Презентация на тему: Қан кетудің түрлеріне байланысты қан тоқтатудың әдістері

Қан кетудің түрлеріне байланысты қан тоқтатудың әдістері
Жоспар: I. Кіріспе ТЖ кезінде қан кету II. Негізгі бөлім 1.Қан кетудің жіктемесі 2.Қан кетудің клиникалық көріністері. 3. ҚК кезінде қан тоқтату әдістері III.
Төтенше жағдай кезінде механикалық зақымдалулардың ең қауіпті асқынулары және өлім себептерінің бірі - қан кету болып табылады. Жарақат алған адамға алғашқы
Қан кетудің жіктемесі
Ауырлық дәрежесіне байланысты: Жеңіл Қан айналым көлемінің 10-15 % дейін жоғалту 500 мл-ге дейін Орташа Қан айналым көлемінің 16-20 % 500 ден 1000 мл-ге дейін
Венадан қан кету ірі вена тамырларының зақымдануы кезінде болады. Жарадан кою қызыл түсті қан үздіксіз жайлап ағады. Кейбір веналардың ( мысалы, мойын )
Қан кетудің клиникалық көріністері
Қан тоқтату әдістері:
Қан кетуді тоқтату
1. Қыл бұрау салу ережелері 1. ҚБ салар алдында аяқ қолды жоғары көтеру керек 2. ҚБ жарадан жоғары жерге және мейлінше оған жақын жерге салу керек. 3. ҚБ
Қан кетудің түрлеріне байланысты қан тоқтатудың әдістері
Аяқ-қолды мейлінше бүгу. Бұл әдіс сенімді емес, дегенмен жарақаттау дәрежесі аз. Бұл әдіс аяқ-қол сегменттерінің ірі буындардан төмен орналасқан жерлерінен қан
Жараны қысып таңу. Бұл әдісті қолдану үшін дәке мен таңғыш материал қолданылады. Қысып таңу әдісі көктамырлар, әсіресе аяқтың кеңейген көктамырларынан қан
Назарларыңызға рахмет!
1/14
Средняя оценка: 4.8/5 (всего оценок: 48)
Код скопирован в буфер обмена
Скачать (743 Кб)
1

Первый слайд презентации: Қан кетудің түрлеріне байланысты қан тоқтатудың әдістері

Изображение слайда
2

Слайд 2: Жоспар: I. Кіріспе ТЖ кезінде қан кету II. Негізгі бөлім 1.Қан кетудің жіктемесі 2.Қан кетудің клиникалық көріністері. 3. ҚК кезінде қан тоқтату әдістері III. Қорытынды бөлім

Изображение слайда
3

Слайд 3: Төтенше жағдай кезінде механикалық зақымдалулардың ең қауіпті асқынулары және өлім себептерінің бірі - қан кету болып табылады. Жарақат алған адамға алғашқы медициналық көмек неғұрлым сапалы да уақытында көрсетілсе, соғұрлым оның өмірін сақтап қалу мүмкіндігі бар. Қан кету дегеніміз – қан тамыры қабырғасының бүтіндігі немесе өткізгіштігі бұзылған кездегі тамырдан қанның ағуы. Жарақат ошағында көбінесе зардап шегушінің өзіне - өзі немесе жанындағы адамның көмегі арқылы сыртқа аққан қанды тоқтатуға болатыны белгілі, сондықтан осындай қарапайым құтқару шараларын меңгеруде тұрғындардың медициналық сауаттылығын жоғарылату маңызды болып саналмақ

Изображение слайда
4

Слайд 4: Қан кетудің жіктемесі

Жарақаттанғаннан кейінгі қан кету Екіншілікті Біріншілікті Кеш Ерте Ішке Тін арасына Сыртқа Іш қуысына Капиллярдан Көктамырлық Паренхиматоз - дық Артериялық

Изображение слайда
5

Слайд 5: Ауырлық дәрежесіне байланысты: Жеңіл Қан айналым көлемінің 10-15 % дейін жоғалту 500 мл-ге дейін Орташа Қан айналым көлемінің 16-20 % 500 ден 1000 мл-ге дейін Ауыр Қан айналым көлемінің 21-30 % 1000 - 1500 мл Массивті Қан айналым көлемінің >31 % 1500 мл-ден артық

Изображение слайда
6

Слайд 6: Венадан қан кету ірі вена тамырларының зақымдануы кезінде болады. Жарадан кою қызыл түсті қан үздіксіз жайлап ағады. Кейбір веналардың ( мысалы, мойын ) жаралануы кезінде олардьщ ішіне ауа кетіп қалса, зардап шегушінің өліміне әкеп соғатын ауа эмболиясы дамиды. Артериядан қан кету ірі артерияның зақымдануы кезінде пайда болады. Ол жарадан ал қызыл түсті канның шапшып ағуымен сипатталады. Ірі артериялардың (сан, иық ) зақымдануы зардап шегуші өміріне кауіп төндіреді. Капиллярдан қан кету ұсақ қан тамырларының жаралануы салдарынан пайда болады, оның ерекшелігі — жаранын жоғарғы бетінен кан ағады. Паренхиматозды органдардың ( бауыр, көк бауыр ) зақымдануы кезінде байқалады және ол көбіне аралас болып келеді

Изображение слайда
7

Слайд 7: Қан кетудің клиникалық көріністері

Субъективті белгілері: 1. Бас айналу 2. Әлсіздік 3. Ауыздың құрғауы, шөлдеу 4. Жүрек айнуы 5. Көздің қарауытуы Объективтік белгілері: 1. Терінің бозаруы және ылғалдануы 2. Тамыр соғысының жиілеуі және әлсіреуі 3. АҚҚ және веналық қысымның төмендеу 4. Бет әлпетінің салғырттануы 5. Тыныс алудың жиілеуі

Изображение слайда
8

Слайд 8: Қан тоқтату әдістері:

- Уақытша қан тоқтату 1. Жгут салу 2. Қан тамырын саусақпен жарада немесе ұзынабойынан басу 3. Аяқ пен қолды буында бүгу 4. Жараны дәке тампонымен тығындап, таңғыш салу 5. Қан тамырына уақытша шунт салу Қан кетуді толық тоқтату әдістері: 1. Механикалық (қан тамырын жарада байлау, ұзына бойына байлау, қан тамырына жасанды эмбол салу, қан тамырына тігіс салу, протез салу) 2. Физикалық (диатермокоагуляция, лазер және т.б.) 3. Химиялық және биологиялық (қан препараттарын құю, контрикал, викасол, тахокомб) 4. Қосарланған (кобинирленген)

Изображение слайда
9

Слайд 9: Қан кетуді тоқтату

Қан кетуді уақытша тоқтату Қан кетуді біржолата тоқтату 1. Жгут салу 2. Қан тамырын саусақпен жарада немесе ұзынабойынан басу 3. Аяқ пен қолды буында бүгу 4.Жараны дәке тампонымен тығындап, таңғыш салу. 1. Механикалық (қан тамырын жарада байлау, ұзына бойына байлау, қан тамырына жасанды эмбол салу, қан тамырына тігіс салу, протез салу) 2. Физикалық (диатермокоагуляция, лазер және т.б.) 3. Химиялық және биологиялық (қан препараттарын құю, контрикал, викасол, тахокомб) 4. Қосарланған (кобинирленген)

Изображение слайда
10

Слайд 10: 1. Қыл бұрау салу ережелері 1. ҚБ салар алдында аяқ қолды жоғары көтеру керек 2. ҚБ жарадан жоғары жерге және мейлінше оған жақын жерге салу керек. 3. ҚБ астына мата салу керек 4. ҚБ салған кезде оны біркелкі соза отырып 2-3 айналым жасау керек және айналымдары бір - бірінің үстіне жатпауы керек. 5. ҚБ салғаннан кейін оның салынған уақыты дәл көрсету қажет. 6. ҚБ салынған жаралылар бірінші кезекте тасымалданады. 7. ҚБ алдын ала ауыртпайтын дәрі берілгеннен кейін босату керек. ҚБ дұрыс салынғанының белгісі - Қан кетудің тоқтауы - Шеткі пульсация тоқтауы - Аяқ - қолдың бозарып, мұздауы

Изображение слайда
11

Слайд 11

Дененің әр тұсындағы артерияны саусақпен басу қан кетіп жаткан тамырды тікелей жара аумағында емес, одан жоғары жерде ( зақымданған артерияның орталық бөлігі ) басуға негізделеді. Бұл тәсіл артериядан қатты қан кеткенде колданылады. Тамырды басу оны жақын жатқан сүйекті саусақпен қысып, саңылауды жабу мүмкін болатын тері қабатына жақын жатқан жерде жасалады. Әрбір ірі артерия үшін белгілі бір нүктелер болады :  1. иық алды жарасы кезінде — артерияны иықтың ішкі   жағынан басады ;  2. б алтырдан қан кеткенде —  тізе асты артериясын   басады (бас бармақпен тізе буынын алдыңғы жағын ұстап,  ал қалған саусақпен тізе асты шүңқырындағы артерияны   тауып, сүйекке басады );   3. сан жараланғанда — сан артериясының шап астын -  дағы жоғарғы жағын жұдырықпен басады ; 4. бастағы жарадан қан кеткенде — жара жақтағы самай   артериясын басады (артерия құлақтың жанынан өтеді, оны тамыр соғысы арқылы анықтайды );  5. беттен қан кеткенде — жақ артериясын басады ( ол   мойыннан бет пішіндеріне қарай жүреді және жақтың   төменгі шеті арқылы оның бұрышы мен иек арасында иіледі ); 6. мойындағы жара кезінде — жара жақтағы және одан   төмен ұйқы артериясын басады (трахея жайында ); 7. иық үстіндегі, иық буынына жақын немесе қолтық  айналасындағы жара кезінде бұғана асты артериясын бұғана   астындағы шұңқырға ( біріншіі қабырғаға ) басады, кейін аяқ-қолға бұрау немесе жгут салады.

Изображение слайда
12

Слайд 12: Аяқ-қолды мейлінше бүгу. Бұл әдіс сенімді емес, дегенмен жарақаттау дәрежесі аз. Бұл әдіс аяқ-қол сегменттерінің ірі буындардан төмен орналасқан жерлерінен қан кеткенде нәтиже береді. Аяқ-қолды жоғары ұстау әдісін капиллярдан немесе көктамырдан қан кеткенде қолданады. Әдіс өте қарапайым

Изображение слайда
13

Слайд 13: Жараны қысып таңу. Бұл әдісті қолдану үшін дәке мен таңғыш материал қолданылады. Қысып таңу әдісі көктамырлар, әсіресе аяқтың кеңейген көктамырларынан қан кеткенде таптырмайтын әдіс. - Қан тамырды басып тұрып, бірнеше қабат салынған таңғышпен немесе бинтпен байлау қажет. -Егер де таңғыш суланса, жо,ары жағына тағы да бірнеше қабат таңғыш салып, алақанмен басу қажет

Изображение слайда
14

Последний слайд презентации: Қан кетудің түрлеріне байланысты қан тоқтатудың әдістері: Назарларыңызға рахмет!

Изображение слайда