Презентация на тему: Меншікке қарсы қылмыстар

Реклама. Продолжение ниже
Меншікке қарсы қылмыстар
Меншікке қарсы қылмыстар
Меншікке қарсы қылмыстардың түрлері:
Меншікке қарсы қылмыстар
Ұрлық (ҚК 175 бабы)
Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету (ҚК 176 бап)
Алаяқтық (ҚК 177 бап)
Меншікке қарсы қылмыстар
Тонау (ҚК 178 бап)
Қарақшылық (ҚК 179 бап)
Меншікке қарсы қылмыстар
Ерекше құнды заттарды ұрлау (ҚК 180 бап)
Қорқытып алушылық (ҚК 181 бап)
Алдау немесе сенімге қиянат жасау жолымен мүліктік залал келтіру (ҚК 182 бап)
Көрінеу қылмыстық жолмен табылған мүлікті сатып алу немесе сату (ҚК 183 бап)
Авторлық және сабақтас құқықтарды бұзу (ҚК 184 бап)
Өнертабыстарға, пайдалы модельдерге,  өнеркәсiптiк үлгiлерге, селекциялық                    жетiстiктерге немесе интегралды,  микросхемалар топологияларына
Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралдарын                 ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену (ҚК 185 бап )
Жерге заттай құқықтарды бұзу (ҚК 186 бап )
Бөтен адамның мүлкiн қасақана жою немесе   бүлдiру (ҚК 187 бап )
Бөтен адамның мүлкiн абайсызда жою немесе   бүлдiру (ҚК 188 бап )
Жаңалықтар
Меншікке қарсы қылмыстар
1/23
Средняя оценка: 4.4/5 (всего оценок: 90)
Код скопирован в буфер обмена
Скачать (315 Кб)
Реклама. Продолжение ниже
1

Первый слайд презентации: Меншікке қарсы қылмыстар

Орындағандар: Дарушева Д. Қуанышбаева Ғ. Қабылдаған: Бижанова А.Р.

Изображение слайда
1/1
2

Слайд 2

Біздің мемлекетімізде  жеке меншік  пен  мемлекеттік меншік  тең дәрежеде танылады және қорғалады.  Жеке меншік құқығы  заңмен қорғалады. Әркімнің меншігіндегі мүлікті иеленуіне, пайдалануына және оған билік етуіне құқығы бар. Ешкімді де өз мүлкінен сот шешімімен болмаса, айыруға болмайды. Меншікке қарсы қылмыстар деп иелік ету құқығын бұзумен, меншік иесіне  басқа да тәсілдермен мүліктік зиян келтірумен немесе осындай зиян тигізуге қауіп-қатер жасаумен байланысты ерекетті айтады. Қолданыстағы заңдарда қарастырылған меншікке қарсы қылмыстардың түрлері әрекетті жасау ниеті мен тәсілдері арқылы ерекшеленеді.  Пайдакүнемдік  ниеттің бар немесе жоқтығына байланысты барлық қылмыстар пайдакүнемдік және пайдакүнемдік емес деп екіге бөлінеді. Өз кезегінде пайдакүнемдік қылмыстар екі топқа бөлінеді: бөтеннің мүлкін ұрлау және меншікке қарсы басқа да пайдакүнемдік қылмыстар. Ұрлықтың мынадай нысандары бар: ұрлық, тонау, қарақшылық, алаяқтық, бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету. Меншікке қарсы басқа да пайдакүнемдік мақсаттағы қылмыстардың тобына қорқытып алушылық, алдау немесе  сенімге қиянат  жасау жолымен мүліктік залал келтіру, көрінеу қылмыстық жолмен табылған мүлікті сатып алу немесе сату,  интеллектуалдық меншік  құқықтарын бұзу, сондай-ақ автокөлікті немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау, мақсатсыз, заңсыз иелену кіреді. Пайдадакүнемдік мақсатынсыз жасалған меншікке карсы қылмыстарға мыналар жатқызылады: жерге қатысты мүліктік құқықтарды бұзу, бөтен адамның мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру.

Изображение слайда
1/1
3

Слайд 3: Меншікке қарсы қылмыстардың түрлері:

Ұрлық (ҚК 175 бап) Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету (ҚК 176 бап) Алаяқтық (ҚК 177 бап) Тонау (ҚК 178 бап) Қарақшылық (ҚК 179 бап) Ерекше құнды заттарды ұрлау (ҚК 180 бап) Қорқытып алушылық (ҚК 181 бап) Алдау немесе сенімге қиянат жасау жолымен мүліктік залал келтіру (ҚК 182 бап) Көрінеу қылмыстық жолмен табылған мүлікті сатып алу немесе сату (ҚК 183 бап) Мұнайдың және мұнай өнімдерінің шығарылуының заңдылығын растайтын құжаттарсыз оларды тасымалдау, иелену, өткізу, сақтау, сондай-ақ мұнайды өңдеу (ҚК 183-1-бап) Меншікке қарсы қылмыстардың түрлері:

Изображение слайда
1/1
4

Слайд 4

Авторлық және сабактас құқықтарды бұзу (ҚК 184 бап) Өнертабыстарға, пайдалы модельдерге, өнеркәсіптік үлгілерге, селекциялық жетістіктерге немесе интегралдық микросхемалар топологияларына құқықтарды бұзу (ҚК 184-1 бап) Автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену (ҚК 185 бап) Жерге заттай құқықтарды бұзу (ҚК 186 бап) Бөтен адамның мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру (ҚК 187 бап) Бөтен адамның мүлкін абайсызда жою немесе бүлдіру (ҚК 188 бап)

Изображение слайда
1/1
5

Слайд 5: Ұрлық (ҚК 175 бабы)

Ұрлық  — бөтеннің мүлкін жасырын ұрлау.  Айыптының  бөтеннің мүлкін алған жене өз қалауы бойынша мүлікке билік етуге шынайы мүмкіндік алған сәтінен бастап бұл мүмкіндікті іске асырған, асырмағанына қарамастан ұрлық жасалған деп есептеледі. Айыпты адам жасырын түрде заңсыз және қайтарымсыз бөтеннің мүлкін алатынын біледі, өз әрекетінің нәтижесінде меншік иесіне немесе өзге иеленушіге материалдық зала келтіретінін болжайды және аталған тәсілмен осындай зиян келтіруді қалайды. Ол пайдакүнемдік мақсатты басшылыққа алады және заңсыз олжаға бату мақсатын көздейді. Заңдылық құрылысына қарай ұрлық материалдық құрамға жатады. Қылмыс құрамының объективтік жағы әрекет арқылы жасалады, оның белгісі – қылмыстың қоғамға қауіпті зардабы-мүліктік залал келтіру болып табылады. Ұрлық субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен жасалады. Кінәлі адам бөтеннің мүлкін жасырын түрде заңсыз,тегін алу арқылы меншік иесіне немесе өзге иеленушіге материалдық залал келтіретінін біледі және сондай тәсілмен сол залалды келтіруді тілейді. Қылмыс пайдакүнемдік ниет және сондай мақсатпен жүзеге асырылады. Қылмыс субъектісі болып 14-ке толған, есі дұрыс адам танылады. Қылмыстың заты ұрланған мүлік. Ұрлық (ҚК 175 бабы)

Изображение слайда
1/1
6

Слайд 6: Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету (ҚК 176 бап)

Иеленіп алу немесе ысырап ету – кінәлі адамға тапсырылған бөтен мүлікті талан – таражға салудың бір нысаны болып табылады. Қылмыстың объективтік жағы сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иелену немесе ысырап ету белгілерімен сипатталады. Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иелену мен ысырап етудің негізгі айырмашылықтары: сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленуде кінәлі адам бөтеннің мүлкін жөнсіз, негізсіз, заңға қайшы әрекеттермен ұстап тұрады, иесіне қайтармайды, ал ысырап етуге осы аталған мүлікті әр түрлі жолмен талан-таражға салуы, пацдаланып кетуі, тегін немесе ақысын алып тарату жатады. Қылмыстың субъективтік жағы тікелей қасақаналық нысаны арқылы сипатталады. Кінәлі адам өзіне сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін иеленетінін немесе ысырап ететінін сезеді және өз әрекеті арқылы меншік иесіне мүліктік залал келтіргенін күні бұрын біледі және сондай залалдың болуын тілейді. Қылмыстың суюъектісі болып арнаулы субъект – талан – таражға түскен мүлік өзне заң, шарт, келісімшарт, негізінде немесе қызметтік жағдайына байланысты сеніп тапсырылған мүлікке құзыретті адам танылады.

Изображение слайда
1/1
7

Слайд 7: Алаяқтық (ҚК 177 бап)

Алаяқтық — бұл нарықтық экономика жағдайында және кәсіпкерлік қызмет еркіндігінде кең таралған ұрлықтың бір нысаны. Заңда ол бөтеннің мүлкін ұрлау немесе алдау на сенімге қиянат жасау арқылы мүліктік құқық алу ретінде белгіленген. Алаяқтық көрсетілген екі тәсілдің біреуімен: алдау немесе сенімге қиянат жасау аркылы бөтеннің мүлкін ұрлаудан немесе бөтеннің мүліктік құкығын алудан тұрады Алдау  — бұл жаңылыстыру, жалған мәліметтер тарату, контрагентке жеткізуі тиіс болған мәліметтерді айтпау. Алдау ауызша, жазбаша не басқа нысанда көрінуі мүмкін. Сенімге қиянат жасау, әдетте, қылмыскер мен меншік иесінің немесе мүліктің заңды иесінің арасында пайда болатын ерекше сенімгерлік қатынастарды мүлікті алып алуға пайдаланудан көрінеді. Бұл қылмыстар айыптының иелігіне мүліктің нақты заңсыз өткен сәтінен және өз қалауы бойынша оны пайдалану немесе билік ету мүмкіндігін алғаннан, сондай-ақ айыптыға жәбірленушінің мүліктік құқығының заңсыз өткен сәтінен бастап аяқталған деп есептеледі. Айыпты бөтеннің мүлкін алатынын немесе алдау не сенімге қиянат жасау арқылы алатынын және меншік иесіне мүліктік зиян келтірілетінін біледі және зиян келтіруді қалайды. Ол пайдакүнемдік мақсатты жетекшілікке алады және бөтеннің мүлкінің есебінен заңсыз  олжа  табу мақсатын көздейді. Алаяқтық (ҚК 177 бап)

Изображение слайда
1/1
Реклама. Продолжение ниже
8

Слайд 8

Қылмыстың заты бөтеннің мүлкі немесе бөтен мүлікке құқыққа алу болып табылады. Объективтік жағынан алаяқтық бөтен мүлікті талан таражға салу немесе бөтен мүлікке құқықты алу заңда көрсетілген екі тәсіл арқылы: алдау немесе сенімге қиянат жасаумен жүзеге асырылады. Алаяқтық құрамы – материалдық. Субъективтік жағының міндетті белгілерінің бірі қылмыстың зардабы – меншік иесіне мүліктік залал келтіру болып табылады. Субъективтік жағынан алаяқтық тек қана тікелей қасақаналықпен істеледі. Субъектісі- 14 жасқа толған, есі дұрыс адам.

Изображение слайда
1/1
9

Слайд 9: Тонау (ҚК 178 бап)

Тонау  — бұл бөтеннің мүлкін ашық ұрлау. Бұл ұрлық пен алаяқтық қылмыстарына қарағанда ұрлықтың аса қауіпті түрі.Тонау бөтеннің мүлкін ашық түрде күш қолданып иеленуден тұратын белсенді әрекетпен сипатталады. Мүлікті ашық түрде ұрлау туралы мәселе, ұрлықтағы сияқты  субъективтік критерий  негізінде шешіледі, яғни июлінің өзінің жағдайды субъективтік қабылдауынан келіп шығады. Егер кінәлі адам қылмысты  жәбірленушінің  немесе басқа адамның көзінше жасап жатқанын және олардың өз әрекетін түсініп тұрғанын білгенін сезінсе ұрлық ашық (тонау) жасалған болып табылады. Ұрлықты ашық түрде ұрлау деп тану үшін, біріншіден, меншік иесі, өзге иеленушісі немесе басқа адам айыптының құқыққа қайшы әрекетін бақылап, оның қылмыстық сипатын түсінуі керек екіниііден, айыпты осы мән-жайды елемеуі қажет. Тонаудың тікелей объектісі болып бөтеннің мүлкіне қол сұғу болып табылады. Қосымша объектісі болып жеке адамның денсаулығы, бостандығы да жатады. Тонау объективтік жағынан белсенді әрекет күйінде бөтеннің мүлкін ашықтан ашық талан таражға салу арқылы жүзеге асырылады. Тонаудың субъектісі болып 14-ке толған, есі дұрыс адам. Субъективтік жағынан тонау тікелей қасақаналықпен және пайдакүнемдік мақсатпен жасалады. Тонау (ҚК 178 бап)

Изображение слайда
1/1
10

Слайд 10: Қарақшылық (ҚК 179 бап)

Қарақшылық  — ұрлықтың ең қауіпті нысаны. Ол бөтен мүлікті ұрлау мақсатында шабуыл жасауға ұшыраған адамның өмірі мен денсаулығына қауіпті күш көрсетумен немесе осындай күшті қолданамын деп қорқытумен шабуыл жасау ретінде белгіленеді. Қарақшылықтың қауіптілігі меншікке қол сұғудан емес, шабуыл жасауға ұшыраған адамның өмірі мен денсаулығына қауіпті күш көрсетумен немесе тікелей күш қолданамын деп қорқытумен мен ұштасатын шабуыл жасауда болып отыр. Қарақшылықтың тікелей объектісі: бірінішіден, меншіктік нақты нысаны, екіншіден, шабуыл жасалатын адамның өмірі мен денсаулығы. Қарақшылық жәбірленушінің өмірі мен денсаулығына қауіпті күш көрсетумен немесе осындай күш қолданамын не қорқытумен жасалатын шабуыл. Шабуыл жасау  деп меншік иесіне, мүліктің өзге иеленушісіне басқа адамға, мысалы, күзетшіге ашық не жасырын түрде, күтпеген жерден шабуыл жасап, күш көрсету арқылы әсер етуді айтады. Шабуыл бүркемеленген сипатта болуы мүмкін (арттан жасырынып келіп ұру), сондай-ақ жәбірленушінің нерв жүйесіне уытты немесе елітетін құралдармен ашық, сондай-ақ жасырын түрде әсер етуден көрінеді. Әсер етудің мұндай тәсілдерін көбіне жәбірленуші сезіне бермейді, дегенмен ол шабуыл жасау сипатынан айырылмайды. Сонымен бірге жәбірленушіге ішімдікпен, есірткімен немесе басқа да елітетін заттармен өсер ету, егер оны жәбірленуші өз еркімен қабылдаса, шабуыл деп есептеуге болмайды. Қарақшылық (ҚК 179 бап)

Изображение слайда
1/1
11

Слайд 11

Объектісі – меншікке және адамның өмірі мен денсаулығына бір мезетте қылмысты қол сұғуы арқылы сипатталады. Объективтік жағы – әрекет арқылы яғни шабуыл жасау және күш көрсету арқылы жүзеге асырылады. Қарақшылық құрамы формальды құрамға жатады. Субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен және пайдакүнемдік мақсатпен сипатталады. Субъектісі болып 14-ке толған, есі дұрыс адам танылады.

Изображение слайда
1/1
12

Слайд 12: Ерекше құнды заттарды ұрлау (ҚК 180 бап)

Ерекше тарихи, ғылыми, көркемдiк немесе мәдени жағынан құнды заттар мен құжаттарды ұрлау, ұрлықтың жасалу тәсiлiне қарамастан осы қылмыс құрамын құрайды деп белгіленген. Қылмыстың заты болып ерекше тарихи, ғылыми, көркемдік немесе мәдени жағынан құнды заттар мен құжаттар танылады. Объективтік жағынан әрекет арқылы яғни ерекше тарихи, ғылыми, көркемдік немесе мәдени жағынан құнды заттар мен құжаттарды талан-таражға салу, талан-тараждың тәсіліне қарамастан жүзеге асырылады. Қылмыс субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен және пайдакүнемдік мақсатпен жүзеге асырылады. Қылмыс субъектісі болып 16 жасқа толған адам танылады. Ерекше құнды заттарды ұрлау (ҚК 180 бап)

Изображение слайда
1/1
13

Слайд 13: Қорқытып алушылық (ҚК 181 бап)

Қорқытып алушылық, яғни бөтен мүлiктi немесе мүлiкке құқықты берудi немесе күш қолданумен не бөтен мүлiктi жоюмен немесе бүлдiрумен қорқыту арқылы мүлiктiк сипаттағы басқа да iс-әрекеттер жасауды талап ету, сол сияқты жәбiрленушiнi немесе оның туыстарын масқаралайтын мәлiметтердi таратумен не жәбiрленушiнiң немесе оның жақындарының мүдделерiне елеулi зиян келтiруi мүмкiн өзге де мәлiметтердi жариялау деп белгіленген. Тікелей объектісіне меншік қатынастары ғана емес, жәбірленушінің немесе оның жақындарының ар-намысы және олардың жеке басының бостандығы, денсаулығы жатады. Қылмыстың заты болып: мүлік, мүлікке құқық немесе қорқытушының пайдасына жәбірленушіден талап етіп отырған мүлікті немесе мүлікке құқықты беруді немесе кінәлінің пайдасына мүліктік сипаттағы басқа да іс-әрекеттерді істеуді талап етуден тұрады. Объективтік жағы әрекет арқылы жасалады. Субъективтік жағы тек тікелей қасақаналықпен жасалады және пайдакүнемдік мақсатты көздейді. Субъектісі -14 жасқа толған адам. Қорқытып алушылық (ҚК 181 бап)

Изображение слайда
1/1
14

Слайд 14: Алдау немесе сенімге қиянат жасау жолымен мүліктік залал келтіру (ҚК 182 бап)

Алдау немесе сенiмге қиянат жасау жолымен меншiк иесiне немесе өзге мүлiк иеленушiге ұрлық белгiлерiнсiз мүлiктiк залал келтiргені үшін қылмыстық жауаптылық көрсетілген. Қылмыстың тікелей объектісі-меншік қатынастары болып табылады. Қылмыстың заты ақша, қозғалатын немесе қозғалмайтын әр түрлі мүлік болады. Объективтік жағынан белсенді әрекет күйінде-алдау және сенімге қиянат жасау арқылы жасалады. Субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен және пайдакүнемдік макқсатпен істеледі. Субъектісі 16 жасқа толған, есі дұрыс адам. Алдау немесе сенімге қиянат жасау жолымен мүліктік залал келтіру (ҚК 182 бап)

Изображение слайда
1/1
Реклама. Продолжение ниже
15

Слайд 15: Көрінеу қылмыстық жолмен табылған мүлікті сатып алу немесе сату (ҚК 183 бап)

Көрiнеу қылмыстық жолмен табылған мүлiктi алдын ала уәделеспей алғаны немесе өткізгені үшін қылмыстық жауаптылық көзделген. Қылмыстың тікелей объектісі меншік қатынастарына байланысты қоғамдық қатынастары болып табылады. Қылмыстың заты-қылмыстық жолмен табылған мүлік. Қылмыс объективтік жағынан қылмыстық жолмен табылған мүлікті алу немесе өткізу әрекеттерінің біреуін істеу арқылы жүзеге асырылады. Қылмыс құрамы формальды құрам жатады. Субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен істеледі. Кінәлі адам мүліктің көрінеу қылмыстық жолмен табылғанын біледі, соған қарамастан осы мүлікті алуды немесе өткізуді тілейді. Қылмыс субъектісі болып 16-ға толған кез келген есі дұрыс адам танылады. Көрінеу қылмыстық жолмен табылған мүлікті сатып алу немесе сату (ҚК 183 бап)

Изображение слайда
1/1
16

Слайд 16: Авторлық және сабақтас құқықтарды бұзу (ҚК 184 бап)

Қылмыстың заты болып авторлық құқық немесе сабақтас құқықтар, яғни бөтеннің ғылыми, шығармашылық, көркем, музыкалық және әдеби шығармасын немесе кинофильм, бейнежазба шығармаларын, композиторлардың, ақындардың, жазушылардың творчестволық шығармалары болып табылады. Қылмыстың объектісі болып авторлық құқық, сабақтас құқықтарды, қылмысты қол сұғушылықтан қорғау болып табылады. Объективтік жағынан бірнеше балама іс-әрекеттерді істеу арқылы жүзеге асырылады. Қылмыс құрамы материалдық. Субъективтік жағынан қылмыс тікелей немесе жанама қасақаналықпен жасалады. Кінәлі адам осы бапта көрсетілген әрекеттердің бірін істеу арқылы жәбірленушіге зиян келтіруді сезеді және оны тілейді немесе оның болуына саналы түрде жол береді. Қылмыстың субъектісі болып 16-ға толған есі дұрыс кез келген адам танылады. Авторлық және сабақтас құқықтарды бұзу (ҚК 184 бап)

Изображение слайда
1/1
17

Слайд 17: Өнертабыстарға, пайдалы модельдерге,  өнеркәсiптiк үлгiлерге, селекциялық                    жетiстiктерге немесе интегралды,  микросхемалар топологияларына құқықтарды бұзу (ҚК 184-1 бап )

Қылмыстың объектісі өнертабыстарға, пайдалы модельдерге, өнеркәсіптік үлгілерге, селекциялық жетістіктерге немесе интегралдық микросхемалартопологияларын құқықтық реттеуге байланысты қоғамдық қатынастар, ал қосымша тікелей объектісі көрсетілген объектілердің авторлық құқығына қол сұғушылық. Қылмыстың заты – өнертабыс, пайдалы үлгі, селекциялық жетістіктер, интегралдық микросхемалар топологиялары болып табылады. Объективтік жағынан қылмыс құрамы: Өнертабыстың, пайдалы модельдiң, өнеркәсiптiк үлгiнiң, селекциялық жетiстiктiң немесе интегралдық микросхема топологиясының мәнiн, олар туралы мәлiметтер ресми түрде жарияланғанға дейiн автордың немесе арыз берушiнiң келiсiмiнсiз жария ету, сол сияқты авторлықты иеленiп алу немесе тең авторлыққа мәжбүрлеу, егер осы әрекеттер авторға немесе өзге құқық иеленушiге елеулi залал келтiрсе немесе олардың құқықтарына немесе заңды мүдделерiне айтарлықтай зиян келтiрсе орын алады. Қылмыс құрамының диспозициясы бланкеттік. Өнертабыстарға, пайдалы модельдерге,  өнеркәсiптiк үлгiлерге, селекциялық                    жетiстiктерге немесе интегралды,  микросхемалар топологияларына құқықтарды бұзу (ҚК 184-1 бап )

Изображение слайда
1/1
18

Слайд 18: Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралдарын                 ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену (ҚК 185 бап )

Қылмыстың негізгі тікелей объектісіне – меншіктің нақты нысаны, ал қосымша тікелей объектісіне адамның денсаулығы жатады. Қылмыстың заты моторлы механикалық көлік құралдары ғана танылады. Объективтік жағынан қылмыс әрекет арқылы – автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын талан-таражға салу мақсатынсыз заңсыз иелену жүзеге асырылады. Субъективтік жағынан қылмыс тікелей қасақаналықпен жүзеге асырылады.Кінәлі адам өзінің әрекетінің қоғамға қауіптілігін және құқыққа қайшылығын сезеді және оны істеуді тілейді. Субъектісі болып есі дұрыс, 14 жасқа толған адам танылады. Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралдарын                 ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену (ҚК 185 бап )

Изображение слайда
1/1
19

Слайд 19: Жерге заттай құқықтарды бұзу (ҚК 186 бап )

Азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтарына немесе заңмен қорғалатын мүдделерiне не қоғамның немесе мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiне елеулi зиян келтiруге әкеп соққан, күш қолдану арқылы не күш қолданамын деп қорқыту арқылы немесе адамдар тобымен немесе заңсыз тiнтумен ұласып жасалған бөтен жер учаскесiне заңсыз кiрiп кету, сол сияқты бөтен бiреудiң жер учаскесiн заңсыз басып алу қылмыс болып табылады. Қылмыстың объектісі жерге байланысты қоғамдық қатынастарға қол сұғу. Объективтік жағынан әрекет арқылы заңда белгіленген зардапты келтірумен ұштасады. Субъективтік жағынан жерге заттай құқықтарды бұзу тікелей қасақаналықпен және пайдакүнемдік ниетпен істеледі. Қылмыстың субъектісі 16-ға толған кез келген есі дұрыс адам, арнаулы субъект – қызмет бабын пайдаланған адам. Жерге заттай құқықтарды бұзу (ҚК 186 бап )

Изображение слайда
1/1
20

Слайд 20: Бөтен адамның мүлкiн қасақана жою немесе   бүлдiру (ҚК 187 бап )

Бөтен адамның мүлкiн қасақана жою немесе бүлдiру, едәуiр зиян келтiрсе қылмыстың іс-әрекет деп танылады. Қылмыстың затына кез келген мүлік: қозғалатын немесе қозғалмайтын, оның ішінде азаматтық айналымнан алынған мүліктер де жатады. Қылмыстың объективтік жағынан бөтеннің мүлкін жою немесе бүлдіру әрекеттері арқылы жүзеге асырылады. Қылмыстың субъективтік жағынан қылмыс кінәлінің қасақаналық нысаны арқылы жүзеге асырылады. Қылмыстың субъектісі болып 16-ға толған, есуі дұрыс азамат танылады, ал ауырлататын мән-жайлар негізінде мүлікті қасақана жойғаны немесе бүлдіргені үшін қылмыстық жауаптылыққа 14 жасқа толған адам тартылады. Бөтен адамның мүлкiн қасақана жою немесе   бүлдiру (ҚК 187 бап )

Изображение слайда
1/1
21

Слайд 21: Бөтен адамның мүлкiн абайсызда жою немесе   бүлдiру (ҚК 188 бап )

Заңға сәйкес б өтен адамның мүлкiн iрi зиян келтiрiп абайсызда жою немесе бүлдiру ғана қылмыс болып табылады. Қылмыс объективтік жағынан құқыққа қайшы қайшы іс-әрекеттерден – мүлікті жою немесе бүлдіру, сондай-ақ іс-әрекет пен одан туындаған задаптың арасындағы себепті байланыстан тұрады. Қылмыс заңда көрсетілген зардап орын алған уақыттан бастап аяқталған деп танылады. Ссубъективтік жағынан қылмсы тек абайсыздықпен жүзеге асырылады.Қылмысты менмендікте адам өз іс-әрекетімен қоғамға қауіпті зардап бөтеннің мүлкін жою немесе бүлдіру болуы мүмкін екенін алдын ала біледі бірақ бұл зардаптарды жеткіліксіз негіздерсіз жеңіл ойлылықпен болғызбау мүмкіндігіне сеніп, қылмысқа жол береді. Қылмыстың субъектісі болып 16-ға тллған кез келген адам танылады. Бөтен адамның мүлкiн абайсызда жою немесе   бүлдiру (ҚК 188 бап )

Изображение слайда
1/1
22

Слайд 22: Жаңалықтар

Алматы облысы Талдықорған қалалық сотымен қаралып жатқан қылмыстық істердің көпшілігі меншікке қарсы қылмыстар қатарынан болып отыр.Меншікке қарсы қылмыс-мүліктің меншік немесе өзге иеленушісіне залал келтіре отырып және залал келтіру қауіпін тудырумен байланысты қылмыстық кодексте көзделген нысандар арқылы жасалатын қасақаналық немесе абайсыздық іс-әрекеттерді айтамыз.Меншікке қарсы қылмыс болып азаматтық құқық бойынша меншік обьектілері деп танылған кез-келген бұйымдар мен мүліктер танылады.Меншікке керек қылмыстық затына адам еңбегі арқылы жасалған кез келген материалдық дүние, заттар жатады. Сондай-ақ ақша, бағалы қағаздар, айналымнан алынбаған басқа да қозғалатын немесе қозғалмайтын мүліктер жатады. Меншікке қарсы қылмыстардың тектік объектісі меншіктер қатынасы, яғни жеке немесе ұжымдық тұтынуға, не өндірістік қызметті жүзеге асыруға арналған материалдық игіліктер бөлу саласындағы қоғамдық қатынастар болып табылады.Меншікке қарсы қылмыстардың тектік объектісін меншік деп қарастыруға болады. Қазақстан Республикасының азаматтық кодексіне сәйкес меншік құқығы дегеніміз – субъектінің өзіне тиесілі мүлікті иемденуге, пайдалануға, оған билік жасауға құқығын заң актілерінің мойындауы және қорғауы. Меншік иесінде өз мүлкін иелену, пайдалану және оған билік жасау құқығы болады. Меншікке қарсы қылмыстар туралы тараудағы заң нормалары мен қорғалатын тікелей объект ретінде меншіктер қатанасының мәнін осы құқықтар құрайды.Қоғамымызда осындай қылмыстардың болуына, еліміздегі экономикалық дағдарыс, халқымыздың әлеуметтік жағдайының төмен болғандығы әкеп соқтырып отырғаны анық. Көбінесе меншікке қарсы қылмыстар әсірессе 18-21 жас аралығындағылар мен кәмелетке толмағандардың арасында орын алып отыр. Бұның барлығы жұмыссыздықтың белгісі. Қазіргі кезде жастар жұмыспен қамтасыздандырылмаған, экономикалық дағдарысқа байланысты өндірістер пен құрылыстар да тоқтатылған. Және тәлім-тәрбие, ортаға да байланысты, жанұядағы қарым қатынастың, тұрмыс тіршілігінің төмендеу салдарынан туындайды. Қандай да бір қылмысқа қатысты жаза қолданылып, жұмыстар атқарылып жатса да, қылмыскер мен қылмыстар әлі де орын алуда. Меншікке қарсы қылмыстар объективтік жағы мен жасалу әдістеріне қарай бөтеннің мүлкін заңсыз иемденуге байланысты бірнеше түрге бөлінеді.Сондықтан, заң шығарушы қазіргі қолданып жүрген Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінде меншікке қарсы қылмыстардың мынадай нысандарын атап көрсеткен : ұрлық (175 бап ); тонау (178 бап ); қарақшылық (179 бап ); алаяқтық (177 бап ); сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету (176 бап ) Жаңалықтар

Изображение слайда
1/1
23

Последний слайд презентации: Меншікке қарсы қылмыстар

қажетті іс. Меншік иелерінің заңды құқықтары азаматтық құқықтық нормамен, сондай-ақ меншік құқығына қоғамға қауіпті іс-әрекет арқылы қиянат жасалғанда қылмыстық құқық нормасы арқылы да қорғалады. Қылмыстық заңда бөтенің меншігіне қылмысты түрде қол сұғу үшін жауаптылық, меншік қатынастарын қол сұғу тәсілдеріне байланысты дараланып, жікке - нысанға бөлінеді. Бөтен мүлікті алу ашық немесе жасырын күш қолданып немесе күш қолданбай, алдау немесе сенімге қиянат жасау тәсілдарі арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Адамның құқықтары мен бостандық жүйесінде меншікке құқықтың алатын орны ерекше, себебі ол адамның жеке басының сәттілігін сипаттайтын көрсеткіш. Бұл құқықтар экономикалық қатынастарды реттейді, сондықтан да олардың атқаратын міндеті көп. Әлеуметтік құндылықтар жүйесінде меншікке құқық адамның әлеуметтік игіліктерінің ішіндегі ең маңыздысы ретінде саналады. Сондықтан да, бұл игілікке қол сұғушылық адамның өз басына қол бұзушылықпен пара-пар. Меншікті қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. 2009 жылдың 9 айында ұрлық, яғни бөтен мүлікті жасырын ұрлауға байланысты 171 қылмыстық іс қаралса, 2010 жылдың 9 айында 140 қылмыстық іс, иеленіп алу немесе ысырап ету, яғни кінәлі адамға сеніп тапсырылған бөтен мүлікті ұрлаумен 2009 жылы – 7, 2010 жылы - 4 қылмыстық іс қаралды. Алаяқтық, яғни бөтен мүлікті ұрлау немесе бөтен мүлікке құқықты алдау немесе сенімге қиянат жасау, тонау, яғни бөтен мүлікті ашық түрде ұрлауға байланысты 2009 жылдың 9 айында 37 қылмыстық іс қаралса, 2010 жылы 48 қылмыстық іс қаралды. Былтырғы жылы тонау, яғни бөтен мүлікті ашық ұрлаумен 101 қылмыстық іс қаралса, үстіміздегі жылы 58 қылмыстық іс қаралды.

Изображение слайда
1/1
Реклама. Продолжение ниже