Презентация на тему: Күнбағыс шаруашылығы

Күнбағыс шаруашылығы
Жоспары:
Биологиялық сипаттамасы
Қолданылуы
Тарихы
Күнбағыс үй тұрмысында
Қазақстандағы Күнбағыс шаруашылығы
Күнбағыс шаруашылығы
Күнбағыс шаруашылығы
Қазақстан бизнесіндегі күнбағыс
Күнбағыс шаруашылығы
Күнбағыс шаруашылығы
Жылдық өнім қорытындысы
Майлы дақылдар және күнбағыс
Күнбағыс шаруашылығы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
1/17
Средняя оценка: 4.7/5 (всего оценок: 35)
Код скопирован в буфер обмена
Скачать (216 Кб)
1

Первый слайд презентации: Күнбағыс шаруашылығы

Орындағандар: Қабылдаған:

Изображение слайда
2

Слайд 2: Жоспары:

Биологиялық сипаттамасы Қолданылуы Тарихы Күнбағыс үй шаруашылығында Қазақстандағы күнбағыс шаруашылығы Жыл бойыншы дақылдардың динамикасы Қазақстан бизнесіндегі күнбағыс шаруашылығы Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер

Изображение слайда
3

Слайд 3: Биологиялық сипаттамасы

Күнбағыстың биіктгі. 2 м-дей, сабағы тік, жуан өзегі қуыс, сырты қалың түкті, кіндік тамыры тармақты, 2 - 3 м тереңдікке бойлайды. Үлкен жалпақ жапырағы сабақта кезектесіп орналасады. Гүл шоғыры көп гүлді себет. Оның сыртын бір немесе бірнеше қатарға орналасқан гүл жапырақтары қоршаған. Бұлар өсімдік гүлін сыртқы қолайсыз жағдайдан сақтайды. Себеттерінің диам. 10 - 60 см-ге дейін жетеді. Себеті күн көзі бойымен бұрылып отырады. Жемісі — тұқымша, онда 22 — 27% май болады.

Изображение слайда
4

Слайд 4: Қолданылуы

Күнбағыс майы Дәнінен сұйық күнбағыс майы   алынады. Өсімдік майының 90%-ы осы өсімдіктің дәнінен алынады, сыққаннан кейінгі дәніне қант қосып, сығымдап, тамаққа қолданылатын тәтті тағам жасалынады. Сары желегін медицинада пайдаланады. Күлінен сахар алады, онда 30 — 36% калий тотығы бар. Күнбағыс күнжарасында — құнарлы мал азығы, онда 38%-дан астам ақуыздық зат, 20 — 22% көмірсу және 6%-дай май бар. Күнбағысты бұршақ өсімдіктерге қосып сүрлемдік дақыл ретінде өсіреді. 100 кг көктей орылған Күнбағыс құрамында 18 азық өлшемі, 1,4 кг сіңімді  протеин бар. Көктей шабылған Күнбағыс га-нан 400 — 500 ц балауса азық алынады. Қазақстанның солт., шығыс аудандарында ерте және тез пісетін саратовтық 10; 169, шортандылық — 41, қостанайлық — 91, т.б. сұрыптары аудандастырылған. Осы сұрыптардың 1 га-нан 10 — 12 ц күнбағыс майы алынады. К-тың негізгі зиянкестері :  сым-құрт, күнбағыс қан көбелегі, т.б.; аурулары :  боз шірік,  сұңғыла, т.б.

Изображение слайда
5

Слайд 5: Тарихы

Еуропалықтар тұңғыш рет күнбағысты Американы ашқан кезде Мексиканың кең байтақ жазықтарынан көрген. Олар күнбағысты Еуропаға бұдан төрт жүз жыл бұрын алып келді. Оны « күн гүлі » деп атады. Қазір күнбағыс – біздегі ең кең тараған майлы дақыл. Әрине, ол өзінің жабайы арғы тегіне аздап қана ұқсайды. Мәдени күнбағыстың себеті ірі. Онда 7 мыңға тарта дән болады. Сонымен бірге мәдени күнбағыстың сабағы 4 метрге дейін жетіп, оның жуандығы білектей болып өседі.

Изображение слайда
6

Слайд 6: Күнбағыс үй тұрмысында

Шекілдеуік ( Шемекі ) Үй тұрмысында ол дәнін шағып жейтін шекілдеуік болып қалып отыр. Бірақ күнбағыстың беретін басты нәрсесі – оның жақсы майы. Күнбағыс дәнінен май сығып алғаннан кейін одан күнжара қалады. Күнжараны жылқы, сиыр, қойлар жейді. Сабағын турап, булап шошқаға береді. Себетін кептіреді де ұнтақтайды, ол да – жақсы мал азығы. Күнбағыстың кейбір сорттарын сүрлем үшін егеді. Бұл жағдайда оны дәні піспей тұрып көктей орады.

Изображение слайда
7

Слайд 7: Қазақстандағы Күнбағыс шаруашылығы

Облыстық ауыл шаруашылығы бас­қар­масының мәліметтеріне сүйен­сек, өңірде күнбағыс тұтынушы сұранысынан екі есе артық өсі­рі­леді екен. Тек, оны өңдейтін кә­сіпорындар тапшы. Ал, Қашыр ауданында бұл шаруаны « Green Hause » серіктестігі қолға алыпты. Аудан әкімі Нұрлан Күлжанның айтуынша, ауданда «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында өткен жылы 1043 орта және шағын кәсіпкерлік тіркелген. Олардың бірқатары осы бағдарламаның пайдасын көруде.

Изображение слайда
8

Слайд 8

Мысалы, Бесжан ауылдық аумағына қарасты «Ги­гант» серіктестігінің басшы­сы В.Солдатенко өз бизнесін кеңейтуге ниет білдіріп, 13,5 миллион теңге, Федоровка ауылдық аумағында « Зуенко » шаруа қожалығы мал шаруашылығын дамытуға 12,8 миллион теңге несие алыпты. Бүгінгі күні аудан­да ауылшаруашылық өнімдерін өңдейтін 9 наубайхана, 6 күнбағыс майын шығаратын цех, 3 диірмен, 2 шұжық цехы, 2 күнбағыс тұ­қы­мын дайындайтын цех, сүт өңдейтін 3 цех жұмыс жасайды. Былтыр 644,1 тонна нан-тоқаш өнімдері, 754,8 тонна күнбағыс майы, 60,1 тонна шұжық өнімдері, 55,9 тонна күнбағыс тұқымы, 187,3 тонна сүт өнімдері өндірілген. Ал, аудан орталығы Тереңкөл ауылындағы « Green Haus е» серіктестігінің күнбағыс майы Өскемен, Ресейден келетін күнбағыс майы­мен сапасы бірдей, бәсекеге қабілетті. Зауыт тазартылып, пластмасса құтыға құйылған күнбағыс майын шығарады. Күніне 300 литр май өндіріледі.

Изображение слайда
9

Слайд 9

Мұнда жылына 20 мың тонна күнбағыс тұқымы қабылданып, 8 мың тонна дайын күнбағыс майының тазартылған күйдегі сапалы өнімі аудан және облыс тұтынушыларына жол тартуда. Кәсіпорын бұл зауытты іске қосуда тазартылған күнбағыс майын шығаратын түркиялық қон­дыр­ғылар орнатып, зауыт ғи­ма­ра­тының іші-сырты, өндіріс орындары мен қоймалары талапқа сай жөнделді. Бұл үшін 200 миллионнан астам қаржы жұмсалды. Әрқайсысының сыйымдылығы 3 мың тоннадан тұратын қоймалар, аудан мен облыс аумағынан жет­кі­зілетін өнімдерді қабылдап, кептіріп, зауыттың өнімді дайындайтын орындарына жеткізіледі. Бүгінгі күні мұнда жұмыс іс­тей­тін мамандардың барлығы оқы­тылып, 30-дан астам ауыл тұр­ғындары жұ­мыс­қа тартылды.

Изображение слайда
10

Слайд 10: Қазақстан бизнесіндегі күнбағыс

Республикадағы майлы дақылдардың ең бастысы — күнбағыс. Оның дәнінде 50-52 пайыз май және 16-16,5% протеин болады. Күнбағыс майы негізінен тағам үшін, яғни маргарин, майонез, балық және көкөніс консервілерін, нан және кондитер өнімдерін шығаруға қолданылады. Сонымен қатар, оның майы сабын қайнату және зәйтүн өндірісінде пайдаланылады. Дәнінің қауызы жақсы отын. Күнбағыс табағының күлте жапырақшаларынан дәрі дайындайды.  Күнбағыстың күнжарасында 8-10% май, 1,1% мал азықтық өлшем болады, сондықтан ол — малға бағалы концентратты жем. Күнбағыс — балды өсімдік және отамалы дақыл болғандықтан, ауылшаруашылық өсімдіктері үшін жақсы алғы егіс.  Егіншілікте егіс танаптарында ықтырма дақыл ретінде себіледі.

Изображение слайда
11

Слайд 11

Изображение слайда
12

Слайд 12

Күнбағыс мәдениеті Өнімді өндіру егістік   ц /га Жалпы өнім, тонна Тыңайтқыштар қосу Саны тонна Бағасы, теңге Дизельді отын Бұлақ сорты 20 200 Тыңайтқыштар барлығы 40 36 190 110 тг/л Аудан 100 гектар Дән Оның ішінде: азотты Тұқым шашудың нормасы 12  кг/га Фосфорлы- аммофосты 40 36 190 Тұқым барлығы 1 200 кг

Изображение слайда
13

Слайд 13: Жылдық өнім қорытындысы

Агроотехникалық шығындар Жоспардан тыс шығындар (20%) тг 31 035,00 Барлық шығындар 147 496,00 1 га алқап өнімділігі ц/га 20,00 1 ц өзіндік құны. тг 7 500,00 Сатылым бағасы тг 150,00 Бір жиналым суммасы тг 300 000,00 Таза пайда 152 504,00

Изображение слайда
14

Слайд 14: Майлы дақылдар және күнбағыс

Изображение слайда
15

Слайд 15

Егін өнімділігіц/га 20 Күнбағыс бағасы, теңге/кг 150 Көлемі, кг 200 000 Пайда, теңге 30 000 000

Изображение слайда
16

Слайд 16: Қорытынды

Күнбағыс Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында дән және сүрлем үшін, ал республиканың басқа облыстарында тек сүрлем үшін ғана өсіріледі.  Қазақстанда 2006 жылы күнбағыстың егіс көлемі 453,8 мың гектар, оның ішінде суармалы жерлерде 30,0 мың гектарға жетті. Орташа есеппен алғанда, сол жылы республика бойынша күнбағыстың әр гектарынан 6,3 центнер өнім алынып, ал оның жалпы түсімі 285,9 мың тонна болды.  Қазақстан бойынша 2006 жылы күнбағыстың Арманирец, Восход, Заря, Салют, Казахстанский 3/24 буданы, Родник, СПК, Солнечный-20, Казахстанский-341 сорттары аудандастырылады.

Изображение слайда
17

Последний слайд презентации: Күнбағыс шаруашылығы: Пайдаланылған әдебиеттер

Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы, 4-том

Изображение слайда