Презентация на тему: Қ. А. ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ Кафедра: Адам

Қ. А. ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ Кафедра: Адам
ЖОСПАР
Қ. А. ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ Кафедра: Адам
Қ. А. ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ Кафедра: Адам
Қ. А. ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ Кафедра: Адам
Қ. А. ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ Кафедра: Адам
Қ. А. ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ Кафедра: Адам
Қ. А. ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ Кафедра: Адам
Қ. А. ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ Кафедра: Адам
Қ. А. ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ Кафедра: Адам
Қ. А. ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ Кафедра: Адам
Қ. А. ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ Кафедра: Адам
Қ. А. ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ Кафедра: Адам
Қ. А. ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ Кафедра: Адам
Қ. А. ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ Кафедра: Адам
Қ. А. ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ Кафедра: Адам
Қ. А. ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ Кафедра: Адам
Қ. А. ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ Кафедра: Адам
Қ. А. ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ Кафедра: Адам
Қ. А. ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ Кафедра: Адам
Қ. А. ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ Кафедра: Адам
Қ. А. ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ Кафедра: Адам
Қ. А. ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ Кафедра: Адам
Қ. А. ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ Кафедра: Адам
Қ. А. ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ Кафедра: Адам
Қ. А. ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ Кафедра: Адам
Қ. А. ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ Кафедра: Адам
Қ. А. ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ Кафедра: Адам
Қ. А. ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ Кафедра: Адам
Қ. А. ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ Кафедра: Адам
1/30
Средняя оценка: 4.1/5 (всего оценок: 23)
Код скопирован в буфер обмена
Скачать (661 Кб)
1

Первый слайд презентации

Қ. А. ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ Кафедра: Адам физиологиясы Факультет: Медицина №1 Тақырыбы: Өлшеу қателігі. Құрал шкаласының қателерін және жүйелік қателерді есепке алу. Қос қ ателікті бағалау. Қабылдаған : Куандыкова А.К. Орындаған : М ұстафаев А Тобы : : ЖМ – 0 02 Түркістан 2013

Изображение слайда
2

Слайд 2: ЖОСПАР

I.Кіріспе а)Өлшеу туралы жалпы түсінік II.Негізгі бөлім а)С.Стивенс бойынша өлшеу шкалалары б)Өлшеу міндеттері, обьектісі, принц и пері мен әдістері с)Қате.Өлшем қатесінің түрлері III.Қорытынды IV.Пайдаланылған әдебиеттер

Изображение слайда
3

Слайд 3

Өлшеу – объектілер мен жағдайларды б елгілі талаптарға сәйкес сандық көрсеткіштер түрінде бейнелеу немесе физикалық объектінің қасиетін сандық тану тәсілі. Өлшеу – өлшенетін шамалар мәндерін анықтау үшін жүргізілетін эксперименттік процедуралардың әртүрлілігімен сипатталады. Яғни, өлшеудің көптүрлілігін өлшенетін шамалардың көптүрлілігімен, олардың уақытқа байланысты өзгеру сипаттамаларының әртүрлілігімен, өлшеудің дәлдігіне қойылатын талаптардың алуан түрлілігімен және т.б. түсіндіріледі.

Изображение слайда
4

Слайд 4

Өлшеу нәтижесін алу тәсілдеріне байланысты өлшеу тура, жанама, бірігіп және тұтас өлшеу болып бөлінеді. Бұлай бөлудің мақсаты өлшеу нәтижелерін анықтау кезінде пайда болған әдістемелік қателіктерді таңдап алу қолайлығы болып табылады. Тура өлшеу – шаманың белгісіз мәнін тікелей ӨЖ көрсеткіштері бойынша табуды айтамыз. Мысалы, таразы арқылы өлшенетін масса, термометрмен температураны, вольтметрмен кернеуді өлшеу жатады. Жанама өлшеу – ол шаманың мәнін бірдей жағдайда жүргізілген тура өлшеумен алынған шамалар арасындағы белгілі тәуелділік негізінде өлшеу болып табылады. Мұндай өлшеулердің метролгиялық тәжірибеде маңызды мәні бар. Олардың негізінде, мысалы, алғашқы эталондармен алынған негізгі шамалардың бірліктер эталондарымен жазылған мәндерді орнату.

Изображение слайда
5

Слайд 5

Қазіргі заманғы микропроцессорлы өлшеу аспаптарында көбінесе белгісіз өлшенетін шаманы өлшеу аспаптың “ішінде” жүргізіледі. Бұл жағдайда өлшеу нәтижесі тура өлшеуге тән сипатты тәсілмен анықталады, және есептің әдістемелік қателігін жеке өлшеу мүмкін және қажет емес. Ол өлшеу аспабының қателігіне жатады. Осындай өлшеу құралдарымен жүргізілген өлшеулер тура өлшеуге жатады. Жанама өлшеуге есептеу тек қолмен немесе автоматты жүргізілетін өлшеулер жатады, ол тек тура өлшеу нәтижелерін алғаннан кейін ғана орындалады. Бұл жағдайда есептің қателігі тек жеке есептеледі. Мұндай жағдайға сипатты мысал болып компоненттеріне жеке-жеке метрологиялық сипаттамалар мөлшерленген өлшеу жүйелері жатады. Барлық өлшеу қателіктері жүйенің барлық компоненттерінің мөлшерлен-ген метрологиялық сипаттамалары бойынша есептеледі.

Изображение слайда
6

Слайд 6

Жиынтық өлшеу деп бірнеше біртекті шамалардың бірмезгілде өлшенуін айтамыз, ол кезде олардың белгісіз мәндерін осы шамаларды әртүрлі үйлесімділікте тура өлшеу кезінде алынған теңдеулер жүйесін шешумен табады. Бірігіп өлшеу деп екі немесе бірнеше біртекті шамаларды олардың арасындағы тәуелділікті орнату үшін бірмезгілде өлшеуді айтамыз. Келтірілген анықтамалардан, бұл екі өлшеу түрлері бір-біріне ұқсас екені көрініп тұр. Айырмашылығы, бірігіп өлшеу кезінде бірнеше біртекті шамалар бірмезгілде анықталады да, ал жиынтық өлшеу кезінде - әртүрлі текті шамалар бір мезгілде анықталады

Изображение слайда
7

Слайд 7

С. Стивенс бойынша өлшеу шкалалары 4 түрге жіктеледі: 1 Атаулар шкаласы; 2 Реттік шкала; 3 И нтервал ды шектер шкала сы ; 4 Тең қатынастар шкала сы. Атаулар шкала сы – зерттелген объектілерді атаулары бойынша жіктеу шкала сы : nomen (лат.) – атау, есім. Әлдененің атауы санмен өлшенбейді, ол тек бір объектіні екінші объектіден айыруға, жіктеуге мүмкіндік береді. Реттік шкала – объектілерді «үлкен-кіші» принципі бойынша жіктеу шкаласы. Атаулар шкаласында жіктелген объектілерді орналастыру еркін түрде болса, реттік шкалада объектілер ең кіші көрсеткіштен ең үлкен көрсеткішке қарай ретпен орналасады. Реттік шкала жіктеулерінде «төмен», «орташа», «жоғары», немесе «бірінші», «екінші», «үшінші» және т.с.с. мәндер қолданыларды. Интервалды шектер шкаласы – көрсеткіштерді мәндерінің шектері бойынша жіктеу шкаласы. Барлық көрсеткіштер бір-бірінен тең қашықтықта орналасады. Тең қатынастар шкаласы – көрсеткіштерді зерттеу деңгейлеріне сәйкес жіктеу шкаласы. Мысалы, абсолютті сезімталдық табалдырығының көрсеткіштері тең қатынастар шкаласы болып табылады

Изображение слайда
8

Слайд 8

Өлшеу міндеттері Өлшеу – құрылымдық элементтердің толық тізбектерінің өзара әрекеттерінен тұратын күрделі процесс. Оларға: өлшеу есептері, өлшеу объектісі, өлшеу принциптері, әдістері, құрылғылары мен олардың модельдері, өлшеу шарттары, өлшеу субъектілері, өлшеу нәтижелері мен қателіктері кіреді. Әрбір өлшеудің бастапқы элементі болып оның міндеті (мақсаты) жатады. Кез-келген өлшеудің міндеті таңдап алынған яғни өлшенетін ФШ-ның мәнін берілген шартта қажетті дәлдікте алу болып табылады. Өлшеу есебінің қойылымын өлшеу субъектісі – адам жүзеге асырады. Есептің қойылымы кезінде өлшеу объектісі нақтыланады, онда өлшенетін ФШ белгіленіп, қажетті өлшеу қателігі анықталады

Изображение слайда
9

Слайд 9

Өлшеу объектісі – нақты физикалық объект, онық қасиеті бір немесе бірнеше өлшенетін физикалық шамалармен сипатталады. Оның көптеген қасиеттері бар және басқа объектілермен көпжақты және күрделі байланыста болады. Өлшеу субъектісі – адам объектіні толығымен, оның қасиеттері мен байланыстарын барлық жағынан өзіне елестете алмайды. Осыған орай субъектінің объектімен өзара байланысы объектінің математикалық моделі негізінде ғана бола алады.

Изображение слайда
10

Слайд 10

Өлшеу принциптері мен әдістері Өлшеу ақпараттары, яғни өлшенетін ФШ-ның мәндері жөніндегі ақпараттар, өлшеу сигналдарында болады. Өлшеу сигналы – ол өлшенетін ФШ туралы мөлшерлі ақпараттардан тұратын сигнал. Ол шығыс ӨЖ-нің кірісіне кіреді де, адамның (өлшеу субъектісі) тікелей қабылдап алуына қолайлы, не тізбекті өңделу мен берілуге қолайлы сигналға түрленеді. Өлшеу субъектісі өлшеу принциптерін, әдістерін және өлшеу құралдарын таңдап алуды жүзеге асырады. Өлшеу принципі - өлшеу негізделген физикалық принциптердің жиынтығы, мысалы электрлік кернеуді өлшеу үшін Джозефсон эффектісін, жылдамдықты өлшеу үшін Доплер эффектісін пайдалану керек. Өлшеу әдісі – ол өлшенетін ФШ-ны пайдаланылған өлшеу принципіне сәйкес бірліктерімен салыстыру жолдары және сол тәсілдердің жиынтығы. Өлшеу әдісінде мүмкіндігінше минималды қателік болуы тиіс және сол жүйелі қателіктерді жою мен оларды кездейсоқ қателіктерге алмастыру керек.

Изображение слайда
11

Слайд 11

Қате дегеніміз нақты факты мен зерттеу көрсеткіштерінің арасындағы сәйкессіздік, айырмашылық. Оның өзі тіркеу қатесі, репрезентативті және өкілдікті болып бөлінеді. Тіркеу қатесі құбылыстар мен процестерге әсер ететін себептерді дұрыс анықтамау салдарынан туады. Репрезентативті қате ішінара бақылауда алынған сипаттамалар мен жалпы жиынтықтық сипаттамалар арасындағы айырмашылық. Бұл қате жүйелі және кездейсоқ болып бөлінеді. Жүйелі қате жалпы жиынтық бірліктерін кездейсоқ іріктеу принциптері дұрыс жүргізілмегенде пайда болады. Кездейсоқ қате ішінара бақылау мен жалпы жиынтық көрсеткіштерінің арасындағы айырмашылық. Ішінара бақылаудан алынған көрсеткіштер мен жалпы жиынтықтың нақты көрсеткіштері арасындағы айырмашылық орташа қатемен өлшенеді. Статистикада ішінара іріктеудің орташа қатесін µ әріпімен белгілейміз және оның шамасы жалпы жиынтықтағы өзгерменің дәрежесі ішінара бақылауға алынған бірліктердің мөлшеріне тығыз байланысты. Сонымен қатар орташа қате, қайталанатын және қайталанбайтын іріктеу әдістерінің қолданылуымен байланысты

Изображение слайда
12

Слайд 12

Қателік ” деген ұғым “өлшеу нәтижесінің қателігі” және “өлшеу құралдарының қателігі” деген түсініктемелерден тұратын метрологияның ең маңызды мәселесі. Өлшеу нәтижесінің қателігі – ол өлшеу нәтижесі Х пен өлшенетін шаманың ақиқат (немесе нақты) мәні Q арасындағы айырымы: µ = X – Q Ол өлшенетін шама мәнінің анықталмау шегін көрсетеді. Өлшеу құралдарының қателіктері – ол ӨЖ көрсеткіштері мен өлшенетін ФШ-ның айғақты (немесе нақты) мәндері арасындағы аралықты көрсетеді. Ол берілген құралдар арқылы жүргізілген өлшеу нәтижелерінің дәлділігін сипаттайды.

Изображение слайда
13

Слайд 13

Өлшем қатесінің түрлері Өлшем қателері олардың пайда болу себептеріне байланысты жүйелі қате және кездейсоқ қате болып екіге бөлінеді. Және өлшеу кезінде өте үлкен дөрекі қателер де болуы мүмкін. Заң бойынша, дөрекі қателер (ағат қателер) есепке алынбай өлшем нәтижелерінен шығарылып тасталынады.

Изображение слайда
14

Слайд 14

Жүйелі қате – бірдей ФШ-ны кайталап өлшеу кезінде тұрақты түрде қалатын немесе ережелерге сәйкес өзгеретін өлшеу нәтижелерінің құрамы болып табылады. Оның ерекшелігі - олар алдын ала болжанып, табылады және осыған байланысты құраушы түзетпелерді енгізе отырып, толығымен жойыла алады.

Изображение слайда
15

Слайд 15

Екі эксперименттің нәтижелерін салыстыру арқылы компьютер сәулетіне оқытуда студенттердің кәсіби даярлығын жетілдірудің артқаны байқалды. Компьютер сәулеті бойынша студенттердің білімі, білігі, машығының өзгеру динамикасы

Изображение слайда
16

Слайд 16

Кездейсоқ қате – қандай да бір ФШ-ны бірдей жағдайларда ұқыпты түрде қайталап өлшеу кезінде кездейсоқ түрде (таңбасы мен мәні бойынша) өзгеретін өлшеу нәтижелерінің бір құрамы болып табылады. Мұндай қателіктер пайда болған кезде ешқандай заңдылыққа жүгінбейді, ол бірдей шамаларды қайталап өлшеу нәтижесінің кейбір шашырандысы түрінде алынады. Кездейсоқ қателіктерден біз құтыла да, жоя да алмаймыз, олар әрқашан да өлшеу нәтижелерінде болады. Кездейсоқ қателіктер кездейсоқ процесстер мен математикалық статистика теориясы негізінде ғана бейнеленуі мүмкін.

Изображение слайда
17

Слайд 17

Өлшем нәтижелерін жүйелі қатеден арылтқанмен кездейсоқ қатеден арылта алмаймыз. Әйтседе, кездейсоқ қатені азайтуға болады Ол үшін берілген физикалық шаманы бір емес бірнеше рет қайталап өлшеп, алынған нәтижелердің кездейсоқ қатесін ықтималдық теориясы мен статистикалық математика заңдарын қолданып анықтаймыз. Кездейсоқ қателердің қандай себептердің әсерінен болатынын алдын ала білу қиын. Мұндай себептер күтпеген жерден болатын факторлар, мысалы, өлшеуіш аспаптар элементтерінің қисайып тұруы, олардың тректерінде үйкеліс моменттерінің өзгеруі, сыртқы факторлардың (мысалы, температура, қысым) тұрақсыз болуы, тәжірибе жүргізушінің сезім (есту, көру, т.б.) мүшелерінің кемістігі т.с.с.

Изображение слайда
18

Слайд 18

Кездейсоқ қателіктің жүйелі қателіктен айырмашылығы, оны өлшеу нәтижесінен түзету жолы арқылы жоя алмаймыз, бірақ оларды бақылау санын жоғарлату жолымен азайтуға болады. Сондықтан да нәтижені өлшенетін шаманың шын мәнінен минималды аз ғана ерекшеленетін түрде алу үшін, қажетті шаманы тәжірибеде берілген мәндерді математикалық тізбекті өңдеу арқылы көп ретті өлшеу керек.

Изображение слайда
19

Слайд 19

Дөрекі қате. Дөрекі қате деп мәні ықтимал қателерден де үлкен қатені айтады. Дөрекі қателері бар нәтижелер әдетте есепке алынбайды. Дөрекі қателер көбінесе тәжірибешінің ағаттығынан (жеткіліксіз назар аударуы, прибордың көрсеткіштерін дұрыс есептемеуі, нәтижелерді қате жазып алуы т.с.с.), өлшем аспаптарының бұзылуынан, әсер ететін сыртқы жағдайлардың (температура, қысым т.б.) кенеттен өзгеруінен және басқа кездейсоқ факторлардың әсерінен болады. Мұндай қателерді болдырмау үшін тәжірибені өте мұқият, ұқыпты орындап, нәтижелерді дұрыс жазып алу қажет.

Изображение слайда
20

Слайд 20

Өлшем қатесі мына екі шаманың қосындысы ретінде көрсетіледі: - кездейсоқ қате; - жүйелі қате. Кездейсоқ қате жүйелі қатеден кіші болған жағдайда оны одан әрі азайтуға тырысудың қажеті жоқ, өйткені өлшем дәлдігі бұдан көбеймейді. Дәлдікті арттыру үшін бұл жағдайда жүйелі қатені азайтудың жолдарын іздестіру қажет. Ал егер кездейсоқ қате жүйелі қатеден үлкен болса, онда ең алдымен кездейсоқ қатені азайту керек.

Изображение слайда
21

Слайд 21

Өлшенетін шаманың мәні шын мәнінен ауытқуын азайту үшін өлшемді бір емес, бірнеше рет қайталап жүргізеді. Бір рет өлшегенге қарағанда бірнеше рет қайталап өлшегеннен алынған мәліметтердің арифметикалық орта мәнінің кездейсоқ қатесі аз болады. Өлшемді неғұрлым көп рет қайталаған сайын кездейсоқ қатенің мәні соғұрлым азаяды. Өлшемді қанша рет қайталау керектігі (өлшем саны) жүйелі қатемен кездейсоқ қатенің ара қатынасына байланысты. Осыдан мынадай екі ереже шығады: өлшемнің дәлдігі жүйелі қатемен анықталынса яғни жүйелі қате кездейсоқ қатеден едәуір артық болса, онда өлшемді бір рет қана жүргізу керек. - өлшемнің дәлдігі кездейсоқ қатемен анықталынса онда өлшемді көп рет қайталау керек. Неше рет қайталау керектігі шаманың арифметикалық орта мәнінің кездейсоқ қатесі оның жүйелі қатесінен аз болуымен байланысты. Өлшемді жеткілікті рет қайталағанда өлшемнің дәлдігі жүйелі қатемен ғана анықталатын болады.

Изображение слайда
22

Слайд 22

Кездейсоқ қате жүйелі қатеден төмен болатынын алдын ала білген жағдайда өлшеу бір-ақ рет жүргізіледі. Мысалы: дәлдігі 1мм. сызғышпен қарындаштың ұзындығын өлшеген кезде кездейсоқ қате 1мм-ден әлде қайда аз болатындықтан өлшеуді бір-ақ рет жүргізсе жеткілікті. Сол сияқты, сауда орындарының таразыларымен өлшем бір рет қана жүргізіледі, өйткені мұндай таразылардың дәлдігі 5 г, демек жүйелі қатенің мәні де 5 г, ал кездейсоқ қате 5 г аз. Лабораториялық дәл таразылармен өлшеген кезде кездейсоқ қате жүйелі қатеден көбірек болады, сондықтан өлшем дәлдігін арттыру үшін өлшеуді бірнеше рет қайталаған жөн.

Изображение слайда
23

Слайд 23

Прогрестенуші қателік – бұл қателіктердің уақыт бойынша өзгеруінің тұрақсыз кездейсоқ процессі үшін спецификалық ұғым, ол кездейсоқ және жүйелі қателік ұғымдарына келтіріле алмайды. Бұлар тек тұрақты кездейсоқ процесстер үшін ғана сипатты. Прогрестенуші қателік тұрақсыз кездейсоқ процесстің ағынды математикалық күтілуінің уақыт бойынша тұрақсыздығымен қатар, оның түрі мен дисперсиясының таралу заңдылығында уақыт бойынша өзгеруі салдарынан туу мүмкін.

Изображение слайда
24

Слайд 24

Қателіктерді бағалау принциптері Қателіктерді бағалау өлшеу нәтижелерінің дәлдігі жөніндегі объективті берілгендерді алу мақсатында жүргізіледі. Өлшеу нәтижесінің дәлділігі қателіктермен сипатталады. Өлшеу қателігі нақты математикалық модельмен сипатталады, ол модельді таңдап алу қателіктер жөніндегі априорлы ақпараттар мен өлшеу кезінде алынған берілгендер арқылы дәлелденеді. Таңдап алынған модельдің көмегімен қателіктің сол бір қасиеттерінің мөлшерлі өрнектелуі үшін қолданылатын сипаттамалары мен параметрлері анықталады.

Изображение слайда
25

Слайд 25

Қателіктердің сипаттамаларын нүктелі және интервалды деп бөлу қабылданған. Нүктеліге кездейсоқ қателіктің ОКА-сы (СКО) мен жүйелі қателіктің модулінің жоғарғы шегі жатады, интервалдыға - өлшеу нәтижесінің анықталмаған шегі жатады. Егер осы шекаралар кейбір ықтималдылықтың жауабы ретінде анықталса, онда олар сенімді интервалдар деп аталады. Егер де қателіктің минималды мүмкін шегін, нақты жағдайда, сондай қателіктерді кездестіре алмасақ, онда олар шекті (шартсыз) интервалдар деп аталады.

Изображение слайда
26

Слайд 26

Жүйелі қателіктерді алу және жою тәсілдері Жүйелі қателік өзінше ӨЖ-нің физикалық, конструктивті және технологиялық ерекшеліктеріне тәуелді әсер етуші факторлардың нақты функцияларын, оларды пайдалану жағдайларын, және сонымен қатар бақылаушының жеке сапасын береді. Жүйелі қателіктер кезінде алынған бақылау нәтижелері түзетілмеген деп аталады. Өлшеу кезінде жүйелі қателіктерді максималды дәрежеде жоюға және әсерін ескеруге тырысады. Оған мына жолдар арқылы жетуге болады: қателіктердің қорек көзін өлшеуді бастамай тұрып алып тастау. түзетулерді анықтап, оларды өлшеу нәтижесіне енгізу; жойылмаған жүйелі қателіктердің шегін бағалау;

Изображение слайда
27

Слайд 27

Тұрақты жүйелі қателіктерді жою үшін әртүрлі әдістер қолданылады. Орын басу әдісі, өлшенетін шаманы белгілі шамамен алмастыру арқылы жүзеге асатын салыстыру әдісінің бір түрі болып табылады, бұл кезде барлық қолданылатын өлшеу құралдарының күйі мен әрекетінде ешқандай өзгеріс жүрмейді. Бұл әдіс есептің толық шешімін береді. Оны пайдалану үшін, онда өлшенетін шамамен біртекті реттелетін өлшем болу қажет. Қарама-қарсы қою әдісі екі рет өлшенетін және екі жағдайда да тұрақты қателіктің себебі әртүрлі, бірақ бақылау нәтижесінің заңды әрекеті бойынша белгілі болатындай етіп жүргізілетін салыстыру әдісінің бір түрі болып табылады.

Изображение слайда
28

Слайд 28

Қателіктерді таңбасы бойынша компенсациялау әдісі (жүйелі қателіктің таңбасын өзгерту әдісі) екі рет бақылап өлшеуді қарастырады, ондағы бақылау тұрақты жүйелі қателік әрбіреуінің нәтижесіне әртүрлі таңбалармен кіретіндей етіп орындалады. Рандомизациялау әдісі – белгісіз тұрақты жүйелі қателіктерді жою тәсілінің аса универсалды түрі. Оның мәні бірдей шама әртүрлі әдістермен (аспаптармен) өлшенетіні. Олардың әрқайсысының жүйелі қателіктері барлық жиынтықтың әртүрлі кездейсоқ шамалары болып табылады. Осының салдарынан қолданылатын әдістердің (аспаптардың) санын көбейткен кезде жүйелі қателіктер өзара компенсацияланады

Изображение слайда
29

Слайд 29

Өлшеу жүйелері Қазіргі өндірістердің күрделенуі мен ғылыми зерттеулер-дің дамуы жүздеген және мыңдаған физикалық шамаларды бірмезгілде өлшеу мен бақылау қажеттілігіне алып келді. Адамның үлкен көлемдегі ақпараттарды қабылдап алу мен өңдеу мүмкіншіліктеріне табиғи физиологиялық шектеулері өлшеу жүйелері сияқты осындай ӨЖ тудырудың бір себебі болды. Өлшеу жүйелері – бұл берілген объектіге автоматты басқару жүйесінде автоматты өңдеуге, беруге және (немесе) қолану үшін қолайлы түрдегі физикалық шамалар жөніндегі өлшеу ақпараттарының сигналын өңдеу үшін арналған байланыс каналдарымен бір-бірімен байланысқан өлшеу құралдары, есептеу техника құралдары және көмекші қондырғыларының функционалды түрде біріккен жиынтығы. Оларға мысал болып күрделі өнеркәсіптерде дамыған және қандай да бір бұйымды өндірудің технологиялқ процесін бақылауға арналған жүйелер жатады, мысалы болат, электрэнергия және т.б. өндірістері.

Изображение слайда
30

Последний слайд презентации: Қ. А. ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ Кафедра: Адам

Пайдаланылған әдебиеттер Лукьянова Е.А. Медицинская статистика 2002 Медик В.А. Токмачев М.С. Фишман Статистика в медицине и биологии 2000 Google. ru

Изображение слайда