Презентация на тему: Липидтер алмасуының бұзылыстары С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА

Липидтер алмасуының бұзылыстары С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА
Жоспар:
Липидтер туралы жалпы түсінік
Липидтер алмасуының бұзылыстары
Майлардың сіңірілуінің бұзылуы.
Липидтер алмасуының бұзылыстары С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА
Липидтер алмасуының бұзылыстары С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА
Майдың тасымалдануы мен қаннан тінге ауысуының бұзылуы
Липидтер алмасуының бұзылыстары С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА
Липидтер алмасуының бұзылыстары С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА
Май тінінде май алмасуының бұзылыстары
Сем іздік
Липидтер алмасуының бұзылыстары С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА
Липидтер алмасуының бұзылыстары С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА
Липидтер алмасуының бұзылыстары С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА
Липидтер алмасуының бұзылыстары С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА
Атеросклероз
Липидтер алмасуының бұзылыстары С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА
Қолданылған әдебиеттер:
1/19
Средняя оценка: 4.9/5 (всего оценок: 32)
Код скопирован в буфер обмена
Скачать (3709 Кб)
1

Первый слайд презентации

Липидтер алмасуының бұзылыстары С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА Орындаған : Асанов Б.Қ. Факультет: Стоматология Топ:Ст 11-001-01 қ Қабылдаған : Қырғызбаева А.А. Алматы 2013 жыл

Изображение слайда
2

Слайд 2: Жоспар:

І. Кіріспе : Липидтер туралы жалпы түсінік. ІІ. Негізгі бөлім: 1. Липидтер алмасуның бұзылыстары: а) Майлардың сіңірілуінің бұзылуы; б) Майдың тасымалдануы мен қаннан тінге ауысуының бұзылуы; с) Май тінінде май алмасуының бұзылыстары. 2. Сем іздік. 3. Атеросклероз. ІІІ. Қорытынды. І V. Қолданылған әдебиеттер.

Изображение слайда
3

Слайд 3: Липидтер туралы жалпы түсінік

Липидтер – организмнің көптеген биологиялық қызметін атқаратын химиялық классқа жататын органикалық қосындылар. Липидтерге қаныққан және қанықпаған май қышқылдары, моно, ди және үш глициридтер, холестерин, фосфолипидтер, гликолипидтер, стериндер және балауыз жатады. Жануарлар мен өсімдік майлары 94-98% үшглецирридтердің құрамынан тұрады. Адамға тәулігіне орта есеппен 80-100 г май қажет. Майлардың немесе липидтердің организм үшін маңызы өте үлкен.

Изображение слайда
4

Слайд 4: Липидтер алмасуының бұзылыстары

әр деңгейде пайда болады : -майлардың қорытылуы және сіңірілу кезінде : -липидтердің тасымалдануы және ұлпаларға өту кезінде ; Липидтер алмасуының бұзылыстары -липидтердің ұлпаларда тотығу кезінде -липидтердің май ұлпаларында алмасуында ( артық немесе жеткіліксіз пайда болуы және жиналуында ).

Изображение слайда
5

Слайд 5: Майлардың сіңірілуінің бұзылуы

Ішектерде тағамдық май сіңірілуі үшін оның эмулсиялануы (лат. emulsus — сұйықта заттың ерімеген микроскопиялық тамшылары араласқан жағдайда сақталу түрі ) қажет. Ұлтабарға ет түспеуі немесе оның тым аз түсуі майлардың сіңірілуіне тікелей әсер етеді. Өт жолдарының бітелуі, өт қабығының қабынуы (холецистит) және өт шығару үрдістерінің бұзылыстарымен сипатталатын бауырдың кейбір аурулары кездерінде тағамдық май эмульсияланбауынан сіңірілмейді.

Изображение слайда
6

Слайд 6

Осындай жағдай ұйқы-безінің ферменттері шығарылмағанда немесе тым аз шығарылғанында да байқалады. Сонымен қатар майлардың сіңірілуі бұзылуы ішек эиителийлерінің қызметі төмендегенде немесе ащы ішектің перистальтикасы күшейгенде болуы мүмкін. Бұндай жағдайлар энтериттер, А және В гиповитамииоздар кездерінде байқалады. Тамақтың құрамында Са2+, Мg2+ көп болғанда, олармен май қышқылдарының ерімейтін тұздары құрылады да, майдың сінірілуі төмендейді. Сіңірілмеген май негізінен ішектер арқылы, аз мөлшерде май және тер бездерімен тері арқылы сыртқа шығарылады. Май сіңірілуі бұзылуынан нәжісте ыдырамаған май мен күрделі май қышқылдары көбейеді, ол ақсұр түсті болады. Бұндай жағдайды стеаторея (грек. stear — май, грек. rһео — ағу ) дейді.

Изображение слайда
7

Слайд 7

Май бездерімен тері арқылы майдың артық шығарылуы (себорея — май ағу ) кейбір тері ауруларында ( безеу, экзема жене авитаминоздар кездерінде ) кездеседі. Майлардың сіңірілуінің бұзылуы көптеген жағымсыз жағдайларға әкеледі. Осыған қарамай тағамда май міндетті түрде болуы қажет. Өйткені майлармен бірге майда еритін тіршілікке қажетті витаминдер А, Д, Е, К сіңіріледі. Сондықтан тамақпен организмге май түспесе көрсетілген витаминдердің жеткіліксіздігі дамуы мүмкін. Сонымен қатар табиғи майлардың құрамына организмде алмастырылмайтын қанықпаған күрделі май қышқылдары ( мысалы, линол — С18Н32О2 және линолен — С18Н30О2 қышқылдары ) кіреді. Олар басқа май қышқылдарынан организмде түзілмейді. Организмде олардың жеткіліксіздігінен терінің созылмалы (некроздық ж. б.) аурулары дамиды.Майлардың ферменттік ыдырауының бұзылуы көмірсулар мен нәруыздардың ыдырауына теріс әсер етеді. Бұл жағдайларда нәруыздар майлармен қоршалып, оларға протеолиздік ферменттердің әсері әлсірейді.

Изображение слайда
8

Слайд 8: Майдың тасымалдануы мен қаннан тінге ауысуының бұзылуы

Майлардың тасымалдануы бұзылыстарының бір көрсеткіші болып гиперлипемия есептеледі. Бұл кезде қанда майдың мөлшері литріне 8 граммнан асады. Гиперлипемия ауқаттық (қоректік), тасымалдық (май қорларынан оның бауырға тасымалдануы күшейгенде) және ретенциондық (грек. retentio — бөгелу, кідірту) немесе бөгелулік (майдың қаннан тінге шығуы кідіріп қалғанда) болып көрінеді.

Изображение слайда
9

Слайд 9

Изображение слайда
10

Слайд 10

Ауқаттық гиперлипемия. Майлы тамақты көп ішкеннен кейін 2—3 сағаттан соң дамиды да, 4—6 сағаттан соң ең жоғары деңгейге көтеріледі. 9 сағаттан кейін қандағы май мөлшері қалыпты деңгейге жетеді. Ол көк бауыр алынып тасталғанда, гепариннің өндірілуі бұзылғанда ұзақ және жоғары деңгейдегі гиперлипемия байқалады. Ac тұзы, өт қышқылдары гиперлипемияның дамуына әкеледі. Тасымалдық гиперлипемия бауырда гликогеннің қоры азайғанда (ашығу, қантты диабет ж. б.) байқалады. Бұл кезде май қорларынан, өкпеден, сүйек кемігінен, майлардың бауырға бағытталуы көптеген гормондардың әсерлерінен болады. Ашыққан организмге глюкоза жібергенде бауырда гликогеннің қоры қалыптасып, майлардың бауырға тасымалдануы ( тасымалдық гиперлипемия ) азаяды. Бөгелулік (ретенциондық ) гиперлипемия —қаннан майлардың тіндерге ауысуы бегеледі. Босаған май қышқылдары альбуминмеп байланысып ( альбуминнің I молекуласы май қышқылының 6—7 молекуласын байланыстырады ), қаннан жасушаларға ауысады. Осыдан қанда альбуминнің жеткіліксіздігі (ашығу, бүйрек, бауыр аурулары ) кездерінде майдың қанда ұсталып қалуына, гиперлипемияның дамуына әкеледі. Осындай жағдай гепариннің жеткіліксіздігі кездерінде байқалады (атеросклероз, қантты диабет ж. б.).

Изображение слайда
11

Слайд 11: Май тінінде май алмасуының бұзылыстары

Май тінінде ұдайы қарқынды алмасу процесстері жүріп жатады. Онда майдың артық жиналуы тамақта көмірсулары басым болғанда болады. Үш глицеридтердің түзілуі мен ыдырауы қандағы глюкозаның деңгейімен реттелінеді. Онда глюкоза көп болғанда май қышқылдары энергия түзілуге пайдаланылмай қорға жиналады. Керісінше, глюкоза деңгейі төмендегенде майдың май тінінен шығуы байқалады. Ұзақ эмоциялық зорлану май тінінен оның шығуына, адамның азып-ауруына әкеледі. Инсулин майдың қорларынан шығуын тежейді, көмірсуларының майға айналуын арттырады, бауырда гликогеннің қорлануын күшейтеді. Қанда глюкозаның деңгейін төмендетіп, адамның тәбетін көтереді. Көрсетілген күрделі нейрогуморалдық реттеудің бұзылыстары организмде артық май жинап, адамды семіруге әкеледі. Семіру барлық зат алмасу бұзылыстарының ішінде ең жиі кездесетіні. Ересек адамдардың 30%-дан 60% -ға дейіні артық салмағымен көзге түседі. Әйелдердің арасында семіздік ерлерге қарағанда үш есе жиі кездеседі. Жастардың арасында семірудің жиілеп бара жатқаны назар аударарлық. Мәселен, 33% ер адамдардың және 45% әйелдердің арасында семіру 20—35 жастарда кездеседі.

Изображение слайда
12

Слайд 12: Сем іздік

Семіздік дегеніміз - майлардың кең аймақта қалыптан тыс жиналуы. Өлшемді дене салмағының 20% артып кетсе семіру деп атап, күнделікті тұрмыс пен қимыл қозғалысына кедергілік жасайтын деңгейдегі, сондай-ақ басқа да ілеспе ауруларды пайда қылатын семіруді семіздік немесе семіздік ауруы дейді. Семіздік липидтер алмасуымен тікелей немесе тікелей емес жолдармен байланысып жататын метоболиттік ауру болумен бірге қоғамдық әлеуметтік жағдайлармен, салт-сана, тағам әдебиеті, сондай – ақ адамның рухани жан дүниесімен де ұштасып жататын әлеуметтік ауру болып есептеледі.

Изображение слайда
13

Слайд 13

Изображение слайда
14

Слайд 14

Семіздік пайда болу себептері : 1. Гиперфагия және гиподинамия Бұл қазіргі заманғы цивилизайия қоғамындағы ең көп кездесетін семіру себептері. Энергия шығымына сәйкес келмейтін артық тамақтану мен аз қимылдау қазіргі заманғы семіздіктің 55-65%-ін құрайды. 2. Церебралдық себептер. Гипоталамустың вентромедиалдық ядросындағы «тоқтық сезім орталығының» зақымдалуы мен « аштық сезім орталығының » қалыпсыз қозуы. 3. Ішкі секреция функцияларының қалыпсыздығы. 4. Қоғамдық-әлеуметтік және психологиялық факторлар. 5. Генетикалық немесе тұқым қуалаушылық. Пайда болу себебіне қарай семіру үш түрлі болады : ауқаттық (55—66%), гормондық (20% мөлшерінде ), церебралдық (16—20%). Семіруде тұқым қуалаушылықтың маңызы күмән шақырмайды.

Изображение слайда
15

Слайд 15

Семіру дамуында 3 патогенездік жайттардың маңызы бар: 1. энергия шығынына сәйкес емес артық тамақтану ; 2. май қорларынан оның аз шығарылуы ; 3. көмірсуларынан майдың артық өндірілуі.

Изображение слайда
16

Слайд 16

Семіруді ескерту мен емдеу тәсілдерінің негізінде, қоректенудің тәртібін сақтаудың маңызы өте зор. Тамақтың құнарлылығын, ондағы ас тұзын, тәтті және ащы тағамдарды шектеп, бөлшектеп, жиі ( күніне 5—6 рет ) қоректену қажет. Тамақтың құнарлылығын күн бойына дұрыс бөлу ерекше маңызды. Тамақпен түсетін энергияның 70%-ы күннің бірінші жартысына ( ауыз ашар, екінші ауыз ашар, түскі ас) келуі керек. Оның тек 30%-ы түстен кейінгі астануларға ( түстен кейінгі, кешкі және жатар алдындағы ас) келгені дұрыс. Жатар алдындағы астану ұйықтардың алдында 2 сағат бұрын болуы қажет, Тамақтанудың осындай тәртібінде организмге аспен түсетін энергияның негізгі бөлшегі жұмыс уақытындағы кеткен шығынын толтырады да, май түрінде қорға жиналуы азаяды. Дұрыс қоректенудің негізінде — сапалық құрамы жағынан организмге қажетті мөлшерде нәруыздармен, витаминдермен және микроэлементтермен жабдықталған тамақтану жатады. Тағамда өсімдік майларының мөлшері мен жануарлар майларының ара қатынасы 1:2 болуы қажет. Тамақта жеңіл қорытылатын көмірсулары аз болуы керек. Сонымен бірге гиподинамияны шектеу, дене шынықтыру мен спортпен шұғылдануды насихаттау қажет. Толық адамдарда май алмасуы бұзылуын жөнге келтіру үшін арнайы дәрілер, әсіресе балық майынан алынған « эйконол » қолданылады. Ол қанда майдың мөлшерін, артериялық қысымды төмендетеді, қанның ұюын ретке келтіреді

Изображение слайда
17

Слайд 17: Атеросклероз

Атеросклероз (atherosclerosіs; гр. athrа — ботқа және sklrsіs — қатаю) — қан тамырларының ішкі бетіне холестериннің сіңіп, жиналып, түйін тәрізді шоғырланып қалуы. Холестерин сіңіп қалған орын бастапқы кезде сары жолақ дақ түрінде болса, келе-келе қатайған түйінге айналады. Бұл түйіндер бір-біріне қосылады. Соның салдарынан тамырдың ішкі қабатында жаралар пайда болады, кальций тұздары шөгіп, тамыры қатаяды, қан өтуі қиындайды. Атеросклероз денедегі ең ірі қан тамыры — қолқада жиі пайда болады. Атеросклероз салдарынан қолқаның жұқарған жерлері қалталанып кеңиді (аневризма) де, басқа органдардың қан тамырларын бекітіп тастайды. Соның әсерінен кейде науқастың бірнеше минут ішінде өліп кетуі мүмкін. Шажырқай артериясының атеросклерозы ішектің өлі еттенуіне, аяқ атеросклерозы аяқтың гангренасына соқтырады. Атеросклероз жүрек қыспасы (стенокардия), жүректің созылмалы ишемиялық ауруы, жүрек инфарктінің негізгі себебі болып есептеледі.

Изображение слайда
18

Слайд 18

Изображение слайда
19

Последний слайд презентации: Липидтер алмасуының бұзылыстары С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА: Қолданылған әдебиеттер:

1. Биологиялық химия» С.М.Плешкова, К.Қ.Өмірзақова, С.А.Абитаева Алматы, 2006 жыл (1-3 бет) 2. Ә. Нұрмұхамбетұлы Патофизиология Алматы, 2007жыл (4-13 бет) 3. «Денсаулық» журналы 09.2008 (11-12 бет)

Изображение слайда