Презентация на тему: М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Медицина Университеті

Реклама. Продолжение ниже
М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Медицина Университеті
Жоспары
М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Медицина Университеті
М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Медицина Университеті
М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Медицина Университеті
М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Медицина Университеті
М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Медицина Университеті
М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Медицина Университеті
М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Медицина Университеті
Лапароскопиялық аппендэктомия әдісі.
М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Медицина Университеті
Асқынулар
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
1/14
Средняя оценка: 4.9/5 (всего оценок: 52)
Код скопирован в буфер обмена
Скачать (1808 Кб)
Реклама. Продолжение ниже
1

Первый слайд презентации: М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Медицина Университеті

Орындаған : Махатова Баянсулу Тексерген: Келимбердиев М. С. Тақырып: Жедел іш бүлігі кезіндегі диагностикалық лапароскопия М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Медицина Университеті

Изображение слайда
Изображение для работы со слайдом
1/2
2

Слайд 2: Жоспары

Кіріспе Негізгі болім - Диагностикалық лапароскопия - Лапароскопиялық операциялардың дәстүрлі операциядан айырмашылығы - Лапароскопиялық аппендэктомия әдісі - Лапароскопиялық операциядан кейінгі кезеңнің асқынулары 3. Қорытынды 4.Қолданылған әдебиеттер Жоспары

Изображение слайда
Изображение для работы со слайдом
1/2
3

Слайд 3

Құрсақ қуысы ағзаларының тұтқиылдан және тез дамитын кеселдерінде кезек күттірмес хирургиялық көмекті талап ететін асқынулар (перитонит, құрсақішілік қан ағу ) жиі туындайды. Құрсақ қуысындағы сол немесе басқа апатты көрсететін симптомдар " іш бүлігі ” деген атау иеленеді. Ол жөнінде айтуға болатын барынша кең тараған кеселдер жедел аппендицит, қарынның немесе ұлтабардың тесілулі ойық жарасы, жедел холецистит, шиеленіскен жарық, жедел ішек бітелуі, құрсақ қуысы ағзаларының жабық зақымданулары, жедел панкреатит, жатырдан тыс жүктіліктегі түтік ажырау, аналық без кистасының бұралуы.

Изображение слайда
Изображение для работы со слайдом
1/2
4

Слайд 4

Іш бүлігінің негізгі белгілері мен симптомдары мынадай : - іш аумағындағы күшті ауырулар ( ойық жара, соқрыішек -аппендицит, бауыр коликасы және басқалары ); - ішті басып байқағандағы қатаю, тіпті кейде іш тақтай тәріздес қатты ; - науқастың «эмбрион» кейпінде ( позасында ) жатуы ; - әлсіздік, қалтырап-дірілдеу. Іш бүлігіндегі жасауға болмайтын әрекеттер : ішті қыздыру, тамақ беру немесе сұйық ішкізу, « іштегі ауыруға қарсы » табелткалар беру, « бәрі өздігінен кетер » деп шыдау және үміттену. Жедел көмек планындағы негізгі міндет – хирургиялық стационарға көлікпен шұғыл жеткізу.

Изображение слайда
Изображение для работы со слайдом
1/2
5

Слайд 5

Диагностикалық лапароскопия қолдана отырып, « жедел іш бүлігі » - нің себебін біле ала аламыз. диагностикалық лапароскопия зақымдалған ағзаны анықтауға, қан ағу мөлшері мен орналасуын мүмкіндік беретіні анықталды. Лапароскопия жоғары ақпаратты, қауіпсіз әдіс болып табылады. Ол барлық қиын диагностикалық жағдайларда көрсетілген.

Изображение слайда
Изображение для работы со слайдом
1/2
6

Слайд 6

« Диагностикалық лапароскопия » атты, д иагностиканың жаңа әдісі туралы белгілі болған соң, бұл медицина саласында колоссалды ашылым болды. Себебі, Диагностикалық лапароскопия іш қуысын қарау және инструментальды пальпациялар, патологиялық түзілістерді пункциялау, көзделген пункция, рентгенконтрастты тексерістер сияқты диагностикалық манипуляциялар жүргізуге мүмкіндік береді.

Изображение слайда
Изображение для работы со слайдом
1/2
7

Слайд 7

Диагностикалық лапароскопияны өткізудің қ арсы көрсеткіштері жалпы және жергілікті болып екіге бөлінеді. Жалпы : 1) жүрек қан-тамырлар және тыныс алу жүйелерінің бұзылыстары ; 2 ) ішек парезімен қосарланған жайылмалы перитонит ; 3 ) іштің төменгі бөлігіндегі мүшелерге бұрын-соңды операцияның болуы ; 4 ) қан жүйесінің ұйығыштығының бұзылыстары. Жергілікті : 1 ) іш қуысында тыгыз инфильтраттың болуы ; 2 ) периаппендикулярлы іріңдік ; 3 ) ішек тұзақтарының арасындағы іріңдіктер ; 4) соқыр ішек қабырғасының флегмонасы ; 5) өсіндінің негізінің тұсындағы тесілуі.

Изображение слайда
Изображение для работы со слайдом
1/2
Реклама. Продолжение ниже
8

Слайд 8

Лапароскопиялық операциялардың дәстүрлі операциядан артықшылығы : 1.Денеге түсетін жарақат көлемінің аз болуы ; 2.Косметикалық жағынан үстемділігі ; 3.Жара іріңдеуінің және аурухана ішілік инфекцияны жұқтыру қауіпінің төмендігі ; 4.Операциядан кейінгі кезеңнің жеңіл өтуі,науқастардың ерте белсенділігі ; 5.Науқастарды операциядан кейінгі кезеңде белсенді жүргізуге байланысты бейарнамалы асқынулардың (пневмония, қан тамырларының тромбозы, ішек қатуы және т.б.) дамуының төмендеуі ; 6.Іш қуысындағы жабысқақ ауруларының дамуының жиілігін азайту ; 7.Науқастардың ауруханада аз уақыт жатуы ; 8.Қысқа уақыттағы реабилитация,жұмысына ерте қосылуы ;

Изображение слайда
Изображение для работы со слайдом
1/2
9

Слайд 9

Лапароскопиялық операциялар іш қуысының жабық кеңістігінде жасалынады. Осы кеңістік бүгінгі күні көмірқышқыл газын іш қуысына енгізу арқылы жүргізіледі.Екінші тәсіл - газсыз, бұл механикалық құрылғылар арқасында алдыңғы іш қабатын көтереді ( лапаролифтинг ). Іш қуысына газ жіберу ( пневмоперитонеум ) Вереш инесімен пункция жасау арқылы іске асады. Ине мен трокардың енгізу нүктесі іштің ақ сызығының бойында кіндіктен 1см жоғары немесе төмен, жасалатын операцияға байланысты таңдалады.Ақ сызықты таңдау тамыр, бұлшықет, нервтердің жарақаттануынан сақтайды және керек болған жағдайда жоғары немесе төмен жара кеңейтіледі. Іш қуысына газды ине арқылы жіберу үшін іштің алдыңғы қабатын көтеріп, инені іш қуысына енгізеді, содан соң оның іш қуысына анық кіргенін анықтау үшін бірнеше сынамалар жүргізіледі.

Изображение слайда
Изображение для работы со слайдом
1/2
10

Слайд 10: Лапароскопиялық аппендэктомия әдісі

Пневмоперитонеум жасалған соң, кіндік қасынан іш қуысына оптика үшін трокар енгізіледі. Балаларға 7мм трокар, ал ересектерге 11 мм трокар қолданылады.Осы трокар арқылы эндоскоп енгізіліп, оған видеокамера жалғанады.Видеокамераның бақылауымен, сол жақ мықын аймағынан 5,5 мм манипуляциялық трокар енгізіледі. Іш қуысын тексергеннен соң, оң жақ мықын аймағынан үшінші операциялық 10 мм трокар енгізіледі.Егер құрт тәрізді өсінді бауыр астылық орналасуы болса, ол кезде манипуляциялық трокар алдыңғы қолтық асты сызығымен оң жақ қабырға астынан негізіледі.Трокарды іш қуысына енгізген соң, соның көмегімен өсіндінің шажырқайы ұсталады. Лапароскопиялық аппендэктомия әдісі.

Изображение слайда
Изображение для работы со слайдом
1/2
11

Слайд 11

Сонан соң, бикоагулятормен күйдірілген сызық бойымен қайшымен қиылады. Кей уақытта күйдіре отырып қию, өсіндінің ұзындығына байланысты 3-4 рет жасалынады. Егер шажырқай қысқа болып, ішектің қасында орналасып, күйдіру айналасындағы тканьдерге қауіп төндіретін болса, ол кезде металдан жасалған клипсалар арқылы шажырқай қысылады. Редер тұзағы кетгут немесе викрилден жасалынып, өсіндінің негізіне салынып, байланады. Редер тұзағы диаметрі 5 мм интродьюсерге енгізіліп,іш қуысына 5,5 мм трокар арқылы кіргізіледі. Екі байланған жіптің арасы 0,8 см болуы керек, өсіндінің негізіне салынған жіптен 5 мм қашықтықта, өсінді күйдіріліп, сосын қиылады. Осыдан кейін іш қуысынан 11 мм трокар арқылы шығарылады. Егер деструктивті өсінді болатын болса, онда арнайы қалтаға салынып, сонан соң сыртқа алып шығару керек. Кейде трокарға өсінді симай жатса, ол кезде трокардың басқа үлкен диаметрін пайдаланған жөн.Іш қуысында сұйықтық немесе қан болатын болса электр сорғыштыңкөмегімен сорылып шығарылады. Трокарлар іш қуысынан эндоскоптың бақылауымен шығарылуы тиіс. Іш қуысындағы газ шығарылып, жамбас қуысына міндетті түрде дренаж қойылып, фасция мен теріге тігіс салынады.

Изображение слайда
Изображение для работы со слайдом
1/2
12

Слайд 12: Асқынулар

Лапароскопиялық операциядан кейінгі кезеңнің асқынулары ерте және кеш болып екіге бөлінеді. Ерте асқынуларына : қан кету, іш қуысындағы дренажды түтіктен ішек бөліністерінің пайда болуы жатады. Емі : қайтадан лапароскопиялық жолмен тексеріп қарап, орнына келтіру. Егер орнына келтіру лапароскопиялық жолмен мүмкін болмаса, онда ашық әдіске көшу керек. Ерте асқынуларына жоғарыда аталғаннан басқа жараның іріңдеуі және барлық операцияларда кездесетін бейарнамалы асқынулар ( пневмония,тромбофлебит және т.б ) жатады. Кеш асқынуға : іш қуысында жабысқақтың пайда болуы жатады, бірақ өте сирек жағдайларда кездеседі. Операциядан кейінгі кезеңде науқастардың ерте белсенділігі көбіне аталған асқынулардың пайда болуын сиретеді. Асқынулар

Изображение слайда
Изображение для работы со слайдом
1/2
13

Слайд 13: Қорытынды

Лапароскопияның диагностикалық мүмкіндіктері аз уақытта және дұрыс диагноз коюға мүмкіндік береді. Аз инвазивті хирургиялық әдістер диагнозды құптауға, сонымен қатар лапароскопиялық санацияны және іш қуысын тазалау мүмкіндігін береді. Қорытынды

Изображение слайда
Изображение для работы со слайдом
1/2
14

Последний слайд презентации: М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Медицина Университеті: Пайдаланылған әдебиеттер

Н. І. Ізімбергенов, М. Н. Ізімбергенов «Іш қуысының жедел хирургиясы» Ақтөбе 2006 жыл «Хирургические болезни» Под редакцией Ю.В. Таричко. Москва 2007 жыл Н.А.Ақатаев, Қ.Қ.Сабыр, Ә.К.Қойшыбаев «Хирургиялық аурулар» Ақтөбе 2011 жыл . Пайдаланылған әдебиеттер

Изображение слайда
Изображение для работы со слайдом
1/2
Реклама. Продолжение ниже
Реклама. Продолжение ниже