Презентация на тему: Орындаған: Өмірзақ Н. Сыздықова А. Махан Г. Алмағанбетов Е. Әшірбек М. Қ. Тобы:

Орындаған: Өмірзақ Н. Сыздықова А. Махан Г. Алмағанбетов Е. Әшірбек М. Қ. Тобы:
Орындаған: Өмірзақ Н. Сыздықова А. Махан Г. Алмағанбетов Е. Әшірбек М. Қ. Тобы:
Орындаған: Өмірзақ Н. Сыздықова А. Махан Г. Алмағанбетов Е. Әшірбек М. Қ. Тобы:
Кіріспе
Орындаған: Өмірзақ Н. Сыздықова А. Махан Г. Алмағанбетов Е. Әшірбек М. Қ. Тобы:
Батыс түрік қағанаты
Орындаған: Өмірзақ Н. Сыздықова А. Махан Г. Алмағанбетов Е. Әшірбек М. Қ. Тобы:
Хронология
Орындаған: Өмірзақ Н. Сыздықова А. Махан Г. Алмағанбетов Е. Әшірбек М. Қ. Тобы:
ШЫҒЫС түрік қағанаты
Орындаған: Өмірзақ Н. Сыздықова А. Махан Г. Алмағанбетов Е. Әшірбек М. Қ. Тобы:
Орындаған: Өмірзақ Н. Сыздықова А. Махан Г. Алмағанбетов Е. Әшірбек М. Қ. Тобы:
Орындаған: Өмірзақ Н. Сыздықова А. Махан Г. Алмағанбетов Е. Әшірбек М. Қ. Тобы:
Орындаған: Өмірзақ Н. Сыздықова А. Махан Г. Алмағанбетов Е. Әшірбек М. Қ. Тобы:
түрГЕШ қағанаты
Орындаған: Өмірзақ Н. Сыздықова А. Махан Г. Алмағанбетов Е. Әшірбек М. Қ. Тобы:
Орындаған: Өмірзақ Н. Сыздықова А. Махан Г. Алмағанбетов Е. Әшірбек М. Қ. Тобы:
Орындаған: Өмірзақ Н. Сыздықова А. Махан Г. Алмағанбетов Е. Әшірбек М. Қ. Тобы:
ұЙҒЫР қағанаты
Орындаған: Өмірзақ Н. Сыздықова А. Махан Г. Алмағанбетов Е. Әшірбек М. Қ. Тобы:
Орындаған: Өмірзақ Н. Сыздықова А. Махан Г. Алмағанбетов Е. Әшірбек М. Қ. Тобы:
Орындаған: Өмірзақ Н. Сыздықова А. Махан Г. Алмағанбетов Е. Әшірбек М. Қ. Тобы:
Орындаған: Өмірзақ Н. Сыздықова А. Махан Г. Алмағанбетов Е. Әшірбек М. Қ. Тобы:
Қарлұқ қағанаты
Орындаған: Өмірзақ Н. Сыздықова А. Махан Г. Алмағанбетов Е. Әшірбек М. Қ. Тобы:
Орындаған: Өмірзақ Н. Сыздықова А. Махан Г. Алмағанбетов Е. Әшірбек М. Қ. Тобы:
Орындаған: Өмірзақ Н. Сыздықова А. Махан Г. Алмағанбетов Е. Әшірбек М. Қ. Тобы:
Орындаған: Өмірзақ Н. Сыздықова А. Махан Г. Алмағанбетов Е. Әшірбек М. Қ. Тобы:
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Орындаған: Өмірзақ Н. Сыздықова А. Махан Г. Алмағанбетов Е. Әшірбек М. Қ. Тобы:
1/31
Средняя оценка: 4.1/5 (всего оценок: 77)
Код скопирован в буфер обмена
Скачать (4182 Кб)
1

Первый слайд презентации

Орындаған: Өмірзақ Н. Сыздықова А. Махан Г. Алмағанбетов Е. Әшірбек М. Қ. Тобы: ЖМ-401 Қабылдаған: Тақырыбы: ОРТА ҒАСЫРДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТЕР Қ. А. Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті медицина факультеті

Изображение слайда
2

Слайд 2

Изображение слайда
3

Слайд 3

Жоспар IV. Қорытынды 2.1 Батыс түрік қағанаты 2.3 Түргеш қағанаты 2.2 Шығыс түрік қағанаты І. Кіріспе ІІ. Негізгі бөлім 2.4 Ұйғыр қағанаты 2.5 Қарлұқ қағанаты

Изображение слайда
4

Слайд 4: Кіріспе

Қазақ халқының халық болып қалыптасуына бірден-бір себепкер қазақ хандары. Қазақ хандығы құрылған уақытта оны қоршаған, жеріне көз тіккен жаулары көп болды. Міне қазір біз өмір сүріп жатқан Қазақстан мемлекетінің аумағы қазіргідегідей болуы міне осы хандардың соғыста көрсеткен ерліктері мен ұтымды саясаты болды. Соның ішінде қазақтың ұлы ханы Абылай хан ерекше орын алады. Мен Абылай ханның қазақ хандығына тигізген үлесі мен өмірі туралы іздендім.

Изображение слайда
5

Слайд 5

Изображение слайда
6

Слайд 6: Батыс түрік қағанаты

Батыс Түрік қағанаты - Түрік қағанаты ыдырап, екіге бөлінуі нәтижесінде пайда болған ерте ортағасырлық түркілер мемлекеті (603 - 704). Түрік қағанатында саяси-әлеуметтік қайшылықтардың шиеленісуі, оның дербестікке ұмтылған жеке бөліктерінде оқшаулану үрдісінің күшеюі, Шығыс және Батыс қағанаттарының құрылуына алып келді. Батыс Түрік қағанатының негізін Торэмен қаған қалаған деген ғылыми дерек те бар.

Изображение слайда
7

Слайд 7

Батыс түрік қағанаты Жер аумағы Астанасы Жазғы ордасы Оңтүстік –шығысында Іле, Шу өзендерінен солтүстік-батысындаЕділ, Кубань өзені төменгі ағысы, солтүстік-шығысында Есіл, Ертіс өзендерінің жоғары ағысы аралығы. Суяб – Шу бойында Мыңбұлақ – Жамбыл жерінде.

Изображение слайда
8

Слайд 8: Хронология

618-630жж 603-610 жж 610-618жж Тардуш басқарды 627ж 634ж 630ж 640-657жж 659ж 704ж VII ғ аяғы- VIII ғ. басы Шегу биледі Қытай мемлекеті Жетісуға басып кірді қағанат әлсіреді Тон  қаған билік құрды Византияға көмек үшін қол аттандырды қағанатта билік үшін талас басталды нушебилер  қолдауымен Ешбар Елтеріс басқарды түргеш тайпасы қағаны ҮшлікТаң империясымен соғыста беделге ие болды Батыс Түрік қағанаты құлады

Изображение слайда
9

Слайд 9

ТЕРРИТОРИЯСЫ

Изображение слайда
10

Слайд 10: ШЫҒЫС түрік қағанаты

Шығыс Түрік қағандығы –  Түрік қағандығы  ыдырап, екіге бөлінуі нәтижесінде пайда болған ортағасырлық түркілер мемлекеті (687 – 745). Түрік қағандығында саяси-әлеуметтік қайшылықтардың шиеленісуі, оның дербестікке ұмтылған жеке бөліктерінде оқшаулану үрдісінің күшеюі елдің шығыс және батыс болып екіге бөлінуіне алып келді. Бөліну шамамен 6 ғасырдың 90-жылдарына қарай басталды. Бұл кезде шығыс түркілер  Қытайдағы Суй әулетіне қарсы соғысып жатты. 618 ж. Суй әулеті биліктен кетіп, орнына  Тан әулеті  келді. Тан әулетін билеген табғаштар түркілерге қарсы жаугершілік саясат жүргізіп, Шығыс Түрік Қағандығына қарасты тайпаларды ( ұйғыр, теле, байырқы ) орталық билікке қарсы айдап салып отырды. Ақыры 630 ж. табғаштар 100 мың қолмен басып кіріп, түркілерді өзіне бағындырды. Тан билігі жарты ғасырға созылды. Тәуелсіздікті қалпына келтіру үшін түркілер Тан басқыншыларына қарсы Білге Құтылық пен Тоныкөктің бастауымен көтеріліске шықты.

Изображение слайда
11

Слайд 11

Көтерілісшілер 686 ж. Тан патшалығының орталық аймағы Синьчжоуға шабуыл жасады. Оларға тойтарыс берген қытайлар 687 ж. қарсы шабуыл ұйымдастырды. Түркілер қорғана отырып, қазіргі  Моңғолия  жеріндегі Орхон өзені бойындағы  Өтукенге  (моңғ.  Отгон тэнгэр ) қоныстанды және Білге Құтылықты “Елтеріс қаған” (“Елінің басын құраушы”) деген лауазыммен қаған көтерді. 693 ж. Білге Құтылық қайтыс болып, орнына інісі Қапаған қаған таққа отырды. Қапаған Тан патшалығының шекаралық (Цинпин) аймағына шабуыл жасап, Тоныкөкті Алтайдағы он оқ тайпасына немесе Батыс түріктерге қарсы жорыққа аттандырды. Тоныкөк жазба ескерткішінде айтылғандай Шығыс түріктер табғаштармен он жеті рет, қидандармен жеті рет, оғыздармен бес рет соғысып, ел іргесін Хангай жоталарынан Темір қапаққа дейін жеткізді. Қапаған мемлекеттік билік жүйесін орталықтандыру саясатын жүргізді. Тұрақты әскер жасақтады, әрбір тайпа орталыққа алым-салық төлейтін жаңа ереже енгізді. Бұл шаралар тайпа басшылары мен сарай маңындағылардың наразылығын тудырды. Қапағанның орталықтандыру саясатына Тоныкөк те қарсы болды. Нәтижесінде теле аймағы, қарлұқтар бастаған он оқ тайпасы Қытайдың көмегіне жүгініп,  ұйғырлар  батысқа ауды.

Изображение слайда
12

Слайд 12

Қапаған қаған 716 ж. байырқылармен күресте қаза тапты. Осы жылы түріктер Білге қағанды (Могилян) қаған көтерді. Оның інісі  Күлтегін батыр  Шығыс түрік әскерінің бас қолбасшысы болды. Бұл Шығыс түркілер үшін аса ауыр кезең болды. Шығысынан табғаштар, батысында тоғыз-оғыз,  қырық аз (қырғыз),  құрықан, отыз татар, татабы, қытандар бірлесіп, елге қауіп төндірді. Күлтегін бастаған Шығыс түрік әскерлері олармен бірнеше мәрте шайқасып, уақытша тыныштыққа қол жеткізді. Білге қаған қудаланған Тоныкөк бастаған біліктілерді билікке қайта әкеліп, бөлініп кеткен тайпаларды күшпен біріктірді. Ел арасына бүлік салды деген айыппен  Қапаған әулетінің  біліктілері жазаланды. Дегенмен, Білге қағанның жағдайы ауыр, жауы көп болды. Соған қарамастан ол 724 ж. қытайлармен сауда қатынасын ретке келтіріп, нәтижесінде Шығыс Түрік қағандығы мемлекет ретінде 30 жылдан аса ынтымақ бірлікте өмір сүрді. Бірақ бұл ынтымақтастық ұзаққа созылмады. Себебі, Шығыс Түрік қағандығы көптеген тайпаларды күшпен біріктірген құрама мемлекет болатын. Әр тайпа реті келген сәтте орталық билікке қарсы бүлік шығарып отырды. Ақыры 745 ж. бас көтерген ұйғырлар Шығыс Түрік қағандығын біржолата талқандады. Шығыс Түрік қағандығы түркі халықтары тарихында мемлекет құру, азаттық үшін күрестің үлгісі мен ортағасырлық жазба мәдениетінің баға жетпейтін ескерткішін қалдырды.

Изображение слайда
13

Слайд 13

ТЕРРИТОРИЯСЫ

Изображение слайда
14

Слайд 14

Изображение слайда
15

Слайд 15: түрГЕШ қағанаты

Түргеш қағанаты (704–756 жж.) Түрік тектес түргеш тайпалары VI-ғасырда Тянь-Шань таулы аймақтарын мекендеген, ал VII-ғасырда Жетісудың орталық аймақтарын қоныс еткен. Түргеш тайпалары жөніндегі алғашқы мәліметтер Күлтегін ескерткішінде және Қытай жазба деректерінде кездеседі. Ал түргештердің жеке қағандық болып құрылуы туралы дерек "Тоныкөк” жазуында айтылған. Түргеш қағанаты халқының этникалық құрамы негізінен сары және қара түргеш тайпаларынан тұрған. Шу бойындағы түргештер сары, ал Талас аймағындағы түргештер қара түргештер деп аталған. Түргеш қағанаты 704–756 жылдар аралығында өмір сүрді. Бұл кезде Жетісу аймағында араб басқыншыларына қарсы күрес жүріп жатқан болатын. Жетісуда Түргеш қағанаты билеушілерінің негізін қалаушы Үшелік-қаған. Оның билік жүргізген кезі – 699–706 жылдар. Ол Жетісудан Батыс түрік билеушісі Бөрішадты қуып, Ташкенттен Турфанға және Бесбалыққа дейін өзінің өкіметін орнатты. Оның басты саяси орталығы – Шу өзені бойындағы Суяб қаласы. Екінші орталығы – Іле өзені бойындағы Күнгүт қаласы. Үшелік елді 20 ұлысқа бөліп, олардың әрқайсысында 7 мыңнан әскер ұстады.

Изображение слайда
16

Слайд 16

Түргеш қағанатында Үшелік өлгеннен кейін билік оның баласы Сақал-қағанға көшті. Оның ел билеген кезі 706–711 жылдар. Қаған билігі үшін сары және қара түргеш тайпаларының арасында талас-тартыс басталды. Батыста түргештер соғдылармен бірігіп арабтарға қарсы күрес жүргізді. 711 жылы Шығыс түрік қағаны Қапаған Жоңғария жерінде түргештерге соққы беріп, Сырдариядан өтті. 712–713 жылдары арабтарға қарсы түріктер, соғдылар Шаш (Ташкент) қаласы тұрғындары және ферғаналықтар бірігіп күш көрсетті. Мәуеренахрдағы араб иелігіне төніп отырған қауіпті түсінген Күтеиб Шаш қаласын өртеді, 714 жылы ол Испиджабқа шабуыл ұйымдастырды. Екі тайпаның арасындағы тартыста қара түргештер жеңіске жетеді, олар қолдаған Сұлу тархан қаған болады. Түргеш қағанаты Сұлу қағанның (715–738 жж.) тұсында қайта күшейе бастады. Бұл кезде өкімет қара түргеш тайпаларының қолына көшіп, мемлекет орталығы Талас (Тараз) қаласына ауысты. Айлалы саясаткер және күшті әскери қолбасшы Сұлу екі майданда: батыста арабтарға қарсы, шығыста Батыс түрік қағандары мирасқорларын қолдаған Тан империясымен күрес жүргізді. 723 жылы түргештер Ферған қарлұқтарымен және Шаш тұрғындарымен бірігіп, арабтарға күйрете соққы берді. Арабтар 732 жылы өз әскерлерін біріктіріп, түргештерді қирата жеңіп, Бұхара қаласын басып алды.

Изображение слайда
17

Слайд 17

737 жылы Сұлу арабтарға қарсы жорық ұйымдастырып, Тохарстанға дейін жетті, бірақ кейін жеңіліп қалды. Қайтып келе жатқанда, оны өзінің әскери басшысы Баға-тархан өлтірді. Сұлу қаған қаза болғаннан кейін билік үшін "сары” және "қара” түргештердің арасында ұзаққа созылған күрес жүрді. Түргеш мемлекеті өз ішіндегі күрестің нәтижесінде едәуір әлсіреді, мұны Тан (Қытай) империясы ұтымды пайдаланды. 751 жылы Тараздың қасындағы Атлах қаласы жанында Зияд-ибн-Салых бастаған араб әскерлері мен Гао-Сяньчжи басқарған Қытай әскерлерінің арасында 5 күнге созылған қырғын соғыс жүрді. Қытайлықтарға қарсы оның тылындағы қарлұқтар көтерілді. Нәтижесінде Қытай әскерлері жеңіліске ұшырады. Әбден әлсіреген Түргеш мемлекеті 756 жылы құлады. Түргеш қағандығы бар-жоғы жарты ғасырдай өмір сүрді. Оның көп жылдары сыртқы жаулармен соғыста өтсе, ішкі жағдайында да тыныштық болмады. Тайпалар екі жаққа бөлініп, бір-бірімен талас-тартысқа түсті. Мұндай ұзақ уақытқа созылған саяси күрес қағанаттың экономикалық және мәдени жағынан өсіп өркендеуіне кері әсерін тигізді.

Изображение слайда
18

Слайд 18

ТЕРРИТОРИЯСЫ

Изображение слайда
19

Слайд 19: ұЙҒЫР қағанаты

Ұйғыр қағандығы (745 — 840) —  Орталық Азияның  шығыс бөлігінде түркі тілдес тайпалар құрған ортағасырлық мемлекет. Селенга, Орхон, Тола өзендері бойында орналасқан. 8 ғ-дың бас кезінен бастап яглакар руы бастаған тоғыз-оғыз тайпалар одағы Шығыс түрік қағандығына қарсы өз тәуелсіздіктері үшін кескілескен ұрыс жүргізді. Бірте-бірте олар бір мемлекетке бірікті. Жаңа мемлекет Ұйғыр қағандығы деп аталды. 744 ж. Шығыс түрік қағандығының әскерін күйрете талқандаған олар саяси әскери билікті тұңғыш рет өз қолдарына алды. Шығыс түрік қағандығының орнына жаңа мемлекет — Ұйғыр қағандығы пайда болды. Оның астанасы — Орхон өз. бойындағы Қарабаласағұн қаласына орналасты. Алғашқы қаған Пэйло (746) болды. Оның кезінде қағандық аумағы Алтай  тауларынан Үлкен Хинганга, Саян жоталарынан оңт-те  Гоби  шөліне дейін созылды. Пэйло өлгеннен кейін оның баласы  Мойыншор  таққа отырды (746 — 759). Ол мемлекетті нығайтып,  Орта Азиямен  және  Қытаймен  қарым-қатынас орнатты. Мойыншор Тываны  өз қол астына қаратты. Ұйғыр қағандығының әскери және саяси қуатының артқаны соншалық 757 ж.  Қытайда  соғдылық Ань Лу-шань бастаған көтерілісшілер бас көтергенде Қытай императоры Мойыншордан көмек сұрады. Ұйғыр қағандығы түркі тектес көшпелі тайпалардың одағынан тұратын ортағасырлық мемлекет болды.

Изображение слайда
20

Слайд 20

Изображение слайда
21

Слайд 21

Бас билік қағанның қолында шоғырланды. Халық негізінен мал ш-мен және егіншілікпен айналысты. Қала, бекініс, елді мекен салу дами түсті. Қолөнер кәсібі өрге басты.  Сирия  алфавиті негізінде ұйғыр жазуы пайда болды. Ұйғырлардың бір бөлігі буддизм дінін қабылдаса, 8 ғ-дың аяғынан манихей дініне көше бастады. Дегенмен, халықтың негізі тәңіршілдікті ұстанды. Ұйғыр ақсүйектерінің өзара қырқысулары мен тайпалардың қағанның билігіне қарсы күресі салдарынан 8 ғ-дың аяғында қағандық әлсіреді. Ақыры 840 ж. Енисей (Енесай) қырғыздарының соққысынан күйреді. Ұйғырлардың бір бөлігі (15 аймақ)  Алтай  мен  Тарбағатай  аралығындағы Қарлұқ қағандығына қашты. Қалғаны Шығыс Түркістан мен Ганьсу аймағына қоныс аударды. Ұйғыр қағандығы жүз жылдай Қытайдың Орт. Азияға шығуына күшті кедергі болды.

Изображение слайда
22

Слайд 22

ТЕРРИТОРИЯСЫ

Изображение слайда
23

Слайд 23

Изображение слайда
24

Слайд 24: Қарлұқ қағанаты

Қарлұқ қағанаты (756–940 жж.) Қарлұқтар туралы алғашқы мәлімет V ғасырдан бастап белгілі болады. Бұл кезде қарлұқтар Моңғол Алтай тауы мен Балқаш көлінің шығыс жағалауы ара­сын қоныс етіп, көшіп жүрген. VI-VII ғасырларда қарлұқтар Түрік, Батыс түрік және Шығыс түрік қағанаттарының құрамына кіреді. Олар ірі-ірі үш тайпалық – бұлақ, шігіл (себек) және ташли одағына бірікті. Қарлұқ тайпалар одағының билеушісі елтебер деп аталды.

Изображение слайда
25

Слайд 25

Тайпалары Көшпелі және жартылай көшпелі түркі тілдес тайпалар, сондай-ақ түркіленген соғдылар. Діні \ Қарлұқтардың Қазақстанның оңтүстігі мен Жетісудың, отырықшы халықтарымен сіңісіп, ислам дінін қабылдаған.

Изображение слайда
26

Слайд 26

Қарлұқ қағанаты Жер аумағы Астанасы Екінші астанасы Батыс Алтай мен Тарбағатай арасындағы өлке. Қарлұқтардың шағын тобы Хангай ауданында мекендеген. Испиджаб қаласы Баласағұн

Изображение слайда
27

Слайд 27

ТЕРРИТОРИЯСЫ

Изображение слайда
28

Слайд 28

Сыртқы саясаты 812 жылы ұйғырлар қарлұқтарды толық жеңіп, олар Ферғана, Сырдарияға дейін келді. Қарлұқ жабғуларының дербес ел болуға Ұмтылуының Нəтижесінде олар Екінші Шығыс Түрік қағанатының орнына 745 жылы орнаған Ұйғыр қағанатынан бөлініп шықты. Х ғасырдың басында Қарлұқ Қағанатының жағдайы ішкі қырқыс, талас-тартыстардың нәтижесінде әлсіреді. Осы жағдайды пайдаланған Қашғар жеріндегі түрік тілдес тайпалар   940 жылы Баласағұн, Испиджаб қалаларын басып алады да, Қарлұқ мемлекеті құлап, Шу аңғарында Қарахандар әулетінің үстемдігі орнайды. Қарлұқтар өздерінің Тəуелсіздіг үшін 711-712 жж. Шығыс Түрік қағанатына қарсы көтерілді. 791 жылы ұйғырлар Бесбалық түбінде қарлұқтар мен тибеттіктердің əскерлерін талқандады.

Изображение слайда
29

Слайд 29: Қорытынды

Қарлұқ тайпаларынын мекені - Алтай манында орналысқан. 8 ғ. бастап қарлұқтар Жетісуға қоныс аударады. Қарлұқтардың арқасында 751 ж. арабтар Талас бойында түріктермен болған шайқасты жеңеді. Осы кезден бастап қарлұқ тайпалары күшейіп, олардың патшасы өз билігін Алтайда орнатады. 755 ж. қарлұқтар Жетісуда түргештерді женеді. Түргештердің жартысы қарлұқтарға бағынады, ал қалғаны шығысқа таман көшуге мәжбүр болды. Қарлұқтар туралы деректер 5 ғасырға жатады. Ол "бұлақ" деген атпен белгілі. Түркі руна ескерткіштерінде "үш қарлұқ" атын алтай тауы мен Балқаш көлінің шығыс жағалауы арасын қоныс еткен көшпелі тайпалар бірлестігіне айтады. 7 ғ. ортасында қарлұқ бірлестігі құрамына бұлақ, шігіл мен ташлық кірген. Көсемдері Елтабар деп аталған. 766 жылы түргеш қағандарының қос ордасы Тараз бен Суябты қоса, бүкіл Жетісу қарлұқ жабғысының қоластына көшеді. Олар ерте феодалдық мемлекет құрады. Араф географы Әл-Марвази (12 ғ.) қарлұқтар құрамында 9 тайпа болғанын айтады. Қарлұқ конфедерациясына Жетісу мен оңтүстік Қазақстанның тухси, шігілдер, әзкіштер, халаджылар, чаруктер, барысхандар, т.б. түркі тілдес тайпалар кірген. 8-10 ғғ. Қарлұқ тайпалары Қазақстанның Жоңғар Алатауынан бастап, Сырдың орта ағысына дейінгі көсіліп жатқан территорияны қоныс етеді. Балқаш пен Ыстықкөл арасы, Шу, Іле, Талас өзендері бойында, Отырарға дейін көшіп жүреді. Олардың билеушісі джабғу, 840 жылдан бастап қаған атағын алды. Көшпелі тайпалардың билеуші ақсүйек топтарының қолында жайылымдар мен құнарлы жер ғана емес, қала орталықтары да болды. Қарлұқтар елінде 25 қала мен қыстақ болған. Олардың ішінде Тараз, Құлан, Мерке, Атлалық, Тұзын, Балық, Барысқан және т.б. Қарлұқ қалалары Ұлы Жібек жолы бойында орналасты. 940 (942) ж. қарлұқ мемлекетінің астанасын - Баласағұнды - Шығыс Tүркістандағы түріктер - Тянь-Шянь жағынан қоныс аударған чығыл және ягма тайпалары - жаулап алады. Осыдан кейін Жетісуда билік қараханидтерге тап болады. Сонымен, 940 жылы қарлұқ мемлекеті өмір сүруін тоқтатты.

Изображение слайда
30

Слайд 30: Пайдаланылған әдебиеттер

" Қазақ Энциклопедиясы ", 9 том « Қазақстан тарихы » ( көне заманнан бүгінге дейін ). Бес томдық. 1-том. — Алматы: Атамұра, 2010 Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы " Қазақ Энциклопедиясы ", 9 том

Изображение слайда
31

Последний слайд презентации: Орындаған: Өмірзақ Н. Сыздықова А. Махан Г. Алмағанбетов Е. Әшірбек М. Қ. Тобы:

Назарларыңызға рахмет !!!

Изображение слайда