Презентация на тему: Лекция 5-6. Қоршаған ортаның әртүрлі экологиялық факторлары және олардың

Лекция 5-6. Қоршаған ортаның әртүрлі экологиялық факторлары және олардың микроорганизмдерге әсері. Микроорганизмдерге сыртқы ортаның абиотика лық факторларының
Лекция 5-6. Қоршаған ортаның әртүрлі экологиялық факторлары және олардың
Лекция 5-6. Қоршаған ортаның әртүрлі экологиялық факторлары және олардың
Микроорганизмдердің өсу жылдамдығының температураға тәуелділігі
Лекция 5-6. Қоршаған ортаның әртүрлі экологиялық факторлары және олардың
Лекция 5-6. Қоршаған ортаның әртүрлі экологиялық факторлары және олардың
Лекция 5-6. Қоршаған ортаның әртүрлі экологиялық факторлары және олардың
Әртүрлі температураның психрофилдердің, мезофилдердің және термофилдердің өсуіне әсері
Микроорганизмдердің әртүрлі топтарының жоғарғы температурада өсу мәндері
Қышқылдылықтың немесе ортаның рН-ның әсері.
Лекция 5-6. Қоршаған ортаның әртүрлі экологиялық факторлары және олардың
Ылғалдылықтың әсері
осмос қысымы.
Оттегінің әсерi.
Оттегінің әсерiне қарай микроорганизмдердiң бөлiнуi
Әр түрлі бактерияларда кездесетін ферменттер
Микроорганизмдерге химиялық факторлардың әсері
1/17
Средняя оценка: 4.5/5 (всего оценок: 21)
Код скопирован в буфер обмена
Скачать (234 Кб)
1

Первый слайд презентации: Лекция 5-6. Қоршаған ортаның әртүрлі экологиялық факторлары және олардың микроорганизмдерге әсері. Микроорганизмдерге сыртқы ортаның абиотика лық факторларының әсері

Жалпы сыртқы ортаның факторлары негізгі үш топқа бөлінеді: Абиотикалық (Физикалық және химиялық) Биотикалық (биологиялық) Антропогендік факторлар

Изображение слайда
2

Слайд 2

Микроорганизмдерге әсер ететін сыртқы орта факторлары Абиотикалық (немесе физико-химиялық факторлар) Биотикалық (биологиялық) Температура, жарық, ортаның рН мәні, ортаның тұздылығы, радиоактивті сәулелену, қысым, ауаның ылғалдылығы, жел, ағыс Тірі организмдердің бір-біріне әсері жатады

Изображение слайда
3

Слайд 3

Биологиялық факторларға микроорганизмдердің қоршаған ортада бір - бірімен тығыз қарым - қатынаста болады. Осы микроорганизмдер арасындағы қарым - қатынастар әсерінен микроорганизмдердің біреуіне пайдалы болуымен қатар, сонымен қатар бір - біріне антагонистер болу мүмкін. Яғни зиянды әсер етуі мүмкін. Физикалық факторлар Температура, құрғау, әртүрлі сәулелі энергиялар, ультра дыбыс, қысым, ортаның қышқылдылығы Биологиялық факторлар Химиялық факторлар Көптеген химиялық заттар, оттегі, қышқылдар, сілтілер, ауыр металдардың иондары, дезинфектанттар мен антисептиктер

Изображение слайда
4

Слайд 4: Микроорганизмдердің өсу жылдамдығының температураға тәуелділігі

Температура Өсу жылдамдығы Минимум Оптимум Максимум

Изображение слайда
5

Слайд 5

Температураға байланысты өсетін микроорганизмдерді үш топқа бөледі: Термофилдер Мезофилдер П сихрофилдер. Термофил дер. Өсудің қалыпты температурасы 40-45 °С дан жоғары болады. Бұл топқа жоғары температурада жақсы өсетін бактериялар жатады. Термофилдердің өзі бірнеше топқа бөлінеді: Облигатты Факультативті Термотолерантты Экстремалды термофилдер Гипертермофилдер. Облигатты термофилдер үшін оптимум температура 65–70 о С, минимальді температура 40-42 о С, Факультативті термофилдер үшін максимум температура 50–60 о С, минимум 20 о С, Термотолеранттылар үшін максимум температура 45–50 о С, экстремалды термофилдер 60–80 о С-ден жоғары температурада өсе алады. Кейбір термофилдер үшін 90 о С шамасындағы температура оптималды температура болып табылады. Гипертермофилдер к ейбір архебактериялар жатады. Олар 105 о С температурада өседі, кейде 11 0 о С температураға да төзімді болып келеді.

Изображение слайда
6

Слайд 6

Термофилдердің жоғары температурада өсу қабілетінің болуы келесі ерекшеліктермен сипатталады: Клеткалық мембранасындағы липидті компоненттердің құрамында, әсіресе, ұзын тізбекті С17-С19 қаныққан май қышқылдарының болуы Белоктар мен ферменттерінің ыстыққа төзімділігінің жоғары болуы Клеткалық ультрақұрылымының термотұрақтылығы Мезофилдер. Бактериялардың басым көпшілігі мезофилдерге жатады. Олар үшін оптималды өсу температурасы 25 – 35 о С, максималды 40 – 50 о С ара лығында, ал минималды температура 10 о С болып саналады

Изображение слайда
7

Слайд 7

Психрофил дер. Бұл топқа жататын микроорганизмдердің барлығы 0 о С температурада өсе алады. Температураның оптимумы мен максимумына қарай оларды екі топқа бөледі: Облигатты психрофилдер Психротрофтар Облигатты психрофилдер үшін ең қолайлы (оптималды) температура – 15 о С, одан артса, клеткалар зақымданады. Бөлме температурасында, яғни 20 о С-де өспейді. Мысалы, температура көтерілгенде, Vibrio psychroerythrus (вибрио психроэритрус) пен Bacillus psychrophilus -тың (бациллус психрофилус) клетка бөлінуі нашарлайды, жіпше пішіндері пайда болады, ал температура максимум нүктесіне жеткенде, клеткалары ериді (лизиске ұшырайды). Психротрофтарға жататын бактериялар 0 о С-де өсе алады, бірақ оптималды температурасы – 25 о С, ал максималды температурасы 30–35 о С аралығында. Психротрофтар тоңазытқышта да, төмен температурада өсіп, ондағы сақталатын тағамдарды бүлдіреді. Психрофилдердің төмен температурада өсуі олардың ерекше қасиеттеріне байланысты: мембранадағы липидтер қаныққан майлы қышқылдарға бай, ферменттер мен қоректік заттарды мембранадан өткізуші белоктардың белсенділігі төмен температураға бейімделген.

Изображение слайда
8

Слайд 8: Әртүрлі температураның психрофилдердің, мезофилдердің және термофилдердің өсуіне әсері

- 10 0 10 20 30 40 50 60 7 0 8 0 9 0 100 Психрофилдер Психротрофтар Мезофилдер Термофилы Экстремальді термофилдер

Изображение слайда
9

Слайд 9: Микроорганизмдердің әртүрлі топтарының жоғарғы температурада өсу мәндері

Микроорганизм топтары Өсудің ш екті температурасы, о С Эукариоттар : Қарапайымдылар 56 Балдырлар 55 - 60 Саңырауқұлақтар 60 - 62 Прокариоттар : Цианобактериялар және басқа фотосинтездеуші бактериялар 70 - 73 Фотосинтездемейтін бактериялар ( скотобактериялар )  90

Изображение слайда
10

Слайд 10: Қышқылдылықтың немесе ортаның рН-ның әсері

Микроорганизмдер тіршілік ететін орта қышқылдылығының әсеріне байланысты үшке бөлінеді : Ацидофилдер Алкилофилдер Нейтрофилдер Қышқылды ортада жақсы өсетiн (рН 4,0 – 5,0) микроорганизмдерді оларды қышқыл сүйгiш немесе ацидофилдi деп атайды. Олардың iшiндегі тионды бактериялар тобына жататын Thiobocillus thiooxydаns (тиобациллус тиооксиданс) ең қышқыл сүйгiш болып саналады. Бұл бактериялар к үкiрттi және тиосульфатты тотықтырып, күкiрт қышқылына айналдырады. Бұл бактериялар үшiн оптималды рН 1,0 – 3,5 аралығында, ал рН 0,6 мәнiнде өсу баяулайды, бірақ тоқтамайды.

Изображение слайда
11

Слайд 11

Кейбір микроорганизмдер үшiн өсуге қолайлы (оптималды) орталардың бірі – сiлтiлi орта. Ондай микроорганизмдерді алкилофилдер деп атайды. Мысалы, несеп нәрін (мочевина – көмір қышқылының толық амиды) уреаза ферменті көмегiмен ыдырататын уробактериялар ( Sporosarcina ureа ) ортаның рН-ы 9 – 10 аралығында болғанда жақсы өседi. Көпшiлiк бактериялар ортаның нейтралды реакциясын қажет етедi, яғни рН 5,5 – 6,0 маңайында болғанда. Оларды нейтрофилдерге жатқызады. Алайда араларында да рН 4,0, қышқылды жағдайға төзiмдiлер бар. Оларды қышқылға төзiмдiлер деп атайды.

Изображение слайда
12

Слайд 12: Ылғалдылықтың әсері

Ерiтiндiлер Судың белсенділігі, а w NаC l, г/100 мл Сахароза, г/100 мл 0,87 9,2 0,995 3,5 39,2 0,980 0 64,9 0,960 16,2 140 (сирек) 0,800 23 205 (қаныққан) 0,850 Қант пен тұз ерітінділерінің су белсенділігі Судың белсенділігі ( а w ) атмосфераның салыстырмалы ылғалдылығына тең. Судың белсенділігі (а w ) мынадай теңдiк арқылы есептеледі Мұнда, V – еріген заттар түзген иондардың саны, т – ерiген заттардың молярлық концентрациясы,  – молярлы осмостық коэффициентi. Таза судың активтілігі 1,000 -ге тең. Микроорганизмдер қоректік ортаның а w мөлшері 0,99 – 0,63 аралығында болғанда өседі. Ал судың оптималды белсенділігі 0,99 – 0,93 аралығында.

Изображение слайда
13

Слайд 13: осмос қысымы

Микроорганизмдер осмос қысымының әсерiне қарай екіге бөлiнедi. Осмофилдi Галофилді Осмофилдер NaСl-дың 10 – 15% -дық ерiтiндiсінде өсе алады, бiрақ оптимумы 3,5%, ал 1%-да мүлдем өспейдi. Галофилдер 2,5 – 20,5% аралығында өседі, өсу минимумы – 12–30%. Галофилдер екі түрге бөлінеді: Әлсіз галофилдер Экстремалді галофилдер Әлсіз галофилдер 1-2 % тұзда өсуге қабілетті, 10 % тұзда жақсы өседі, кейде тіпті 20 % тұзды ортаға төзімді болып келеді. Экстремалді галофилдер 12-15 % және 32 % тұзды ортада өсуге қабілетті.

Изображение слайда
14

Слайд 14: Оттегінің әсерi

Оттегінiң өсу процесiне тигізетін әсеріне қарай микроорганизмдердi бес топқа бөледi : Қатал ( облигатты ) аэробтар, Қатал анаэробтар, Факультативтi анаэробтар, Аэротолеранттылар, Микроаэрофилдер.

Изображение слайда
15

Слайд 15: Оттегінің әсерiне қарай микроорганизмдердiң бөлiнуi

Топтардың атаулары Сыртқы жағдай Оттегінің әсерi Тотыққан Тотықсызданған Облигатты аэробтар өседi өспейдi оттегі қажетті Факультативтi анаэробтар өседі өседі қ ажетсіз, б ірақ болса, жақсы өседі Аэротолерант т ылар өседі өседі қ ажетсіз, б ірақ оған тұрақты Облигатты анаэробтар өспейді өседі улы Микроаэрофилдер О 2 -нің деңгейі 10%-дан асса, өспейді О 2 -нің деңгейі 2%-дан аспаса, өседі а з мөлшері қажет

Изображение слайда
16

Слайд 16: Әр түрлі бактерияларда кездесетін ферменттер

Бактериялар Ферменттер Супероксиддисмутаза Каталаза Перок- сидаза Аэробтар + + - Аэротолеранттылар + - - Облигатты анаэробтар - - - Сүт қышқыл бактериялар - - +

Изображение слайда
17

Последний слайд презентации: Лекция 5-6. Қоршаған ортаның әртүрлі экологиялық факторлары және олардың: Микроорганизмдерге химиялық факторлардың әсері

№ Химиялық заттар Әсер етуі 1 Спирттер ( этанол, изопропанол ). Олар клетка қабырғасындағы липидтерді шайып және белоктарды тұнбаға түсіреді. Антисептик ретінде пайдаланады. 2 Галогендер және құрамында галогені бар заттар (иод және хлорлы препараттар) Белоктардың гидроксилді топтарымен байланысып олардың құрылымын бұзады. Дезинфектантар және антисептиктер ретінде пайдаланады. 3 Альдегидтер Белоктардың амин топтарын және карбоксилді топтарын ыдыратып, микроорганизмдердің тіршілігін жояды. 4 Қышқылдар және сілтілер Бор, бензой, сірке және салицил қышқылы едәуір кеңінен қолданылады. Антисептиктер ретінде пайдаланады. 5 Металдардың Күміс нитраты, мыс сульфаты және сынаптың хроматы пайдаланылады. Микроорганизмдердің белоктарын тұнбаға түсіріп жібереді. Антисептик ретінде пайдаланады. 6 Фенолдар Клетка қабырғасының құрылымын бұзып, белоктарды денатурациялайды. Антисептик ретінде пайдаланылады. (Бірақ оның уыттылығы жоғарылығына байланысты көп пайдаланылмайды)

Изображение слайда