Презентация на тему: Оқыту теориясының терминологиялық аппараты

Оқыту теориясының терминологиялық аппараты
Оқыту теориясының терминологиялық аппараты
Оқыту теориясының терминологиялық аппараты
Оқыту теориясының терминологиялық аппараты
Оқыту теориясының терминологиялық аппараты
Оқыту теориясының терминологиялық аппараты
Оқыту теориясының терминологиясы
Оқыту теориясының терминологиялық аппараты
Оқыту теориясының терминологиялық аппараты
Оқыту теориясының терминологиялық аппараты
Оқыту теориясының терминологиялық аппараты
Оқыту теориясының терминологиялық аппараты
Оқыту теориясының терминологиялық аппараты
Оқыту теориясының терминологиялық аппараты
1/14
Средняя оценка: 4.5/5 (всего оценок: 6)
Код скопирован в буфер обмена
Скачать (157 Кб)
1

Первый слайд презентации: Оқыту теориясының терминологиялық аппараты

Изображение слайда
2

Слайд 2

Терминология – ғылыми тілдің ең елеулі, жетекші белгісі. Терминге ғылыми стильдің негізгі ерекшеліктері сіңген, сондықтан ол ғылыми қатынасу міндеттеріне толық сәйкес келеді. Термин ғылымның пәнін, құбылысын, ұғымын дәл және бір мағынада ғана атап отырып, оның мазмұнын білдіреді. Терминнің негізінде тұжырым жатады. Терминдер тиесілі ғылым категорияларының жүйесін – ұғымдық-терминологиялық аппаратын құрайды.

Изображение слайда
3

Слайд 3

Қазақ тіліндегі терминологиялық қордың негізін Ахмет Байтұрсынов қалады. Біз ХХ ғасыр басынды алаш зиялылары жасап, ресми бекіткен жүздеген терминдерді күні бүгінге дейін өзгеріссіз қолданып келеміз. Ғылымның көптеген салалары бойынша, оның ішінде педагогикадан да, қазақ тіліндегі оқулықтардың жазылуы және өзге тілдерден аударылуы ұлттық терминологиялық қордың қалыптасуына жол ашты.

Изображение слайда
4

Слайд 4

Терминологиялық мәселесінің ерекше мәні неде ? Бұл мәселе ғылыми, ұстаздық, ағартушылық қызметпен, қазақтың мәдениетті, іргелі елдер қатарына қосу үшін сауатты, білімді ұрпақ тәрбиелеу ісімен тығыз байланысты. Оқулықтар мен оқу құралдарын жазу барысында авторлар термин мәселесімен бетпе-бет кездеседі. Кез келген пәнді оқыту үшін сол саланың арнаулы ұғымдарын анықтау қажеттілігі туындайды. Ұлттық терминдер қорын қалыптастырмай, білім мен ғылымның тілін заманауи деңгейге көтермей, ана тілінде білім беріп, ұрпақ тәрбиелеу мүмкін емес.

Изображение слайда
5

Слайд 5

Терминология мәселелерін зерттейтін беделді маман, филология ғылымдарының докторы, профессор Шерубай Құрманбайұлы термин жасау үдерісінің қазіргі ахуалы турасында былай дейді : « Қазір де көптеген мамандықтар бойынша қазақ тіліндегі оқулықтар мен оқу құралдары, терминологиялық сөздіктер жетіспейді. Арнаулы салалардың бірқатарының ұлт тіліндегі терминдер жүйесі жасалмаған. Жасалғандарының да кемшіліктері, жетілдіруге тиісті қырлары аз емес. Бүгін ғасыр басындағыдай оқығандарымыз санаулы ғана дей алмаймыз. Ғылыми атақ-дәрежесі бар ғалымдар мен ұстаздар қауымы, тіпті ондаған ғылыми - зерттеу институттары мен жоғары оқу орындары да бар. Алайда уақыт талабы мен ұлт тілінің мүддесін, қажеттілікті алаш зиялыларындай терең сезініп, осы жолда жарғақ құлағы жастыққа тимей, еңбек етуге итермелейтін елшілдігіміз, мемлекетшілдігіміз, ұлтшылдығымыз жетісе бермей ме деген ойға жетелейтін жайттар аз емес ». Өкінішке орай, жалпы қарқынды дамып кележатқан педагогика ғылымы да осындай халде.

Изображение слайда
6

Слайд 6

Педагогикаға қойылатын тағы да бір кінә - ұғымдардың көпмағыналылығы, оларды белгілейтін терминдерге сәйкес болмауы, олардың қарама-қайшылығы. Оқулықтарда тіпті негізгі категориялар мен ұғымдардың әртүрлі атаулары кездеседі : білім – білім беру – білімдену – білімдендіру ; білік – ептілік – икемділік – іскерлік. Ғылым тілі құрғақ болуы міндетті емес. Ғылым тілі – дәл, ықшам, сонымен қатар сыйымды да мәнді. Ғылымның қызыл тілі – дәлдік пен ықшамдылық.. Осыған жетудің амалын табу – ғылыми қауымның ортақ міндеті. Ғылымы ертерек дамыған елдердің жетістіктеріне, қазақ зиялыларының ұлт тілінде термин жасаудың тұңғыш үлгісіне сүйене отырып, қазақ терминологиясын қалыптастырудың бағыт - бағдарын айқындау қажеттілігі әлі де күн тәртібінен түспеген мәселе.

Изображение слайда
7

Слайд 7: Оқыту теориясының терминологиясы

Изображение слайда
8

Слайд 8

Оқыту процесі, тәрбие процесі секілді педагогиканың аса бір маңызды саласы. Оның ғылыми анықтамасы – дидактика немесе оқыту териясы деп аталады. Дидактика ( d і dakt і k о s) деген ұғым грек тілінен алынып, оқыту немесе үйрету деген мағананы білдіреді. Дидактиканың зерттейтін пәні – ол білм беру мен оқытудың теориясы мен практикасы, басқаша айтқанда, білім беру мен оқыту процестерінің заңдылықтары мен ерекшеліктері. Сонымен бірге дидактика білім беру мен оқытудың мазмұнын, оқыту принциптерін, оқытудың ұйымдастырудың формалары мен әдістерін де қарастырады.

Изображение слайда
9

Слайд 9

Дидактиканың категориялары: білім беру, оқыту, оқыту принциптері, оқыту процесі және оның негізгі компоненттері: мақсаты, міндеттері, мазмұны, формалары, әдістері, құралдары, оқытудың нәтижесі. Оқыту - қоғамдық құбылыс. Себебі, оқытудың мақсат, міндеттері және оның мазмұны мен әдістері туралы мәселелер қоғамның қажеттілігінен туындап, тарихи дамып, қоғам дамуының барлық кезеңдерінде мектеп алдына қойылған міндеттерді қарастырып отырады. Оқыту білімді, біліктілік пен дағдыны меңгертетін, оқушыларда дүниеге ғылыми көзқарасты қалыптастыратын, олардың дүние танымы мен шығармашылық күш-қайраты және қабілетін шыңдап дамытатын процесс.

Изображение слайда
10

Слайд 10

Оқыту технологиясы – белгіленген мақсатқа нәтижелі қол жеткізуді қамтамасыз етудегі оқытудың формасы, әдістері мен құралдарын ашып көрсететін, оқу бағдарламасында белгіленген оқытудың мазмұнын жүзеге асыру тәсілі. Оқыту технологиясы – жүйелі категория. Оның құрылымы төмендегідей болып келеді : - оқытудың мақсаты ; - білім берудің мазмұны ; - педагогикалық өзара әрекеттестіктің құралы ( оқыту және мотивация), оқыту процесін ұйымдастыру ; - оқушы, оқытушы ; - әрекеттің нәтижесі ( сонымен бірге, кәсіптік дайындықтың деңгейі ).

Изображение слайда
11

Слайд 11

Оқыту – дидактикалық процесс болғандықтан, болашақ мұғалім оның өзіне тән психологиялық, педагогикалық ерекшеліктерін білуі өте қажет. Оқыту – мақсатты процесс. Оның мақсат, міндеттері мен мазмұны және ұйымдастырдағы амал-тәсілдері тек қоғамның талабымен, қажеттілігімен байланысты туындап, өзгеріп, жаңарып отырады. Оқыту - таным процесі. Себебі, оқыту барысында оқушыда білмеуіден білуге қарай ілгері қозғалыс болады. Оқушылардың таным процесі өзіне тән ерекшелігі бар күрделі психикалық процесс. Оқушының нәтижелі оқуына әсер ететін сыртқы және ішкі күштер немесе себептер болады. Оқушының білім алуда ілгері қарай басуына себепкер болатын негізгі күш – түрлі қайшылықтар. Бала білмеуден білуге қадам басқанда, әртүрлі қайшылықтар мен қиындықтарға кездеседі, оларды шешу, жеңу нәтижесінде оқу міндеттері жүзеге асырылады.

Изображение слайда
12

Слайд 12

Білім беру — бұл қоғам мүшелерінің адамгершілік, интеллектуалдық мәдени дамуының жоғары деңгейін және кәсіби біліктілігін қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие беру мен оқытудық үздіксіз процесі. Білім беру мазмұны — оқушылардың меңгеруі, олардың жан-жақты дамуы үшін негіз қамтамасыз ететін, олардың ойлауын, танымдық қызығушылығы мен еңбек іс-әрекетіне дайындығын қамтамасыз ететін білім, іс-әрекет тәсілдері, шығармашылық іс-әрекет тәжірибесі, әлемге эмоциялы құнды қатынас жүйесі.

Изображение слайда
13

Слайд 13

Әдіс – оқу-тәрбие жұмыстарының алдында тұрған міндеттерді дұрыс орындау үшін мұғалім мен оқушылардың бірлесіп жұмыс істеу үшін қолданатын тәсілдері. Әдіс арқылы мақсатқа жету үшін істелетін жұмыстар ретке келтіріледі Тәсіл – оқыту әдісінің элементі. Жоспарды хабарлау, оқушылардың зейінін сабаққа аудару, оқушылардың мұғалім көрсеткен іс-қимылдарды қайталауы, ақыл-ой жұмыстары тәсілге жатады. Тәсіл оқу материалын түсінуге үлес қосады. Оқыту тәсілдерінің түрлері: • ой, зейін, ес, қабылдау, қиялды жақсарту тәсілдері; • мәселелі жағдаят тудыруға көмектесетін тәсілдер; • оқушылардың сезімдеріне әсер ететін тәсілдер; • жеке оқушылар арасындағы қарым-қатынасты басқару тәсілдері. Сонымен тәсілдер оқыту әдістерінің құрамына кіреді, әдістің жүзеге асуына көмектеседі. Оқыту әдістерінің басты қызметі - оқыту, ынталандыру, дамыту, тәрбиелеу, ұйымдастыру. Оқыту құралдары - білім алу, іскерлікті жасау көзі. Олар: көрнекі құралдар, оқулықтар, дидактикалық материалдар, техникалық оқыту құралдары, станоктар, оқу кабинеттері, зертханалар, ЭЕМ және ТВ, нақты объектілер, өндіріс, құрылыс.

Изображение слайда
14

Последний слайд презентации: Оқыту теориясының терминологиялық аппараты

ӘДЕБИЕТТЕР 1. Мағжан Жұмабаев. Педагогика. – Алматы: Рауан. 1992. 2. Қабдолов З. Таңдамалы шығармалар. Екінші том: Оқулық және оқулыққа қосымшалар. – Алматы: Санат, 2003. 3. Құрманбайұлы Ш. Ұлттық терминқор қалыптастырудың Алаш кезеңі және қазіргі қазақ терминологиясы// http//baursaki.net.ru/load/0-0-0-828-20.

Изображение слайда