айларындағы әлсіз балаларда, яғни жасанды тамақтандырылатын балаларда пайда болады және бұл үшін ұзын және қатты резиналы сорғыштар қолданылады.

Изображение слайда
17

Слайд 17

Трофикасы төмендеген, әсіресе шала туған балалар эпителиальды жамылғының жарақаттық реакциясына тез бейімделгіш болып келеді. Жұмсақ таңдайдың қатты таңдайға өтетін жерінде анық қырлары бар сопақша немесе дөңгелек жаралар пайда болады. Эрозияланған беткей айналасында айқын қабыну білігі бар сары-сұр шөгіндімен көмкерілген. Жараның ауыруы әсерінен бала тамақ қабылдаудан бас тартады

Изображение слайда
18

Слайд 18

Бала жасында созылмалы механикалық зақымдануларды диагностикалау кейде қиындық туғызады. Анамнезін толық жинау және объективті көріністерді зерттеу дұрыс диагноз қоюға әсер етеді. Диагнозды толықтыру үшін арнайы әдістемелер қолданылады, сондай-ақ жараның құрамын цитологиялық зерттеу, бөлінулерді бактериологиялық меңгеру жатады.

Изображение слайда
19

Слайд 19: ЕМДЕУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Ауыз қуысы сілемейлі қабығының жедел механикалық зақымдануларын емдеуге жарадан жарақаттаушы затты немесе фрагментті алу кіреді, ал көрсетулер болған жағдайда антисептикалық өңдегеннен кейін тігіледі. Егер жараға тігіс салу қажет болмағанда антисептиктермен күнінен бірнеше рет шаю ұсынылады (фурациллин, этоний, этакридин лактаты, 0,5% сутегі тотығы ерітіндісі, мырыштықышқыл калий, емдік шөптер тұңбасы: шалфей, ромашка, зверобой, шай, танин). Тағамды уақтап қабылдау қажет. Тағам қабылдар алдында антисептиктер және анестетиктер ерітінділерімен ванночка жасаған жөн.

Изображение слайда
20

Слайд 20

Жараның эпителизациялануы және жазылуын кератопластикалық заттармен аппликация жасау жылдамдатады (итмұрын майы, А витамині). Ауыз қуысының сілемейлі қабығының жазылғаннан кейін айқын тыртықтары бар жаралар, тісжақ-бет аймағының өсіп келе жатқан тіндерінің бұзылмауының алдын алу үшін баланы диспансерлеу қажет етеді. Механикалық зақымданулардың алдын алу балалардың ауыз қуысын дер кезінде сауықтырудан, өткір қырлары бар тістерді егеу, ортодонттық аппараттардың конструкциясындағы ақауларды жою, жағымсыз әдеттерін жоюдан тұрады. Жаңа туған нәрестелерде, анасының омырауының ұшының қатты болуы кезінде қысқа резеңкелі мүйізгекті немесе жапсырманы тағам қабылдаған кезде қолдану сілемейлі қабықтың мүмкін болатын жарақаттануларының алдын алады.

Изображение слайда
21

Слайд 21

Беднар афтасы болған кезде балалар дәрігер-стоматологы педиатрмен бірлесе отырып, баланың жалпы трофикасын жоғарылатуды жүргізеді. Жергілікті антисептикалық және кератопластикалық заттар қолданылады, бұл кездебала сору үшін дәрілік затқа матырылған, лигатурамен тігілген мақталы тампондар қолдану ұсынылады.

Изображение слайда
22

Слайд 22

Декубитальды ойық жараны емдеу кезінде жарақаттану себебін жойғаннан кейін, емдік шөптер тұңбаларымен (ромашка, зверобой, шалфей, шәй), нитрофуран препараттарымен, ферменттермен (трипсин, химотрипсин) жиі антисептикалық өңдеу ұсынылады. Тіндердің регенерациясын кератопластикалық заттар күшейтеді (А,Е,В майлы витаминдері, винилин, каротолин, итмұрын майы, оливка, облепиха майлары, «Ливиан», «Винизоль» және басқалары).

Изображение слайда
23

Слайд 23

Жұмсақ лейкоплакияны емдеу психоневрологпен бірге жағымсыз әдеттерді жоюдан басталады, седативті препараттар ұсынылады, дене шынықтыру және спортпен айналысу қажет. Жергілікті кератопластикалық заттармен аппликация қолданылады (ферменттер, А витаминінің майлы ерітіндісі).

Изображение слайда
24

Слайд 24: ҚОРЫТЫНДЫ

Балаларда ауыз қуысының механикалық жарақаттарының болуы көбінесе үлкен адамдардың дұрыс қарамағандығынан болады. Ондай жағдай болған жағдайда да, тез арада стоматолог- дәрігерге қаралуы керек !!!

Изображение слайда
25

Последний слайд презентации: ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ Балалар жасындағы стоматология: ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

ИНТЕРНЕТ ҚОРЫ www.google.kz ПЕРСИН Л.С. ЕЛИЗАРОВА В. М. «СТОМАТОЛОГИЯ ДЕСТКОГО ВОЗРАСТА»

Изображение слайда