Презентация на тему: Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университеті Әлеуметік саяси пәндер және тарих

Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университеті Әлеуметік саяси пәндер және тарих пәндер кафедрасы СӨЖ Тақырыбы: «Орта ғасырдағы Қазақстан. » Орындаған: Еркінқызы
Жоспары:
Кіріспе
Негізгі бөлім
Тіл және жазу
Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университеті Әлеуметік саяси пәндер және тарих
Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университеті Әлеуметік саяси пәндер және тарих
Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университеті Әлеуметік саяси пәндер және тарих
Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университеті Әлеуметік саяси пәндер және тарих
Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университеті Әлеуметік саяси пәндер және тарих
Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университеті Әлеуметік саяси пәндер және тарих
Діни нанымдар мен сенімдер
Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университеті Әлеуметік саяси пәндер және тарих
Ұлы Жібек жолы
Ұлы Жібек жолының бағыттары
Ұлы Жібек жолының Қазақстан арқылы өтуі
Алтын Орда дәуірінің мәдениеті
Алтын Орда территориясы
Орта ғасырлардағы халық медицинасы
Орта ғасырлардағы халық медицинасы
Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университеті Әлеуметік саяси пәндер және тарих
Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университеті Әлеуметік саяси пәндер және тарих
Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университеті Әлеуметік саяси пәндер және тарих
Қорытынды
1/24
Средняя оценка: 4.6/5 (всего оценок: 59)
Код скопирован в буфер обмена
Скачать (750 Кб)
1

Первый слайд презентации: Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университеті Әлеуметік саяси пәндер және тарих пәндер кафедрасы СӨЖ Тақырыбы: «Орта ғасырдағы Қазақстан. » Орындаған: Еркінқызы Д. 1-034 топ, ЖМФ Қабылдаған : Әлімова Г.Г. Қарағанды 2014

Изображение слайда
2

Слайд 2: Жоспары:

І Кіріспе ІІ Негізгі бөлім Орта ғасырлардағы қазақтардың мәдениеті Ұлы жібек жолы Алтын Орда дәуірінің мәдениеті Ақындар мен жыраулар шығармашылығы Халық медицинасы Бақсылар ІІІ Қорытынды Жоспары:

Изображение слайда
3

Слайд 3: Кіріспе

V ғасырдан бастап Қазақстан аумағын мекендеген тайпалар арасында қоғамдық қатынастың жаңа түрі орнаған еді. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихына қоғамдық қатынастың жаңа түрі – феодалдық ( немісше феод — " жер ”, аль — " иесі ”, яғни жердің иесі деген ұғымды білдіреді ) қатынастың орнауынан бастап, XV ғасырдағы Қазақ мемлекеті мен қазақ халқының қалыптасуына дейінгі кезең кірген. Қазақстандағы ортағасырлық тайпалардың арасында негізгі екі тап: феодалдар табы мен шаруалар табы қалыптасады. Феодалдар мал мен жердің негізгі иесі болды. Феодалдық қатынастың орнауы Қазақстанның оңтүтігінде басқа өңірлерге қарағанда жедел жүрді. Феодалдық қатынас соғыс, шапқыншылық, жорықтар негізінде қалыптасты. Орта ғасырдағы Қазақстан тарихының басты ерекшеліктерінің бірі осы феодалдық-патриархаттық қатынастың орнауы болды. Кіріспе

Изображение слайда
4

Слайд 4: Негізгі бөлім

X—XII ғасырлар Орта Азия мен Қазақстан қалаларының өміріндегі өрлеу кезеңі болды. Жаңа қалалар пайда болып, ескі қалалар үлкейе түсті. Қала жері рабадтар есебінен, яғни сауда-саттық кәсібі жүргізілетін базарлар мен керуен сарайлар есебінен кеңейе түсті. Бұл кезде Отырар 2000 гектар жерді алып жатты. Қазба жұмыстары көрсетіп отырғанындай, XI—XII ғасырларда қала үйлері көше-блоктарға топтасып, өте тығыз салынған. Үйлердің тұрғын бөліктерінде қабырғаларды бойлай ені 1 —1,20 метр. биіктігі 0,4 метр суфалар (еден төсеніштері ) төселген. Еденге дөңгелек және тікбұрышты, дәлірек айтқанда антроморф тәрізді мұржасыз ойық қыш ошақтар орналасқан. Олар қалыппен және ойып жасалған өрнектерге бай. Қалада канализация жұмыс істеді, санитарлық-тазалық тораптары әр үйдің міндетті түрде болуға тиісті қажеттілігіне айналған. Негізгі бөлім

Изображение слайда
5

Слайд 5: Тіл және жазу

Түркі дәуірінде ( VI –XII ғғ ). Қазақстанда өмір сүрген ру – тайпалардың түркі тілінде сөйлегендегі түркология ғылымында толығымен дәлелденген. Алайда, тіл ғылымның зерттеулеріне қарағанда, негізгі түркі тілдес қарлұқтардың, қимақ – қыпшақтардың, оғыздардың, ұйғырлардың, қырғыздардың т. б. ру – тайпалардың өздеріне тән диалектілерінің бар екендігі анықталған. Археологиялық зерттеулерде түркі тілдес ру – тайпалар өмір сүрген жерлердегі ескерткіштерден үлкен – кіші екі жүзден астам көне түркі тіліндегі жазба деректер табылған. Оның ішінде Орхан, Енисей өзендерінің бойындағы Күлтегін, Тоныкөк «алтын тас кітабы » жазулары белгілі болса, қазақ жеріндегі Талас өзені бойындағы Тереңсайдан табылған және т.б. жазулар белгілі. Түркі тіліндегі жазулар тіл ғылымында руна жазу деп аталған. Ол скандинавия халықтарының тілі бойынша, сыры ашылмаған құпия жазу деген сөз. Бұл жазудың оқылу сырын ашқан сол халықтың атақты тіл білімнің ғалымы Дания университетінің профессоры В.Томсон. Одан кейін Орхан жазуларын орыс тілінде аударған тюрколог ғалым В.Радлов болды. Сөйтіп, ХІХ ғ. аяғында руна жазуының құпия сырының ашылуы ертедегі түркі тілдес халықтардың да өздеріне тән жазуларының болғандығын көрсетеді. Түркі жазуында бір – бірімен қосылмай жазылатын 38 әріптерден тұратындығы белгілі. Тіл және жазу

Изображение слайда
6

Слайд 6

Х ғасырдан бастап ислам дінінің қазақ жерінде етек жая бастауы араб жазуының түркілер арасында ене бастағандығын көрсетеді. Түркілер арасынан шыққан атақты ғалымдар, ақын – жазушыларымыз Әл – Фараби, Жүсіп Баласағұн, Махмұд Қашғари, Ахмет Яссауилер өз шығармаларын араб жазуымен түркі тілінде жазған. Ал ХІІ ғ. бастап түркі жазуы жазылуы жағынан өмірден шыға бастайды. Дүние жүзіне әйгілі болған жерлесіміз Әл – Фарабидің көптеген еңбектері араб тілінде жазылған.

Изображение слайда
7

Слайд 7

Жүсіп Баласағұни, Жүсіп Хас Хажиб Баласағұни  (1020) -  ақын,  ойшыл,  ғалым, мемлекет қайраткері. Өмірі туралы мәліметтер аз сақталған. философиа, математика, медицина, астрономия, астрология, өнертану, әдебиеттану, тіл білімі, тағы басқа ғылым салаларының дамуына зор үлес қосқан. Жүсіп Баласағұнидің есімі әлемдік әдебиет пен мәдениет тарихында " Құтадғу білік " (" Құтты білік ") дастаны арқылы қалды. Жүсіп Баласағұни бұл дастанын хижра есебімен 462 жылы, қазірғі жыл санау бойынша 1070 жылда жазып бітірген. Дастанды " хандардың ханы" - Қарахандар әулеті мемлекетінің (942 - 1210) негізін салушы Сүлеймен Арслан ханға (908 - 955) тарту етеді.

Изображение слайда
8

Слайд 8

Махмұд Қашқари  ( 1029—1101) - түркі ғалымы, әйгілі « Диуану лұғат-ит-түрк »  (« Түркі сөздерінің жинағы ») атты еңбектің авторы. Толық аты жөні Махмұт ибн әл Хұсейн ибн Мұхаммед. Махмұд Қашқари түркінің тұңғыш тіл маманы, түркі тілінің оқулығын жасаған, грамматикасын түзеп, жалпы түркі әлемінің тіл өнерінің өрісін кеңейтіп, өркенін өсірген ғұлама. Түркология тарихында ол тұңғыш тарихи салыстырмалы әдісті қолданып, түркі тілдері тарихи диалектологиясының негізін салды. Түркі жұртының бай тарихы, географиялық жағдайы, әдебиеті мен өнері, этнологияық ерекшеліктері « Диуани лұғат ат түркте » нақты тарихи деректілік сипатпен танылған.

Изображение слайда
9

Слайд 9

Әбу Насыр Әл-Фараби   ‎ )  Әбу Насыр Мұхаммад ибн Тархан ибн Узлағ әл-Фараби  (870 - 950 ж. ш.) - әлемге әйгілі   ойшыл,  философ,  социолог, математик,  физик,  астроном,  ботаник,  лингвист,  логика,  музыка   зерттеушісі.  Әбу Насыр Әл-Фараби — түркі ойшылдарының ең атақтысы, ең мәшһүрі, “ Әлемнің 2-ұстазы ” атанған ғұлама. Әбу Насыр әл-Фараби мұраларының   Қазақстанда   түбегейлі зерттелуі 20 ғасырлардың 60-жылдарында ғана қолға алынды. Оған алғаш бастамашы болған қазақ ғалымдары   Ақжан әл-Машани  ( Машанов ) мен  Қаныш Сәтбаев еді.

Изображение слайда
10

Слайд 10

Қадырғали Жалайыри Бабыр кайтыс болған   1530   жылы   Оңтүстік Қазақстанда,  Отырар - Түркістан   маңында дүниеге келген. Ата-бабалары   Қарахан   заманынан бері үздіксіз хан нояндары, уәзірлері, қолбасылары болып қызмет атқарған. Қадырғали ана тілімен қатар   араб,  парсы тілдерін   жетік игеріп, Шығыстың   классикалық   озық   әдебиеті  мен мәдениетін, ғылымын терең білген...  "Мен дүние жүзіндегі неше түрлі мемлекеттерді аралаған, әділ үкім, нақыл сөзге қанық көптеген кітаптар оқыған адаммын ", — деп жазды ол   " Жылнамалар жинағында ". Қадырғали Жалайыри   " Жылнамада "   Шығыс елдеріне, оның шаһарларына шолу жасап, қазақ сахарасын мекендеген жалайыр, арғын, қыпшақ, қаңлы, найман, қоңырат, керей, алшын, т.б. секілді түркі тайпаларына анықтама береді. Қазақ хандарының өмірбаяндарына тоқталады.

Изображение слайда
11

Слайд 11

Қазақстан   ғылымы мен мәдениетінің қалыптасуына елеулі үлес қосқан ғалым. Түркі халықтарының ортақ мақтанышы, тұңғыш   тарихшысы. Күні бүгінге дейін Қазақстан мен  Орталық Азия елдерін зерттеушілердің көбі оған жүгінеді.  Түркі тектес халықтардың   мәдениетін зерделеуші   еуропалық   ғылымдардың қай-қайсысы да Мұхаммед Хайдар Дулати еңбегіне соқпай кете алмайды. Оның басты еңбегі — әлемге әйгілі   " Тарихи Рашиди "   шығармасы   парсы тілінде   жазылып, дүние жүзіне таралған.

Изображение слайда
12

Слайд 12: Діни нанымдар мен сенімдер

VI–XII ғасырлардағы Қазақстан территориясындағы халықтардың арасында алуан түрлі діндер, нанымдар мен сенімдер орын алып отырды. Түркілердің зираттарынан табылған заттар олардың ата – бабалардың әруағына табыну о дүниелік өмірге сену көрсетеді. Олардағы басты бір наным – отқа табыну. Оны археологиялық зерттеулерден жерленген адамдардың заттарымен, мініс аттарымен бірге өртеліп қойылатын әдет – ғұрыптары да анықталған. Ол адам денесін отпен аластау болса керек. Түркілер табиғатқа да табынған. Олар өлген адамның денесін жер ананың қойынына өртеп, күл мен көмірін ғана жерлеген. Егер адам көктемде немесе жазда өлсе, ол адамның туған – туыстары бір төбеге жиналып киіз үй тігіп, алып барған малдарын құрбандыққа шалып, одан кейін өлген адамның мәйітін, атын, заттарын өртеп, уақытша сақтап, күзде шөп сарғайғанда ғана жерлейтін болған. Ал егер адам күзде не қыста қайтыс болса, ол адамды жоғарыдағы әдет – ғұрыптарын жасап, көктемде жер көгеріп, шөп шығып, жапырақтар жайқалабастаған кезде жерлейтін. Бұл әдет наным – сенімнен табиғаттыңтөрт кезеңіне толық табынуды байқатады. Діни нанымдар мен сенімдер

Изображение слайда
13

Слайд 13

Түркілердің көкке немесе аспан әлеміне сиынушыларын күлтегін жазуындағы мына шумақтан анық байқалады : - Көкке түркі тәңірісі, - Тәңірі қуат берген соң, - Тәңірі жарылқағандықтан. Мұндай әдет, наным – сенімдер қазақтарда бүгінгікүнге дейін орыналыпжүр. Түркілерде адам баласының тірегі тіршіліктің тұтқасы, отбасы, ошақ қасы болып табылатын анаға «Умай ана » деген ат беріп, оған табынған. Жетісу қазақтардың «Умай анаға » табынатын Ш. Уәлиханов та жазған болатын. Кейбір жазба деректерге қарағанда, қимақтар мен қыпшақтар күнге, жұлдыздарға табынған. Археологиялық зерттеулерге қарағанда, түркілерде христиан, манихей, будда діндері болған. Т үркі тайпалары ІХ ғ. бастап жаппай мұсылман дініне ене бастайды. Ал мұсылман дінінің мемлекеттік дін есебінде алғашқы болып қабылдаған Қарахан мемлекеті. Сатұқ Бограханның баласы Муса ханның билік құрған жылдары (960 ж.). Сөйтіп, Х ғ. бастап Оңтүстік Шығыс Қазақстан жерлерінде мұсылман діні кең түрде етек жая бастайды.

Изображение слайда
14

Слайд 14: Ұлы Жібек жолы

629 жылы будда діндері Сюань -Цзян « қасиетті ббудданың сүйегін көріп тәу ету және дін ілімін тереңірек білу » үшін Қытайдан Үндістанға аттанды. Ол қытайдан Батыспен байланыстырған түрлі техникалық жаңалықтардың діни ойлар мен мәдени жетістіктердің жеткізушісі болған халықаралық жолмен жүреді. Чананиден шығып керуен тартып келе жатқан саудагер көпестерге ілесіп, ұлы Гоби ІІ-У ғасырларда Жібек жолы Шығыстан Хуанхэден басталып, Лангжоу ауданы арқылы Хуахэ асуына қарай жүретін, одан әрі Тянь-Шаньнің Солтүстік сілемдерімен   және Ұлы Қытай қорғанының батыс жиегімен «яшма қақпасына » дейін созылатын. Ұлы Жібек жолы

Изображение слайда
15

Слайд 15: Ұлы Жібек жолының бағыттары

Изображение слайда
16

Слайд 16: Ұлы Жібек жолының Қазақстан арқылы өтуі

Изображение слайда
17

Слайд 17: Алтын Орда дәуірінің мәдениеті

Дешті қыпшақта негізі қаланған Түркі мемлекеті — Алтын Ордада ХІІІ-ХУ ғасрларды ғылым, мәдениет және әдебиет едәуір дамып, бүкіл әлемге таныла бастаған еді.  ХІ ғ ғасырдың бірінші жартысында Алтын Орда мемлекетінің Еділ бойындағы астанасы Сарай (Береке – Сарай) қаласы дүние жүзінде мәшһүр мәдени орталықтарының біріне айналды. Мұнда қысқа мерзім ішінде әлемнің әр түкпірінен атақты ғалымдар, ақындар, өнер қайраткерлері, суретшулер жиналды деуге болады. Береке өзбек, Жәнібек хандардың тұсында Алтын Орда астанасы Сарай шаһарында ислам мәдениетінің ең атақты ғалымдары ( Құтб ад-Динар-Рази, Сад ад- Динат - тафтазани, Хафиз ад-Дин ал Баззави ) мен ақын жазушылары өмір сүріп, еңбек етті. Бұл кезде олар Дешті Қыпшақты Батыс пен Шығысқа танытқан өздерінің ғылыми әдеби туындыларын қыпшақ тілінде жазды. Алтын Орда халқы өздерінің этникалық құрамы жағынан әртүрлі болды. Соған қарамай Алтын Орданың мемлекеттік тілі – қыпшақ тілі болды. Алтын Орда дәуірінің мәдениеті

Изображение слайда
18

Слайд 18: Алтын Орда территориясы

Изображение слайда
19

Слайд 19: Орта ғасырлардағы халық медицинасы

Археологиялық және этнографиялық деректер (Павлодар- Ертіс өңіріндегі Қараоба обасынан табылған әйелдің, Батыс Қазақстандағы Сайқын станциясы маңынан табылған ер адамның, Тараз қаласы төңірегінен табылған жауынгердің бассүйектері ; Орталық Қазақстандағы Қарабие мекенінен табылған адамның қаңқасы ) Қазақстанда өмір сүрген емші-дәрігерлер емдеу ісімен, әсіресе, хирургилық әдістермен ертеден-ақ таныс болғандығын көрсетеді. Орта ғасырларда қазіргі республика жерінде туған энциклопедист- ғалымдар ( әл-Фараби, Әбу-Мансұр,  Қожа Ахмет Иасауи,  Мұхаммед Хайдар, т.б.) медицина ғылымында елеулі із қалдырған. Орта ғасырлардағы халық медицинасы

Изображение слайда
20

Слайд 20: Орта ғасырлардағы халық медицинасы

Орта ғасырдағы медицина мен философияның дамуына   "Медицина каноны"   атты және басқа да еңбектерімен сүбелі үлес қосты. Ғылыми бағыттардың жіктелуіне арналған   " Бесінші трактатында "   адам тіршілігіндегі мидың маңызы туралы баяндай келіп,  мида   жүйке   орталықтары мен сезімтал және козғалтқыш   жүйкелер   болатындығы туралы пиар айтады. [8] Әбу Насыр әл-Фараби  -  Аристотельден   кейінгі ойшыл, кемеңгер философ. Ертеде және орта ғасыр да философиялық және медициналық білім бірімен-бірі тығыз байланысты болған. Әл-Фарабидің медицина ғылымдарының теориялық мәселелерін терең білгендігі оның еңбектерінен белгілі. Әл-Фараби өмір сүрген заманда жаратылыстану ғылымының дамыған саласының бірі медицина болды. Оны сол кезде « емдеу шеберлігі ғылымы » деп атады. Ол « Медицинаның міндеті - тек адам ауруларының себептерін анықтап қоймай, адамның денсаулығын сақтау жолдарын, ауруды жою жағын да зерттейді » - деп көрсеткен. Әл-Фарабидін медицинаға ерекше көңіл бөліп адам ағзасының ( организмінің ) кейбір тұстарын зерттегенінен мысал келтірейік : « Қайырымды кала» еңбегінде жүрек туралы өте құнды пікірлер айтқан, мысалы, « жүрек - табиғи жылылыктың көзі ». Басқа мүшелерге жылылық нақ осыдан тарайды, олар жүректен нәр алады ; « жүрек - басты мүше, мұны тәннің ешкандай мүшесі билемейді » және т. б. Шынында да, жүрек жұмысы өздігінен жүзеге асады. Жүректің соғуын ешкім токтата алмайды. Әл-Фараби тек өз пікірлерін айтып қана қоймай, ұлылардың ұлысы Аристотель,  К. Галеннің   зерттеулеріне өз көзкарасын білдірген. Әл-Фараби - артына ірілі-ұсақты 150- ге жуық ғылыми еңбек қалдырған данышпан. Жаратылыстануға катысты «Адам ағзасындағы мүшелер », « Жануарлар ағзасындағы мүшелердің күрылысы мен қызметі » және т. б. еңбектер жазған.

Изображение слайда
21

Слайд 21

Қорқыт ата (9 ғ.) — қобыз атасы деп табылады, композитор, жыршы, ақын, музыкант, бақсылардың қамқоршысы. Қорқыт ата түрік дәстүрін, салтын, әдетін, сенімдерін, басқа халықтардан айырмашылығын, қысқасы, қоғамдық мінездемесін ертегілерінде айтқан, оны бүгінге дейін әдемілеп жеткізген ұлы өнерпаз. Туған, қайтыс болған жылдары белгісіз. Өмір сүрген ғасыры да даулы. Кейбір зерттеушілер оның Әзірет Пайғамбар заманында жасағанын айтады және ғылыми еңбектерінде бұл пікірді дәлелдейтін дастан бөлімдерін келтіреді. Ал кейбір зерттеушілер Қорқыт Атаның Оғыз түріктерінің ертекшісі және дастаншысы болғанын айтып, Қорқыттың бүгін қолымыздағы 12  дастан-хикаясынан пікірлерін дәлелдейтін деректер келтіреді.

Изображение слайда
22

Слайд 22

Қорқыт Ата қыпшақ-оғыз түріктерінің білгіші болып табылады. « Оғыз халқының басына қайыр келетінін сөйлеген едім » деп айтқан хикметтерінен түріктерге жол көрсеткені байқалады және оның бақсы болғандығы жөніндегі ықтималды күшейтеді. Бақсылар әрі ақын болатын, әрі өткен замандардың хикаяларын сөйлейтін, келешектен хабар беретін. Бақсы болғанының тағы бір дәлелі-қолындағы қобызы. Әдетте, қобыз-әулиелердің аспабы. Қазіргі заманда түркі халықтары арасында Қорқыт Ата дастаны кең тараған. Қорқыт Атаның біздің заманымызға дейін жеткен 12  хикаясы бар. Олардың сегізі ішкі және сыртқы соғыстар туралы. Екеуі ғашық оқиғалары жайында болса, екеуі мифологиялық сипатта.

Изображение слайда
23

Слайд 23

Бірақ бәрі де түркі дүниесін шын сипатында көрсетеді. Түркі қауымының қаһармандығы, мәдениетін, мінезін, діни әдеттерін және тұрмыстарын ашып береді. Қорқыт Ата ертегілері мен дастандары-түркі мифологиясының қайнар көзі. Қорқыт VIII ғасырда Сыр бойында бұрынғы Жанкент қаласы маңында өмір сүрген батыр, атақты ақын, асқан күйші. Сонымен бірге ол туралы көптеген аңыздар сақталған. Ел аузындағы аңыздарда Қорқыт ата мәңгі өлмейтін өмір іздеуші, мәңгілік өмір үшін қайтпас күрескер сипатында айтылады. Бірақ ол өмірінің соңында өлмейтін нәрсе жоқ екен деген пікірге келеді. Енді Қорқыт ата мәңгілік өмірді қобыз сарынынан іздейді екен. Ұлы күйшіге өзі іздеген мәңгілік өмір оның өнерінде сияқты көрінеді. Ол күйлерін толласыз тартып, дүниеден өтеді.

Изображение слайда
24

Последний слайд презентации: Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университеті Әлеуметік саяси пәндер және тарих: Қорытынды

VI ғасырдың басында бүгінгі қазақ жерінде аса күрделі бетбұрыстар болған. Алтай- Сібір, Моңғолия жерінде түрік тайпаларының үстем тап өкілдері бірігіп, әскер күшіне сүйенген Түрік қағанаты атты ерте феодалдық мемлекет құрды. Олардың жері шығыс Кореядан бастап, Орта Азияның жерінде қамтылған. Қазақстанда бұл қағандықтың құрамына кірген. Бұл мемлекет туралы жазба деректер түрік тайпаларының өз тілінде жазылған « Үлкен күлтегін », « Таныкөк » құлпытастарындағы жазуларынан белгілі. Махмұд Қашқари, Рашид-ад- диннің тарихи жазбаларынан көптеген құнды деректер алуға болады. Византия, Қытай тарихшылары да мол мәлімет береді. Қазақстанның тарихында бұл мерзім « Түрік дәуірі » ( VI-XIII ғ.ғ.) деген атпен белгілі. Қазақ жерінде көрсетілген мерзімде бірнеше феодалдық мемлекеттер өздерінің саяси-әкімшілік биліктерін жүргізді. Қорытынды

Изображение слайда