Презентация на тему: Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университеті Қазақстан тарихы және әлеуметтік

Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университеті Қазақстан тарихы және әлеуметтік саяси пәндер кафедрасы
Мазмұны
Кіріспе
Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университеті Қазақстан тарихы және әлеуметтік
Астана – Қазақстан Республикасының астанасы
Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университеті Қазақстан тарихы және әлеуметтік
Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университеті Қазақстан тарихы және әлеуметтік
Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университеті Қазақстан тарихы және әлеуметтік
Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университеті Қазақстан тарихы және әлеуметтік
Тарихы
Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университеті Қазақстан тарихы және әлеуметтік
Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университеті Қазақстан тарихы және әлеуметтік
Өзін-өзі басқаруы
Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университеті Қазақстан тарихы және әлеуметтік
Экономикасы
Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университеті Қазақстан тарихы және әлеуметтік
Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университеті Қазақстан тарихы және әлеуметтік
Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университеті Қазақстан тарихы және әлеуметтік
Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университеті Қазақстан тарихы және әлеуметтік
Мәдениет және қоғам
Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университеті Қазақстан тарихы және әлеуметтік
Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университеті Қазақстан тарихы және әлеуметтік
Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университеті Қазақстан тарихы және әлеуметтік
Әлеуметтік саласы
Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университеті Қазақстан тарихы және әлеуметтік
Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университеті Қазақстан тарихы және әлеуметтік
Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университеті Қазақстан тарихы және әлеуметтік
Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университеті Қазақстан тарихы және әлеуметтік
Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университеті Қазақстан тарихы және әлеуметтік
Қорытынды
Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университеті Қазақстан тарихы және әлеуметтік
Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университеті Қазақстан тарихы және әлеуметтік
Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университеті Қазақстан тарихы және әлеуметтік
Қолданылған әдебиеттер
1/34
Средняя оценка: 5.0/5 (всего оценок: 67)
Код скопирован в буфер обмена
Скачать (692 Кб)
1

Первый слайд презентации: Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университеті Қазақстан тарихы және әлеуметтік саяси пәндер кафедрасы

Астана – Егемен Қазақстанның астанасы Орындаған: 119 ЖМФ Абенова Ж. Тексерген: Абдрахманова К.Ж. Қарағанды 2010 ж. Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университеті Қазақстан тарихы және әлеуметтік саяси пәндер кафедрасы Астана – Егемен Қазақстанның астанасы және халқы. Орындаған:10 2 Стом Базарбай М.О. Тексерген: Мукатаева Г.А. Қарағанды 2012 ж.

Изображение слайда
2

Слайд 2: Мазмұны

Кіріспе Негізгі бөлім Астана – Қазақстан республикасының астанасы Тарихы Өзін – өзі басқаруы Экономикасы Мәдениет және қоғам Әлеуметтік саласы Қорытынды Қолданылған әдебиеттер Мазмұны

Изображение слайда
3

Слайд 3: Кіріспе

...Қалалар! Амстердам... Буэнос-Айрес... Бразилиа… Париж... Астана!.....Шаһарлар-бізді қоршаған табиғи ортадағы адамдар қолымен жасалған күрделі жасанды орта! Оның әр ғимаратына сәулетшілердің, инженер-құрылысшылардың дарыны, еңбектері, ой-армандары өрілген. “Қалалар-біздің планетамыздың әлемі, қалалар — өткеніміз де, бүгініміз де, болашағымыз да”, – деп толғанады заманымыздың заңғар жазушысы Шыңғыс Айтматов. Кіріспе

Изображение слайда
4

Слайд 4

Қала салу мұрасы – адамзат баласының ғажайып көркемдік дамуының ерекше құндылығына жатады. Оның адамдардың қоғамдық-саяси, тұрмыстық өмірінде алар орны баға жеткізгісіз. Сондықтан да, Пушкин кезінде Петербургті “Еуропаға ашылған терезе” десе, Гоголь жалпы сәулет өнерін әлемдік өшпес жылнамаға теңеген. Ал, ертедегі грек тарихшылары Сырдария бойына салынған қалалардың көптігін таңдана жазса, орыс ғалымы С.П.Толстов сырдариялық сақтардың афригидтік дәуірге дейін-ақ ғимараттарды күмбездеп жабуды шеберлікпен игергендерін ғажап көреді. Ұлы бабамыз Әл-Фарабидің “Ғылымдар тізбегі” трактатындағы архитектуралық формаларды салудың геометриялық әдістері бүкіл Таяу және Орта Шығыстағы құрылыс өнерінің негізін қаласа, екінші бір ұлы бабамыз Әбу-л-Уафа әл-Бозжани “Геометриялық денелерді салу жайыттары туралы” трактатында архитектура формаларын салу әдістерін, Гияс - ад –Дин әл-Каши бабамыз “Арифметика кілті” трактатында архитектуралық формаларды салудағы тепе-теңдіктің практикалық әдістерін айқындаған.

Изображение слайда
5

Слайд 5: Астана – Қазақстан Республикасының астанасы

1920 жылдан бастап Қазақстанның тұңғыш астанасы Орынбор қаласы (қазірде Ресей Федерациясындағы) болды. Астана – Қазақстан Республикасының астанасы

Изображение слайда
6

Слайд 6

1925 жылы Қазақстанның астанасы Қызылорда қаласына көшірілді.

Изображение слайда
7

Слайд 7

Түрксіб құрылысы астананы Алматыға көшіруде басты себеп болды. Бұл заң жүзінде 1927 жылғы 3 сәуірде, іс жүзінде 1929 жылы жүзеге асырылды.

Изображение слайда
8

Слайд 8

Астана (1998 жылдың 6 мамырына дейін - Ақмола) Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 20 қазандағы Жарлығымен және Қазақстан Республикасы Парламентінің мақұлдауымен 1997 жылғы 10 желтоқсаннан бастап Қазақстан Республикасының астанасы болып жарияланды. Қазақстанның жаңа елордасы – Астананың халықаралық тұсаукесері 1998 жылғы 10 маусымда өткізілді.

Изображение слайда
9

Слайд 9

Астанадағы терең әрі кең көлемді өзгерістер әлемдік ұйымдар назарынан тыс қалмады. 1999 жылдың шілде айында елордамыз ЮНЕСКО-ның «Әлем қаласы» сыйлығына ие болды. Бүгінде елордамызды Мәскеу, Минск, Киев, Кишинев, Ташкент, Рига, Тбилиси, Баку, Каир, Исламабад, Берлин, Будапешт, Варшава, Вильнюс, Анкара, Гданьск, (Польша), Ушак (Түркия), Бангкок (Таиланд), Сеул (Корей Республикасы), Амман (Иорданиялық Хашимит Корольдығы) секілді әлемнің жиырма қаласымен достық және бауырластық қарым-қатынастар тығыз байланыстырады.

Изображение слайда
10

Слайд 10: Тарихы

Астана 1830 ж. Есіл өзенінің жағасында қазақ-орыстар әскерлері негізін қалаған бекіністен бастау алады. 1862 ж. Ақмола қала мәртебесін алды. 1962 ж. қалаға Целиноград атауы берілді. 1997 ж. егемен Қазақстанның Президенті Н. Назарбаев Жарлығымен елорданы Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы шешім қабылдады. Тарихы

Изображение слайда
11

Слайд 11

Бұл айтулы тарихи оқиғаны Елбасы жуырда жарық көрген «Еуразия жүрегінде» атты кітабында Президент Нұрсұлтан Назарбаев былайша суреттейді: 1994 жылғы 6 шілдеде Парламент сессиясының жалпы отырысында астананы Алматыдан республиканың орталық өңірі Ақмолаға көшірудің қажеттілігін қисындық және мән-жайлық тұрғыдан негіздеп сөз сөйлегенім әлі күнге анық жадымда… Депутаттарға жаңа астананы таңдау 32 өлшем бойынша жүргенін тәптіштеп айтып бердім…Жаңа астананы таңдаудың барлық өлшемінің негізінде тәуелсіз Қазақстанның әкімшілік және саяси орталығын Ақмола қаласына орналастыру нұсқасы мейлінше оңтайлы болып шыққанына тоқталдым… барлық тартысты жағдайдан кейін депутаттар мемлекеттік істе даурықпаға және шеткері қалаға көшу мәселесінде жеке бастың мүддесіне орын жоқ екендігін көрсетіп, мемлекеттік қайраткерліктерін танытты… Жоғарғы Кеңестің Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың мемлекет астанасын Ақмола қаласына ауыстыру туралы ұсынысына келісім берілсін… 1998 ж. мамыр 6 жаңа елорданың атауы Астана болып өзгертілді.

Изображение слайда
12

Слайд 12

1998 ж. шілде 10 Қазақстанның жаңа елордасы — Астананың халықаралық тұсауы кесілді. 1998 ж. ЮНЕСКО - ның шешімі бойынша Астана қаласына «Бейбітшілік қаласы» жоғары атағы беріліп, медальмен марапатталды. Бұл атақ қысқа мерзім ішінде әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени дамуда неғұрлым әсерлі әрі қуатты өсуге, тұрақты этникааралық қатынасты орнықтыруға қол жеткізе алған ғаламшардың жас қалаларына беріледі. Бразилияда өткізілген бұл конкурста Астана барлық өлшемдер бойынша әлемнің әр түрлі елдерінің он екі қаласын басып озды.

Изображение слайда
13

Слайд 13: Өзін-өзі басқаруы

Мәслихат жалпыға бірдей тең және тікелей сайлау құқығының негізінде құпия сайлау арқылы қала халқымен 4 жылдық мерзімге сайланады. Астана қаласы мәслихатының құрамына бір мандаттық аймақ бойынша сайланған 25 депутат кіреді. Депутаттар арасынан сайланып, өз қызметтерін босатылған негізде атқаратын қалалық мәслихат хатшысы мен тексеру комиссиясының төрағасынан басқа қалалық мәслихат депутаттары өз қызметтерін босатылмаған негізде атқарады. Өзін-өзі басқаруы

Изображение слайда
14

Слайд 14

Сессияда қарастыруға енгізілетін мәселелерді алдын ала қарастыру, мәслихат шешімдерін жүзеге асыруға әрекет жасасу және бақылау қызметтерін іске асыру үшін мәслихатта 4 тұрақты комиссия құрылған: әлеуметтік-экономикалық даму, бюджет және қаржы мәселелері жөнінде; заңдылық, құқық тәртібі, депутаттың өкілдігі және этика мәселелері жөнінде; шаруашылық құрылысы, экология, халыққа көлік, сауда және тұрмыстық-тұрғын үй қызметтерін көрсету мәселелері жөнінде; әлеуметтік және ұлттық-мәдени даму мәселелері жөнінде.

Изображение слайда
15

Слайд 15: Экономикасы

Астана өте серпінді дамуда. Елорда көшірілген кезден бастап қала экономикасына салынған инвестиция көлемі 3,5 миллиард доллардан асты. 2007 жылға дейін Астананың құрылысына 238,6 миллиард теңге көлемінде қаражат жұмсау жоспарлануда. Астананың ойдағыдай дамып келе жатқанының белгілерін оның халқының жедел өсуінен байқауға болады. Елорданы көшіру жарияланған жылы мұнда небәрі 225 мың адам тұратын. 2004 жылы елорда тұрғындарының саны екі есе өсіп, жарты миллионнан асып кетті. Экономикасы

Изображение слайда
16

Слайд 16

1998 жылы Астана еркін экономикалық аймақтың WEPSA халықаралық қауымдастығына кірді. Әлемнің 15 қаласы Қазақстан елордасының бауырлас қалалары болып табылады, олардың арасында Мәскеу, Берлин, Варшава, Минск, Киев, Анкара, Бангкок және басқалары бар. Елорданың жаңа әкімшілік орталығында Бейбітшілік пен келісім сарайы мен «Пекин-Палас» бизнес-орталығының құрылысына дайындық жұмыстары басталды.

Изображение слайда
17

Слайд 17

Тағы 10 нысан — жанар-жағармай құю стансасы, «Capital Forum» ынтымақтастық және даму халықаралық орталығы, 6 қабатты медиа-орталық, сауда-демалыс кешені, халықаралық сауда орталығы, т.б. нысандар құрылысқа рұқсат алу және жобалау кезеңінде тұр.

Изображение слайда
18

Слайд 18

Есілдің сол жағалауын әкімшілік орталыққа айналдыру мақсатында құрылған «Астана — жаңа қала» экономикалық аймағында 141 нысан салынып жатыр. 2010 жылға дейін мұнда тағы 150 ғимарат бой көтеруі тиіс. Бұл құрылыс жұмыстары үшін 240 миллиард теңге қаржы жұмсалмақ. Арнайы экномикалық аймақ Елбасы жарлығымен жаңа Астана құрылысын қарқынды дамытуға қолайлы жағдай жасау үшін құрылған-ды. Ол үшін Есілдің сол жағалауынан мың жарым гектар жер бөлінді. 2002-2007 жылдарға арналған арнайы бағдарлама жасалып, оған 240 миллиард теңге инвестиция тарту көзделді. Қазір құрылыс жұмыстарына 162 миллиард теңге құйылып, жаңа ғимараттар бой көтерді. Аймақ құрылған осы 3-4 жылдың өзінде 141 нысан тіркелсе, оның 49-ы толықтай салынып бітіп, пайдалануға берілді. Сондай-ақ 2005 жылдың соңына дейін тағы 30 нысан іске қосылмақ.

Изображение слайда
19

Слайд 19

Изображение слайда
20

Слайд 20: Мәдениет және қоғам

Соңғы жылдары қалада мәдени-ағарту мекемелері желісі едәуір көбейді. 3 театр, 23 кітапхана, 5 мұражай, 1 клуб мекемесі, 2 кинотеатр, Мемлекеттік филармония, 2 сарай, 3 балалар музыка мектебі, өнер мектебі, көркемөнер мектебі жұмыс істейді. Мәдениет және қоғам

Изображение слайда
21

Слайд 21

Халықты спортпен және дене шынықтырумен тұрақты айналысуға тарту мақсатында өткен кезеңде жаңа спорт кешендері ашылды және балалар-жасөспірімдер спорт мектебіне (БЖСМ) күрделі жөндеу жүргізілді. Халыққа қызмет көрсетуге 25 спорт-сауықтыру кешендері іске қосылды.

Изображение слайда
22

Слайд 22

Қалада ақпараттық инфрақұрылым қалыптасқан және оның дамуы жалғасуда. 2001—2005 жылдар кезеңінде бұқаралық ақпарат құралдарының (БАҚ) саны 78-ден 169-ға дейін (77 газет, 82 журнал, 7 телерадиокомпания, 3 ақпараттық агенттік) өсті. Олардың ішінде 25 БАҚ ағылшын, неміс, украин, татар тілдерінде шығады. Сонымен бірге мемлекеттік емес БАҚ-тар үлесін арттыру үрдісі байқалып отыр, бұл қазіргі уақытта 66 %-ды құрайды. Ақпараттық саясатты іске асырудың маңызды құралы мемлекеттік тапсырысты мемлекеттік, сондай-ақ жеке меншік БАҚ-қа да орналастыру болып табылады. Ақпараттық саясат медиажоспарларға сәйкес іске асырылады.

Изображение слайда
23

Слайд 23

Изображение слайда
24

Слайд 24: Әлеуметтік саласы

Әлеуметтік қорғау саласында жүргізілген жұмыс кедейлік шегінен төмен өмір сүріп жатқан халықтың, сондай-ақ халықтың әлеуметтік осал жіктерінің өмір сүру деңгейін жақсартуға бағытталды. Астанада 2005 жылғы желтоқсанда орта есеппен жан басына шаққандағы ең төменгі күнкөріс шамасы 6,2 мың теңгені құрады. Кірісі кедейлік шегімен бірдей немесе одан төмен тұрмысы төмен азаматтардың саны 2006 жылдың 1 қаңтарына 2,9 мың адамды құрады, бұл 2000 жылмен салыстырғанда 4,2 есе кем. Әлеуметтік саласы

Изображение слайда
25

Слайд 25

Қалада зейнеткерлердің саны 2000 жылғы 32,3 мың адамнан 2005 жылы 34,7 мың адамға өсті. Мүгедектердің саны 7,7 мың адам болды.

Изображение слайда
26

Слайд 26

Жергілікті бюджеттен төленетін есебінен әлеуметтік төлемдердің жалпы сомасы 2005 жылы 678,7 млн. теңгені құрады, оның ішінде тұрғын үй көмегі — 23,5 млн. теңге, атаулы әлеуметтік көмек — 35,4 млн. теңге. 2005 жылы Астана қаласы бойынша кедейлік шегінің орташа мөлшері 2,4 мың теңгені құрады. Атаулы әлеуметтік көмек алатындардың саны 2,3 мың адам болды. 14 мыңға жуық тұрмысы төмен азамат жергілікті бюджеттен атаулы әлеуметтік көмек, тұрғын үй жәрдемақысы, заңды және жеке тұлғалардың қайырымдылық және демеушілік көмегі түрінде түрлі материалдық көмек алды.

Изображение слайда
27

Слайд 27

Қалада 11 жоғары оқу орны (оның 8-і жеке меншік), 22 колледж жұмыс істейді. Оқудың барлық түрлері бойынша жоғары оқу орындары мен колледж студенттерінің жалпы саны 58,3 мың адам. Оқушылар саны 1,9 мың адам болатын небәрі 5 мемлекеттік кәсіптік мектеп бастауыш және орта кәсіптік даярлықты жүзеге асырады. Астанада 54 мемлекеттік жалпы білім беретін мектеп, 2 дарынды балаларға арналған қазақ-түрік лицей-интернаты, арнаулы түзету мектеп-интернаты, ұйымдардың деректері бойынша жалпы саны 60,1 мың оқушысы бар кешкі мектеп жұмыс істейді. Мектеп жасына дейінгі білім беру жүйесінде 11,2 мың баланы қамтыған 36 мектеп жасына дейінгі ұйым жұмыс істейді. Бес-алты жастағы балалардың мектеп алды дайындығын ұйымдастыру үшін жағдайлар жасалған.

Изображение слайда
28

Слайд 28

2005 жылы Астана қаласының тұрғындарына барлық мамандықтағы 3,6 мың дәрігер және 4,2 мың орта медицина қызметкерлері еңбек ететін, жергілікті басқару органдарының қарамағындағы 32 мемлекеттік медицина ұйымы және 100-ден астам мемлекеттік емес медицина ұйымдары қызмет көрсетті.

Изображение слайда
29

Слайд 29

Астана қаласында 5 жыл ішінде кепілді медициналық көмектің көлемі 1 821,2 млн-нан 4 176,6 млн-ға дейін өсті. Халықтың жеке санаттарын ауру түрлері бойынша дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін 2005 жылы 102,4 млн. теңге пайдаланылды, бұл емдеу процесін жүргізу сапасына оң ықпалын тигізді.

Изображение слайда
30

Слайд 30: Қорытынды

Көзі қарақты, зердесі ояу кез келген жан Астананы аралай жүріп, оның ғимараттарындағы архитектуралық өрілудің еуразиялық дәстүрлер негізіндегі шығыстық тағаннан тамыр тартқан египеттік қарапайымдылықты да, грекиялық сұлулық пен таңдай қақтырар көне александриялық және византиялық жайылма күмбездік шешімдерді де, римдік аркаларды да, бағзы готикалық құ­рылыс сора­п­тарын аң­ғартар готика-арабтық нақыштарды да бай­қар еді. Астана­ның арх­и­тектурасында­ғы бұл қайта­лан­бас өзіндік кескін­дер оның ХХІ ғасыр қаласы және әлем қаласы деген аттарына әбден сай. Қорытынды

Изображение слайда
31

Слайд 31

Изображение слайда
32

Слайд 32

Еліміз үшін аса маңызды стратегиялық мәнге ие транс-еуразиялық магистральдарға жақын орналасқан Астана қазір осы көліктік тораптар арқылы барлық бағыттарға шығып, экономикалық алыс-беріс байланыстары үрдістерін одан әрі қыздыра түсуде. Президентіміздің тәуелсіздігіміздің алғашқы жылдарында-ақ, мақсат еткен “алдымен – экономика”. Мұраттарының табыспен арна тарта беруіне Астананың еліміздің жүрегінде, қолайлы экологиялық жағдай аясына берік орнығып, Қазақстан экономикасы мен өндіргіш күштерінің ырғақты дамуында шын мәніндегі көшбасшыға айналуы серпін жасауда.

Изображение слайда
33

Слайд 33

Изображение слайда
34

Последний слайд презентации: Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университеті Қазақстан тарихы және әлеуметтік: Қолданылған әдебиеттер

Қазақстан тарихы. Очерк. Қазақстан тарихы. 5-томдық. Рысбайұлы К. Қазақстан Республикасының тарихы. www.google.kz www.yandex.kz Қолданылған әдебиеттер

Изображение слайда