Презентация на тему: Несие жүйесінің ұғымы, құрылымы

Реклама. Продолжение ниже
Несие жүйесінің ұғымы, құрылымы.
Несие жүйесінің ұғымы, құрылымы.
Несие жүйесінің ұғымы, құрылымы.
Несие жүйесінің ұғымы, құрылымы.
Несие жүйесінің ұғымы, құрылымы.
Несие жүйесінің ұғымы, құрылымы.
Несие жүйесінің ұғымы, құрылымы.
Несие жүйесінің ұғымы, құрылымы.
Несие жүйесінің ұғымы, құрылымы.
Несие жүйесінің ұғымы, құрылымы.
Несие жүйесінің ұғымы, құрылымы.
Несие жүйесінің ұғымы, құрылымы.
Несие жүйесінің ұғымы, құрылымы.
Несие жүйесінің ұғымы, құрылымы.
Несие жүйесінің ұғымы, құрылымы.
Несие жүйесінің ұғымы, құрылымы.
Несие жүйесінің ұғымы, құрылымы.
Несие жүйесінің ұғымы, құрылымы.
Несие жүйесінің ұғымы, құрылымы.
Несие жүйесінің ұғымы, құрылымы.
Несие жүйесінің ұғымы, құрылымы.
Несие жүйесінің ұғымы, құрылымы.
Несие жүйесінің ұғымы, құрылымы.
1/23
Средняя оценка: 4.7/5 (всего оценок: 13)
Код скопирован в буфер обмена
Скачать (80 Кб)
Реклама. Продолжение ниже
1

Первый слайд презентации: Несие жүйесінің ұғымы, құрылымы

Изображение слайда
1/1
2

Слайд 2

C ұрақтар: Несие жүйесінің ұғымы Несие жүйесінің құрылымы

Изображение слайда
1/1
3

Слайд 3

Несие жүйесінің өз қызметтерін орындауы барысында несиелік қатынастар туындайды. Уақытша бос ақшалай қаражаттарды жинақтап, оны қайтару және ақы төлеу шартында қайта бөлуге байланысты несиелік мекемелермен әр түрлі субъектілер арасындағы экономикалық байланыстар несиелік қатынастардың мазмұнын анықтайды. Несие жүйесінің ролі мен маңызы келесідей бірқатар көрсеткіштермен сипатталады : несиелік жұмсалымдардың жалпы көлемі, кәсіпорындар мен ұйымдардың негізгі және айналым капиталын қалылтастыруға банктегі қарыздардың үлесі, жалпы төлем айналымы және т.б.

Изображение слайда
1/1
4

Слайд 4

Бірақ, несиелік қатынастар мазмұны тек қана ақшалай капиталды жинақтап, оны заңды және жеке түлғаларға уақытша пайдалануға берумен ғана тұрмайды. Несиелеу процесінде ұлғаймалы ұдайы өндірістік айналымы үшін төлем құралдарының қосымша массасы құралады. Төлем айналымының аса ауқымды ағыны төлем төлеушілер мен мекемелер және соңғылары мен алушылар арасында экономикалық қатынастарды қалыптастырумен қатар, несиелік қатынастар мазмұнын толықтыра отырып несие жүйесі арқылы өтеді.

Изображение слайда
1/1
5

Слайд 5

Несиелік қатынастар екі жақты сипатқа ие және шаруашылық субъектілері үшін де, сондай-ақ несие жүйесінің мекемелері үшін де бірдей қажет. Ақшаны несиелік мекемелерде сақтау – несиелік ресурстарды құруды білдірсе, ал оларды экономика және халық қажеті үшін орналастыру - несие беруді білдіреді. Екі жақты қатынас: шаруашылық ұйымдары мен несие жүйесі, несие жүйесі мен халық, мемлекет пен несие жүйесі, несиелік мекемелер, әр түрлі елдердің несиелік мекемелері арасында болуы мүмкін.

Изображение слайда
1/1
6

Слайд 6

Несиелік қатынастар мен несие формаларының және несиелік мекемелердің жиынтығы кең мағынадағы несие жүйесі ұғымын құрайды. Ал несие жүйесі тар мағанасында – бұл несиелік есеп айырысу қатынастарын ұйымдастырушы, елдегі ақша айналысын реттейтін және басқа да қаржылай қызмет көрсететін несиелік мекемелер торабы болып табылады. Басқаша айтқанда, несие жүйесі банктік және басқа да мекемелердің жиынтығын – несиелік операцияларды жүзеге асыру және олардың құқықтык формаларын ың ұйымдастыры л уы арқылы сипатталады. Несиелік қатынастарды ұйымдастыруда: банктік және банктік емес институттар шеңберінде екі жүйені бөліп қарастырады. Соған сәйкес несие жүйесінің екі негізгі буыны қалыптасады: банктік және мамандандырылған несие-қаржы мекемелері.

Изображение слайда
1/1
7

Слайд 7

Экономиканың әрбір экономикалық-тарихи даму кезеңіне несие-ақшалай қызмет көрсетудегі қажетгіліктерге толық жауап беретін несиелік істі ұйымдастыру типі, өзіндік несие жүйесінің құрылымы сәйкес келеді. Мысалы, жоспарлы-орталықтандырылған КСРО экономикасыңда Мембанктің жетекшілігімен ұйымдастырылған несие жүйесінің құрылымы қызмет етсе, нарық экономикасы үшін монополиясыздандырылған банктік және банктік емес мекемелерден құралатын несие жүйесі қажет.

Изображение слайда
1/1
Реклама. Продолжение ниже
8

Слайд 8

Бірлескен несие жүйесінің күрделі, көп буынды құрылымы болады. Егер де несиелік мекемелердің өз клиенттеріне көрсететін қызметтерінің жіктелуін негізге алатын болсақ, онда қазіргі несие жүйесінің үш маңызды элементін бөліп қарастыруға болады : • Орталық (эмиссиялық ) банк; • коммерциялық банктер ; • мамандандырылған несиелік мекемелер : (сақтандыру, жинақтық, ипотекалық, сенімгерлік (трастовый) және т.б.).

Изображение слайда
1/1
9

Слайд 9

Функционалдық мамандануына, шаруашылық буындарға несие-қаржылық қызмет көрсету көлемі мен санына сәйкес банктік жүйе несие жүйесінің ядросы, ал несиелік институттардың қызметін реттеуші бірегей орган – Орталық банк болып табылады. Орталық банк – бірінші деңгейдегі мемлекеттік банк, сондай-ақ кез келген елдің ол мемлекеттік, халықтық немесе ұлттық банк деп аталуына тәуелсіз эмиссиялық, ақша-несие институты болып табылады. Орталық банк – бұл « банктердің банкі ».

Изображение слайда
1/1
10

Слайд 10

Ол заңды және жеке тұлғалармен операциялар жүргізбейді, оның клиенттеріне – коммерциялық банктер және басқадай мекемелер, сондай-ақ үкімет ұйымдары жатады. Банктік мекемелерге қатысты Орталық банк тікелей әрекет ету және реттеу, бақылау мен қадағалау қызметтерін атқарады. Несиелік жүйенің қалған буынына Орталық банк несиелік және ақшалай операциялар, рыноктың әр турлі секторлары, несие-қаржы қызметтерінің өзара байланыстарында байқалатын жанама әрекет етеді.

Изображение слайда
1/1
11

Слайд 11

Коммерциялық банктер қарыз капиталы нарығының әр түрлі секторларында қызмет ететін көп қызметті мекемелер болып табылады. Олар кәсіпкерлік тәжірибесінде белгілі бір көптеген қаржылық операцияларды орындайды. Коммерциялық банктер кез келген елдің несие жүйесінде әдеттегідей негізгі, базалық буын ролін атқарады. Олар үкіметтің, іскерлер мен миллиондаған жеке тұлғалардың салымдарын шоғырландыра отырып, қаржы жүйесінің орталығы болып қала береді. Коммерциялық банктер қарыздық және инвестициялық операциялар арқылы өздерінің әр түрлі қорларына қарыз алушылардың қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Изображение слайда
1/1
12

Слайд 12

Мамандандырылған несие мекемелері (оларды парабанктік деп атайды) нарық экономикасындағы несие жүйесіне қажетті маңызды буын болып табылады. Бұл мекемелерсіз экономиканың әр түрлі салаларында және тұрғындарға көрсетілетін несие жүйесінің қызметтері толық болмас еді. Парабанктік мекемелер көбінесе белгілі бір клиенттер типіне немесе бірер негізгі қызмет түрлерін көрсетуге бағытталады. Олардың қызметтері нарықтың кішігірім сегменттеріне ғана қызмет көрсетуге жұмылдырылады. Мұндай мекемелер екі жақты бағыныштылықта болады : бір жағынан, олар несиелік және есеп айыру қызметтерін жүзеге асырумен байланысты болатындықтан да Орталық банктің соған сәйкес талаптарын басшылыққа алады. Екінші жағынан олар, қандай да бір қаржы, сақтандыру, инвестициялық немесе басқа да операцияларға мамандана отырып, тиісті ведомстволардың реттеу әрекеттеріне ұшырайды.

Изображение слайда
1/1
13

Слайд 13

Бүгінгі таңдағы несие жүйесі соңғы жылдары біршама өзгеріске ұшырады. Банк жүйесінің барлық компоненттері жалпы әлемдік экономикадағы құрылымдық қайта құруда жүріп жатқан өзгерістерге байланысты жаңғыртылуда. Ғылыми-техникалық революцияның дамуы себепші болған өндірістің шоғырлануы капиталдың шоғырлануымен орталықтандыруын талап етіп, соған сәйкес банктер өз операцияларын несиелік ресурстарды ірілендіру жағына қарай түрлендіре бастады, яғни қазіргі банк жүйесінің экономика дамуының өзгермелі жағдайларына бейімделу қатар жүреді;

Изображение слайда
1/1
14

Слайд 14

Банк жүйесінің құрылымдылық қайта құрылуы көз алдымызда, белгілі бір мамандандырудың сақталуымен қатар, банк қызметінің шоғырлануы мен әмбебаптануы орын алады, банктік емес несиелік мекемелердің динамизмі байқалады. Банктердің жеке типтерінің арасында банктер мен банктік емес мекемелер арасындағы өзгешеліктердің несие бөгеулердің модел жойылуы - соңғы жылдары несие жүйесінің құрылымдық қайта құру тенденциясының маңыздысының бірі.

Изображение слайда
1/1
Реклама. Продолжение ниже
15

Слайд 15

Соңғы жылдары банктер мен басқа арнайы қаржы-несие мекемелері арасындағы халықтық және фирмалар мен компаниялардың жинақтарына күрес ерекше шиеленіскен сипатқа ие болады. Бұрын коммерциялық банктер халық жинақтарын тартудағы депозиттер бойынша мөлшерлемелерді өсіру сияқты тиімді қаруды еркін қолдана алды. Оларға мерзімді және жинақ салымдары иелеріне төлеуге рұқсат рұқсат етілген пайыздық мөлшерлемелердің максималдық шегі белгіленген еді, ал басқа арнайы несиелік мөлшерде мұндай шектеулер болмайды. Әрине, соңғылары бәсекелестік күресте артықшылыққа ие болады. Қазір жағдай өзгерді.

Изображение слайда
1/1
16

Слайд 16

Ірі банктік мекемелерге ортақ әмбебаптану тенденциясы олардың мамандануын сақтап қалуымен үйлесім табады. Әмбебаптанудың өзі мекемелердің жеке түрлерін қатысты алғанда өзіндік ерекшеліктермен біркелкі емес дамуда. Мұнда әмбебап типті мекемелердің мамандануының жойылуы туралы сөз қозғалып отыр. Сонымен бірге бұл тенденция қызмет көрсету сапасының артуына ықпал жасап, бірінші кезекте нарықтық амалдардың, яғни әмбебап немесе ірі банктердің назарын аудармаған қызмет түрін табуға ұмтылатын шағын және орта банктерге әсер етеді. Маманданудың жойылу тенденциясын банктік бизнестегі бәсекелестің күшеюі қолдап отыр.

Изображение слайда
1/1
17

Слайд 17

Банктік қызметті реттеу активтік те пассивтік те операцияларға ықпалын тигізеді. Коммерциялық банктердің активтік операциялары біршама өзгерістерге ұшырады. Бүгінгі таңда олар жанама несиелеуден фирмалар мен кәсіпорындарды тікелей несиелеуге толығымен көшті. Мұнда бағалы қағаздарды пайдалану арқылы рәсімделетін несиелік мәмілелер кең тараған, осының арқасында несиелік міндеттемелер нарыққа сатылуы мүмкін, ал несиелік мекемелер тәуекелерді белсендірек бөлшектеу мүмкіндігіне ие болады. Бұл тенденция банктердің өз несиелернің нарықтық бағалы қағаздарға конвертациялау талпынысында нақтылай көрініс табуда.

Изображение слайда
1/1
18

Слайд 18

Несиелеу объектілерін ірілендіру жүзеге асады. Коммерциялық банктер өз активтерінің сапасына мұқият қарай бастады, өйткені активтер сапасын дәл және уақытылы бағалау – банктер сенімділігінің кепілі. Банктер басшылығы өз активтерінің сапасына, жаңа несиелерді беруге несиелеу технологиясына (құжаттар, контрактілер, қамтамасыз ету ), заем алушылардың несие шарттарын сақтауына және т.б. бақылау жасап отырады. Ұзақ мерзімді несиелеу де даму үстінде. Коммерциялық банктердің қаражаттарды тарту бойынша пассивтік операциялары да өзгеріске ұшырайды. Оларды үкімет белсенді қолдауда.

Изображение слайда
1/1
19

Слайд 19

Банктердің пассивтік операцияларының иннавациясы сонымен бірге қосымша ақша қаражаттардың тартудың жаңа құрылымдарын жасауда көрініс тапты. Пайызы бойынша, нарық пайызына жуықтайтын салымдардың жаңа типтері ашылды. Мұндай шоттарға ақша нарығының депозиттік шарттары жатады. Көптеген коммерциялық банктер ақша нарығында еркін айналыста болатын депозиттік сертификат (өзінше бір бағалы қағаз ) шығара бастады.

Изображение слайда
1/1
20

Слайд 20

Банктік операциялардың дамуында ерекше рөлді ақпарат пен коммуникацияның қазіргі техникалық құрамдары атқарады. Банк ісі бұрын-соңды болмаған ақпаратты дер кезінде беру, оның тез өңделуі мен мәліметтердің растылығына, экономикалық жағдайды талдау мен ақша нарығының даму перспективаларын дұрыс бағалауға байланысты болып отыр. Қаржылық нарықтық қатысушылары өз істерін жүргізу үшін барынша көп ақпарат қажет етуде. Сондықтан банк ісіне ғылыми-техникалық революцияның соңғы жетістіктерін енгізусіз, компьютерлік техниканы игерусіз банктік қызметті тиісінше модернизациялау мүмкін емес.

Изображение слайда
1/1
21

Слайд 21

Банк жүйесі дамуындағы маңызды құбылыс ретінде несиелік мекемелердің «көтерме» операциялардан «бөлшек» операцияларға өтуін атап көрсетуге болады, бұл олардың клиенттері шеңберінің кеңейюіне әкеледі. Екінші дүниежүзілік соғысқа дейін банктер сақтық танытып, тек таңдаулы, « ерекше сенімді » клиенттерге ғана қызмет көрсететін, ал қазір ірі банктер өз стратегиясын өзгертті. Олар кәсіпкерліктің барлық сферасына белсендік түрде араласумен қатар, шағын бизнесті де қамти отырып, жаппай клиентураға, соның ішінде тұрғындардың тұрмысы төмен топтарына да бағдарлануда. Бұл қазіргі ірі банктің келбетін, оның саясатын өзгертеді.

Изображение слайда
1/1
22

Слайд 22

Сондықтан кейінгі кезең нарықтық қатынастарды дамыған елдер экономикасындағы өндірістің шоғырлануының жоғары деңгейімен сипатталады, бұл, өз кезегіне банктік капиталдың шоғырлануымен орталықтануына, аталған процестің жаңа формаларының пайда болуына, ел ішіндегі және әлемдік қаржы нарықтарында да күшті позицияларға ие – банк – алпауыттар тобының жедел өсуіне әкеп соқтырады. Мұндай банк – алпауыттар ең алдымен Жапония, Германия, Кананда ; АҚШ пен араб әлемінде пайда болды, мұнда олардың активтері 100 млрд. АҚШ долларынан көп соманы құрайды.

Изображение слайда
1/1
23

Последний слайд презентации: Несие жүйесінің ұғымы, құрылымы

Бұл тек дамыған нарықты экономикалы елдердегі қазіргі несие жүйесін сипаттайтын кейбір маңызды жағдайларға тоқталып өттік. Өз экономикасын нарықтық жолға қайта құрушы Қазақстан үшін әлемдік банк жүйесі дамуының мұндай тенденциялары ерекше қызығушылық тудырады, себебі нарықтық экономикаға өту өзіндік нарықтық несие жүйесін құруды талап етеді. Республика үшін шетелдік тәжірибені толығымен көшіру орынды емес, өйткені оның экономикасы нарыққа өтудің ең бастуында тұр, ол Батыс болса, мұнда бұрыннан қызмет етуде, алайда тәжірибеден өткені кезең жағдайында қолданыс табуы мүмкін барлық позитивті жайларды қабылдауы қажет.

Изображение слайда
1/1