Презентация на тему: Қант диабетінің 1 типімен 2 типінің диф. диагностикасы

Қант диабетінің 1 типімен 2 типінің диф. диагностикасы
Жоспар
ЖІКТЕМЕСІ
ҚАУІП-ҚАТЕРЛІ ФАКТОРЛАР
Қант диабетінің 1 типімен 2 типінің диф. диагностикасы
Этиологиясы
Қант диабетінің 1 типімен 2 типінің диф. диагностикасы
Патогенезі
ҚД-1 патогенезі негізінде инсулиннің абсолютті тапшылығы жатыр. Инсулин тәуелді тіндерге (май тіні және бұлшықет) глюкозаның ене алмауы энергия тапшылығына
Қант диабетінің 1 типімен 2 типінің диф. диагностикасы
Қант диабетінің 1 типімен 2 типінің диф. диагностикасы
Қант диабетінің 1 типімен 2 типінің диф. диагностикасы
Қант диабетінің 1 типімен 2 типінің диф. диагностикасы
Қант диабетінің 1 типімен 2 типінің диф. диагностикасы
Эпидемиологиясы
Қант диабетінің 1 типімен 2 типінің диф. диагностикасы
Қант диабетінің 1 типімен 2 типінің диф. диагностикасы
Қант диабетінің 1 типімен 2 типінің диф. диагностикасы
Басты клиникалық көріністері
Қант диабетінің 1 типімен 2 типінің диф. диагностикасы
1 типті қант диабетінің клиникалық көрінісі
2 типті қант диабетінің клиникалық көрінісі
Қант диабетінің 1 типімен 2 типінің диф. диагностикасы
Диагностика критерилері
Қант диабетінің 1 типімен 2 типінің диф. диагностикасы
2 типтегі қант диабетінің диагностикасы
Қант диабетінің 1 типімен 2 типінің диф. диагностикасы
Қант диабетінің 1 типімен 2 типінің диф. диагностикасы
Емі
Қант диабетінің 1 типімен 2 типінің диф. диагностикасы
Болжамы
Пайдаланылған әдебиеттер
Қант диабетінің 1 типімен 2 типінің диф. диагностикасы
1/33
Средняя оценка: 4.5/5 (всего оценок: 64)
Код скопирован в буфер обмена
Скачать (1144 Кб)
1

Первый слайд презентации: Қант диабетінің 1 типімен 2 типінің диф. диагностикасы

Қабылдаған: Сайденова М Орындаған: Айдар Н. Тобы: ЖМ-433х Қант диабетінің 1 типімен 2 типінің диф. диагностикасы Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Медицина факультеті

Изображение слайда
2

Слайд 2: Жоспар

Негізгі бөлім Жіктемесі Қауіп қатерлі факторлар Этиология Патогенез Эпидемиология Басты клиникалық белгілері Диагностика критерийлері Емі Болжамы Пайдаланылған әдебиетер Жоспар

Изображение слайда
3

Слайд 3: ЖІКТЕМЕСІ

1 типтегі Қантты диабет (ҚД 1)  – инсулиннің абсолюттік тапшылығымен шартталған,  көмірсу, сонан соң метаболизмнің басқа да түрлерінің бұзылыстарына алып келетін,  полиэтиологиялық синдром. ҚД 1 ұйқы безінің инсулинөндіруші клеткаларының  ( аутоиммундық нұсқасы ) немесе кенеттен ( идиопатиялық нұсқасы ) аутоиммундық   бұзылыстар н ə тижесінде дамиды. Ауру көбінесе 30 жасқа дейінгі тұлғаларда дамиды (20-25% жағдайларда кешірек ). 2 типтегі қантты диабет (ҚД 2)  – инсулиннің абсолюттік тапшылығымен шартталған,  көмірсу, сонан соң метаболизмнің басқа да түрлерінің бұзылыстарына алып келетін,  полиэтиологиялық синдром. Ауру көбінесе 35-40 жастағы тұлғаларда дамиды (90%).

Изображение слайда
4

Слайд 4: ҚАУІП-ҚАТЕРЛІ ФАКТОРЛАР

ҚД 1 Қауіп-қатерлі факторлар : 1 ҚД бойынша тұқымқуалаушылық, бірқатар инфекциялық   аурулар ( қызамық, тұмау ж ə не т.б.). ҚД бойынша бай тұқымқуалаушылық, семіздік, АГ,  анамнездегі гестациялық ҚД, 4,0 кг ж ə не одан көп салмақпен туылған балалар, 4,0 кг ж ə не  одан көп салмақпен бала туған ə йелдер. ҚАУІП-ҚАТЕРЛІ ФАКТОРЛАР ҚД 2 қауіп-қатерлі факторлар :

Изображение слайда
5

Слайд 5

Изображение слайда
6

Слайд 6: Этиологиясы

1 типтегі Қантты диабет Ұйқыбез аралшықтарының β- жасушаларының Т-жасушалық аутоиммунды деструкциясы. Науқастардың 90%-да HLA-DR3 және/немесе HLA-DR4 генотиптері, сонымен қатар ұйқыбез аралшықтарына қарсыденелер, глутамат-декарбоксилаза ( GAD65) және тирозин-фосфатазаға қарсыденелер ( IA-2 и IA-2.) анықталады Тұқымқуалаушы бейімділік (бір жұмыртқалы егіздерде конкорданттылық 100 %) сыртқы орта түрткілерінің көрінісінде (семіздік, урбанизацияланған өмір сүру салты, рафинирленген майлар мен көмірсулардың тағамда шектен тыс болуы) Этиологиясы 2 типтегі Қантты диабет

Изображение слайда
7

Слайд 7

Изображение слайда
8

Слайд 8: Патогенезі

1 типтегі Қантты диабет И нсулиннің абсолютті тапшылығы гипергликемияға, липолиздің жылдамдауына, протеолиз бен кетон денелерінің түзілуіне әкеледі. Нәтижесінде сусыздану, кетоацидоз және электролитті бұзылыстар дамиды Инсулинрезистенттілік, β-жасушалардың секреторлы дисфнкциясы (инсулин секрециясының 1-ші жылдам сатысының түсіп қалуы), бауырмен глюкозаның артық өндірілуі Патогенезі 2 типтегі Қантты диабет

Изображение слайда
9

Слайд 9: ҚД-1 патогенезі негізінде инсулиннің абсолютті тапшылығы жатыр. Инсулин тәуелді тіндерге (май тіні және бұлшықет) глюкозаның ене алмауы энергия тапшылығына әкеліп, липолиз бен протеолизді күшейтеді, нәтижесінде дене массасы төмендейді. Гликемия деңгейінің жоғарылауы гиперосмолярлыққа әкеледі, ол өз кезегінде осмостық диурезбен және айқын сусызданумен ұштасады. Инсулин тапшылығы мен энергетикалық жеткіліксіздік жағдайында контринсулярлы гормондардың өндірілуі тежелістен шығып (глюкагон, кортизол, өсу гормоны), нәтижесінде гликемияның жоғары болуына қарамастан, глюконеогенезді белсендіреді. Май тіндерінде липолиздің күшеюі бос май қышқылдарының артуына әкеледі. Инсулин тапшылығы кезінде бауырдың липосинтездік қызметі тежеліп, бос май қышқылдары кетогенезге қатыса бастайды. Кетон денелерінің жиналуы алдымен диабеттік кетозға, кейін кетоацидоздың дамуына әкеледі. Сусызданудың әрі қарай өршуі мен ацидоз әсерінен коматозды жағдайдың дамуына әкеледі, егер дер кезінде инсулиндік терапия және регидратация жүргізілмесе өліммен аяқталады

Изображение слайда
10

Слайд 10

Изображение слайда
11

Слайд 11

ҚД-2 патогенетикалық зат алмасу бұзылыстарының гетерогенді тобы болып табылады, сондықтан бұл сырқаттың айқын клиникалық біркелкі еместігін көрсетеді. Оның патогенезінің негізінде β-жасушаларының секреторлы дисфункциясы көрінісінде дамитын инсулинрезистенттілік жатыр (инсулин әсерінен тіндермен глюкоза утилизациясының төмендеуі). Осылайша, инсулинге сезімталдықтың өзгеруі мен инсулин секрециясы арасындағы тепе-теңдік бұзылады. β-жасушалардың секреторлы дисфункциясы қанда глюкоза деңгейінің жоғарылауына жауап ретінде инсулиннің «ерте» секреторлы бөлінуінің бұзылысымен түсіндіріледі. Секрецияның бірінші фазасы (жылдам), яғни инсулинге толы везикуланың босауы, шын мәнінде болмайды; 2-ші (баяу) секреция фазасы тұрақтанған гипергликемияға жауап ретінде үнемі тоникалық тәртіпте бөлінеді, бірақ инсулиннің артық бөлінуіне қарамастан, инсулинорезистенттілік көрінісінде гликемия дәрежесі қалпына келе алмайды.

Изображение слайда
12

Слайд 12

Изображение слайда
13

Слайд 13

Гиперинсулинемия нәтижесінде инсулин рецепторларының сезімталдығы мен саны төмендеп, инсулин әсерінен ынталанатын пострецепторлы механизмдердің тежелуіне (инсулинорезистенттілік) әкеледі. Бұлшықет және май жасушаларында глюкозаның басты транспортері (GLUT-4) мөлшері висцеральді семіздік көрініс берген науқастарда 40%-ға және ҚД-2-мен сырқаттанған науқастарда 80%-ға төмендейді. Гепатоциттердің инсулинрезистенттілігі мен портальды гиперинсулинемия нәтижесінде бауырмен глюкозаның артық өндірілуінен, ҚД-2-мен сырқаттанған науқастардың басым бөлігінде, кейде аурудың бастапқы сатыларында дамитын ашқарынға гипергликемия анықталады. Гипергликемия өз кезегінде β-жасушалардың секреторлы белсенділігінің дәрежесі мен сипатына кері әсерін тигізеді (глюкозаның уытты әсері). Ұзақ жылдар бойы дамыған гипергликемия ақыр соңында β-жасушалардан инсулин өндірілуінің азаюына (таусылуына) және науқастарда инсулин тапшылығы симптомдарының дамуына (дене салмағының төмендеуі, инфекциялық аурулармен ұштасатын кетоз) әкеледі. Дегенмен, кетоацидоз дамуының алдын алатын қалдықты инсулин өндірілуі ҚД-2 кезінде үнемі сақталады.

Изображение слайда
14

Слайд 14

Изображение слайда
15

Слайд 15: Эпидемиологиясы

1 типтегі Қантты диабет Барлық диабеттің 1,5–2%-ын құрайды. Популяцияда таралу жиілігі Европада 0,2%-дан Африкада 0,02% -ға дейін. Сырқат ең көп Финляндияда ( жылына 30–35 жағдай 100 000 адамға ), ең аз Жапония, Қытай және Кореяда (0,5–2,0 жағдай ). Жасқа байланысты жиі — 10–13 жас ; көптеген жағдайларда 40 жасқа дейін басталады Жалпы популяцияның шашамен 5–6%, ересектердің 10%, Батыс елдері мен Ресейде 65 жастан асқан адамдардың 20% көрініс береді. Арнайы этникалық топтарда салыстырмалы түрде жиілігі жоғары болады (Пима үнділерінің 50%-да). Сырқаттану әрбір 15–20 жылда екі еселенеді Эпидемиологиясы 2 типтегі Қантты диабет

Изображение слайда
16

Слайд 16

Изображение слайда
17

Слайд 17

Изображение слайда
18

Слайд 18

Изображение слайда
19

Слайд 19: Басты клиникалық көріністері

1 типтегі Қантты диабет Көп жағдайларда балалар мен жастарда бірнеше айда аурудың манифестті дамуы : полидипсия, полиурия, салмақтың төмендеуі, жалпы және бұлшықеттік әлсіздік, аузынан ацетон иісінің шығуы, естің үдемелі бұзылуы. Салыстырмалы сирек жағдайда ҚД-1-мен сырқаттанған 40 жастан асқан ересек адамдарда бірнеше жылдарға созылған инсулиннің абсолютті тапшылығы көріністерімен шамалы клиникалық белгілер тән ( ересектердің латентті аутоиммунды диабеті ). Адекватты емес компенсациядан кейін бірнеше жылдардан соң қант диабетінің кеш асқынулары көрініс бере бастайды (нефропатия, ретинопатия, нейропатия, диабеттік табан синдромы, макроангиопатия ) Орташа полиурия және полидипсия, метаболикалық синдром компонент тері. 50%-дан астам жағдайларда симптомсыз өтеді. Көп жағдайларда диагностикалау барысында түрлі дәрежедегі кеш асқынулар анықталады Басты клиникалық көріністері 2 типтегі Қантты диабет

Изображение слайда
20

Слайд 20

Симптомы Диабета 1 типа жажда (полидипсия); -постоянный голод; -чрезмерное мочеотделение (полиурия); -потеря веса. Эти симптомы могут проявляться неожиданно.

Изображение слайда
21

Слайд 21: 1 типті қант диабетінің клиникалық көрінісі

Типті жағдайларда балалар мен жастарда ҚД-1 бірнеше аптада немесе айда дамитын айқын клиникалық көрініспен басталады. ҚД-1 манифестациясын инфекциялық және басқа да ілеспелі аурулар шақыруы мүмкін. ҚД барлық типтеріне гипергликемия әсерінен дамитын симптомдар тән: полидипсия, полиурия, терінің қышуы; бірақ ҚД-1 аталған симптомдар айқындығымен ерекшеленеді. Науқастар тәулігіне 5–10 литр сұйықтықты қабылдап, сыртқа шығаруы мүмкін. Инсулиннің абсолютті тапшылығынан дамитын ҚД-1 клиникалық симптомдарына 1–2 айда көлемінде 10–15 кг-ға дейін салмақ жоғалту жатады. Науқастарда жалпы және бұлшықеттік әлсіздік, еңбекке қабілеттіліктің төмендеуі, ұйқышылдық көрініс береді. Сырқаттың бастапқы кезеңінде науқастарда тәбеттің жоғарылауы байқалғанымен, кетоацидоздың дамуына қарай анорексиямен ауысады. Соңғысы науқас аузынан ацетон иісінің шығуымен (жемістің иісі), жүрек айнумен, құсумен, іштегі ауыру сезімімен (псевдоперитонит), ауыр сусызданумен көрініп, коматозды жағдаймен аяқталады (7.7.1 бөлімді қараңыз). Бірқатар жағдайларда ҚД-1-мен сырқаттанған жас балалардың алғашқы клиникалық көрінісі инфекциялық немесе жедел хирургиялық патология көрінісінде үдемелі дамитын естің бұзылуынан комаға дейін ауысуымен анықталады. 1 типті қант диабетінің клиникалық көрінісі

Изображение слайда
22

Слайд 22: 2 типті қант диабетінің клиникалық көрінісі

Бірқатар жағдайларда клиникалық белгілері анықталмауы мүмкін, тек кездейсоқ гликемия деңгейін рутинді анықтау барысында ғана анықталады. Әдетте сырқат 40 жастан асқан кезде манифестацияланады, оған қоса науқастардың басым көпшілігінде семіздік және метаболикалық синдромның басқа да компоненттері анықталады. Науқастар еңбекке қабілетінің төмендеуіне, оған басқа себептер болмаса шағымданбайды. Шөлдеу мен полиурия сияқты шағымдар да аса айқын болмайды. Науқастарды жиі терінің немесе қынаптың қышуы мазалайды, сондықтан мұндай науқастар гинекологтар пен дерматологтардың көмегіне жиі жүгінеді. ҚД-2-нің манифестациясынан нақты диагноз қойылғанға дейінгі аралықта көптеген жылдар өтетіндіктен (шамамен 7 жыл), науқастардың көбінде ауру алғаш анықталғанда ҚД кеш асқынуларының симптомдары мен көріністері басым болады. Бұған қоса, науқастар жиі дәрігерге кеш симптомдарының көрініс беруіне байланысты шағымданып келеді. Науқастар аяқтың ойық жаралық зақымдануына байланысты (диабеттік табан синдромы) хирургиялық стационарларда, көру қабілетінің үдемелі төмендеуіне байланысты (диабеттік ретинопатия) офтальмологтарда, инфарктар, инсульттар, аяқ қантамырлардың облитерациялаушы зақымдануына байланысты қаралған мекемелерде гипергликемия алғаш анықталады. 2 типті қант диабетінің клиникалық көрінісі

Изображение слайда
23

Слайд 23

Изображение слайда
24

Слайд 24: Диагностика критерилері

1 типтегі ҚД жарқын манифестті басталады : шөлдеу, полиурия, салмақтың азаюы, ə лсіздік  ж ə не т.б. Диабеттің бұл түрі көбінесе жастар, оның ішінде балалар үшін мінезді. Гипергликемия ( әдетте, айқын ), кетонурия, жас кезде айқын манифестация; С-пептид деңгейінің төмен болуы, жиі — метаболикалық ацидоз 2 типтегі Қантты диабетті, ол науқас пен  д ə рігер үшін байқалмай басталады. Симптомдар өзіндік ерекшеліксіз ж ə не де басқа да  көптеген аурулар кезінде кездесуі мүмкін : ə лсіздік, д ə мкестік, еңбекке қабілеттіліктің төмендеуі. 2 типтегі ҚД жиірек дене салмағының артуымен қарт адамдарда кездеседі.  Бірақ соңғы жылдары балалар арасында бұл аурудың жиілеп кеткендігі байқалады

Изображение слайда
25

Слайд 25

Белгілер ҚД-1 ҚД- 2 Манифестация шыңы 12 жас 40–60 жас аралығы Таралуы 0,2 % (Европ ада ) 5–7% (10% 60 жастан жоғары ересектер арасында ) Этиологиясы Ұйқыбездің β-жасушаларының аутоиммунды деструкциясы Β -жасушалардың секреторлы дисфункциясының инсулинрезистенттілікпен ұштасуы Клиникалық көрінісі Арықтау, полиурия, полидипсия, кетоацидоз, кетацидоздық кома 2/3 жағдайда симптомсыз өтеді. Орташа полиурия және полидипсия, терінің, шырышты қабықтың қышуы. Жағдайлардың жартысынан көп бөлігінде диагностикалау барысында кеш асқынулар анықталады Емі Инсулин Емдәм, таблетка түріндегі қант деңгейін төмендететін дәрілер, инсулин ҚД-1 мен ҚД-2 айырмашылықтары мен салыстырмалы диагностикасы

Изображение слайда
26

Слайд 26: 2 типтегі қант диабетінің диагностикасы

ҚД-2 диагнозы басым жағдайда типті клиникалы көріністері дамыған науқастарда гипергликемия анықталуына (семіздік, 40–45 жастан жоғары жас шамасы, ҚД-2-ге оң отбасылық анамнез, метаболикалық синдромның басқа компоненттері), инсулиннің абсолютті тапшылығын дәлелдейтін клиникалық және зертханалық белгілердің болмауына (айқын дене салмағының төмендеуі, кетоз) негізделіп қойылады. ҚД-2 халық арасында кең таралуына, ұзақ уақыт симптомсыз дамуына, ерте диагностикалау нәтижесінде кеш асқынулардың алдын алуға болатынына орай, клиникалық белгілері көрініс бермеген науқастарда ҚД-2 дамуын жоққа шығару мақсатында скринингті зерттеу жүргізу қажет. Басты сынама, жоғарыда көрсетілгендей ашқарынға гликемияны анықтау болып табылады. Ол келесі жағдайларда тағайындалады: 1. Артық дене массасы (ИМТ 25 кг/м2 астам) бар 45 жастан асқан барлық ересек адамдарға 3 жылда бір рет. 2. Артық дене массасы (ИМТ 25 кг/м2 астам) бар және төмендегідей қосымша түрткілері бар жас адамдар: — аз қозғалыстағы өмір сүру салты; — жақын туыстарындағы ҚД-2; — ҚД-2 даму қаупі жоғары ұлттар арасында (афроамерикандықтар, латиноамерикандықтар, жергілікті американдықтар және т.б.); — дене салмағы 4 кг артық нәресте босанған және/немесе анамнезінде гестациялы диабет көрініс берген әйелдер; — артериялық гипертензия (140/90 мм Hg); — ТЖЛП > 0,9 ммоль/л және/немесе триглицеридтер > 2,8 ммоль/л; — аналық бездің п оликистоз ды синдромы ; — ГТБ және АГБ ; — жүрек - қантамыр аурулары. 2 типтегі қант диабетінің диагностикасы

Изображение слайда
27

Слайд 27

Қ Д-2 -нің жас балалар арасында жиі таралуы жоғарғы қауіп-қатер тобындағы жас балалар мен жасөспірімдер арасында гликемия деңгейін скринингті анықтауды қажет етеді (10 жастан бастап 2 жыл интервалмен немесе пубертаттың басталуымен егер одан ерте жаста дамыса ), бұларға дене массасы жоғары (ИМТ және / немесе жасына сәйкес дене масса сы >85 перцентил ь, қалыпты дене салмағымен салыстырғанда 120% жоғары дене массасы ) және төменде көрсетілген түрткілерге қатысты балалар мен жасөспірімдер жатады : • бірінші немесе екінші қатардағы туыстар арасында Қ Д-2 болуы ; • жоғарғы қауіптегі ұлтқа жату ; • инсулинрезистенттілікпен ассоцирленген клини калық көріністер ( acanthosis nigricans, артериаль ды гипертензия, дислипидемия );

Изображение слайда
28

Слайд 28

Изображение слайда
29

Слайд 29: Емі

1 типтегі Қантты диабет Инсулиндік терапия ( оңтайлы - гликемия деңгейіне, тағамда көмірсулардың мөлшері мен физикалық жүктемеге байланысты инсулин мөлшерін таңдауға болатын қарқынды вариант Гипокалориялы емдәм, физикалық жүктемені арттыру, науқастарды оқыту, таблетка түріндегі қант деңгейін төмендететін дәрілер (метформин, сульфонилмочевина, тиазолидиндиондар, глинидтер, α-гликозидаза ингибиторлары). Кеш асқынулардың алдын алу және емдеу Емі 2 типтегі Қантты диабет

Изображение слайда
30

Слайд 30

Изображение слайда
31

Слайд 31: Болжамы

1 типтегі Қантты диабет Инсулинмен ем жүргізілмегенде — кетоацидотикалық комадан болатын өлім. Адекватты емес инсулиндік терапия кезінде ( созылмалы декомпенсация) кеш асқынулар дамиды, ең алдымен микроангиопатия (нефропатия, ретинопатия ) және нейропатиялар ( диабеттік табан синдромы) көрініс береді Мүгедектік пен өлім жиілігі кеш асқынулармен анықталады, әдетте макроангиопатиялық асқынулармен Болжамы 2 типтегі Қантты диабет

Изображение слайда
32

Слайд 32: Пайдаланылған әдебиеттер

1. Дедов И.И., Мельниченко Г.А., Фадеев В.В. Эндокринология: учебник.- М., 2008.- 432 с. 2. Дедов И.И., Мельниченко Г.А., Фадеев В.В. Эндокринология: учебник.- М., 2008.- 432 с. (қазақша, аударғандар Абылайұлы Ж., Алипова А.Т. электронды нұсқасы ). 3. Нурбекова А.А. Сахарный диабет (диагностика, осложнения, лечения). Учебное пособие. Алматы, 2011, 80с. Қосымша әдебиеттер 1. Рациональная фармакотерапия заболеваний эндокринной системы и нарушений обмена веществ/ под общ. ред. И.И.Дедова, Г.А.Мельниченко.- М., 2008.-584с. (электронный вариант) 2. П.Дж.Уоткинс. Сахарный диабет/2-е издание. Пер. с англ., М.: Издательство БИНОМ, 2006-134с ( электронды нұсқасы ). 3. Алгоритмы специализированной медицинской помощи больным сахарным диабетом. Под редакцией И.И. Дедова, М.Б. Шестаковой. 5-й выпуск. Москва, 2011, 116с ( электронды нұсқасы ). 4. Мкртумян А.М. Инсулин – в норме и при патологии: учебное пособие.- М., 2008- 64с. 5. Мкртумян А.М., Нелаева А.А. Неотложная эндокринология: руководство/ пер. с англ. под ред.-2-е изд.М., 2008.-128 с. 6. Схемы лечения. Эндокринология/ под общ. ред. И.И.Дедова и Г.А. Мельниченко.-М., 2007.-304 с. Пайдаланылған әдебиеттер

Изображение слайда
33

Последний слайд презентации: Қант диабетінің 1 типімен 2 типінің диф. диагностикасы

Назар аударғандарыңызға рахмет

Изображение слайда