Презентация на тему: Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Медицина Университеті

Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Медицина Университеті
Перзентханадан ерте шы ғарылған жаңа туылған нәресте мен ананың күтімі және медициналық қызмет көрсетілу ерекшеліктері
Сүт бездері, mammae (mastos- грекше)
Лактация
Сүттің 100 мл құрамында 3-5% майбелок, 7% лактоза, 0,2% бейорганикалық заттар бар және 60-75 ккал береді. Липидтердің басты класы- триглицеридтер, оның ішінде
Сүт бездерінің реттелісі:
Анаға алғаш емшекпен емізуде көмек:
Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Медицина Университеті
Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Медицина Университеті
Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Медицина Университеті
Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Медицина Университеті
Нәрестені емізу қалпы:
Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Медицина Университеті
Емшекпен емізу қадамдары:
Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Медицина Университеті
Сүт безі өзектерінің бітелуінің алдын-алуы
Емшекпен емізудің 10 негізгі принциптері:
Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Медицина Университеті
Назарларыңызға рахмет!!!
Пайдаланылған әдебиеттер:
1/20
Средняя оценка: 4.4/5 (всего оценок: 93)
Код скопирован в буфер обмена
Скачать (361 Кб)
1

Первый слайд презентации

Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Медицина Университеті   Факультет: Жалпы медицина.   Кафедра: жалпы тәжірибелік дәрігер Тақырыбы: Перзентханадан ерте шығалылған жаңа туған нәресте мен ананың күтімі және медициналық қызмет көрсетілу ерекшеліктері Орындаған: Орынбасарова А 502Б Тексерген: м.ғ.д.проф.Кульниязова Г.М Ақтөбе-2013

Изображение слайда
2

Слайд 2: Перзентханадан ерте шы ғарылған жаңа туылған нәресте мен ананың күтімі және медициналық қызмет көрсетілу ерекшеліктері

Өзекті мәселе : Ана сүтімен қоректендіру.

Изображение слайда
3

Слайд 3: Сүт бездері, mammae (mastos- грекше)

Сүт бездері, mammae (mastos- грекше)- тер бездерінің туындылары болып саналады. Адамдарда кеудеде орналасқан бір жұп сүт бездері болады, оларды сондықтан кеуде бездері деп де атайды. Сүт бездері еркекте қалдық түрінде өмір бойы қалады да, ал әйелдерде жыныстық пісіп жетілу басталғаннан кейін ұлғайып өсе бастайды. Сүт безі жүктіліктің аяқ кезіне қарай өсіп ұлғаяды, бірақ босанғаннан кейін ғана сүт бөле бастайды.

Изображение слайда
4

Слайд 4: Лактация

сүттің түзілуі және бөлінуі. Бұл ұрпақты қоректендіруге арналған өрбіту жүйесінің ақырғы кезеңі. Сүтпен емізу үш үрдістен тұрады: Маммогенез- сүт бездерінің өсуі және дамуы. Лактогенез- бездердің сүт жасайтын өзгерістері. Лактопоэз- сүт бөлу немесе шығару. Сүт бездері жыныстық жетілу кезінде гипофиздің, аналық бездің гормондары әсерінен өсіп жетіледі.

Изображение слайда
5

Слайд 5: Сүттің 100 мл құрамында 3-5% майбелок, 7% лактоза, 0,2% бейорганикалық заттар бар және 60-75 ккал береді. Липидтердің басты класы- триглицеридтер, оның ішінде пальмитинді және олеинді қышқылдар, 1% үлесін қосады. Басты белок казеин, L- лактоальбумин, лактоферрин, иммуноглобулин А, лизоцим және альбумин, сонымен қатар аминоцитилдар, мочевина, креатинин сүттің құрамында бар. Бейорганикалық заттар тобынан натрий, калий, кальций, магний, фосфор және хлор бар. Демек нәресте анасының сүті арқылы қоректік және иммундық заттар, қуат және ақпарат қабылдайды

Сүт жүктіліктің 13-14 аптасынан бастап уыз түрінде бөліне бастайды. Нәресте бірінші күні уыз емеді. Сүт бөлу 3-5 күндері күшееді, тәулігіне 600-1500 мл сүт бөлінеді, ал оның үзақтығы 3 айдан 24 айға дейін созылады. Бұл әйелдердің ерекшеліктеріне бала мерзіміне байланысты болады. Сүттің құрамы өте күрделі, қоректік заттарға, витаминдерге, микроэлементтерге өте бай болады. Оның құрамында иммуноглобиндер немесе қорғаныш заттары кездеседі, бұлар жаңа туылған нәрестелердің иммундық қасиетін қалыптатырады.

Изображение слайда
6

Слайд 6: Сүт бездерінің реттелісі:

Лактация- жүйке жүйесі және гормондар арқылы реттеледі. Жүктілік кезінде гипофиз пролактинді, ал плацента лактогенді көп бөліп шығарады. Гипоталамус гипофиздің қызметіне әсер ететін екі түрлі нейросекреттер түзейді: пролактостатин- тежейді, пролактолиберин сүт бөлуді демейді. Пролактин гипофиздің алдыңғы бөлімінде түзіледі, сүт өндіруді күшейтеді. Оның артқы бөлімінен шығатын окситоцин сүт бездерінің ұяшықтырының жиырылуын күшейту арқылы сүтті емшектің өзегіне қарай ығыстырады. Сүт бөлуде орталық жүйке жүйесінің және емізу рефлекстерінің мәні зор.

Изображение слайда
7

Слайд 7: Анаға алғаш емшекпен емізуде көмек:

Егер ана нәрестесін емшекпен емізуді өздігімен бастамаса, медициналық қызметкерлер анаға алғашқы бірінші сағатта емшекпен емізуде көмек көрсету өте маңызды. Нәресте туылғаннан кейін (кіндік бауы кесілгеннен кейін) ана көкірегіне жатқызылуы керек. Босанғаннан кейін емізу жатырдың жиырылуын және босанғаннан кейінгі қан кетуді төмендетуге әсер етеді. Алғашқы ана сүті уыз деп аталады, ол ақшыл емес, сарғыш түсте болады. Уызбен емізу- бұл нәрестенің бірінші иммунизациясы. Оның құрмында балаға арнайы иммунизация факторлары және ішектердің перистальтикасын жоғарылатып меконияның шығуына әсер ететін іш өткізетін заттар болады.

Изображение слайда
8

Слайд 8

Изображение слайда
9

Слайд 9

Аналарға бірінші емшекпен емізу көп жағдайда дұрыс өтпейтіндігін түсіндіру керек. Алғашқы бірнеше емшекпен емізу уақытында ана мен бала көп жаңа әсерде болады. Ана нәрестені емізуде ыңғайлы қалыпты табу керек. Нәресте емшек үрпісін тауып және оны ұстап емуге үйрету керек. Аналарға егер нәрестесі алғашқыда емшекпен дұрыс ембесе, оның ұйқылы және аштықты сезбейтінін, қалыпты құбылыс екендігін түсіндіру керек.

Изображение слайда
10

Слайд 10

Аналарға нәрестенің қарны ашқанда әрдайым емізу керек екенін түсіндіру керек. Жаңа туылған нәрестелер үшін бұл әрбір 2 сағат сайын. Түнгі мерзімде емізу аралығы ұзаруы мүмкін, бірақ нәрестені түнде де емізу ана сүт безінде сүт өнімдерін ұстап тұруда және жаңа жүктіліктен сақтануды қамтамасыз етеді. Нәрестені емшекпен емізуде ыңғайлы екі қалып: ана алдына және қапталымен орналастыру. Ана нәрестесін жатып, отырып немесе тұрып емізуіне болады. Анаға бірнеше түрлі емізу қалып түрлерін көрсетіп, ең ыңғайлы қалпын таңдап алуға көмектесу керек.

Изображение слайда
11

Слайд 11

Изображение слайда
12

Слайд 12: Нәрестені емізу қалпы:

Ана нәрестені алдына алып емізу. Бұл кезде нәрестені көлденең орналастырып, оның беті,көкірегі, іші және тізесі анасының денесімен жанасу керек. Бала басы анасының бүгілген шынтағында орналасып, қолы арқасын және жамбасын ұстап тұрады. Нәрестенің ана көкірегіне жақын болу үшін тізесіне жастық немесе көрпеше төсеуге болады. Қапталымен орналастырып емізу. Анасы отырып, бала басы көкірек алдында, денесі қаптал қол астында орналастырылады. Бұлай отырып емізу анасының нәресте басын бақылап, оның емшекті қалай еметінін көруге ыңғайлы. Отырып емізу. Отырып емшекпен емізу ең ыңғайлы қалыптың бірі. Ана арқасы ауырас үшін, орындыққа отыру керек. Керуетте емізу- босанғаннан кейінгі кезеңде ыңғайлы. Бұл қалып нәрестені түнде емізуге де ыңғайлы.

Изображение слайда
13

Слайд 13

Изображение слайда
14

Слайд 14: Емшекпен емізу қадамдары:

Емшекпен емізу алдында қолды және емшекті сабындап жуу керек. Ана өзіне ыңғайлы жоғарыда айтылған қалыптарды таңдап алу керек. Нәрестенің құлағы, иығы мен саны бір сызықта болса дұрыс орналасқанын көрсетеді. Егер керек болса, сүт безін ұстап тұруға болады. Ол үшін қолдың төрт саусағы бездің астында, ал үлкен саусағы жоғары бөлігінде орналасады. Ана қолы ареолаға тимеуіне көз жеткізу керек. Үрпі мен ареола нәрестенің ауызында болу керек. Егер нәресте тек үрпіні ғана алса, ол үрпіде ауырсынуды тудыру мүмкін. Содан кейін сүт безі үрпісін бала ерні мен бетіне жақындату керек, сол кезде бала ауызын ашады. Жас аналар бірінші емізу кезінде осыны бірнеше рет қайталау керек. Егер нәресте емуге дайын болса, қайталамай қоюға болады. Нәресте ауызын ашқанда ана оны өзіне жақындатады. Тізесін өзінің ішіне, ал үрпі мен ареоланы алатындай ерні емшегіне жақын орналасу керек. Баланы үнемі емшек тұсында ұстау керек. Егер нәресте тек үрпіні ауызына алғанда немесе үрпіні емуге дайын болмаса, онда баладан емшекті алып және қайтадан қайталау керек. Егер ана емізуді тоқтатып немесе басқа емшекке ауыстырғысы келсе, мідетті түрде нәрестенің соруын тоқтатуды ұмытпау керек. Ол үрпілердің қабынуының алдын алады. Соруды тоқтату үшін ана таза саусағымен өзінің емшегінің ұшына нәресте ауызының бұрышын салады. Сол кезде сору тоқтап, анасы нәрестенің ауызынан үрпіні оңай алуға болады. Нәресте бірінші емшекті еміп болғаннан кейін екіншісіне ауыстыру керек. Бұл екі түрлі ана сүтін алуға көмектеседі «алдыңғы сүт» және «артқы сүт» Ана емшегінен шыққан бірінші сүт – алдыңғы сүт, ол шөлді басады. Ал бірнеше минуттан кейін артқы сүтке ауысады, ол май мен калорияға бай және ұзақ асқорытуды қамтамасыз етеді. Әрбір емшекпен емізген сайын нәресте екі емшекті де ему керек. Егер нәресте тек бір емшекті еметін болса, келесіде екінші емшекпен емізіп бастау керек.

Изображение слайда
15

Слайд 15

- Бала туылғаннан кейін емізуді бастаған жөн -Бала емгісі келген уақытта емізу керек әрбір 2-4 сағат сайын -Әрбір емізу кезінде балаға екі емшекті де ұзақ қаншалықты сорғанша емізу қажет, балаға жиналған ауаны кекіруіне ықпал жасап, содан кейін екінші емшекпен емізу қажет. Егер бала емуді бір емшектен бастап, екінші емшекті толық ембесе, келесі емізу кезінде толық ембеген емшектен бастаған жөн.

Изображение слайда
16

Слайд 16: Сүт безі өзектерінің бітелуінің алдын-алуы

- Балаңызды әрбір 2-3 сағат сайын емізіңіз. -Емшекпен емізуді жібермеңіз, егер сіз балаңыздан ажырасаңыз сүт безінің ісінуін болдырмау үшін және сүт безін түзілуін күшейту үшін сүт безін сауыңыз. -Сүт безі ісінуі болмас үшін әрбір жағдайда екі емшекпен емізіңіз. -Емшекпен емізу кезінде қалпыңызды өзгерту керек. -Әр түрлі киім, кеудеқап кимеу керек.

Изображение слайда
17

Слайд 17: Емшекпен емізудің 10 негізгі принциптері:

Емшекпен емізу тәжірибесі жөнінде жазбаша түрде бектілген саясаттың болуы және оны барлық медициналық қызметкерлерге жүйелі түрде мәлімдеу. Осы саясатты жүзеге асыру үшін қажетті дағдыларға барлық медициналық- санитарлық қызметкерлерді оқыту. Барлық жүкті әйелдерді емшекпен емізудің артықшылықтары мен әдістері жөнінде хабар беру. Босанғаннан кейін жарты сағат ішінде емшекпен емізуді бастау үшін аналарға көмек көрсету. Бөпелірінен бөлек болатын жағдайда, қалай емшекпен емізу мен лактацияны қалай сақтау керек екендігін аналарға көрсету.

Изображение слайда
18

Слайд 18

Медициналық көрсеткіштерден бөлек жаңа туған нәрестелерге емшек сүтінен басқа тамақты немесе сұйықтықты бермеу. Тәулік бойы ана мен нәрестенің бірге бір палатада болуын тәжірибелеу. Нәрестенің қажетінше емшекпен емуін ынталандыру. Емшек еметін нәрестелерге алдандыратын және жұбататын заттарды бермеу (емізік, бөтелке). Емшекпен емуді қолдайтын топтардың болуын жандандыру және перзентханадан шыққаннан кейін аналарды сол топтарға жолдау.

Изображение слайда
19

Слайд 19: Назарларыңызға рахмет!!!

Изображение слайда
20

Последний слайд презентации: Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Медицина Университеті: Пайдаланылған әдебиеттер:

Түсіпқалиев Б.Т «Балалар аурулары» А қтөбе-2012ж Кульниязова Г.М «Балаларды ң дамуы мен денсаулық жағдайын жиынтықты бағалау » оқу құралы Ақтөбе-2009ж Калмыковой А.С « Поликлиническая педиатрия » Москва-2009г

Изображение слайда