Презентация на тему: ПРЕЗЕНТАЦИЯ ТАҚЫРЫБЫ: « Дәрі - бірде дос, бірде қас » Тексерген: Балмұханов

ПРЕЗЕНТАЦИЯ ТАҚЫРЫБЫ: « Дәрі - бірде дос, бірде қас » Тексерген: Балмұханов

Назар аударғандарыңыз үшін көп - көп рахмет!!!
1/23
Средняя оценка: 4.3/5 (всего оценок: 64)
Код скопирован в буфер обмена
Скачать (1786 Кб)
1

Первый слайд презентации

ПРЕЗЕНТАЦИЯ ТАҚЫРЫБЫ: « Дәрі - бірде дос, бірде қас » Тексерген: Балмұханов В.М. Орындаған: Еркінқызы А. ЖМ11-12-2к Алматы 2012 ж.

Изображение слайда
2

Слайд 2

Жоспары: Дәрі туралы жалпы түсінік «Фармакогенетика» ұғымы Дәрілердің адам ағзасына әсер ету механизмі Дәрінің бәрі ем емес

Изображение слайда
3

Слайд 3

Дәрі-дәрмек - емдік немесе алдын ала емдеу мақсатында қолданылатын заттар немесе олардың қоспасы. Сот медицинасында дәрі-дәрмектер олардын адамдарға психикалық немесе физикалық, әсер ету кабілеті арқасында ерекше маңызға ие болды. Өз-өзіне қол салу мен өлтіру кезіндегі өлім себебі сапасына дәрі-дәрмек үлесінің маңызы зор болғанымен, бірак барлық осындай жағдайларда денсаулыққа зиян келтіру немесе өлімге душар ету негізгі мақсат болып табылмайды.

Изображение слайда
4

Слайд 4

Адам ағзасының дәрі-дәрмектерге фармакологиялық реакция түрінде жауап қайтаруындағы генетикалық факторлардың рөлін зерттейтін ғылым саласы- фармакогенетика болып табылады. Оны алғаш ғылымға 1959 жылы Фогель енгізген.

Изображение слайда
5

Слайд 5

Генетикалық зерттеулер ауру адамда дәрілерді қабылдау кезінде байқалатын жеке дара сезімталдығы мен жауап қайтару реакциясының ерекшелігі генетикалық факторларға байланысты екенін көрсеткен. Фармакогенетикаға назар аудару әр адам ағзасының нақты дәрілердің түріне өзгеше реакция көрсететіні жайлы баспа бетіне жарияланғаннан кейін тіпті, арта түсті.

Изображение слайда
6

Слайд 6

Ауру адамдардың қабылдаған дәрілері жағымды емдік әсер етуге дейін ағзада күрделі алмасу алмасу процестеріне ұшырайды. Дәрілер қанға сіңіріліп бүкіл денеге таралады (мүше, жасуша, органелдерге дейін), күрделі метаболизмдік әрекеттерден соң түзілген ыдырау өнімдері сыртқа шығарылады.

Изображение слайда
7

Слайд 7

Соңғы 20 жылда қарқынды жүргізілген зерттеулер бірқатар гендердің жеке тұқымдастарының фармакогенетикалық рөлін ашып көрсетті. Жеке адамдардың немесе шағын адамдар тобының дәрі-дәрмектерге сезімталдығы түрліше болуына байланысты : жағымды көрінген, орташа және әлсіз деп бөлген.

Изображение слайда
8

Слайд 8

Әдеби мәліметтер бойынша ауру адамдардың 10-40%-да қабылданған дәрілердің айтарлықтай тиімділігі болмайды. АҚШ-та жылына 100000-ға жуық адам қабылдаған дәрілерге жағымсыз реакция байқалуы себепті қайтыс болса, 2 млн-нан артығы ауыр жағдайда ауруханаларға түседі.

Изображение слайда
9

Слайд 9

Адам ағзасының дәрігерлерге жағымсыз реакциялармен жауап қайтаруының 20-95%-ның себебі генетикалық факторлар екені толық дәлелденді. Сондай-ақ популяциядағы адамдардың дәрі-дәрмектерге түрліше реакция түрінде жауап қайтаруының бірден-бір себебі генетикалық полиморфизм деп тұжырымдалды.

Изображение слайда
10

Слайд 10

Қазір елімізде 600-дей дәрі-дәрмек түрі шы­ға­рылады екен. Күн санап дәрі-дәрмек түрлері де көбейіп жатыр. Кейбіреулерінің аты басқа болғанымен, заты бірдей. Қасиеттері ортақ. Бірақ, біздің миымыздағы қаптаған жарнаманың әсерінен олардың ішіндегі шынайы жақсысын таңдаудан қалдық. Мәселен, « танымал » ауру тұмау кезінде қолданылатын « Фервекс », « Coldrex », « Инсти-шайдың » ат­қаратын қызметі бір. Жар­на­масы өтімді болғандықтан тұмау кезінде осы дәрілерге деген сұраныс артатыны сөзсіз. Алайда, көпшілігіміз олардың қарсы көрсеткішіне мән бере бермейміз.

Изображение слайда
11

Слайд 11

Дәрі-дәрмектің де басқа тауарлар секілді түпнұсқасы мен жасанды түрі болады. Сол себеп­ті айқайлаған жарнама күдік тудырады. Сапалы дәрінің қанша жерден жарнамасы мықты бол­ғанымен бағасы төмен болмайды. Мы­салы, « Циметидин » деген дәріні 13 түрлі синтездік жолмен шығаруға болады екен. Оның әрқайсысының құрамында қосалқы заттар болады. Демек, адамға тигізетін әсері де әртүрлі.

Изображение слайда
12

Слайд 12

Ешкім ауруды сұрап алмайды. Десек те, жылт еткен жарнамадағы дәрілерді дәрігердің кеңесінсіз қол­дануға болмайтыны тағы бар. Кейде бір дәрі үстіне екіншісін қа­тар қолдануға болмайды. Мәселен, 1959-1962 жылдары АҚШ пен Австралия, Еуропа елдерінде жүкті аналардың « Талидомид » деп аталатын ұй­қы дәрісін қабылдауынан 10 мыңнан астам бала кемтар болып туылған.

Изображение слайда
13

Слайд 13

Дәрі-дәрмектің әлем бойынша 2000-нан астам түрі бар. Кейде, тіпті, тәжірибелі медицина қызметкерлерінің өзі биологиялық белсенді қос­па мен дәрілік затты ажы­ра­та алмай қалып жатады. Сапа­сы сын көтермейтін дәрі­лік препараттардың жолын кесу ісі де қиын. Ондай дәрі-дәр­мектерді сатушылар орын тал­ғамайды. Оларды жарнамалау да астыртын жүргізілетін көрінеді.

Изображение слайда
14

Слайд 14

Бүгінде еліміз қажетті дәрі-дәрмектің 80 пайыздан астамын сырттан алады. Оның басым бөлігі Ресей, Украина, Беларуссия мемлекеттері мен Еуропа, Азия елдерінен, соның ішінде Қытайдан әкелінеді. Ал қалған 20 пайызға жетер-жетпесін Шымкент қаласындағы « Химфарм » зауыты мен Алматы және Павлодар қалаларындағы шағын зауыттар қамтамасыз етіп отыр. Оның өзі аурудың алдын алатын таблеткалар мен дәрілік өсімдіктің сығындылары ғана.

Изображение слайда
15

Слайд 15

Алушы мен сатушының арасында ешқандай жауапкершілік жүктелмейді. Сондай арзан әрі аса қауіпті дәрілердің бірі – арықтататын дәрілер. Әсіресе қыз-келіншектер ғаламтор бетін ақтарып отырып, өзіне қажеттісін тауып, оп- оңай тапсырыс бере алады. Ал ғаламторға қолы жетпегендер еліміздегі кез келген базарға барып іздегенін тауып жатады. Мамандар осындай жолмен ел аумағында « L і Da» және « Жуйдамин » секілді тыйым салынған дәрілердің сатылып жатқанын айтады. Ал шын мәнінде бұл дәрілердің АҚШ және Батыс елдерінде сатуға мүлдем тыйым салынғанын ешкім ескере бермейді.

Изображение слайда
16

Слайд 16

Құрамында психотроптық әсері бар заттар болғандықтан фенфлурамин мен фентермин секілді дәрілерге бұл елдерде тыйым салынған болатын. Артық мөлшерде қолданған бірнеше адамның қаза табуына байланысты батыс елдері сонау 1990 жылдардан бастап аталмыш дәрілерді сатқан адамды қуғындауға көшкен. Өткен жылы Маңғыстау облысында Ішкі істер департаментінің мамандары бұл дәрілердің құрамынан есірткілік заттарды тауып, сатуға тыйым салған болатын. Оны шамадан көп пайдаланған адамдардың көз алдына түрлі елестер көрініп, ұйқысы бұзылып, психикалық өзгерістерге ұшырау оқиғалары байқалған. «Ал тұрақты түрде пайдаланған адамдар бірте-бірте оған тәуелді болғанын байқамай да қалады », – дейді мамандар.

Изображение слайда
17

Слайд 17

Солпадеин, юниспаз, антиспазм және пенталгин -п сынды дәрілер осындай қауіпті топқа жатады. Ауырсынуды басып, бас, жүйке, буын ауруларына оң әсер ететін аталмыш дәрілердің құрамында кодейн ( апиын (мак) өсімдігінен алынады – ред.) атты есірткі тектес зат бар екен. Ебін тапқандар пенталгин мен бензинді араластыра отырып, өте күшті наша түрін дайындап шығарады екен.

Изображение слайда
18

Слайд 18

Әсері героиннен еш кем түспейтін, бірақ құны ондаған есе арзан, әрі жасалуы оңай бұл есірткі түрі « қолтырауын » ( дезоморфин ) деген атпен елге танымал болған дейді мамандар. Оған тәуелді болған адам бар- жоғы бір-екі жыл өмір сүреді екен. Адамның ағзасын шірітіп жібереді. Қазір еліміздегі әрбір төртінші нашақор осы « қолтырауынға » тәуелді болып үлгерген. « Қолтырауынның » осыншама тез танымал болуына оның қол жетімділігі себеп болып отыр. Аталмыш дәрілер осы уақытқа дейін дәріханаларда бар- жоғы 150-200 теңге аралығында еркін сатылып келді.

Изображение слайда
19

Слайд 19

Анальгин дәрісі : Қызу түсіретін, бас ауруын жазатын қасиеті бар. Алайда бұл дәрі түрін жүр­ек айныту әсерінің өте жоғары болуына байланысты 1991 жылы Дүниежүзілік денсаулық ұйымы (ДДҰ) қолданбау туралы ұсыныс жа­саған. Себебі ол адамды жұқпалы ин­фекциядан иммунологиялық қор­ғанышсыз қалдыратын көрінеді. Осыдан кейін әлем­нің 39 елінде тіркеуден алын­ып тасталған. Аталған дәрі Қазақстанда әлі күнге дейін қолданылып келеді.

Изображение слайда
20

Слайд 20

Пара­цетамол: ДДҰ ес­кертуіне қарағанда, оның құрамында 150-ден астам антибио­тик­тер бар. Осыдан барып оны жиі қолданатын адамның бойында антибиотикті сіңір­мей­тін қасиет пайда болады.

Изображение слайда
21

Слайд 21

Ауыра қалсақ, дәрі іздейміз. Денсаулығымыздың басты қорғаушысы деп қабылдап үй­реніп қалғанбыз. Бірақ, жал­ған жарнамаларға сенеміз деп, тағы бір ауру тауып алудан абай болған жөн !!!

Изображение слайда
22

Слайд 22

Орысша-қазақша түсіндірме сөздік-анықтамалық.- Алматы: Жеті жарғы, 2008. «Молекулалық биология негіздері»- Алматы, 2008. http://zan.zanmedia.kz http://www.namys.kz www.google.kz Қолданылған дерек көздері:

Изображение слайда
23

Последний слайд презентации: ПРЕЗЕНТАЦИЯ ТАҚЫРЫБЫ: « Дәрі - бірде дос, бірде қас » Тексерген: Балмұханов: Назар аударғандарыңыз үшін көп - көп рахмет!!!

Изображение слайда