Презентация на тему: Педагог идеалы кәсіби өзін-өзі тану және өзін-өзі дамытудың бағдары ретінде

Педагог идеалы кәсіби өзін-өзі тану және өзін-өзі дамытудың бағдары ретінде
Педагог идеалы кәсіби өзін-өзі тану және өзін-өзі дамытудың бағдары ретінде
Педагог идеалы кәсіби өзін-өзі тану және өзін-өзі дамытудың бағдары ретінде
Педагог идеалы кәсіби өзін-өзі тану және өзін-өзі дамытудың бағдары ретінде
Педагог идеалы кәсіби өзін-өзі тану және өзін-өзі дамытудың бағдары ретінде
Педагог идеалы кәсіби өзін-өзі тану және өзін-өзі дамытудың бағдары ретінде
Педагог идеалы кәсіби өзін-өзі тану және өзін-өзі дамытудың бағдары ретінде
Педагог идеалы кәсіби өзін-өзі тану және өзін-өзі дамытудың бағдары ретінде
Педагог идеалы кәсіби өзін-өзі тану және өзін-өзі дамытудың бағдары ретінде
1/9
Средняя оценка: 4.8/5 (всего оценок: 92)
Код скопирован в буфер обмена
Скачать (99 Кб)
1

Первый слайд презентации

Педагог идеалы кәсіби өзін-өзі тану және өзін-өзі дамытудың бағдары ретінде

Изображение слайда
2

Слайд 2

1. Педагогтің кәсіби өзін-өзі тануы және өзін-өзі дамытуы. Педагогтың кәсіби біліктілігі кәсіби құзырлылықтан көрініс табады. Педагогтардың кәсіби құзырлылығы – оның мақсат, мән, құрылым, құрал, тәсілдер жөніндегі ақпараттануын, кәсіби қызметін, осы қызмет технологиясын меңгеруін, педагог қызметінің маңыздылығын түсінуін қамтамасыз ететін педагогтің жеке психологиялық сапаларын жетілдіру және стандартты емес тасымалдарды орындауға қабілеттілігі. Құзырлылық оқытушының мамандықпен ғана шектеліп қалмай, ауқымды сұрақтар төңірегінде бағытталуын, кәсіби мобилділігін, өзгерістерге ашықтығын, өз білімін дамытуға дайындығын қамтамасыз етеді. Кәсіби құзырлылық негізіне тәжірибелік біліктілік жатқызылады. Ол педагогикалық тапсырмаларды орындауға бағытталған педагогикалық әрекеттер жүйесі. Кәсіби білікті мұғалімнің бойынан: ақпараттық – мазмұндылық; әлеуметтік – мазмұндылық; әлеуметтік – тұлғалық; рухани – адамгершілік; операциялық – процессуалдық құзырлылықтар кездеседі. Педагогтың шығармашылығын дамытудың қысқаша формуласы: «теориялық білім + тәжірибе рефлекциясы = даму». Ең бастысы, заман талабына сай білім беру мен тәрбиелеудегі тиімді ізденістер және әр елдің озық тәжірибелерін жүзеге асырып, әлемдік педагогиканың озық үлгілерін жаңашылдықпен дамыту, қоғамдық ортада өз ойын еркін айта алатын, мәдени – рухани құндылықтарға жан дүниесі бай, саналы, тәрбиелі азамат қалыптастыру - әр ұстаздың басты міндеті болуы керек.

Изображение слайда
3

Слайд 3

2. Педагог тұлғасының құрылымдық компонеттері. Құндылықтар жүйесі – индивидтің өмір сүріп отырған қоғамдағы идеология мен мәдениетті бейнелейді. Құндылықтар адамның әртүрлі материалдық, моральдік, саяси және рухани құндылықтарға деген қатынасының ішкі негізін көрсетеді. Қоғамдық құндылықтар біріккен, мағыналы іс-әрекет үрдісінде қалыптасады және топ мүшелерінің әртүрлі әлеуметтік объектілер мен құбылыстарға деген қатынасын анықтайды. Мемлекет дамуының өтпелі кезеңінде саясат, экономика, әлеуметтік психологиялық аймақтар өзгеріске ұшырауда. Нәтижесінде құндылықтардың иерархиялық құрылымдары да өзгеруде. “Құндылық” терминіне философияда, социологияда, этика мен психологияда көптеген әртүрлі анықтамалар беріледі. Біздің ойымызша келесі анықтама құндылық ұғымын толық ашатын тәрізді. Құндылық – іс-әрекеттің әдісі мен құралдарын анықтайтын идеяның, көзқарастың және оларға сәйкес әлеуметтік психологиялық құрылымдардың жиынтығы. Тұлғалық құндылықтар қажеттілікпен өзара әрекет жасай отырып, социогенез үрдісінде қалыптасады. Адам әлеуметтік тәжірибесін өзіндік құндылыққа айналдырады. Құндылықтар адамның мінезінің күрделі, тұрақсыз, түр өзгеріске ұшырап отыратын реттегіштері. Қазіргі кезде ғылымда педагог тұлғасының құрылымдық компоненттерін, оның іс-әрекеті мен қарым-қатынасын, кәсіби компетенттілігінің ерекшеліктерін анықтауда әртүрлі көзқарастар қалыптасқан. Педагог тұлғасының маңызды құрылымдылық компоненттеріне кәсіби педагогикалық бағыттылық, кәсіби белсенділік, кәсіби білімдер мен шеберліктер, кәсіби педагогикалық қабілет, ес, ойлау мен қиял, кәсіби өзіндік сана, құндылықтар қатары енеді [2]. Тұлғаның кәсіби – педагогикалық бағыттылығы - өзіне, іс-әрекетке, балаларға деген қатынастардың ерекше класымен анықталады. Кәсіби- педагогикалық бағыттылықтың дамуы төмендегі факторларға байланысты: педагогтың тұлғалық ерекшеліктері, оның қызығушылықтары, өзін-өзі дамытуға деген ұмтылыс, басшылар тарапынан педагогикалық іс-әрекеттің ұйымдастырылу ерекшеліктері, ұжымдағы өзара әрекеттің ерекшеліктері т.б.

Изображение слайда
4

Слайд 4

Кәсіби белсенділік педагогтың өзінің іс-әрекетінің аймағын кеңітуге деген ұмтылысымен, оқытудың жаңа формалары, әдістері мен құралдарын іздестірумен, әріптестермен, ата-аналармен, оқушылармен жақсы қарым-қатынаста болуымен, өзін-өзі тәрбиелеудің барлық амалдары мен құралдарын қолдана отырып, өзін-өзі дамытумен айналасуымен сипатталады. Қарастырылатын мәселелер контексінде кәсіби белсенділік - өзін-өзі дамытудың маңызды шарты болып табылады. Кәсіби білімдер мен шеберліктер кәсіби даярлықтың мазмұнын құрайды педагогтың білімдері мен шеберліктері болмаса, ол өз функцияларын жүзеге асыра алмайды. Кәсіби білімдер алуан түрлі. Оларға өз пәнін білу, педагогика, психология, әдістемелері аймағындағы білімдер, өзіндік кәсіби мүмкіндіктерін білу жатады. Арнайы шеберліктерге: аналитикалық, проективті, рефлексивті, дамытушылық, коммуникативті, перцептивті шеберліктер жатады. Педагогтың меңгерген білімдері – оның компетенттілік деңгейін анықтайды. Педагогикалық қабілеттер әрбір педагогтың тұлғалық потенциалын сипаттайды. Адамның өз бойынан педагогикалық қабілетті байқауы педагог болуға деген сәйкес кәсіби көзқарасты қалыптастырады.

Изображение слайда
5

Слайд 5

Педагог бойынан табылатын маңызды қабілеттер қатары төмендегідей: 1. Академиялық – математика, физика, әдебиет, шет тілі сияқты ғалым аймақтарына сәйкес қабілет. Бұндай қабілет мұғалімнің ғалымға деген жоғары қызығушылығынан көрінеді; 2. Дидактикалық – оқушыларға оқу материалын түсінікті, ұғынықты, қызықты етіп беру. Бұл үрдіс нәтижесінде оқушылар білім жағынан жоғары нәтижелер көрсетеді; 3. Перцептивті – балалардың ішкі дүниесіне ену, баланың тұлғасын түсінумен байланысты психологиялық бақылығыштық қабілетінің болуы; 4. Коммуникативті - балалармен жасалатын продуктивті қарым-қатынас, сенімді өзара қарым-қатынас орнату қабілеті; 5. Сөздік – педагогтың өз ойын айқын, анық тілмен айтуы, сөйлеу мәдениетін меңгеруі; 6. Ұйымдастырушылық – оқушылар ұжымын бірлікке шақыру қабілеті, өзінің жұмысын ұйымдастыру, жұмысқа арналған уақытты дұрыс пайдалана алу шеберлігі; 7. Проективті – педагогтың, оқушылардың іс-әрекетін, сабақ сценариін, сыныптан тыс шараларды шеберлікпен құруы; 8. Авторитарлы – балаларға эмоционалдық-еріктік әсер ету, осы негізде авторитетке жету: педагогикалық қиял, өзінің және басқалардың әрекеттерінің нәтижесін алдын-ала көре білу шеберлігі.

Изображение слайда
6

Слайд 6

Аталған қабілеттер педагогтың білімі, шеберлігі мен қабілетін толық ашып көрсете алмайды, бірақ олар туралы көзқарастар қалыптастырады. Кәсіби өзіндік сананың объектісі кәсіби маңызды тұлғалық сипаттамалар мн ерекшеліктер болып табылады. Педагог тұлғасының құрылымдық компоненттерін қысқаша сипаттай отырып, олардың педагогтық индивидуалдылығын құрайтынын және қарым-қатынас пен іс-әрекеттен көрінетіндігін атап өткен жөн.

Изображение слайда
7

Слайд 7

Педагогикалық іс-әрекеттің құрылымына келесі компоненттер кіреді: 1. Конструктивті - өзіндік іс-әрекеттің және білім беру үрдісіндегі басқа субъектілердің іс-әрекеттерінің әдістері, формалары, мазмұнын- жоспарлаумен байланысты іс-әрекет; 2. Ұйымдастырушылық – педагогтың ойлаған ойын тәжірибе жүзінде іске асыру қабілетінен, оқыту үрдісін ұйыдастыруынан көрінеді; 3. Коммуникативті – педагогтың балалармен қатынас жасау шеберлігімен байланысты іс-әрекеті; 4. Шығармашылық – педагогтың педагогикалық міндеттерді жаңаша шеше алу қабілеттілігі. Үрдістік көзқарас тұрғысынан қарастырсақ, педагогикалық іс-әрекет педагогикалық мақсаттар мен міндеттерді қоюды, оларды орындаудың құралдары мен амалдарын таңдауды, оқушылар мен өзінің әрекеттеріне баға беру мен анализ жасауды қамтиды.

Изображение слайда
8

Слайд 8

Алайда, қазіргі еліміздің өркениетті нарыққа бет алған кезеңіндегі туындаған экономикалық, әлеуметтік қиындықтар жастардың адамгершілік қадір-қасиетінің төмендеуіне, салауатты өмір сүру ережелерінің бұзылуына, адамдар арасындағы қатыгездік қылмыстың ең тұрпайы - айуандық, тағылық түрлерінің барған сайын дендеп, рухани жағынан құлдырау үрдісінің күшейе түсуіне әсерін тигізуде. Мұндай жағдайда жастардың қалыпты өмірін қамтамасыз етуге ықпал жасайтын адамгершілік адами қасиеттердің құндылықтарын бағалауда әлеуметтік мәдени ортаның рөлі ерекше.

Изображение слайда
9

Последний слайд презентации: Педагог идеалы кәсіби өзін-өзі тану және өзін-өзі дамытудың бағдары ретінде

Назарларыңызға рахмет!!!!!!!

Изображение слайда