Презентация на тему: Лекция 9-10. Микроорганизмдердің қоршаған ортада таралу (дисперсия)

Лекция 9-10. Микроорганизмдердің қоршаған ортада таралу (дисперсия)
Бактериялардың таралуына мүмкіндік туғызатын кейбір қасиеттер
Лекция 9-10. Микроорганизмдердің қоршаған ортада таралу (дисперсия)
Лекция 9-10. Микроорганизмдердің қоршаған ортада таралу (дисперсия)
Атмосфера
Лекция 9-10. Микроорганизмдердің қоршаған ортада таралу (дисперсия)
Әртүрлі аймақтардағы климат және маусымдық жағдайлардың микроорганизмдер санына әсерін зерттеу
Ауада ғы микроскопиялық саңырауқұлақ Penicillium spp.
Бактериалды аэрозолдар
Лекция 9-10. Микроорганизмдердің қоршаған ортада таралу (дисперсия)
Аэрозолдарды ң шығу көздері
Лекция 9-10. Микроорганизмдердің қоршаған ортада таралу (дисперсия)
Қызғылт-қоңыр топырақтың профилі
Лекция 9-10. Микроорганизмдердің қоршаған ортада таралу (дисперсия)
Лекция 9-10. Микроорганизмдердің қоршаған ортада таралу (дисперсия)
Лекция 9-10. Микроорганизмдердің қоршаған ортада таралу (дисперсия)
Лекция 9-10. Микроорганизмдердің қоршаған ортада таралу (дисперсия)
Гидросфера
Лекция 9-10. Микроорганизмдердің қоршаған ортада таралу (дисперсия)
Су қоймалардағы микроорганизмдердің мекен ету орталары мен таралуы.
Лекция 9-10. Микроорганизмдердің қоршаған ортада таралу (дисперсия)
Дүниежүзілік мұхиттың микробтық тұрғындары
Лекция 9-10. Микроорганизмдердің қоршаған ортада таралу (дисперсия)
Көлдердегі микробтық тұрғындар.
Лекция 9-10. Микроорганизмдердің қоршаған ортада таралу (дисперсия)
Өзендер экожүйесі
Лекция 9-10. Микроорганизмдердің қоршаған ортада таралу (дисперсия)
1/27
Средняя оценка: 4.2/5 (всего оценок: 74)
Код скопирован в буфер обмена
Скачать (420 Кб)
1

Первый слайд презентации

Лекция 9-10. Микроорганизмдердің қоршаған ортада таралу (дисперсия) ерекшеліктері. Микроорганизмдердің тіршілік ету орталары. Микроорганизмдердің атмосфера және литосферада таралуы

Изображение слайда
2

Слайд 2: Бактериялардың таралуына мүмкіндік туғызатын кейбір қасиеттер

Белгілер, қасиеттер Функциялар Ұсақ Ауа және су ағынымен таралуын жеңілдетеді. Жүзгіштік Судың беткі қабаттарында және фотосинтезге қолайлы қалықтауға мүмкіндік туғызады. Қозғалу органдары Белсенді түрінде орын ауыстырады. Таксистің көп түрлері Қозғалудың бағытына жауапты. Инвазивті қасиеттері Жоғары сатылы организмдердің мүшелеріне ену. Адгезивтігі Басқа организмдер көмегімен таралады.

Изображение слайда
3

Слайд 3

Микроорганизмдер табиғи мекен ету орталары мен арнайы жасанды жағдайлардағы өсуінің кейбір белгілері бойынша ерекшеліктері бар: олар табиғи жағдайда қолайлы субстраты жоқ немесе әр типті субстраттары бар жерлерде тіршілік ете алады; микроорганизмдер жеке бір түр болып сирек жағдайда тіршілік етеді, көбінесе әрбір түр басқа организмдермен бәсекелесіп не кооперация құрып өседі; Микроорганизмдердің табиғи мекен ету орталары кіші аймақтардың өзінде де кеңістікті-гетерогенді болады; табиғи мекен ету ортасы өте сирек жағдайда тұрақты болады, ол уақытқа байланысты өзгеріп отырады (тәулікті, маусымды, жылдық); табиғи ортада көбею жылдамдығы төмен болады.

Изображение слайда
4

Слайд 4

Литосферада Гидросферада Атмосферада Биосфера Литосфера немесе жер қыртысы – Жердің сыртқы қатты қабаты. Топырақ – атмосферамен жанасатын литосфераның үстіңгі борпылдақ қабаты. Тіршілік осы қабатта шоғырланады. Жердің тұзды, тұщы және қатты судан тұратын қабаты. Жер бетінде тұзды сулар басым, олар мұхит, теңіз және тұзды көлдердің сулары. Тұщы суларға тұщы көлдердің, өзендердің сулары мен артезиан сулары, топырақ пен атмосфераның ылғалы жатады. Қатты су – ол қар мен мұздықтар. Қалыңдығы 700 км болатын Жердің газ тәрізді қабаты. Физикалық қасиеттері бойынша бірнеше қабат тарға немесе сфераларға жіктейді : тропосфера, стратосфера. Тропосфера мен стратосфера аралығында аралық қабат – тропопауза бар. Жер атмосферасының негізгі бөлігіне тропосфера жатады, онда атмосфераның барлық массасын ның 79 % -ы шоғырланған.

Изображение слайда
5

Слайд 5: Атмосфера

Атмосфера газ құрамы бойынша көп компонентті. Олар химиялық, ядролық, физикалық реакциялар нәтижесінде пайда болады Газдардың ең көп мөлшерін молекулярлы азот құрайды (N 2 ), оның мөлшері 78,084 көлемдік пайызға тең Массасы бойынша екінші орын алатын газға оттегі жатады. Көлемі бойынша үшінші орындағы газ – аргон (0,934 көлемдік пайызға Химиялық белсенді ауа газына көмірқышқыл газы (СО 2 ) жатады Эколгиялық жағынан азон газыныңда маңызы үлкен. Оның қалыңдығы 15-24 км құрайды. Азон қабаты биосфераны қорғаушы ретінде күн сәулесіндегі УК-сәулелерінің көп бөлігін сіңіріп алады. Атмосфераның 20 % стратосфера алады. Бұнда су булары мен бұлттар болмайды, бірақ жұқа азон қабат

Изображение слайда
6

Слайд 6

Тропосфера – атмосфераны ң ең жұқа қабаты. Бұнда организдерге қажетті ауаның көп бөлігі орналасқан. Тропосферадағы ауа температурасы әрдайым өзгеріп тұрады. тропосфера бірнеше қабаттарға бөлінеді: Ламинарлы – топосфераның ең төменгі қабаты. Оның қалыңдығы желдің соғу жылдамдығына және атмосфераның тұрақтылығына байланысты болады. Локалды қабат – шқптесін өсімдіктер мен орманды ағаштар өскен қабатты айтады. Осы қабат арқылы микроорганизмдер атмосфераға түсіп отырады. Турбулентті қабат – бірнеше ондаған метрден 1 км қалыңдықты құрайды.ауа және су бөлшектері ретсіз қозғалып отырады. Осы қабатта микроорганизмдер ары-бері қозғалып бір қабаттан екінші қабатқа алмасып жүреді. Алмасушы қабат – бұл қабат біртекті емес. Төменгі жағындағы тік диффузия жердің тірбуленттілігіне байланысты жүріп отырады. Ал, жоғарғы қабатында тірбулеттілік пен температураның тәуліктік ауысуы болмайды. Конвекциялы қабат – тропосфераның 1 км құрайды. Бұл қабатта температура биіктігі жоғарылаған сайын төмен болады, температураның тәуліктік алмасуы тіпті байқалмайды. Бұнда микрооргнаизхмдер жылы ауаның ағысымен баруы мүмкін.

Изображение слайда
7

Слайд 7: Әртүрлі аймақтардағы климат және маусымдық жағдайлардың микроорганизмдер санына әсерін зерттеу

Әртүрлі аймақтардағы климат және маусымдық жағдайлардың микроорганизмдер санына әсерін зерттеу нәтижесінде олардың таралуы жөнінде мынадай заңдылық байқалған: құрлыққа қарағанда теңіз үстіндегі атмосферада микроорганизмдер саны т-мен боладыв; ауылдық жерлерге қарағанда қалалық жерлердің атмосферасында микроорганизмдер саны көп болады; 300-2900 м биіктікте микроорганизмдер саны 70-72% -ға төмендейді; атмосфераның 84 км жоғарғы шекарасында микроорганизмдер табылған; атмосферадағы микроорганизмдер саны климат пен метереологиялық жағдайларға байланысты; антропогендік факторлар атмосферадағы микроорганизмдер санының көбеюіне жағдай жасайды.

Изображение слайда
8

Слайд 8: Ауада ғы микроскопиялық саңырауқұлақ Penicillium spp

Изображение слайда
9

Слайд 9: Бактериалды аэрозолдар

Аэрозолдар – газды ортада қалқымалы жағдайда болатын көптеген қатты және сұйық бөліктерден тұратын жүйе. Қалқымалы бөлшектер аэрозолдың дисперсті фазасын, ал газдар немесе газ қоспалары дисперсті ортаны құрайды. Дисперсті фазаның мөлшері 10 -7 -10 -3 см шамасында болады. Ә детте, аэрозолдарды 3 топқа жіктейді : шаң, түтін (газ конденсаттар ), тұман ( дисперсті фаза-сұйық тамшылар ). Ауада болатын бактериялар ерекше бактериалды аэрозолдар тобын құрайды. Бактериалды аэрозолдард ы ң дисперсті фазасы биологиялық объектілерден тұрады. Олардың мөлшері объектісіне байланысты : вирустарда 0,01 мкм, микроорганизмдердің ірі клеткалары 50 мкм болады. Бактериялар мен вирустар атмосферадағы аэрозоль құрамында қатты бөлшектер түрінде қатысады.

Изображение слайда
10

Слайд 10

Бактериалды аэрозолдард ы ң пайда болуын 3 фазаға бөледі : Тамшы – бактериялар еріген заттар бар сулы-қабықтың ортасында болады. Шаң – бактериялар ауада қалқып тұрған шаң бөліктерімен байланысады. Бұл фазадағы бактериялар қоршаған ортаның қолайсыз жағдайларына төзімді болып келеді. тамшы-ядролы – құрғап кеткен бактериалды тамшылар деп атайды.

Изображение слайда
11

Слайд 11: Аэрозолдарды ң шығу көздері

Түтін, тұман шаң АЭРОЗОЛДАР Космос Тұрмыс Қорғаныс Денсаулық сақтау Ауылшаруашылығы Техника Космостағы бөлшектер Қозғалтқыштардың аэрозолдары Радиоактивті бактериалды аэрозолдар Атомды жарылулар Дезинфицирлеуші заттар Силикоздар иммунопрепараттар Жасанды жауын-шашындар Өсімдікті қорғауға арналған заттар Бояуларды шашу Жағармайларды шаш у Жауын-шашындар Атмосфераны ластаушылар

Изображение слайда
12

Слайд 12

Топырақ құрылысы күрделі әрі көп компонентті жүйе, ол үш фазадан тұрады Қатты Сұйық газ тәрізді

Изображение слайда
13

Слайд 13: Қызғылт-қоңыр топырақтың профилі

Изображение слайда
14

Слайд 14

Топырақтың қатты фазасы тау жыныстарының әр түрлі мөлшердегі қиыршық тардан және бөлшектерден құрылады: қиыршық тас ірі түйіршікті құм ұсақ құм ірі бөлшекті шаң саз. Ірі бөлшектердің арасында қуыстар қалады. Ұсақ бөлшектер бір-бірімен қосылып, ірі түйірлер (агрегаттар) түзеді. Агрегаттардың бетінде қоректік заттар жиналады, ал арасында қосымша микроқуыстар пайда болады. Топырақтың 1 см-дегі саңылауының көлемін саңылаулық немесе сің і ргіштік деп атайды. Саңылаулық арқылы топырақта көптеген мезо- және микрозоналар (микроаймақтар) пайда болады. Бұл аймақтарды микроорганизмдер мекендейді.

Изображение слайда
15

Слайд 15

Топырақта су бу, бос және байланысқан күйде болады. Бу күйдегі су топырақтағы ауа қуыстарын қанықтырады және ауадағы су буымен үнемі жаңартылып отырады. Бос су жағдайына қарай гравитациялық және капиллярлы деп бөлінеді. Гравитациялық су ірі қуыстар мен саңылауларды толтырады, ол күш салмағымен төменгі қабатқа өтіп, жер асты суларына дейін жетеді. Капиллярлы су топырақ бөлшектерін капиллярлы аралықтарын толтырады. Капиллярдың мөлшері 1-100мкм, ал пленканың жуандығы 0,1-10мкм аралығында болады. Байланысқан су гидроскопиялық, жұқа қабатты (пленкалы) және химиялық байланысқан болып келеді. Топырақ ерітіндісінде еріген және коллоидты күйде минералды, органикалық, органоминералды қосылыстар болады. Ерігіш тұздардың түріне қарай ерітінді мен топырақтар қышқылды не сілтілі болып келеді.

Изображение слайда
16

Слайд 16

Топырақтың газ фазасы немесе топырақ ауасы ондағы тіршіліктер үшін өте маңызды. Топырақ ауасы жағдайына қарай 3 түрлі болады: Бос топырақ ерітіндісінде еріген топырақтың қатты фазасымен байланысқан. Бос түрінде топырақ ауасы судан бос қуыстар мен саңылауларды толтырады. Топырақ ауасы құрамы жағынан атмосфера ауасымен бірдей, бірақ сан жағынан өзгеше. Топырақ ауасында көмірқышқыл газының мөлшері атмосфераға қарағанда көбірек (0,2- 6 % ), ал оттектің мөлшері кем (15-20%). Органикалық заттар белсенді түрінде ыдырайтын жерлерде газ фазасының құрамында аммиак, күкіртті сутек, молекулалы сутек, метан, этан, азоттың тотығы табылады. Құрамы жағынан да топырақ біркелкі емес. Ол негізгі екі компоненттен тұрады: минералды және органикалық. Минералды тау жыныстардың бұзылуынан пайда болған өнімдерден тұрады. Органикалық компоненттерге өсімдіктердің құйылымдары, жануарлардың қалдықтары, микроорганизмдердің өлген клеткалары жатады. Олардың көбісі табиғатта өте баяу ыдырай ды

Изображение слайда
17

Слайд 17

Топырақ кеңістік жағынан да гетерогенді болып келеді. 2004ж. П.А.Кожевин орман топырағының 7 горизонтының сипаттамасын берді: О горизонт – орман төсеніш не дала киіз түрінде әр түрлі деңгейдегі ыдыраған өсімдіктердің құйындылары. А горизонт – қара түсті қарашірікті. Мұнда топырақтың минералды бөлшегі мен тығыз байланысқан қарашірік түріндегі органикалық заттың жиналуы. Бұл горизонт қара топырақта дамыған. Е горизонт – подзолды, элювиалды (заттардың шығуы). Топырақтың минералды бөліміне қышқылдар әсерінен пайда болады. Түсі күл тәрізді борпылдақ қабат. В горизонт – иллювиалды (заттардың шөгуі). Қызыл-қоңыр тығыздалған сазға, темір тотықтарына, алюминийге, коллоидты заттарға бай горизонт. Вк горизонт – профилдің орта не төменгі жерінде орналасқан, карбонаттар жиналған (аккумуляцияланған) горизонт. G горизонт – глейлі қабат. Артық дымқылданған топыраққа тән. Анаэробты микроорганизмдер жүргізетін тотықсыздану процестің нәтижесінде темір екі валентті т үрге айналып,бөлініп шығады. С горизонт – тау жыныстары.

Изображение слайда
18

Слайд 18: Гидросфера

Су ерекше қасиеттерімен сипатталады: жылу сыйымдылығы жоғары; жылу өткізгіші төмен; термотұрақты; температураға тәуелділігі аномальді, максималды тығыздығы 3,94 0 С болады; полярлы қосылыстар (СО 2, минералды тұздар) суда жақсы ериді;

Изображение слайда
19

Слайд 19

Суда тіршілік ететін микроорганизмдерге оның физико- химиялық қасиеттері де әсер етеді Су қабатында тіршілік ететін пелагикалық организмдер үшін су тығыздығы өте маңызды. Судың тығыздығы организмдерге әсер ететін қысыммен тығыз байланысты Ұсақ организмдердің қозғалуына судың тұтқырлығы да әсер етеді. Суқоймалардағы температура режимі оған Күннен келіп түсетін жылумен анықталады, сонымен қатар ол географиялық орналасуына, тереңдігіне, су айналымының сипатына байланысты Суқоймалардағы жарық режимі күн радиациясымен байланысты. Су организмдері үшін судағы еріген газдардың мөлшері мен құрамы маңызды р ө л атқарады

Изображение слайда
20

Слайд 20: Су қоймалардағы микроорганизмдердің мекен ету орталары мен таралуы

Су қабаттарында тіршілік ететін микроорганизмдерді планктондар деп атайды. Олар құрамы бойынша былай жіктеледі: фитопланктон (балдырлар) Бактериопланктон зоопланктон. Мөлшері бойынша планктондар былай жіктеледі макро-, микро- нано- пикопланктон. Э.Науманн су пленкасының бетінде (0–2см) тіршілік ететін микроорганизмдерді нейстон деп атаған. Нейстонды бірлестіктердің ішінде бактериялардың Pseudomonas, Flavobacterium, Mycobacterium, Achromobacter туыстары, балдырлардың Lampropedia, Navicula туыстары кездеседі

Изображение слайда
21

Слайд 21

Көптеген микроорганизмдер әр түрлі субстрат беттерінде алуан түрлі ерекше бірлестіктер құра отырып, колонизациялайды. Субстрат беттерінің түріне қарай бірлестіктерді былай бөледі: тастар мен үңгірлерде – эпилитон, су өсімдіктерінде - эпифитон, жануарлар денесінде - эпизоотон. жасанды заттардағы бірлестіктерді перифитон деп атайды. Заттар бетіне мынадай реттілікпен бекінеді бактериялар бактериялар диатомды балдырлар колониялы қозғалмалы диатомейлер талшықтылар мен силиаттар

Изображение слайда
22

Слайд 22: Дүниежүзілік мұхиттың микробтық тұрғындары

Қор заттардың мөлшеріне қарай Дүниежүзілік мұхит келесі аймақтарға бөлінеді: олиго- мезо- евтрофты Дүниежүзілік мұхитты микробиологиялық тұрғыда толық зерттеген А.Е.Крисс (1976ж.) болды. Ол микроорганизмдердің таралуы топырақтағыдай географиялық белдеулерге байланысты деп көрсеткен. Яғни, микробтар тығыздығы экватордан полярлы аймақтарға қарай азаятынын көрсетті. Экваторлы-тропикалық белдеуде микроорганизмдер саны өте көп болса, ал арктикалық және антарктикалық белдеулерде олардың саны аз. Микроорганизмдердің экваторлы-тропиктік белдеулерінде санының көп болуы бұл сулардың құрамында аллохтонды органикалық заттардың мол болуымен түсіндіріледі.

Изображение слайда
23

Слайд 23

Микроорагнизмдердің вертикальді таралуына қабаттылық тән, ол органикалық заттардың концентрациясына орай судың стратификациялануымен байланысты. Осыған орай бірнеше қабаттарға деп бөледі Беткі Аралық Түптік Түп үстіндегі Микроорганизмдердің осы қабаттарда таралуына гидрологиялық жағдайлар әсер етеді. Жоғары горизонттарда фототүзуші балдырлардан тұратын фитопланктондар көп, олардың саны 200м тереңдікте азаяды. Аралық горизонтта анаэробты фототүзуші бактериялар мен олиготрофтар басым. Түп тұнбасындағы микроорганизмдер санына органикалық заттардың табиғатына, құрлықтан бергі арақашықтығына, тереңдігіне әсер етеді. Сондықтан шельфі, материктік құлама және абиссалдар ценозы деп бөледі. Олардағы бактериялардың саны 1г 10-10 8 клеткаларға дейін жетеді. Абиссалді тереңдікте 1г-дағы бактериялар саны бірнеше жүзден аспайды. Термалді су, метан және флюидтер шығатын жерде орналасатын тірі организмдер бірлестігі қалыптасады. Мұндай жерлерде хемолитотрофтар мен метанотрофтардың тіршілік әрекеттері нәтижесінде органикалық заттардың мол түзілу аймақтары пайда болады. Метанотрофты синтез үрдісі 1988 жылы ашылған. Гидротермалді аймақтарда тіршілік ететін микроорагнизмдер дене мөлшері алып болып келетін омыртқасыз жануарларды органикалық заттармен қамтамасыз етеді

Изображение слайда
24

Слайд 24: Көлдердегі микробтық тұрғындар

Көлдерге тән қасиеттерге аймақтылық пен стратификация жатады. Аймақтылық көлдердің географиялық орналасуы мен климаттық факторлар (жауын-шашын, температура, жарық, т.б.), аллохтонды және автохтонды органикалық заттар құрамымен анықталады. Солтүстіктегі көлдерде аллохтонды органика, ал оңтүстіктегі көлдерде автохтонды органика басым болады. Соған орай оңтүстікке қарағанда солтүстіктегі көлдерде бактериопланктондар саны аз. Әр түрлі географиялық белдеулерде орналасқан көлдер трофиялық жағынан 4 типке жіктеледі: автотрофты олиготрофты Мезотрофты дистрофты.

Изображение слайда
25

Слайд 25

Перфильев өзі жасақтаған құрал – т елоскоп арқылы оны 8 микроаймаққа бөлген, оның әрқайсысында белгілі бір микроорганизмдер орналасады: 1-диатомей аймағы; 2- Gallionella ochrobium және Gallionella testum темір тотықтырушылар орналасады; 3-темір бактерияларымен қоректенетін Dictiobacter rapex Perf жыртқыш бактериялар; 4-азотобактерлерге ұқсас бактериялар; 5-сапрофитті жіпшелі бактериялар; 6- жыртқыш Cyclobacter бактерияларының жіпшесі, сақинасы, тұзағы орналасады; 7- Lieskeella bifida клеткасы; 8- Thiospira бактерия туысы орналасады.

Изображение слайда
26

Слайд 26: Өзендер экожүйесі

Өзендер дүниежүзілік мұхит пен құрлық арасындағы су алмасудағы аралықшы болып келеді. Мұхит пен теңіздерге 37 мың км 3 су құйылады, өзен мен көлдерден буланған сулар д үниежүзілік мұхиттарға жауын-шашын ретінде қайта оралады. Химиялық құрамы бойынша суды кермекті немесе карбонатты, жұмсақ немесе хлоридті деп бөледі. Өзендердегі микроорганизмдердің тіршілігін бақылайтын және шектейтін факторларға еріген оттегі мен органикалық заттардан басқа өзен ағыстары жатады. Сондықтан да өзендердің әрбір учаскелерінде микроорганизмдер саны мен құрамы әр түрлі болып келеді.

Изображение слайда
27

Последний слайд презентации: Лекция 9-10. Микроорганизмдердің қоршаған ортада таралу (дисперсия)

Изображение слайда