Презентация на тему: Мәшһүр Жүсіп Көпеев

Реклама. Продолжение ниже
Мәшһүр Жүсіп Көпеев
Өмірбаяны
Мәшһүр Жүсіп Көпеев
Мәшһүр Жүсіп Көпеев
М.Ж.Көпеев - зерттеуші
Мәшһүр Жүсіп Көпеев
Мәшһүр Жүсіп Көпеев
М.Ж.Көпеев – ақын
Мәшһүр Жүсіп Көпеев
Мәшһүр Жүсіп Көпеев
“Оян, қазақ!” идеясын қозғаушы
М.Ж.Көпеев – мысалшы, жыршы
М.Ж.Көпеев – көріпкел
1/13
Средняя оценка: 4.7/5 (всего оценок: 78)
Код скопирован в буфер обмена
Скачать (238 Кб)
Реклама. Продолжение ниже
1

Первый слайд презентации: Мәшһүр Жүсіп Көпеев

Изображение слайда
Изображение для работы со слайдом
1/2
2

Слайд 2: Өмірбаяны

Мәшһүр Жүсіп Көпеев – 1858 жылы Павлодар облысының Баянауыл деген жерде әкесі Көпейдің 42 жасында, анасы Ұлбаланың 18 жасында дүниеге келген ақын, фольклортанушы. 5 жасында Баянауылдағы Байжанның медресесінде Нәжімолдин хазіреттен білім алады. 8 жасынан бастап Камараддин хазіреттің қолында 15 жасына дейін оқиды. 1874 жылдан бастап 16 жасынан ұстаз бола бастайды. 20-25 жас аралығында Сарыарқа мен Жетісуды аралайды. Ташкент, Бұқара қалаларына барып білімін жетілдіріп отырған. 1887 жылы алғаш рет Бұқараға барады. Араб, парсы, шағатай тілдерінде еркін сөйлеген. 1931 жылы дүние салады.

Изображение слайда
1/1
3

Слайд 3

Ақынға Мәшһүр сөзінің қосылу себебі – 5 жасынан бастап жиын – тойларда қисса – дастандарды жатқа айтқан көрінеді. 9 жасында бір тойда Мұса Шорман оған “Мәшһүр” деген сөзді қосақтайды. Оны ақын өзінің “Өмірбаян” деген өлеңінде айтады: Бес жаста бісміллә айтып жаздым хатты, Бұл дүние жастай маған келді қатты. Сегіздей тоғызға аяқ басқа күнде, Мұса еді қосақтаған “Мәшһүр” атты.

Изображение слайда
1/1
4

Слайд 4

Ақынға ақындық өнер 15 жасында қонған екен. Жабысты маған өлең он бес жаста,  Жұрт айтты: «Не қыласың» — деді баста Дегенмен қоя алмадым үйренген соң,  Мінім жоқ қылған жұртқа мұнан басқа.  Шүкірлік, бергеніңе, құдай патша,  Он бесте шабыттандым жүйрік атша.  Бір күндер ұйықтап жатқан мезгілімде,  Кеудеме өлең толды сызған хатша

Изображение слайда
1/1
5

Слайд 5: М.Ж.Көпеев - зерттеуші

Ол ел арасынан: “Қамбар батыр”, “Ер Тарғын”, “Ер Көкше”, “Ер Са­йын”, “Нәрік ұлы Шора батыр”, т.б. тәрізді батырлар жырында, “Қозы Көрпеш-Баян сұлу”, “Алтынбас-Күмісаяқ” т.т. лиро-эпос­тық жырларды да, сондай-ақ “Киік”, “Боз­торғай”, “Дін үйренетұғын” тәрізді басқа шығармаларды да жинаған. Қ олжазбалар ішінде “Сайын батыр” жырының көлемі 2000 жолдан тұрады деген де дерек бар. Зерттеуші ел арасынан түрлі ертегілер де жинаған – “Еділ-Жайық”, “Көр ақтарған Жаманбай”, “Баһырам патша ту­ралы”, “Есен тентек туралы”, “Ертеде бір хан болыпты”, “ Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама”, “ Еңсегей бойлы Ер Есім”, “Алаша хан”, “ 7 жасар Жел­кілдек”, “Ер Төстік”, “Әз Жәнібек және бір ұста”, “Екі патша”, “Әділ би”, “Сүйіндік:Олжабай батыр, “Тама Сарыбас мерген”, т.б.

Изображение слайда
1/1
6

Слайд 6

Жүсіп сондай-ақ ақындар айтысының не бір тың үлгілерін де жинаған. Мәселен, “Ұлбике қыз бен Күдері қожа айтысы”, “Ұлбике қыз бен Қарақалпақ Жанкел ақын айтысы”, “Ұлы жүз Үйсіннен шыққан Үмсін қыз бен Заман қожа айтысы”, тәрізді ақындардың сөз қағыстырулары Мәшһүр Жүсіп қолжазбаларында белгілі бір тәртіппен, реттілікпен берілген және қанша жолдан тұратынын да айтып кеткен. Ақын қолжазбаларында көптеген ақын жыраулардың өлең мен қиссалары, дастандары т.б. бар: Бұхар жырау, Мәделі қожа, Сақау ақын, Ақан сері, Шернияз т.б. өлеңдері, Қоңырат Сапақ датқа ақ­ын, Үйсін Үмсін қыз, Заман қожа, Тоғжан, Қалдыбай қожа, Шөже ақын, Арғын- Қамбар Жанақ, Найман Сабырбай, Най­ман Түбек, Найман-Опан қыз, Орынбай, Шортанбай қожа, Күлік-Жамшыбай, Қаракесек Бал­та, Көтеш, Ақмолла, т.б. ақындар туындыларын қағазға түсірген.

Изображение слайда
1/1
7

Слайд 7

Мәшһүр Жүсіп жазбаларында фольклордың барлық жанрлары қамтылған. Егер жанр бойынша жіктеп жүйеге келтірсек, ертегілерден 15 шақты мәтін үлгі; батырлық жырлардан – 5-6; ғашықтық жырдан – 2-3; қисса-дастандардан – 11-12; тұрмыс-салт жыр­ларынан – 30-40 шақтысы; аңыз-әңгімелердің – 200-300 үлгісі; жаңылтпаштың – 100-150 шақты көлемі; жұмбақтың қара сөз бен өлең түріндегісі – 50 шақтысы; мақал-мәтелдердің 2,5 мың жолдық мөлшері; ақындар айтысының 27 үлгісі; 30-40 шақты ақын-жыраулардың өлеңдері, дастандары т.б. орын алған.

Изображение слайда
1/1
Реклама. Продолжение ниже
8

Слайд 8: М.Ж.Көпеев – ақын

Ол 1907 жылы Қазан қаласында Хұсайыновтар баспасында «Хал-ахуал», «Сарыарқа кімдікі?», «Тірлікте көп жасағандықтан көрген бір тамашамыз» атты кітаптарын бастырып шығарады. Ақын бұл шығармаларында қазақ халқына бостандық, беру, елде мектеп-медреселер ашу, жер мәселесі, сөз бостандығы сияқты өзекті ойлар толғайды.

Изображение слайда
1/1
9

Слайд 9

«Тірлікте көп жасағандықтан көрген бір тамашамыз» (1907) атты кітабында өз дәуірінің сипатын суреттеп, көкейкесті мәселелерді көтере білуі. Қай бір мәселе болмасын ел өмірін жете түсінетін ақын ретінде іргелі ой айтып, әлеуметтік шындық тұрғысынан келетіндігі. Өлеңдерінде ақындық өнерге деген өзіндік көзқарастарының көрініс табуы. «Қазақ жұртының осы күнгі әңгімесі», «Ақ қағаз, қалам, сия келет бізге», «Ырыссыз жоқ нәрсеге ерінеді», т.б. өлеңдеріндегі тарихи оқиғаларға, өнердің адам өміріндегі алар орнына деген нақтылы ой-тұжырымдарының болуы. Жолыңнан сыбағалы құры қалма, Жақсыны аты естілген естен салма. Жұртыңның қамы үшін қайрат қылып, Айдалып, атылсаң да арман бар ма? ( “Қазақ жұртының осы күнгі әңгімесі” өлеңі)

Изображение слайда
1/1
10

Слайд 10

«Хал-ахуал» (1907) жинағында замана сипатының бірқыдыру кең суреттелуі. Ел ішіндегі жағдайды айта отырып, келеңсіз қылықтарды аша сынауы. Ақынның отырықшылықпен ерте келген кесірлі сипаттарды аша білуі. Өз тұсындағы өмір шындығын шынайы көрсете отырып, жағымсыз образдарды сол ортадан ойып алуы. «Сарыарқаның кімдікі екендігі» (1907) жинағындағы өлеңдерінде ұл мүддесін көбірек қолдайтыны. Халықты өнер-білімге, оқуға, мәдениеті күшті ел болуға шақыруы. Түркі тектес халықтардың бірлігін жақтауы. Құдайдың шын нансаңдар бірлігіңе, Ерлердің күш қосыңдар ерлігіңе. Сарт демей, ноғай демей, қазақ демей, Тілек қыл дін мұсылман бірлігіңе.

Изображение слайда
1/1
11

Слайд 11: Оян, қазақ!” идеясын қозғаушы

Жатқандай тәтті ұйқыда қазақ халқы, Айрылмай жақсы менен жаман парқы. Баласы дән мұсылман ояныңдар, Көрінер өз пайдасы жұрттың нарқы. Әркімнің өз пайдасы ойлағаны, Тереңге түсіп жатыр байлағаны. Бостандық деген сөзді жоқ қылам деп, Аш бөрі бізді жеуден тоймағаны. ( “Қара өлең” өлеңі)

Изображение слайда
1/1
12

Слайд 12: М.Ж.Көпеев – мысалшы, жыршы

Ақын өлең, толғаулармен қатар мысал мен дастан да жазған. “Жарты нан хикаясы”, “Мәшһүр Жүсіптің тырнамен айтысы”, “Аңқау адам туралы”, “Шайтанның саудасы”, “Сәйгелді, сона,бөгелек” атты мысалдары бар. Сондай – ақ, “Жантемір қажы”, “Нүсіпхан”, “Жер мен көк”, “Хаятбақшы”, “Миғраж”, “Пайғамбардың дүниеден өтуі”, “Гүлшат - Шеризат” дастандары бар.

Изображение слайда
1/1
13

Последний слайд презентации: Мәшһүр Жүсіп Көпеев: М.Ж.Көпеев – көріпкел

1920 жылы “Сарбұлақ” деген жерге үй салдырады. Ол үйді 1930 жылы тамамдап біткен соң, өзіне зират салдыра бастайды. М.Ж.Көпеев: “Келер жылы дүниеден өтемін, арғы жылы маған ас бермек түгілі қоңыз теріп кетесіңдер”, - деп, болжам жасап кетеді. М.Ж.Көпеевтің денесі 21 жыл бойы бұзылмай жатқан. Ә.Диваев: “Мәшкең жақсы бір түс көріп жатқанға ұқсайды. Пішіні, кескіні, келбеті түрі күндегісіндей сымбатты”. 1952 жылы 10 желтоқсанда “Социалистік Қазақстан” газетінде М.Ж.Көпеев діншіл, ұлтшыл деген мақала шығып, соған байланысты Қазақстан Коммунистік партиясының қаулысы шығып, оның зиратын 2 милиция, 1 трактордың күшімен бұзып тастайды.

Изображение слайда
1/1
Реклама. Продолжение ниже