Презентация на тему: Қарағанды мемлекеттік медицина университеті Қоғамдық денсаулық сақтау және

Реклама. Продолжение ниже
Қарағанды мемлекеттік медицина университеті Қоғамдық денсаулық сақтау және
Қарағанды мемлекеттік медицина университеті Қоғамдық денсаулық сақтау және
Қарағанды мемлекеттік медицина университеті Қоғамдық денсаулық сақтау және
Қарағанды мемлекеттік медицина университеті Қоғамдық денсаулық сақтау және
Қарағанды мемлекеттік медицина университеті Қоғамдық денсаулық сақтау және
Қарағанды мемлекеттік медицина университеті Қоғамдық денсаулық сақтау және
Қарағанды мемлекеттік медицина университеті Қоғамдық денсаулық сақтау және
Қарағанды мемлекеттік медицина университеті Қоғамдық денсаулық сақтау және
Қарағанды мемлекеттік медицина университеті Қоғамдық денсаулық сақтау және
Қарағанды мемлекеттік медицина университеті Қоғамдық денсаулық сақтау және
Қарағанды мемлекеттік медицина университеті Қоғамдық денсаулық сақтау және
Қарағанды мемлекеттік медицина университеті Қоғамдық денсаулық сақтау және
Қарағанды мемлекеттік медицина университеті Қоғамдық денсаулық сақтау және
Қарағанды мемлекеттік медицина университеті Қоғамдық денсаулық сақтау және
Қарағанды мемлекеттік медицина университеті Қоғамдық денсаулық сақтау және
Қарағанды мемлекеттік медицина университеті Қоғамдық денсаулық сақтау және
Қарағанды мемлекеттік медицина университеті Қоғамдық денсаулық сақтау және
Қарағанды мемлекеттік медицина университеті Қоғамдық денсаулық сақтау және
Қарағанды мемлекеттік медицина университеті Қоғамдық денсаулық сақтау және
Қарағанды мемлекеттік медицина университеті Қоғамдық денсаулық сақтау және
1/20
Средняя оценка: 4.7/5 (всего оценок: 10)
Код скопирован в буфер обмена
Скачать (454 Кб)
Реклама. Продолжение ниже
1

Первый слайд презентации

Қарағанды мемлекеттік медицина университеті Қоғамдық денсаулық сақтау және мейірбике ісі кафедрасы СӨЖ Тақырыбы: ҚР электронды денсаулық сақтау саласының 2013-2020 жылдарға арналған концепциясы концепциясы Топ: 3-026 Орындаған : Турдибаева Д.А 2017ж

Изображение слайда
Изображение для работы со слайдом
Изображение для работы со слайдом
1/3
2

Слайд 2

Кіріспе. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын ақпараттандырудың ағымдағы ахуалы ; Е- денсаулық сақтау саласының стратегиялық дамуының негізгі құжаттары ; ҚР денсаулық сақтау жүйесін дамыту бағыттары және оларға қол жеткізуде е- денсаулық сақтаудың көмегі ; Қазақстан Республикасының е- денсаулық сақтау саласының міндеттері ; ҚРЭД көрінісіне қол жеткізу ; Пайдаланылған әдебиеттер. Жоспары

Изображение слайда
1/1
3

Слайд 3

Кіріспе Қазақстан Республикасының электрондық денсаулық сақтау саласын дамыту тұжырымдамасы ( бұдан әрі – Тұжырымдама ) қолданыстағы үлгіні пациенттің мұқтаждылығына қайта бағдарлау үшін жаңарту, медициналық көмектің сапасын және қолжетімділігін арттыру мақсатында әзірленген. Қазақстан Республикасының электрондық денсаулық сақтау саласының көрінісі мынадай нұсқамен тұжырымдалған : -2020 жылға Қазақстан Республикасының электрондық денсаулық сақтау саласын іске асыру пациенттің мұқтаждылығына бағытталған денсаулық сақтаудың қауіпсіз, әділ, сапалы және тұрақты жүйесін қамтамасыз ететін қазіргі заманғы, өзекті, нақты және толық ақпаратты автоматтандырылған түрде алу мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс. Электрондық денсаулық сақтаудың басты элементі адамның денсаулығы туралы басты деректерді сақтау және оны ауыстыру үшін логикалық құрылымды қамтамасыз ететін және медициналық қызметтің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға, сондай-ақ барлық деңгейде менеджментті жетілдіруге бағытталған денсаулық сақтау жүйесінің міндеттерін іске асыру құралы болып табылатын электрондық денсаулық паспорты болады.

Изображение слайда
1/1
4

Слайд 4

Барлық ақпараттық жүйелердің және қызметтердің жұмысына қажетті есептеу қуаттылығы бұлтты есептеу режімінде жұмыс істейтін және жабдықтар мен коммуникациялардың шалысында бір-бірін автоматтандырылған түрле ауыстыра алатын деректерді өңдеудің екі орталығын құру арқылы қамтамасыз етілетін болады. Мемлекеттік меншік нысанындағы медициналық ұйымдар ақпараттық жүйелермен жұмыс істеу мүмкіндігі үшін қажетті ақпараттық - техникалық жабдықтармен жарақталатын болады. Сондай-ақ медициналық ұйымдарға кең функционалы бар және өзіндік талаптарға және нақты ұйымның бизнес процестеріне сай келетін медициналық ақпараттық жүйелерді өз еркімен таңдау және сатып алу құқығы мен мүмкіндігі беріледі.

Изображение слайда
1/1
5

Слайд 5

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын ақпараттандырудың ағымдағы ахуалы 1990-шы жылдардан бастап Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі денсаулық сақтаудың статистикалық және талдау ақпараттарын жинақтауға бағытталған бірнеше ақпараттық жүйелерді әзірлеуді және енгізуді қамтамасыз етті. Осы бағдарламалық кешендер бекітілген есепке алу-есептілік құжаттарға сәйкес деректердің жиналуын қамтамасыз етті және ол Қазақстан Республикасының көптеген өңірлерінде пайдалануда 2005 жылы ҚР ДСМ ДСБАЖ әзірлеп, енгізе бастады. ДСБАЖ ақпараттық және технологиялық платформасының басты мақсаты қоғамның экономикалық, әлеуметтік, техникалық, технологиялық даму деңгейіне сәйкес келетін және халыққа медициналық көмекті анағұрлым сапалы ұсынуда денсаулық сақтау ресурстарын оңтайлы пайдалануын қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасы денсаулық сақтауының ақпаратты құрылымын құру болып табылады

Изображение слайда
1/1
6

Слайд 6

ДСБАЖ құрамында денсаулық сақтаудың әртүрлі процестерін автоматтандыруға бағытталған 6 компонент және ішкі өзара іс-қимылды қамтамасыз ететін 1 компонент бар: Медициналық-статистикалық жүйе (МСЖ); Ресурстарды басқару жүйесі (РБЖ); Медициналық қызметтің сапасын басқару жүйесі (МҚСБЖ); Қаржыны басқару жүйесі (ҚБЖ); Дәрілік қамтамасыз етуді басқару жүйесі (ДҚБЖ); Санитариялық-эпидемиологиялық ахуалды мониторингілеу жүйесі (СЭАМЖ); Ақпараттық жүйелердің өзара іс-қимылын қамтамасыз ету бойынша міндеттердің жиынтығы ( Объектілердің сервері, СО).

Изображение слайда
1/1
7

Слайд 7

Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесінің міндеттерін іске асыру шеңберінде 2010 жылдан бастап 2013 жылға дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасының барлық аумағында мынадай веб- базаланған ақпараттық жүйелер (веб- қосымшалар ) әзірленіп, енгізілді және қызмет етеді : Емдеуге жатқызу бюросы (ЕЖБ); 2. Тіркелген халықтың тіркелімі (ТХТ); 3. Стационарлық науқастардың электрондық тіркелімі (СНЭТ); 4. Онкологиялық науқастардың электрондық тіркелімі (ОНЭТ); 5. Диспансерлік науқастардың электрондық тіркелімі (ДНЭТ); 6. Дәрілік қамтамасыз етудің ақпараттық жүйесі (ДҚАЖ); 7. Жан басына шаққандағы нормативтің ынталандыру компоненті (ЖНЫК).

Изображение слайда
1/1
Реклама. Продолжение ниже
8

Слайд 8

Изображение слайда
Изображение для работы со слайдом
1/2
9

Слайд 9

Е- денсаулық сақтау саласының стратегиялық дамуының негізгі құжаттары «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты Қазақстан Республикасының Президенті – Ұлт Көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған (Астана қаласы, 2012 жылғы 14 желтоқсан ) Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған « Саламатты Қазақстан » мемлекеттік бағдарламасы 2013 жылы « Ақпараттық Қазақстан – 2020» мемлекеттік бағдарламасы қабылданды, онда « электрондық денсаулық сақтау » (е- денсаулық сақтау ) термині енгізілді және денсаулық сақтауды ақпараттандыруды әрі қарай дамыту жолдары айқындалды

Изображение слайда
1/1
10

Слайд 10

« Ақпараттық Қазақстан – 2020» мемлекеттік бағдарламасы бойыншаҚазақстан Республикасы 2020 жылға дейін электрондық денсаулық сақтау саласында мынадай негізгі көрсеткіштерге қол жеткізу міндеттерін қойды : бірыңғай денсаулық сақтау желісіне қосылған денсаулық сақтау ұйымдарының үлесі 2017 жылы - 60 %, 2020 жылы - 100 %; 2 ) « электрондық медициналық карталармен » қамтамасыз етілген халықтың үлесі 2017 жылы - 60 %, 2020 жылы - 100 %; 3 ) бірыңғай интеграциялық платформамен денсаулық сақтау ұйымдарының ақпараттық жүйелерін интеграциялау 2017 жылы - 40 %, 2020 жылы - 100 %; 4 ) медицина қызметкерлерінің компьютерлік сауаттылығының деңгейі - 2017 жылы – 70 %, 2020 жылы – 100 %; 5 ) медицина қызметкерлеріне арналған компьютерлер саны – қажеттіліктен 2017 жылы – 60 %, 2020 жылы – 100 %.

Изображение слайда
1/1
11

Слайд 11

ҚР денсаулық сақтау жүйесін дамыту бағыттары және оларға қол жеткізуде е- денсаулық сақтаудың көмегі Денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін қамтамасыз ету және жүйенің реформаларын қолдау үшін керекті уақытта қажет адамға қажетті және нақты ақпаратты ұсыну.

Изображение слайда
1/1
12

Слайд 12

Қазақстан Республикасының е- денсаулық сақтау саласының міндеттері

Изображение слайда
1/1
13

Слайд 13

ҚРЭД көрінісіне қол жеткізу 1-жетістік – ҚР ЭД қатысушылары е- денсаулық сақтауды дамытуға және жақсартуға жиі тартылған Халықаралық тәжірибеде көрсетілгендей денсаулық сақтаудағы ақпараттық жүйелер жинақталған деректерді ұсыну үшін жай пассивті құрал ғана боламай, біртіндеп медициналық қателіктердің алдын алу тетігіне және жаңа клиникалық білімді, алдыңғы қатарлы практикаларға және тәжірибеге үйрету және оларды тарату платформасына айналуда

Изображение слайда
1/1
14

Слайд 14

2-жетістік – Денсаулық сақтау саласының қатысушыларына ақпараттық жүйелер және электрондық қызметтер арқылы өздерінің басым бизнес- процестеріне автоматтандырылған қолдау көрсетіледі Қазір е- денсаулық сақтау қойған мәселелерді біршама шешетін көптеген ақпараттық жүйелер бар. Осы жүйелерді қайта өңдеу қажеттілігіне қарамастан, олар осы денсаулық сақтау секторлары автоматтандыру үшін басым болып табылатын индикаторлар ретінде қызмет атқарады.

Изображение слайда
1/1
Реклама. Продолжение ниже
15

Слайд 15

3-жетістік – ҚР ЭД барлық мүдделі тараптары жоғары жылдамдықты және қорғалған деректерді беру желісі арқылы е- денсаулық сақтау жүйелеріне және медициналық электрондық қызметтерге кіру рұқсатын алады Бұл тек ірі қалаларда ғана емес, еліміздің барлық аумағында сапалы медициналық қызметтерге кеңінен қол жеткізуге мүмкіндік береді. Жүйелерге қосылу жылдамдығы сапалы қызметтерді көрсетуде негізгі мағынаға ие болады. Тәжірибе жүйелердің баяу жұмысы пайдаланушылардың тарапынан алыстауға әкелгенін және ұсынылған қызметтердің сапасына әсер еткенін көрсетеді, өйткені дәрігерлер пациенттерге көңіл бөлудің орнына көбінесе назарларын жүйеге аударды. Арналардың сапасын жақсарту е- денсаулық сақтау жетістігінің шешуші факторы болып табылады.

Изображение слайда
1/1
16

Слайд 16

4-жетістік – Денсаулық сақтау қағазсыз технологияларды пайдалану арқылы жұмыс істейді Қағазсыз денсаулық сақтауды енгізуден негізгі әсер қағазға жұмсалатын шығындарды азайту емес, денсаулық сақтаудың ұтқырлығын арттыру және қолмен толтырылған құжаттарға қарама-қарсы сандық ақпаратты талдауды жеңілдету есебінен қамтамасыз етілетін үздіксіз көрсетілетін медициналық көмекті жетілдіру болып табылады. Осы мәселенің шешімі медициналық көмек көрсетудің басқа қатысушыларына көшірмелерді жазу және медициналық қағаз карталарын беру қажеттілігінсіз еліміздің кез келген жерінен пациенттің деректерін алу мүмкіндігін береді.

Изображение слайда
1/1
17

Слайд 17

5-жетістік – Медициналық деректер елдің кез келген жерінен және пациент қызмет алатын кез келген медициналық ұйымнан қол жетімді Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесі жалпы алғанда нақты ауруларды емдеуден нақты адамның денсаулығына жету және қолдауға ауысып, өз бағдарын ауыстырған жағдайда электрондық денсаулық сақтаудың назарын «пациентке бағытталған » етіп, фокусты қайта бағдарлау қажет. Электрондық денсаулық сақтаудың жаңа парадигмасының негізгі элементі статистикалық есептер мен талдау ақпараты емес, электрондық медициналық жазбалар және Қазақстан Республикасы азаматының Электрондық денсаулық паспорты болуы тиіс. Жаңа жүйенің негізгі ерекшелігі ЭДП бір жерде орталықтандырып сақталатындықтан, деректерді елдің кез келген медициналық ұйымынан алуға болатындығы.

Изображение слайда
1/1
18

Слайд 18

. 6-жетістік – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі өзекті және нақты статистикалық деректердің негізінде автоматтандырылған түрде есептелген индикаторларға негізделген басқарушылық және саяси шешімдерді қабылдайды Бұған деректердің талдау қоймасын енгізу арқылы қол жеткізуге болады. Бұл ақпараттық жүйелер, электрондық қызметтер және статистикалық деректерді жинаудың мамандандырылған құралдары сияқты әртүрлі көздерден жиналған барлық қажетті статистикалық деректерді интеграциялауға мүмкіндік береді.

Изображение слайда
1/1
19

Слайд 19

7-жетістік – ҚР ЭД кеңістігі барлық аспектілерде интероперабелді және е- денсаулық сақтауға қатысушыларға сапалы және тиімді медициналық қызметтерді көрсетуге мүмкіндік береді Шұғыл назар аударуды талап ететін маңызды мәселе денсаулық сақтаудың ақпараттық жүйелерінің интероперабельдігін, яғни семантикалық ауыспалықты сақтау арқылы клиникалық және клиникалық емес деректерді алмастыру мүмкіндігін қамтамасыз ету болып табылады

Изображение слайда
1/1
20

Последний слайд презентации: Қарағанды мемлекеттік медицина университеті Қоғамдық денсаулық сақтау және

Әдебиет 1. Дүниежүзілік банктің шолушы миссиясының шеңберінде дайындалған ДБ жобасының D « Денсаулық сақтау саласының ақпараттық жүйесін дамыту » компоненті ББ жөніндегі 2011 жылғы 11 қарашадағы техникалық жазба 2. FierceHealth сілтемесі, 23 Feb/ 2013, Researchers: CPOE averted 17.4 million medication errors in one year. 5. Patient Administration System (P.A.S) Course. 6. Дәстүрлі және операциялық бағытталған есептеу әдістері. 7. Improved med device interoperability could save $30B in health costs 8. Tim Benson Principles of Health Interoperability HL7 and SNOMED 9. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған « Саламатты Қазақстан » мемлекеттік бағдарламасы 10. « Ақпараттық Қазақстан 2020» мемлекеттік бағдарламасы

Изображение слайда
1/1
Реклама. Продолжение ниже