Презентация на тему: Нуклеопротеидтер алмасуының бұзылуы: подагра, несеп қышқылдық ауру, несеп

Нуклеопротеидтер алмасуының бұзылуы: подагра, несеп қышқылдық ауру, несеп қышқылдық инфаркт. Фосфор алмасуының бұзылуы: мешел, нефрогендік остеопатия,
Жоспары:
Кіріспе
Нуклеопротеидтер алмасуының бұзылуы
Нуклеопротеидтер алмасуының бұзылуы: подагра, несеп қышқылдық ауру, несеп
Нуклеопротеидтер алмасуының бұзылуы: подагра, несеп қышқылдық ауру, несеп
Нуклеопротеидтер алмасуының бұзылуы: подагра, несеп қышқылдық ауру, несеп
Подаграның симптомдары
Даму механизмі
Нуклеопротеидтер алмасуының бұзылуы: подагра, несеп қышқылдық ауру, несеп
Нуклеопротеидтер алмасуының бұзылуы: подагра, несеп қышқылдық ауру, несеп
Фосфор алмасуының бұзылуы
Мешел ауру кезіндегі көріністер
Мешел ауруы кезіндегі рентгендік көрініс
Мешел ауруының пайда болу себептері:
Мешел ауруының формалары:
Нефрогендік остеопатия
Нуклеопротеидтер алмасуының бұзылуы: подагра, несеп қышқылдық ауру, несеп
Гипервитаминоз Д
Мыс алмасуының бұзылысы
Нуклеопротеидтер алмасуының бұзылуы: подагра, несеп қышқылдық ауру, несеп
Аурудың белгілері:
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
1/24
Средняя оценка: 4.9/5 (всего оценок: 24)
Код скопирован в буфер обмена
Скачать (1007 Кб)
1

Первый слайд презентации: Нуклеопротеидтер алмасуының бұзылуы: подагра, несеп қышқылдық ауру, несеп қышқылдық инфаркт. Фосфор алмасуының бұзылуы: мешел, нефрогендік остеопатия, ренальдық нанизм, гипервитаминоз Д. Мыс алмасуының бұзылуы: бауыр- милық дистрофия (Вильсон-Коновалов ауруы)

Қарағанды мемлекеттік медицина университеті Патологиялық анатомия және сот медицинасы кафедрасы Орындаған: Жұматай Б.Б 2 32 ЖМФ Тексерген: Стабаева Л.М Қарағанды 201 3 СӨЖ Тақырыбы:

Изображение слайда
2

Слайд 2: Жоспары:

І. Кіріспе ІІ. Негізгі бөлім 1. Нуклеопротеидтер алмасуының бұзылуы: Подагра, несеп қышқылдық ауру, несеп қышқылдық инфаркттың морфология-лық сипаттамасы. 2. Фосфор алмасуының бұзылуы: Мешел, нефрогендік остеопатия, ренальдық нанизм, гипервитаминоз Д. Олардың морфологиялық сипаттамасы 3. Мыс алмасуының бұзылуы: Бауыр-милық дистрофиясының (Вильсон-Коновалов ауруы) морфологиялық сипаттамасы ІІІ. Қорытынды IV. Пайдаланылған әдебиеттер

Изображение слайда
3

Слайд 3: Кіріспе

Адам ағзазындағы болып жатқан зат алмасулық процесстер өз кезегімен әрдайым жүріп отыруы қажет. Егер сол алмасуда бұзылыстар болар болса көптеген ауруларға әкеп соғады. Мысалыға айтар болсақ: нуклеопротеидтер алмасуының бұзылуы, фосфор алмасуының бұзылуы, мыс алмасуының бұзылуы.

Изображение слайда
4

Слайд 4: Нуклеопротеидтер алмасуының бұзылуы

Нуклеопротеидтер белок пен нуклеин қышқылдары ДНК мен РНК-дан түзіледі. Нуклеопротеидтер алмасуы бұзылысынан подагра, несеп тасты ауру немесе несеп қышқылдық инфаркт, несеп қышқылдық диатез дамиды. Нуклеопротеидтер алмасуының бұзылуы

Изображение слайда
5

Слайд 5

Подагра грек тілінен аударғанда “тұсаулы аяқ” ( «нога в капкане» ) дегенді білдіреді. Бұл несеп қышқылы алмасуының бұзылысынан дамитын созылмалы ауру. Бұл ауру кезінде қан сарысуында несеп қышқылының шөгуі және оның микрокристаллдарының буындардың синовийлік тініне, бүйрекке, тамырлар қабырғасына және сирек жүрек пен көзге түсуімен жинақталады. Несеп қышқылдық тұздар науқастың қанында, зәрінде көбейеді.

Изображение слайда
6

Слайд 6

Біріншілік Екіншілік Подаграның түрлері Біріншілік Екіншілік

Изображение слайда
7

Слайд 7

Біріншілік немесе туа біткен подагра белгілі ферменттік жүйедегі генетикалық дефекттердің себебінен организмде несеп қышқылының жинақталуымен (метаболиттік түрі) немесе несеп қышқылының бүйректермен шығарылуының бұзылуы(бүйректік түрі) кездеседі. Екінші реттік подагра нефроцирроз, қанның аурулары және басқа сырқаттардың негізінде дамиды.

Изображение слайда
8

Слайд 8: Подаграның симптомдары

Әдетте подагралық артрит немесе буынның қабынуы түннің 2- ші жартысында кенеттен басталады. Адам өте қатты пульсирлеуші көбінесе бір немесе бірнеше буындардағы (жиі аяқтың бас бармағы буынында) ауырудан оянады. Буын тез ісіп, терісі қызарып, ұстағанда ыстық болады. Дене температурасының көтерілуі мүмкін. Ішімдікті қолдану, физикалық күш, операциялар, жарақаттар, кейбір дәрі - дәрмектерді қолдану (несеп айдаушы) ұстамалардың жиілеуіне алып келеді. Артрит ұстамалары жиілеп кейін созылмалы подаграның дамуына әкеледі. Созылмалы подаграда буындарда, құлақ шеміршегінде несеп қышқылының жиналуынан сарғыш түйіршіктер пайда болады. Олар тофустар деп аталады.

Изображение слайда
9

Слайд 9: Даму механизмі

Подагра зат алмасу бұзылыстарымен байланысты аурулар қатарына жатады. Бұл ауру негізінен несеп қышқылының бұзылыстарымен сипатталады. Несеп қышқылы нуклеин қышқылының алмасуы нәтижесінде түзіледі. Олар өз кезегінде тағамдық заттар құрамына кіретін түрлі жасушаларда кездеседі. Қалыпты жағдайда несеп қышқылының көп бөлігі организмнен бүйрекпен зәр құрамында шығарылады. Подагра кезінде бұл заттар организмде және буындарда кристаллдар түрінде жинақталады. Бұл кристаллдар сүйектердің беткейлік буындық қабықтарын зақымдайды, олардың қабуына алып келеді.

Изображение слайда
10

Слайд 10

Несеп тасты ауру- бүйрек пен зәр шығаратын жолдарда негізінен ураттар түзіледі.

Изображение слайда
11

Слайд 11

Несеп қышқылдық инфаркт екі тәуліктен артық өмір сүрген сәбилерде байқалады ; бүйрек өзектері мен түтікшелерінде несеп қышқылды натрий мен аммоний тұздарынан аморфты заттар қалыптасады. Бүйректің кесіндісіндегі милық қабатының үрпілері тұсында түйісетін несеп қышқылды тұздардың сарғылт қызыл реңді жолақтары болады. Несеп қышқылды инфарктының дамуы сәбидің организмінде алғашқы күндері зат алмасу қарқыны өзгеретіндіктен,бүйректің жаңа жағдайға бейімделу әрекетімен байланысты.

Изображение слайда
12

Слайд 12: Фосфор алмасуының бұзылуы

Мешел -б алалық шақта ауыратын ауру болып табылады.Ауру кальций жеткіліксіздігінен туады,яғни D витамині және арнайы қатысушы ферменттер жеткіліксіздігінен туындайды.Мешел ауруы кезінде : бас қаңқасы, көкірек аралық алға иіліп, түтікшелі сүйектер мен қол және аяқ сүйектері пішіні өзгерісіне алып келеді. Мешелдің алдын алу шарасы болып дұрыс тамақтану жатады.

Изображение слайда
13

Слайд 13: Мешел ауру кезіндегі көріністер

Изображение слайда
14

Слайд 14: Мешел ауруы кезіндегі рентгендік көрініс

Изображение слайда
15

Слайд 15: Мешел ауруының пайда болу себептері:

Ультракүлгін сәулемен сәулеленудің аздығы Д витаминінің жеткіліксіздігі Тағаммен Д витаминінің аз түсуі Д витаминінің сіңірілуінің бұзылуы Бауыр, бүйрек ауруы кезінде Д витаминінің сіңірілуінің бұзылуы

Изображение слайда
16

Слайд 16: Мешел ауруының формалары:

Алғашқы ( 3ай мен 1 жас аралығы) Кешірек (3 жастан 6 жас) Д витамин тәуелді Д витамин резистентті Үлкендер рахиты немесе остеомаляция

Изображение слайда
17

Слайд 17: Нефрогендік остеопатия

Нефрогендік остеопатия (грек. osteon сүйек + pathos ауру; грек. nephros бүйрек + gennaō пайда болу; синонимі реналдық остеодистрофия) — бүйрек зақымдалуы кезіндегі кальций-фосфор алмасуының бұзылуымен жүретін сүйек тінінің дистрофиялық процессі.

Изображение слайда
18

Слайд 18

Нефрогенді остеопатия тума және жүре пайда болған бүйрек ауруларының нәтижесінде дамиды. Ең алдымен бұл гипоплазия, поликистоз, интерстициалды нефрит болуы мүмкін. Негізгі себебі болып гломерулонефриттің жылдам дамуы немесе аса қауіпті бүйрек жеткіліксіздігі болып табылады. Бұл ауру бүйректі тандамалы түрде ондағы кальций фосфор және қышқыл негіз гомеостазынаа әсер етуі мен сипатталады. Оған тұқым қуалайтын гипофосфаттық рахит, дисталды немесе реналдық тубулярлық ацидоз, Тони Дебре Фанкони синдромы сирек цистиноз бен байқалады.

Изображение слайда
19

Слайд 19: Гипервитаминоз Д

Д витаминінің шектен тыс көп түзілуі нәтижесінде туындайды.Оның нәтижесінде сүйек тінінің резорбциясы жүреді,яғни кері сорылу үрдісін байқауға болады. Кальций метоболизмі

Изображение слайда
20

Слайд 20: Мыс алмасуының бұзылысы

Мыс - цитоплазманың міндетті құрам бөлігі боп табылады. Ол бірқатар ферменттік реакцияларға қатысады. Қалыпты жағдайда мыстың мөлшері тіндерде өте аз болады. Мыс алмасуы бұзылысы кезінде бауыр-милық дистрофия яғни Вильсон-Коновалов ауруы дамиды

Изображение слайда
21

Слайд 21

Бауыр-милық дистрофия – 1812 жылы С.Вильсон сипаттады.Бұл тұқым қуалайтын ауру, аутосомды-рецессивті түрде. Мыс алмасуы бұзылысынан церулоплазминнің түзілуі төмендейді. Ал церулоплазмин – белок, құрамында мыс бар және ферментативтік қасиет көрсетеді. Нәтижесінде мыстың альбуминмен, аминқышқылдарымен байланысы әлсізденіп жеңіл босап шығады. Көп мөлшерде зәрмен шығады, сонымен қатар тіндерде жинақталады. Оның ішінде: бауырда, мида, бүйректе, ұйқы безінде, көздің мүйізді қабығында.

Изображение слайда
22

Слайд 22: Аурудың белгілері:

1. Мида чечевидті ядро, құйрықты дене, күңгірт шар, ми қыртысының терең бөліктері зақымданады. 2. Сол аймақта жұмсару байқалады; 3. Кисталар мен Альцгеймер глиялары пайда болады. 4. Тамырларда стаз байқалады; 5. Жиі диапедезді қан кетулер болады; 6. Нұрлы қабықшаның жиегінде жасылдау қоңыр сақина - Кайзер-Флейшер сақинасы болады

Изображение слайда
23

Слайд 23: Қорытынды

Сонымен қорыта айтқанда, адам организмінде әрбір зат алмасу өз ретімен жүріп отыруы қажет. Және де зат алмасуға қажетті өнімдер мен заттар ағзаға жеткілікті түрде түсуі керек. Сондықтан салауатты өмір салтын сақтау арқылы әрбір аурудың алдын аламыз

Изображение слайда
24

Последний слайд презентации: Нуклеопротеидтер алмасуының бұзылуы: подагра, несеп қышқылдық ауру, несеп: Пайдаланылған әдебиеттер

А.И.Струков В.В.Серов “Патологиялық анатомия” В.В. Серов М.А. Пальцев “Патологиялық анатомия” И. А.  Иванова-Смоленская «Болезнь Вильсона-Коновалова» Журнал «Нервы», 2006, № 4 Google. ru

Изображение слайда