Презентация на тему: Қарағанды Мемлекеттік Медицина Академиясы Қазақстан тарихы және әлеуметтік –

Қарағанды Мемлекеттік Медицина Академиясы Қазақстан тарихы және әлеуметтік – саяси пәндер кафедрасы
Қарағанды Мемлекеттік Медицина Академиясы Қазақстан тарихы және әлеуметтік –

1/38
Средняя оценка: 4.8/5 (всего оценок: 31)
Код скопирован в буфер обмена
Скачать (129 Кб)
1

Первый слайд презентации: Қарағанды Мемлекеттік Медицина Академиясы Қазақстан тарихы және әлеуметтік – саяси пәндер кафедрасы

Тақырып: Білімнің және тәрбиенің философиялық аспектілері Тақырыбы:

Изображение слайда
2

Слайд 2

Тәрбиенің философиялық аспектілері Тұлғалық-кәсіби даму процесіндегі болашақ мұғалімдердің рухани  және дене тәрбиесін интеграциялаудың қажеттілігі: күрделі пәнаралық міндеттерді шешуге жүйелік тұрғыдан келуге  бағытталған, білім беруді дамытудың негізгі бағдарларының бірі ретінде бағытталуымен; педагогикалық іс-әрекет жүзеге асырылатын «көпмәдениетті» білім беру кеңістігінің денсаулықты қалыптастырушы мәртебесімен;  жастардың белгілі бір бөлігінің девианттық мінез-құлқының алдын-алу бойынша оқу орындарындағы педагогикалық ұжымның тәрбие жұмысы нәтижелерінің жұмсалған күш-жігерге сәйкессіздігімен; мұғалімдердің кәсіби даярлығына қойылатын талаптардың күшеюімен, яғни  «өмір нарығындағы»  маманның бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін оның  біліктілігінің, рухани және дене дайындығының  анағұрлым  жоғары деңгейінің қажеттілігімен анықталады.

Изображение слайда
3

Слайд 3

Білім философиясы  - білім теориясының тарауы, осы әлеуметтік мекеменің мәнін, қоғамдағы маңызын және адамның дамуындағы рөлін зерттейді. Білім философияның маңызды міндеті - ұзақ перспективаға есептелген білім беру стратегиясының базалық принциптерін жасау.  Білім беруді құндылық ретінде қарастырудың өзі үш блоктан тұрады: 1) білім бері мемлекеттік құндылық ретінде; 2)білім беру қоғамдық құндылық ретінде; 3) білім беру тұлғалық құндылық ретінде. Білім беру мен тұлғаның дамуын ұштастыру тәжірибелері бар. 1)Біз нені оқып үйренуіміз керек? 2)Біздің қалай оқып үйренуіміз тиімді? 3)Нені оқып жатқанымызды қалай біле аламыз? деген сұрақтар төңірегінде ұйымдастырылғаны тиімді болады.

Изображение слайда
4

Слайд 4

Білім философиясының арнайы ғылыми сала ретінде бөлініп шығуына себеп болған маңызды негіздерге мыналар жатады: 1)білім берудің технологияларының өзгеруі; 2)білімнің көлемінің өсуі; 3)қоғам мен оқу-білім саласы арасындағы қайшылықтардың тереңдей түсуі. Білім философиясында білімділік идеясы, білім берудің мақсаты, білім беретін жүйелердің тарихы сияқты маңызды педагогикалық сұрақтар талқыланады. Оқу-білім жүйесінің ұзақ мерзімді стратегиясының негізінде әлеуметтік-педагогикалық мақсаттылықтың мәселелерін шешу жоспарлары қойылады. Осындай мақсаттардың иерархиясын жасақтауда білім философиясының көмегі қажет.

Изображение слайда
5

Слайд 5

Оқу-білім философиясы Оқу-білім философиясының пәні. Оқу-білім философиясы және педагогикалық теория. Оқу-білім мен тәрбиенің өзара байланысы. Ом білімнің институциялануы. Педагогикалық процестің құрылымы. Оқу-білімдегі жатсыну. Жатсынған білімнің адамға сіңісуі мәселесі. Оқу-білім ортасы. Білімдегі модельдеу. Даму және білім. Оқу-білімді саналылық пен бейсаналылық. Тұлғаның өзін-өзі іске асыруы. Тұлға және оқу-білім. Сұхбат және білім. Таным және оқу-білім. Оқу-білімдегі түсінік.  Оқу-білімдегі шығармашылық. Педагогиканың үш типі: қалыптасу педагогикасы, даму педагогикасы, бірге шығармашылық педагогикасы. Постмодернизмнің сыни педагогикасы. Тәртіптілік және оқу-білім. Ғылыми пән және оқу пәні мәселесі.

Изображение слайда
6

Слайд 6

Білім мәдениеттің элементі.Білім қатарына шартты түрде сөзсіз дәлелденген және логика жағынан реттелген деректерді жатқызады.Ал қалғандарын білімге жатқызуға болмайды.

Изображение слайда
7

Слайд 7

Шығыс данасы Конфуций “ Білу дегеніміз – табиғатты емес, адамдарды танып – білу” – деп есептейді. Кейбір адамдарға “туа біткен білім” тән болғандықтан, олар басқалардан жоғарырақ тұрады. Олардан кейін білімді оқу арқылы алғандар тұрады. Оқу, таңдамалы түрде болуы керек. Оқығанда тек өмірде керекті, ең дұрыс деген қағидаларды білу керек те, қалғандарынан аулақ болу қажет.

Изображение слайда
8

Слайд 8

Білу – дегеніміз тек қана өзіміз білмейтінді үйреніп, білу емес,сонымен қатар зерттеп отырған мәселелерді жан – жақты қарастыру тәсілі.

Изображение слайда
9

Слайд 9

Ежелгі грек данасы Сократ жалаң білім беруге, құр білімді дамытуға қарсы. Оның ойынша, жалаң білім ештеңе бермейді, қайта адамды бұзады, софистер айтқандай, адамды өлтіреді, бұрынғы қалпынан айырады.

Изображение слайда
10

Слайд 10

Қазір біз екі жақты қауіпке тап болдық. Бір жағынан, ғылым өскен сайын адам өзінің сауатсыздығын күннен күнге жете түсініп келеді. Әсіресе, ғылыми – техникалық революция кейбір адамдардың білімді игерудегі дәрменсіздігінен,бейшаралығын ашып көрсетуде. Ал, екінше жағынан, көптеген мектептер мен жоғары оқу орындарында жастарға шала білім берілетіндігі әркімге аян. Ондай шала білім жастардың өміріне, болашағына зияннан басқа пайдалы ештеңе әкелмейді.

Изображение слайда
11

Слайд 11

Біріншіден, шала, догмалық білімдерден бас тартуымыз керек. Сөйтіп, “ақылдың жалқаулығынан” бойымызды аулақ ұстағанымыз жөн. Екіншіден, қазіргі ғылыми – техникалық революция, ақпараттық дәуір әкелген білімдерді игере отырып, оны адамдандыру керек. Енді не істеу керек?

Изображение слайда
12

Слайд 12

Сократтың айтуынша білім дегеніміз – ізгілік. Мұндай көзқарас білімнің мәнін терең ашады. Адамның алдына қойған мақсаты, оның рухани өмірі – ілімді құрал ретінде ғана емес, өмір сүрудің әдісі ретінде пайдалануға жол бастайды.

Изображение слайда
13

Слайд 13

Философия тарихында Сократтың маевтика әдісі. Маевтиканың мақсаты – қарастырып отырған мәселеге түсініктеме бере отырып, осы сияқты құбылыстардың бәрін қамтитын жалпы ұғым қалыптастыру. Индуктивтік әдіс жекеден жалпыға қарай жүру.

Изображение слайда
14

Слайд 14

Платонның айтуынша біріншіден, білім – сезімді қабылдау емес; екіншіден, білім – дұрыс пікір де емес; үшіншіден, білім – мәні бар дұрыс пікірге де жатпайды.

Изображение слайда
15

Слайд 15

Платонның білімді жіктеп көрсетуі : Білім Интеллектуальдық Сезімдік Ойлау Пайымдау Сезім Ұқсату

Изображение слайда
16

Слайд 16

Ойлау ақылдың қызметі, ол сезімдік білімнің қосындыларынан тазартылған. Пайымдау Платонша, тануға ұмтылушының ақылды пайдалануы.

Изображение слайда
17

Слайд 17

Сезім арқылы заттарды тіршілік етіп тұрған қалпында қабылдаймыз және сол күйінде олардың сапасын ашамыз. Ұқсату қабылдау емес, заттардан елестете, бірдеңеге ұқсатып көру.

Изображение слайда
18

Слайд 18

Аристотель ізгілікке көңіл аударып былай деді: “Табиғат бізге игілікті қабылдайтын мүмкіндіктерді ғана береді. Содан бара – бара ол мүмкіндіктерді шындыққа, шын мәніндегі ізгілікке, адам жанының жақсы сапаларының біріне айналады.

Изображение слайда
19

Слайд 19

Ізгіліктерді қабылдап алу екі процеске байланысты: Бірі – оқып білім алуға, екіншісі, адамгершілікке, тәлім - тәрбиеге байланысты.

Изображение слайда
20

Слайд 20

Аристотель ойынша, ең басты негізгі тәрбиеші – мемлекет және оның заң шығарушы органы. Олар осы мемлекеттегі адамзаттарды тәрбиелеуде ерекше роль атқаруға тиіс. Адам өзінің рухани қабілеттерін үнемі жетілдіре және жаттықтыра отырып, зор жетістіктерге жетеді.

Изображение слайда
21

Слайд 21

Әл – Фараби бабамыздың айтуынша: “Білімді болу деген сөз – белгісіз нәрсені ашу, игеру қабілетіне ие болу деген сөз”.

Изображение слайда
22

Слайд 22

« Ақыл қайда болса, ұлылық толады, Білім кімде, сол білікті болады. Ақылды ұғар, білімділер біледі, Түгел болар білімді, есті тілегі. » « Білім мәнін біл, не дейді білген ер Білім білсең, бәле жүрмес іргеден. Білімсіздер бар кеселді көреді, Емделмесе, тектен текке өледі. » Жүсіп Баласағұнидың “ Құтты білігінде ”:

Изображение слайда
23

Слайд 23

Жаңа заман философы Ф.Бэконның айтуынша: « Білім дегеніміз – күш».

Изображение слайда
24

Слайд 24

Ақпараттық қопарылыс және жаңа ақпараттық технологиялардың дамуы білімге жаңа талаптар қойып отыр. Қазіргі био, гидро және атмосфералардан бөлек өзгеше инфосфера, яғни жердің бірыңғай ақпараттық қабығы, бүгінгі таңдағы интернет қалыптасып отыр. Интернетті пайдалану барлық өркениетті елдермен қатар жүруге мүмкіндік береді және жаңа технологиялар арқылы әлеммен қарым – қатынастың жаңа әдіс тәсілдерімен қамтамасыз етеді.

Изображение слайда
25

Слайд 25

Әлемдегі ең жақсы білім дегеніміз – бос қиял, яғни ескі жүйемен таратушыларын әсіресе жоғары мектепте жаңа идеялардың бәсекелестігінен және ең бастысы, оны өзгертуге қабілетті жаңашыл адамдардан қорғайды. Дәстүрлі классикалық білім жүйесіндегі оқу мәтіндері әр түрлі ғылым негіздерінен алынған «сығындыларды» құрайды.

Изображение слайда
26

Слайд 26

1998 жылы Парижде өткен ИНСКО –ның конференциясында қабылданған 21 ғасыр үшін жоғары білім жөніндегі Дүниежүзілік декларациясында былай делінген: « Жоғары оқу орындары оқушыларды жақсы ақпараттанған, ынталы азаматтарды тәрбиелейтін, сыни тұрғыдан ойлауға қоғамдық мәселелерге талдау жасауға оларды шешу жолдарын іздеуге қабілетті сонымен қатар әлеуметтік жауапкершілікті өзіне ала алатындай біліммен қамтамасыз ете алулары керек».

Изображение слайда
27

Слайд 27

Оқытуда біздің дәрістеріміз монолог емес, диалог, ал семинар сабақтарымыз - пікірталасқа құрылу керек. Еске сала кететін жайт, студенттерге әртүрлі көзқарастарды дұрысын да, бұрысын да келістіре отырып беру қажет.

Изображение слайда
28

Слайд 28

Сыни тұрғыда оқытудың негізінде «шақыру – ұғыну – ойлану» базалық үлгісі жатыр. Бірінші кезеңде: Үйренуші берілген тақырып бойынша не біледі, соны қалыпқа келтіруге қатысады. өзінің білімі сараптай бастайды және айтылатын тақырып жөнінде ойлана бастайды. адамның білген және түсінген контекісінде алынған білім ған берік болмақ. студентке берілетін ақпарат контексіз не болмаса алынған біліммен байланыстырып берілмесе, онда ол жойылып кетеді, есте сақталмайды.

Изображение слайда
29

Слайд 29

Шақыру кезеңінің екінші мақсаты - үйренушінің белсенділігі. «Шақыру» кезеңінде идеяны анықтайтын сонымен қатар, тәжірибеде оны жүзеге асуына мүмкіндіктер беретін «ой қозғау» әдісі қолданады.

Изображение слайда
30

Слайд 30

Екінші сатысы – ұғыну. Бұл саты білім алушылардың жаңа ақпаратпен не болмаса идеялармен қатынасқа түсетін сатысы. Олар бұл жұмысқа ақпаратты сыни тұрғыда салыстырмалы түрде талдай отыра өздігінен және белсенді түрде қатысулары керек.

Изображение слайда
31

Слайд 31

Үшінші сатысы – Ойлану. Бұл сатыда білім алушылар алынған жаңа білімдерін бекітеді және оны еске сақтап қалуға тырысады. Дәл осы сатыда студенттер алынған жаңа білімді өздерінше игереді.

Изображение слайда
32

Слайд 32

Білімнің түрлері: Практикалық білім Рухани білім Эмпириялық білім Экзотериялық білім Теориялық білім

Изображение слайда
33

Слайд 33

Практикалық білім адамның арекетпен шұғылдануының нәтижесінде қалыптасады және оның шеберлігі дағдысымен біте қайнасқан. Ол практиканың белгілі бір түрлері қызмет етеді.( жер өңдеу, жас балаға, малға қарау,, үй салу, балаларды тәрбиелеу, ауруларды емдеу, механизмдермен, информациямен жұмыс істеу және т.б.) былайша нақтылы арекет, қимылдармен тығыз байланысты.

Изображение слайда
34

Слайд 34

Рухани білім, қатынас туралы білімнің жиынтығы және адамдардың қарым – қатынасын реттейді (отбасы, этникалық, ұлттық, таптық, ұжымдық,). Оның ұлаң ғасыр әртүрлі құралдары бар, оның ішінде мифтер, аңыздар, тарихи ескерткіштер, көркем өнер, қадірлі әруақты текстер және т.б.

Изображение слайда
35

Слайд 35

Эмпириялық білім, бұл арнайы ғылымдарда жазылған, сезімдік және экспериметальдық тәжірибе негізінде қалыптасқан табиғаттағы, қоғамдағы табиғи процестер.

Изображение слайда
36

Слайд 36

Теориялық білім, ілімдермен теорияларда белгіленеді. Субъектінің объектіден қашықтауының нәтижесінде қалыптасады, тек қана практика емес, білімнің өзінде ұғынып, мағына береді, Білім ғылымды ғана дамытпай, сонымен қатар идеологияны, философияны, әлеуметтік және діни ілімдерді дамытуға шешуші ықпалын тигізеді.

Изображение слайда
37

Слайд 37

Экзотериялық білім – мистика туралы білімді кеңейтетін ерекше вариант. Білім жалпылама қоғамдық қалыптасу сатысында өзіне тән саяси және коммерциялық қарым – қатынас арқасында кеңінен таныла бастады.

Изображение слайда
38

Последний слайд презентации: Қарағанды Мемлекеттік Медицина Академиясы Қазақстан тарихы және әлеуметтік –

Ілім Миф ДІН Фило - софия Техни - калық Гумани - тарлық Жараты - лыстану

Изображение слайда