Презентация на тему: Оқу бағдарламасы арқылы балалардың сыни тұрғыдан ойлауын қалыптастыру және

Оқу бағдарламасы арқылы балалардың сыни тұрғыдан ойлауын қалыптастыру және ықпалдастыру
Оқу бағдарламасы арқылы балалардың сыни тұрғыдан ойлауын қалыптастыру және
Оқу бағдарламасы арқылы балалардың сыни тұрғыдан ойлауын қалыптастыру және
Оқу бағдарламасы арқылы балалардың сыни тұрғыдан ойлауын қалыптастыру және
Оқу бағдарламасы арқылы балалардың сыни тұрғыдан ойлауын қалыптастыру және
Оқу бағдарламасы арқылы балалардың сыни тұрғыдан ойлауын қалыптастыру және
Оқу бағдарламасы арқылы балалардың сыни тұрғыдан ойлауын қалыптастыру және
Оқу бағдарламасы арқылы балалардың сыни тұрғыдан ойлауын қалыптастыру және
Оқу бағдарламасы арқылы балалардың сыни тұрғыдан ойлауын қалыптастыру және
Оқу бағдарламасы арқылы балалардың сыни тұрғыдан ойлауын қалыптастыру және
Оқу бағдарламасы арқылы балалардың сыни тұрғыдан ойлауын қалыптастыру және
Оқу бағдарламасы арқылы балалардың сыни тұрғыдан ойлауын қалыптастыру және
Оқу бағдарламасы арқылы балалардың сыни тұрғыдан ойлауын қалыптастыру және
Оқу бағдарламасы арқылы балалардың сыни тұрғыдан ойлауын қалыптастыру және
Оқу бағдарламасы арқылы балалардың сыни тұрғыдан ойлауын қалыптастыру және
Оқу бағдарламасы арқылы балалардың сыни тұрғыдан ойлауын қалыптастыру және
Оқу бағдарламасы арқылы балалардың сыни тұрғыдан ойлауын қалыптастыру және
Оқу бағдарламасы арқылы балалардың сыни тұрғыдан ойлауын қалыптастыру және
Оқу бағдарламасы арқылы балалардың сыни тұрғыдан ойлауын қалыптастыру және
Оқу бағдарламасы арқылы балалардың сыни тұрғыдан ойлауын қалыптастыру және
Оқу бағдарламасы арқылы балалардың сыни тұрғыдан ойлауын қалыптастыру және
1/21
Средняя оценка: 4.9/5 (всего оценок: 74)
Код скопирован в буфер обмена
Скачать (195 Кб)
1

Первый слайд презентации: Оқу бағдарламасы арқылы балалардың сыни тұрғыдан ойлауын қалыптастыру және ықпалдастыру

Изображение слайда
2

Слайд 2

СТО дегеніміз – не нәрсенің анығына барып, оның себеп салдарына барып анықтау, бағалау одан шығатын салдарына көз жеткізе білу, қорытынды жасау. Сын тұрғысынан ойлау (СТО) – қадағалау, тәжірибе, ойлану нәтижесінде алынған ақпараттың мағынасын тануда, оны бағалауда және талдауда аналитикалық тәсілдің қолданылуын көздейтін ойлау түрі.

Изображение слайда
3

Слайд 3

СТО- ның мақсаты :

Изображение слайда
4

Слайд 4

СТО- ның міндеттері :

Изображение слайда
5

Слайд 5

Сыни ойлауды дамыту технологиясының дәстүрлі оқытудан басты айырмашылығы - білімнің дайын күйінде берілмеуі. Нақты жағдайда « мынаны былай жасау керек » деп көрсетпей, оқушының өзінің шығармашылық ойлауының орын алуына мүмкіндік беру, шешім қабылдауға үйрету, жауапкершілігін арттыру. Осы тұрғыда оқушылардың арасынан дарынды оқушылар анықталады. Олар топтық жұмыста белсенділік танытып, қасындағы серіктесіне бағыт беріп, кей жағдайда « үнсіз оқушылардың » ашылуына да көп көмегін тигізді.

Изображение слайда
6

Слайд 6

Изображение слайда
7

Слайд 7

Сыни тұрғыда ойлау Оқушыларға қатысты сыни тұрғыдан ойлау ақпарат пен идеяларды синтездеу қабілеті, ақпарат пен идеяның шынайылығы мен салыстырмалы түрде маңыздылығы туралы ойлана білу қабілеті, өзінің оқуына қатысты таңдау жасау және басқалардың идеяларына күмәнмен қарау қабілеті ретінде түсіндіріледі. Мұғалімнің сын тұрғысынан ойлауы – мұғалім өзінің оқыту және оқу тәжірибесіндегі проблемаларды анықтап, мойындауға, оларды шешудің тиімді жолдарын табуға, тәжірибеде болып жатқан өзгерістер жайлы орынды дәлелдемелерді жинап, жіктеуге және сенімді қорытындылар жасауға негізделеді.

Изображение слайда
8

Слайд 8

Джон Дьюи : « Мәселелерге ерекше көңіл аудару оқушының табиғи әуесқойлығын оятып, сыни тұрғысынан ойлауға итермелейді ». Қазіргі кезде өмір сүру күрделенді, біздің елімізде демократиялық құрылымдар пайда бола бастады. Бүгінгі мектеп оқушылары ертең өз жолында кездескен қиыншылықтарды жеңуге, өз мәселелерін өздері шешуге, саналы шешім қабылдауға дайын болуды үйрететін жаңа технологиялардың бірі – “ Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту ”.

Изображение слайда
9

Слайд 9

СТО-мен жұмыс істейтін мұғалімдерінің с абақтарының құрылымдық кезеңдері

Изображение слайда
10

Слайд 10

Үйрену процесі – бұрынғы білетін мен жаңа білімді ұштастырудан тұрады. Үйренуші жаңа ұғымдарды, түсініктерді өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырады, кеңейте түседі. Осы кезеңде « Топтау », « Түртіп алу », « Ойлану », « Жұпта талқылау », « Болжау », « Әлемді шарлау » тағы басқа әдістер ( стратегиялар ) қолданылады. Қызығушылықты ояту кезеңінің мақсаты – үйренушінің белсенділігін арттыру. Бірінші кезең – қызығушылықты ояту

Изображение слайда
11

Слайд 11

Ойлау мен үйренуге бағытталған бұл бағдарламаның екінші кезеңі мағынаны тану ( түсіне білу ). Бұл кезеңде үйренуші жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша жұмыс істейді, тапсырмалар орындайды. Оның өз бетімен жұмыс жасап, белсенділік көрсетуіне жағдай жасалады. Оқушылардың тақырып бойынша жұмыс жасауға көмектесетін оқыту стратегиялары бар. Соның бірі INSERT. Ол бойынша оқушыға оқу, тақырыппен танысу барысында « V» - « білемін », «-» - « білмеймін », «+» - «мен үшін жаңа ақпарат », «?» - « мені таңқалдырады » белгілерін қойып отырып оқу тапсырылады. INSERT – оқығанын түсінуге, өз ойына басшылақ етуге, ойын білдіруге үйрететін ұтымды құрал. Бір әңгіменің соңына тез жету, оқығанды еске сақтау, мәнін жете түсіну күрделі жұмыс. Сондықтан да оқушылар арасында оқуға жеңіл-желпі қарау салдарынан түсіне алмау жиі кездеседі. Үйренушілер білетіндерін анықтап, білмейтіндерін белгілеп сұрауға әзірленеді. Бұл әрекет арқылы жаңаны түсіну үшін бұрынғы білім арасында көпірлер құрастыруға, яғни байланыстар құрауға дағдыландырады. Ек інші кезең – мағынаны тану

Изображение слайда
12

Слайд 12

Тақырып туралы ой толғаныс – бағдарламаның үшінші кезеңі. Күнделікті оқыту процесінде оқушының толғанысын ұйымдастыру, өзіне, басқаға сын көзбен қарау, баға беру с ын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасында бұл сабақтағы аса қажетті мәнді, маңызды әрекет болып табылады. Дәл осы кезеңде үйренуші не үйренгенін саралап, салмақтап, оны қандай жағдайда, қалай қолдану керектігін ой елегінен өткізеді. Белсенді түрде өз білім үйрену жолына қайта қарап, өзгерістер енгізеді, яғни нағыз білім шыңына көтеріледі, үлкен әлемге енеді. Сол білім арқылы өзінің өзгергенін сезінеді, өзгеше сенім, тәрбиелік, да- налыққа бастау алады. Толғануды тиімді етуге лайықталған «Бес жолды өлең », «Венн диаграммасы », « Еркін жазу », « Семантикалық карта», «Т кестесі » сияқты стратегиялар әр сабақтың ерекшелігіне, ауыр-жеңілдігіне қарай лайықтала қолданылады. Олар оқушылардың бір-бірімен ой алмастыруын, ой түйістіруін қамтамасыз етеді. әр оқушы өз шығармашылығын көрсете алады. Үшінші кезең – ой толғаныс

Изображение слайда
13

Слайд 13

Алынатын нәтиже

Изображение слайда
14

Слайд 14

Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы – дамыта оқыту жүйесінің барлық қағидаларын ескереді. Сын тұрғысынан ойлауды үйрету үшін мына төмендегі шаралар орындалуы шарт : 1. Сын тұрғысынан ойлауды тудыру үшін уақыт керек ; 2. Оқушыларға ойланып толғануға, ойын ашық айтуға рұқсат беру; 3. Әр түрлі идеялар мен пікірлерді қабылдау ; 4. Үйрену барысындағы оқушылардың белсенді іс-әрекетін қолдау ; 5. Кейбір оқушылар түсіп қалған қолайсыз жағдайларды әжуаға айналдырмау ; 6. Оқушылардың бір-бірінің жауабына жасаған сынының дәлелді, дәйекті болуын талап ету ; 7. Сын тұрғысынан ойлауды бағалау.

Изображение слайда
15

Слайд 15

Ал оқушылар осыған байланысты : сенімділікпен жұмыс жасау ; бар ынтасымен оқуға берілу ; пікірлерді тыңдау, құрметтеу ; өз пікірін ашық білдіруді талап ету қажет. Тек сонда ғана олар : Мен тақырып туралы не ойлаймын ? Осы мазмұннан алған ақпарат менің бұрыңғы тақырып туралы білетініме сәйкес пе ? Осы ақпаратты үйрене отырып мен бірдеңе жасай аламын ба ? Маған бұл ойлар, идеялар қаншалықты әсер етті ? деген сауалдар төңірегінде ойлауға үйренеді.

Изображение слайда
16

Слайд 16

Еркін жазу стратегиясы. Бұл әдісті сын тұрғысынан ойлау жобасындағы сабақтың үшінші ой толғаныс кезеңінде пайдалану тиімді. Мұғалім сабақ бойын қарастырылған жаңа ақпарат жайлы, одан алған әсерін, не үйренгенін, нені әлі де біле түсу керек екенін тағы басқа жайлы өз пікірін қағаз бетіне түсіруді тапсырады. Жазуға уақыт береді. Уақыт аяқталған кезде оқушылар өз жазғандарымен топ мүшелерін таныстырады. Ең жақсы деп танылған жұмысты ұжымда оқуға болады. Оқушыларды алған білімдерін қорытуға оған сын көзбен қарап, ойын түйіндеуге үйрететін бұл әдісті кез келген сабақта қолдануға болады. Әр кезең « стратегиялар » арқылы жүзеге асады. СТО жобасында 80 ге жуық « стратегиялар » бар. Солардың біразына сиаттама берейік.

Изображение слайда
17

Слайд 17

Венн диаграммасы. Бір-бірімен айқасқан екі шеңбердің екі жағына салыстыруға берілетін объектілердің сипаттамалары жазылады. Ал айқасқан жерген екеуіне ортақ сипаттар тізіледі. Салыстыруға арналған тапсырмаларды осы диаграммаға салып оқушылар қызыға толтырады яғни салыстыру сияқты күрделі ойлау операциясын меңгереді. « Көп деңгейлі сұрақ » стратегиясы. Тура сұрақтар ( Litera l level). Мұндай сұрақтар қандайда бір фразаны немесе түрлерін еске түсіру үшін қойылады. Сұрақтардың жауаптары мәтіннің ішінде кездеседі, оқушыдан оны жаттап алып, айтып беру талап етіледі. Өзгертуді талап ететін сұрақтар ( translation questions) жауап берушіден мағлұматты басқа формада жеткізуді күтеді. Мұндай сұрақ қою кезінде оқушы ойша болатын жағдайды елестетіп көріністі суреттеп берулері керек. Яғни, оқушылар ойша елестеткен кейіптер мен дыбыстарды талқылайды. Олар ең алдымен елестету тәжірибесін жинайды, содан кейін сөйлеу арқылы басқаларды өз қабылдауымен таныстырады. Интерпретациялау сұрақтары ( interpretation) оқушыларды идеялар мен фактілер, анықтамалар мен құндылықтар арасындағы байланыстарды табуға үйретеді. Сұрақ-тіркеме ( application questions) оқушыларға мәселені шешуге немесе келесі мәселенің логикасы мен себептерін зерттеуге мүмкіндік береді. Сұрақ – баға ( Evaluation questions) оқушыларды жақсы, жаман деген сиқяты қорытынды шешім қабылдатады.

Изображение слайда
18

Слайд 18

ЖИГ СО – ұжымдық оқыту әдісі. Мақсаты жалпы мәселені алдымен жұпта, сосын ұжымда талқылау. Бұл жағдайда әрбір оқушы бір сәт өзін мұғалім ретінде сезінеді, оқуға деген жауапкершілігі артады. Әдісті қолдану төмендегіше ұйымдастырылады. Алдымен ұжым 4 адамнан тұратын топтарға бөлінеді. Бұл « жанұя » топтар деп аталады. Содан кейін 1, 2, 3, 4-ке санау арқылы 1-лер бөлек, 2, 3, 4-өз алдына « жұмыс » тобын құрайды. Оқуға ұсынылатын материалдың тақырыбы талқыланған соң, осы мәтінді түсіну қажет екендігі ескертіледі. 4 логикалық бөлікке бөлінген мәтіннің 1-бөлігін 1-лер, 2-бөлігін 2 санын алғандар, 3, 4 – нөмірлі топтарға оқуға тапсырылады. Жұмысты бастамас бұрын оқушыларға « жұмыс тобында » мәтіннің тиісті бөлігін жақсы меңгеру қажеттілігін, өйткені сол бөлікті « жанұя топ» оқушыларына түсіндіруге жауапты екенін, мәтінді тұтас түсіну әр оқушының ыждағаттылығына байланысты екенін түсіндіру қажет. Келесі кезекте ұжым мүшелері бастапқы топтармен қайта табысып, өздерінің үйреніп келген бөліктеріндегі мазмұнды ортаға салады. Осылайша ұжым мүшелері бірін-бірі оқытуға, сол арқылы ойлауға үйренеді.

Изображение слайда
19

Слайд 19

ЖИГ СО – стратегиясы мазмұнды жоғары табыспен меңгеру, оқығанды есте сақтау үшін өте тиімді. Оқушының оқуға деген қызығушылығы артады, ұжымда жақсы қарым-қатынас қалыптасады, саналы тәртіп орнайды. Сондай-ақ олар мұғалімді, мектеп қызметкерлерін түсіну, оларға деген дұрыс көзқарасқа үйренеді. « Қос жазба күнделігі » стратегиясы. Қандай да бір мәтін, әңгіме оқыған кезде оқушылар дәптерлерінің ортасынан вертикаль сызық жүргізеді. Мәтінді оқу барысында олар сызықтың бір жағына әсер еткен тұстар мен үзінділерін жазса, екінші жағына пікірін, яғни, нені еске түсіретінін, себеп салдарын жазады. Барлық оқушы тапсырманы орындап болған соң жұпта, топта талқылау ұйымдастырылады. Жұмыс аяқталған кезде мұғалім қорытуға арналған әзірлеп келген сұрақтарын қойып, жауаптар алады.

Изображение слайда
20

Слайд 20

Осылайша сыни ойлауды дамытуда қолданылатын стратегиялар оқушыларға мынандай мүмкіндіктер береді : - айқын мақсат қоя білу ; - белсенді қатысуды қолдау ; - жақсы дискуссияның болуына себеп тудыру ; - өзінің жеке сұрақтарын құрастыру мен қоюға деген ынталарын жандандыру ; - өзінің жеке пікірі мен ойын білдіруге көмектесу ; - оқуға деген оқушылардың мотивацияларын қолдау ; - басқалардың пікірлерін де сыйлау керек деген атмосфера құру ; - кейіпкерлерге деген сезімдері мен елестету қабілеттерін дамыту ; - өзгеруге стимул болады ; - сыни ойлауды дамытуды жоғары деңгейде қамтамасыз етеді. Қорыта айтқанда, ойлаумен ұштастыра білім алуды бағыттайтын оқыту технологиясы - оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту екендігіне көзіміз жетті. Өйткені, белгілі тақырыптағы ойды сын тұрғысынан қарай отырып, ой толғау, суреттей алу, еске түсіру, болжау оқушыны да жаңа бір әлемнің жаңалығын ашқандай қалыпқа жеткізеді. Әрі қарай ойын айтуға ынталандырады.

Изображение слайда
21

Последний слайд презентации: Оқу бағдарламасы арқылы балалардың сыни тұрғыдан ойлауын қалыптастыру және

ӘДЕБИЕТЕР: 1. Отарова Н. Сын тұрғысынан ойлау // Биология және салауаттылық негізі. -2006. - № 1. - 21-23 б. 2. Давыдов В.В. О понятии развивающего обучения. – Томск, 1995, 144 с. 3. Выготский Л.С. Психология. – М., 2000. 4. Менчинская Н.А. Проблемы учения и умственное развитие школьника. – М., 1989, 218 с. 5. Ташенова А. Сын тұрғысынан ойлауды оқу мен жазу арқылы дамыту // Білім -Образование -2006. -№6. 3-4 б.

Изображение слайда