Презентация на тему: Лекция 17-18.   микроорганизмдердің қоректенуі мен өсіп дамуы

Лекция 17-18.   микроорганизмдердің қоректенуі мен өсіп дамуы
Микроорганизмдердің тіршілігіне қажетті химиялық элементтердің физиологиялық қызметі
Микроорганизмдердің клеткасының химиялық құрамы.
Лекция 17-18.   микроорганизмдердің қоректенуі мен өсіп дамуы
Лекция 17-18.   микроорганизмдердің қоректенуі мен өсіп дамуы
Бактериялардың қоректену түрі бойынша жіктелінуі
Қоректік орта түрлері
Күрделілігі жоғарылай түсетін төрт қоректiк орталардың құрамы және компоненттерi
Құрамы әр түрлі элективті қоректік орталарды фототүзуші ( фототрофты ) бактериялардың өсуі
Бактериялардың таза дақылдарын бөліп алу әдістері.
Микроорганизмдердің пробиркада және Петри табақшасында бактериялардың таза дақылдарының өсуі.
Лекция 17-18.   микроорганизмдердің қоректенуі мен өсіп дамуы
Тығыз қоректік ортаның бетіне өсіп шыққан микроорганизм колониялардың сипатталатын қасиеттері
Микроорганизмдердің популяцияларының өсу заңдылықтары
Микроорганизмдерді зертханалық және өндірістік жағдайда өсіру
Микроорганизмдерді үздіксіз өсіру үшін қолданылатын құрылғылар
Бактериялар өсуінің қисық сызығы
1/17
Средняя оценка: 4.7/5 (всего оценок: 7)
Код скопирован в буфер обмена
Скачать (430 Кб)
1

Первый слайд презентации: Лекция 17-18.   микроорганизмдердің қоректенуі мен өсіп дамуы

микроорганизмдердің қоректенуі Қоректік орталарды жасау принциптері Микрооргнаизмдерді бөліп алу және өсіру Микроорганизмдердің популяцияларының өсу заңдылықтары

Изображение слайда
2

Слайд 2: Микроорганизмдердің тіршілігіне қажетті химиялық элементтердің физиологиялық қызметі

Химиялық элементтер Метаболизмдегі атқаратын қызметі N O Су және органикалық заттардың құрамына кіреді, оттегі акцептор ретінде пайдаланады. С Органикалық заттардың құрамына кіреді. N Белоктардың, нуклеин қышқылдарының, коферменттердің құрамына кіреді S Цистеиннің, метиониннің, тиаминпирофосфаттың, А-коэнзимнің, биотиннің құрамына кіреді P Нуклеин қышқылдарының, фосфолипидтердің, нуклеотидтердің құрамына кіреді. K Na Кейбір ферменттердің кофакторлары, маңызды бейорганикалық катион Mg Көптеген ферменттердің кофакторлары. Клетка қабығының құрамына кіреді Ca Ферменттердің кофакторлары. Са-дипиколинат түрінде эндоспоралар құрамына кіреді. Fe Цитохромдар, ферродоксиндер және басқа FeS-белоктар құрамынан табылған, энзимдер кофакторлары. .

Изображение слайда
3

Слайд 3: Микроорганизмдердің клеткасының химиялық құрамы

Элемент Жалпы массасына тиетін мөлшері, % Көміртек 50 Оттегі 20 Азот 14 Сутегі 8 Фосфор 3 Күкірт 1 Калий 1 Натрий 1 Кальций 0,5 Магний 0,5 Хлор 0,5 Темір 0,2 Басқа элемен т тер  0,3 Бактерияның к леткадасындағы химиялық элементтер мөлшеріне қарай үш топқа бөлінеді: Негізгі элементтер немесе органогендер (азот, сутегі, оттегі, көміртегі ), микроэлементтер ( Ca, N, Mg, Na, S, P, Cl ) Ультрамикроэлементтер (B, Va, Fe, Co, Si, Mn, Cu, Mo, Zn ). Осы элементтердің ішіндегі 10 универсалды химиялық элементтер деп атайды. Клетканың жалпы массасының 80%-ы – су, 20%-ы құрғақ массаны құрайды. Құрғақ массаны құрайтын заттардың 92%-ы органогендерден, ал қалғаны басқа элементтерден тұрады

Изображение слайда
4

Слайд 4

Кейбір микроорганизмдер кейбір органикалық заттарды: аминқышқылдарын, азотты қосылыстарды, витаминдерді өздері синтездей алмайды, бірақ аталған зат жоқ қоректік орталарда өсе алмайды. Ондай қосылыстарды өсу факторы деп атайды. Арнайы өсу факторын талап ететін микроорганизмдерді ауксотрофтар деп атайды. Ауксотрофтарға қажетті қосылыстарды прототрофтар синтездеуге қабілетті. Микроорганизмдердің клеткасына қоректік заттардың келіп-түсу тәсілі бойынша екі топқа бөлінеді: Осмотрофтар Фаготрофтар. Көміртегінің көзін пайдалануларына байланысты микроорганизмдерді авторофтар және гетеротрофтар деп екіге бөледі Автотрофтар сияқты гетеротрофтар қандай энергияны пайдалануына байланысты фототрофтар және хемотрофтар деп бөлінеді микроорганизмдер қандай қоректік заттар, органикалық немесе бейорганикалық заттар электрон донары болады соған байланысты екітопқа бөлінеді: органотрофтар және литотрофтар. Органотрофтар – электрон доноры ретінде органикалық қосылыстарды пайдалатын организмдер болып табылады, ал литотрофтар электроны доноры ретінде бейорганикалық заттарды (H 2, NH 3, Н 2 S, CO, Fe 2+ және т.б.) пайдалануға қабілетті.

Изображение слайда
5

Слайд 5

Бактериялар молекулалық оттегінің көзіне байланысты 3 негізгі топқа бөлінеді: аблигатты аэробтар, факультативті анаэробтар, аблигатты анаэробтар. Облигатты аэрофилдер - энергияны аэробты тыныс алу кезінде алуға қабілетті, осыған байланысты О 2 -ні қажет етеді. Олардың арасында микроаэрофилдердер деп бөлінеді. Микроаэрофилдер – энергияны алу үшін О 2 – ні қажет етеді, бірақ оттегінің аз ғана мөлшерінде де (2-5 %) өсуге қабілетті бактериялар. Факультативті анаэробтар – О2 көзі бар болсада, жоқ болсада өсуге қабілетті бактериялар. Олар энергетикалық метаболизмін аэроты тыныс алуда (О2 бар кезде), ашу процесі кезінде немесе анаэробты тыныс алуда (О2 жоқ болғанда) қоса береді. Факультативті анаэробтар арасында аэротолерантты бактерияларды жеке бөліп айтуға болады. Олар атмосфералық оттегінде өсе алады, бірақ оны электрон акцепторы ретінде пайдалана алмайды. Облигатты анаэробтар – молекулалық оттегі зиянды болғандықтан, оның көзі жоқ ортада тіршілік етеді.

Изображение слайда
6

Слайд 6: Бактериялардың қоректену түрі бойынша жіктелінуі

Қоректену түрі энер ги я көзі Электрон д онор ы Көміртегі көзі Өкілдері Хемолитотрофтар Тотығу-тотықсыздану реакциялары Бей органи калық заттар СО 2 Нитрифицир леуші, тион ды, сутектік бактери ялар, темір бактери ялар Хемолитогетеротроф тар Тотығу-тотықсыздану реакциялары Органи калық заттар Метаноген ді, сульфатредуцир уші бактери ялар Хемоорганоавтотроф тар Тотығу-тотықсыздану реакциялары Органи ка лық заттар СО 2 Факультатив ті метилотроф ты бактери ялар Хемоорганогетеротроф тар Тотығу-тотықсыздану реакциялары Органи калық заттар Көптеген бактери ялардың тобы ( энтеробактери ялар, сүтқышқылды бактери ялар, майқышқылды т бактери ялар және т.б. ) Фотолитоавтотроф тар Күн сәулесі Бей органи калық заттар СО 2 Қошқыл (пурпурлы) және жасыл бактериялардың кейбір түрлері, цианобактериялар Фотолитогетеротроф тар Күн сәулесі Органи калық заттар Қошқыл (пурпурлы) және жасыл бактериялардың кейбір түрлері Фотоорганоавтотроф тар Күн сәулесі Органи калық заттар СО 2 Қошқыл (пурпурлы) кейбір түрлері Фотоорганогетеротроф тар Күн сәулесі Органи калық заттар Қошқыл (пурпурлы) және жасыл бактериялардың кейбір түрлері, цианобактериялар, галобактериялар

Изображение слайда
7

Слайд 7: Қоректік орта түрлері

Барлық қоректік орталар құрамы бойынша жасанды және табиғи орталар деп екіге бөлінеді Жасанды орта- белгілі бір химиялық қоспалардан тұратын орталарды атайды Табиғи орта – жануар және өсімдіктердің өнімдерінен алынатын ортаны айтады Жасанды орта - жартылай синтетикалық және күрделі орта болып бөлінеді. Құрамында күрделi заттар, ашытқы экстрактісі, ашытқы автолизаты, пептон немесе ет экстрактісі қосылған орталарды күрделi о рта деп атайды. Жартылай синтетикалық ортаға - ашытқы экстрактісі азот пен бірнеше өсу факторлардың көзі қосылады. Пайдалану мақсатына қарай қоректiк орталар 4 негiзгi топқа бөлiнедi: әмбебап не универсалды ; арнайы ; таңдамалы ( элективтi ); дифференциалды-диагностикалық

Изображение слайда
8

Слайд 8: Күрделілігі жоғарылай түсетін төрт қоректiк орталардың құрамы және компоненттерi

Су–1 л. K 2 HPO 4 –1 г. MgSO 4 - 200 мг. FeSO 4..........10 г. CaCl 2............10 мг. Микроэлементтер (Mn, Mo, Cu, Zn).... 0,02–0,5 мг. NH 4 Cl-1 г. Глюкоза-5 г. Ник-н қ-лы-0,1 мг 3-орта Глюкоза..5г. Ашытқы эк-стракты..5 г. 4-орта Глюкоза..5 г. NH 4 Cl.......1 г. 2-орта 1-орта NH 4 Cl.....1 г. Жалпы компоненттер Қосымша компоненттер

Изображение слайда
9

Слайд 9: Құрамы әр түрлі элективті қоректік орталарды фототүзуші ( фототрофты ) бактериялардың өсуі

Қоректік орта К Ү Н С Ә У Л Е С І Органикалық заттары жоқ Органикалық заттары бар Анаэробты жағдай Сульфидті Сульфидсіз N 2 Цианобак - териялар Көп мөлшерде Жасыл күкiрттi бактерия Аз мөлшерде Пурпурлы күкіртті бактерия Пурпурлық күкiртсiз бактериялар

Изображение слайда
10

Слайд 10: Бактериялардың таза дақылдарын бөліп алу әдістері

а) Реттік сұйылтым ; ә ) сиректетіп егу әдісі а ә

Изображение слайда
11

Слайд 11: Микроорганизмдердің пробиркада және Петри табақшасында бактериялардың таза дақылдарының өсуі

2 а ә б в а ә б в 3 а ә б в г

Изображение слайда
12

Слайд 12

1. Сұйық қоректiк ортада : а) жұқа қабат түзіп ; ә ) лайлану ; б) флокулалар түзіп ; г) қалың қабат түзіп. 2. Қиғаш агардың бетiнде : а) бұтақталып ; ә ) құмдақ; б) жайылып ; в) ризоидты ; 3. Петри табақшасында : а) көтерiңкі ; ә ) жалпақ; б) төмпешік тәрізді ; г) ортасы көтеріңкі ; д ) ортаға енiп

Изображение слайда
13

Слайд 13: Тығыз қоректік ортаның бетіне өсіп шыққан микроорганизм колониялардың сипатталатын қасиеттері

пiшiнi дөңгелек, амеба тәрiздi, ризоидты, бұрыс пiшiндi, т.б. өлшемі диаметрі 1 – 8 мм, нүктелiк колониялар – 1 мм-ден кем оптикалық ерекшелiгi жылтыр, мөлдір, жартылай мөлдір, мөлдір емес түсi ақ немесе түрлі түстерге боялған бетi тегіс, кедiр-бұдыр, қыртысталған көлденең көрінісі тығыз, төмпек, кратер тәрiздi, агарға ене өскен колониялардың шеті тегiс, толқын тәрiздi, ризоидты консистенциясы майлы, қамыр тәрiздi, жұмсақ немесе қатты Қоректiк ортадағы колониялардың қасиеттерiн сипаттайтын белгілер

Изображение слайда
14

Слайд 14: Микроорганизмдердің популяцияларының өсу заңдылықтары

Мерзімді жағдайда популяция, әдетте, экспоненциалды түрде өседі, яғни клетка бөлінгенде бір аналық клеткадан екі жас клетка пайда болады, ал олардың әрқайсысы бөлініп, тағы екі жаңа клетка түзеді. Сонымен, теңескен өсуде клеткалар әр бөлінгенде, популяция екі есе артып отырады, яғни клетка саны геометриялық прогрессия бойынша ұлғаяды: 2 0  2 1  2 2  2 4  2 8.........2 n Популяцияның екі есе көбею кезеңін генерация уақыты деп атайды. Қолайлы қоректік ортада өскенде, бактериялардың генерация уақыты өте қысқа болады да, популяциядағы клетка саны орасан зор шамаға жетеді. Соншама үлкен сандарды қысқартып жазып алу үшін 10-ң экспонентасын пайдаланады (1 000 000 = 10 6 ) немесе санды ондық логарифм түрінде келтіред і Уақыт, сағат Клетка саны Клетка саны, log 10 0 1 0 0,5 2 0,301 1,0 4 0,602 1,5 8 0,903 2,0 16 1,204 2,5 32 1,505 3,0 64 1,806

Изображение слайда
15

Слайд 15: Микроорганизмдерді зертханалық және өндірістік жағдайда өсіру

Микроорганизмдердiң таза дақылдарын сұйық ортада өсiру үшiн екі негiзгi әдiстi қолданады : мерзiмдi (периодикалық ) үздiксiз. Мерзiмдi тәсiл бойынша микроорганизмдердің популяциясы жабық жүйеде өседi, яғни оларды еккеннен кейiн қоректік орта жаңармайды. Мерзiмдi тәсiлдiң екi түрi бар: беттiк өсiру (стационарлық тәсiл ) терең қабатты өсiру (динамикалық тәсiл ). Беттiк өсіру әдісінде микроорганизмдерді өсiру барысында қоректiк ортаны араластырмайды, яғни ол тыныштық жағдайда болады. Бұл тәсілде бактерия клеткалары, негізінен, қоректiк ортаның беткі қабатында өседi. Терең қабатта өсiру әдiсiнде қоректiк орта араластырылып отырады, ал бактерия клеткалары төменгі қабатта өседі. Бұл әдісте арнайы құрылғы – шайқағыш немесе реактор қолданылады. Үздiксiз өсіру тәсiлі бойынша микробтардың клеткалары ашық жүйеде өседi: өсу процесi кезінде реакторға (өсiретiн ыдысқа ) жаңа қоректiк орта бiр қалыпты жылдамдықпен құйылып, отырады

Изображение слайда
16

Слайд 16: Микроорганизмдерді үздіксіз өсіру үшін қолданылатын құрылғылар

а) хемостат ; б) турбидостат

Изображение слайда
17

Последний слайд презентации: Лекция 17-18.   микроорганизмдердің қоректенуі мен өсіп дамуы: Бактериялар өсуінің қисық сызығы

1 – лаг кезең; 2- экспоненциалды кезең; 3 – стационарлы кезең; 4 – өлу кезеңі Уақыт, сағат Микроорганизмдерді мерзімдік өсіру кезінде тіршілікке қабілетті клеткалардың мөлшерін S-пішінді қисық сызықпен сипаттайды. Қисық сызық бойынша өсудің бірнеше фазалары (кезеңдерін) көруге болады: бастапқы (немесе лаг) фаза; экспоненциалды, немесе логарифмдік фаза; тұрақты фаза; өлу фазасы.

Изображение слайда